Қазақстандық біртұтастық проблемалары



Кіріспе
1. Қазақстандық біртұтастық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
2. Аумақтық тұтастық ... ... ... ... ...6.8
3. Экономикалық кеңістіктің біртұтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.10
4. Мәдени кеңістіктің бір тұтастығы ... ... ... 11.12
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Казақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы Қазақстан мемлекетінің біртұтастық нысанын бекітті де осы мәселеге "нүкте" қойды. Конституцияда Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындагы біртұтас мемлекет болып табылады деп жарияланады. Қазақстан Республикасының аумағы әкімшілік бірліктерге бөлінетіні қуатталады. Бүкіл елдің аумағында қандайда болмасын автономиялық құрылымдарсыз жергілікті үкімет билігі органдары құрылады. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы Қазақстандағы біртұтастықты бекітуде алдындағы Конституциялардың бәрінен асып түсті. Онда мемлекеттің Конституцияда бекітілген біртүтастығы мен аумағының тұтастығы өзгертіле алмайды делінген. Бұл не Парламенттің, не Республика Президентінің Қазақстанның мемлекеттік құрылысының біртұтас нысанын өзгерту туралы мөселе кетере алмайтынын білдіреді.Қазақстанда біртұтастық қажеттілігінің алғы шарты не болып табылады?
Бұрында қазақ ұлтының, кейіннен қазақтардың Ресейге косылуының нәтижесінде жоғалған өзінің мемлекеттігі болған. Бірақ осы ұлттық мемлекеттік идея халықтың санасында өшпеді, оған қазақтардың патша империясының колонизаторлық саясатына қарсы көптеген ұлтазаттық көтерілістері дәлел болып табылады.
Қазан социалистік революциясы Ресей халықтарынын озін- өзі саяси тануға құқығын жариялады.
1.Конституциялық құқығы. 2-басылымы. Алматы - Жеті жарғы, 2004
Ғайрат Сапарғалиев
2.Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
3.Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
4.Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Қазақстандық біртұтастық
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5

2. Аумақтық
тұтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...6-8

3. Экономикалық кеңістіктің
біртұтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-10

4. Мәдени кеңістіктің бір
тұтастығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..11-12

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Казақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы Қазақстан мемлекетінің
біртұтастық нысанын бекітті де осы мәселеге "нүкте" қойды. Конституцияда
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындагы біртұтас мемлекет
болып табылады деп жарияланады. Қазақстан Республикасының аумағы әкімшілік
бірліктерге бөлінетіні қуатталады. Бүкіл елдің аумағында қандайда болмасын
автономиялық құрылымдарсыз жергілікті үкімет билігі органдары құрылады.
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы Қазақстандағы біртұтастықты
бекітуде алдындағы Конституциялардың бәрінен асып түсті. Онда мемлекеттің
Конституцияда бекітілген біртүтастығы мен аумағының тұтастығы өзгертіле
алмайды делінген. Бұл не Парламенттің, не Республика Президентінің
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының біртұтас нысанын өзгерту туралы мөселе
кетере алмайтынын білдіреді.Қазақстанда біртұтастық қажеттілігінің алғы
шарты не болып табылады?

Бұрында қазақ ұлтының, кейіннен қазақтардың Ресейге косылуының
нәтижесінде жоғалған өзінің мемлекеттігі болған. Бірақ осы ұлттық
мемлекеттік идея халықтың санасында өшпеді, оған қазақтардың патша
империясының колонизаторлық саясатына қарсы көптеген ұлтазаттық
көтерілістері дәлел болып табылады.

Қазан социалистік революциясы Ресей халықтарынын озін- өзі саяси тануға
құқығын жариялады.

Қазақ халқына қатысты осындай өзін-өзі тану біріншіден казактардың
ежелден қоныстанып отырған барлык жерлерін жаіа мемлекеттік-саяси
құрылымның аумағына біріктіру бойынша мемлекеттік іс-шаралардан, екіншіден
осы құрылымға "Қазақ" атауын беруден көрінді. Осының дәлелі ретінде кейбір
тарихи қүжаттарға жүгінейік. Ұлттар Халық Комиссариатының 1920 ж. 14
тамыздағы отырысының хаттамасында: Сонғы уақыт тек қана Қырғыз
Республикасы туралы материалдар әзірлеуге арналды. Ұлкен жұмыс тындырылды.
Осы мәселе бойынша бірқатар отырыстар мен ведомствоаралық, мәжілістер,
соның ішінде екеуі жергілікті мүдделі облвстар мен мекемелердің өкілдерімен
өткізілді.

1.Қазақстандық біртұтастық проблемалары

Қазақстандық біртұтастықтың аяғынан тұру тарихы РК ФСР Халық
комисарлары кеңесінің 1919 жылғы 10 шілдедегі Қырғыз аймағын басқару
бойынша революциялық комитет туралы Декреті қабылдаған сәттен басталады.
Онда Мүмкіндігінше қысқа уақытта шақыралатын жалпы қырғыз съезі
шақырылғанға және Қырғыз аймағының автономиясы жарияланғанға дейін осы
аймақты басқару үшін жоғары әскери–азаматтық басқарма шоғырландыратың
революциялық комитет құрылады деп жазылды. Қарастырылып отырған ереже
тұрғысынан Декреттің Қазақстан аумағында қазақтармен қатар орыс халқының
тұрып жатқаның көрсеткеніне қарамастан онда әкімшілік аймақтық бірліктер
құруды көздегенің атап өту маңызды. Орыс халқы алып отырған жер аумақтары
оның пайдалануында қалады деп көрсетілді.

РК ФСР БОАК және ХКК-нің 1920 жылғы 26 тамыздағы Автономдық Қырғыз Кеңес
Социалистік Республикасын құру туралы Декретімен РКФСР бір бөлігі ретінде
Қазақ АКСР құрылды. Қазақ АКСР құрамына бұрынғы әкімшілік шекараларында
Семей, Ақмола, Торағай, Орал облыстары. Маңғыстау уезі, Астрахан
губерниясының бір болігі кірді. Қазақ АКСР басқару органдары болып Қазақ
АКСР ОАК және Халық комисарларының кеңесі мен жергілікті депутаттар
кеңестері танылды. Сонымен, Декрет біртұтастық құрылыстың екі аса маңызды
белгісін :

1) Республика аумағын әкімшілік бірліктерге бөлуді;

2) Жоғары және жергілікті үкімет билігі органдарын түзуді бекітті.

Қазақстанда мемлекеттік кұрылымнын біртұтастык нысанын құра отырып,
құқықтық актілер оның Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың теңдігін
қамтамасыз етуге тиістілігі атап айтылды. "ҚАКСР еңбекшілерінің құқық
Декларациясында": "Қырғыз Республикасында оның құрамына кіретін барлық
ұлттардың бейбіт және бауырлас өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауға
ұмтыла отырып, ҚАКСР Кеңестерінің Съезі әрбір ұлттын барлық мемлекеттік
мекемелер мен мектептерде тұған тілін пайдалануға тең құқығы бар және
олардың әркайсысына еркін ұлттык даму құқығы мен толык мүмкіндігі берілуге
және камтамасыз етілуге тиіс деп мелімдейді деп жазылды.

1036 ж. Қазақ АКСР КСРО құрамындағы Қазақ Одақтық республикасы болып
қайта құрылды, Қазақ КСР аумағы қазақ халкының Қазақстан халықтарының үштен
бірінен кемің құрайтынына қарамастан әкімшілік-аумақтық бірліктерге:
облыстарға бөлінді. 1978 ж. Қазақ КСР Конституциясының жобасы әзірленген
кезде ұйғыр халқының өкілдері Республиканың жоғары оргадарының алдына
Алматы облысының аумағында орталығы Алма-Ата қаласында балатын ұйгыр
автономиясын құру туралы мәселе койды. Айта кету керек, жоғары партия жіне
мемлекеттік органдар осы үндеуді қарастыру үшін құрамына ғылым-заңгерлер,
тарихшылар, этнографтар еңген комиссия құрды. Комиссия аталған мәселені жан-
жақты зерттеп, Қазақстанда Ұйғыр автономиясын құруға не тарихи, не
этнографиялық, не заңдық негіздер жоқ деген қорытындыға келді КСРО
халықтарына санақ жүргізу материалдарынан ұйғырлардын көпшілігінің
Қырғызстан мен Өзбекстанда туратыны анықталды. Ұйғырлардын негізгі бөлігі
өздерінің Қытайдағы (ШҰАА) байырғы аумағын мекендейді. Өткен тарихи
кезеңде, XIX ғасырдын аяғында ұйғырлардын белгілі бір белігі қазіргі
Қазақстан, Қыргызстан, Өзбекстанның аумақтарына қоныс аударды. Алматы
облысының аумақты ешқашанда одардын байырғы тұратын жері болған емес.

1978 ж.Қазақ КСР Конституциясы қабылданғаннаң кейін СОКП ОК Орталық
Қазақстанда неміс автономиясын құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім
астыртын, құпия және КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясын
өрескел бұзумен қабылданды. СОКП басшыларына мұндай мәселенін шешімі қазақ
ұлтының намысына тиіп және де қарсылық туғызуы мүмкін деген ой келмеді де.
Алайда қазақ халқы мұндай шешіммен келіспеді. Қала көшелеріне наразылықпен
шыққан қазақ жастарын да үкімет күшпен баспақ болды. Істің насырға шабуы
мүмкін болғандықтан СОКП ОК Саяси бюросының неміс автономиясын құру туралы
шешімінің күші жойылды.

Жогарыда аталған онша белгілі болмаған фактілер қазақстан мемлекеті
құрылысының біртұтастық нысаны сақтап қалынуы үшін объективтік фактор
ретінде қазақ ұлтының болуы және субъективтік фактор ретінде қазақ халқының
өзінің мемлекеттігін қорғап қалудың қажеттігі туралы тарихи қалыптаскан
саяси санасы түрақты әрекет етеді. Алматы қаласындағы 1986 жылғы тарихи
оқиғалар жоғарыда айтылғанды тағы да қуаттады. Осының барлығы қазақ ұлтының
кеңес жүйесінің өте күрделі жағдайларында формальдық ұлттық мемлекеттігі
мен онынбіртұтас құрылыс нысанын сақтап калуға тырысқанының куәлігі болып
табылады.

Қазақстан Республикасының 1991 ж. 16 желтоқсандағы "Мемлекеттік
тәуелсіздік туралы Заңы мемлекеттік құрылыс нысаны туралы мәселеге соқпады.
Онда тек қазақ ұлтының өзін тану қүқығы және азаматтык коғам мен құқықтық
мемлекет құруға бел байлауы туралы айтылды. Осы ереженің өзінде-ақ
қазақстандық мемлекеттің біртұтас құрылысын сақтап қалу идеясы болды.
Казақстан Республикасының 1993 ж. Конституциясы Конституциялық құрылыс
негіздерінде 1-тармақта: Қазақстан Республикасы— демократиялық, зиялы және
унитарлық мемлекет деп мәлімдеді. Конституцияда Қазақстан Республикасының
кеңістігі әкімшілік-аумактық бірліктерге бөлінеді деп көрсетілді. Осынын
өзімен автономиялық құры- лымдар қалыптастыру мүмкіндігі жоққа шығарылды.
Алайда, автономиялық құрылымдары жоқ біртұтас мемлекет құру туралы нақты
Конституциялық ережеге қарамастан, орыс халқының атынан бой көрсеткен
белгілі бір саяси күштер орыстар үшін әлдеқандай автономия талап етпек
болды. Алайда бұл утопиялық әрекет еді. Егер барлық кері факторларды
қоспағанның өзінде орыстардың Қазақстанның бүкіл аумағына тарала
мекендегенінің өзі-ақ республиканың қайсыбір аймағында орыстар үшін
автономия құруға ешкандай мұрсат бермейтін еді. Мұндай әрекеттері тек
ұлтаралық қарым-қатынастарды шиеленістіруі мүмкін екендігін жақсы түсінген
орыс халқы өзінің қорғаушыларын қолдамады.

2.Аумақтық тұтастық

Ол тарихи фактілерге негізделген, сондықтан Қазақстан аумағының құрылуының
"кездейсоқтығы" туралы пікірлер мен тұжырымдамалар шындыққа сәйкес
келмейді. Менің пікірімше, аумақтық біртұтастықты ең кем дегенде төрт
тұрғыдан қарастыру қажет:

1.біртұтас саяси және құқықтық кеңістік ретінде;

2.біртұтас этникалық кеңістік ретінде;

3.біртұтас экономикалық кеңістік ретінде;

4.біртұтас мәдени кеңістік ретінде.

Қазақстанның аумағы біртұтас саяси және құқықтық кеңістік ретінде,
біріншіден, оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының
билігі жүретінінен көрінеді.

Мемлекеттің атынан тек Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті
билік жүргізуге құқылы. Президенттің, Парламенттің нормативтік құқықтық
актілерінің әрекеті Казақстанның бүкіл аумағына таралады, олар барлық
мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, шетелдіктер үшін
міндетті болып табылады. Осыны бүкіл мемлекет масштабында ұйымдастырушылық
іс-шараларды жүзеге асыратын және актілері оның бүкіл аумағында міндетті
болып табылатын Үкімет туралы да айтуга болады. Екіншіден, біртұтас саяси
және құқықтық кеңістік Қазақстан Республикасы Конституциясының
үстемділігінен көрінеді. Ол алдымен Республикада конституциялық құрылысты
бекітуден көрінеді. Конституцияның үстемділігі дегеніміз барлық
жоғарғыларынан бастап жергілікті органдарға дейін бүкіл аумақта мемлекеттік
органдардың қызметі оның принциптерімен, нормаларымен үйлестірілуге тиіс
болуы. Конституцияның үстемділігі аумақтық тұтастықты, біртұтас құрылыс
нысанын, президенттік билік жүйесін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, біртүтас
саяси және қүқықтық кеңістік Қазақстан азаматтары құратын барлық саяси
партиялар, қоғамдық, діни бірлестіктер тең қүқықтар мен заңдық
мүмкіншіліктерді пайдалана отырып өз қызметін Қазақстаннын бүкіл аумағында
жүзеге асыра алатынын білдіреді. Олардың ұйымдастырылуы мен қызметіне
мемлекеттің біртұтас құрылыс нысаны сипат береді, себебі, олар аймақтық
принципте құрылып, аймақтык мүдделер білдірмейді, олар ұлттық принципте
құрылады. Төртіншіден, Қазақстан Республикасының саяси және құқықтық
кеңістігі басқа мемлекеттердің саяси және құқықтық құбылыстарын қабыл
алмайды. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің органдары
қызметін жүзеге асыра алмайды, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің
нормативтік қүқықтық актілерінің күші жоқ. Осы жалпы ережеден шегіністер
болуы мүмкін. Біртұтас саяси кеңістік қамтамасыз ету қажеттілігіне орай
Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік
одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси
партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді
(5-бап, 4-тармақ). Алайда Конституция бұл меселеде саяси және құқықтық
кеңістік идеясын табанды түрде жүргізеді деп санауға болмайды. Ол Қазақстан
Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктердің Республика
аумағындағы кызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы
діни бірлестіктер басшыларын тағайыңдауы Республиканың тиісті мемлекеттік
органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады. (5-бап, 5-тармақ).
Конституцияның аталған қағидасынан біріншіден, шетелдік діни бірлестіктер
Қазақстан аумағында өзінің қызметін жүзеге асыра алатыны тікелей туындайды.
Бұл Конституцияның Қазақстан азаматтарына шетелдік діни бірлестіктердің
діни ықпал ету мүмкіндігіне заңды түрде жол беретінін білдіреді. Шетелдік
діни бірлестіктер Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру туралы
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
Экономикалық интеграция
Қоғамдық ұйымдардың мағынасы, қасиеттері мен мақсаттары
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
Әлемдегі азық-түліктің қажеттілігін қарастыру
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері
Пәндер