Бағдарламалау тілдері


Бағдарлама

Лекция

21. 11. 2011

Assyll

Жоспар

1. Бағдарламалау тілдері мен әдістері және оларды классификациялау \жіктеу\ . . . 3

2. Программаларды жасақтау технологиясы . . . 3-4

3. Бейсик тiлiнде программалау. Бейсик алфавитi . . . 5-6

4. Тұрақтылар мен айнымалылар. . . . 6-7

5. REM, LET, INPUT PRINT, END операторлары . . . 7-8

6. Тармақталу командасы. . . . 9-10

7. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11-14

1-Лекция. Бағдарламалау тілдері мен әдістері және оларды классификациялау \жіктеу\

Дәріс жоспары

1. Бағдарламалу тілдерінің айырмашылықтары мен ерекшеліктері

2. Бағдарламалу технологиясының негізгі ұғымдары

3. Бағдарламалу әдістері. Құрылымдық бағдарламалау. Модульдік бағдарламалау. Объектіге-бағытталған бағдарламалау.

Бағдарламалау тілдері - бұл адам мен компьютер қатынасы үшін арнайы жасалған формальді тілдер.

Бағдарлама \ Программа\ - бұл компьютерді басқаруға қажет логикалы реттелген командалар тізбегі.

Барлық нақты бар бағдарламалу тілдері жоғар және төменгі деңгейдегі тілдерге бөлінеді. Әр бағдарламалу тілінің алфавиті, сөздік қоры, грамматикасы және синтаксисі, семантикасы болады.

Команда \оператор\ - компьютер орындауға міндетті әрекеттің өрнектелуі.

Процедуралы тілдердің аса маңызды жіктелетін белгілерінің бірі олардың деңгейі болып табылады. Бағдарламалау тілінің деңгейі оның құрылысының семантикалық (ойлық) сыйымдылығымен және бағдарламалаушы адамның бағытымен анықталады.

Жоғарғы деңгейдегі бағдарламалау тілдері процедуралық (ФОРТРАН, АЛГОЛ, КОБОЛ) және процедуралық емес болып бөлінеді. Функциялық (ЛИСП) және логикалық (ПРОЛОГ) бағдарламалау тілдері. Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілдері. Деректер қорының бағдарламалау тілдері. Интернетке арналған бағдарламалау тілдері. Модельдеу тілдері. Екілік тіл. Он алтылық тіл. Ассемблер, Макроассемблер тілі.

Таңдалған бағдарламалау тілінде бағдарламаны құру үшін жалпы жағдайда келесі компоненттерге ие болу керек: мәтіндік редактор, компилятор, байланыс редакторы, функция библиотекасы. Қазіргі интегралданған жүйелерде тағы бір компонент - отладчик болады, ол бағдарлама жұмысының орындалу барысында талдау жасауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны дайындауды тізбектелген кезеңдер қатарын бөлуге болады: есептің қойылымы, бағдарламаны жобалау, модельді құру, алгоритмді талдау, алгоритмді орындау, алгоритмнің және оның күрделілігін талдау, бағдарламаны тестілеу, құжаттау.

Бағдарламаны жобалауға арналған әр түрлі амалдар мен тәсілдер бар. Қазіргі кездегі амал абстракцияны қолданып декомпозициялауға негізделген. Архитектурасын жобалау әдістері екі топқа бөлінеді: өңдеуге бағытталған және деректерге бағытталған. Өңдеуге бағытталған әдістер келесі идеялардан тұрады: модульдік бағдарламалудан, функционалдық декомпозициядан, деректер ағымын қолдана отырып жобалаудан, жобаны құрылымдық талдау технологиясынан. Деректер құрылысын қолдануға бағытталған жобалау әдісін, Джексон әдістемесіне, Уорнер әдістемесіне, иерархиялық диаграмма әдістемесіне, жобалаудың объектіге-бағытталған әдістемесіне бөледі. Модельдерді құру барысында екі принціпті қолданады: дедуктивті (жалпыдан жекеге) және индуктивті (жекеден жалпыға) . Есептегіш емес алгоритмге сұрыптау және іздеу жатады. Сызықтық іздеу процедурасы сілемнің барлық элементтерін қарапайым тізбектеп қарап шығудан және оларды эталонмен салыстырудан тұрады. Тең бөліп іздеу реттелген деректерге қолданылады. Келесі сұрыптаулар аса кеңінен қолданылады: қосу, таңдау және алмастыру көмегімен. Екілік қосу әдісі. Қосумен жақсартылған сұрыптау. Ағаш көмегімен сұрыптаудың жақсартылған әдісі. «Шейкерлі» сұрыптау. Қабыршақ әдісі. Файлдарды сұрыптау.

Бақылау сұрақтары: 1. Бағдарламалу тілдерінің айырмашылықтары мен ерекшеліктері

2. Бағдарламалу технологиясының негізгі ұғымдары

3. Бағдарламалу әдістері. Құрылымдық бағдарламалау. Модульдік бағдарламалау.

2-Лекция.

Программаларды жасақтау технологиясы

Есепті компьютерде шығаруға даярлау технологиясы

Компьютер жұмыс істеу үшін оған керекті програмаларды програмалаушы адам жасайды.

Программалаушы мамандығы дүние жүзіндегі ең бір тапшы мамандықтардың бірі.

Программалау мамандығын таңдаған адам өмір бойы үйренеді.

Оқып шығып бірден программалаушы бола салатын ешқандай оқу құралы жоқ.

Прграммалаушының дайындығы негізгі ұғымдарды оқып үйренуден және қарапайым прграммалау тәсілдерін меңгеруден басталады.

Компьютер командаларға бағынып жұмыс істейді. Біздер бұл командаларды пернетақтаның көмегімен жазу машинкасында жазу жазғандай теріп ендіреміз.

Бірінші команданы ендірдік, компьютер оны қалай орындайды, қарап шықтық, екінші команданы ендірдік, нәтижесін бағаладық, үшінші команданы ендірдік. Осылайша, ендірілетін командалар көп әрі біртектес болған сайын оларды ендіру адамның шыдамын тауысып жалықтырып жібереді. Төрт-бес команданы есте сақтай отырып ендіруге, ал он команданы ендіру үшін қағазға жазып алуға болады. Жүзден астам командаларды ендіру үшін өте жоғары шыдамдалық қажет.

Программалау саймандары

Программалау саймандары дегеніміз не?-деген сұраққа жауап беру үшін мынадай қарапайым ұқсастыру мысалын, яғни ауылда жер жыртып жүрген троктлрды алайық. Трактор қандай саймандардың көмегімен жасалған? Ол зауытта станоктың және жабдықтардың көмегімен жасалған. Бұл аталғандар тракторды жасаушы саймандар блып табылады.

Ал станоктар мен жабдықтардың өздері қандай саймандардың көмегімен жасалған? Олар басқа зауытта басқа станоктар мен жабдықтардың көмегімен жасалған. Ал бұл станоктар мен жабдықтар қалай жасалған?

Осылайша, сұрақты қоя берсек әрбір станоктың өзінің алдында оны жасаушы, алдыңғысынан қарапайым басқа станоктың бар екендігі келіп шығады. Егер әрбір станоктың пайда болу тарихын қозғай берсек, онда біздер орта ғасырдағы балға, егеу және төсті пайдаланатын ұстаханаға келіп тірелеміз.

Есепті компьютерде шығаруға даярлау технологиясы

Есепті компьютерде шығару біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. Есептің қойылуы:
  • есеп туралыақпараттарды жинау;
  • есептің шартын тұжырымдау;
  • есепті шығарудың ақтық мақсатын анықтау;
  • деректерді сипаттау ( олардың түрін, шамалардың ауқымын, құрлымын т. с. с. )
  1. Есепті, моделдерді талдау және зерттеу:
  • есептің бар ұқсастарын талдау;
  • техникалық және программалық құралдарды талдау;
  • математикалық модельді жасақтау;
  • деректер құрлымын жасақтау.

Бақылау сұрақтары: 1. Программалау саймандары дегеніміз не?-

2. Есепті компьютерде шығаруға даярлау технологиясы

3. Есепті, моделдерді талдау

3-Лекция

Бейсик тiлiнде программалау. Бейсик алфавитi

Жоғары деңгейлi программалау тiлдерiнiң iшiнде дүние жүзiне кең тараған тiлдердiң бiрi - Бейсик. BASIC (Beginner's All purpose Symbolic Instuctions Code) - "Жаңадан үйренушi-лер үшiн символдық нүсқаулар түрiндегi көп мақсатты тiл" cөйлемiнiң қысқарған сөз ретiнде алынған түрi. Бейсиктiң алғашқы жеңiл варианты 60-жылдардың ортасында Америкада жарыққа шыққан болатын. Кейiннен әр елдiң ғалымдары түрлi салалық информацияны өңдеуге мүмкiндiк туғызатын тiлдiң 30-дан аса дамытылған варианттарын жасап шықты. Олардың iшiнде соңғы жылдары Microsoft фирмасының IBM PC компьютерлерiне арнап дайындаған, мүмкiндiгi мол IBM Бейсик (GW-Basic, QBasic, QuickBasic т. б. ) варианттары да жарыққа шықты.

REM, LET, INPUT, READ, DATA, PRINT, END, STOP, GOTO, RESTORE, IF - THEN, ON, FOR, NEXT, DIM, INKEY$, GOSUB, RETURN, DEF FN, DIM, INKEY$.

Олар жөнiнде осы бөлiмнiң келесi тақырыптарында түсiнiктер берiлген.

Басқа жоғарғы деңгейлi программалау тiлдерi сияқты Бей- сиктiң өз алфавитi мен синтаксисi (грамматикасы) бар.

Алфавит - программада пайдаланылатын түрлi символдар (әрiптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгiлер) .

Синтаксис - мәшиненiң iс-әрекетiн анықтайтын нүсқау-ларды (командаларды, операторларды), функцияларды, берiл-гендер мен өрнектердi жазу ережелерi. Олар - мәшинеге түсi-нiктi шартты белгiлердi пайдалана отырып жазылатын үлгiлер.

Бейсик алфавитiнiң символдары :

1. Латын алфавитiнiң бас және кiшi әрiптерi:

A, B, . . . , Z; a, b, . . . , z; орыс алфавитiнiң әрiптерi.

2. Араб цифрлары: 0, 1, 2, . . . , 9.

3. Өрнек таңбалары:

+ (қосу), - (азайту), * (көбейту), / (бөлу),

^ (дәрежелеу) .

4. Қатынас таңбалары:

= (тең не меншiктеу белгiсi),

> (үлкен), >= (үлкен не тең),

< (кiшi), <= (кiшi не тең),

<> (тең емес) .

5. Арнайы символдар:

. (нүкте), , (үтiр), : (қос нүкте), ; (нүктелi үтiр), " " (Бос орын (бiр позициялық ашық жер) ), ( (ашу жақшасы), ) (жабу жақшасы), " және " (ашу, жабу тырнақшалары), ! (леп белгiсi), ? (сүрақ белгiсi), # (нөмiр), ' (дәйекше (апостроф) ), __ (астын сызу белгiсi), % (процент), $ (ақша бiрлiгiнiң белгiсi (доллар) ), & (амперсенд), @ (коммерциялық "және") .

Бейсик синтаксисi бойынша:

* cанның бүтiн және бөлшек бөлiктерiн бөлетiн үтiрдiң

орнына нүкте қойылады, айнымалы индексi онымен қатарла-сып жазылады (барлық программалау тiлдерiнде де осылай-ша) және бүтiнi нөлге тең нақты санның экранға шығары-лу кезiнде нөл жазылмай тастап кетiледi (мысалы, 0. 425 санының экранға шығарылу түрi: . 425) ;

* О әрпiмен жаңылыстырмас үшiн нөл цифры 0 түрiн-де жазылады;

Бақылау сұрақтары: 1. Бейсик алфавитi

2. Синтаксис

3. Бейсик алфавитiнiң символдары

4-Лекция

Тұрақтылар мен айнымалылар. Стандартты функциялар

Программаны орындау барысында мәнi программа мә-тiнiнде көрсетiлген қалпынан өзгермейтiн шаманы тұрақты деп, мәнi өзгерiп отыратын шаманы айнымалы деп атайды. (Алгоритмдеу негiздерi тарауында берiлетiн анықтама программалау тiлiнiң де анықтамасы, себебi, программа - компьютерге түсiнiктi түрде жазылған алгоритм. )

Тұрақтылар сандық және жолдық типтi болып екiге бө-лiнедi. Сандық тұрақтылардың да екi типi бар: бүтiн және нақты. Жолдық тұрақты мәшинеге таныс кез келген символ-дар тiзбегiнен түрады да, тырнақшалар iшiнде жазылады, мы-салы, "Бiз студенттермiз", "А", "". Мүның екiншiсi бiр сим-волдан, үшiншiсi бос символдан түр, оларды символдық тип-тi деп атайды. Жолдық тұрақтының үзындығы 255-тен артық болмауы тиiс (үзындықтың 240-250-ден аспағаны жөн) .

Стандартты функциялар. Aрифметикалық өрнек

Бейсикте мәндерiн компьютердiң арнайы программалар арқылы автоматты түрде есептейтiн функциялар бар. Оларды стандартты функциялар деп атайды.

INT, FIX, CINT функцияларының қызметтерiне мысал-дар:

INT(3. 85) =3 ; INT(-3. 85) =-4 ;

FIX(3. 85) =3 ; FIX(-3. 85) =-3 ;

CINT(3. 85) =4 ; CINT(-3. 85) =-4 .

Кейбiр тригонометриялық функциялардың стандартты еместiгi 1-кестеден көрiнiп тғр. Ондай функциялардың мән-дерiн мәшиненiң есептей алуы үшiн оларды стандартты функ- циялар арқылы өрнектеп алу керек, мысалы, ctgx=1/tan(x) .

Монитор экранының мәтiндiк және графикалық режим-дерi бар екенi 1-бөлiмде ескертiлген болатын. Бейсик бiрiншi рет мәтiндiк режимде iске қосылады. Бүл режимде монитор экранының сыйымдылығы - 80x25 (әр жолға 80 символ сыя-тын 25 жол) .

IBM Бейсикте соңғы 25-жолда кейбiр функциональдық клавиштердiң Бейсиктегi қызметi көрсетiлiп түрады. Арнайы команда бойынша бүл жолды тазалап қою мүмкiн Математикалық өрнек Бейсикте бiр жолға жазылады да, түрлi жақшалардың iшiнде жай жақшалар ғана пайдаланыла-ды, оның үстiне, көбейткiштер арасындағы көбейту белгiсiн тастап кету мүмкiн емес. Мысалы,

X 2 1 +5[a+2(b+1, 6) ] +sin2x

3+cosx

өрнегiнiң Бейсикте жазылуы:

(x1^2+5*(a+2*(b+1. 6) ) +sin(2*x) ) /(3+cos(x) )

Мүндай өрнектi арифметикалық өрнек деп атайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тұрақтылар мен айнымалылар.
  2. Стандартты функциялар

3. Aрифметикалық өрнек

5- Лекция.

REM, LET, INPUT PRINT, END операторлары

LET - меншiктеу операторы (let-айталық, болсын) . Бұл оператордың жазылу үлгiсi (синтаксисi) :

[LET] <идентификатор>=<өрнек>

(Mұндағы және бұдан әрi кездесетiн квадрат жақшалар-

оның iшiндегi элементтi (мысалы, LET сөзiн) жазбай кетуге болатынын бiлдiретiн белгi) .

PRINT - өрнектердiң мәндерiн экранға шығару операторы. Оператордың жазылу үлгiсi:

PRINT <тiзiм>

Программаның орындалу барысында айнымалылар мән-дерiн жадқа тiкелей ендiру үшiн Бейсикте INPUT операто-рын пайдалануға болады (input-ендiру) . Оператордың жазылу

үлгiсi :

INPUT ["сұрақ"; ] <айнымалылар тiзiмi>

Тiзiмге енетiн айнымалылар үтiр арқылы бөлiнiп жазылуы

тиiс. Мысалы, "сұрақты" енгiзбей, (2) - программаның 10-жо-

лын мынандай түрде жазу мүмкiн:

10 NPUT U, V

U мен V айнымалыларының мәндерiн жадқа енгiзу үшiн алдымен программаны iске қосу қажет. ЭЕМ INPUT операто-рын кездестiргенде үзiлiс жасап, экранға сұрақ белгiсiн шығарады да, INPUT операторы параметрлерiнiң мәндерi ендiрiлгенге дейiн күтiп тұрады.

10 INPUT "U, V айнымалылары="; U, V

20 PRINT U; V

30 PRINT U+V; "V="; V, 16. 289

40 PRINT

50 PRINT "Бiз бейбiтшiлiк үшiн "

60 END

Бақылау сұрақтары:

1. Өрнектi Бейсик тiлiнде жазу керек:

7[3, 4+5(4, 7-2, 5) ]

5, 02+cos45+ctg40

2. Тiкелей режимде 2+1/3 өрнегiнiң мәнiн экранға жай

және екi есе дәлдiкпен шығарыңыз.

3. 2, 7+5(3, 2-2, 5) +20 өрнегiнiң мәнiн тiкелей және про-граммалық режимде есептеңiз.

Лекция 6.

Тармақталу командасы. Шарт операторы, және олардың мәндерi.

Жоспар:

  • Тармақталу командасы
  • Шарт операторы, және олардың мәндерi
  • Таңдау командасы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төмен деңгейлі бағдарламалау тілі
Ішкі бағдарламалар
Java кең таралған программалау тілі
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
Бағдарламалау тілдерінің түрлері
Программалау тілдерімен танысу
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы
СИ бағдарламалау тілі және жобалануы туралы
Бағдарламалау тілдерінің өркениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz