Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі
1.1 Еңбек тәрбиесінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Отбасында мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІ. Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлерін қолдануда олардың тәрбиелік мәні
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс.әрекетінде адамгершілік тәрбиесін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыра отырып және оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу, адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын қарастыратын боламыз.
Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдас-тыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы бала-лар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсы-рылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекші-ліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тап-қырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.
Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айна-луда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түр-де қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұ-мыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргі-зуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбие-леудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбие-шілердің міндеті .
Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балабақша баласының еңбекке деген талпынысын ояту, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту.
2. Қарапайым еңбек дағдыларына баулу.
3. Еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу.
4. Көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.
Курстық жұмыстың нысаны: Жасаралық ерекшеліктеріне байланысты баланың мінез-құлқын қалыптастыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ә.Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы «Рауан» 2002[239 б] .
2. Трудовое обучение в начальных классах. Москва 2008.
3. Қиясов И.-Баланы адамгершілікке тәрбиелеу. // Тәрбие құралы-2006.
4. Козлова С.Нравственное воспитание в труде // Дошкольное воспитание2006.
5. Кишик Т. Нравственное воспитание детей в труде //дошкольное воспитание// 2003.
6. //Отбасы және балабақша// №9 15-16 бет.
7. //Тәрбие құралы// №11 9-10 бет.
8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, «Сана», 1995
9. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Алматы, «Кітап», 2002
10. Қалиев С. Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп 2001-№5 – 26 б.
11. Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, РБК, 2013
12. Мырзатаева Б.Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. Ұлағат – 2012 №5 37 б.
13. Әбілова, Қ.Қалиева «Этнопедагогика оқулығы» Алматы 2009жыл
14. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: /Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек/ Алматы: Қайнар, 2006 – 286 б.
15. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла: салт-дәстүрлері туралы таным. Алматы: Ана тілі, 2008 – 159 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі
1.1 Еңбек тәрбиесінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5
1.2 Отбасында мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің өзіндік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің мәні мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... .15
ІІ. Қазақ халқының адамгершілік дәстүрлерін қолдануда олардың тәрбиелік
мәні
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс.әрекетінде
адамгершілік тәрбиесін
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі
балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыра отырып және оларды қарапайым еңбек
дағдыларына баулу, адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын қарастыратын боламыз.
Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдас-тыру
белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы бала-лар
еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан
басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5
жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсы-рылса, ересек,
мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекші-ліктің барлық
түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тап-қырлығын, ерік-
жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.
Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз
байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені
алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа
заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде
алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек
құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден
жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті
қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан
бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы,
басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.
Қазіргі   уақытта  жұртшылықтың   балаларды   тәрбиелеуге  қатысы 
кеңейе   түсіп,  тәрбие   жұмысы   еңбек  ұжымының   күнделікті   ісіне  
айна-луда   тәрбиешілердің   практикасында  ата -  аналармен  және  
көпшілікпен   бірігіп   жұмыс   істеудің   әр  түрлі   формалары  
қалыптасып,   жемісті   түр-де   қолданылуда.   Олар   ата -  аналармен  
жекелеп   және  ұжымдық  жұ-мыстар   жүргізді.
Отбасы   тәрбиесіндегі   кездесетін  сәтсіздіктер   ата - 
аналардың   педагогикалық   сауатсыздығынан   және   оларда   тәрбие 
жұмысын  жүргі-зуге   қажетті  тәржірибенің   жоқтығынан   болады.  
Балаларды   тәрбие-леудің   дұрыс   жолын   табу  үшін   ата -  аналарға  
көмектесу  тәрбие-шілердің    міндеті .
Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды
еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек
процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын
жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар
үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды
жасау қажеттігі туады. Мысалы, Трамвай ойынын ойнау үшін балалар
тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. Пароход
ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық
ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға
қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің
бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым
элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша
сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке
бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп
есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс
әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының
бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар
анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді
ықпал етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Балабақша баласының еңбекке деген талпынысын
ояту, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау
сезімін ояту.
2. Қарапайым еңбек дағдыларына баулу.
3. Еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу.
4. Көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді
үйрету.
Курстық жұмыстың нысаны: Жасаралық ерекшеліктеріне байланысты баланың
мінез-құлқын қалыптастыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

І. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ

1.1 Еңбек тәрбиесінің негіздері

Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті
сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және
балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам
мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында
бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек
тәрбиелерін қисынды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да
іске асыру міндеті қойылады.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы — еңбек. Еңбектің нәтижесі
әрбір адамға, оның еңбекке сақалы, шығармашылық көзқарасына байланысты.
Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке
ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың
жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей
байланысты.
...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар
беріп қана қоймай, қайта саналь еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек,
мұнысы оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың,
әсіресе адамның балалық жән жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан
еңбекке деген ынтасы есіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы
мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулып, еңбекке деген дұрыс ынта-
ықыласын қалыптастырған дұрыс.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің
бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым
элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша
сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке
бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп
есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс
әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының
бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар
анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді
ықпал етеді.
Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі
механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы
бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының
дамуына, тынысы мен жүрек жұмысына ықпал ететіндігі дәлелденген.
Орталық жүйке жүйесі сыртқы ортаның ықпалы мен әсерін қабылдай отырып,
денедегі барлық тканьдер мен клеткалардың жұмысқа қосылуын реттейді.
Тіпті қарапайым еңбек процесінің өзінде бұлшықет пен орталық жүйке
жүйесі қатысып, дене және ақыл-ой әрекетінің өзара байланысын қамтамасыз
етеді.
Еңбек бұлшықет пен барлық дене мүшелерінін; қызметін күшейтеді, бүкіл
дененің еңбекке қабілетін арттырады, жүйке жүйесін дамытады. Еңбек процесі
баланың анализаторларын жаттықтырып қана қоймайды, сонымен қатар ми
қызметінің дамуына үлкен әсер етеді, бұлшықет сезімін де дамытады.
Дене күші мен ақыл-ой жұмсауды қажет ететін кез келген еңбек процесі
баланың ырықты зейінін, бақылампаздығын, тапқырлығын дамытады. Үш жасқа
дейінгі бала еңбекке физиологиялық, психологиялық процесімен байланысады,
оның білімге ынталануына„ ақыл-ойының, тілінің дамуына мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеші ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, енегесі
еңбекпен ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс
болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-
әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі.
Ғылыми зерттеулердін; нәтижесі бұл шақтағы баланың жүйке жүйесінің икемді,
оның әдеті мен дағдысын тәрбиелеудің ең қолайлы кезеңі болып табылатынын,
дәл осы кезде шартты байланыстар жүйесінің тез құрылатындығын дәлелдейді.
Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше.
Баланың жас ерекшелігін, қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда
сезімтал көңіл күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты
қалыптастырудың алғашқы нышандарын етеді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге
адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілдік сезімнің алғышартын
қалайды.
Психология ғылымының мәліметтері бойынша сәбилік шақтың өзінде-ақ бала
кездейсоқ нәрселерді емес, өзінің басты деп санайтындарын негізге алады, ал
3 жасында өз іс-әрекетін мақсатқа бағындырады. Ол өскен сайын тәрбиешіге,
айналасындағы адамдарға пайдалы іс істеуге талаптанады, өзге тілегін осыған
бағындырады, ерік-жігерін, күшін жұмсайды, бастаған ісін аяқтап шығуға
тырысады.
Отбасында, балабақшада дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-
құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылык, табандылық сияқты
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын
қалыптастырады.
Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну
баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр
алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады.
Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды қызықтырмайды.
Сөйтіп, сәбилік және мектепке дейінгі шақтағы еңбек барысында баланы
жан-жақты дамытудың, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудың негізі
қаланады.
Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз
байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені
алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа
заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде
алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек
құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден
жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті
қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан
бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы,
басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.
Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды
еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек
процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын
жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар
үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды
жасау қажеттігі туады. Мысалы, Трамвай ойынын ойнау үшін балалар
тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. Пароход
ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық
ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға
қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері: 1) балаларды үлкендердің
еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау сезімін ояту; 2) қарапайым
еңбек дағдыларына баулу; 3) еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу;
4) көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді
үйрету.
Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері мен талаптарына сәйкес
еңбектің төмендегі түрлері ұйымдастырылады:
1. Тұрмыстық-шаруашылық еңбек және өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілік
(топ белмесін, учаскені тазарту). Бұл — баланы еңбекке даярлайтын ерекше іс-
әрекет.
Бұлардың бәрі баланық күш жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-
әрекетке жаттығу баланың бұлшық еті мен жүйкесінің дамуына, бұлшықет
қимылдарынын, үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік
тудырады. Сәбилік кезеннен бастап өзіне-өзі қызмет етуге (өздігінен киіну,
шешіну, төсегін жинау) үйрету, дағдыландыру дербестікке, тазалық пен
реттілікті қажетсінуге, мәдени-гигиеналық талаптарды саналы орындауға
баулиды.
Еңбектің бұл түрлері сәбилер, естиярлар, ересектер, мектепке даярлық
топтарында жүргізіледі.
2. Балаларды үй шаруасы еңбегіне, тұрмыстық еңбекке қатыстыру. А. С.
Макаренко Балалар тәрбиесі туралы лекцияларында балалардың үй
шаруашылығына араласуы оларды көпшілдікке, қамқор болуға, ұқыптылыққа,
өзінің жеке заты мен қоғамдық меншікті сақтауға, өз жұмысы мен уақытын
дұрыс пайдалануға үйретеді деген болатын. Үй шаруашылығындағы еңбек —
бірден-бір өмірлік қажеттілік және оның мақсатын баланың санасына оңай
жеткізуге болады.
Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі
бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің
мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып,
кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5 жастағы
балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке
даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді.
Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін
жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.
3. Табиғат аясында (бақшада, бақта, гүлзарда) еңбек ету — табиғат
мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөніс өсіру, мал
бағу — нәтижесі көрінетін еңбек. Бұл сәбилер тобынан басталады, көбіне таза
ауада өтеді де, баланың денсаулығын нығайтады.
Табиғаттағы күнделікті жүйелі еңбек балаларды өзара біріктіреді, жалпы
қызығушылығын, жауапкершілік сезімін дамытады, дағдысын қалыптастырады
білімділігі артып, бақылампаздығы мен ақыл-ой аясы кеңиді.
4. Қол еңбегі (құрастыру, жапсыру, мүсіндеу, қағазбен, ағашпен,
матамен, пластилинмен, т. б. материалдармен жұмыс істеу) балалардың
қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты және сонысымен бағалы. Бұл еңбек
ойынға қажетті зат жасау, жақын адамдарына сыйлық дайындау сияқты
мақсаттар қояды Мақсаттың айқындылығы бала еңбегін мәнді де мазмұнды,
қуанышты етіп, балада шаттық, толқу сезімін тудырады. Еңбектің бұл түрі
енжар балаларды белсенділігін арттырып, балалардың татулығын арттырады.
Құрылыс салу, құрастыру ойындары жоспарлы іс істеудің алғашқы
элементтерін үйретеді. Мақсатты еңбек етуге, қиыншылықты жеңуге баулиды,
ол тапқырлығын ұштайды, техникалық, шығармашылы ойлауын дамытады, әдет пен
дағдыны жүйелі түрде үйренуді талап етеді. Бұл процесс материалдың сапасын
тануға, онымен жұмыс істеуге, еңбекті ұйымдастыруға, тазалықты қатаң
сақтауға, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйретіп, практикалық
іскерлікті игеруге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп балаларды психологиялық
жағынан мектептегі еңбекке даярлайды.
Бала ағзасы дұрыс есуі үшін еңбектің шамасы ұзақтығы, баланың жеке
ерекшелігіне сай болғаны дұрыс. Оның психикасының дамуын, шаршауын, еңбек
пен демалыстың ауысып келуін қадағалаған жөн.
Баланы еңбекке тәрбиелеу үшін төмендегі шартта орындалуы қажет: а)
еңбек процесінің жүйелілігі және сыртқы жағдайдың, қоршаған ортаның
реттілігі, жүйелі болуы. Еңбек әрекетінің бір түрлі жағдайда, бір мезгілде
қайталануы балалардың мінез-құлқын ұйымдастырып, берік дағды қалыптасуына
мүмкіндік тудырады:
б) тәрбиешінің жеке басының үлгісі топта жалпы еңбек ету ахуалын
тудырып, ыңғайлы жағдай жасайды. Тәрбиеші баланың еліктегіштік қабілетін
ескере отырып, оған еңбекке жақсы көзқарастың, еңбек сүйгіштіктің,
жинақылықтың, ұйымшылдықтың үлгісік көрсете білуі қажет;
в) тұрақты, берік еңбек дағдысын қалыптастыру-үшін ересек адамдар
тарапынан бала еңбегіне басшылық еткен және талап қоя білген жөн.
Сәбилер тобындағы балалардың еңбек әрекеті - күнделікті тұрмыстағы
еңбек. Ол екі бөлімнен тұрады: 1) өзіне-өзі қызмет ету; 2) балалар ұжымының
мүддесі мен қажетін қанағаттандыратын қоғамдық мәні бар' еңбек (кезекшілік,
сабаққа дайындалу, топ бөлмесі мен: учаскені тазалау, т. б.). Балалардың
беті-қолын жууы, құрғатып сүртуі, гигиеналық дағдылары мен дербестігін
тәрбиелеуі, бастаған ісін аяқтауы — осының бәрі оларды белгілі бір еңбекке
даярлайды. Еңбектің бұл қарапайым түрлері күнделікті қажеттіліктен туады.
Тәрбиеші балалардың дамып, жетіліп келе жатқан санасына, әр қилы іс-
әрекетке қызығушылығына сүйене-отырып, өзін-өзі күту дағдыларын
қалыптастырады.
Бұл кезеңдегі балалар дағдысының қалыптасуында шартты байланыстардың
құрылуына мүмкіндік тудыратын жағдайлардың (күн тәртібі, сыртқы ортадағы
реттілік) барлығын қатаң сақтау қажет. Өзіне-өзі қызмет ету үнемі бір
жағдайда, бір мезгілде, белгілі бір жерде, өзінің орындығы мен шкафының
жанында, қатты дауыстар мен өзге кісілердің көзінен тыс, жайбарақат
жағдайда өтуі керек. Осы әрекеттеріне де жиі-жиі ойын элементтері өніп
отырады. Балабақшада балалардың еңбегі негізінен үш түрлі формада
ұйымдастырылады: тапсырма беру, кезекшілік, бірігіп істейтін еңбек.
Тапсырма балаларға жас ерекшелігіне сай беріледі (жеке, топпен, шағын
топпен, т. б.). Тапсырма ұзақ не қысқа мерзімді, қарапайым және күрделі
болады. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарла-масындағы (қасықты алып
кел, кітапшаны орнына қой, гүлді суар, балыққа жем сал, құсқа су бер, т.
б.) жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды дұрыс: орындаудан балалар
бақылауды үйренеді, қарапайым білім алады, сол туралы түсінігі молаяды.
Тәрбиеші мен күтушінің күнделікті жұмысын балалардың бақылауы олардың еңбек
етсем, көмектессем деген ішкі ниетін тудырады, көтеріңкі көңіл күйін,
сергек қалпын; сақтайды.
Жеке тапсырмалармен қатар топпен орындайтын тапсырмалар да беріледі.
Көпшілікпен істейтін еңбектің мақсаты өте қарапайым болып, еңбекті орындау
нәтижесінен әрбір бала қуаныш, ләззат алатындай етіп ұйымдастыру керек. Бұл
жастағы балалар зейінінің тұрақсыздығын ескеріп, оларға алғаш бір мезгілде
орындалатын жұмыстар берілуі тиіс.
Естиярлар тобындағы балалар еңбегінің түрі баланың дамуына байланысты
өзгереді, күрделенеді. Бұл жаста тежелу процесі, ырықты зейіні едәуір
дамиды. Мінез-құлқының күрделі жақтары қалыптасып, қимылын мақсатқа
бағыттай игеру қабілеті көрініс табады. Осы өзгерістерге байланысты
балалардың еңбегі белсенді және дербес сипат алады. Балалардың өзіне-өзі
қызмет етуі, шаруашылыққа араласуы тұрақты бола бастайды, еңбектің көлемі
мен мазмұны кеңи түседі, жауапкершілігі артады, көпшілік үшін еңбек етудің
мәні ұғынылады.
Бұл топтағы тәрбиешінің басты міндеті балалардан топ белмесі мен
учаскедегі тазалық пен тәртіпті сақтау, бірте-бірте тапсырманы дәл, ұқыпты
орындауды талап ету, саналы түрде ерік күшін жұмсай орындайтын еңбектің
түрін өндіріп отыру.
Балалар күнделікті асханадағы кезекшілікке тартылады — бұл көпшілік
үшін орындалатын міндетті еңбек. Балалар кезекшілікке бірте-бірте
тартылады. Тәрбиеші әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, еңбегін әділ
бағалайды, біртіндеп кезекшілік жұмысының аясы кеңейіп, түрі көбейе түседі.
Асханаға, дастарқан жабдықтауға, сабақ әзірліктерін жасауға кезекшілік,
топ бөлмесі мен учаскені, ойыншықтарды жинау кезекшілігі, табиғат
бұрышындағы кезекшілік сияқты балалардың қоғамдық сипаттағы дағдысын
жетілдіруге, көпшілдікке тәрбиелеуге, ерік күші мен тапқырлығын дамытуға
жағдай жасайды. Кезекшінің міндетін бірте-бірте күрделендіріп отыру керек.
Тәрбиеші баланы кезекшінің міндеттерімен таныстырып, түсіндіреді,
ұқыптылықпен, адал орындауға баулиды. Балалардың сабаққа дайындық жасау
кезекшілігі жылдың екінші жартысынан бастап енгізіледі (үстел үстіне оқуға
керекті көрнекі құралдарды, т. б. ұқыпты жайып қою). Бұл үлкен
дербестікті талап етеді. Кезекші бәріне қамқорлық жасауға тиісті. Аса
маңызды адамгершілік қасиеттер: басқаға қамқорлық жасау, жолдасына пайдасын
тигізу ниеті осылайша қалыптасады.

1.2 Отбасында мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің өзіндік
ерекшелігі

 Қоғам    үшін    әр   кезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе  
жатқан   өрімдей   ұл  -  қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,  
еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  -   ең  жоғарғы   тілек,   
ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.  
Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің   
күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата -  ана   тәрбиесінің  
орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  отбасы  -   өмірге    сәби  
әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ  
жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.  
Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты  - 
балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін  
ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.    
Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие   төмендегі  
міндеттерді  шешеді.
- Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау,  
тазалықты   қалыптастыру.
- еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке  
құлшынысын    арттыру,  өзіне  -  өзі   қызмет   етуге   үйрету.
- Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  -  қатынас  
жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге   үйрету .
- Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер  
жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен   бастап  
отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  -  тәрбие  беріледі.
Баланы  жастан ,  Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің  
деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп  
кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате  
көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  Балаңыздың   тәрбиесін  
бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  -  құлқыңызды,  өмірге 
көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ?    деген  
сауал   туады.
Ұлы   педагог   А. С. Макаренко :   Балалардың   алдында   беделді  
болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта  
өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын  
рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл  
беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал  
баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады  деген.
Отбасы  -   барлығының   басы,   жан -  жақты   даумуының  негізі 
болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата -  ана  мен   баланың  
қарым  -  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене  
тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  -  
баланың  алғашқы   тәрбиешілері.
Ата -  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .
Бала  бақыты  -  білімде.   Білім   бір  құрал.  Білімі  көп   адам 
құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды , - 
дейді 
А.  Байтұрсынов.
Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге  
байланыс-ты   ұстаздар   мен   ата -   аналардың   бала   тәрбиелеудегі  
жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде  
отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау  
керек.   Әрбір   ұстаз    ата -  аналармен   қарым  -  қатынас   жасауда  
түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,  
ата -  ананың   қызығу-шылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,  
ата -   ананың   балабақ-шаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер  
еді.
Ата -  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:
* Ата -  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;
* Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына 
үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;
* Ата  – аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын 
басшылыққа   алу;
Ал  міндеттері:
* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.
* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата -  ананың  өміріндегі 
тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.
Еңбек тәрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл –ес және тән
денелік), өзіндік қызметь еңбегі (мектепте және үйде), қоғамдық пайдалы
еңбек (демалыс кезінде тәжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы
жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы және тағы басқалары құрайды).
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың
бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры
деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
Енбек арқылы адамның денесі, көзкарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі
дамып, жетіледі, еңбектің мәні және кұндылығы арта түседі
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден — ақ ата-ана парызы, бүкіл
халык, міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән
сұлулығын енбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да
баланы еңбекке тәрбиелеу үйел-меннің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке
қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халкымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, он
саусағынан өнері тамған нақты кәсіп иесі болуын да көздеді, Бұл жерде
еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің, қажет екенін жақсы түсінді.
Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды.
Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімелер, ертегілер,
мақал-мәтелдер және ән-жырлардың арқауы болды. Халық педагогикасынан орын
алған енбек және енбекке тәрбиелеу көзқарастары қазіргі педагогика
теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелері-
нің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және
рухани кұндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысын-
да адам өз күшінін шамасын және қабілетін анықтайды. Неғұр-
лым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, со-
ғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі—әр азаматтың өмірде өз орнында толық
күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы,
еңбекке адал, саналы катынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып
табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы
ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әре-кетке жан-жақты
даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие институттарының
негізгісі — жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек мектебі. Мектепте
еңбекке тәрбиелеу — тәрбиенің жалпы жүйесінің кұрамды бөлігі.
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының
қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы
көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және
зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі, болып табылады. Осымен қатар
мұны еңбек процесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбекке
сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды
халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-
әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке
міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке
психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек
дағдыларын қалыптастыру; екбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың
ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау — бұл
қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын
тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанын орындауға үйрету. Бұл
өте курделі процесс мұнда окушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы,
балалар адамдардың табысты еңбегіне масаттанады немесе адал еңбеккерлердің
есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жең кереді, керек десе олармен
күресуге де даяр турады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге
асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және
жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізінде әдет, моральдық
нормаларын бекітеді. Субъективтік фактор — адамның еңбектің маңызына терең
түсінуі және ішкі сезімнің өмірімен өзінің борышын орындауы.
Ецбек етуге әдеттену — бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл
адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық
еңбек етуге әзірлік, жұмысты ісгей білу, — деді Н. К. Крупская, — демек өз
кушіңді және басқалардың күшін және жұмыстың барлық жағдайын есептей білу.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды бірінші сыныптан, ал үйелменде
балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырыл, енбектің
адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды енбекке
психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерік шешуге
бағытталуы қажет.
Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптасырудың маңызы өте зор.
Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды,
ұжымдык өмірде тәртіп және мінез-кұлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасады.
Еңбекте достық жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің
қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.
Осылардың барлығы ұжымдық сынып өмірінде, оқушылардың өндірістік
бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық екбектің дағды-лары оқушьшың бойында
қалыптасса, ол мектепті бітіргеннен кейін кандайда бір жағдайда болмасын
ұжымдық қатынастар нормаларын және жолдастық өзара көмекті әр уақытта
қолдайды.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі еңбек
мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Пәндер