Мемлекет туралы ұғым


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті

Реферат

Тақырыбы: Мемлекет туралы ұғым.

Орындаған: Самедулла З. С

102 топ, ПФИЯ

Тексерген: Арын А. А

Алматы, 2011

Жоспар

  1. Мемлекет туралы ұғым . . . 3
  2. Мемлекеттің негізгі белгілері . . . 3-4
  3. Мемлекеттің егемендігі . . . 5-6
  4. Мемлекеттің саяси ұжымдардан ажырататын белгілері . . . 6-7
  5. Мемлекеттің мәні . . . 7-8
  6. Мемлекетің қызметтері . . . 9-10
  7. Мемлекеттің функциясы . . . 11-14
  8. Қолданылған әдебиеттер . . . 15
  1. Мемлекет туралы үғым.

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қогамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қаты-настардың маңызды мәселелерін шешуге нақты ңатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.

Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.

Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын 'саяси ұйым.

Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.

Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмүны мен мәнін тереңірек ашу қажет.

  1. Мемлекеттің негізгі белгілері.

Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі негізгі қызметіне, кәсібіне, яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бас-таған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекет халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте түра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларында емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету - шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.

Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Бүл салық - мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, оларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, қүқық тәртібін, қылмыс және қүқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайда-ланады.

Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулың басқару ұйымының негізінен мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі қүқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың қай аумаққа жататындығын, түрғылықты жерін ескереді.

Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі бірқатар мемлекеттік-қүқықтық институттарымен (түтас алғанда) жанама түрде байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған болатын.

Осыған байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын білдіретін азаматтық институт пайда болды. Мемлекет азаматы еместер шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ түлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ түлғалардың арқасында мемлекет халықты "өзіміздікі" және "өзіміздікі емес" деп айшықтап атап көрсетеді (дифференциялайды) . Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік аумақтың бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлыңтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты анықталады.

  1. Мемлекеттің егемендігі.

Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бүл сипат мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамдық қүрылымдар мен институттардан жоғары қояды.

Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің Үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға әрі бұзбауға міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде-бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды.

Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі- мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік үғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде қызмет істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекет билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.

Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтың мүддесін ол қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған ұғым болып табылады. Қоғамда, елде, халықтың арасында жүмыс істеп жатқан басқа бірде-бір үйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлың деңгейде және барлық жағдайда оларды білдіре, көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бүған үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай сипаттары басым.

Мемлекеттік басқарудың қүқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы, оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында түрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, қүқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан болып келеді. Бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқық шығармашылық монополиясы, сондай-ақ қүқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.

Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.

Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жаткызу қажет.

  1. Мемлекеттің саяси ұжымдардан ажырататын белгілері.

Мемлекет - саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қогамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер

ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: 1) Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің, ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізеді. 2) Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын шенеуніктер (қызметкерлер) болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер , полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан
сақтануы үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын оның арнаулы материалдыц қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды. 4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халың әкімшілік-аумаңтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі - құқықтық жуйенің қалыптасуы. Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін қүқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.

  1. Мемлеттің мәні

Мемлекеттің мәні - мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.

Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.

Кез келген мемлекетте қарама-қарсы болып келетін екі мән - таптық және жалпы әлеуметтік мән болады.

Мемлекеттің таптық мәнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде өзін-өзі басқарудың бұрынғы органдары қауымдық құрылысты басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты әлеуметтік топтардың, таптардың мүддесіне бейімділік танытады. Сонымен мемлекеттің таптық мәні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау арқылы білінеді.

Дегенмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен айналыспайды, қайта ол бүкіл қоғамның қамын да ойластыруға мәжбүр болады. Өйткені, қоғам бірегей құрылым болғандықтан, соған сәйкес дәулетті топтар ондағы кедей (жарлы), қаналушы топтарсыз өмір сүре алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асыруға мәжбүр болады, сондықтан да бүкіл қоғам мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні болып табылады.

Қай мемлекет болса да қандай да бір әлеуметтік топтың, таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оның біріктіру құралы және оны интеграциялайтын тетік болып табылады.

Мемлекетте әрқашанда бір жақты таптың немесе топтық үстемдік құрушы басшы тобы мүдделері мен бүкіл қоғамның мүдделері үштастырылады, үйлестіріледі.

Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мәністік (мәндік) жақтардың арақатыстылығы барлық мемлекеттерде бірдей емес, яғни әр алуан болып келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.

Мемлекеттің таптық мәні жоғары дәрежеде құл иеленуші мемлекетте байқалады, онда қүл (күң) қүқықтық субъектісі емес, қүқықтық объектісі (заты) - мүлік, яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады.

Қоғамның дамуы барысында құл иеленушіліктен феодализмге, феодализмнен капитализмге қарай өту кезеңдерінде және сол формацияларда мемлекеттің жалпы әлеуметтік жақтары үлкен рөл атқара бастады. Әсіресе мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні осы күнгі батыс мемлекеттері қоғамында айқын көрінеді. Бұл көріністерді кәсіпкерлердің табыстарына салынатын салықтардың жоғары мөлшерде болуынан, еңбек ету жағдайларын мемлекет тарапынан реттеуінен алуан түрлі әлеуметтік бағдарламалардың кең түрде дамуынан және тағы басқалардан байңқауға болады.

Мемлекеттің әлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі әжептәуір дәрежеде әлеуметтік қайшылықтардың әлсіреуіне әкеледі, таптық қарсыластардың әрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұраңқтылық та нығая түседі.

Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы әлеуметтік мәнін ұлғайтуға деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүдделі болып отыр.

Сонымен қорытып айтқанда, қай мемлекетте де болсын қарама-қарсы екі мән болады - таптық және жалпы әлеуметтік проблемаларды туындататын да осы екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден бір міндеті болып табылады. Мемлекеттің аталған міндеттерді орындауы олардың қыамет бағыттарынан көрінеді.

  1. Мемлекеттің қызметі

Мемлекеттің қызметтері дегеніміз - қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған жөне ешбір өзгермейтін қатаң қағида (догма) емес, қайта олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.

Нақты тарихи жағдайларға байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі Шығыс Азия мемлекеттерінде ирригация, яғни суландыру жүйесі құрылыстарын салу - қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған. Ал көшпелі елдерде мемлекеттерді сыртқы жаулардан қорғау ісі басты қызмет түрі болатын. Қазіргі дамыған демократиялық елдерде азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғау ісін қамтамасыз ету басты қызмет болып табылады.

Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты - қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі қүбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі саналуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Меншіктің басқа түрлерінің қалыптасуына, пайдалану әдістеріне мемлекет немқүрайлы қарай алмайды. Себебі меншік міндет жүктейді, оны пайдалану иесімен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиісті. Сондыңтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қалай да болса шаруашылықты ұйымдастыру және реттеумен шұғылданады. Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару және реттеу функциясы болады.

Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан түрады дедік. Кейбірелдер де, мысалы, Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың ара-қатынасын реттеу - негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, туындайтын қарама-қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу - тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол үшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді.

Осы заманғы мемлекеттердің бәрінде де ең маңызды қызметтер экологиялық қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп, атап көрсетуіміздің себебі - адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету әрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр. Мысал келтірсек, табиғатты бүлдіру шектен тыс жүзеге асып отыр. Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы қатерлі сипат алып бара жатыр, адамды қырып-жоюдың алапат құралдарын жинақтаған қорлар, осының бәрі жиналып жойқын проблемалар туындатып отыр.

  1. Мемлекеттің функциясы.

Мелекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешелік кездеседі.

Біздің пікіріміз - функцияны өзің жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.

Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені, олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп - басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсендеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады.

Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі жэне сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:

  1. Экономикалық функция- мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:

бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;

екінші-экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту;

үшінші - ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс) ;

төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
Саясаттың негізгі мәселесі билік
Түркология және Қазақстан
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Қоғамтану
Классикалық грек мәдениеті
Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz