Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай.күйі мен проблемалары
1.2. 2004.2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтары
2. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары
2.1. Экологиялық қауiпсiздiктiң мақсаты
3. Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi
4.1. Экономиканы экологияландыру
5. Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асырудан күтiлетін нәтижелер

Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігі тұжырымдамасы
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйі мен
проблемалары
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi
қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және
қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн -
қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды.
Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды
қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше
жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат
жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi
жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның
тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған
ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң
тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi
өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп,
онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда,
жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының,
мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық
тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң
мәселелерi қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды
пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере
отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында
қоғамдық дамуда елеулi өзгерiстер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық
құжаттары әзiрлендi, табиғат қорғау заңнамасының негiзi құрылды, қоршаған
ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол
қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997
жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы -
"Радиациялық қауiпсiздiк туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны
қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында
Президенттiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл)
және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күшi бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман,
Су және Жер кодекстерi қабылданды. Заңға тәуелдi қажеттi нормативтiк
құқықтық актiлердiң көпшiлiгi әзiрленiп, бекiтiлдi.
Заңнаманы жетiлдiру мақсатында республикада оны дамыған елдердiң
заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты
алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және
оларды іске асыру жөнiндегi iс-қимылды ұлттық жоспарлары әзiрледi.
Экологиялық сараптау жүйесi, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс
жолға қойылды. Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған
ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi
экологиялық сараптаманы енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда
қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң
экологиялық осал аумақ және шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi
сол күйiнде қалып отыр. Жоғарыда аталғандармен байланысты елдiң
стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi жағдайдағы экологиялық
қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта қарау, нақтылау
және кеңейту көзделуде. Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған мiндеттердi
шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат
пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде
iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған
ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан
Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы
картографиялау ұсынылады.
1.2. 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын
әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтары
Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты
шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң
әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын
көрсетедi. Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық
қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи
жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi
болады. Осы Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030"
Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының
2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн
тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992
жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге
өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн
ескере отырып әзiрлендi.
Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе
отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы
Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi.
Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану
деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын
әзiрлеу.
Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа
көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды
жетiлдiру.
Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту
және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.
2. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi
мен қағидаттары
2.1. Экологиялық қауiпсiздiктiң мақсаты
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың мақсаты
табиғи жүйелердiң, қоғамның өмiрлiк маңызды мүдделерi мен жеке тұлға
құқығының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлердiң нәтижесiнде
туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
2.2. Экологиялық қауiпсiздiктiң негiзгi мiндеттерi
Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
климаттың өзгеруi мен Жердiң озон қабатының бұзылуына душар ететiн
антропогендiк әсердi азайту;
биоәртүрлiлiктi сақтау және жердiң шөлейттенуi мен тозуының алдын
алу;
экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ
кешендерiн оңалту;
Каспий теңiзi қайраңының ластануының алдын алу;
су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
табиғи ластануларды, әуе бассейнiнiң ластануын, радиоактивтi,
бактериологиялық және химиялық, оның iшiнде трансшекаралық ластануларды жою
және олардың алдын алу;
өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерiн
қысқарту;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған мiндеттердi шешуге: Қазақстан Республикасының заңдарын,
табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың және экологиялық
мониторингтiң экономикалық тетiктерiн жетiлдiру және жүйеге келтiру;
табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн
оңтайландыру; қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика,
экологиялық бiлiм беру, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы
саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткiзiледi.
2.3. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң
негiзгi қағидаттары
Мемлекеттiң экологиялық қауiпсiз дамуы мынадай қағидаттарға
негiзделедi:
табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкiндi шектерiн
айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелi басқаруды қамтамасыз
ететiн шектеулердiң, нормативтердiң және шаруашылық әрi өзге де қызмет
жүргiзу ережелерiнiң ғылыми-негiзделген кешенiн енгiзу жолымен мемлекеттiң
тұрақты дамуы үшiн барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелiк тәсiл;
экологиялық қауiпсiздiктiң өңiрлiк және жергiлiктi мiндеттерiнiң
экологиялық қатерлердiң алдын алудың жаhандық және ұлттық мақсаттарына
бағыныштылығы;
қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтiрiлген залалды өтеудiң
мiндеттiлiгi (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейдi);
өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастырудың экологиялық-
экономикалық теңгермелiгi (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау
қағидаттары);
шаруашылық және өзге де қызметiнiң қоршаған ортаға әсерiн одан
кейiнгi экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен
бағалаудың мiндеттiлiгi;
халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және
оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
халықаралық ынтымақтастықтағы әрiптестiк және халықаралық құқық
нормаларын сақтау.
3. Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары
Қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының
қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiк
проблемалары оларды жаhандық ұлттық және жергiлiктi ретiнде шешудiң
маңыздылығы мен деңгейiне байланысты қаралады.
3.1. Жаhандық экологиялық проблемалар
3.1.1. Климаттың өзгеруi
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк
көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша
ықтимал қатер төндiредi.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк
конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол
қойды.
Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан
қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi
өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау
үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi
сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша
зерттеулер жүргiзу қажет.
Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту
бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң
экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi
бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу,
өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану,
сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн
көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына
квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды
iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың
шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн
болады.
3.1.2. Озон қабатының бұзылуы
Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен
микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының
қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын
заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен
салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.
Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998
жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ)
пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын
бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi
жұмыстар жүргізілуде.
Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып
табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды
қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-
жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының
тұрақты мониторингін жүргізу.
Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың
қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi
қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және
Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi
ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу
жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды
жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол
Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды.
3.1.3. Биоәртүрліліктi сақтау
Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда
континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.
Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi
әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi.
Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының
жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi
және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым
көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде
түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп
танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы
Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi
сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл
жоспарын әзiрледi.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн
құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн
тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту
мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5
млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн
құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк
объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк
процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған
аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн
сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк
табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы
шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске
асыру қажет.
Республика аумағының небәрi 4,2%-iн алатын Қазақстанның барлық
ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және
мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң табиғи резерваттары
ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл
үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн
қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу қажет.
Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер
мен өнiмдердi әкелу Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл
әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу
қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның
Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның
Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында
генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен
байланысты қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды
елге әкелуге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-
техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар
саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерiн iске асыру қоршаған орта
объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде ұстап тұруды,
өзiн-өзi реттеу қабiлетi мен жанды және жансыз табиғат түрлерiнiң, оның
ішінде жойылу қаупі төнген тіpi организмдер геноқорының көптүрлілігін
сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
3.1.4. Жердiң шөлейттенуi және тозуы
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының
шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала
есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама
тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард
теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен
тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының
ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп
трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.
2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс
әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың
құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды жәненемесе
қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн
нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен
енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының
хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен
күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау
және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық
тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
3.2. Ұлттық экологиялық проблемалар
3.2.1. Экологиялық апат аймақтары
Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын
алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына
елеулi зиян келтiрiлген Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары
болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне
нақтылы қатер болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың
халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан
айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және
ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Арал өңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi
мекен) әсiресе әйелдер және балалар арасында асқазан-iшек аурулары мен қан
аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологияның жоғары деңгейi
байқалуда.
Елдiң ішкі қауiпсiздiгіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат
аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық
жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, оның сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды әзiрлеу және
аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерiнiң салдарларын
ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға
дейiн Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын
шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзiрленуi қажет.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңiрiнiң
проблемаларын кешендi шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө
Өкiмiмен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.
3.2.2. Каспий теңiзi қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты
проблемалар
Каспий теңiзi бассейнi мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын
кеңiнен игеруi теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне терiс әсер ауқымын
ұлғайтады. Теңiз мәртебесiнiң айқындалмаған жағдайында трансшекаралық
сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулi мәнге ие болады.
Теңiздiң қазақстандық секторында көмiрсутегi шикiзатын алдағы кезде
баса игеру елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне ықтимал қатер төндiредi.
Каспий теңiзiнiң қоршаған теңiз ортасын қорғау жөнiндегi үлгiлiк
конвенциясы және басымдық iс-қимылдардың өңiрлiк стратегиясы Каспий
теңiзiнiң коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерiнiң
Каспийдiң экожүйесiн қорғау жөнiндегi алдағы iс-шараларға қатысты өзара
ортақ iс-қимылы бойынша негiзгi бағыттарын айқындайды.
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк
бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз және жағалау маңы
экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын
шекті деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулерді жүргізу,
геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және басқа
да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және мұнай
құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмудi
тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.
Зерттеулер нәтижесi Каспий қорық аймағын аймақтарға бөлудi қоса
алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық қызметiн қамтамасыз
ететiн нақты нормативтiк экологиялық талаптар әзiрлеу болуы тиiс.
3.2.3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына
жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және
химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды
ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария,
Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз
етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Су объектiлерiне антропогендiк салмақ пен олардың қалпына келу
қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде
барлық iрi өзен бассейндерiне тән еттi, ал су шаруашылығының мұқтаждарын
жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық объектiлерiнiң барынша
қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйiне және халықты ауыз
сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.
Бұл проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002
жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды
пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су
секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының
2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткiлiктi
көлемде және кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93
қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан
Республикасының Су кодексi және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну
кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 -
2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен
қорғаудың схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргізiлетiн болады.
Қабылданған бағдарламалық құжаттардың щеңберiнде 2005 жылы iске
асырылуы суды қажет ететiн өндiрiстер дамуының қарқыны мен көлемiн
шектeугe, су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналымды және
тұйық жүйелерiн жаппай енгiзуге, өнiм бiрлiгiне және пайдалану шығындарына
жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерiн есепке алу мен
реттеудiң қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкiндiк беретiн
сумен қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мақсатты бағдарлама әзiрлеу
қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң қолданыстағы
ставкаларын саралау, су шаруашылық объектiлерiн ұстау мен жөндеу жөнiндегi
шығыстарды өзiн-өзi ақтауға кезең-кезеңмен көшiре отырып, су
пайдаланушыларға су жеткiзу жөнiндегi қызмет үшiн баға белгiлеудi
оңтайландыру жөнiндегi iс-шараларды да қамтуы тиiс.
Өзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың
ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005 - 2010 жылдар барысында
пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау аймақтары мен
жолақтарының жобалары әзiрленетiн болады, 2005 - 2006 зиянды әсердiң мүмкiн
болатын шектi нормативтерiн және судың жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiн
әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-қолданбалы зерттеулердiң кешенi жүргiзiледi, ол су
объектiлерiне ластаушы заттар төгiндiлерiн таңбалыдан жиынтық нормалауға
кезең-кезеңмен көшiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Осының бәрi ағынды
суларды тазартатын құрылыстарды салу мен қайта жаңғырту кезiнде жаңа
технологияларды енгiзудi жеделдетедi.
Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су
жетiспеушiлiгiн тартып отырған өңiрлерде өзен ағынын реттеу жөнiндегi, оның
iшiнде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын
пайдалануды жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет.
3.2.4. Байырғы ластанулар
Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер:
мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде
радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып
табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.
Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою
жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн
гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда.
Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық
қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама
әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған
ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың
барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай
объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделуде.
Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда
болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу
және енгiзу қажет.
3.2.5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер
Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су
объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi
технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес
жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi
жатады.
Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық
қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық
шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен
қамтамасыз етiледi.
2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына
қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден
ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм
түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк
бередi.
Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау
проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк
беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен
пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия
өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық
ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi
заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы
төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ.
Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою
үшін:
2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас
аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;
Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы
жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су
проблемаларын шешу;
бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар
барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық
биосфералық аумақтар құру қажет.
Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық
қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады.
3.2.6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондарының әсерi
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ
полигоны және "Байқоңыр" кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түскен
және құлайтын бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi және қоршаған орта мен
тiкелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететiн басқа да факторлар
нақты экологиялық қауiп төндiредi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн
бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз
етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш
құралдарын, әскери техниканы және әскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау
және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары орналасқан,
зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер мен құрылымдар
тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын
шешуде маңызды орын алады.
Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасы аумағының зымыран-ғарыш
қызметiмен байланысты учаскелерiнiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингi"
бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29
желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық
кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық
және геоэкологиялық зерттеулер басталды.
Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ
болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда.
Осыған байланысты 2005 жылы полигон аумақтарының экологиялық жай-
күйiнiң мониторингi жөнiнде бағдарлама әзiрлеу қажет.
3.3. Жергiлiктi экологиялық проблемалар
3.3.1. Әуе бассейнiнiң ластануы
Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы,
қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен
байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық
денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi.
Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының
жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға
тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы
жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының
жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз
тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың
жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады.
Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының
болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды
шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен,
Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай
заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып
түседi.
Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы
кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл
атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi.
Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот
оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен
орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы
негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға
дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде
атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде
тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай
енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау
жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру
2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға
қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы
түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.
Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi
шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда
көзделетiн болады.
3.3.2. Радиоактивтi ластану
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi
нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа
бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың
қалдықтары (уран кен орындардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz