Химиялық байланыстар


Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Химиялық байланыстардың мутагенді әсері
  2. Химиялық байланыстардың концерогенді әсері
  3. Химиялық қосылыстардың гонадотропты әсері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жасуша метаболизмі химиялық заттардың əсер ету нəтижесінде бұзылуымүмкін. Гомондармен жəне басқа да реттеулердің жүйелерге жауап бере

отырып, химиялық заттар басқарылмайтын өзгеріске алып келеді, генетикалық

кодты өзгертеді.

Мысалы, көміртегінің тотықсызданып еру реакциясының бұзылуы, токсикалық (улы) металдан болатын, əсіресе мыс пен мышьяк

қосындысы; пента хлорфенал (ПХФ), триэтил - қорғасын, триэтилцинк жəне 2, 4- динитрофенол. Фосфорланып тотығу реакциясы стадиясында демалудың

химиялық үрдісінің тізбегін бұзады; хлорорганикалық пестицидтер мен

полихлорланған бифенилдер (ПХБФ) қалқанша безінің жұмысының бұзылуына əкеліп соғады.

Мутагенді жəне канцероегнді əсер ету.

ДДТ, ПХБФ жəне полиароматикалық көмірсутектер (ПАУ) сияқты заттар

потенциалды түрде мутагенді (ағзаның тұқым құалаушылық қасиеттерінің

өзгеруіне ДНҚ бұзылу есебінен алып келеді) жəне канцерогенді жаңа ұрпақтың жақсы жəне жаман сапаларының дамуы əсер етуге ие. Бұлардың адамға жəне жануарларға зиянды əсері ауадағы жəне тамақ азық түліктерінде кездесетін осындай заттармен ұзақ байланыста болған кезеде шығады. Мəлімет бойынша, жануарларға жасалған тəжірибе негізінде алынған, канцерогенді əсер екі сатылы механизм нəтижесінде пайда болады:

а) Гонадотропты эффект еркектер даралығындағы сперматогенез бен

əйелдердің овогенезге əсер етуде пайда болады, соның арқасында биологиялық

объектінің функцияларының репродуктивтілігінің бұзылуынан пайда болады.

б) Эмбриотопты эффект ұрықтың дамуындағы бұзылуында - ұрықтың

өлуінде, немесе оның өлшемінің жəне массасының төмендеуінде тұрақты

матаның дифференцировкада көрінеді.

д) Аллергенді эффект - терінің ыдырауы, демінің бұзылуы жəне т. б. түрде

байқалатын эффект.

Негізгі бөлім

Химиялық байланыстардың мутагенді әсері.

Химиялық заттардың мутагенді әсері ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, ағзаның тұқым қаулаушылық қасиеттерінің өзгерісін айтуға болады.

Химиялық заттардың әсерінен болатын мутациялы процесті үлкен екі топқа бөледі: ұрық жасушаларындағы мутагенез және сомалық жасушалардағы мутагенез. Химиялық заттардың әсерінен болатын мутация тұқым қуалаушылық құрылымның барлық үш деңгейінде де туындауы мүмкін: генном, хромосомном және геномном. Ұрық жасушаларындағы мутация нәтижесінде түрлі даму днңгейлерінде зигота, эмбриондардың қырылуы жүреді немесе мутация ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді. Сомалық жасушадағы мутациялар генетикалық гомеостаздың бұзылуына әкеледі. Қазіргі таңда көптеген химиялық заттар үшін мутагенді әрекеттер анықталған. Бұләрекеттергемысалы, хлоропрен, винилхлорид, этилен қышқылы, диметилфталатиеболады. : вирустар мен фагтарда, жануарларда, ұлпакультурасында, . , индикаторлы организм мутация . ( SHK ақтышқандары) мутация өзгерістері. , .

мен мөлшеріқолданылады.

Химиялық байланыстардың концерогенді әсері.

Қазіргі уақытта 5 млн. астам химиялық канцерогендер белгілі, оның ішінде 50 мыңға жуығы потенциалды қауіпті болып қабылданған. Жыл сайын әлем бойынша жаңа химиялық қосылыстар шығарылады, мыңдағаны өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылық өндірістеріне енгізілуде.

Химиялық канцероген - адамда немесе жануарларда олардың әсерінсіз кездеспейтін ісіктердің дамуын немесе олардың дамуының жиілеуіне болмаса спонтанды (типті) ісіктердің тым ерте пайда болуын туғыза алатын (әйтсе де, соңғысында олардың пайда болу механизмі басқа себептерден болуы да мүмкін) заттар немесе заттардың қоспасы. Бірінші жағдайда шынайы канцерогендер - пестицидтер туралы айтылады, екінші жағдайда-ісік дамытатын промоторлары туралы (канцер-огендердің алдындағы заттар) . Шынайы канцерогендер жиі мутагендер болып табылады. Олар гендік мутацияларға алып келеді, ол белок синтезінің өзгеруіне және одан әрі ісктердің дамуына апарады.

Химиялық қосылыстарды зерттеу барысында канцерогенді органикалық және бейорганикалық заттардың бірнеше топтары анықталды:

а) көпциклді ароматты көмірсутектер (КАК) әдетте 4-5 конденсирленген бензолды сақиналардан тұрады, мысалы, бен(а) пирен. Көпциклді ароматты көмірсутектер үшін енген жерінде ісіктердің дамуына тән: майлаушылардың тері ісігі, тері астына және құрсақ ішіне енгізген кездегі саркомалардың дамуы, интратрахеалды енгізген кездегі тыныс алу мүшелерінің ісіктері.

б) алифатты көмірсутектердің қалдықтары (дериваттары) : эпок-сидтер мен галогенді көмірсутектер. Оларды жануарларға енгізген кезде қалай біріншілік енгізген жерінде болса, дәл солай алыс жатқан тіндерде де қатерлі ісіктер дамыған.

в) ароматты аминдер, нафталин, дифенил, флуорен туындылары. Бұл заттар иттерде қуық ісігін, кеміргіштерде бауырдың және бақа да мүшелердің қатерлі түзілімдерін туғызады. Ароматты аминдерге гепатоканцерогенділік қасиетіне ие аминоқосылыстар (мысалы, 4-диметиламиноазобензол) ұқсас болып келеді. Бұл қосылыстар организмге ингаляциялық жолмен және тері арқылы сіңірілу жолымен түседі және қуықтың ісігін туғызады. 2-нафтиламин, бензидин және 4-аминодифенил де сондай әсер көрсетеді, олар РЗХА жіктемесі бойынша 1 классқа жатады. Бензидин туындыларының ішінде 3, 3 - дихлорбензидин, 3, 3-диметоксибензидин (орто-дианизидин), сонымен қатар бензидин негізіндегі бояғыш заттар: тікелей қара 38, тікелей көк 6 және тікелей қоңыр 95 канцерогенділік қасиеттері бар. Олар 2Б тобына жатқызылған.

г) анилинді бояулар өнеркәсібінде онкоқауіпті фуксин өндірісі (2А тобы) және аурамин өндірісі (1-топ) жатады. Бұл өндірістер жұмыскерлерінде қуық ісігінің жиілеу жағдайлары анықталған. Аурамин өндірісіндегі қатерлі ісіктердің дамуын аурамин әсерімен (2Б топ бөлімшесі), ал фуксин өндірісінде - орто-толуидин әсерімен (2А топ бөлімшесі) байланыстырады, соңғысы жануарлар үшін күшті канцероген болып саналады.

д) нитрозды қосылыстар және ең алдымен нитрозамин қоршаған ортада және адам ағзасында бірқатар аминдерден және нитроздаушы заттардан (нитриттерден, азот тотықтарынан) пайда болуы мүмкін. Нитозаминдер әртүрлі мүшелер мен тіндердің ісіктерін туғызуы мүмкін.

Жоғарыда аталған канцерогенді агенттер өнеркәсіптердегі шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің құрамына кіреді, сондай-ақ концерогендердің әсеріне адам ауыл шаруашылығы өндірісінде де ұшырайды. Канцерогенділік қауіптілік транспортта, қызмет көрсету саласында жұмыс істегенде, денсаулық сақтау саласының бірқатар мекемелерінде де туындайды.

Құрамында КАК (канцерогенді ароматты көмірсутегі ) бар қара күйе, шайыр және минералды майлар. Бұл өнімдер көмірді, мұнайды, тақтатасты ( сланцты) жоғары температуралық жағдайда қайта өңдеуде және оларды коксты химиялық, мұнайды қайта өңдеу, брикет, қара күйе, пекококсты және басқа да өндірістерде, сонымен қатар алюминий өнеркәсібінде, газды генераторлы зауыттарда, орман, химиялық шаруа-шылықтарда, машина жасау өнеркәсібінде (минералды майларды пайдаланған кезде, салқындатуда), тағам өнеркәсібінде (түтінмен ыстау кезінде, тағамдық азық-түліктерді жоғары температурамен қайта өңде-генде), іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс істеуінде түзіледі. Атап өткен өндірістермен, көлік жүргізетіндерде өкпе қатерлі ісіктерінің жиі кездесетіні, сирек жағдайларда - асқазан мен қуық қатерлі ісігінің болатыны байқалады. Қара күйенің, шайырдың және минералды майлардың канцерогенділік себебін, олардың құрамында бенз(а) пиреннің (1А бөлім-шесі) және басқа да көпциклді ароматты көмірсутектердің болуымен түсіндіреді.

Құрамында хлоры бар қосылыстар. Бұл топқа поливинилхлоридті (ПВХ) алу үшін қолданылатын венилхлорид (1-топ) жатады. Бисхлорметилді эфир мен техникалық хлорметилді эфир де қауіп туғызады. Олар негізінен ионалмастырушы шайырды өндіруде қолданылады, ал мұндай өндірістердің жұмысшыларында өкпе қатерлі ісіктерінің жиілеу жағдайларында байқалады.

2Б тобына төрт хлорлы көміртегі, хлороформ және ДДТ () жатады, олар эксперименттік жағдайда бауырдың ісіктерін туғызады, 2, 4, 6-үшхлорфенол өндірісінде жұмыс істейтіндерде жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері, лейкоздар мен лимфомалар жиілігені анықталды; «сарғышты агент» пестицидінің құрамына енетін, американдықтар мен вьетнамдағы соғыста қолданылған тетрахлордибензоп-диоксин вьетнам халқы мен американдық сарбаздарында қатерлі ісіктердің даму жиілігіне алып келген; пестицидтер үстеме ретінде жиі қолданылатын, сонымен қатар қағаз-целлюлоза өнеркәсібінде қолданылатын көп хлорлы бифенилдер; пестицидтер мен дәрілік заттарды синтездеуге қолданылатын ; хлорланған толуолды алу өндірісінде қолданылатын бензоүшхлорид, қатерлі ісіктердің жиілеуіне; эпихлоргидрин синтезінде жұмысшыларды респираторлы жолдың қатерлі ісіктерінң дамығаны байқалды; гербицидтер түрінде қолданылатын феноксисірке қышқылы (2, 4, 5-Т және 2, 4-Д) өндірістік экспозиция уақытында жаңа түзілімдердің дамуының жиілігені анықталды.

Басқа да органикалық қосылыстар. Бұл топта бензол басты орын алады, өндірістік жағдайда бензолдың әсер етуі салдарынан лейкоздың даму жағдайлары бірнеше рет болатыны жазылды. Бензол еріткіш ретінде (жасанды тері өндіру өндірісінде) қолданылады, бензиннің құрамында болады, ( жанармай құю бекеттерінде, бензин өндірісінде), желім құрамдасы түрінде (аяқ-киім өндірісінде) кездеседі. Адам үшін шартты канцероген ретінде күкіртті ипритті атап өтсе де болады. Жапония мен Германияда иприттің өндірісімен айналысатын жұмысшылар кеңірдек пен өкпенің қатерлі ісігінен жиі өлім жағдайына ұшыраған.

1-топқа, РЗХА сарапшыларымен, сондай-ақ 93%-дық күкірт қышқылының пропиленмен ұзақ әрекеттесуі жолымен алынған изопропил өндірісі де жатқызылады. Бұл өндіріс жұмысшыларында ауыз қуысы мен кеңірдеіңкт қатерлі ісігінің жиі кездесетіні анықталды. Қатерлі ісіктің бұл кездегі этиологиялық факторы әлі анықталмаған. 2А-топ бөлімшесіне, жануарлар үшін канцерогенді акрило-нитрил, диметилсульфат пен диэтилсульфат та жатқызылады. Акрило-нитрил қолданылатын жасанды талшықтар зауытының жұмысшыларында өкпе мен басқа да мүшелердің қатерлі ісіктерінің жиілегені байқалды. Диметилсульфат, диэтилсульфат - алкилдеуші қосылыстар, химия өнеркәсібінде фенолдарды, аминдер мен тиолдарды метил туындыларына айналдыру үшін қолданылады. Диметилсульфат пен диэтилсульфаттың әсер етуі, тыныс алу жолының қатерлі ісіктерінің жиіленуіне алып келеді.

Формальдегид 2Б топ бөлімшесіне жатқызылған заттарға, ерекше назар аудару қажет. Ол жануарлар үшін канцерогенді болып табылады. өнеркәсіп жұмысшыларының, сонымен қатар формалинді пайдаланатын морфологиялық зертхана қызметкерлерінің (10 % формальдегид ертіндісі) денсаулық жағдайына бақылау жасауда, нәтижелер керіснше.

Эксперимент жағдайында қатерлі ісіктер туғызатын этилентиомочевина, дибромэтан, кең қолданылатын 1, 4-диоксан еріткіші және амитрол гербициді, сонымен қатар жануарлар үшін әлсіз канцерогенділігі ықтимал этиленоксид 2Б топ бөлімшесінен енгізілген, себебі олардың канцерогенділігі туралы эпидемиологиялық мәліметтері дәлелді емес. Жануарлар үшін, канцерогенді гидрозин туралы да сондай пікірге келсе болады. Құрылымы бойынша гидрозин өнеркәсіптерде қолданылатын нитрозды қосылыстар, ұқсас болып келеді, әйтсе де олардың өндіріс жағдайында канцерогенділі туралы мәліметтер болмағанымен, олар әртүрлі жануарлар үшін (моллюскілерден приматтарға дейін) канцерогенді болып табылатыны, сондықтан да көптеген мамандар оларды адам үшін потенциалды қауіпті деп санауға бейім тұрады.

Резина өнеркәсібінің жұмысшыларының бірқатар категорияларында ісік жағдайларының жиіленуін туғызатын агенттер (1-топ) толық анықталған жоқ. Қуық қатерлі ісігінің жоғары жиілігі резина өндірісінде анти-оксиданттар түрінде қолданылатын ароматты аминдердің әсерімен, ал лейкоздардың дамуы, органикалық еріткіштердің әсер етуімен байланысты деп саналады. Аяқ киім өндіріс мен аяқ киім жөндеу шеберханаларындағы жұмысшылардың мұрын, қуық ісіктерінің және лейкоздардың даму себептері, желімнің құрамына енетін бензолдың әсерінен болуы мүмкін. Мұрын қуысының аденокарциномасының жоғары жиілігі жиһаз өнеркәсібі жұмысшыларында, әсіресе жоғары шаң түзілумен байланысты жұмыс-тармен айналысатындарда кездеседі.

Өндірістің физикалық канцерогенді факторлары. Көптеген физикалық факторлар, берілген мәліметтер бойынша адам үшін өндіріс жағадайында канцерогенді болады. Рентген сәулелері, ретгенологтар мен әртүрлі аурулары себепті рентгенотерапия алатын көптеген адамдар-да, терінің қатерлі ісігі мен лейкоздарды туғызды. Радий және ториймен жұмыс істеген ғалымдарда тері ісігі мен лейкоздар анықталған. 20-шы жылдары, АҚШ сағат зауыттарында жарқыраушы циферблаттарды өндіру үшін құрамында радий мен мезаторий бар бояғыштарды қолданды. Сол уақытта бояғышқа салынған бояу жаққышты үшкірлеу үшін ауызына салған жұмысшы әйелдерде жақ сүйегінің остеогенді саркомасы дамыған. Уранды кеніш шахтерларында радон мен оның ыдырау өнімдерімен сәулеленуден туындаған өкпе ісігінің жоғары қауіпі байқалған. Күннің УК-сәулесі ашық аспан астында жұмыс істейтін адамдарда : теңізшілерде, балықшыларда, ауыл шаруашылық жұмысшыларында терінің қатерлі ісігінің дамуы жиілеген. УК-сәулеленуден медицина қызметкелері де зардап шегеді (физиотерапевттер) . Тұрақты механикалық әсер ету кезінде де ісіктердің дамуы мүмкін (киім пішушілердің бас бармағының ісігі, тігіншілердегі тоқпан жіліктің ісігі) . Жылулық қатерлі ісікке, от жағушылардың терінің қатерлі ісігі, әйнек үрлеушілердің күйдіріп алған жерлеріндегі қатерлі ісіктер жатады. Механикалық және жылулық әсер ету, канцерогенді немесе басқа канцерогендердің әсерін қоздырушы болып табылады. Бильгарциоздың аясындағы паразиттік қатерлі ісіктер мен қуық ісігі және опситорхоз аясындағы бауырдың қатерлі ісіктері кездеседі. Қатерлі ісіктердің барлық жағдайлары ішіндегі кәсіби қатерлі ісіктердің алатын үлесі көп емес (1-6%) . Кәсіби канцерогенді факторларды жою мүмкіндігі бар қатерлі факторларға жатады. Кәсіби қатерлі ісіктің ең алғашқы көрінісі 1775 жылы ағылшын дәрігері Потпен жасалынды (мұржа тазалагыштардың ұма ісігі) . XIX ғасырда Саксонийдағы Шнееберг кеніші мен Чехославакиядағы Якимов кенішінің таукен жұмысшыларында өкпе ісігінің дамуы, сонымен қатар парафин өндірісіндегі жұмысшыларда терінің қатерлі ісігінің дамуы туралы мәліметтер пайда болды. Кәсіби онкологиялық ауруларыдң сипатында, соңғы жылдары екі тенденция (үдеріс) байқалған: 1) күтілген жиілікке қарама-қайшы жоғарғы жиілікті қатерлі ісіктер анықталған кәсіптердің санының өсуі; 2) берілген кәсіпке тән емес тек негізгі шоғырланғаны (локализациялы) ғана емес, сондай-ақ басқа да жерлерде (басқа да локализациялы) орналасқан ісіктердің пайда болуы.

Кәсіби жаңа түзілімдердің жалпыға бірдей қабылдаған жіктемесі әзірге жоқ. Этиологиялық факторы бойынша жіктеме кең қолданылады:

I. Химиялық факторлардың әсерінен дамитын кәсіби қатерлі ісіктер;

II. Физикалық факторлардың әсерінен дамитын кәсіби қатерлі ісіктер;

III. Паразиттерден туындайтын кәсіби қатерлі ісіктер.

Кәсіби қатерлі ісіктердің патогенезі әлі де анық емес. Осы үш фактордың маңызы: әсер ету басталғанан кейінгі уақыт, әсер ету аяқтал-ғаннан кейінгі уақыт және әсер ету басталған кездегі жас шамасы. Кәсіби қатерлі ісіктердің клинкасында арнайы белгілері болмайды. Ереже бойынша ауру жұмысшының онкоқауіпті өндірістен шығып кеткеннен кейін барып, ұзақ жасырын кезең өте дамиды. Кәсіби онкологиялық ауру диагнозын қойғаннан кейін сырқаттың кәсіби бағытын мұқиат зерттеу және аурудың кәсіппен байланысын ретроспективті (өткенді шолатын) анықтау маңызды орын алады. Кәсіби қатерлі ісіктердің алдын алу шараларының жолдары. Қатерлі ісіктің кәсіби ауруға жататынын регламенттеуші (шектеуші) құжатта, оны қалай қолдану нұсқамасы көрсетілген «Кәсіби аурулар тізімі» (ҚР ДМ №243 бұйрығы) жатады. Кәсіби қатерлі ісіктердің алдын алу, б і р і н ш і л і к (клиникаға дейінгі) және е к і н ш і л і к (клиникалық) алдын алу шараларынан тұрады. Қатерлі ісіктің біріншілік профилактикасы, қазіргі уақытта «қатерлі жаңа түзілімдердің және олардың алдындағы ісік алды жағдайлардың даму мүмкіншілігін болдырмауға бағытталған, эмбрионалды даму кезеңінен бастап адамның бүкіл ғұмырын қамтитын шаралар жүйесі» ретінде анықталады.

Біріншілік профилактиканың бірнеше түрлері белгілі:

- онкогигиеналық - өндірістік ортаның әртүрлі факторларының әсер етуімен байланысты канцерогенділік қауіптілікті анықтау және жою;

- генетикалық -тұқым қуалайтын ісіктері бар жанүяларды, сонымен қатар хромосомалық тұрақсыз адамдарды анықтау және оларды канцероегндермен жұмыс істеуге жібермеу;

- иммунобиологиялық - иммунологиялық тапшылықты адамдар мен контингенттерді анықтау және иммунологиялық статусты қалпына келтіру мақсатында шаралар жүргізу;

- биохимиялық - белгілі бір химиялық препараттарды қолдану жолымен экзогенді өндірістік факторлардың әсерінен бластомогенді әсерді болдырмау.

Теория жүзінде ең жақсы жасалған және іс жүзінде ең кең қолданылатын шараға қатерлі ісіктің онкогигиеналық алдын алу шарасы жатады. Маңызы брйынша ол барлық біріншілік профилактиканың басты бөлімдерінің бірі болып табылады, ол бірнеше негізгі мәселелерді шешеді: 1) өндірістерде канцерогенді факторлар мен олардың шығу көздерін анықтау; 2) канцерогендерді гигиеналық регламенттеу; 3) өндірістік канцерогендермен қатынасу қауіпін азайтуға бағытталған алдын алу шараларын жасау; 4) өндірістік ортаның канцерогенді ластануына тиімді бақылау жасауды іске асыру. Онкогигиеналық профилактиканың маңызды элементіне химиялық канцерогенді заттар мен адамдарға түсетін канцерогенділік жүктемеге бақылау жүргізу (мониторинг) жатады. Канцерогендердің әсер ету жағдайындағы еңбек жағдайының зияндылық класы, осы заттардың жұмыс аумағы ауасында ШРЕК жоғарылау дәрежесі бойынша анықталады. Кәсіби қатерлі ісіктердің алдын алуда ең әсер етуші шараға канцерогенді заттарды өндірістен толық алып тастау, өнеркәсіптік материалдардағы, шикізаттағы, аралық өнімдердегі бластомогенді заттарды деканцерогендеу, салауатты өмір салтын насихаттау - шылым шегуден, ішімдік ішуден бас тарту; сол немесе басқа зиянды заттарға қарсы қорғаныс құралдарын қолдану, жеке гигиена сақтау. Қатерлі ісктерді барынша ерте анықтауға бағытталған диспансерлеудің, жақсылап есепке алудың және созылмалы фондық (ортада), ісік алды ауруларды емдеудің маңызы үлкен. Созылмалы фондық, ісік алды және онкологиялық ауруларды алдын ала анықтаудың негізгі жолына кезеңдік профилактикалық және мақсатты медициналық тексерістерден өткізу жатады. Қатерлі ісіктің дамуындағы ұзақ жасырын кезеңді ескере отырып онкоқауіпті өндірістерге 40-45 жастан жас емес адамдарды қабылдау керек. Тексерістерді жүргізу кезінде қатерлі жаңа түзілімдер мен ісік алды ауруларды, ерте анықтау мақсатында халыққа медициналық тексерістерді жүргізу бойынша нұсқаулықта көрсетілген ұсынымдарды орындау керек. Бұл кезде, жоғары онкологиялық қатер тобын таңдап алу аса маңызды, ол кезде кәсіби зияндылықтармен қатар ағза үшін қауіпті сыртқы және ішкі факторларды да, яғни канцерогенезді түрлендіруші (модифицирлеуші) факторларды ескеру керек, олар канцерогенді агенттердің канцерогенділік әсерін іске асыруға қалай әсерін тигізсе, пайда болған ісік жасушаларының одан әрі тағдырына дәл солай әсерін тигізеді. Канцерогенді заттармен қатынас жасайтын жұмысшылардың денсаулық жағдайына тиімді бақылау жасау, тек олардың сәйкес өндірістерде жұмыс істеу кезеңінде ғана емес, сондай-ақ мұндай өндірістерден кеткеннен кейін де, яғни бүкіл ғұмыры бойына іске асырылуы тіис. Канцерогенді қауіпті өндірістерді санитарлық-гигиеналық төл құжаттаудың басты мақсаты, кәсіби онкологиялық аурушаңдық деңгейін төмендету болып табылады. Жұмысшылары канцерогенді заттармең қатынас жасайтын кәсіпорындар туралы мәліметтер жинағы және канцерогендермен кәсіби қатынаста болған адамдардың, олардың жекелеген кәсіби мамандығы бойынша саны анықталған регистрлары (тіркемелері), бұл кәсіпорындардың жұмыс істеуіндегі халық үшін канцерогенділік қауіптілік дәрежесін болжауға және баға беруге ықпал жасайды.

Канцерогенді қауіпті кәсіпорындарға төл құжаттауды жүргізу кезінде артықшылық қағидасын ұстану керек, ол келесі көрсеткіштермен анықталады:

· өндірістік химиялық заттардың адам үшін канцерогенділік қаупінің дәлелділік дәрежесі;

· жұмыс аумағы ауасының канцерогенді заттармен нақты ластану дәрежесі;

· канцерогенді факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшылар контингентінің саны;

· канцерогендердің қоршаған ортаға түсуімен байланысты өндірістің немесе өнімді қолданудың көлемі.

Жұмысшылар үшін канцерогенділік қауіптілікке баға беру кезінде ең бірінші кезекте адам үшін канцерогенділік қауіптілігі дәлелденген өндірістік үрдістердің болуы, сонымен қатар адам үшін канцерогенді қосылыстармен және өнімдермен, ең алдымен канцерогенді заттардың ШРЕК жоғарылауы тіркелетін жерлерде, өндірістік қатынас жасауы назарға алынады. Одан кейін дәл сондай реттілікпен адам үшін канцерогенділігі ықтимал заттар мен өнімдердің кәсіби әсерінен болатын қауіптілік дәрежесіне баға беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыс функциялары
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Химиялық байланыс туралы ілімнің дамуы
Химиялық байланыстар және қасиеттері
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР. Иондық байланыс
Иондық байланыс
Кіріктірілген оқыту принциптері
Химиялық байланыс теориясы
Химиялық құрылыс теориясы бойынша
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz