Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер


қарай рет-ретiмен ыңғайластырылуы сот жүйесiн құрайды.
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер - ҚР Конституциясы жене «Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьялардың мертебесі туралы» конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады.
Аталған соттардың бәрi тұтас бiр жүйеге бiрiктiрiлген, олардьң барлығы әдiл соттың ортақ және бiрегей ұстындарын басшылыққа алып, әрқайсысы iстердi қарау және шешу мәселесi бойынша өздеріне тиесiлi нақтылы мiндеттерді атқарады
Соттарды мiндетiне қарай бөлудiң негiзiнде сот инстанциялары жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы сот - бұл iстi мәнi бойынша қарайтын сот, екiнші инстанциядағы сот - бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот, қадағалау инстанциясы - заңдық күшiне енген сот шешімдерiне тараптардың жасаған шағымдары, наразылықтары бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот.
Осындағы соңғы екi инстанция - апелляциялық және қадағалау - соттардың үкiмдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелляциялық- үкiмдер мен қаулылар заңдық күшiне енбеген жағдайда және қадағалау - үкімдер мен қаулылар заңды күшiне енген жағдайда. Заң шығарушылар әдiл соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшiн қосымша кепiлдiк ретiнде жоғарыда аталған iс жүргiзудiң екі сатысынан басқа соттардың үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың және бiр түрiн - жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастауды қарастырды. Қайта караудың бұл түрі Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 10-бөлiмiне “Соттың заңды күшiне енген шешімдерiн қайта қарау жөнiнде іс жүргiзу” деген тақырыппен енгiзілді. Сот өндiрісiнде оның алатын орнына және атқаратын мiндетiне қарап, заң әдебиеттерiндегi жаңадан ашылған жағдайларға байланысты iс бойынша өндірiстi қайта бастау сот шешiмдерiн қайта қарау тәсiлдерiнiң бiрiне жатады және оны сот шешiмдерiн қайта қарау сатыларының қатарына жатқызу керек (Ривлин А. А. Пересмотр приговоров в СССР. Государственное издательство юридической литературы. М., 1958. 44-бет) деген пiкiрлермен келiсуiне тура келедi.
Жоғарыда аталған соттар өздерiне берiлген заң шеңберінде бірін-бірі алмастырып, әрi сот билiгiнiң “тiк сызығы” бойында орналаса тұрып, бiрiншi инстанциядағы және содан кейiнгi инстанциялардағы сот үкiмдерiнің қаулыларының, тағы басқадай шешiм заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру мiндеттерiн атқарады.
Осынау өзара тығыз байланыстағы тексеру құрылымдарының ең басында апелляциялық саты орналасқан.
Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесi үшiн бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндiрiс туралы ережелердiң іс жүзінде қолданылу проблемалары кiм-кімдi де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеудi, ең алдымен апелляциялық өндiрiс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.
1997 жылдың 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргiзу кодексi сот шешiмдерiн қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:
- соттың әлi заңдык күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық) ;
- соттың күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндiріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастау) .
Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң шығарушылар осылардың үшеуiн ғана: кассациялық шағымдану және наразылық қадағалау өндiрiсi және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндiрiстi қайта бастау сатыларын қолданысқа жiбердi. Ал, ҚІЖК-нiң соттардың қылмыстық iстерді апелляциялық тәртiппен қарау туралы ережесiн қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 каңтарына дейiн, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн кейiнге қалдырды.
2001 жылдың 11 шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасының “Сот iсін жүргізу меселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы соттың заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын кайта карау үшiн апелляциялық инстанция енгiздi. Осы заң республиканың сот өндiрiсінен кассациялык шағымдануды, наразылықты алып тастады.
Жаңа ереже 46 жене 47-тарауларга топтастырылып, КIЖК-нiң 8-бөлімінен орын алады («Соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау») .
Осындағы 46-тарау «3аңдық күшiне енбеген сот шешімдеріне апелляциялык, кассациялық шағымдану және наразылық бiлдiру> КІЖК қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн 1998 жылдың 1 каңтарынан бастап өмiрге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірiстің негiзгi ережелерiн реттейтiн мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағым - дану және наразылық бiлдiру субъектлері (396-бап) жене шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толыктыру, керi кайтару жөнiндегi олардың құқықтары туралы (402-баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық бiлдiрудiң тәртібі мен мерзiмдері туралы (398, 399-баптар), шағым беруге, наразыльқ білдiруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібi туралы (400- бап), шағымның берiлгендiгі, наразылықтың бiлдiрiлгендiгi жөнінде тараптарды хабардар ету (401- бап) және iстің қаралатын уакыты мен орны жайлы тараптарды құлақтандыра отырып, iсті апелляциялық инстанциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бiріншi сатыдағы соттың каулысына шағымдану, наразылық бiлдiру туралы (403-бап) .
2001 жылдың 11 шiлдесiндегi Заң тараудың тақырыбынан және көрсетiлген баптардың мазмұнынан кассациялық деген сөздi алып тастап, аталмыш тарауға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiздi:
- 396-бап (Үкiмге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық бiлдiру құқығы) апелляциялык шағымдануға және наразылық білдіруге жататын үкiмдердің катарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының үкiмдерi алып тасталды;
- 397-бап (Заңды күшiне енбеген үкімдерге берiлген шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар) - а) үкiмдерге байланысты шағымдар, наразылықтар ұсынылатын алқалардың атаулары өзгертiлдi: «сот алқасы» ендiгі жерде «қылмыстық iстер жөніндегi алқа» деп аталады, яғни тиiсінше «облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың . . . » және «Қазақстан Республикасы Жоарғы сотының . . . » деген тiркестерге жалғасып жазылады; ә) сот органдарының қатарынан «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиумы» алып тасталынды; б) бап бiр бөлiкті үш тармактың орнына екі бөлiкке бөлiнген;
- 398-бап (Үкімге шағымдар, наразылықтар беру тәртiбi) - өзгерiссiз калтырылды;
- 399-бап (Үкiмге шағымдану, наразылық бiлдiру мерзiмдері) - «он күннің ішінде» деген сөздер «он тәулiк iшiнде» деп өзгертiлді;
- 400-бап (Шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзімдi қалпына келтіру тәртібі) - төрағалық етушi ұзақ уақытқа жоқ болып, оны сол соттың басқа судьясына ауыстыруға байланысты өткізiлген уақытты калпына келтiру жөнiндегі өтiнiшті қарау құқығы туралы толықтьру сақталынды (2000 жылдьң 5 мамырындағы заң) ;
- 401-бап (Шағым беру және наразылық білдiру туралы хабардар ету) өзгеріссiз калдырылды;
- 402-бап (Шағым берудiң және наразылық бiлдiрудің салдары) -толықтыру мынаны белгiледi:
а) шағым берiлгендегі және наразылық бiлдірілгенi туралы тараптарды бір тәулiк iшiнде хабардар ету; ә) апелляциялық инстанцияда iстi караудың мерзiмі мен орны туралы процеске катысушыларға хабарлауды сотқа мiндеттеу. Прокурордың наразылығын кері қайтарып алуға байланысты жоғары тұрған прокурордың құқығы туралы 2000 жылдың 5 мамырьндағы заңмен енгiзiлген толықтыру сақталды;
- 403-бап (Бірiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық бiлдіру) - қаулыларға шағымдануға және наразылық бiлдiруге шектеу қоятын 2- бөлiк «осы кодекстiң 10-бабының екіншi бөлігінде көрсетiлген мәселелер» деген сөздермен толықтырылды, сонымен қатар, шағымдануға және наразылық бiлдіруге жататын каулылардың қатарынан таңдауға, өзгертуге немесе алдын алу шараларын жоюға» байланысты қаулылар алып тасталды, көрсетiлген ережелермен 2000 жылдың 5 мамырындағы заң арқылы толықтырылды. Бұл толықтырулар сақталды;
- 404-бап (Iстi апелляциялық және кассациялық сатыларда караудың шектерi) - істi қараудың тексеру (ревизиялық) тәртібін белгілейтiн норма. Қазіргі кезде ол 2000 жылдың 5 мамырында кабылданған Қазақстан Республикасының «Қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы заңы негiзiнде жұмыс iстейдi. Осы арқылы ҚІЖК-нiң 404-бабының екiншi бөлiгiндегі «осы Кодекстің 417-бабының үшiнші тармағында» деген сөздер «осы Кодексте» деген сөздермен ауыстырылды.
Жоғарыда аталған өзгертудi толық түсiну үшiн осы норманың 1997 жылы қабылданған ҚР ҚІЖК-де жазылған мәтiнiне назар аударып көрелiк. 404-бап «Iсті апелляциялық және кассациялық сатыларда караудың шектерi» деген тақырыппен «Апелляциялық және кассациялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешiмдерiне наразылық бiлдiру» деп аталатын 46-тарауға енгiзiлген болатын. Аталмыш бап мынадай мазмұнда жазылған еді:
«1. Апелляциялық немесе кассациялық тәртiпте iстi қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негiзділiгiн, әдiлдiгiн тек үкiмге шағым берiлген немесе наразылық бiлдiрiлген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық бiлдiрiлген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
2. Егер iстi қараған кезде заңсыз үкiмнiң қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің бұзылуы белгiлi болса, сот осы кодекстiң 417 - бабының үшiншi тармағында көзделген ережелердi сақтай отырып үкiмді сондай - ақ шағым берілмеген, наразылық бiлдiрiлмеген бөлігiнде де және шағым бермеген, наразылық бiлдiрмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы».
Ал, ҚIЖК-нiң 417-бабының үшiншi тармағында былай делiнген: «Егер бірiншi сатыдағы сотта іс бойынша қылмыстық iс жүргiзу заңын қандай да бiр өзге елеулi түрде бұзуға жол берiлсе, апелляциялық саты бұл ретте орын алған жолсыздықты жоюға шара қолдана отырып, сот талқылауын жүргiзеді, бұдан соң бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн жоюды және қаралған iстiң нәтижелерiн ескере отырып, жаңа үкiм қабылдайды.
ҚІЖК-нiң 417-бабы «Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істi қарау» деп аталатын 47- тарауға енгiзiлдi.
1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексiн күшiне енгiзу туралы» заңның 5-бабы апелляциялық өндiрiс нормаларын енгiзудің мынадай тәртiбiн белгiледi: «Осы Кодекстiң қылмыстық iстердi соттың апелляциялық тәртiппен карауы туралы ережелерi олардың iске асырылуы үшiн қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бiрақ 2000 жылғы 1 каңтардан кешiктiрiлмей күшіне енгiзiледi. Аталған нормалар күшiне енгiзiлгенге дейін аппелляциялық тәртiппен қарауға жататын істердi кассациялық шағым жасау, наразылық бiлдiру тәртiбiмен тиiстi соттар қарайды».
Жоғарыда аталған 2000 жылдың 5 мамырындағы заң 5-баптағы «2000 жылғы 1 каңтардан» деген сездердi «2003 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздермен ауыстырды. Ал, 2000 жылдың шiлдесiндегi заң 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы заңнан 5-бапты мүлдем алып тастады, яғни ҚІЖК-ден апелляциялық. өндiріс алып тасталды.
Сонымен, қазiргi уақытта ҚІЖК-нiң 404-бабы мынадай редакцияда жұмыс істейдi:
«1. Апелляциялық тәртiпте істі қарайтын сот үкiмнiң заңдылығын, негiздiлiгiн, әділдiгiн тек үкiмге шағым берiлген немесе наразылық бiлдiрілген бөлiгiнде және тек шағым немесе наразылық бiлдiрiлген сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
2. Егер iстi қараган кезде заңсыз үкiмнiң қабылдануына алып келген бөлiгiнде және тек шағым немесе наразылық білдiрiлген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы белгілi болса, сот осы Кодексте көзделген ережелердi сақтай отырып, үкiмдi, сондай-ақ шағым берiлмеген, наразылық бiлдiрiлмеген бөлiгiнде де және шағым бермеген, наразылық бiлдірмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы».
Келтiрiлген нормалардан байқағанымыздай, заң шығарушылар 1997 жылғы ҚIЖК қолданысқа енгiзiлген кезден, яғни 1998 жылдың каңтарынан 2000 жылдың 5 мамырына дейiн кассациялық инстанцияға iсті тексеру жөнiнде және шағым берiлмеген, наразылық бiлдiрiлмеген бөлiгiне hәм шағым берiлмеген, наразылық бiлдірiлмеген адамдарға қатысты шешiм қабылдауға уәкiлеттiк бермеген. ҚIЖК-нiң 402 бабының екiншi тармағын үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейін бiр күннен кешiкпей аталмыш Кодекстiң 401-бабының талаптарын орындауды бірiншi инстанциядағы сотқа мiндеттейтiн нақты нормалармен толықтьрды, сондай-ақ апелляциялық инстанциядағы соттар қарайтын объектiлердiң катарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты үкiмдерiнiң алынуына байланысты ҚIЖК 397-бабының үшіншi бөлiгiн тiзiмнен шығарып тастады.
Сонымен, кассациялық өндiрiсті қозғау тәртiбiн және кассациялық шағым жасауға, наразылық бiлдiруге байланысты тараптар мен сот арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеп келген ҚІЖК-нiң 46-тарауы толығымен апелляциялық инстанцияның іс-әрекетiне қалдырылды (жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтырулардан басқасы) . ҚІЖК-нiң 400, 402, 403, 404-баптарына косылған бұл өзгертулер мен толықтырулар 2000 жылдың 5 мамырында қабылданған заң арқылы енгiзiлген болатын.
47-тарау өзiнiң бұрынғы «Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iсті қарау» деген тақырыбын сақтай отырып, кассациялық инстанциядағы атауларымен 23-баптың 22-iн қабылдады. Мұндағы бiр ғана өзгеріс, «кассациялық инстанция» сөзi «апелляциялық» деп ауыстырылды (Заңның ережелеріне талдау осы заң күшiне енгенге дейін 1998 жылдың қаңтарынан қолданыста болған КIЖК-нің 48-тарауының 424-446- баптарымен салыстыра отырып жасалынды. ҚІЖК-нiң iстi апелляциялық тәртiппен қарау туралы нормалары заңмен қайталанғанда келтiріледі (405-423-баптар және басқалар) . Заң осы тараудың жеке бабында «апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істердi қарау барысындағы соттың құрамын көрсетпестен, оны (бiр бапты) алып тастады, өйткенi, апелляциялық инстанциядағы соттың құрамы туралы ҚІЖК-нiң 58-бабының төртiншi бөлiгiнде және 397-бапта айтылған істi қарау тәртiбi және соттың уәкiлеттiгi туралы баптар iшiнара ауыстырылған. 15-бет
2001 жылдың 11 шiлдесiндегi заң ҚIЖК -де қалдырылған 47-тараудың 22-бабына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiздi:
1. Апелляциялық караудың мәнi (405-бап) . Апелляциялық сатыдағы сот аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән -жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстьқ іс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
2. Iстi қарау мерзiмдері туралы 406 - бап аппеляциялық сатыдағы сотқа, қылмыстық істер жөнiндегi тиiстi сот алқасының төрағасына немесе тиiстi сот төрағасына қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрі ұзарту құқығын беру ережесiмен толықтырылды. Бiздің ойымызша, бұл толықтыру сот өндiрiсiндегi нақты жағдайларға өте үйлесімді сияқты. Себебi, қылмыстық iстердi карау барысында көбiне ондаған, ал қайсыбiр кездері жүздеген томдық тергеу құжаттарын сараптан өткiзуге тура келедi ғой. Мұндай істердi қараудың ең басты қиындығы сол, процеске қатыстырылатын адамдардың саны өте көп болғандықтан, олардың бәрiн бiрдей уақытылы келтiру кейде тiптi мүмкiн болмай жатады.
Сонымен қатар, заңда қарастырылған iсті қарау мерзiмін ұзарту тәртiбi де бiршама қиындатылып жiберген сияқты. Заң шығарушылар мерзiмдi дәлелдi себептер негiзiнде іс өндiрiсiнде жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы арқылы ұзартуды ұсынады Ал, мерзiмдi әрмен қарай қылмыстық істер жөнiндегi алқа төрағасының немесе тиiстi сот төрағасының қаулысы бойынша ұзартқанды жөн көредi. Біздiңше, iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн ұзартуды тиiстi сот алқасының төрағасына тапсырған дұрыс болар еді. Өйткенi, оған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы конституциялық заңы бойынша алқа судьяларының арасында істі қарауды ұйымдастыру және алқа мәжілістерінде төрағалық ету мiндетi жүктелген (15, 21-баптар) . Яғни, iстi қарау мерзiмiн ұзарту мәселесін, ең алдымен сол істі зерттеген адам алқа төрағасының алдына кояды да, кейiнгiсi мән-жайды сараптай отырып, iстiң қарау мерзiмiн ауыстыру жөнінде тиiстi шешiм қабылдайды. Ал, заң шығарушылар ұсынғандай, үшінші судьяны іске араластыру, алқа төрағасының қабылдаған шешiмi бойынша сот мәжiлiсін өткiзу, бiздiңше, тек соттың жұмысын қиындатып жiбермек. Оның үстiне, мерзiмдi әрмен қарай ұзартуды қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы немесе тиiстi сот төрағасы жүзеге асырады ғой.
3. 407-бап. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұнына байланысты қойылатын бұған дейiнгi алты талапқа және екеуi қосылды.
Олар:
- үкiмге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету (4-тармақ) ;
- арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттелмеген дәлелдемелерді ұсыну (6-тармақ) .
Сондай-ақ апелляциялық шағымданушы және наразылық бiлдірушi субъектiлерге шағым және наразылық келтiрiлген күнді көрсету жөнiнде қос ымша мiндет жүктелді (8-тармақ) .
ҚIЖК -нiң 427-бабында шағымдану, наразылық бiлдіру объектiсi ретiнде айтылған «өзге де шешiм» деген уғым, сот шешiм қабылдаған кезде қолданылатын «қаулы» деген процессуалдық ұғыммен ауыстырылды.
Заң шығарушылар қарастырылып отырған нормалардың қатарына: «Егер берiлген шағым немесе наразылық . . . кассациялық қараудың мәнiне қатысты мән-жайларды камтымаса . . . » деген берiлген шағымды, наразылықты бағалауға қатысты ереженi енгiзуден негiздi түрде бас тартты.
Егер қайта жасалғаннан кейiн апелляциялық шағым, наразылық аталған мерзiм iшінде сотқа табыс етілмесе, олар берiлмеген болып есептеледi» деген толықтыру шағым, наразылық айтушыларды про цессуалдық мерзімді сақтауға міндеттейдi, ал сотқа шағым, наразылық түспеген жағдайдағы заңмен белгiлеген міндеттерін жүзеге асыру құқығын бередi.
4. 408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгiлеу. Заң шығарушылар iстi қараудың уақыты мен орнын «жоғары тұрған сотпен келісе отырып» белгiлеудi бiрiншi сатыдағы сотқа жүктедi. Сондай-ақ iстiң қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарга хабарлау үкім (қаулы) шығарған сотқа міндеттелдi.
428-баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген «өзінің шағымын немесе сотталушының пайдасына шығарылмаған прокурордың наразылығын қарау кезiнде қатысуға өзiнiң тілегін бiлдірген сотталушы кассациялық сатыдағы сот отырысына жеткізілуге тиiс» деген катаң ереже апелляциялық инстанциядағы сот үшiн мынадай жалпы ережемен өзгертiлді: «Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайыньң нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның апелляциялық сатыға қатысу туралы өтiнiшi қанағаттандырылуға тиiс».
Бұл өзгерту ҚІЖК-нiң 69-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген сотталушының келтірiлген шағымдар мен наразылықтарға байланысты сот қарауына қатысу құқығы туралы ережеге сәйкес келедi. Сотталушының қатысу негізiне оның өтiнiшi алынады. Сотталушыны оның жағдайын нашарлату жөнiнде мәселе көтерген прокурордың наразылығымен, яки жәбірленушінің шағымымен таныстыру, сондай-ақ оған апелляциялық инстанциядағы сотқа қатысу құқығын түсіндіру және соттың қай жерде, қай уақытта өтетінiн ескерту процестi бастауға ерiк бередi. Қамауда отырмаған сотталушыны жеткiзу апелляциялық инстанциядағы соттың мiндетiне жатпайды. 2000 жылдың 5 мамырында кабылданған заң ҚIЖК-нiң 428-бабының үшiншi бөлiгiн «Прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына катысуы мiндеттi» деген ережемен толықтырды. Бұл ереже ҚIЖК-нiң 408-бабында сақталынды.
ҚIЖК-нiң 428-бабының бірiншi бөлігiндегі іс кассациялық шағыммен немесе наразылықпен келiп түскен кезде қарау күнiн белгiлеп, оны судьяларға бөлiп беруді сот төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша сот алқасының төрағасына мiндеттейтiн ереже дәлелдi түрде ҚІЖК-нің 408-бабына енгiзiлмедi.
5. Апелляциялық сатыда iстi қарау тәртiбі (409-бап) iс жүргiзудiң кейбiр жарыспалылық элементтерiне және апелляциялық инстанциядағы сотқа қатысты ережелермен толықтырылды. Апелляциялық наразылықтың себептері мен дәлелдерін баяндап беру, айыптау өкiлi ретiнде прокурорға мiндеттелдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz