Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

ҚЫНА (Lichenes) - саңырауқұлақ пен балдырдың бірігіп тіршілік етуінен құралған төменгі сатыдағы өсімдік. Қына сұр, сарғыш сұр, қоңыр, сирете болса ақ, жасыл, қызғылт, қара болады. Қына топырақ бетінде, ағаш қабығында, тас бетінде т. б. жерлерде өседі. Қына сырт пішініне қарай қабық, жапырақ, бұта тәрізді болады. Ең көп таралғаны қабық тэрізді қына. Бұлар қабыршақ, қаспақ тәрізденіп ағаш қабығына, тасқа жабысып өседі. Жапырақ тәрізді. Қына тілімденіп, жайылып жатқан жапырақ бейнелес, басқа затқа төменгі жағындағы саңырауқұлақ тифтері арқылы бекиді. Бұта тәрізді қына ормандағы ағаш қабығына жабысып, жіп сияқты салбырап өседі. Қынаның құрамында аскомицеттер, ал тропиктегі қынаның құрамында базидиялы саңырауқұлақтар болады.

Анатомиялық құрылысы жөнінен қына гомеомерлі болып бөлінеді.

Гомеомерлі қынаның құрлысы қарапайым, балдырлары біркелкі орналасқан. Гетеромерлі қынаның құрлысы күрделі - қабық, гонидия қабаты, өзегі болады.

Балдырлар гонтдия қабатында ғана болады.

Қабық - саңырауқұлақ гитерінің тығыз өрімінен құралған беткі қабат, өзек қабаты саңырауқұлақ гифтерінен тұрады, олардың арасында ауа қуысы бар. Қынада саңырауқұлақ пен балдыр симбиозды тіршілік етеді. Саңырауқұлақ балдырларға су, минерал ертінділер жеткізеді, ал балдыр фотосинтез арқылы саңырауқұлаққа органикалық заттар синтездеп береді. Қына 2 түрілі жолмен көбейеді. Біріншіден, саңырауқұлақ спораларынан гифтер, балдырлардан споралар пайда болады да, гиф балдыр спораларын қоршап алады. Бұлар бөлініп, көбейіп ересек Қынаға айналады. Екіншіден, үгілгіш құрғақ қынадан үзіліп түскен бөлшегі сумен, желмен таралып, қолайлы жағдай кездескенде көбейеді. Қабық қынасы жылына 1-8 мм, жапырақ, бұта тәрізді қына жылына 1-35 мм өседі. Қына қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Кеуіп кеткенмен тіршілігін жоймайды, қолайлы жағдай туып, ылғал жеткілікті болса қайта өседі. Қына тау-тас, шыңды үгітіп, гумус түзеп, басқа өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Солтүстікте қына-бұғының негізігі азығы. Кей түрінен С витамині, бояу алынады. Шығыс Азияда тамаққа пайдаланылады. Қынаның кей түрі ағаш қабығын қаптап өсіп, ондағы газ алмасуды төмендетіп зиянды насекомдардың ұя салуына, паразиттік саңырауқұлақтың дамуына мүмкіндік жасап орман шаруашылығына зиян келтіреді. Қынаның Қазақстан 300-ден аса түрі белгілі.

Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүниесі ретінде қарастырылады. Олар - ерекше және ғажап ағзалар. Бұлар сырттай қарағанда бір ғана өсімдік болып байқалғанымен, екі ағзаның селбесуінен құралған. Қынаның денесі саңырауқұлақтан және балдырдан түзілген. Саңырауқұлақтың жіпшумағы көк-жасыл балдырды (цианобактерия) орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырдың түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады. Оның құрамыңдағы балдырларды ауадан ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде қарастыруда.

Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белгілі. Қынаны ерттеушілер лихенологтар (грекше «лиһен» - қына, - «логос» - ілім) деп

пталады.

Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада жөне ормандар-да тіршілік етеді. Антарктидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерден 7 түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғары температурада тез кеуіп кететіндіктен, тіршілігі уақытша тоқталады. Қайтадан қолайлы жағдай туса, кеуіп қалған қыналар қалпына келіп, тіршілігін жалғастырады. Өте салқын жерлерде осетін қыналарды айрықша тығыз калың қабықша қорғап тұрады.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа Полінеді.

  1. Ағаштың діңіне, тасқа жабысып өсетін қабық (қаспақ) тәрізді қына.
  1. Орманда ағаш діңіне, түбіріне бысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары -жапырақ тәрізді қыналар.
  2. Қарағайлы бұтақталған ақшыл-жасыл, ақ-шыл түстілері -бұта тәрізді қыналар.

Қыналар саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саңырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырлардың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарымен қөректенеді.

Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы тәсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіндері де бар.

Қынаның құрамында біржасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі. Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмірқышқыл газын, суды сіңіріп, фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттар түзіледі. Балдырлар және саңырауқұлақтың жіпшелері ағзалық заттармен қөректенеді.

Ғалымдар қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар мен балдырлар-ды қоректік ортада жеке-жеке осірген. Сонда саңырауқұлақтардың жіпшелері ғана пайда болып, спора түзілмеген. Балдырларда көбеюдің бар-лық түрлері болған. Сондықтан қыналардың құрамындағы саңырауқұлақ-тар паразитті қоректенуге бейімделе бастайды деген қорытындыға келген. Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денелерінен белініп түскен бөлшектерінен де қына есіп жетіледі.

Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді. Сондықтан қыналар тек жарық жерде еседі, караңғыда денесі ыдырап кетеді. Қыналарға ең қажетті жағдай - оттегіне бай таза ауа. Қалалардың лас ауасында әсе алмайды. Сол себепті қыналарды сыртқы орта тазалығының көрсеткіші есебінде пайдалануға болады.

Буғы қынасы солтүстік өңірде, қарағайлы орманда еседі. Оның қатпарағы (таллом) - тақта, біз, бокал тәрізді, тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.

Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы .

Қыналардың топырақта қөректенуі нашар жүреді. Тастардың бетіне, суыған жанартау калдықтарының (лава) бетіне алғаш «қоныстанатын» да осы қыналар. Олар өсіп түрған жеріне қына қышқылын бөліп, тасты үгіте бастайды. Біртіндеп сол жерде топырақ пайда болады. Оған басқа есімдіктер орнығады да, жануарлардың мекеніне айналады.

Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор. Бүғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундра, тайгада қыс кезінде бүғылардың не-гізгі азығы болып табылады.

Қыналардың емдік касиеті де бар. Ағаштың діңдерінде есетін жер қынаны қайнатып, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін төтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

Қыналар - ерекше құрылымды тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде карастырады. Қьшаларды зерттеушілер лихенологтар деп аталады.

Қыналар - екі тірі ағза: саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзілген. Олар пішіне карай қабық тәрізді, жапырақ тәрізді және бұта тәрізді болып үш топқа бөлінеді. Қына өсімді жолмен көбейеді. Оның табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы зор.

Қына нағыз ауа тазалығының индикаторы (көрсеткіш) . Қыналар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде күй талғамайтын, 20 мыңнан астам түрі бар, ең көп таралған организмдер тобы. Қыналардың кездеспейтін, өспейтін жері жоқ: тастың үстінде, ағаштарда, топырақта және т. б. жерлерде кездеседі. 50° ыстық және 60° суық температурада да тіршілік ете береді. Ауаның температурасы 70°-қа дейін қызатын шөлде қурап қалса да, су тисе болғаны тіршілігін жалғастыра береді. Әйткенмен де ауасы лас жерде ол өсе алмайды. Өте баяу, жылына 3-5 мм ғана өседі.

Қыналар құрама өсімдік, себебі олардың денесі саңырауқұлақтардың жіпшелері мен жасыл, көк-жасыл балдырлардың клеткаларынан құралған. Балдырлардың клеткалары фотосинтез процесінің нәтижесінде органикалық зат жинаса, саңырауқұлақтардың жіпшелері су мен минералдық тұздарды сорады, сөйтіп бір-бірімен селбесіп тіршілік етіп, қына денесін түзеді.

Қыналар пішіндеріне қарай қабыршақты, жапырақты және бұталы болып үш топқа бөлінеді. Атына сай қабыршақты қынаның талломы субстратқа (тасқа, ағаш қабығына, топыраққа) тығыз жабысып өседі, құрылысы қарапайым, қызғылт, қара, қоңыр, жасыл, сары түсті болып келеді.

Пішіні жапыраққа ұқсаған қыналар топыраққа, ағаш қабықтарына жабысып, субстратқа гифаларының ұштары арқылы бекінеді, сондықтан олар субстраттан оңай алынады. Пішіні жапырақ тақтасына ұқсайтындықтан жапырақ тәрізді қына деп аталады.

Бұталы қына жан-жаққа тармақталып, бұтаға ұқсайды, алдыңғы екі түріне қарағанда ол жер бетінен 4 -10 см көтеріліп, тік өседі. Ормандарда сақал тәрізді болып, ағаш қабығына асылып, төмен қарай салбырап өседі.

Жынысты жолмен көбейгенде қына денесінде үш түрлі жемісті дене жетіледі, оның ішіндегілері:

Біріншісі апотеций - астауша пішінді,

Екіншісі перитеций - жемісті денесі жабық, тек ұш жағында ғана саңылауы бар,

Үшіншісі гастеротеций - сопақша пішінді.

Осы үш түрлі жемісті денелердің бәрінде де споралары арнаулы қалталарда дамиды, ал кейбір түрлерінде споралар гифтердің ұшында жетіледі.

Жыныссыз көбеюі пикноконидий, конидийлерде экзогенді жолмен бір клеткалы споралар пайда болу арқылы өтеді, бұл көбею көбінесе жапырақты, бұталы қыналарда кездеседі.

Вегетативтік жолмен көбею құрғақшылық кезінде, я қатты жел соққанда болады. Қынаның денесінен кішкене бөлшектері үзіліп түседі де ылғал, қөрек жеткілікті болса дереу өне бастайды. Мұндай жолмен тундрада өсетін бұталы, жапырақты қыналар көбейе алады. Қынаның қөректенуі өте қызық. Қына күрделі өсімдік, себебі физиологиялық жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі компоненттен - гетеротрофты саңырауқұлақ пен автотрофты балдырлардан құралған.

Бұдан қына денесінде фотосинтез процесі жүре ме деген сұрақ туады. Қына денесінде фотосинтез процесі жүреді, бірақ өте әлсіз, себебі қына денесінің 5 -10 проценті ғана жасыл балдырлардан тұрады, жарық аз түседі, температура +35°С-ден артса, фотосинтез тоқтап қалады, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде +30°, +50°С-де де жүре алады.

Фотосинтез процесінің дұрыс, бір қалыпты жүруі қына денесіндегі су мөлшеріне де байланысты. Егер жоғары сатыдағы өсімдіктер денесіндегі су мөлшерін арнаулы үстінде аппараттары арқылы реттеп отырса, қына денесінде ондай аппарат жоқ болғандықтан суды кәдімгі сорғыш қағаз сияқты бүкіл денесімен тез сорады, суды денесінен 30-60 минут ішінде тез жоғалтады.

Қынаның құрамына көптеген заттар мен элементтер кіреді. Қынаның гифтерінде амин қышқылдарынан - аланин, лизин, валин, тирозин, триптофан, витаминдерден - С, Н, Ві 2 , РР, В 5 кездеседі. Америка Құрама Штаттарында атом қаруын сынаудан кейін умбиликарий қынасының құрамынан радиоактивті элемент - цезий табылған, химиялық элементтерден - мырыш, кадмий, қалайы, темір көп, тастар мен жартастарда өсетін қабыршақты қыналарда темір тұзы болады, ол қынаны қызыл, сары, қышқыл-сары түске бояйды, мысалы, ризокарпон қынасы.

Қыналар өте баяу өседі, олардың өсуі экологиялық жағдайларға байланысты. Мысалы: ризокарпон жылына 1 миллиметрдей ғана өседі.

Көптеген қыналарда тостаған пішінді: өсінді пайда болып, ол өсіндіде саңырауқұлақ споралары түзіледі, ол спора клеткалы балдыры бар ағаш қабығына түссе болғаны дереу өніп, жіпше түзеді де, балдыр клеткасын айнала қоршап алып, қына денесін түзеді.

Қыналардың маңызы

1. Қыналар күй талғамайтын өсімдік Гюл ғандықтан ешбір басқа өсімдіктер өсе алмайтын жерде өсіп, шіріп, органикалық
:іат түзіп, басқа өсімдіктерге қорек дайындайды.

2. Құрамында 44% крахмал, 4% қант, V, витамині болатындықтан тамаққа қолданылады.

  1. Қабырғалық золотнянка қынасынан қызыл бояу алынады.
  2. Пармелия қынасының қайнатылған тұнбасын тамақ ауруына қолданады.
  1. Қынадан лакмус қағазы алынады.
  1. Иісті су, пудра, кремге қосады. «Шипр» иісті суы емен қабығында өсетін қынадан жасалады.
  1. Қынадан алынатын дәрілер - тамақ ауруына, асқазан қызметін реттеуге, тыныс алу жолдарын емдеуге, іріңді жараларды жазуға қолданылады.
  2. Тундрада өте көп өсетіндіктен негізінен бұғылардың азығы болады.
  1. Қынадан қант, спирт, қышқыл алынады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыналар
Қына
Балдырлар — төменгі сатыдағы су өсімдіктері
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Төменгі және жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Қыналар
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz