Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы туралы



Алғы сөз ... ... ... ... ... ..3
1 . тақырып. Конституциялық құқық . Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы ... ... ... ... ..4
2 . тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бастаулары (қайнар көздері) ... ... ... ... ... ... ... 6
3 . тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциясы . мемлекеттің негізгі заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
4 . тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ... ... 15
5 . тақырып. Қазақстан Республикасы азаматтығының конституциялық.құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
6 . тақырып. Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық тәртебесі ... ..23
7 . тақырып. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... .. 28
Рефераттар тақырыбы ... ... ... .32
8 . тақырып. Қазақстан Республикасының Президенті ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
9 . тақырып. Қазақстан Республикасының Парламенті ... ... ... ... ... ... ... ... .. .37
10 . тақырып. Қазақстан Республикасының Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
11 . тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ... ... ... .45
12 . тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі ... ... ... ... . 49
13 . тақырып. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін.өзі басқару ... ... ... ... ..52
Реферат тақырыптары ... ... ... ... .57
Реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқау ... ...58
Теориялық есептер ... ... ... ... ... .59
Іскер ойындар өткізудің әдістемелік нұсқаулары..66
Тесттік тапсырмалар ... ... ... ...72
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... .90
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы жолында, аса маңызды және қолайлы құрал ретінде заңдылық орын алады. Қазіргі кезде республиканың түбегейлі заңдылық процессінің құқықтық-конституциялық біліктілікпен сәйкес келуі республиканың дамуына аса қажет етіледі. Заңның басты көздеуі – қоғамда заң үстемдігін орнату, құқықтық тәртіпті орнату, саяси және экономикалық өмірде қатал тәртіппен тұрақтылықты орнату. Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер конституциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол өз кезегінде көптеген конституциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап, талдауды талап етеді. Сондықтан да мемлекетіміздің конституциялық құқығының негізгі институттарын зерттеп-тану айрықша маңызға ие болып отыр.
Бұл оқу құралы Конституция ұғымын, конституциялық заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді меңгеруге мүмкіншілік береді. Республикада мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін анықтау – конституциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу тақырыбы. Осы орайда оқу құралының мақсаты ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету; студенттерді ҚР-ның мемлекеттік билік құрылымымен таныстыру; қоғамның ең қымбат қазынасы деп танылатын адам және азаматтың құқықтық мәртебесімен және сайлау жүйесін құқықтық реттеу ерекшеліктерін білуге бағыт-бағдар беру.
Оқу құралында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы, мемлекетте биліктің бөлінуі, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының конституциялық-құқықтық мәртебелері және адам және азаматтың құқықтық мәртебесі қарастырылады.
1. ҚР Конституциясы (1998 ж. 7 қазанда және 2007 ж. 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген). – Алматы, - 2007.- 49б.
2. Конституциялық заңдар: Президент, Парламент; Үкімет, Конституциялық Кеңес, Сот жүйесі, Референдум, сайлау туралы.-Алматы: Борки, 1999.-120с.
3. Сапаргалиев Г.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы-Алматы: Жетi жаргы, 2004.-471с.
4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңы.- Алматы: Юрист. -2006.- 22б.
5. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедура.- Алматы: Оркениет, 2000.- 400с.
6. Аюпова З., Сабикенов С. Концепция правового государства.- Алматы: НИ и РИО АВСШ ГСК РК.- 1996.- 104 с.
7. Назарбаев Н. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства.- Алматы.- 1992.
8. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: процветание, безопасность и улучшение благосост. всех казахстанцев: Послание Президента страны.- Алматы: Бiлiм.- 1998.- 96 с.
9. Нурпеисов Е.К. Котов А. Государство Казахстан: от ханской власти к презид. республике.- Алматы: Жетi Жаргы, 1995.- 127 с.
10. Сагиндыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан: Курс лекций.- Алматы: Бiлiм, 1998.- 336с.
11. Конституционный закон РК «О государственной независимости РК //Казах. правда.- 1991.- 17 декабря.
12. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости.- Алматы: Казахстан, 1996.- 211с.
13. Назарбаев Н. На пороге ХХI века.- Алматы, 1996.- 272 с.
14. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК.- Алматы: Жетi Жаргы, 1996.- 352 с.
15. Котов К.А. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. - Алматы: Жетi Жаргы, 1997.- 288 с.
16. Юридический энциклопед. словарь.- М., 1984.- 700 с.
17. Сапаргалиев С., Мухамеджанов Б., Жанузакова Л. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан.- Алматы: Жетi Жаргы, 2000.- 312с.
18. Алибаев Г.А. Местные исполнительные органы в системе государственной власти.- Алматы: Жеты жаргы, 1999.- 64с.
19. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан.- Алматы: Жеты жаргы, 2001.- 392с.
20. Бекбергенов Н.А. Правоохранительные органы в РК.- Астана: Фолиант, 2000.- 216с.
21. Конституция, закон, подзаконный акт.- Москва: Юридическая литература, 1994.- 136с.
22. Котов А.К. Казахстан наше Отечество: Власть. Общество. Конституция.- Алматы: Казак энциклопедиясы, 1998.- 127с.
22. Малиновский В. Глава государства суверенного Казахстана.- Алматы: ВШП Адилет, 1998.- 242с.
23. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право Республики Казахстан: теоретико-правовые вопросы.- Алматы: Жеты жаргы, 2001.- 176с.
24. Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан.- Алматы: жеты жаргы, 1997.- 168с.
25. Кудайбергенов М. Права ребенка в казахстанском и международном праве.- Алматы: Данекер, 2001.- 238с.
26. Жанузакова Л.Т. Конституционно-правовые проблемы организации и деятельности местных представительных органов в Республике Казахстан.- Алматы: СаГа, 2003.- 340с.
27. Шеретов С.Г. Конституционное право Республики Казахстан.- Алматы: Данекер,2002.- 174с.
28. Сабикенов С. Н. Национальный и народный суверенитет. В чем отличие? // Мысль.- 1994. № 4.- С.-9.
29. Нарбинова М.М. Характеристика элементов становления государственной независимости РК. // Сб.н.тр. Менеджмент в рыночной экономике региона.- Усть-Камен.: Изд-во ВКГУ, 1999.
30. Нарбинова М.М. Обоснование роли и места в правовой системе РК конституционного закона «О гос.независимости РК». // Региональный вестник Востока. 1999.- № 3.
31. Нарбинова М.М. Система юридических источников конст. права РК // Региональный вестник Востока. 2000.- № 1
32. Нарбинова М.М. К вопросу о конституционном реформировании в Казахстане // Региональный вестник Востока. 2000.- № 3
33. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, Астана, 2001ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Алғы
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 – тақырып. Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасы ұлттық
құқық жүйесінің жетекші
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .4
2 – тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының
бастаулары (қайнар
көздері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...6
3 – тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
4 – тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ... ... 15
5 – тақырып. Қазақстан Республикасы азаматтығының конституциялық-құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .19
6 – тақырып. Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
7 – тақырып. Қазақстан Республикасының сайлау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . . 28
Рефераттар
тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...32
8 – тақырып. Қазақстан Республикасының
Президенті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 33
9 – тақырып. Қазақстан Республикасының
Парламенті ... ... ... ... ... ... . ... ... . .37
10 – тақырып. Қазақстан Республикасының
Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
11 – тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі ... ... ... .45
12 – тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
13 – тақырып. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару мен өзін-өзі
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...52
Реферат
тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .57
Реферат жазуға арналған әдістемелік
нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Теориялық
есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...59
Іскер ойындар өткізудің әдістемелік
нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
Тесттік
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 72
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .90

АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы жолында, аса маңызды және қолайлы
құрал ретінде заңдылық орын алады. Қазіргі кезде республиканың түбегейлі
заңдылық процессінің құқықтық-конституциялық біліктілікпен сәйкес келуі
республиканың дамуына аса қажет етіледі. Заңның басты көздеуі – қоғамда заң
үстемдігін орнату, құқықтық тәртіпті орнату, саяси және экономикалық өмірде
қатал тәртіппен тұрақтылықты орнату. Қазақстан Республикасының
Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың
конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға
тартады.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер
конституциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол
өз кезегінде көптеген конституциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап,
талдауды талап етеді. Сондықтан да мемлекетіміздің конституциялық құқығының
негізгі институттарын зерттеп-тану айрықша маңызға ие болып отыр.
Бұл оқу құралы Конституция ұғымын, конституциялық заңдар және өзге де
нормативтік-құқықтық актілерді меңгеруге мүмкіншілік береді.  Республикада
мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін
анықтау – конституциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу тақырыбы. Осы орайда
оқу құралының мақсаты ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін
көрсету; студенттерді ҚР-ның мемлекеттік билік құрылымымен таныстыру;
қоғамның ең қымбат қазынасы деп танылатын адам және азаматтың құқықтық
мәртебесімен және сайлау жүйесін құқықтық реттеу ерекшеліктерін білуге
бағыт-бағдар беру.
Оқу құралында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы,
мемлекетте биліктің бөлінуі, Қазақстан Республикасы Президентінің,
Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының
Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан
Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының конституциялық-
құқықтық мәртебелері және адам және азаматтың құқықтық мәртебесі
қарастырылады.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Конституциясына 2007 жылдың 21
мамырында енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес жазылды.
Оқу құралы қысқаша дәрістерден, бақылау сұрақтарынан, реферат
тақырыптарынан, реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаудан,
студенттердің өзіндік жұмысына арналған теорялық есептерден, іскер ойындар
өткізудің әдістемелік нұсқауларынан, тесттік тапсырмалардан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1-тақырып
Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің
жетекші саласы.
1. Саланың анықтамасы мен пәні, түсінігі.
2. Конституциялық құқықтың әдістемесі.
3. Конституциялық-құқықтық нормалар ұғымы.
4. Конституциялық-құқықтық қатынастардың түсінігі.
5. Конституциялық-құқықтық институттар ұғымы.
Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын,
біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын
құқықтық нормалар жиынтығын көрсететін Қазақстан Республикасы ұлттық құқық
жүйесінің басты саласы болып табылады, сондай-ақ құқықтың басқа салалары
нормаларынан ерекшеленеді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар құрайды.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар
мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік
құрылыс, оның ұйымдармен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы
қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық
реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық,
әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады.
Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері
бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі,
базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін
кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін
қалайды.
Осылайша, Конституциялық құқық – бұл Қазақстан Республикасының  
конституциялық құрылыс негіздерін іске асырушы қоғамдық қатынастарды, адам
мен азаматтың құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
билік органдары және жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін
реттеуші және бекітуші құқық нормалар жиынтығынан құралады.
Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді:
міндеттеу әдісі, тыйым салу әдісі, рұқсат ету әдісі, тану әдісі.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органдарға да, жеке тұлғаларға да қатысты,
олардың барлық қызмет салаларында қолданылады. Бұған мысалы, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағын жатқызуға болады.
Тиым салу әдісі көбінесе мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға
қатысты қолданылады. Бұл әдіс азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана
қолданылады. Бұған, мысалы, ҚР Конституциясының 39-бабының 3-тармағы
жатады.
Рұқсат ету әдісі көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін
белгілеу үшін қолданылады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың
өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Конституциясының 53-бабының 4-тармағы жатады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі - тану әдісі. Кеңестік кезеңнен
кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің
қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан
– адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Бұған,
мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы
жатады.
Конституциялық-құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының
барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу
құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және
қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас
мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу
жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық
нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқығы мен
бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға
субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу
шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар
жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық
құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болғанымен олардың мәні
мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы
мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші
нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің
айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты
жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге қандай да бір
жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп
мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық,
әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Тыйым салушы нормалар
адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін
белгілейді. Мысалы, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз
қарулы құрамалар ұйымдастыруға тиым салады. Тыйым салушы конституциялық
нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық
тәртіпті қорғауды көздейді.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер
жасау жауапкершілігін белгілейді.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – конституциялық құқық
нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы
субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық қатынастардың негізгі мазмұнын оған
қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері құрайды.
Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл
конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар болып табылады.
Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет
жүктеп және кімге құқық берсе, сол субъект бола алады. Олар екіге бөлінеді:
жеке және заңды тұлғалар. Оларға мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік
билік органдары, сайлау органдары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар, өзін-
өзі басқару органдары және тағы басқалар жатады. Конституциялық құқықтық
қатынастардың объектілеріне материалдық игіліктер және материалдық емес
игіліктер жатады.
Конституциялық құқықтық институттар дегеніміз - өздерінің заңдық
мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын
білдіреді. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары
конституциялық-құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың
белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты
түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын
білдіреді.
    Әр конституциялық-құқықтық институт тек қоғамдық қатынастардың
белгілі бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар,
терминдер, қағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институты мазмұны азамат,
азаматтық, азаматтық алу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан шығу,
азаматтың құқы, бостандығы және жауапкершілігі тағы басқа осындай
ұғымдардан көрінеді. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ
құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты
азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделеді.
 
Бақылау сұрақтары
1. Конституциялық құқық саласына түсінік беріңіз.
2. Конституциялық құқықтың пәні дегеніміз не?
3. Конституциялық құқықтың әдістемелерін атаңыз.
4. Конституциялық-құқықтық нормалар дегеніміз не?
5. Конституциялық құқықтық нормалар қандай қызметтерді атқарады?
6. Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз не?
7. Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілерін
атаңыз.
8. Конституциялық-құқықтық институттар ұғымына түсінік беріңіз.
 
2-тақырып
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бастаулары (қайнар
көздері)
1. ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы – конституциялық құқықтың
негізгі қайнар көзі.
3. Нормативтік құқықтық актілер туралы 1998 жылғы Қазақстан
Республикасы заңының жалпы сипаттамасы.
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл
орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар
ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты
бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, Конституцияда құқық бастаулары
аталады. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның,
соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің,
халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ
Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік
қаулыларының нормалары болып табылады (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 4-бабының 1-тармағы).
Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің қатарына мемлекеттік
мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді.
Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар  Конституцияға
өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық
нормаларын  нақтылайды.
Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Парламентімен қабылданған
жай заңдар да жатады. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті,
Сенатының Регламенті, Парламенттің Регламенттері де конституциялық құқықтың
қайнар көздеріне жатады.
ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздеріне ҚР Президентінің
нормативтік жарлықтары да жатады: конституциялық заңдық күші бар
жарлықтары, әдеттегі заң күші бар жарлықтары, заңға сәйкес нормативтік
жарлықтар.   
Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің ішінде ерекше орынды 1990
жылы 25 қазанда Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация алады.
Онда егемендік принципі жарияланып, ол кейіннен ҚР Конституциялық Заңында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы және 1993, 1995
ж.ж.  Қазақстан Республикасының Конституцияларында бекітілген.
 ҚР-сы таныған халықаралық-құқықтық актілердің нормалары да
конституциялық құқықтың қайнар көзі болады. Олар адам құқы, қоғамдық
құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқықтық
нормалардан тұруы мүмкін.
Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне конституциялық – құқықтық
нормаларды қамтитын жергілікті өкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де жатады
(шешімдер, қаулылар, ережелер). Олардың заңдық сипаты кеңістікте шектеледі
және олар жергілікті сипатта болады.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың
тура және тікелей  қайнар көзі болып табылады. Конституцияның құқықтық
нормаларының сипаттамасы:
1. ҚР-ның Конституциясында бүкіл конституциялық заңның негізі болып
табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституцияның құқықтық
нормалары конституциялық – құқықтық қатынастарды реттейтін барлық
нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен дамуының негізі болып
табылады.
2. ҚР Конституциялық құқық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық
салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Әрине,
Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды
жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын
ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары
құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың басқа қайнар көздерімен
салыстырғанда оның жоғарғы заңдық күші бар және Қазақстанның бүкіл
аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен
басқа да нормативтік құқтық актілер Конституциядан негіз алуы қажет және
оған қайшы келмеуі қажет. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, онда
олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың
ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының қайнар көзі болып
табылады. Себебі, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық
демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы
мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа қайнар көздерінен, тұтастай қоғамның негізгі
заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық
өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары,
құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
6. Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен
толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен де ерекшеленеді.
Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі
және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен
сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры – онда
оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары,
Президентттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР Үкіметінің
қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою
тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы заңы
1998 жылы 24 наурызда қабылданған.
Нормативтік құқықтық акт – бұл референдумда, не болмаса мемлекеттің
уәкілетті органы немесе лауазымды тұлғасымен қабылданатын, құқық нормасын
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе жоятын,
қатаң түрде белгіленген нысанда шығарылатын жазбаша ресми құжат (НҚА ҚР
заңының 1-бабы, 1-тарау).
Нормативтік құқықтық актілер екіге бөлінеді: негізгі және туынды.
Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР
Президентінің заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы
Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық Сайлау
комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8) Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік
құқықтық бұйрықтары;
9) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық
шешімдері.
Нормативтік құүқықтық актлердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) Регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық
бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық
акт;
2) Ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық
бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормативтік құқықтық
акт;
3) Қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында
қолданылуын егжей-тегжейлі көрстетеін нормативтік құқықтық акт.

Бақылау сұрақтары
1. Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігін беріңіз.
2. Конституциялық құқықтың қайнар көздерін атаңыз.
3. Конституцияның – конституциялық құқықтың қайнар көзі ретіндегі
ерекшеліктерін атаңыз.
4. Нормативтік құқықтық акті туралы ҚР заңына сәйкес нормативтік
құқықтық актінің түсінігін беріңіз.
5. Нормативтік құқықтық актілер нешеге бөлінеді?
6. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне қандай актілер
жатады?
7. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне қандай актілер
жатады?

3-тақырып
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің
негізгі заңы.
1. Конституцияның ұғымы мен мәні.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымы.
3. ҚР-да конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері.
Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық
құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара
байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін
бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті
даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі.
Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар
тән.
1. ҚР Конституциясы халықтық Конституция болып табылады, себебі ол
мемлекетпен тағайындалған жоқ, 1995 жылы 30 тамызда референдумда халықпен
қабылданған.
2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп
танудан, елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және
егемендікті қолдаушы болып табылатындығынан құрылтайшылық сипат туындайды.
Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және
құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен
азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент
қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге
Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық,
біртұтастық қағидалары нығайтылған. Ол мемлекеттің құрылымның біртұтас
нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
ҚР Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған
өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру
мен дамытудағы мейілінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін,
лауазымды адамдар, сот органдары үшін оның құқықтық қағидаларының еш
шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.
3. Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші
жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл
халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы
ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық
элементтерімен, аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес
заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің,
мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының
негізін қалайды. Конституция қоғамдық, экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік,
діни құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның
институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды.
Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметімен Конституцияға
негіздеуі тиіс.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол
үш негізгі қызметті жүзеге асырады:
1) заңдық (құқықтың басты қайнар көзі ретінде);
2) саяси (мемлекеттің құрылымын реттейді);
3) идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын адам және азаматтың өмірін,
құқықтары мен бостандықтарын дәріптеуші қызметін атқарады).
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының
заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық
принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқықтық жүйенің
қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда.
Сондықтан еліміздің Конституциясының мәні мен оның алатын орны барған сайын
жоғарлауда.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңдегі
қоғамның жағдай мен мемлекеттіліктің дамуын көрсетеді, ол преамбуладан және
9 бөлімнен тұрады.
Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді және оны
қабылдаған ерекше субъект – Қазақстан халқына сілтеме жасайды.
Жалпы ережелер деп аталатын 1-бөлім Қазақстан Республикасы
қызметінің түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол принциптер
мемлекеттік құрылымның негіздерін құрайды.
2-бөлім Адам және азамат деп аталады. Баптарда адамның құқықтық
мәртебесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығының негіздері
жан-жақты айшықталған. Сонымен қоса осы бөлімде республикада адам және
азаматтың құқықтары жөнінде жалпыға бірдей халықаралық құқықтың принциптері
мен нормалары құрметтелетіні де айтылады. Бірінші рет Қазақстан
Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтары әркімге
тумысынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп мәлімдеді
(12-бап).
3-бөлім Қазақстан Республикасы Президентіне арналған. Басқарудың
президенттік нысаны конституциялық түрде бекітілді. Осы орайда жаңа
Конституция бойынша Қазақстан мемлекетіндегі басқару жүйесінің басты
ерекшелігі президенттік институтын барынша нығайту болып табылады.
4-бөлім заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган
ретіндегі Парламенттің құқықтық жағдайын айқындайды. Парламент тұрақты
жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сөйтіп,
халық атынан заң шығару билігін өкілетті жүзеге асырушы идея ретінде
парламентаризм одан әрі дамуда.
5-бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негіздерін
белгілейді. Үкіметтің және Премьер-Министрдің құзыреті конституциялық түрде
бекітіледі. Конституцияға сәйкес Үкімет атқарушы органдардың жүйесін
басқарады.
6-бөлім Конституциялық Кеңестің құқықтық жағдайын айқындайды.
Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді (72-
баптың 4-тармағы).
7-бөлім сот жүйесіне және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің
негізгі принцптеріне арналған. Тұңғыш рет Конституцияда соттардың
тұрақтылығы принциптері (79-баптың 1-тармағы), сондай-ақ соттардың
нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы
Конституциялық Кеңеске жүгінуге мүмкіндігі барлығы бекітілді (78-бап).
8-бөлім жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың
негізгі бастауларына анықтама береді. Конституцияның 85-бабына сәйкес
жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы органдар
жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті жергілікті
маңызды мәселелерді шешкен кезде тұрғылықты халықтың дербестігін қамтамасыз
ету болып табылады.
Соңғы 9-бөлім жекелеген конституциялық тұжырымдамалардың орындалуын
қамтамасыз ететін қорытынды және өтпелі ережелерді құрайды.
Бұл Конституцияға екі рет 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21
мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
 Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы өзінің
бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы
Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ КСР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен
басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің
қатарына жатпайды. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай
өзгеріс әкелді. Президенттің қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан
терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету,
конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып
табылады. Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз
ретінде маңызы жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа
республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт
негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы
бірінші рет жарияланды.
Сонымен бірге Декларацияда: Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекетті қорғау,
сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп алғаш рет ұлттық
мемлекеттік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда
тұратын басқа ұлттардың Қазақ КСР-ның мемлекеттілігінің ең маңызды
міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.
Декларация – Қазақ КСР-ның бұрын буржазиялық саяси институт ретінде
үзілді-кесілді теріске шығаратын билік бөлісу принципін бірінші рет
жариялаған акт.
 Заң шағару билігі Жоғарғы Кеңеске беріледі, ал Президент республика
басшысы болады және жоғарғы атқарушы билікті иеленді. Сот билігі Жоғарғы
Сотқа беріледі.
  Декларация Қазақстан аумағындағы бүкіл экономикалық және ғылыми-
техникалық, барлық табиғи ресурстары тек Қазақ КСР-ның меншігінде болатынын
жариялады.
  Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10
желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң конституциялық
деп аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР
Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер
енгізді. Мұнымен бірге мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі
алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды, онда Республиканың
тәуелсіздігі жарияланып, Қазақ халқының еркін көрсетіп, қазақ ұлтының өзін
айқындау құқығы бекітілді.
  Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланып, онда
тәуелсіз мемлекеттерге тән элементтер бекітілді: ортақ азаматтық,
территориялық мемлекеттік органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық
жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы.
 Бұл кезеңде бұл конституциялық заңмен бірге Қазақ КСР Конституциясы
нормалары және КСРО мен Қазақ КСР заңдары әрекет етті, өйткені олар
мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмеді.
 Сонымен қатар бұл кезеңде 1978 жылы Конституцияға мағыналы өзгерістер
енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. 1991 жылы 20
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң КСРО
азаматтығын және қос азаматтық институтын жойды. Бұл заңмен Қазақстан
Республикасының азаматтығын алудың жаңа негізі бекітілді.
 Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың ешқайсысы одақтың
республика Конституциясының егеменді мемлекет Конституциясының талаптарына
сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты 1991 жылы маусымда
Конституциялық комиссия мен жаңа Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс
тобы құрылды.
  ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы
қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл
құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша
анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап
қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың
принциптері мен идеяларын қабылдады. 1993 жылғы Конституция 1978 жылы Қазақ
КСР-ның кейбір жағдайларын сақтап қалды, мысалы, Жоғарғы Кеңес бір палаталы
өкілетті және заң шығару органы болып қалды, бірақ енді барлық билікті
қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде кеңестер сақталып
қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің 1978 жылы Қазақ
КСР-нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды сақтап қалды.
  Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да
болды. Қазақстан Республикасы қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік
форма ретінде жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік
билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік
егемендіктің негізінде  қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады.
 Конституцияда алғаш рет зайырлы және унитарлық мемлекет түсінігі
қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында
саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместігі көрсетілді.
 Конституция қарама-қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып
билік тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті.
 1993 жылы 10 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке
уақытша заң шығару өкілеттілігін берді. Ол бойынша Конституциялық Соттың
қаулысына сәйкес Президент әдеттегі заңдармен қатар конституциялық заңдық
күші бар қаулылар қабылдау құқығы берілді. Жоғарғы Кеңестің мұндай шешімін
Конституцияға енгізілген өзгерту мен толықтыру деп бағалауға болады,
өйткені 1993 жылы Конституция мұндай мүмкіндікті қарастырмаған.
    Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы
Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның
Конституциясы мен заңдары болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға
сәйкес келтіру заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі
бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық Сот
Конституциялық Кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот
жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі
жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және
жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.

Бақылау сұрақтары
1. Конституцияның мәніне түсінік беріңіз.
2. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін
сипаттарын атаңыз.
3. Конституция қандай негізгі қызметтерді атқарады?
4. Конституцияның құрылымы қандай?
5. ҚР-ның Конституциясына неше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген?
6. ҚР-да конституциялық заңдардың дамуы неше кезеңнен тұрады?
7. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қашан
қабылданды?
8. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясынан 1995 жылғы
Конституциясының ерекшеліктерін атаңыз?

4-тақырып
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы.
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымы.
2. Қазақстан Республикасының экономикалық негіздері.
3. Қазақстан Республикасының саяси негіздері.
4. Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық,құқықтық және
әлеуметтік мемлекет.
     Конституциялық құрылыс – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз
ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті
ұйымдастыру формасы.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы – мемлекетті
ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын,
Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет
ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі.
Конституцияда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына
негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар:
- халықтық билік,
- мемлекеттік егемендік,
- біртұтастық,
- биліктерді бөлу принципі,
- құқықтың үстемдігі,
- мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен
шешу,
- идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін құру концепциясында
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негізгі белгісі
ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. ҚР Конституциясында
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деп бекітілген (3-бап).
Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге
асырады. Сондай-ақ халық өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға
береді.
Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі
ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын
қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы
халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз
алдына дербес мемлекет қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері,
қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық
негіздері құрайды. Егемендіктің бастауы - халық, сонымен қатар егемендік
Қазақстан Республикасының әр бір азаматына таратылады. Мемлекеттік
егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі
құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты
барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995
жылғы ҚР-ның Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады (2-бап). Біртұтастық Қазақстан
Республикасы конституциялық құрылысының маңызды бір белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну,
олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл
жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады (4-б. 3-т.).
Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы негізінде меншік
нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп нарықтық қатынастар
конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы
бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды
(6-б.1-т.). Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабының 3-тармағы
Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де
болуы мүмкін деп мойындайды.
Меншіктің барлық нысандарын кімнің тарапынан болсын заңсыз
араласушылығынан қорғай отырып, мемлекет оларды пайдалану, кеңейту үшін
қолайлы жағдай жасайды. Мемлекеттік органдар заңдарда меншіктің
субъектілері мен объектілерін, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру
көлемі мен шегін белгілейді. Сондай-ақ мемлекет мемлекеттік кәсіпорындардың
экономикалық қызметін тура және тікелей реттейді, мемлекеттік меншік
объектілерін пайдаланудың құқықтық режимін айқындайды.
Конституцияға сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс (6-б. 2-т.). Мемлекет аталған экономикалық қатынас
саласын тікелей басқару мен реттеуді жүзеге асырады.
Конституция қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін
белгіледі. Оларға қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, идеологиялық және
саяси әр алуандылық, қоғамдық және мемлекеттік интститтутарды бөлу сияқты
принциптерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесін билік үшін күресті, оны
ұйымдастыруды және қызмет етуін жүзеге асырушы сан-салалы ұйымдар,
институттар және мекемелер құрайды. Конституция ең алдымен мақсаты мен іс-
әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға,
мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, т.б. бағытталған қоғамдық
бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тиым салады (5-б. 3-т.). Саяси
әр алуандылық деп қоғамда өмір сүруші түрлі әлеуметтік-саяси құрылымдардың
болуы ұғынылады. Саяси әр алуандылық негізінде Қазақстан Республикасындағы
экономикалық қызмет нысандарының сан алуандылығы да жатады.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық құрылыстың негізін қалаушы
принциптердің бірі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық болып табылады.
Саяси жүйенің кез келген институтының қызметі қоғамдағы саяси тұрақтылыққа
қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Қазақстан Республикасының бір ерекшелігі
оның көп ұлттылығы, сондықтан қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің
нысандары мен бағыттарын белгілеген кезде осы жағдайды есепке алуға және
қоғамдық келісім орнатуға ұмтылуға тиіс.
ҚР Конституциясына сәйкес (1-б.) Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі
грек сөзі демократия аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты
келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң
шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идеологиялық және саяси әр-
алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.
  Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы
халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін
көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді, яғни қоғам
мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың
әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлау
арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикада ешкім билікке иелік ете
алмайды. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізу құқығы Президентке, сондай-
ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне
берілген. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет
атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Қазақстан
мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мемлекеттік діннің
болмайтындығынан – көптеген діни уағыздардың бірде бірінің міндетті немесе
басым болып табылмайтындығынан көрінеді. Қазақстандағы діни бірлестіктер
мемлекеттің саясатына, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік органдардың және
оның лауазымды адамдарының қызметіне ықпал етпеуі тиіс. Қазақстан
мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен
сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет органдарының діни бірлестіктердің
қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік
органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін білдіреді.
Мемлекеттің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды
қаржыландырмауынан да көруге болады.
Одан әрі, Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың
діни негіздегі қызметіне жол бермеуден де көрінеді.    Заң алдындағы діни
ұйымдардың теңдігі ешқандай дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты
пайдаланбайтындығынан және басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге
тартылмайтындығынан көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін
құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар,
лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға
міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады.
Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі
құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен Конституция мен заңдардың
жоғарылығын көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі
ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық
мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу
институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың
құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын
мемлекет есептеледі.
 Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның
шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару
жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР
Конституциясына қайшы келмеуі қажет.
 Демократиялық мемлекетте құқық нормасы барлық азаматтар үшін тең
болуы қажет, сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының
алдында оның барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет
есептелінеді.
 Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл
әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық
қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде
лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.
  Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік
минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген
адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет.
Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және
адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет
араласады.
 Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік
теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке
қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.
  Әлеуметтік мемлекеттің ерекше сипатын, оның адамның еркін дамуы мен
лайықты өмірін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатынан көруге
болады.
   Әлеуметтік саясат қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен,
азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен,
олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен, өмір
түрін жоғары көтерумен байланысты әлеуметтік топтардың, қоғам мен оның
мүшелерінің арасындағы қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының бір
бөлігін көрсетеді.
   Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты адам мен қоғамның жақсы
тұрмысына жету, тұлғаның дамуы үшін тең және әділетті мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету болып табылады.

Бақылау сұрақтары
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының ұғымын
түсіндіріңіз.
2. ҚР-ның конституциялық құрылысының принциптерін атаңыз.
3. Қазақстан Республикасының экономикалық негіздеріне нелер жатады?
4. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы айтыңыз.
5. Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет ретінде нені
білдіреді?
6. Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі сипаттамасын
айтыңыз.
7. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет ретінде нені білдіреді?
8. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипаттамасын
айтыңыз.
   
  5-тақырып
Қазақстан Республикасы азаматтығының конституциялық-құқықтық
негіздері.
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы ұғымы.
2. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері.
3. Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтату негіздері.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының азаматтық мәселелер
жөніндегі өкілеттіктері.
Азаматтық – бұл адамдардың дара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын
көрсететін адам мен мемлекет арасындағы тұрақты саяси – құқықтық байланысы.
Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1) адамның
мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы
бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2)
адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады; 3) мемлекет
пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан
өз азаматтары алдында жауапты, Ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің
республикасы алдында жауапты.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен
және 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның азаматтығы туралы
Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар:
- барлық азаматтардың теңдігі туралы;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы;
- құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі
туралы;
- азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және
басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық
жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртіптерін, ата-аналардың
азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының
азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың
өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау,
шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі
шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Азаматтық туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын
алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасы азаматы болып
табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ
адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп аталады.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар
адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында
болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған
негіздер бойынша;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған
негіздер бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың
біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе
олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында
тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың
біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде
ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты
тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың
азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша
анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының
азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның
азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар,
азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған
баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша
ҚР Азаматтық туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына
қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл
тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш
жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
Жоғарыда аталған шарттардың болуы мынадай тұлғалар үшін талап
етілмейді:
- кәмелетке жасы толмағандар;
- әрекетке қабілетсіздер;
- Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер;
- Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтары, егер олар
тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына қайтып
орлағандар.
2) Қазақстан Республикасы азаматтары ішінде жақын туыстарының бірі –
баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-
анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы
немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен
келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан
Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш
жасаушы адам:
1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса,
Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын
бұзуға шақырса;
3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін
құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;
4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет
жасаса;
5) лаңкестік әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;
7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес оның Қазақстан
Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың жүйесі
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Жеке тұлғаның, конституциялық құрылыстың, сайлау құқығының конституциялық құқықтық мәртебесі негіздері
Адам құқы – ең жоғары құндылық. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтың негіздері
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
ҚР адамдардың және азаматтардың конституция негіздері
Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы
Қазақстан Республикасы қоғамдық Құрлысының конституциялық негіздері
ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету
Пәндер