«Қылмысқа қатысушылық нысандары»


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Тарау - І. Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі және оның

белгілері.

І - 1. Қылмысқа қатысудың түрлері мен нысандары . . . 6

І - 2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері . . . 15

Тарау - ІІ. Қылмысқа қатысушылық нысандарын талдау.

ІІ - 1. Адамдар тобының қылмыс жасауы . . . 22

ІІ - 2. Қылмысқа қатысушылық барысында рольдер бөлісу . . . 30

ІІ - 3. Ұйымдасқан топ қылмысқа қатысушылықтың

нысаны ретінде . . . 44

ІІІ - 4. Қылмыстық қауымдастық . . . 52

Қорытынды . . . 68

Сілтемелер . . . 73

Пайдаланған әдебиеттер . . . 78

Кіріспе

Қазақстан Республкасының қылмыстық заңнамасының қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге сай және тек ғана қылмыстық заңнама емес тұтастай құқықтық жүйенің қайтадан жасақталуы табиғи қажеттілік болып табылады.

Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодексі Қазақстанның Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған прициптері мен нормаларына негізделген. Өзінің ең басты міндеті адам, мемлекет, қоғам мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылатын қылмыстық заңнама да қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерден тыс қала алмайды. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретіндегі құқықтық жүйесін қайта құру заң тану ғылымының алдында тұрған зор міндет болып табылады.

Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы «Қылмысқа қатысушылық нысандары» - деп аталады. Қылмысқа қатысушылық мәселесі біздің ойымызша зерттелуге тиісті күрделі құрлысымен және күрделі міндеттерімен ерекшеленеді. Себебі тақырыптың аты айтып тұрғандай адамдардың топтанып қылмысқа баруының себебі неде, аталған мәселені зерттеп талдау барысында оның әлеметтік - психологиялық ерекшеліктерінің қандай ықпалы бар, жалпы аталған мәселе елеміздің қылмыстық заңнамасында қандай негіздемелерге сүйенеді? Аталған сұрақтардың қылмыстық құқық ғылымын бүгінгі таңда толғандыруы біздің ойымызша тақырыптың қазіргі уақытта өзектілігін көрсетсе керек. Тақырыпты дипломдық жұмысымыз ретінде таңдап алуымыздың бір себебі де осында.

Қылмысқа қатысушылық және оның қоғам үшін аса қауіпті болып табылатын түрі ұйымдасқан қылмысты қазіргі қоғамдағы аса келеңсіз құбылыс ретінде зерттеу, оның негізгі себептерін ашу, онымен күрестің барынша тиімді жолдарын белгілеу бағытарында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары аз емес. Қылмысқа қатысушылық мәселесінің қылмыстық құқық ғылымындағы зерттелу деңгейіне келетін болсақ аталған тақырыпқа кеңес заманында Р. Галиакбаров, П. Тельнов, Ф. Бурчак, У. Лыхмус және т. б. ғалымдар зерттеулер жүргізіп аталған мәселенің теориялық жақтарын біршама толық ашқан. Ол зерттеулердің басым көпшілігі қылмысқа қатысушылық нысандарының тұрақтылық, келісімділік беріктік дәрежесіне қарай негізделуіне байланысты құрылған. Қазіргі қоғамды алаңдатып отырған сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстың, қылмыстық топтардың ішкі ұйымдастырылуының жоғарғы деңгейі тіпті ондай қылмыстық құрылымдарда мемлекеттік лауазымды тұлғалардың жиі көрініс беруінің өзі аталған құбылысты зерттеуді жаңаша бағытта жүргізуді талап етеді.

Сот практикасында кездесетін жекелеген істердің ҚК-тің 31 бабында бекітілген нысандарға сай келмей жатуы аталған мәселені теориялық жағынан әліде болса тиянақтауды талап ететіндігін білдіреді.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін біз өзіміздің дипломдық жұмысымызды тиісті бөлімдерден тұратын екі тарауға бөлуді дұрыс деп таптық. «Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі және оның белгілері»-деп аталатын бірінші тарауында біз қылмысқа қатысушылық институтының ұғымын, заңда бекітілген қатысушылықтың нысандарын, қатысушылардың түрлерін және осы мәселеге байланысты ғылыми ой-пікірдегі негізгі тұжырымдамаларды талдауға арнадық. Осы аталған зерттеу жұмысымызда біз арнайы монографиялық еңбектерді көптеп тартуға тырыстық. Сонымен қатар жұмыстың жекелеген бөлімдерінде қылмыстық құқық бойынша бұрынырақта және қазіргі жазылған оқулықтар кеңнен пайдаланылды олардың толық тізбесін біз дипломдық жұмыстың соңында көрсеттік. «Қылмысқа қатысушылық нысандарын талдау» атты жұмысымыздың екінші тарауы тақырыпты негізінен зерттеуге арналған. Қылмысқа қатысушылықтың жекелеген нысандарына түсінік беріліп олардың объективтік және субъективтік белгілеріне шолу, зерттеу жүргіздік.

Сонымен бірге осы мәселенің әле жете зерттелмеген тұсы қылмысқа қатысу нысанының түсігі қарастырылып анықтама берілді. Жұмыстың барынша толықтылығы мен сапалылығы үшін қылмысқа қатысушылықтың заңда бекілген нысандарымен тікелей байланысты болып табылатын кейбір дау туғызатын мәселер атап айтқанда, қылмысқа қатысушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесіне ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған қылмысқа қатысушылық институтының Ерекше бөлімге таралауы, заң қолдану қызметі барысында пайдаланылуы мәселелеріне тереңірек тоқталдық. Сонымен қатар дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарды ескере отырып қортынды бөлім және пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыстың құрылымына енгізілді.

Тарау - І. Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі және оның белгілері.

І - 1. Қылмысқа қатысудың түрлері мен нысандары

Қылмыс қоғамға қауіпті құбылыс ретінде бір немесе бірнеше тұлғаның күш біріктіруі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кей кездерде бірнеше тұлғаның қылмыс жасауы барысында олардың арасында қылмыс құрамының объективтік жағының шеңберінен шығатын өзара рольдер бөлісу орын алады. Осындай жағдайдың барысында бұл тұлғалардың жауаптылығының айқындалған, заңнамалық түрде бекітілген шарттары талап етіледі. Аталған шарттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 27, 28, 29, баптарында бекітіліп тұжырымдалған.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бектілген кейбір қылмыс түрлерінің заңи конструкциясының өзі ол қылмыстарды қатысушылықпен жасалатын немесе топтық қылмыстар ретінде қарастырады. Сонымен қатар кейбір қылмыстар тек топтанып жасау арқылы ғана жүзеге асырылады (мысалы, жаппай тәртіпсіздіктер ҚК 241-бабы, бандитизм - ҚК-тің 237 бабы) . Сонымен қатар қылмыстық заңнамада топтанып жасауды ауырлатушы мән-жәй ретінде қарастыратын қылмыс құрамдары бекітілген. Мысалы, меншікке қарсы пайдакүнемдікпен жасалатын қылмыстардың басым көпшілігінің құрамында адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; ұйымдасқан топ болып аталған қылымыстарды жасау сараланған құрамдар болып табылатындығын атап айтуға болады.

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда адамдардың топтанып қылмыс жасауының қоғамдық қауіптілігі жоғары болады. Қылмыстық іс-әрекетке бірнеше тұлғаның тартылуы, олардың күш біріктіре отырып қылмыс жасауы олардың қылмыстық мақсатарына қол жеткізудегі міндеттерін шешуді оңайлатады. Қатысушылықпен жасалатын қылмыстарды аяғына дейін жеткізу оңайлайды, оның ізін жасыру қиындық туғызбайды және топтанып жасалатын қылмыстардын объектіге келетін залалдың көлемі де үлкен болады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе оданда көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады»- деп бекітілген.

Осы анықтамадан біз қылмыстық құқықтың арнайы институты ретіндегі қылмысқа қатысушылықтың сипаттық екі сәтін аңғара аламыз: а) қатысушылықтың сандық белгісі, б) оның сапалық белгісі.

Егер қылмысқа екі немесе оданда көп тұлға қатысқан жағдайда ғана қатысушылықтың мүмкін болуы оның сандық көрсеткіші болып табылады.

Қатысушылық үшін біріктірілген және қасақаналық әрекеттің талап етілуін біз оның сапалық белгісі ретінде қарастырамыз. Егер бірнеше тұлға бір-бірімен байланыссыз, бір-біріне тәуелсіз түрде қылмыстық әрекетті бір мезгілде жүзеге асыратын болса онда ол қылмысқа қатысушылық болып танылмауы тиіс. Мысалы, А., дүкен есігінің ашық тұрғанын және сатушының басқа бөлмеден тауар әкелуге кеткенін байқап сөреде тұрған азық-түліктерді ұрлай бастады., сол кезде оны байқаған Б. ол да сөреден азық-түліктерді алып кеткен. Аталған жағдайда біріктірілген әрекет жоқ ендеше қылмысқа қатысушылық та болмайды.

«Барлық қатысушылар үшін ортақ болып табылатын бір қылмысты жүзеге асыруға бағытталған бірнеше тұлғаның әрекеті бірігушілікті білдіреді». /1/ Бұл қызметтің ортақтығы бірегей қылмыстық нәтижеге қол жеткізуі үшін қатысушылардың күш біріктіруінен көрініс табады. Қылмыстық қызметтің біріктірілуі оның қатысушыларының арасындағы белгілі бір келісушілікті қарастырады.

Қатысушылардың біреуімен ендігі басталған қылмыстық іс-әрекетке өзгесінің келіп кейінен қосылуы да қатысушылық болып табылады, бірақ бұл жағдайда да қатысушылық үшін қатысушылардың әрқайсысының әрекеті туралы олардың өзара хабардар болуы сипатты болып табылады. «Қылмыстық іс-әрекет туралы өзара хабардар және қылмысты тікелей орындаушымен бірдей пиғылды, ортақ мақсаты бар тұлғалар ғана қатысушылық үшін жауаптылыққа тартылады». /2/

Қылмыстық заңнама қатысушылық үшін жауаптылықтың ерекше негіздемесін қарастырмайды. Қатысушылардың жауаптылығы үшін олардың іс-әрекеттеріндегі қылмыс құрамын анықтау керек. Сонымен бірге олардың орындаушыдан басқа барлығының қылмыстың объективтік жағын жүзеге асыруға тікелей қатыспайтындағы қатысушылық үшін қылмыстық жауаптылықтың өзіндік ерекшелігі болып табылады. Көп жағдайларда олардың қылмыстық іс-әрекеттері қылмыс жүзеге асырыла бастағанға дейін басталып және аяқталады (айдап салу және көмектесу) . Ендеше олардың жауаптылығын негіздеу үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында бекілген ережелер жеткіліксіз болады сонымен қатар ҚК-тің 29-бабында тұжырымдалған жалпы шарттарда талап етіледі. Алайда бұл жағдай қатысушылық үшін қылмыс жауаптылықтың негіздемесі өзгереді дегенді білдірмейді. Жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы танылады алайда біз бұл жерде қылмыс құрамы ретінде «қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдерінде тұжырымдалған белгілі бір іс-әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын оның объективтік және субъективтік белгілерін» түсінуіміз қажет. /3/

Қатысушылықтың қажетті белгісі - қылмысты бірігіп жасау - қатысушылардың жауаптылығын анықтайтын екі негізгі сәтті қарастырады: а) қатысушылардың барлығының іс-әрекеттері қылмыстың орындаушысымен жасалған іс-әрекеттермен себепті байланыста болуы тиіс (қатысудың объективтік белгісі) ; б) бұл әрекеттер қасақана болуы тиіс (қатысудың субъективтік белгісі)

Қазіргі уақытта себепті байланыс қылмысқа қатысушылықтың қажетті белгісі болып табылады деген тезис ешқандай күмән туғызбайды. Аталған тұжырым қылмыстық заңнаманың қылмысты күні бұрын уәде бермей жасыруды көмектесу нысанындағы қылмысқа қатысушылыққа жатықзбай оны қылмысқа жанасу түріне жатқызатындығына негізделеді.

Қылмысқа қатысушылық өзінің барысында бірнеше тұлғаның күш біріктіруі арқылы қылмыстық нәтижеге алыа келетін күрделі құбылыс болып табылады. Олардың әрқайсысының әрекеті қылмыстық салдарды туындатқан ортақ себептің қосылғыстары болып табылады. Алайда бұл жерде себепті байланыс белгілі бір ерекшеліктерге ие болады.

Егер қылмыс барлығы бірдей орындаушылар сияқты әрекет ететін бірінші қатысушымен орындалатын болса, онда олардың әрекеттері бірдей мөлшерде қылмыстық нәтиженің себебін құрайды. Бұл олардың әрқайсысының әрекеттері бірмәндес және біршамалас дегенді білдірмейді. Олардың қылмыстағы ортақ «үлесі» әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол әрқашан қылмыс құрамының объективтік жағының шеңберінде жүзеге асырылады. Орындаушылар әрекетінің әртүрлігілігі оның күрделілігіне тәуелді болады. Зорлаудың объективтік жағы ең алдымен ер адамның күш қолдануымен әйел адамның еркінен тыс жыныс қатынасын жасауы болып табылады, егер тұлға өзі тікелей жыныс қатынасын күш қолдану арқылы жасамаса бірақ күш қолдану арқылы жәбірленуші басқалардың зорлауына жағдай туғызса ол зорлаудың бірігіп орындаушысы болады. Мысалы екі адам жәбірленушімен күш қолдана отырып жыныс қатынасын жасады, ал үшіншісі жиіркеніп немесе физиологиялық себептерден оны жасаған жоқ бірақ, жәбірленушіге күш қолдануға оны зорлау сәтінде қатысты. Ондай жағдайда үшінші қатысушының әрекеті ҚК-тің 120-бабы 2 бөлімінің «а» пункті бойынша аяқталған зорлауды бірігіп орындаушылық ретінде ҚК-тің 24-бабына сілтеме жасалынбай саралануы тиіс. Осылай саралау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Әйел зорлағаны үшін жауапкершлікті белгілейтін Заңдарды Соттардың қолдану тәжірибесі» 23. 04. 1993 жылғы №1 қаулысының 8 п. сәйкес келеді онда күш қолдану арқылы жыныстық акт жасамаған бірақ басқаларға жәбірленушіге күш қолдану арқылы зорлауға жәрдемдескен тұлға топтанып зорлаудың бірігіп орындаушысы болып саналатындығы айтылған. /4/

Айдап салу және көмектесу түріндегі қатысушылық орындаушы қылмысты жасаған сәтке дейін ғана орын алады, ия болмаса оны жасау барысында біріккен іс-әрекет болып, бірақ барлық жағдайда қылмыстық нәтижеге дейін жүзеге асырылады. Қалған басқа әрекеттердің барлығы, егер олар қатысушылармен күні бұрын келісілмеген болса бірігіп қатысушылық болып табылмайды, берілген қылмыстық нәтижеге қылмысқа кейін қосылған тұлғаға кінә ретінде таңыла алмайды.

Қатысушылықтың барысындағы себепті байланыстың келесі ерекшелігі қатысушының әлде-қандай белсенділікпен қылмысқа ықпал жасауы, яғни қатысушылардың ортақ қылмыстық әрекетіне өзінің үлесін қосуы.

Әрекетсіздік жолымен қылмысқа қатысушылық мүмкіндігінің мәселесі талас тудыратын мәселе болып саналады. Негізінен алғанда қылмысқа жәрдемдесу әрекетсіздікпен де жүзеге асырылуы мүмкін қылмыс жасауға кедергі келтіретін жағдайды жоюды қылмыстың жасалуына кедергі келтіруге тиісті субъектінің бас тартуы ретінде бағалауға болар. Алайда мәселе осындай бас тартудың тек күні бұрын келісім болған жағдайда ғана мысалы, орындаушыға уәде ету немесе осындай уәденің болғандығын білдіретін әлдеқандай басқа да әрекет жасалғанда қатысушылық танылатындығында. Мысалы, қойманың күзетішісі қоймадан ұрланған мүліктердің тасылып алуына кедергі жасалмайды ол көмектесуші болып танылуы мүмкін егер бұл оның ұрылармен күні бұрын жасасқан келісімімен байланысты болса немесе ол қандайда болмасын әрекеттермен мүлікті алып кетуге келісім білдірген болса. Алайда осындай жағдайда келісімінің өзі немесе басқада іс-әрекеттер күзетішінің жүрыс-тұрысын қылмысқа көмектесушілікке айналдыратын белменді қызмет болып табылады.

«Кез-келген қатысушының қызметі жасалған қылмыспен себепті байланыста болуы үшін орындаушының санасына ықпал етуі және оның қылмыс жасауының және қылмыстық нәтиженің туындауының құрамдас бөлігі болуы тиіс» /5/

Орындаушымен қоса есептегендегі әрбір қатысушының іс-әрекеті қылмыстық нәтиженің туындауының қажетті шарты болуы тиіс. Қылмысты жасау үшін пайдаланылған қатысушылардың кез-келген іс-әрекетін осындай шарт ретінде тануымыз керек. Көмектесушініңіс-әрекеті қылмыстық нәтиженің туындауының шарты болуы мүмкін ол орындаушыға сейфтің кілтін бергенде тек соның көмегімен оны ашу мүмкін болғанда да орындаушы басқа кілтті алып аша алатын бірақ ол көмектесуші берген кілтті алып пайдаланған жағдайда солай саналады.

Орындаушының қылмыс жасауға деген шешімін туындатпаған кез-келген айдап салу сондай-ақ «орындаушы пайдаланбаған кез-келген көмектесулер айдап салу мен көмектесуден қылмыстық іс-әрекеттің дербес нысанына атап айтқанда қылмысқа дайындалуға айналып кетеді». /6/ Бұлар дегеніне жетпеген айдап салу және көмектесу болып табылады және оның қатысушылықпен ортақ ештеңесі жоқ. Ақыр алғанда қатысушылардың көмегімен қылмысты жасаған орындаушының іс-әрекеттері де, қылмыстық нәтиже де қатысушылардың барлық жиынтық әрекеттерінің заңды және қажетті салдары ретінде орын алуы да қатысушылық барысындағы себепті байланыстың ерекшелігі болып табылады. Айтылғандарды, қылмыстық нәтижеге әрбір қатысушының күш-жігерінің жиынтығы арқылы қол жеткізгенде ғана және олардың әрқайсысы қылмыстық тізбектің қажетті бөлігі болғанда ғана бір бөліктің шығып қалуы барлық тізбектің бұзылуына алып келгенде қылмысқа қатысушылық болады деп түсінуіміз керек. Қатысушылықтың объективтік шарттары осындай.

Субъективтік жағынан қатысушылардың әрекеті қасақаналықпен сипатталады. Осындай тұжырым ҚК-тің 27-бабында бекітілген қатысушылық ұғымына туындайды. «екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады». /7/ Абайсыздықпен жасалатын қылмыстарда бірігіп қатысушылықтың болуы мүмкін емес. Қатысушылық барысында айдап салушының және көмектесушінің әрекеттерімен қылмыстың объективтік жағы жүзеге асырылмайды. Олар орындаушының санасына және еркіне әсер еткендіктен қылмыстың қатысушыларына айналады, ал осындай әсер ету тек қасақаналықпен қасақана жасалатын қылмыстарда ғана мүмкін болады. «Егер тұлға қылмыстың орындаушысының қылмыстық ойлары туралы білмеген болса қылмыстың қатысушысы болып таныла алмайды». /8/

Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік жағы үшін мыналар талап етіледі: а) орындаушымен жасалатын қылмысқа қатысты барлық қатысушылардың қасақаналық ой; б) қылмыстың орындаушысының және қатысушының бір қылмысты жасау барысында олардың біріккен әрекеттері туралы хабардар болулары.

Егер қылмыс бірнеше орындаушымен жасалса, яғни қылмыстың құрамын тікелей жүзеге асырушы тұлғалармен, онда олардың әрекеті қасақана болуы тиіс. Одан басқа әрбір орындаушы берілген қылмысты басқа орындаушымен бірігіп жасайтындығын білуі тиіс. Ондай білу болмаған жағдайда әрбір қылмысқа қатысушы дербес әрекет етеді және тек өзінің жасағанының шегінде ғана жауапты болады.

Бірнеше бірігіп орындаушының іс-әрекеттерін «көрнеу бірігіп» жасалған деп сипаттауға болады. Әрбір орындаушының оның еркі мен күш-жігерінің бір қылмыстық актіде біріктірілуінің сезінуі қатысушылықтың нақты және заңи негіздемесі болып табылады. Егер бірігіп орындаушылар арасында қылмыстық әрекетке деген ортақ шешім болмаса, олардың біреуі кінәсіз немесе абайсыз әрекет етсе, ал басқалары бұны өзінің мақсаттарына пайдаланатын болса онда олар жанама залал келтірушілер болады және олардың жаңылысқан әріптестерінің жауаптылығына тәуелсіз туындайды.

Қылмысқа орындаушымен қатар айдап салушылар және көмектесушілер қатысқан жағдайда (тар мағынасындағы қатысу) барлық қатысушылардың өздері қатысатын қылмыстың орындаушысы туралы біліуі талап етіледі.

Бұл білу орындаушымен жасалатын құрамды сипаттайтын қылмыстық іс-әрекеттің элементтеріне де қатысты болады.

Қылмыстың орындаушысының тарапынан басқа қатысушылардың іс-әрекетін білуі тиістілігінің мәселесі теорияда да және практикада да үлкен күрделілік және талас тудыратын мәселе.

Шындығында осындай ситуацияны елестету мүмкін емес. Заң бойынша «басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады» ; «кеңестермен, нұсқаулармен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен . . . жәрдемдескен адам . . . көмектесуші деп танылады». /9/ Аталған әрекеттер орындаушыға әлдеқандай ықпал етуі үшін олар орындаушымен сезінілінуі тиіс. Әлдекімді қылмыс жасауға көндіруге болады егерде көндірілген тұлға өзіне қылмыс жасау туралы ойдың алғаш рет тыстан келгенін сезінетін болса және бұл оның өзінің ниетінің туындысы болмаса. Басқа жағдайда оны қылмыс жасауға көндірілген тұлға деп есептеуге негіз жоқ. Егер орындаушының оның қылмыс жасауға деген ниетінің бар екенін көмектесуші одан құпия түрде біліп және оған жасырын түрде қолғабыс жасайтын болса және ол туралы қылмыстың орындаушысы білмесе онда олардың екеуі де бір қылмыстың бірігіп қатысушылары бола алмайды. Аталған жағдайда олардың әрқайсысы өзінің қылмысын жасайды.

Қатысушылардың арасындағы субьективтік байланыс қылмыстың орындаушысы мен оның басқа қатысушылары арасындағы субъективтік байланыспен шектеледі. Сондықтан қылмысқа қатысушылық үшін айдап салушылар мен көмектесушілердің арасындағы әлдеқандай субъективтік байланыстың болуы талап етілмейді. Осындай байланыстың болуы немесе болмауы қатысушылықтың сипатына ықпал етпейді.

Ендеше қатысушылық деп бағалануы үшін төмендегілер жеткілікті болады: а) біріккен қылмыстық әрекет туралы қатысушылардың өзара хабардар болуы; б) қылмысты бірігіп жасауға деген ниет бірлігі.

Қатысушылардың қасақаналығының интеллектуалдық сәті әрбір қатысушының жасалатын әрекеттің, яғни берілген қылмыс құрамын сипаттайтын барлық элементтердің қоғамдық қаіптілігін сезіне білулерімен сипатталады. Егер заң қылмыс құрамының жекелеген элементтеріне әлдебір арнайы талапты қоятын болса, онда оларды қатысушылардың білуі міндетті. Мысалы, пайда мақсатымен жасалған қасақана кісі өлтірудің (ҚК 96-бап 2-б. «з» п. ) қатысушысы бұл қылмыстың субъективтік жағының пайдакүнемдікпен сипатталатынын білуі тиіс. Қылмыс құрамының басқа элемнттері туралы да осыны айтуға болады. Орындаушымен жасалған қылмыс құрамының негізгі белгілерін қатысушылардың білмеуі олардың жауаптылығын пайда қылмайды. Саралаушы белгілерді білмеу ауырлатылған мән-жайлардағы қылмыстарға қатысушылық жауаптылықты жоққа шығарады.

Қатысушылар санасының еріктілік сәті қылмыстық нәтиженің болуын тілеумен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдасқан қылмыстық
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы
Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс-әрекеттерді саралау
Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру
Қылмысқа қатысушылықтың мазмұны және нысаны
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеке даралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz