Мұнайды жинау кезіндегі қауіпсіздік


ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ БОЙЫНША ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мұнайды жинау кезіндегі қауіпсіздік

Орындаған:Кәрібай А. Б.

Қабылдаған:Абдибаттаева М. М.

Алматы 2017ж.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 ҰҢҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ЖҮЙЕСІ
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 1. Кен орнын игеру сатылары
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 2. Мұнайды жинаудың қазіргі жүйелері
3: 8
КІРІСПЕ: 1. 3. Мұнай кен орындарының өлшемі мен пішініне байланысты жинау жүйелері
3: 10
КІРІСПЕ: 1. 4. Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды саңылаусыз жинау жүйесі
3: 11
КІРІСПЕ: 1. 5. Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі
3: 12
КІРІСПЕ: 1. 6. Мұнай жинаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
3: 14
КІРІСПЕ: 1. 7. Мұнайды жинау және оны тасымалдауға дайындау
3: 16
КІРІСПЕ: 2 МҰНАЙДЫ ЖИНАУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
3: 19
КІРІСПЕ: 2. 1. Ұңғы өнімдерін жинауға қойылатын талаптар
3: 19
КІРІСПЕ: 2. 2. Мұнай-газ жинау тораптары, коллекторлары және конденсат құбырлары
3: 19
КІРІСПЕ: 3 ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫНДАҒЫ МҰНАЙ ЖИНАУ ЕСЕПТЕРІ
3: 23
КІРІСПЕ: 3. 1. Жетібай кен орнында қолданылатын жинау жүйесі
3: 23
КІРІСПЕ: 3. 2. Жинау жүйесінің жұмыстарындағы қиыншылықтар және олармен күресу
3: 26
КІРІСПЕ: 3. 3. Топтап өлшейтін қондырғыларды найзағайдан қорғау
3: 27
КІРІСПЕ: 3. 4. Найзағайдың екіншілік әсерінен қорғау
3: 29
КІРІСПЕ: 3. 5. Жерсіңдіруші құрылғының есебі
3: 30
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 33
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 34

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының мұнай өнеркəсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дəлелденген қорынан - 13, газ жəне конденсаттан - 15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дəлелденген қоры жəне мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша - төртінші орын алады. Еліміздің территориясында 200-ден астам мұнай жəне газ кен орындары бар.

Өнеркəсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты əкімшілік облысында шоғырланған. Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90%-ы шоғырланған. Атап айтсақ осы аймақта: Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты жəне мұнай-газ қоры 100 млн. тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған.

Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) жəне Ақтөбедегі (Жаңажол) . Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.

Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дəлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық. Республикамыздағы мұнайдың құрлықтағы болжамды алынатын қоры 7, 8 млрд. тонна жəне оның 2/3 бөлігі Батыс Қазақстанда шоғырланған, ал табиғи газдың болжамды қоры 7, 1 трил. м3 болып табылады.

Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнай газ қоры да мол. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шығыс Қашаған құрылымына бұрғыланған барлау ұңғыларының нəтижесінде мұнай мен газдың өнеркəсіптік мол қоры дəлелденген.

Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік Үстіртте, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан 60-қа жуық кен орны игерілуде. Қазақстан Республикасында мұнай жəне конденсатты өндіру көлемі 2004 жылы 60 млн. тоннадан асты, ал газ өндіру көлемі 14. 5 млрд. м3 құрады.

Мұнай өнеркəсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін кəсіпшілікте жинау, тасымалдау жəне дайындау жүйесін жетілдіру мəселесіне көп көңіл аудару қажет.

Мұнайгаз өндіру кəсіпорындары мұнай өндіруді; мұнайды жинау, дайындау жəне тасымалдауды; мұнай газын жинау жəне дайындауды; қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде пайдаланылатын тұщы жəне қабат суларын қабатқа айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі жəне қосалқы міндеттерді атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.

Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда жəне мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға, топырақтың, судың жəне атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл бөлінеді.

Мұнай ұңғыларының өнімдерін кəсіпшілікте жинау жəне дайындау жағдайында өтіп жатқан құбылыстардың, үрдістердің жəне туындайтын мəселелердің сан алуандығы сонша оны бір кітап көлемінде ашып көрсетіп, тереңірек үңілуге толық мүмкінді бермейді. Мұнай кен орындарын игерудің қазіргі таңдағы дүниежүзілік тəжірибесі əртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе газды жəне суды тиімді жинау жəне сапалы дайындауды қамтамасыз ететін əртүрлі техникалық жəне технологиялық шешімдерді, тəсілдер мен жабдықтарды қолданумен сипатталады. Технологиялық үрдістерде өнімділігі жоғары, толығымен немесе бір бөлігі ғана автоматтандырылған, саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар қолданылады. Химиялық реагенттердің кең спектрі қолданылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау жүйесін және оның қауіпсіздігін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті: Мұнай кен орындарында ұңғы өнімін жинауды және одан туатын қауіптіліктерден қорғану жолдарын іздестіру. Қауіптіліктің алдын алу шараларын ұйымдастыру, құрылғылардың қауіптілікке байланысты есептеулерін шығару.

1 ҰҢҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ЖҮЙЕСІ

1. 1. Кен орнын игеру сатылары

Кез-келген кен орынды жобалау игеру жобасын құрастырудан басталады. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

- мұнай мен газ қорларын есептеу;

- кен орнын игеру сұлбасын (схемасын) жасау;

-барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық жəне пайдалану сипаттамаларын анықтау;

- қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;

- мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;

- айырудың əртүрлі сатысындағы мұнайдың дифференциалды газсыздануы;

- мұнайды өңдеудің неғұрлым тиімді сұлбасын ұсыну;

- кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;

- игерудің барлық мерзіміндегі əр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;

- жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;

- ұңғыны пайдалануға енгізу тəртібі мен уақыты жəне оларды пайдаланудан шығару;

- игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік (сағалық) жəне құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;

- ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі жəне параметрлері, осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тəсілден

механикалық пайдалану тəсіліне ауыстыру қажеттілігі;

- газ факторын анықтау;

- қабат қысымын ұстау тəсілін таңдау жəне айдалатын жұмысшы агентінің (су, газ) көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;

- айдау ұңғыларының жұмыс режимі, жұмысшы агентінің (су, газ) негізгі көздері;

- кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.

Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу жəне бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.

Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кəсіпшілік ішінде тасымалдау жəне ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.

Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін жəне мұнайдан, қабат суларынан, əртүрлі қоспалардан жəне еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады.

Ұңғы өнімдерін жинау жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

- өндіру ұңғылары;

- автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ) ;

- сығымдайтын сорап станциялары (ССС) ;

- мұнайды жинаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ) .

Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан. Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды.

Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық жəне климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл жəне орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы жəне т. б. Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып жəне жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің əр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет. Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады.

Сурет1. 1. Мұнай кен орындарын игеру сатылары.

І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады жəне пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПа×с дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады) . Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.

ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру - бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) жəне сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) жəне ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тəсіліне ауысады.

ІІІ саты - мұнай өндірудің едəуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тəсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, əсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты жəне орта есеппен 5-10 жылды құрайды.

Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ға дейін мұнай алынады.

ІV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды жəне экономикалық тиімділік шегімен (рентабелділікпен) анықталады. Бұл əсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.

Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын жəне суды өндірудің бірдей еместігі жəне уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындауға арналған кəсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.

Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға жəне бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тəсілі өзгеріп отырады.

Өнімді жинау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

1) өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау жəне тасымалдау;

2) əр ұңғы бойынша мұнай, газ жəне суды автоматты өлшеу;

3) ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау жəне есептеу;

4) өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;

5) технологиялық қондырғылардың беріктігі жəне толық автоматтандырылуы;

6) негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;

7) күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары жəне металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;

8) жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау.

Қазақстан республикасының мұнай кəсіпшіліктерінде жəне шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ жəне суды бірге жинау қарастырылған.

1. 2. Мұнайды жинаудың қазіргі жүйелері

Қазіргі уақытта жоғары арынды, саңылаусыз және автоматтандырылған мұнай жинау жүйелерінің жеткілікті көптеген түрлері бар.

Жергілікті жер бедері тегіс болып келетін кен орындарында алаңдар қалыпты ұңғы торымен бұрғыланады, ал шығару желілері ТӨҚ-да (топтық өлшеу қондырғысында) орналасқан “Спутникке” қосылады.

Сайлы және жоталы (төбелі) жерлерде орналасқан кен орындарында бұрғылау көлбеу ұңғыларының бірнеше шоғырымен жүзеге асады, ал шығару желілері “Спутникке” қосылады.

Су шайған (су астында қалған) және балшықты аймақта орналасқан кен орындарындағы алаңдарды жасанды аралдар жасай отырып көлбеу ұңғылар арқылы бұрғылайды және осы аралда орналасқан “Спутникке” жалғайды.

Ұңғы өнімдерінің құрамында (6-20%) парафиндер, шайырлар (смола) және асфальтендер көптеп кездесетін кен орындарындағы алаңдарды қалыпты ұңғы торымен бұрғылайды, бірақта ұңғы сағасында шығару желісінің басында сағалық қыздырғыш (УН-0, 2) - автоматты жұмыс істейтін пеш орнатылған, одан мұнай “Спутникке” қарай тасымалданады.

Мұнайгаз өндіру басқармасындағы (МГӨБ) ұңғы өнімдерін жинаудың негізгі сұлбасын 1. 2 суреттен көруге болады.

http://konspekta.net/mybibliotekasu/baza10/2256318568940.files/image072.jpg

Сурет 1. 2. МГӨБ-дағы мұнай жинау кешендерінің негізгі технологиялық сұлбасы.

Өндіру ұңғыларының өнімдері жеке құбырлар арқылы автоматты топтық өлшеу қондырғысына (АТӨҚ) келіп түседі, мұнда әр ұңғының шығымдарын жеке өлшеу жүргізіледі.

Реагенттер блогы (РБ) арқылы өнімге дозаторлық (мөлшерлік) сораптармен химреагенттер (деэмульгаторлар, парафиннің жиналуына және коррозияға қарсы ингибиторлар) қосады, ал егер мұнай тұтқырлығы жоғары, парафинді болса, онда оны пештерде қыздырады. Мұнай, бірінші сатылы (С-1) айыру қондырғысында алдын-ала газсыздандырылғаннан кейін, сығымды сорап станциясындағы (ССС-ғы) сораптардың көмегімен кәсіпшіліктік жинау коллекторлары (яғни құбырлары) арқылы мұнайды орталық жинау пунктіне (ОЖП) -не қарай бағыттайды - мұнда мұнай екінші сатылы (С-2) айыру қондырғысынан және мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру процестері жүретін мұнайды дайындаудың деэмульсациялық қондырғысынан өтеді. Одан соң тұрақтандыру қондырғысына немесе соңғы айыру қондырғысына (САҚ) -на келіп түседі, бұл жерде мұнай газдан толық босайды.

(А) - технологиялық блогындағы - «Рубин-2» автоматтандырылған қондырғысында мұнайды тауарлы паркке өткізер алдында, оның тауарлық сапасы мен мөлшері автоматты түрде анықталады. Егерде қандайда болмасын себептерге байланысты мұнай берілген параметрлерді қанағаттандырмаса, онда автоматты түрде кері қайтадан өңдеуге жіберіледі. Тауарлы парк (ТП) немесе тауарлы резервуарлар паркі екі тәуліктік мұнайды жинауға және сақтауға арналған, бұл арадан мұнай магистралды мұнайқұбырлары арқылы мұнайөңдеу зауыттарына жөнелтіледі.

Айыру қондырғысында мұнайдан бөлінген ілеспе газы, сәйкесті өңдеуден кейін компрессорлы станциялардың (КС) көмегі арқылы газ өңдеу зауыттарына (ГӨЗ-на) беріледі.

Кен орнында ілеспе мұнайгазының үлкен қоры болса, онда газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) кен орнының алаңына орналастырады, бұл жерде газды магистралды газқұбырларына берер алдында сәйкесінше дайындықтан өткізеді (кептіреді және жеңіл көмірсутектерінің ауқымды фракцияларынан бөледі) .

Қабат сулары мұнайды дайындаудың (МДҚ) деэмульсациялық қондырғысынан соң ақаба суды (яғни, тазартылмаған суды) дайындау қондырғысына (СДҚ-на) келіп түседі, бұл жерде ол қабат қысымын ұстау (ҚҚҰ) жүйесінде қолданылу үшін дайындалып, одан соң блокты шоғырланған сорап станцияларына (БШСС) бағытталады, мұнда кен орнындағы айдау ұңғыларына бөлінеді (таратылады) . ҚҚҰ-ға қажетті жеткіліксіз су көлемін, басқа су көздерінен тазарту құрылымдары арқылы алып блокты шоғырланған сорап станцияларына (БШСС) береді.

1. 3. Мұнай кен орындарының өлшемі мен пішініне байланысты жинау жүйелері

Ұңғы өнімдерін жинаудың əртүрлі технологиялық сұлбасы, олардың тағайындалуы, артықшылықтары мен кемшіліктері.

Мұнай кен орындары ауданы бойынша үлкен (30х60), орташа (10х20) жəне кіші (10 км2 -дейін) болып келеді. Пішіні бойынша бұл кен орындары созылған, шеңберлі немесе элипс тəрізді болуы мүмкін. Көрсетілген факторлар мұнай жинау жүйесіне елеулі əсер етеді. Олардағы жабдықтар, төселген құбырлар жəне құрылым-жасақтарының жиынтығы бірдей, бірақ олардың алаңға орналасуы əртүрлі.

Алып жатқан ауданы бойынша үлкен, созылған кен орындарында, ауданның өс бойына орналасқан бірнеше мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ) қолданылуы мүмкін, оларға топтық қондырғылар (ТҚ) қосылған. Тауарлы мұнайды жинау ортақ тауарлы парк ақылы жүзеге асады.

Сурет 1. 3. Ауданы бойынша үлкен, қатты созылған кен орындарындағы жинау жүйесінің схемасы.

Ауданы бойынша шағын, пішіні шеңберлі болып келетін кен орындарында орталық жинау пунктін (ОЖП) кен орны ауданының ортасына орналастырады, ұңғы өнімдері топтық қондырғыдан (ТҚ) өз қысымы арқылы мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) келіп түседі. Мұнда мұнайды тауарлы сапаға дейін толық дайындау жүзеге асады.

Алып жатқан аудан көлемі үлкен, пішіні элипс тəрізді кен орындарында ұңғы өнімін орталық жинау пунктінде (ОЖП) дайындау тиімді болады, бірақ топтық қондырғылардың (ТҚ) едəуір қашықтықта орналасуына байланысты топтық қондырғылар территориясында орналасқан сығымды сорап станциясын (ССС) пайдалануымызға тура келеді. Кен орнын игерудің соңғы сатысында бұл жерге суды алдын-ала шығаруға арналған тұндырғыштар орналасады.

Сурет1. 4. Ауданы шағын, шеңбер пішінді кен орындарындағы жинау жүйесінің сұлбасы.

Сурет 1. 5. Ауданы бойынша үлкен, пішіні элипске жақын кен орындарындағы жинау жүйесінің сұлбасы.

1. 4. Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды саңылаусыз жинау жүйесі

Қазақстан Республикасында 30-дан астам жоғары парафинді жəне асфальттышайырлы мұнай кен орындары ашылған. Бұл кен орындарының қатарына: Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Құмкөл жəне т. б. жатады. Осы аталған кен орындарының мұнайы қату температурасы жоғары, жылжымалығын тез жоғалтатын бойындағы еріген парафиндерге, шайырларға, асфальтендерге қаныққан болып келеді. Мысалы, Өзен кен орнының мұнайы 30 °С-де баяу қозғалады.

Осындай мұнайды жинау жəне дайындау үшін шығару желісінде (П-1) пеші, жинау коллекторларында (П-2) жəне магистралды құбырларда (П-3) пештері орнатылады. Конструкциясы мен қуаттылығы бойынша олар бірбірінен ерекшеленеді. Электрлі жəне мұнайдан айрылған газ арқылы жұмыс істейтін пештер қолданылады. Магистралды құбырларда пештер əрбір 100-150 км қашықтықта орнатылады.

Сурет1. 6. Жоғары парафинді мұнайды жинау жүйесі.

1. 5. Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы мұнай жəне газ өнеркəсібінің даму болашағын Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі) кен орындарын игерумен байланыстырады. Əлемде теңіз кен орындарын игерудің жеткілікті мол тəжірибесі жинақталған.

Суы таяз жəне тереңдеу болып келетін (яғни жағалауға жақын жəне одан едəуір қашық) аудандарда орналасқан теңіз мұнайгаз кен орындарындағы ұңғы өнімдерін жинаудың əртүрлі жүйелері бар.

Теңіздегі кен орындарында ұңғыны бұрғылау, одан өнім алу, алынған өнімді (мұнай, газ жəне су) жинау жəне дайындау үшін əртүрлі гидротехникалық құрылым-жасақтары қолданылады. Олардың түрлерін таңдау көптеген себептерге байланысты болады.

Теңіздің 10-15 метр тереңдігіне дейінгі жерлерде алаңқайлары бар жасанды дамбалар немесе аралдар жəне эстакадалар, ал неғұрлым терең (150-300м) жерлерде тұрақты (стационарлы) платформалар түріндегі гидротехникалық құрылым-жасақтары жиі қолданылады.

Қайраңдағы (таяз суларда) төселетін дамбалар немесе жасанды аралдар тастардан, щебенкалардан жəне құмдардан тұрғызылады, дамбаның бүйір беттерін судың шаюынан сақтау үшін бетонды плиталар немесе ірі блокты тастармен қоршайды. Дамбаның нақ ортасынан жағалауға дейін жүретін жолдар салынады. Дамбамен қатар ұңғылар шоғыры бұрғыланатын алаңқайлар тұрғызылады. Дамбаның тереңдігі ұлғайған сайын эстакадаларға ауысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Блокты автоматтандырылған демульсаторлар
Атырау бас мұнай айдау стансасының резервуарлық паркін кеңейту жобасы
Бастапқы қор мың тонна
Тұзсыздалған мұнайдың көміртекті құрамы
Қаламқас кен орнында мұнай өнімін жинау және дайындау
Ұңғымалар қоры ұңғыма
Жаңажол мұнай газ кешенінінің 4 зауытындағы шикі мұнайды сусыздандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектісі
Жойылған ұңғылар қоры
Тауарлы мұнайды сақтайтын резервуарлы парктердің автоматтандырылуын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz