Қасиетті қара шаңырақ



1 Қасиетті қара шаңырақ
2 Отау көтеру
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
Киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын осынау қасиетті ұғым туралы қазақтың салт-дәстүрін терең зерттеген жазушы-қаламгер Сейіт Кенжеахметұлы біршама терең тоқталған. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады.
Үйдің сүйегі (қаңқасы) дайын болған соң, оны (шаңырақты да) қызыл жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды да, оны өсімдік майымен майлайды. Бұл ағашқа су сіңбес үшін жасалады. Бай адамдардың шаңырағы, тіпті, күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейленеді.
Шаңыраққа да киізден түндік жасалады. Ол да қойдың ақ күзем (күзде қырқылған) жүнінен басылады. Шаңыраққа желбау деп аталатын ою-өрнекті 4 шашақты бау жасалады. Ол шаңырақты бастыру үшін және көшкенде байлау үшін қажет. Қалыпты жағдайда желбау үйге әсемдік түр беріп тұрады. Түңдікті де үйдің басқа киіздері сияқты дайын болған соң, ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды, бұл оған әдемі ақ түс береді, әрі киіздің берік болуына, суға, ыстық-суыққа шыдамды болуына ықпал етеді.
Қазақта «шаңырақ» сөзінің «отбасы» деген мағынаны білдіретіні жайлы жоғарыда айтқанбыз

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қасиетті қара шаңырақ
Ата-бабамызда қасиетті қара шаңырақ деген сөз бар. Мұндағы
шаңырақтың киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені
белгілі. Шаңырақ үй, отбасы деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын
құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға Шаңырағың биік болсын!
деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары
болсын деген сөз.
Киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын осынау қасиетті ұғым
туралы қазақтың салт-дәстүрін терең зерттеген жазушы-қаламгер Сейіт
Кенжеахметұлы біршама терең тоқталған. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және
кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа
дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап
өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық
қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны қаламдық дейді. Ал
күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан
қозғалып кетпес үшін қойылады.
Үйдің сүйегі (қаңқасы) дайын болған соң, оны (шаңырақты да) қызыл
жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды да, оны өсімдік майымен
майлайды. Бұл ағашқа су сіңбес үшін жасалады. Бай адамдардың шаңырағы,
тіпті, күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейленеді.
Шаңыраққа да киізден түндік жасалады. Ол да қойдың ақ күзем (күзде
қырқылған) жүнінен басылады. Шаңыраққа желбау деп аталатын ою-өрнекті 4
шашақты бау жасалады. Ол шаңырақты бастыру үшін және көшкенде байлау үшін
қажет. Қалыпты жағдайда желбау үйге әсемдік түр беріп тұрады. Түңдікті де
үйдің басқа киіздері сияқты дайын болған соң, ақ бормен немесе күйген
сүйекпен борлайды, бұл оған әдемі ақ түс береді, әрі киіздің берік болуына,
суға, ыстық-суыққа шыдамды болуына ықпал етеді.
Қазақта шаңырақ сөзінің отбасы деген мағынаны білдіретіні жайлы
жоғарыда айтқанбыз. Адамзат өмірінің бастауы – осы отбасыға тоқтала
кетейік. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші
әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайсысы әр отбасы мүшесінің дамуына
ықпал етеді.
Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам шыр
етіп дүниеге келісімен, осы отбасының есігін айқара ашып енеді және осында
ер жетіп, тәрбие алады. Сондықтан отбасының адамзат баласының дамуына
ықпалы зор. Ел болам десең, бесігіңді түзе деген сөз отбасы тәрбиесінің
маңызын айқындап тұр емес пе? Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы
отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол
бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет
отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың
қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді.
Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап, аса қатты қадірлеген. Ел басына
күн туып, қара қазан сары баланың қамы үшін керегесін кессе де, шаңырағын
шаппаған.
Әдетте үйдің дәл ортасында күннің жердегі бейнесі іспетті ошақ
орналастырылады. Ошақ – әлемнің орталық кіндігі есепті. Ошақтың дәл үстінде
күн символы шаңырақ, оның үстінде аспандағы күн тұрады.
Жас отаудың алғаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі
Ғаламның тілідік бейнесіңдегі қазақтың көркемдік танымының зерделенуі
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Киіз үйдің символикасы
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Кие қандай атау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
Аққу неге киелі
Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
Пәндер