Қаратау мемлекеттік қорығы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университеті.
С Ө Ж
ҚАРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ.
Орындаған : Досжанова. А.
Қабылдаған : Құрбаниязов. А.
Тобы: ЖГА - 515
Қаратау мемлекеттік қорығы .
Қазақстан жерінде Қаратау деп аталатын тау, жер - су атаулары көптеп кездеседі . Біз сөз еткелі отырған Қаратау тауы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумағында орналасқан. Ол солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр . Ені кей тұстарында 60-80 км-ге созылады . Оның ең биік шоқысы Бессаз тауының биіктігі 2175 метр . Қаратау бір-бірімен қатарласа орналасқан. Үлкен және Кіші Қаратау жоталарынан тұрады. Олардың арасын тау-аралық аңғарлар айқын бөліп тұрады. Бұл екі тау жоталарының бастары біршама тегіс жазықты болып келеді де, ал беткейлері шатқалды, тік жартасты тілімделіп бітеді .
Қаратаудың оңтүстік -батысынан Сырдария, солтүстік шығысынан Шу және Талас өзендері өтеді. Қаратаудың барлық аймағында өзіне тән ертеден өсіп келе жатқан өсімдік түрлері көптеп кездеседі.
Қаратау бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын Жерорта теңізі мен Тынық мұхитының түбінен біртіндеп көтерілген ең ежелгі тау жоталарының бірі болып саналады. Қаратаудың табиғат байлықтарының ерекшеліктерін ескереотырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249 қаулысымен 2004ж 1 наурызда Қаратау мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды. Қорықтың жер көлемі 34300 гектар аумақты алып жатыр. Қаратаудың қорығының табиғаты айналасы құрғақ далалы және шөлейттіөңірлерімен шектеліп жатқан оазисті аймақты құрайды. Қаратау қорығы Батыс Тянь-Шань тау жотасының солтүстік - батыс сілемдерімен шекаралас Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Қорықтың айналасын Қызылқұм, Бетпақдала және Мойынқұм шөлдері қоршап жатыр. Қорық аумағының ауа -райы күрт құбылмалы болып келеді. Онда жылына орта есеппен 300-500 мм шамасында жауын-шашын түседі. Жазы ыстық, әрі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +22 +26 º С.
Қаратаудың алып жатқан жері солтүстіктен оңтүстікке қарай меридиан бағыты бойынша 23, 6 км-ге, ал шығыстан батысқа қарай ендік бағыты бойынша 28, 3 км-ге, ал шығыстан батысқа қарай 28, 3 км-ге созылып жатыр. Қорық аумағында археологиялық ескерткіштер де көптеп кездеседі. Онда тасқа қашап салынған суреттер (петроглифтер) , ертеде өмір сүрген адамдардың тұрақтары, олар пайдаланған еңбек құралдары, обалар мен молалардың қалдықтары сақталған. Сонымен бірге ерекше мүсінді түйетас, кемпіртас, хантағы және т. б. кейіптегі табиғаттың өзі ұзақ уақыт аралығында жасаған тас бейнелер де кездеседі. Олар жайында ел аузында сақталған сан алуан аңыздар ғажайып сыр шертеді.
Қаратау қорығының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлеріоқшауланып, айналасындағыдалалы, шөлейттіалқаптардың өсімдіктері мен жануарларынан тұратын түр құрамы жағынан мүлде ерекшеленіп тұрады. Қорық аумағындағы өсімдік түрлерінде сол өңірдің өзіне ғана тән басқа аймақтарда кездеспейтін эндемик түрлер мен геологиялық замандардан сақталып, өсіп келе жатқан реликт түрлер көп кездеседі. Сондықтан бұл алқаптың өсімдіктері биолог ғалымдардың назарына ертеден - ақ ілінген. Қорық аумағында ғалымдардың зерттеулері бойынша жалпы өсімдіктердің 1666 түрі өседі, солардың 1536 түрі тек осы өңірде ғана өсетін түрлерге жатады. Қаратау қорығы республика көлеміндегі эндемик өсімдіктер түрлері өте көп өсетін бірден - бір аймақ болып саналады. Бұл өсімдіктердің эндемик түрлерінің көпшілігі өте сирек кездесетін түрлерге жатады. Соңғы жылдары ботаник ғалымдар эндемик өсімдік түрлері өсетін жекеленген 34 жерді анықтады. Қазақстанның 1981 жылы шыққан өсімдіктерге арналған Қызыл кітабында Қаратау қорығының аумағында кездесетін өсімдіктің 45 түрі тіркелген. Қаратау қорығында өсетін жалпы өсімдік түрлерінің 9 % эндемик түрлерге жатады. Ондай өсімдік түрлеріне - қаратау рапонтикулы, регель рафидофитона, грейг қызалдағы, қаратау көкбасы, қарату ырғайы, қаратау үшқаты, қаратау лепидолофасы, сиверс алмасы, қарату ақшешегі, қаратау жыланбасы, қаратау кекіресі, қаратау қауы, қаратау маралтамыры, қаратау томаға шөбі және т. б. түрлер өседі. Бұл аты аталған өсімдіктің түрлеріндегі « қаратау» деген сөздің қосарланып жүруі, сол өсімдіктің тек осы өңірде ғана өсетінін нақтылап айғақтап тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz