Саяси идеялық ойлардың негізгі кезеңі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Саяси идеялық ойлардың негізгі кезеңі.

Либерализм

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Әлеуметтік кеңістіктегі «идеология» ұғымы
  2. Саяси идеологияның түрлері
  3. Либерализм теориясының негізгі принциптері
  4. Необлиберализмнің пайда болу себебі.

ІІІ. Қорытынды

Саяси сана түрлері мен саяси ағымдар шеңберінде идеологияның алатын орны ерекше. Саяси идеология түсінігіңің қалыптасуының, даму эволюциясының зер салмақ, төмендегідей пікірлерді айтуға болады.

Идеология ұғымы гректің idea-түсінік, ұғым, бейне және логос-ілім, ғылым деген сөздердің біреуінен қалыптасқан. Философиялық сөздікте идеология-қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. Бұл терминді ғылыми лексикаға алғаш енгізген ХVІІІ ғасырдағы француз ғылымы А. Терси болатын.

Ғылыми кеңістікке идеология ұғымының енуінен бастап, саяси ғылымда бұл рухани құбылысқа деген әртүрлі көзқарастар қалыптасты. Яғни, дүниежүзі саясаттану ғылымында, ең алдымен, кез келген саясаттың міндетті түрде өз бағыты, қимыл қағидалары мен ұстанымдары, жоспарының болатындығы немесе, қысқаша айтқанда идеологиясыз саясат болмайтындығы мойындалса, екінші жағынан ғылымдар арасында идеология ұғымының мәні мен мазмұнына түсінік-пікірлердің көп жақтылығы басым екендігін байқауға болады.

Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылды. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде беріледі.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді.

  1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік процесс, тұлға және билік және т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырылды, рухтандырды, шабыттандырады.
  4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
  5. Бағалай қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол-адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтық құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.

ХХ ғасырдың орта шенінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) «Идеологияның ақыры» деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді деп жазды. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген «идеологиясыздандыру» тұжырымдамасының орнына «қайтадан идеологиятану» ой-тұжырымы алға тартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, «идеологиясыздандыру» теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, оның қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген тоқтамға келді.

Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты, оған баспасөз, радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс-жазу кіреді.

Саяси идеология адамдардың саяси мінез-құлқын мақсатты және идеялық тұрғыдан бағыт-бағдар беру үшін арнайы жасалынатын ерекше рухани құрылым ретінде төмендегідей әртүрлі деңгейде қызмет атқарады.

Теориялық-концептуалдық деңгейде. Мұнда белгілі бір топтың мүдделері мен құндылықтары, мұраттары мен мақсаттарын ашып көрсететін негізгі жағдайлар анықталып қалыптастырылады.

- Саяси-бағдарламалық, деңгейде әлеуметтік-философиялық мұраттар мен принциптер негізінде бағдарламалар жасалынады. Саяси элиталардың ұрандары мен талаптары басқару шешімдері мен халықтың саяси-мінез құлқына стимулдар жасауда басшылыққа алынып отырады. Батыс саясаттанушыларының айтуынша, саяси билік институттарының саясаттағы үлес салмағының өзі оның қаншалықты идеологиямен байланысты болуымен анықталады.

- Идеологияның орнығу деңгейі. Бұл деңгей халықтың идеологияның мақсаты мен принциптерін өзіне сіңіруі мен оны шеру дәрежесімен және оларды белгілі бір саяси іс-қимылдар арқылы жүзеге асыру сипатымен анықталады.

Қазіргі заманның саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады.

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латынның либериас-еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704), Ш. А. Монтескье (1689-1755), А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Джефферсон (1743-1826), А. Токвиль (1805-1859), Дж. Миль (1806-1873) . Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Бүгінгі таңда либерализм- ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпыадамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттарын қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.

Либералдық теорияның негізгі принципі-адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық санада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекелестіктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті-меншікті қорғау, «түнгі сақшылық» қызметін атқарады.

Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқына қол сұғудан, озборлықтан қорғайтын заңмен шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі-адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам өркениеті және мұсылман философиясы
А. Байтұрсынұлы және Алаш әдебиеті
Қазақ педагогикасының тарихы
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Сын және әдебиет
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Ежелгі Шыгыстағы саяси ойлардың қалыптасуы және оның релятивтік сипаты
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы
Саяси ойлар тарихы
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz