Ыстық сумен қамту жүйесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 4
1.1.Ыстық сумен қамту жүйелері туралы жалпы мəліметтер 4
1.2.Ыстық сумен қамту жүйелерінің классификациясы 6
1.3.Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері 8
1.4. Орталықтырылған ыстық сумен қамту жүйелері 11
1.5. Ыстық сумен қамтужүйелерін жылу желілеріне қосу
тəсілдері мен сұлбалары 15
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 25
2.1.Зерттеу нысанындағы қондырғылардың есептері 25
2.2.Су шығынын және ыстық судың тұтыну режимін есептеу 26
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
КІРІСПЕ

Су- тіршілік тамыры.Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су тіршіліктің қайнар көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз.Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті заттарды жинақтайды Су барлық жерде, адам бойында да жерде де , аспанда да, жер астында да, тіпті жерден тыс күн мен жұлдыздарда болады.Су өзінің қайталанбастығымен, үш күйде болатындығымен, орналасқан жағдайына байланысты формасын өзгертетінмен ерекшеленеді.Су үлкен күшке ие, ол адам баласына орасан зор септігін тигізеді. Жер бетіндегі кез-келген заттармен су оп-оңай араласып кете алады, бұл оның тез әрекетке түсетінін көрсетеді.Әзірге жер бетінде судан артық ғажап зат табыла қойған жоқ, бұл судың қайталанбастығын көрсетеді. Мыңдаған жылдар өтсе де су әрқашанда өз маңызын жоғалтпайды.Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері суды қажетті мөлшерде ғана керек етеді.Жер бетіндегі әр жерлерде орналасқан сулар көзі бір-бірімен байланыста болады.Олар жаңбыр, қар, сел тасқындары, бұршақ, қырау, өзен, көл, теңіз, мұхит сулары. Жаңбыр аспаннан жауса ол жерге сіңіп жер астындағы сулармен араласып кетуі де мүмкін.Күн ыстық кездерде көл айдындағы сулар буланып көкке көтеріледі, ол да аспанда қалықтап, ауа-райына байланысты су қалпына түсіп, жерге қар, бұршақ, жаңбыр болып оралуы да мүмкін.Осылайша жердегі су саяхаттап жүреді екен.Жер бетіндегі әр затта сәл болсада су мөлшері болады.Бірақ та су расымен бұрында пайда болған.Адам өркениеті үшін су үлкен маңызға ие. Күнделікті өмірде біз суды ауыз суы ретнде пайдалансақ, оны шаруашылықта мысалы құрылыста, химия өнеркәсібінде, азық-түлік жасауда, ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Ыстық сумен қамту жүйесін қарастыру.Жатақхананың ыстық сумен қамту жүйесін сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеті:Ыстық сумен қамту жүйесінің есептік шығындарын анықтау.Жатақхананың ыстық сумен қамтылуын зерттеу, сызбасын сызып,тұтынушылардың тәуліктік,жылдық,сағаттық су пайдалануын есептеу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. А.А.Ионин и др. Теплоснабжение. М.: Стройиздат, 1982.- 336с.
2. Водяные тепловые сети. Справочное пособие по проектированию. Под.
ред. Н.К.Громова, Е.П.Шубина. М.: Энергоатомиздат,1986.- 376с.
3. М.М.Апарцев Наладка водяных систем централизованного
теплоснабжения. Справочное пособие. М.: Энергоавтомиздат.1983.- 204с.
4. Справочник проектировщика. Внутренние санитарно-технические
устройства. Ч.2. Водопровод и канализация. Под ред. И.Г.Староверова,
Ю.И.Шиллера. 4-е изд. перераб. и доп. - М.: Стройиздат, 1990. -248 с.
5. Р.В.Щекин, С.М.Кореневский и др. Справочник по теплоснабжению и
вентиляции. 4-е перераб. и доп., В 2-х ч.Ч1. Отопление и теплоснабжение. Киев: Будiвельник, 1976.-416с.
6. В.Б.Козин и др. Теплоснабжение. Уч. пособие М.: Высшая школа, 1980.-408с.
7. МҚН 4.02.-02-2004. Жылу тораптары. Астана: ҚР ИжСМ ҚжТКШ істері
жөніндегі комитеті, 2005. –34с.
8. ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006*.Ғимараттардың ішкі суөткізгіштері жəнеканализация. Астана: ҚР ИжСМ ҚжТКШ істері жөніндегі комитеті, 2006. –72с.
9. ҚР СН 4.02-17-2005. Жылу пунктерін жобалау. Астана: ҚР ИжСМҚжТКШ істері жөніндегі комитеті, 2005. –79с.
10. В.М. Копко, и др. Теплоснабжение (курсовое проектирование). Уч.пособие для вузов. Минск, Высшая школа, 1985. – 139с.
11. Н.Н Чистяков и др. Повышение эффективности работы системы
горячего водоснабжения-2-е изд., прераб. и доп.-М.: Стройиздат, 1988.-314с.
12. К.М. Нурпеисова, Г.А. Ветлугина и др. Горячее водоснабжение жилых
зданий. Уч. пособие. Алматы: КазГАСА. 1996. -101с.

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс
Тақырыбы:№4 жатақхананы ыстық сумен қамту жүйесі

Орындаған:Кәрібай А.Б.
Қабылдаған:Абдибаттаева М.М.

Алматы 2017ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
4
1.1. Ыстық сумен қамту жүйелері туралы жалпы мəліметтер
4
1.2. Ыстық сумен қамту жүйелерінің классификациясы
6
1.3. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері
8
1.4. Орталықтырылған ыстық сумен қамту жүйелері
11
1.5. Ыстық сумен қамту жүйелерін жылу желілеріне қосу
тəсілдері мен сұлбалары
15
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
25
2.1. Зерттеу нысанындағы қондырғылардың есептері
25
2.2.Су шығынын және ыстық судың тұтыну режимін есептеу
26
ҚОРЫТЫНДЫ
33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
34

КІРІСПЕ

Су- тіршілік тамыры. Су қорларына - мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су тіршіліктің қайнар көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз.Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті заттарды жинақтайды Су барлық жерде, адам бойында да жерде де , аспанда да, жер астында да, тіпті жерден тыс күн мен жұлдыздарда болады.Су өзінің қайталанбастығымен, үш күйде болатындығымен, орналасқан жағдайына байланысты формасын өзгертетінмен ерекшеленеді.Су үлкен күшке ие, ол адам баласына орасан зор септігін тигізеді. Жер бетіндегі кез-келген заттармен су оп-оңай араласып кете алады, бұл оның тез әрекетке түсетінін көрсетеді.Әзірге жер бетінде судан артық ғажап зат табыла қойған жоқ, бұл судың қайталанбастығын көрсетеді. Мыңдаған жылдар өтсе де су әрқашанда өз маңызын жоғалтпайды.Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері суды қажетті мөлшерде ғана керек етеді.Жер бетіндегі әр жерлерде орналасқан сулар көзі бір-бірімен байланыста болады.Олар жаңбыр, қар, сел тасқындары, бұршақ, қырау, өзен, көл, теңіз, мұхит сулары. Жаңбыр аспаннан жауса ол жерге сіңіп жер астындағы сулармен араласып кетуі де мүмкін.Күн ыстық кездерде көл айдындағы сулар буланып көкке көтеріледі, ол да аспанда қалықтап, ауа-райына байланысты су қалпына түсіп, жерге қар, бұршақ, жаңбыр болып оралуы да мүмкін.Осылайша жердегі су саяхаттап жүреді екен.Жер бетіндегі әр затта сәл болсада су мөлшері болады.Бірақ та су расымен бұрында пайда болған.Адам өркениеті үшін су үлкен маңызға ие. Күнделікті өмірде біз суды ауыз суы ретнде пайдалансақ, оны шаруашылықта мысалы құрылыста, химия өнеркәсібінде, азық-түлік жасауда, ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ыстық сумен қамту жүйесін қарастыру.Жатақхананың ыстық сумен қамту жүйесін сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеті: Ыстық сумен қамту жүйесінің есептік шығындарын анықтау.Жатақхананың ыстық сумен қамтылуын зерттеу, сызбасын сызып,тұтынушылардың тәуліктік,жылдық,сағаттық су пайдалануын есептеу.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Ыстық сумен қамту жүйелері туралы жалпы мəліметтер
Көптеген қалалар мен тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың игерілуі жаппай тұрғын - жай құрылысының басталуына сәйкес келеді. Дәл осы уақыттан бастап қосымша жылу жүктемесінінің қарқынды өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты ыстық сумен жабдықтауға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта тұрғын,мәдени және өнеркәсіптік ғимараттарды ыстық сумен жабдықтаудың үлесіне жылу энергиясының жалпы шығынының 40-60% тиеді, ал жаңа құрылыс аудандарында 60%-дан жоғары.
Ыстық сумен қамтуға кететін жылбойлық жылу шығыны жылуфикациялық турбиналардан шығатын буды тек жылытылатын мерзімде ғана емес, сонымен қатар жазғы уақытта да пайдалануға мүмкіндік береді, бұл жыл бойында жылуфикациялық сұрыптаулардың қолданылу сағаттарының санын арттырады.
Жылыту-желдету жүйесі мен ыстық сумен қамту жүктемесінің үлкен қатынасы жіберілетін жылу энергиясының орталықтан реттелуін айтарлықтай қиындатады. Бірақ бұл кемшілік өндірілетін жылу бірлігіне қажетті отынды үнемді жағу мен ыстық сумен жабдықтаудың кішігірім қондырғыларына қызмет көрсететін жұмысшылардың айтылған қызметтен босауының арқасында көптеген артықшылықтарына жол береді.
Жылу энергиясының ірі көздерінің негізінде орталықтандырылған ыстық сумен қамту, сонымен қатар, тұрғын аудандарындағы қоршаған ортаның ластануын төмендетеді. Ыстық сумен қамту жүйесі ыстық су дайындау көзінен, судың су дайындау көзінен тұтынушылардағы су тарату аспаптарына жеткізетін құбырөткізгіштерден жəне жылутасымалдағыштың параметрлерін реттейтін жəне оның шығынын бақылайтын құралдардан тұрады.
Қазақстан Республикасының перспективті тұрғын-коммуналдық жоспары бойынша ЖЭО мен аудандық қазандықтардағы орталықтандырылған ыстық су дайындауды оның барлық қажеттілігінің 90%-на дейін жеткізу көзделуде.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері жеке қазандықтардан немесе жылу желілерінен шығатын жылумен қамтамасыздандырылған барлық ғимараттарда қолданады. Бұл жүйелердің үш түрі бар:
- жылу желісінен бірден су тарату;
- жылу желілеріне қосылатын жылу пункттерінде ыстық су дайындау;
- ыстық суды суқыздырғыш қазандарда, контактті суқыздырғыштарда немесе жылуалмастырғыштарда дайындау.
Егер жылутасымалдағыш су болса, онда жылдам суқыздырғыштар мен сыйымдылығы жоғары суқыздырғыш қазандар, ал егер бу болса - жылдам немесе сыйымдылығы жоғары суқыздырғыштар жəне бак-аккумуляторлар қолданылады.
Ыстық сумен қамтудың құбырөткізгіштер желісін, əдетте, төменгі тұйықталған таратумен қарастырады. Таратуды сақиналауға сəйкес негіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Ұзақ мерзімде күнделікті ыстық судың шығыны орын алатын ғимараттарда (моншада, кір жуатын орындарда, үлкен қоғамдық асханаларда, мейрамханалар мен т.б.) тарату құбырөткізгішін қысқа тармақтары бар тұйық желімен орналастырады.
Медициналық мекемелерде, сондай-ақ көпқабатты үйлер мен қонақ үйлерде құбырдағы судың суытылуын төмендету мен жүйеде қалыпты температураны ұстап тұру үшін тəулік бойы айналымдық желісі бар тарату құбырөткізгішін пайдаланады.
Табиғи жəне сорғыш көмегімен айналым тудыратын орталық сулы жылыту жүйесінің жұмысына ұқсас су тарату жоқ болған кезеңдерде жылутасығыштың қажетті айналым интенсивтілігі қысым ауытқуының есебінен бірқалыпты ұсталынады. Жылу желісінен бірден су таратылатын ыстық сумен қамту жүйесінде су айналымын келесі жағдайларда қарастырады:
- жылу желісінің қайтатын сызығында ыстық сумен қамтудың беретін жəне айналымды құбырөткізгіштерінің қосылатын нүктелерінің арасындағы диафрагманың көмегімен болатын қысым айырмашылығының есебінен қайтатын сызықта (жылытылатын мерзім);
- ыстық сумен қамтудың айналымды құбырөткізгішіндегі диафрагма əсерінен болатын қысым айырмашылығы есебінен жылу желісінің беретін сызығында (жылытылмайтын мерзім).
Төртқабатты тұрғын ғимараттарда, егер жуынатын бөлмелерде орамал кептіргіштер болмаған жағдайда, су айналымы тек магистральды құбырөткізгіштерде қамтамасыз етіледі. Ал, ыстық сумен қамту жүйесіне қосылған көпқабатты жəне орамал кептіргіштері қарастырылған ғимараттарда су айналымы тікқұбырларда да қарастырылады.
ЖЭО-ның жылу желісіне қосылатын ғимараттарда ыстық суды жылдам суқыздырғыштарда қыздырудың бір немесе екісатылы сұлбасын қолданады немесе жылу желісінен бірден су таратуды қарастырады. ЖЭО-ның жылу желісінен бірден су таратуы бар ыстық сумен қамту жүйесі суда бактериялар мен химиялық ластағыштар, механикалық қоспалар жəне көрінетіндей түсі болмаған жағдайда рұқсат етіледі. Автономды суқыздырғыш қазандарда ыстық сумен қамтудың қажеттіліктеріне кететін суды жылыту талап етілетін сапасы бар су болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Төменгі жəне жоғарғы қысымды булы желіге қосылған ғимараттарда ыстық суды дайындау үшін жабық немесе ашық бак-аккумуляторлары бар жылдам немесе сыйымдылығы жоғары суқыздырғыштарды қолдану керек. Сыйымдылығы жоғары суқыздырғыштарда суды қыздыру будың есебінен жыланғыштар, перфорирленген құбырлар немесе буағыншалы аппараттар көмегімен жүзеге асырылады. Суқыздырғыш-жылуалмастырғыштар үшін жылутасығыш ретінде ЖЭО-дан келетін аса қызған суды немесе қысымы 2-3 кГсм2 болатын буды қолдану ұсынылады. Жертөлесінде қазандықтары бар тұрғын жəне қоғамдық ғимараттарда суды қыздыру үшін төменгі қысымды буды (0,7 кГсм2 дейін) пайдаланады.
Жаз бен қыста ыстық сумен қамту жүйесінің үздіксіз жұмыс атқаруы үшін жылуалмастырғыштарда суды қыздыру орталық жылытудың жұмысына тəуелді болмауы қажет. Тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың автономды қазандықтарында арнайы ыстық сумен қамтуға күнделікті жұмысын атқаратын қосымша қазандар орнатады.
Ыстық судың тұрақты қоры қажет болған барлық кезде, мысалы,моншада, кір жуатын орындарда, медициналық мекемелерде жəне үлкен тұрғын үйлерде шатырдың арнайы жылытылатын бөлмелерінде немесе жертөлелерде ыстық судың сыйымдылығы жоғары арынды бактарды орналастыруды қарастыратын ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі жүзеге асырылады.
Ыстық сумен қамту жүйесін жобалау үшін ғимараттың конструкциясын білу қажет. Тапсырма бойынша, əдетте, типтік қабат жоспары, тұрғын қабаттың жəне жертөленің биіктігі беріледі.Жобалаудан бұрын ЖЖП-ның орналасатын орнын анықтап алу қажет.Ескере кететін жайт, тұрғын ғимараттарда ЖЖП жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтуға ортақ болып келеді. Жүйелерде талап етілетін қысымды төмендету жəне айналымды жақсы ұйымдастыру үшін ЖЖП-ін орналастыру орнын ғимараттың орта бөлігіне қарай, яғни ыстық сумен қамтудың оң жəне сол бөліктері симметриялы болатындай таңдаған жөн.
Өте күшті коррозияға ұшырауға жəне тот басуына бейімі бар ыстық сумен қамту қондырғыларының ұзақ мерзімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында үлкен жүйелерде периодты түрде жыланғыштар мен суқыздырғыштардың құбыраралық кеңістіктерін ингибирленген 5 - 8%-тік тұз қышқылының ерітіндісімен, одан кейін оны бейтараптандыру үшін 10%-тік көмірқышқыл сода ерітіндісімен тазарту ұсынылады. Металдың бұзылуынан сақтану үшін мұндай тазарту шараларын бүкіл эксплуатация кезеңінде 4 - 5 мəрте ғана жасау қажет.
Құбырлардың жоғары дəрежеде коррозияға ұшырау себептері əлі толық зерттелмеген. Ыстық сумен қамту жүйелерін ұзақ пайдалану тəжірибесі құбырлардың ұзақ мерзімділігі қолданылған болат сапасына байланысты екендігін көрсетеді.

1.2. Ыстық сумен қамту жүйелерінің классификациясы
Ыстық сумен қамту - бұл жыл бойылық жылу жүктемелерінің бір түрі.Тұтынушыларға берілетін ыстық су Ауыз су ҚР СанЕжН III.01.067-97* сəйкес болуы қажет.
Қыздырғыштардан кейінгі су температурасы санитарлы-гигиеналық талаптармен негізделеді. Төменгі шек ретінде көптеген ауру тасығыш бактериялар жойылатын пастеризация температурасы деп аталатын мəн қабылданады, ол 60°С-қа тең; ал жоғарғы шек ретінде тұтынушыларды күйіп қалудан сақтау мақсатында 75°С температура алынады. Бірақ норма бойынша қыздырғыштан кейінгі температура емес, су тарату нүктелеріндегі су температурасы қабылданады:
50°С-тан төмен емес -- жабық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін;
60°С-тан төмен емес -- ашық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері мен жергілікті ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін;
75°С-тан аспайтын -- жоғарыда қарастырылған барлық жағдайлар үшін.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ыстық судың температурасы норма бойынша 37°С-тан аспауы керек.Тұтынушыларға жоғары температурадағы ыстық су қажет болатын қоғамдық тамақтану мекемелерінде жергілікті суқыздырғыштарды қарастырған жөн.
Суқыздырғыш қондырғыларынан немесе араластырғыштан шығатын ыстық су температурасының төменгі көрсеткіштерін бақылау керек:
- жабық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін:
tһ = 50+(1015) ¸ C°
- ашық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін:
tһ= 60+ (510)¸ C°
Қыздырылатын салқын суөткізгіштік суды алдын-ала өңдеу қажеттілігі жабық жылумен қамту жүйелерінде орын алады. Бұл өңдеу қыздырғыштар мен жергілікті ыстық сумен қамту жүйелерін коррозияға ұшырау мен тот басудан қорғайды, ал ашық жүйелерде жылу көзінде қажетті өңдеуден өткен су жылу желілерінен келіп түседі.
Суөткізгіштен келетін суды өңдеу қажеттілігі мен өңдеу тəсілін(коррозияға қарсы, тот басуға қарсы) жылу пунктерінде оның сапасының нақты көрсеткіштеріне байланысты анықтау қажет.
Ыстық сумен қамту жүйелері ыстық суды дайындау көзінен, су көзінен тұтынушылардың су тарату аспаптарына дейін суды жеткізетін құбырөткізгіштерден, жəне жылутасығыш шығынының параметрлерін реттеп, бақылайтын құрылғылардан тұрады.
Ыстық сумен қамту жүйесі жылу көзінің орналасу орнына байланысты келесідей болып бөлінеді: деорталықтандырылған (жергілікті) жəне орталықтандырылған.
Жергілікті жүйелер су тарату аспаптарына жақын орналасқан жергілікті көздердің ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Ал, орталықтандырылған жүйелерде ыстық су сыртқы жылу желілерінің үлкен тұтынушылар тобына ЖЭО, аудандық, кварталдық жəне басқа да қазандықтардан немесе өндірістік кəсіпорындарының жылу қондырғыларынан келіп түседі. Өндірістік кəсіпорындарда ыстық сумен жабдықтау екіншілік энергоресурстарды пайдалану бойынша əртүрлі қондырғылардан ұйымдастырылуы мүмкін.
Тұтынушылардың тағайындалуына байланысты тұрғын, қоғамдық жəне өндірістік ыстық сумен қамту жүйелерін ажыратады. Тұрғын үйлер мен қонақ үйлердің кейбір типтерінің ыстық сумен қамту жүйелері бүкіл ғимарат бойынша орналасқан тікқұбырлар мен су тарату аспаптарына баратын тармақтардың көптігімен ерекшеленеді. Көптеген қоғамдық,əкімшілік жəне өндірістік ғимараттарда ыстық судың жалпы қолданыс пунктері (санитарлы түйіндер, жалпы жəне жекеленген душтар мен ванналық кабиналар, жуғыштар) бірнеше бөлмелерде жинақталған. Тұрғын,қонақ үйлерде, емдік жəне басқа да мекемелерде:
- су тарату аспаптары əртүрлі қабаттарда орналастырылады;
- коммуналды, спорттық, өндірістік кəсіпорындардың ыстық суының жалпы қолданыс пунктері көп жағдайда бірінші қабатта немесе жертөледе орналасады.
Тұрғын үйлердің ыстық сумен қамтуының тəуліктік біркелкісіздігі ыстық судың қоғамдық-өндірістік тұрғыда тұтынуының біркелкісіздігінен айырмашылығы зор. Бұл тұтынушылар ыстық суды тəуліктің белгілі бір уақыттарында мерзімді түрде пайдаланумен ерекшеленеді, яғни бір жағдайда ыстық судың қорын жасауды талап етсе, екінші бір жағдайда уақытша суқыздырғышты пайдаланады.
Жылу пунктісі орнынан су тарату аспаптарына дейін құбырөткізгіштерді төсеу тəсілі бойынша жоғарғы жəне төменгі таратуы бар жергілікті, тұйықталған жəне ыстық су айналымы бар жүйелер болып бөлінеді.
Ыстық сумен қамту жүйесінің ыстық суының айналым тəсілі бойынша табиғи жəне мəжбүрлі айналымды жүйелер болып бөлінеді.
Ыстық суды аккумуляциялау орнына байланысты ажыратылады:жергілікті жылу пунктінде (ЖЖП) жекеленген аккумуляциясы бар жүйе;орталық жылу пунктінде (ОЖП) топтық аккумуляциясы бар жүйе немесе жылу көзінде орталық аккумуляциясы бар жүйе.
Жергілікті жылу пунктері бөлек ғимараттардың жылу пайдалану жүйелеріне қызмет жасайды, ал жекеленген жылу пунктісі тұтынушылар жүйесіне қызмет етеді. Екі түрлі пункте де жылутасығыштың параметрлер өзгерісі болады - яғни қысымның, температураның, кей жағдайларда шығындар мен əртүрлі деңгейлерде жылу жіберуді реттеудің өзгерісі орын алады. Жылумен жабдықтаудың автономды жүйелерінің сенімділігі мен үнемділігі осындай қондырғылардың жұмысына тəуелді. Жалғану тəсілін таңдауды техника-экономикалық есептер негізінде жүзеге асырған жөн.

1.3. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері
Орталықтандырылған жылумен қамту болмағанда жергілікті немесе деорталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері қолданылады. Тұрғын жəңе қоғамдық ғимараттардың бұндай жүйелерінде ыстық суды дайындайтын көз ретінде газды немесе электрлік суқыздырғыштары жəне қатты немесе газ тəрізді отын жағатын суқыздырғыш колонкалары қолданылады. Жергілікті жүйелер тек бір пəтерді ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Өндірістік ғимаратардың тұрмыстық бөлмелерінде душ сеткаларының саны беске дейін болса немесе ыстық сумен қамтуға жылу шығыны 58 кВт-қа дейін болса су-булы немесе су-сулы қыздырғыштарын қолданады.Осындай ыстық сумен қамту жүйелеріне ыстық су дайындалуы 1.1,1.2,1.3 суреттерде келтірілген.
Қабаттығы бестен аспайтын тұрғын үйлерде газды суқыздырғыштарды қолданадуға болады. Газды суқыздырғыштардың ағымды жəне көлемдік түрлері болады. Ағымды жедел газды суқыздырғыштар тұрғын үйлердің ас бөлмелерінде орнатылады, олар екі нүктеге ыстық суды таратады.
Қоғамдық ғимараттардың кейбір бөлмелерінде (қонақ үйлер,санаториалар мен демалыс үйлерінің ваннасында, мектептер жəне спортзалдар мен қазандықтар душтарында) газды суқыздырғыштарды қондыруға рұқсат берілмейді.

Сурет 1.1.Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелерінің сұлбалары: 1- жылу генератор; 2 - аккумулятор; 3 - сақтандырғыш клапаны d = 20 мм(25 мм); 4 - кері клапан; 5 - жыланғыш.

Сурет 1.2.Газды суқыздырғышпен біріккен жылыту жəне ыстық сумен қамту жүйелерінің сұлбалары: а) суөткізгіштің қысымымен; б) кеңейткіш ыдыстың қысымымен;1-суқыздырғыш АГВ маркалы; 2 - ыстық сумен қамту жүйесі;3 - кеңейткіш ыдыс; 4 - жылыту жүйесі; 5 - жылыту жүйесінің қайтатын құбырөткізгіші; 6 - суөткізгіш; 7 - кері клапан; 8-ауалық құбыр.

Сурет 1.3.Шойын қазанымен біріккен жылыту жəне ыстық сумен қамту жүйелерінің сұлбалары: 1-қазан; 2-кері клапан; 3- суөткізгіш; 4- ыстық сумен қамту жүйесі;5- шарлы клапанды толтырғыш багі; 6- толтырғыш құбыр; 7-кеңейткіш;8- жылыту жүйесі; 9-айналымды жалғастырғыш; 10,11-вентилдер;12- жыланғыш; 13- бак-аккумулятор.

Тұрғын үйлердің жергілікті жылыту жəне ыстық сумен қамту жүйелеріне қуаты мол, мысалы, АГВ типті көлемдік газды суқыздырғыш қолданады. Осындай суқыздырғышттарды жатақханалар мен қонақ ұйлерінің жалпы ас бөлмелерінде орнатуға болады.
Электрлі суқыздырғыштарды тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлерде, ауруханалар мен шаштаразда қолдануға болады. Бұлар жағдайлы жəне гигиена талаптарына сəйкес. Суқыздырғыштың конструкциясы судың көлемі 30 - 1000 л герметикалық резервуардан жəне оқшауланған кедергі элементтерден тұрады. Көлемі 100л дейін суқыздырғыш қабырғаға ілінеді, ал көлемі 100л артық еденде орнатылады.
Поселкелерде аз қабатты үйлерде колонкалары суқыздырғыш қолданады(1.4 сурет). Колонканың отжаққышы ағаш, көмір, брикетталған торф жануына арналған. Колонкалары суқыздырғыш ас немесе ванна бөлмерінде орнатылады (ваннаның қасында). Бұндай суқыздырғыштарда газ тəрізді отын қолдануға болмайды.

Сурет 1.4. Ванна бөлмедегі колонкалары суқыздырғыш: 1 - салқын суөткізгіші;2 - жанғыш заттары;3 - ыстық судың душтың торына жəне ағымды кранға шығуы;4 - түтінжолын тазартуының люгі; 5- түтінжолы.

1.4. Орталықтырылған ыстық сумен қамту жүйелері
Орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың ерекшелігі ыстық су тарату аспаптарына үздіксіз келіп тұруы - қазіргі заманға сай жылумен қамту жүйелерінен келіп түсетін жылуды жергілікті немесе орталықтандырылған жылу пунктерінде ыстық су жүйесіне дайындау кеңінен таралған. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту сыртқы сулы жылу желілерінен іске асырылады да екі түрге бөлінеді:
- жабық жылумен қамту жүйесіне - салқын суды қыздырғыштарда ысыту (1.5,1.6 суреттер);
- ашық жылумен қамту жүйелеріне - жылу желісінен тікелей су бөлу(1.7 сурет).
Ыстық суды дайындау негізінен жергілікті жылу пунктінде (ЖЖП) немесе орталықтандырылған жылу пунктінде (ОЖП). жүзеге асады.Ыстық сумен қамтудың жергілікті жүйелерінің сұлбелері ғимараттың тағайындалуы мен көлеміне, жылу жүктемесінің өзгеру сипатынан жəне өзге де бірқатар факторларға байланысты болады.
Маусымдық сумен жабдықталатын кіші аз қабатты үйлерде, тұрақты су бөлінетін монша-кір жуу шаруашылықтарында ең қолайлы жəне арзан құбырлары түйықты жоғары жақтан таратылатын жəне аккумулятор орналасатын сұлбалар қолданылады (1.5 сурет).

Сурет 1.5.Жоғарғы таратулы жəне бак-аккумуляторлы ыстық сумен қамтудың түйықтік сұлбасы: 1 - салқын су құбыры; 2 - секциялық суқыздырғыш; 3-қалқымалы кранды жоғарғы бак-аккумулятор; 4-су тарату аспаптары;РТ-температура реттегіш.

Өте ұзын тарату құбырлары бар ғимараттарда сорғыш пен су қыздырғыш көмегімен еріксіз айналдыратын сұлбалар қолданылады (1.6 сурет).

Сурет 1.6.Төменгі таратулы жəне еріксіз айналдырулы ыстық сумен
қамтудың сұлбасы: 1,2-жылу желісінің құбырлары; 3-су ысытқыш; 4-температура реттегіш;5-су құбырының суы; 6-айналдырушы сорап; 7-беруші сызық;8-айналдырушы сызық; 9-таратушы баған; 10-құбырларға су таратушы;11-орамал кептіргіш.

Жылу желілерінен тікелей су бөлінетін ыстық сумен қамту сұлбаларында араластырғыштар орнатылады (1.7 сурет).

Сурет 1.7.Төменгі таратулы жəне жылу желілерінен тікелей су алатын ыстық сумен қамтудың сұлбасы: 1,2-жылу желісінің құбырлары; 3-су қыздырғыш;4- температура реттегіш; 5-дроссель-шайба; 6-ауа бөлгіш;7- су тарату құбырлары; 8-элеватор;9-жылыту жүйесі.

Бұл сұлбаларда араластырғыш қондырғылар желілік судың қайтатын құбырының салқындаған суын араластыру есебінен жылу желілерінің беретін құбырынан келетін желілік судың температурасын төмендету үшін арналған.
Ыстық су таратуы азайғанда немесе тоқтатылғанда ыстық сумен қамту жүктемесінен сорғыш пен қыздырғыш өнімділігі асып түскенде бак аккумуляторлар - жылу қоры пайда болады. Мұндай сəтте су құбырынан суық судың тұйық жүйеге келіп түсуі азаяды немесе толығымен тоқтатылады, ал қыздырғыштың үздіксіз жұмысы жүйеден жылу энергиясын көтеруге пайдаланылады. Төменгі таратулы жəне аккумуляторлы ыстық сумен қамту жүйелерінде бак аккумуляторлар тек қана төменде орнатылады. Төменгі бактар су таратудың ең биік нүктесінің статикалық қысымының астында орналасқан сондықтан су деаэрлациаланбайды.
Аккумуляторды сумен жайлап толтырудың мұндай үрдісі зарядқа деп аталады. Ыстық суды тарату заряд беретін сорғыштар мен қыздырғыштар өніміне тең болған кезде жəне қысымның түсуін ескергенде айналымды құбырлардағы кері қақпақ су айналымын тоқтатып жабылады жүйелерінде бак аккумуляторлар тек қана төменде орнатылады (1.8 сурет).

Сурет 1.8.Төменгі таратулы бак-аккумуляторлы ыстық сумен қамтудың
сұлбасы: 1 - аккумулятор; 2 - ауашығарғыш; 3-орамал кептіргіш;4 - зарядтағыш сорғыш.

Төменгі бактар су таратудың ең биік нүктесінің статикалық қысымының астында орналасқан сондықтан су деаэрлациаланбайды.ОЖП-дан келетін ыстық сумен қамту ғимараттардың үлкен тобы үшін топтық су қыздырғыштарда (жабық жылумен қамту жүйелерінде) жəне араластырғыш қондырғыларда (ашық жылумен қамту жүйелерінде) іске асырады. ОЖП-да ыстық суды дайындаудың төменгі артықшылықтары бар - жылу техникалық жабдықтардың жалпы санының азаюы(қыздырғыштар, айналдыру сорғыштар, температура реттегіштер жəне т.б.ыстық сумен қамту жүйелерін таттанудан қорғау мақсатында жергілікті су құбырының суын орталықтандырып өңдеу мүмкіндігі; пайдалану шығындарының азаюы.
Бірақ ОЖП-да ыстық су дайындаудың да бірқатар маңызды кемшіліктері бар - жеке тұрған ғимараттар арасында ыстық суды тең мөлшерде болу қиындығы, ыстық сумен қамту жүйесін реттеудің қиындығы, ең алыс орналасқан тұтынушылардағы ыстық су температурасының түсуі.
Жоғарыда көрсетілген себептерді ескере отырып ОЖП-дағы ыстық су дайындау əдісін таңдау нақты жағдайда техникалық-экономикалық есеппен расталуы тиіс.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамту сыртқы булы жылу желілерінен іске асырылғанда екі түрге бөлінеді:
-салқын су сулы-булы қыздырғышта жылытылады (1.9 сурет);
-сулы-булы қыздырғышта салқын су мен бу араласу арқылы жылытылады (1.10 сурет ).

Сурет 1.9. Ыстық сумен қамту жүйесі конденсат қайтаратын булы жылу желілеріне қосу сұлбасы: 1 -- буөткізгіш; 2 -- конденсатөткізгіш;РТ -- температура реттегіш;КО -- конденсатəкеткіш; СбБ- жинақтық бак;П -- қыздырғыш; А -- аккумулятор.

Сурет 1.10.Ыстық сумен қамту жүйесі конденсат қайтармайтын булы жылу желілеріне қосу сұлбасы: а -- сулы жылыту жəне ыстық сусен қамту; 6 -- булы жылыту жəне ыстық сумен қамту; в -- ыстық сусен қамту; Р -- кеңейткіш; А -- аккумулятор;СП -- ағымды қыздырғыш; ВВ -- салқын суөткізгіш.
1.5. Ыстық сумен қамтужүйелерін жылу желілеріне қосу
тəсілдері мен сұлбалары

ЖЭО-ның жылу желісіне қосылатын ғимараттарда ыстық суды жылдам суқыздырғыштарда қыздырудың бір немесе екісатылы сұлбасын қолданады немесе тікелей су таратуы бар ыстық сумен қамту жүйесі судағы бактериялар мен химиялық ластағыштар,механикалық қоспалар көрінетіндей түсі болмаған жағдайда рұқсат етіледі. Автономды суқыздырғыш қазандарда ыстық сумен қамтудың қажеттіліктеріне кететін суды жылыту талап етілетін сапасы бар су болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Ашық жылумен қамту жүйелерінде ыстық сумен қамту жүйесінің аспаптарына су жылу желісінен тікелей суараластырғыш арқылы іске асырылады, бұл суараластырғыш әрі температураны реттегіш болып табылады (1.11-сурет). Ыстық сумен қамтуға жылу желісінің беретін құбырынан және жылытудын қайтатын құбырынан суды пропорция нәтижесінде араластырумен алынады. Жылытылатын мерзімде суреттегішке су тек жылужелісінің қайтатын құбырынан қамтамасыз етіледі, себебі ондағы судың температурасы =60°C.

Сурет 1.11.Ыстық сумен қамтамасыз етудің жылу желілеріне тікелей қосу сұлбасы: ЫҚЖ - ыстық сумен қамту жүйесі; CА - суараластырғы.
Жабық жылумен қамту жүйелерінде ыстық сумен қамту жүйесіне суқыздырғыштарда суық суды жылу көзінен келетін жылумен жылытып береді. Суқыздырғыштар үш түрлі сұлбамен жылу желілеріне: параллелді; екі сатылы араласқан; екі сатылы тізбекті қосылуы қарастырылады.Қосу сұлбасы ыстық сумен қамту жүйесінің және жылыту жүктемелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыстық сумен қамту жүйелері
Ғимараттың ыстық сумен қамту жүйесін қарастыру
Экономика жағдайы
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Жылумен жабдықтау жүйелері
Ыстық сумен қамтуға орташа жылу ағынының іріктелген көрсеткіштері
Қызылорда қаласының жылдық жылу шығынының есебі
Altyntau Kokshetau ЖШС – ті жылумен қамтамасыз ету жүйесін автоматты басқаруды жетілдіру
Жылу есептегішін есептеу
Жылыту жүйелерінің элементтері
Пәндер