Қылмыс жасаған адамдарды ұстаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы


1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1. 1 Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
Қылмыс жасаған адамды ұстау шаралары шегінен аспай ұстау-заңда келтірілген белгілер мен негіздерден көрініс таппақ.
Ең алдымен қылмыс жасаған адамды заң талаптарына сай ұстаудың белгілеріне келетін болсақ, ол қылмыс құрамының төрт элементі болып табылатын қылмыстың объектісі, субъектісі, объективтік жағы мен субъективтік жағы төңірегінде анықталады.
Заң талаптарына сай қылмыс жасаған адамды ұстаудың субъектісі ретіне қылмыстық заңда кез келген адамды келтіреді.
Г. В. Бушуев былай дейді: «Қылмыскерлерді ұстауға барлық адамдардың құқықтары бірдей, бірақ арнайы өкілеттігі бар адамдарға қойылатын талап ерекше». Бұл жерде Бушуевтің айтайын дегені, арнайы өкілеттігі бар орган қызметкерлеріне заң бойынша арнайы міндеттер жүктеледі. Кей авторлар қылмыскерді ұстау субъектісі ретінде тек қана ұстауға арнайы өкілеттігі бар кұқық қорғау органы қызметкерлерін келтіреді [55, 88-89] . Бұл мәселе туралы И. С. Тишкевичтің көзқарасына тоқталатын болсақ, ол құқық пен міндетті ажыратпайтын тәрізді. Оның пікірінше, қылмыскерді ұстауға барлық адам құқылы, соның ішінде жай азаматтар да, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де [67, 93] . Бұл қате тұжырым тәрізді, өйткені, И. С. Тишкевич құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыскерді ұстау міндетін ұстау құқығымен теңестіреді. Ол өз зерттеуінде қылмыскерді ұстау мазмұнын кең қарап, ұсталушы адам ретінде тек қана қылмыскер танылады деп батыл қорытынды береді. Ал біз өзіміз қылмыстық заң теориясынан білетініміздей, іс-әрекетінде қылмыс құрамы болған адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын білеміз. [67, 115-116] И. С. Тишкевичтің пікіріне ұқсас пікірді Ю. В. Баулинде «Қылмыстық құқықтық ұстауға тек қана қылмыскер тартылады, қылмыскер ретінде іс-әрекетке дайындалған, оқталған адамда жатады» дей отырып келтіреді [5, 52] .
Қылмыстық-құқықтық ұстау институтының субъектісіне дұрыс мазмұн беріп, оның табиғатын толық ашуға Ю. А. Демидов, П. А. Феоделова, Л. В. Франк секілді ғалымдар үлес қосты. Олардың пайымдаулары бойынша, қылмыс жасаған адамнан қандай да бір қауіп төнгенде азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы адамды қылмыстық-құқықтық ұстауға кұқықтары мен міндеттері пайда болады.
Қылмыскерді ұстау негіздеріне ҚР ҚІЖК-нің 132-бабы бойынша мыналар жатады:
1. Қылмыс жасады деп сезік келтірілғен адамды ұстау-оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы,
65
2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі
болған жағдайда:
- ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейінұсталғанда;
- көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушыретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстің 133-бабындакөзделген тәртіппен ұсталса. Яғни ол тәртіпке мыналар жатады: 1. Жәбірленушінің, сондай-ақ кез келген өзгеде азаматтардың жаңа қолсұғушылықтың жасалу мүмкіндігінің жолын кесу мақсатында қылмысжасаған адамды ұстауға қүқығы бар. 2. Осы баптың бірінші бөлігіндекөзделген жағдайларда ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кездеҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 33-бабында көзделгеншекте дене күші мен басқада құралдар қолданыла алады. Егер ұсталғанадамға қару немесе өзге де қауіпті заттар немесе қылмыстық іс үшін мәнібар заттар бар деп ұйғаруға негіз болса, оны ұстаған азамат ұсталушыныңкиімін тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге демемлекеттік өкімет органдарына беру үшін ондағы заттарды алуға құқылы.
- ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе түратын үйіндеқылмыстың ізі табылған кезде;
- жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында оладамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауырқылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айырутүрінде жаза қолдануы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдіккелтірілген адамдарды ұстауға құқылы.
3. Адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін өзге де
деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның
тұрақты тұратын жері болмаған немесе сезіктінің жеке басы анықталмаған
жағдайларда ұсталады [80] .Сонымен, қылмыстық-құқықтық ұстау субъектісіне былай қорытынды беруге болады. Қылмыстық-құқықтық ұстау субъектілері ұстаушы және ұсталушы тараптарға бөлінеді. Ұстаушы таран ретінде кез-келген адам танылады. Яғни арнайы өкілетгілігі бар құқық қорғау органдары қызметкерінен бастап, кез келген азаматқа дейін қылмыстық-құқықтық ұстау институтының субъектісі бола алады.
Ал ұсталушы тарап ретінде, қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларында орын алған негіздерге сәйкес ұсталуға жататын адамдар алынады. Яғни, бұл адамдардың іс-әрекетінде міндетті түрде қоғамға қауіптілікпен кінә болуы тиіс және олар ұстауға жататын адамдар болуы керек, сол сияқты қылмыскерді ұстау шараларын жүзеге асыруда қарсылық көрсеткен адамдар жатады. Криминология ғылымына сәйкес, қылмыстың алдын-алуға байланысты субъектілер ретінде бүкіл қоғам, азаматтық қоғамның барлық институттары мен мемлекет танылады. [81, 350] .
Заң ережелеріне сай қылмыскерді ұстаудың объективтік белгілері ретінде қылмыскерді ұстаушы адамның қылмысты болдырмау үшін
66
қылмыскерге қатысты оның бостандығын қандай да бір белсенді әрекеттер арқылы шектеуі танылады.
Көптеген әдебиеттерде қылмыскерді ұстау-белсенді әрекет арқылы жасалады деп анықталған. Заң нормаларына сүйенсекте қылмыс жасаған адамды ұстау, тек белсенді әрекет арқылы жүзеге асырылады. Мысалы қылмыскер аса қауіпті болса, оның қолын байлап, арнайы мемлекеттік органға жеткізу[82, 18-20] .
Қылмыс жасаған адамды ұстаушы ұстағаннан кейін бірден арнайы органға хабарлауы тиіс. И. С. Тишкевич айтқандай, «Қылмыскерді ұстаушы адам куәгер болса да, жәбірленуші болса да қылмыскерді дереу құқық қорғау органдарына жеткізуі керек», [67, 128] .
Қылмыс жасаған адамды ұстау- объективтік белгілеріне орай құқықтық әрекет болып табылады. Сондықтан да қылмыскерді ұстаудың объективтік белгілері дегеніміз, қылмыскерге күштеп немесе психикалық әсер ету, не алдау арқылы оның бостандығын қысқа мерзімге шектеу болып табылады.
Қылмыскерді заң ережелеріне сай ұстаудың субъективтік белгілеріне қылмыскерді ұстаушының ниеті, мақсаты жатады.
Практикалық материалдарға сүйенсек, қылмыскерді ұстаушылардың негізгі мақсаттарының қатарына-қылмыскерді тиісті құқық қорғау органына жеткізіп, оның өзге қылмыс жасауына жол бермеу жатады.
Қылмыс жасаған адамды ұстау аса қажетті жағдайларда жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыс жасаған адамды дереу ұстау-қылмыстық іс жүргізу заңында кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерінің бірі ретінде келтірілген. Мұндай іс- әрекеттер келесі жағдайлар орын алғанда қолданылады: 1) қылмыс жасаған адамды ұстап, қоғамнан оқшаулау алдын-ала тергеудің дұрыс жүргізілуіне қажет болғанда немесе қылмыс жасаған адам тергеу әрекеттеріне бөгет жасайды, сондай-ақ қылмыстық әрекеттермен айналысуы мүмкін деген күмән болғанда; 2) бұлтартпау шарасын дереу қолдануға мүмкіндік болмағанда, яғни объективтік қолайсыз жағдайлар орын алып, (түнгі уақыт, стихиялық жағдай) немесе қамауға алуға толық негіздер жоқ болғанда жоғарыдағы әрекеттер жүзеге асырылады [79, 79] . Қылмыс жасаған немесе жасалған қылмыс бойынша сезік туындаған адамдарды қылмыстық іс жүргізу заңы негізінде ұстау әрекеттерін орындау, қылмыскерді ұстау туралы қылмыстық-құқықтық реттелуге барлық жағдайларда толық сәйкес келе бермейді. Өйткені қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыскерді ұстауды процессуалдық әрекет ретінде таниды және адамға зиян келтіре отырып ұстау шараларына барлык кездерде сәйкес келе бермейді. Зиян келтірудің заңды және заңсыздық мәселесі құқық қорғау оргғандары қызметкерлері үшін заңға сай актілермен: қаулылармен, бүйрықтармен, нүсқаулармен жарлықтармен, ал жекелеген адамдар үшін қылмыстың жасалу уақиғасымен және оған заң жүзінде мұрсат беруімен анықталады.
Яғни қылмыстық іс жүргізу заңындағы қылмыскерді ұстау туралы бұл негіздер, адамға зиян келтіру және зиян келтірмей-ақ ұстауды да қамтиды.
67
Енді тақырыбымыздың негізгі мәселесі болып табылатын қылмыс жасаған адамды заң нормаларына сай ұстау негіздеріне тоқталғанды жөн көріп отырмыз.
Қылмыстық іс жүргізушілік ұстаудың негіздері болып мыналар табылады: 1) адам қылмыс жасау кезінде немесе қылмыс жасағаннан кейін; 2) қылмысты көрген адамдар, соның ішінде жәбірленуші қылмыс жасаған адамды тура көрсеткенде; 3) сезікті адамның үстіне немесе оның киімінде, не оның тұрғын үй-жайында қылмыс белгілері табылса; 4) қылмыс жасады деген күмән пайда болған өзге жағдайларда орын алады.
Енді ұстау негіздерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқтала өтейік.
Адамды қылмыс жасау кезінде немесе қылмыс жасағаннан кейін ұстау
Анықтаушы, тергеуші, прокурор және өзге де арнайы міндеті бар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сезікті адамды тікелей қылмыс үстінде, оқиға болған жерде ұстауы сирек кездеседі. Сондықтан да осы қарастырылып отырған негіз көбінесе жеке адамдарға арналады,
Заң ұстау әрекеттерін орындауға қылмыс жасалғаннан кейін де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Егер де қудаланушы адам жасырынып, қашып кетсе ұтсау әрекеттері өзге негіздер бойынша жүргізіледі. Көптеген әдебиеттерде ұстауды бірден қылмыс жасағаннан кейін ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтың талап мерзімі шегінде де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. [67, 60],
Қылмыс жасаған адамды қылмыс жасалғаннан кейін ұстау мынандай жағдайлада орын алады. Егер адам қылмыскерді көп уақыт өткеннен кейін таныса, онда дереу өзі ұстауға немесе тиісті құқық қорғау органына хабарлауға болады. Қылмыстық жауаптылықтың талап мерзімі шегінде құқық қорғау органынан жасырынып жүрген айыпталушыны ұстауда ең алдымен ол адамға ұстау әрекеттері орындалып, кейін бұлтартпау шарасы қолданылады.
Қылмысты көрген адамдар, соның ішінде жәбірленішулер, қылмыскер ретінде адамды тура көрсету негізінде ұстау.
Бұл жерде заң нормаларындағыдай, "қылмысты көрген адамдар" мен "жәбірленушілер" деп көпше түрде айтылады. Бірақ, практикада жиі кездесетін жағдайдың бірі, ол бір ғана жәбірленушінің қылмыскерді білуі. Осының өзі де қылмыс жасаған адамды ұстауға негіз болып табылады. Бұл ұстау кезеңінде жәбірленушілер ресми түрде жәбірленуші ретінде танылмағандықтан, біз оларды "қылмыстан зардап шеккен адам" деп танығанымыз жөн сияқты.
Қылмыстың оқиғасын көрген адамдар қылмыскерді тура көрсетуі керек. Олардың қылмыс жасаған адамға қатысты болжам арыздары адамды ұстауға негіз болып табылмайды.
Ұсталушы адамда немесе оның киімінде, өзінде, не оның үйінде қылмыстың анық ізі табылу негізінде ұстау.
Бұл жерде сөз тек қана "іздер" туралы ғана емес, сонымен қатар қылмыскерді әшкерелейтін заттай дәлелдемелер (қару, ұрланған тоналған бағалы заттар) туралы айтылып отыр. Іздер нақты, ашық көзге көрінбейтіндей болуы керек, олар арнайы сараптама жүргізуді қажет етпейтіндей болуы керек.
Егер де тінту, алу, куәландыру ұстауға байланысты емес, қозғалған қылмыстық істі тергеу процесіне сәйкес жүргізілсе, онда қылмыс іздері және өзге де заттай дәлелдемелер адамды ұстау туралы қаулы шығаруға негіз болады.
Жедел іздестіру қызметінің материалдарында ол адам жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде, бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік болғанда адамды ұстауға негіз болады.
Сонымен қатар, адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін деректер болғанда: 1) ол адам жасырынуға әрекет жасағанда; 2) оның түрақты түратын жері болмағанда; 3) сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
"Ұстаудың өзге де жағдайларына" адамның өз кінәсін мойындап келуі, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану, сараптама нәтижелері мен жедел-іздестірудің өзге де мәліметтері жатады. [86, 89]
Өз кінәсін мойындап келуді адамды ұстаудың ерекше негізі ретінде бөлек қарастырған дұрыс. Қызметтік-іздестіру иттерін қолданудың нәтижелерін де негіз ретінде бөліп қарастыруға болады. Қызмет иттерін қолданудың нәтижелері, соның ішінде итті қолдану туралы хаттама күдік туындаған адамды анықтау органына жеткізуге негіз бола алады.
Жедел іздестіру сипатындағы өзге де мәліметтерге келетін болсақ, егер мұндай мәліметтерді жариялап, оның іс жүргізушілік тексеруіне жол берілмесе қылмыс жасаған адамды ұстау негізгі ретінде қарастыру мүмкін емес. Сонымен бірге ұстау негіздері қылмыстық іс құжаттарында бекітіліп, ол прокурорға, қорғаушыға, сотқа түсінікті болуы тиіс. Азамат өзінің қандай негіздерге байланысты ұсталғанын білуі керек. Ұсталған адам өзінің ұсталу негіздерін тек қана сілтемелерден (құқық қорғау қызметкерлері ұсталған адамға ештеңе айтпай-ақ өзінің түсінуі) біліп қана қоймай, ұсталу негіздерінің мазмұнын толық білуді талап етуге құқылы.
Ұстау негізіне қатысты мынандай да көзқарастар кездеседі: "Ұстауға негіз болып, қандай да бір сезіктіге қатысты қоғамның қатынасы оны ұстауға негіз ретінде қаралады". [87, 340]
Тергеу және прокуратура органдары халықтың ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты негіздерімен ұстау әрекеттерін жүзеге асыруда. Кейін қоғамның осы пікірі негізсіз ұсталынған адамдарды босатуға кедергілер келтіреді.
"Қоғамдық пікір" ұстау мен қамауға алудың негізгі бола алмайды. Ал заңмен көзделген негіздердің жоқтығына байланысты сезіктінің қауіпсіздігі мәселесін құқық қорғау органдары камтамасыз етуі тиіс.
70
Практикада көп кездесетін жағдайдың бірі, ұстау хаттамаларында «адам өлтіргші үшін ұсталады», «ұрлық жасағаны үшін сезіктенеді» деген сияқты ұстаудың негізі мен ниетін көрсетпеу болып табылады. Азаматтардың қандай негізде ұсталғанын білуі «ешкімнің негізсіз қамауға, ұстауға және қуғынға ұшырауға жатпайтыны» туралы құқықтык қағидадан туындайды. [88, 9] .
Енді адамды ұстауға қатысты бірнеше ғалымдардың ой-пікірлерін салыстырғанды жөн көріп отырмыз.
Ғалымдар ұстаудың түрі ретінде бірнеше негізді көрсетеді. Мысалы, И. Т. Фролов өз еңбектерінде «ұстаудың бірден-бір негізі ретінде адамның қылмыс жасауын келтіреді. Бірақ қылмыстық заңда ұстаудың осы негізінің ғана болуы қылмыскерді ұстауға көп үлесін қоса брмейді. Тағы бір ұстаудың негізі болып қылмыскердің өз қылмысын мойындап келуі бола алады»-дейді . [89, 448] .
Ал Г. В. Бугищев. мен М. Н. Якубович сияқты криминалистер қылмыстық-құқықтық ұстаудың екі негізін ашып көрсетеді.
- егер ол адам қылмыс жасаса және ол қылмыстық жауаптылықтанқашып кетеді деген қауіп орын алса;
- еғер адам аса ауыр қылмыс жасаса. [90, 228-229]
Б. А. Куринов қылмыс жасаған адамды ұстаудың негізі ретінде оның ұстау кезінде қарсылық білдірді, Қашқақтау әрекетін келтіреді [47, 210] В. И. Ткаченко ұстаудың келесі негіздерін белгілейді.
- ұсталушы адам қандай да бір қылмыс жасаса;
- қылмыскердің тиісті органға бару кезінде қарсылықтары орыналса. [91, 143]
Осы айтылған пікірлердің барлығын біріктіретін бір жайт, ол қылмыскерді ұстаудың заң талаптары негізінде орындалуы болып табылады. Ұстау әрекеттері заң талаптарына сай орындалмаса, онда заңсыз ұстау ретінде сараланады.
1. 2 Қылмыс жасаған адамдарды ұстау тәртібі
Қылмыс жасаған адамға зардап келтіре отырып ұстаудың тағы да бір заңды жағдайы ретінде ұстау уақыты танылады. Бұл жерде де қажетті қорғанудағыдай кылмыскерге зардап келтірудің бастапқы жөне соңғы уақыттарын анықтау қажет болады. Мысалы И. И. Слуцкий «қажетті қорғану мен қылмыс жасаған адамды ұстау әрекеттерінің арасындағы айырмашылық, ол қылмыскерге зардап келтіру қылмыс жасалғаннан кейін мүмкін болады», -дейді [92, 60-61] . Ал А. В. Наумов, В. Ф. Кириченко, Н. Н. Паше-Озерский қылмыскерді ұстау және оған зардап келтіру қүқығын қылмысқа даярлану уақытының басталуымен- ақ анықтайды [76, 343], [93, 69], [94, 82-83] . Біздің ойымызша бұл мәселені бір келкі шешуге болмайтын тәрізді, себебі адамның әрекеттерін кейбір жағдайларда қажетті қорғану, ал кейбір жағдайларда қылмыскерді ұстау ережелері бойынша қарастыру керек болады. М. С. Гринберг айтқандай, «іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар өз ерекшелігіне қарай, әлеуметтік-
71
саяси және құқықтық ерекшелігі бойынша өз-ара шектесіп ажыратылады» [95, 125] . Мұны былай түсінуге болады. Қылмыскерге қарсы әрекеттер жасау кезінде адам бір қылмыстық-құқықтық жағдайдан екінші жағдайға ауысып жатуы мүмкін. Мысалы адам шабуыл әрекетке тап болып қажетті қорғану жағдайындағы әрекеттерді орындаумен ғана шектелмеи, артынан зардап келтіре отырып қылмыскерді ұстау әрекеттеріне көшуі мүмкін Немесе керісінше, қылмыскер ұсталудан жалтару мақсатында ұстамақшы болған адамның өзіне шабуыл жасағанда, адамда қажетті қорғану жағдайы орын алады. Сондықтан қылмыс жасаған адамға зиян келтіре отырып ұстау құқығы, қылмыс жасауға дайындық уақытынан басталып, қылмыс жасау кезінде және қылмыс аяқталғаннан кейін де бола алады деп ойлаймыз. Ю. В. Баулиннің зерттеуінше қылмыс жасаған адамға зиян келтіре отырып ұстау 89, 7% жағдайда қылмыс жасау кезінде немесе қылмыс жасалғаннан кейін болған. Сондай-ақ ол өз еңбегінде қылмыс жасалып кеткеннен кейін ұстау әрекеттерін орындау мүмкіндігі туралы мынандаи мысал келтіреді. Қылмыскер С. азаматша Б-ны тонап және зорлап кетеді. Жәбірленуші бұл қылмыс туралы жергілікті милицияға хабардайды, бірақ іздестіру әрекеттерінен оң нәтиже шыға қоймайды. Бір ай өткеннен кейін сол жылы Б күйеуімен көшеде кетіп бара жатып, өзін зорлаған адамды танып қалады және күйеуіне айтады. Б-ның күйеуі қылмыскердің қашқанына және қарсылық көрсеткеніне қарамай ұстап, оны милицияға тапсырады.
... жалғасыБұл мысалдағы бірнеше айлар өткеннен кейін қылмыс жасаған адамды ұстаудың болуы және оны ұстау кезінде зиян келтіру, қылмыскерді ұстау уақытының соңғы кезеңін анықтаудың маңызды мәселе екендігін білдіреді. Әдебиеттерде бұл мәселені әдетте қылмыстық жауаптылыққа тартудың талап мерзімімен немесе қылмыскер сотталып, бірақ белгілі бір себептермен жазаны өтеуден жалтарған жағдайларда айыптау үкімінің орындалуының талап мерзімдерімен байланыстырады. Қылмыс жасаған адамға ұстау мақсатында зиян келтіру, қылмыстық құқықтық қатынас сақталған кезеңде құқыққа сай деп бағаланады, яғни қылмыстық жауаптылықтың немесе үкімнің талап мерзімдері кезінде азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға немесе оған зиян келтіруге құқығы бар деп есептеледі [5, 90] . Ал И. С. Тишкевич және Г. В. Бушиев қылмыс жасаған адамдарды ұстауға және оларға зиян келтіруге мүмкіндік беретін уақыт аралықтары рақымшылық немесе кешірім жасау, қажетті кылмыстық істерде жәбірленушінің арызы болмауы және РСФСР ҚІЖК 5-бабында көзделғен қылмыстық істі жүргізуге кедергі жасайтын басқа да жағдайлардың болуымен анықталады, - деп есептейді [67-64-65], [55-38-39] . Бұл бағыт туралы Ю, В. Баулин, қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша құқыққа сай әрекеттерді орындау уақытын қылмыстық құқықтық қатынастың сақталу кезеңімен байланыстыру негізсіз болар деп сын келтіреді. Ю. В, Баулиннің пікірінше, «қылмыскерді ұстау туралы қоғамдық пайдалы әрекеттерді жасауға байланысты мемлекетпен азаматтардың арасындағы құқықтық қатынас, қылмыстың жасалуына байланысты
72
қылмыскер мен мемлекет арасындағы қатынастан мүлдем өзгеше сипатқа ие болып табылады» [5, 92] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz