Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы

"Президент пен Үкiмет актiлерiнiң

жинағында" және республикалық

баспасөзде мазмұны

жариялануға тиiс

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;

2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.

5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:

аталған Жарлықтағы 1-тармақта:

"Самақова - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

Айткүл Байғазықызы қорғау министрi - Қазақстан

Республикасы Президентiнiң жанындағы

Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi

ұлттық комиссияның төрайымы"

деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

2) "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат; 2003 ж., N 49, 557-құжат) :

аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарында:

I бөлiмнiң 1. 2. 1-шағын бөлiмiнiң соңғы абзацындағы және 1. 4. 5-шағын бөлiмiнiң екiншi абзацындағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 113-құжат;

2003 ж., N 43, 451-құжат; 2004 ж., N 18, 223-құжат; N 51, 671-құжат) :

аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң құрамында:

"Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған

Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi, Қазақстан

Республикасы Президентiнiң жанындағы

Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi

ұлттық комиссияның төрайымы"

деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

4) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығында:

3 және 4-тармақтардағы "Отбасы және әйелдер iстерi" деген сөздер "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;

аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясындағы 1-бөлiмнiң "Iс-қимылдар стратегиясы" деген шағын бөлiмiнiң жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссиялардың отбасы және гендерлiк саясат мәселелерiмен айналысатын хатшылары лауазымдарын енгiзу; ".

6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат) ;

2) "Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3395 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 11, 74-құжат) ;

3) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы

4 наурыздағы N 16 өкiмi;

4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы

N 314 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат) ;

5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 2 наурыздағы

N 527 өкiмi (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат) .

7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2006 жылғы 1 ақпандағы

N 56 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы

Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi

ұлттық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының, Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың аясында өңiрлiк ерекшелiктердi ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердiң теңдiгiне қатысты басымдықтарды айқындау, кешендi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдарды тұжырымдау;

2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiктiң 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;

3) гендерлiк теңдiктiң жай-күйi мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

4) мыналарға:

экономикалық салада гендерлiк теңдiкке қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға;

еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;

отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында гендерлiк теңдiкке қол жеткiзуге;

ерлердiң, әйелдер мен балалардың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;

отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгiзуге;

халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, гендерлiк теңдiктiң нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға жәрдемдесу;

5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;

6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;

8) отбасы мәселелерiне, гендерлiк теңдiктiң сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

9) отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

10) отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;

11) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу;

12) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.

3. Комиссияның өкiлеттiктерi

4. Комиссия өз құзыретi шегiнде:

1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға;

2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге;

4) Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерiнiң отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;

5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға;

6) облыстар, Астана, Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы комиссиялардың қызметiн үйлестiруге және бақылауға, олардың қызметi туралы есептердi тыңдауға;

7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға және бекiтуге жәрдемдесуге хақылы.

5. Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады.

6. Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.

4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

7. Комиссия төрағадан, хатшыдан және оның мүшелерiнен тұрады. Қазақстан Республикасының Президентi оның дербес құрамын айқындайды.

8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

9. Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады.

10. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.

11. Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.

12. Комиссияның төрағасы:

1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi;

2) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;

4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi.

Комиссия төрағасы болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Комиссия мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;

5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;

6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi;

7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

5. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын, өз қызметiнде Комиссия төрағасына тiкелей бағынатын оның Хатшылығы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2006 жылғы 1 ақпандағы

N 56 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы

Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi

ұлттық комиссияның

ҚҰРАМЫ

Самақова - Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Айткүл Байғазықызы кеңесшiсi, төрайым

Ысқақова - Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Саида Куанқызы жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк

саясат жөнiндегi ұлттық комиссия

Хатшылығының меңгерушiсi, хатшы

Комиссия мүшелерi:

Андаржанова - "Полимерқұбыр" жауапкершiлiгi шектеулi

Мария Ивановна серiктестiгiнiң директоры, Алматы

облысы (келiсiм бойынша)

Асанғазы - Астана қаласы Сарыарқа ауданы

Оразгүл Асанғазықызы әкiмiнiң орынбасары

Аубанова - Павлодар облысы денсаулық сақтау

Гүлфаз Кенжетайқызы департаментiнiң директоры

Бурлаченко - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң

Светлана Николаевна орынбасары

Васильева - Алматы қаласы экономика және бюджеттiк

Лариса Александровна жоспарлау департаментiнiң директоры

Жалмағамбетова - Қазақстан Республикасының Парламентi

Светлана Жақияқызы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Жақыпова - Қостанай облысы iшкi саясат

Тамара Сәлiмқызы департаментiнiң директоры

Кәрбозова - N 4 емхананың бас дәрiгерi, Тараз

Күлшат Жапарханқызы қаласы

Құрманбаева - Қазақ гуманитарлық заң университетiнiң

Шырын Асылханқызы Семей филиалының директоры, саясат

ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)

Көшекова - "Райхан" кешенiнiң директоры, Атырау

Раиса Тәжiғалиқызы қаласы (келiсiм бойынша)

Махмұдова - "Шағын бизнес орталығы"

Шолпан Жұматайқызы қауымдастығының директоры, физика-

математика ғылымдарының кандидаты,

Орал қаласы (келiсiм бойынша)

Мұсаходжаева - Қазақ ұлттық музыка академиясының

Айман Қожабекқызы ректоры, профессор, Астана қаласы

Мұстафина - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары

Сәбила Сапарқызы

Мұхамеджанова - Қызылорда облыстық бiлiктiлiктi

Әлия Ғафурқызы арттыру және ақпараттық технологиялар

институтының директоры

Мырзахметова - "Тұмар" корпорациясының президентi,

Зәмзәгүл Естайқызы "Көкшетау нан зауыты" жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгiнiң бас

директоры, Ақмола облысы (келiсiм

бойынша)

Назарбаева - "Бөбек" қорының президентi

Сара Алпысқызы

Нұқышева - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары

Сәуле Ғалымқызы мектебiнiң саясат және денсаулық

сақтауды басқару кафедрасы

профессорының мiндетiн атқарушы,

Алматы қаласы

Полищук - N 1 гимназияның директоры, Петропавл

Раиса Ивановна қаласы

Сейiтова - Қарағанды облыстық сауда-өнеркәсiп

Несiп Мұсатайқызы палатасының төрайымы, Қарағанды облысы

(келiсiм бойынша)

Сиврюкова - Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдары

Валентина Андреевна конфедерациясының президентi,

Азаматтық альянстың президентi,

Астана қаласы (келiсiм бойынша)

Солтиева - "Егемен Қазақстан" республикалық

Жұмагүл Қуанышбекқызы газетi" акционерлiк қоғамы бас

редакторының орынбасары, Қазақстан

журналистер одағының мүшесi

Тарасенко - Қазақстан Республикасының Парламентi

Елена Ивановна Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Төлегенова - "Қазақстан Халық банкi" акционерлiк

Апуажан Төлегенқызы қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының

директоры (келiсiм бойынша)

Хасанова - "Жамал-ай" акционерлiк қоғамының

Зәбира Мұхсанқызы президентi, Ақтау қаласы (келiсiм

бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 41, 569-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 2 желтоқсан N 270-271

Президент пен Үкiмет

актiлерiнiң жинағында

жариялануға тиiс

Қоғам өмiрiнiң барлық салаларында гендерлiк теңдiк қағидаттарын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясы бекiтiлсiн (бұдан әрi - Стратегия) .

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1) өз қызметiнде Стратегияны басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

2) қабылданатын мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келiсiлуiн қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға Стратегияның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006. 02. 01. N 56 жарлығымен.

4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiн Стратегияның iске асырылу барысы туралы хабардар етсiн.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2006. 02. 01. N 56 жарлығымен.

5. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) Мемлекет басшысын жыл сайын 20 ақпанға Стратегияның iске асырылу барысы туралы хабардар етiп отырсын;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2005 жылғы 29 қарашадағы

N 1677 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

2006-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ГЕНДЕРЛIК ТЕҢДIК

СТРАТЕГИЯСЫ

Астана, 2005 жыл

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

Негiзгi ұғымдар

1-бөлiм. Ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң

нақты теңдiгiн қамтамасыз ету - уақыт талабы

2-бөлiм. Қоғамдық-саяси өмiрдегi гендерлiк теңдiкке қол

жеткiзу

3-бөлiм. Экономикадағы гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу

4-бөлiм. Гендерлiк бiлiм беру. Құқықтық және гендерлiк

оқу-ағарту

5-бөлiм. Ерлер мен әйелдердiң ұрпақты болу денсаулығын

бекемдеу

6-бөлiм. Қоғамдағы жынысқа байланысты зорлық-зомбылықтың

алдын алу

7-бөлiм. Отбасындағы гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу. Отбасын

нығайту және отбасындағы тәрбиенiң рөлiн күшейту

8-бөлiм. Гендерлiк сезiмтал қоғамдық сананы жетiлдiру

9-бөлiм. Стратегияны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

КIРIСПЕ

Қазақстан дүниежүзiлiк қоғамдастыққа кiрiгудi өзiнiң сыртқы саясат саласындағы басымдығы ретiнде айқындады.

Әлем елдерiнiң көпшiлiгi қол қойған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында (2000 ж. ) ерлер мен әйелдердiң теңдiгiн көтермелеу, әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту үшiншi мыңжылдықтағы адамзат дамуының негiзгi мақсаттары ретiнде айқындалған.

Қазiргi кезде бүкiл дүние жүзiнде тарихи қалыптасқан ерлердiң әйелдерден басым болу жағдайы өзгерiстерге ұшырауда. Өнеркәсiбi дамыған және әлеуметтiк бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң ерлермен тең болуына iс жүзiнде қол жеткiздi.

Тәуелсiздiк жылдары iшiнде Қазақстан ерлер мен әйелдердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау саласында да белгiлi бiр дәрежеде iлгерiледi.

1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. БҰҰ-ның "Әйелдердiң саяси құқықтары туралы" және "Тұрмыс құрған әйелдiң азаматтығы туралы" конвенциялары да бекiтiлдi. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт пен Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы пактiге және басқаларына қол қойылды. Қазақстан адам құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық шартқа қосылды.

Үкiметтiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Гендерлiк саясат тұжырымдамасы мақұлданды. Ол елiмiздегi гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын - ерлер мен әйелдердiң билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық тәуелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады.

2004 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өткiзiлген Қазақстан әйелдерiнiң IҮ Форумында ел Президентi Үкiмет пен Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияға аталған Тұжырымдаманың негiзiнде Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiк стратегиясын әзiрлеп, онда экономикалық, әлеуметтiк және саяси салаларды қоса алғанда, қызметтiң негiзгi бағыттарын анық белгiлеу, әйелдерге тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету үшiн шаралар жүйесiн мерзiмдерi бойынша әзiрлеу керек екенiн тапсырды.

Стратегия - мемлекеттiң гендерлiк саясатын iске асыруға бағытталған негiзгi құжат, оны iске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингiн жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты Стратегияның әр бөлiмiне БҰҰ Әйелдер қорының өңiрлiк офисiмен (ЮНИФЕМ) бiрлесiп әзiрленген, саясатта, экономикада, бiлiм беруде, отбасында, денсаулық сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерiнде гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу жөнiндегi көрсеткiштер енгiзiлген.

Гендерлiк теңдiк стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгiне қол жеткiзу жөнiндегi мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi, 9 бөлiмнен тұрады.

Қазақстан Республикасында Гендерлiк теңдiк стратегиясын iске асыру әйелдер мен ерлердiң өздерiнiң өмiр сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсiтусiз iске асыруы үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.

НЕГIЗГI ҰҒЫМДАР

Уақытша арнайы шаралар - қоғамда гендерлiк теңгерiмге қол жеткiзуге бағытталған шаралар (мысалы, оң дискриминация нысаны ретiнде билiк органдарындағы әйелдер өкiлдiгiнiң квотасы), БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсiтудiң барлық түрлерiн жою туралы конвенциясына сәйкес ол кемсiту ретiнде қарастырылмайды.

Гендер - бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы.

"Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi.

"Гендер" терминi әлеуметтiк процестердi түсiнуге арналған талдау құралы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері
Министрлік зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді арттыру және зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыс жүргізуде
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
«Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz