Экономикалық теорияның пәні бойынша дәрістер



1. тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері

1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
2.тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері
2.1. Адам және экономика
2.2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
3.тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
3.1. Меншіктің әлеуметтік.экономикалық мәні, объектілері, субъектілері
3.2. Меншіктің формалары мен типтері
3.3. Меншік формасын өзгерту әдістері
4. тақырып. Қоғамдық шаруашылық формалары. Тауарлы өндіріс
4.1.Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері
4.2.Тауардың мәні және қасиеттері
4.3 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
4.4.Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы.
4.4.Ақша айналымының эволюциясы
5.тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
5.1. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
5.2. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелерде шешу тәртібі
5.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі
6.тақырып. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы

6.1. Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері
6.2. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері
6.3. Нарықтың элементтері: сауда және коммерция
6.4. Нарықтың типтері.
7.тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
7.1 . Сұраныс заңы және оған әсер ететін факторлар
7.2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар
7.3. Нарықтық тепе.теңдік
7.4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі
8.тақырып. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен бағыттары
8.1 Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
8.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
8.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және даму проблемалары
9.тақырып. Өндіріс шығындары және табыс
9.1. Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары
9.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы.
9.3. Жалпы, орташа және шекті табыс
9.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарлату шарты.
10.тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы
10.1. Пайда.кәсіпкердің табысы
11.тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі жалпы экономикалық көрсеткіштер
11.1. Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі
11.2. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы
11.3. ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері
11.4. Ұлттық есеп жүйесі
12.тақырып. Жалпы экономикалық тепе.теңдік
12.1. Жиынтыќ с±раныс жєне оны аныќтайтын факторлар
12.2. Жиынтыќ ±сыныс: классикалыќ жєне Кейнс модельдері
12.3. Макроэкономикалыќ тепе.тењділік классикалыќ теориясы. Жеке, жалпы жєне наќты тепе.тењдік
12.4. Т±тыну мен қор жинау
12.5. Инвестициялар жєне оѓан єсер ететін факторлар
14.тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
14.1 Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
14.2 . Дағдарыс және оның түрлері
14.3 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
14.4 Экономикалық өсудің модельдері
13.тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
13.1 Жұмыссыздықтың мәні және себептері
13.2 Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
13.3 Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы
13.4 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
13.5 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
13.6 Инфляцияның әлеуметтік.экономикалық зардаптары
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымның шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармалар пайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.
П.Самуэльсонның бейнелі сөзі бойынша экономикалық теория қоғамдық ғылымдардың Ханымы болып табылады. Ұлт байлығының қайнар көздері және оны ұлғайту әдістері туралы мәселе экономикалық ойдың нақ ортасындда болды. Өткеннің көрнекті экономистерінің еңбектерінде «байлық» сөзі текке шешуші сөз болған жоқ. Ең болмағанда А.Смиттің «Халықтардың байлықтарының себебі және табиғаты туралы зерттеу», И.Посошковтың «Байлық және кедейлік туралы кітап», К.Маркстің «Капитал» деген еңбектерін еске түсірейік.
Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен табамыз.
Ксенофонт (б.э.д. 445-335 жж.) «Экономия» деп аталатын (гректің «ойкос» -шаруашылық және «номос» заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй шаруашылығын басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.
Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. «Ойкономия» түсінігі саяси экономияға айналды. «Саяси экономия» түсінігінің өзі алғаш рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162жж.) «Қоғамдық шаруашылықтың заңдары» («Саяси экономияның трактаты») деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя» - грек тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.
Жаңа ғылым атау алып ұзақ уақыт нақты кесілген пәнге ие болмады. Онымен де «таза» экономисттер айналыспады.
«Саяси экономия» өзінің пәнін капитализмнің дүниеге келуімен кескіндейді (16ғ. соңы - 17ғ. басы). Буржуазия ең алдымен өндірісте емес байлықтың бейнесі болған алтын операцияларымен және саудамен айналысатын айналым сферасында әрекет етеді.
Сондықтан алғашқы экономикалық ғылым ретінде меркантилизм пайда болды (итальян тілінде mегсапtе - саудагер).
Оның мәні: байлық сыртқы сауданың нәтижесінде жиналады. Сол себептен тек айналым сферасын зерттеу қажет. Меркантилизм екі кезеңнен өтті:
Ерте кезеңде (15-16ғғ..басы) ол байлықтың жалғыз формасы ретіндегі алтын мен күміс идеализациясы тән монетаризм формасында ілгері басты және алға шықты. Монетаристер «ақша балансы» теориясын алға қойды. Осыған сәйкес олар ақшаны елден шығаруға тыйым салуды ұсынды.
Кейінгі меркантилистер ақша айырбасы емес тауар айырбас сферасының зерттеулеріне көңіл бөлді. «Сауда балансы» теориясы жетілдірілді. Ерте кездегі меркантилистерге карағанда кейінгі меркантилистер ақшаны елден шығаруға тыйым салмады, өнеркәсіп тауарларыньң экспортын ұлғайтуды, шетел тауарларына жоғары баж салығын салуды ұлттық экономиканы қорғауды яғни протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды (латын сөзінде "ргоtесsіо" жактау, қорғау).
Меркантилизмнің өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, У.Стаффорд, У.Кольбер, Ресейде - Ордын-Нащокин (1605-1680), Петр I (1672-1725), И.И.Посошков (1632-1726) және т.б. болып табылады.
Буржуазия айналым сферасындағы позицияларды жаулап алып өндіріс сферасына енеді. Бұл дереу теорияға эсер егті: байлыктың қайнар көзі жасалған игіліктер айырбасталып қана қоятын сауда емес өндіріс екендігі дәлелденеді. Шынайы байльқ ақша емес тауарлар болып табылады. Осылай классикалық саяси экономия мектебі пайда болады. Оның негізін У.Петти және француз соты Буагильбер салды.
Сол кездегі Европа әлі де аграрлы еді, сол себептен көп экономистер ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдылық танытты. Олар физиократтар мектебінің өкілдері болып табылады (грек тілінде рhісіз – табиғат, кrаtоs - билік). Ол 18ғ. ортасында Францияда қалыптасты және классикалық саяси экономияның француздық нұскасы болып табылады. Оның негізін салушы дәрігер Людовиг ХҮ және мадам Помпадур Франсуа Кенэ болды (1694-1774 жж.), өкілдері Тюрго Дюпон де Нимур Мирабо және т.б. Классикалық саяси экономияның ең жарқын окілдерінің бірі А.Смит (1723-1790 жж.) және Д.Рикардо (1772-1823 жж.). А.Смит «Халықтардың байлығының себебі және табиғаты туралы зерттеу» атты кітабын шығарды, А.Смиттің негізгі идеялары:
• Мемлекеттің экономикаға минимальды араласуы;
• Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан тәуелді үйлестірілетін еркін бағалардың негізінде нарыктың өзін-өзі реттеуі. Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға, сұраныс, ұсыныс жәңе ең маңыздысы-бәсеке) «көрінбейтін қол» деп атады.
Классикалық мектептің еңбектері:
Зерттеудің басты объектісі ретінде айналымды емес, өндіріс сферасын жасады;
Еңбектің барлық тауар кұнының өлшемі мен негізі ретіндегі мәнін ашты;
Экономика нарықпен реттелуі керек екенін және оның өзінің әділ заңдары бар екенін яғни хандармен де үкіметтермен де ауыстырыла алмайтынын дәлелдеді;
Қоғамның барлық қабатының табыстарының қайнар көздері: кәсіпкерлерді, жер иеленушілерді, банкирлерді, саудагерлерді айқындады:
Экономикалык ғылымның одан әрі дамуы күрделі жолдардан өтті. XIX ғ. 2-ші жартысының басында саяси экономия терең дағдарысты басынан өткізді, ол екі тармаққа бөлінді: марксизм және маржинализм.
Марксизмнің негізін салушы К.Маркс (1818-1883 жж.). К.Маркстің ең басты еңбегі «Капиталды» Ф.Энгельс «жұмысшы табының библиясы» деп атады. Маркс өзінің зерттеулерінің пәні - өндірістің капиталистік әдісі мен оған сәйкес келетін өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпкі мақсаты - капитализмнің экономикалық заңдарын ашу деп есептеді.
Маркстік теория бойынша қоғам дамуының негізі- материалды өндіріс. Өндірістің дамуымен жаңа қоғамдық қатынастар құрылады. Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның материалдық базисі сана формаларын, заңды және саяси қондырманы анықтайды. Қоғамда әрекет етуші заңдар өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, сондай-ақ идеологиялық және саяси қондырма мен базис арасындағы сәйкестілік принципін көрсетеді. Өндірістің даму деңгейі мен қоғамды ұйымдастыру формасы арасындағы сәйкестілік принципі неліктен қоғамдық қатынастарда өзгерістер болатындығын түсіндіреді. К.Маркстің негізгі экономикалық еңбегі 4 томнан тұрады. Экономикалық қатынастар жүйесін талдау байлық емес, тауардан басталады. Маркстің пікірі бойынша осы тауарда зерттелінетін жүйенің барлық қайшылықтары көрінеді. "Капитал өндіріс процесі" деп аталатын бірінші томда Маркс басты категориялар: баға негізінде жатқан құнды, пайда негізі-қосымша құнды, жұмыс күшінің құны мен оның бағасы-жалақыны қарастырады. Капиталдың қорлану процесі мен оның жұмысшылар тобының жағдайына ықпалын сипаттайды. "Капиталдың айналыс процесі" деп аталатын екінші том капиталдың қозғалысын, оның айналымы мен шеңбер айналымын талдауға арналған. Маркс ұсынған ұдайы өндіріс схемасында өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы айырбас шарты мен пропорциясы қарастырылады.
1.Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.-Киров, 1997.
2.Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” /Под ред. А.С.Булатова.-М., 1997.
3.Экономическая теория (политэкономия). Учебник. /Под общей ред. В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М., 1997.
4.Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика. - Алматы: Экономика, 1997.
5.Макконелл К., Брю С. Экономикс.- М., 1992, т.1.
6.Дайджест экономической теории.-М., Аналитика - Пресс, 1998.
7.В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы - Алматы, 2003.
8.Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
9.Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев т.б.-Алматы: Қазақ университеті, 1999.
10.Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 2002.
11.А.Нурсеит, А.Темирбекова, Р.Нурсеитова Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. Алматы, 2000.
12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика. В 2-х т.: Пер. с англ.-13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.
13.Основы экономической теории /Под ред. В.Д.Камаева, Москва, 1997.
14.Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
15. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   
1- тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері

1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері

1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:
экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым
ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып
табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден
бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау
және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар
жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда олар білімнің дербес
саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық
танымның шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың
қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықты
ұйымдастыру мен басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен
қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы
шығармалар пайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары
экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.
П.Самуэльсонның бейнелі сөзі бойынша экономикалық теория қоғамдық
ғылымдардың Ханымы болып табылады. Ұлт байлығының қайнар көздері және оны
ұлғайту әдістері туралы мәселе экономикалық ойдың нақ ортасындда болды.
Өткеннің көрнекті экономистерінің еңбектерінде байлық сөзі текке шешуші
сөз болған жоқ. Ең болмағанда А.Смиттің Халықтардың байлықтарының себебі
және табиғаты туралы зерттеу, И.Посошковтың Байлық және кедейлік туралы
кітап, К.Маркстің Капитал деген еңбектерін еске түсірейік.
Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың,
Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен
табамыз.
Ксенофонт (б.э.д. 445-335 жж.) Экономия деп аталатын (гректің ойкос
-шаруашылық және номос заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй
шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны үй салу яғни, үй шаруашылығын
басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның
көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.
Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік
шаруашылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. Ойкономия
түсінігі саяси экономияға айналды. Саяси экономия түсінігінің өзі алғаш
рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162жж.) Қоғамдық
шаруашылықтың заңдары (Саяси экономияның трактаты) деп аталатын
еңбегінде қолданылған. Политейя - грек тілінде қоғамдық құрылыс немесе
қоғамдық ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді.
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып
қалыптасады.
Жаңа ғылым атау алып ұзақ уақыт нақты кесілген пәнге ие болмады. Онымен
де таза экономисттер айналыспады.
Саяси экономия өзінің пәнін капитализмнің дүниеге келуімен
кескіндейді (16ғ. соңы - 17ғ. басы). Буржуазия ең алдымен өндірісте емес
байлықтың бейнесі болған алтын операцияларымен және саудамен айналысатын
айналым сферасында әрекет етеді.
Сондықтан алғашқы экономикалық ғылым ретінде меркантилизм пайда
болды (итальян тілінде mегсапtе - саудагер).
Оның мәні: байлық сыртқы сауданың нәтижесінде жиналады. Сол себептен
тек айналым сферасын зерттеу қажет. Меркантилизм екі кезеңнен өтті:
Ерте кезеңде (15-16ғғ..басы) ол байлықтың жалғыз формасы ретіндегі
алтын мен күміс идеализациясы тән монетаризм формасында ілгері басты және
алға шықты. Монетаристер ақша балансы теориясын алға қойды. Осыған сәйкес
олар ақшаны елден шығаруға тыйым салуды ұсынды.
Кейінгі меркантилистер ақша айырбасы емес тауар айырбас сферасының
зерттеулеріне көңіл бөлді. Сауда балансы теориясы жетілдірілді. Ерте
кездегі меркантилистерге карағанда кейінгі меркантилистер ақшаны елден
шығаруға тыйым салмады, өнеркәсіп тауарларыньң экспортын ұлғайтуды, шетел
тауарларына жоғары баж салығын салуды ұлттық экономиканы қорғауды яғни
протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды (латын сөзінде "ргоtесsіо"
жактау, қорғау).
Меркантилизмнің өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, У.Стаффорд, У.Кольбер,
Ресейде - Ордын-Нащокин (1605-1680), Петр I (1672-1725), И.И.Посошков (1632-
1726) және т.б. болып табылады.
Буржуазия айналым сферасындағы позицияларды жаулап алып өндіріс
сферасына енеді. Бұл дереу теорияға эсер егті: байлыктың қайнар көзі
жасалған игіліктер айырбасталып қана қоятын сауда емес өндіріс екендігі
дәлелденеді. Шынайы байльқ ақша емес тауарлар болып табылады. Осылай
классикалық саяси экономия мектебі пайда болады. Оның негізін У.Петти және
француз соты Буагильбер салды.
Сол кездегі Европа әлі де аграрлы еді, сол себептен көп экономистер
ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдылық танытты. Олар физиократтар
мектебінің өкілдері болып табылады (грек тілінде рhісіз – табиғат, кrаtоs
- билік). Ол 18ғ. ортасында Францияда қалыптасты және классикалық саяси
экономияның француздық нұскасы болып табылады. Оның негізін салушы дәрігер
Людовиг ХҮ және мадам Помпадур Франсуа Кенэ болды (1694-1774 жж.), өкілдері
Тюрго Дюпон де Нимур Мирабо және т.б. Классикалық саяси экономияның ең
жарқын окілдерінің бірі А.Смит (1723-1790 жж.) және Д.Рикардо (1772-1823
жж.). А.Смит Халықтардың байлығының себебі және табиғаты туралы зерттеу
атты кітабын шығарды, А.Смиттің негізгі идеялары:
1. Мемлекеттің экономикаға минимальды араласуы;
2. Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан тәуелді
үйлестірілетін еркін бағалардың негізінде нарыктың өзін-өзі
реттеуі. Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға, сұраныс, ұсыныс жәңе ең
маңыздысы-бәсеке) көрінбейтін қол деп атады.
Классикалық мектептің еңбектері:
Зерттеудің басты объектісі ретінде айналымды емес, өндіріс сферасын
жасады;
Еңбектің барлық тауар кұнының өлшемі мен негізі ретіндегі мәнін
ашты;
Экономика нарықпен реттелуі керек екенін және оның өзінің әділ
заңдары бар екенін яғни хандармен де үкіметтермен де ауыстырыла
алмайтынын дәлелдеді;
Қоғамның барлық қабатының табыстарының қайнар көздері:
кәсіпкерлерді, жер иеленушілерді, банкирлерді, саудагерлерді айқындады:
Экономикалык ғылымның одан әрі дамуы күрделі жолдардан өтті. XIX ғ. 2-
ші жартысының басында саяси экономия терең дағдарысты басынан өткізді, ол
екі тармаққа бөлінді: марксизм және маржинализм.
Марксизмнің негізін салушы К.Маркс (1818-1883 жж.). К.Маркстің ең басты
еңбегі Капиталды Ф.Энгельс жұмысшы табының библиясы деп атады. Маркс
өзінің зерттеулерінің пәні - өндірістің капиталистік әдісі мен оған сәйкес
келетін өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпкі мақсаты - капитализмнің
экономикалық заңдарын ашу деп есептеді.
Маркстік теория бойынша қоғам дамуының негізі- материалды өндіріс.
Өндірістің дамуымен жаңа қоғамдық қатынастар құрылады. Өндірістік
қатынастардың жиынтығы қоғамның материалдық базисі сана формаларын, заңды
және саяси қондырманы анықтайды. Қоғамда әрекет етуші заңдар өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастар, сондай-ақ идеологиялық және саяси
қондырма мен базис арасындағы сәйкестілік принципін көрсетеді. Өндірістің
даму деңгейі мен қоғамды ұйымдастыру формасы арасындағы сәйкестілік
принципі неліктен қоғамдық қатынастарда өзгерістер болатындығын
түсіндіреді. К.Маркстің негізгі экономикалық еңбегі 4 томнан тұрады.
Экономикалық қатынастар жүйесін талдау байлық емес, тауардан басталады.
Маркстің пікірі бойынша осы тауарда зерттелінетін жүйенің барлық
қайшылықтары көрінеді. "Капитал өндіріс процесі" деп аталатын бірінші томда
Маркс басты категориялар: баға негізінде жатқан құнды, пайда негізі-қосымша
құнды, жұмыс күшінің құны мен оның бағасы-жалақыны қарастырады. Капиталдың
қорлану процесі мен оның жұмысшылар тобының жағдайына ықпалын сипаттайды.
"Капиталдың айналыс процесі" деп аталатын екінші том капиталдың қозғалысын,
оның айналымы мен шеңбер айналымын талдауға арналған. Маркс ұсынған ұдайы
өндіріс схемасында өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы
айырбас шарты мен пропорциясы қарастырылады.
"Капиталистік өндіріс процесі" деп аталатын үшінші томда пайда,
процент, жер рентасының иелері арасында қосымша құнды бөлу процесі
қарастырылады. Тауар құнының өндіріс бағасына ауысу механизмі көрсетілген.
Төртінші том "Қосымша құн теориясы" қосымша құн мәні мен оның бөліну
формалары тұрғысынан экономикалық теорияларға сыни қамту жасалған. Маркс
теориясына сәйкес табыстың көзі-еңбек. Табыстың қалған түрлері жұмысшының
төленбеген еңбегінің нәтижесі. Еңбек құн теориясының маркстік тұжырымы
жалдамалы еңбекті пайдалануды түсінудің теориялық негізін құрайды. Маркстің
пікірінше эксплуатация негізінде капиталистердің жалдамалы жұмысшыларды
еңбек нәтижелерінен аластатуы жатыр, бұл өз кезегінде өндіріс құралдарынан
аластатуды көздейді.
Маркстің экономикалық ілімі экономикалық ғылымдағы тартымды да терең
бағыт. Оның әлеуметтілігін әлсіз, біржақтылық ретінде танығанмен әлеуметтік
мәселелердің қойылуы мен өңделуі, экономикалық процестер мен құбылыстардың
әлеуметтік аспектілерін қарастыру маркстік методологияның күшті жағын
құрайды.
А.Смит сияқты К.Маркс нарық капитал жинактаудың күшті тәсілі деп
ссептеді, бірак Смитке қарағанда ол нарық механизм орындап шыға алмайтындай
оның кайшылыктары соншалыкты шынайы болғандыктан бұл процесс тап күресінің
шиеленісуімен және капитализмнің өршуімен аякталады деп ойлаған. Бұл
сұрақтар қарапайым болмағандықтан, бұл көзкарас әлі де тартыстар тудыруда.
Маркстің сыны капитализмнің кұламағанын, жұмысшы табының
кедейленбегенін, Маркстің болжамдарының расталмағандығын дәлелдейді.
Маркстің жақтаушылары, оның зерттеген және болжамдаған капитализм! 30ж.
¥лы депрессия кезсңінде күйзеліске ұшырағандьқтан, Марксті колдайды. Ал
қазіргі нарықтық экономика - бұл Маркстің жағымды Гуманизм деп атаған
коғам жолындағы Маркстің болжамдаған жаңа кезеңі болып табылатын баска
модель. Маркстің экономикалық ғылымы 20 ғ. басында пролетариаттың жағдайы
Батыс елдеріндегіден біршама ауыр болған ел Ресейде кеңінен тарады. Оны
Г.В.Плеханов, В.И.Ленин (1870-1924 жж.), М.А.Бакунин, Капиталды орыс
тіліне аударудың алғашкы инициаторы А.Лопатин және т.б қолдады.
1917 жылдың казан айынан бастап 70 жыл бойы Маркстік экономикалық ғылым
СССР-дегі жалғыз, сол себептен билеуші ғылым болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық ғылымның жалпы жағдайының
ауысуы үшін алғышарттар қалыптасады. Дамыған елдерде капитализм берік
нығаяды. Саяси экономияның жалпы принциптерін жасау экономикалық
тәжірибенің әртүрлі мәселелерін зерттеумен ауыстырылады. Авторлар енші
шектеулі ресуртарды оптимальды пайдалануға көңіл бөледі. Бұл үшін олар
шекті шамалар теориясын, дифференциалды және интегралдық есептерді кең
қолданады. Экономикалық әдебиеттер әртүрлі нарықтық жағдайларды сипаттайтын
математикалық формулалар мен графиктермен толығады. Сөйтіп экономикалық
ғылымда жаңа бағыт-маржинализм пайда болады.
Маржинализм (француз тілінде mагgіпаl – шекті, шектеулі) марксизмнен
айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализм мәнін
зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Ол 19
ғ. 70 жылдары пайда болды. Оның өкілдсрі: Австрияда К.Менгер, Англияда
У.Джевонс, Швейцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер саяси экономияның міндетін
рациоиналды шаруашылық пен шектеулі ресурстарды бөлудің ең тиімді
тәсілдерін іздеуден көрді.
Өздерінің зерттеулерінің өлеуметтік бейтараптығына көңіл аудару үшін
олар экономикстің пайдасына саяси экономия терминінен де бас тартты.
Мұны ең алгаш У.Джевонс, одан кейін оған тәуелсіз Экономиканың
принциптері кітабын шығарған А.Маршалл (1842-1924 жж.) жасады.
Марксизмге қарағанда маржинализм оған жаңа саналы ойлар мен тәсілдерді
қабылдауға мәжбүрлеген идеялар бәсекесінің қыспағында болды. Осылай оның
жақтаушылары өздерінің зерттеулерінде бірінші болып математикалық
модельдерді қолдана бастады, ал 19 ғ. 90 жылдары А.Маршалл саяси
экономияның классигі Рикардоның теориясының элементтерін маржинализм
концеппиясына енгізді. Нәтижесінде ол неоклассикалык жүйе деп атала
бастады. Оның өкілдсрі: Д.Кларк (американдык мектеп), А.Маршалл және А.Пигу
(Кембридж мектебі) және т.б.
Неоклассиктер көңіл аударған басты мәселе- адамның қажеттіліктерін
қанағаттандыру. Экономикалық ғылымның мақсаттарын айқындай отырып, олар
әртүрлі факторлардың экономикалық хал-ахуалға ықпалы жөнінде айтты. Ең
бірінші игіліктердің (тауарлар мен қызметтердің) тұтыну құны (пайдалылығы)
және тұтынушылар тарапынан осы игіліктерге сұраныс мәселесі тұрды.
Неоклассик өкілдері экономикалық заңдар кез-келген қоғам үшін бірдей
дегенді алға тартты.
А.Маршаллдың басты идеясы нарықтағы процестерді анықтаушы күш ретінде
сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің мәселелерін зерттеуден тұрады. Ол
сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынын, қалай өзара әрекет ететіндігін
талдап, сұраныс икемділігі түсінігін енгізді. Ол тепе-теңдік баға түсінігін
қолданды. Пайдалылықтарды (тұтыну құндарын) өлшеу мен салыстыру жолымен
тұтынушылардың талғамын анықтау мәселесін австриялық мектеп экономистері
Карл Менгер мен Евгений Бем-Баверк және т.б. қойды. Мұндай жақындау
микроэкономика деген атқа ие болды.
Кейіннен маржинализм Д.М.Кейнстің нарықтық реттеу экономиканы тұрақсыз
етеді, сол үшін мемлекеттік араласу қажет деген теориясын өзінің бойына
сіңірді.
Д.М.Кейнс (1883-1946 жж.) А.Смитпен және К.Маркспен қатар әлемнің үш
ұлы экономистерінің бірі болып табылады. Экономикалық теорияда болған нағыз
революция 1936 жылы жарияланған Кейнстің Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның
жалпы теориясы (1883-1946) атты еңбегімен жасалды. Оның есімімен
макроталдау мәселесіне баса көңіл аударған батыстық экономикалық ойдың жаңа
бағыты- кейнсиандықтың пайда болуымен байланысты. Кейнс кейбір
неоклассикалық ілімнің негізгі тұжырымдарынан атап айтқанда нарықты өзін-
өзі реттеуші механизм ретінде қарастырудан бас тартады. Нарық Кейнс
тұрғысынан тиімді сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да оны
мемлекет ақша-несие және бюджет саясаты арқылы ынталандыруы тиіс. Бұл
саясат ұлттық табыстың тез өсімін қамтамасыз ететіндей жеке меншік
инвестициялар мен тұтыну шығындарының өсімін ынталандыруы тиіс. Кейнс
теориясының тәжірибелік бағыттары соғыстан кейінгі жылдары үлкен қолдауға
ие болып, оның ұсыныстары Англия, АҚШ және батыстың басқа да елдерінде
қолданылады.
Маржинализмді бүтіндей бағалай отырып, оның жақсы жағы ретінде сәйкес
концепцияларда қалыптасқан жаңа идеялардан бойын аулақ ұстамауын атап
кетуге болады. Мұнда өзгеріссіз оның басты постулаты шектеулі шамаларды,
шектеулі пайдалылықты, шектеулі табысты, шектеулі шығындарды т.б зерттеу
болып қалды. Алайда, маржинализмнің болымсыз қасиеті де бар: ол артығымен
математикаланған абстрактілі пікірлерге толып кеткен, графиктер мен
формулалармен жүктеліп кеткен. Ал ең бастысы әлеуметтік мәселелерге көңіл
аудармауы болды.
Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетсіздігінің
реакциясы ретінде институционалды-әлеуметтік бағыт пайда болады. Оның
өкілдері: Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гельбрейт, Г.Мюрдаль
және т.б.
Осы теорияға сәйкес экономикалық дамудың сипатын нарық өзімен-өзі емес,
бүкіл экономикалық институттардың жүйесі анықтайды, ал нарық солардың тек
бір бөлігі. Олар әлеуметтік бағдарламалар индикативті жоспарлау, еңбек
етушілердің меншікте және өндірісті басқаруда қатысуы, мемлекеттің
араласуының басқа да формаларының болуын қажет ететін қоғамның идеяларын
жасап шығарды. Анық шамада бұл идеялар экономикалық дамудың шведтік
моделінде жүзеге асқан. ХІХ ғасырдың соңында Америкада пайда болған
классикалық институционализм 20-30 жылдары өз алдына дербес ағым ретінде
қалыптасады. Бұл ағым өкілдері өздерінің талдауларында "институтар" ұғымын
кең қолданды. Ол корпорация, кәсіподақ, мемлекет, сондай-ақ психологиялық,
этикалық, құқықтық, техникалық және басқа да әлеуметтік құбылыстарды
білдіреді. Классикалық институционализмнің кейбір айрықша белгілерін
көрсететін болсақ, біріншіден, олар экономиканың пәнін кең талқылайды.
Олардың пікірі бойынша экономикалық ғылым экономикалық қатынастармен ғана
айналыспау қажет. Шаруашылық өмірге ықпал ететін барлық құқықтық,
әлеуметтік, психологиялық, саяси шаралар кешенін ескерту маңызды.
Мемлекеттік басқару ережесі нарықтық бағалар механизміне қарағанда үлкен
мәселе болуы мүмкін. Екіншіден, капиталистік қоғамның қалыптасуын емес,
оның ауысуын, дамуын зерттеген жөн. Институционалистер әлеуметтік
мәселелердің айқын шешілуін көздейді. Жұмыссыздық мәселесі ең алдымен
құрылымдық теңсіздік мәселесі және бұл жерде экономика мен саясаттың өзара
байланысы көрінеді. Қазіргі заманғы Ресейдің экономикалық әдебиетінде төрт
негізгі бағытты көруге болады. Біріншісі, маркстік концепцияның
тұрақтылығына негізделген. Екіншісінің өкілдері марксизмді қазіргі
кейнсиандықпен (неокейнсиандықпен) синтездейді. Үшінші тенденция батыс
теориясын отандық ғылымға механикалық көшірумен байланысты. Төртіншісінің
өкілдері принципиалды және концепция іздеуде. Тарихи тәжірибе экономика
ғылымындағы дағдарыс ғалымның өзінің дағдарысымен емес, сол зерттеудің
объектісі - экономикамен де байланысты екенін көрсетеді. Өз кезеңінде
ғылымдағы дағдарыс оның дамуына қуатты түрткі болып табылады. Бұған 1929-
1933 ж. ¥лы депрессия ғылымды тығырықтан, ал экономиканы ең терең
дағдарыстан шығарған Кейнстің теориясының пайда болуына мүмкіндік
туғызғанын еске түсіріп, көз жеткізуге болады.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе экономикалық теорияның
даму барысында оның пәні әртүрлі анықталғандығын көруге болады.
Меркантилистер экономикалық теорияның пәні сыртқы сауда мен елге ақшаның
келуімен байланысты іс-әрекет деп санады. Саяси экономияның классиктері оны
байлық жөніндегі ғылым ретінде қарастырды, ал тарихи мектеп өкілдері оны
адамдардың күнделікті іс-әрекеті жөніндегі ілім деп анықтады. Маржиналистер
мен неоклассиктер бұр қызметті нарықтық шаруашылық жағдайындағы шектеулі
ресурстарды пайдаланумен байланыстырды. Кейнсиандықтар бұған мемлекеттің
экономикалық саясатын зерттеу мен қалыптастыру қажеттілігін қосты,
институционалистер бұл саясаттың әлеуметтік аспектілеріне көңіл аударды.
Марксистер қоғамдық өндірісті, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
диалектикасын зерттей отырып, саяси экономия адамзат қоғамының дамуының
әртүрлі кезеңдеріндегі осы дамудың экономикалық заңдарын, өндіріс, бөлу,
айырбас, тұтынуды басқаратын заңдарды зерттейді деген қорытындыға келді.
Сонымен, экономикалық теория қоғамдық жүйенің тарихи ерекшеліктерін ашып,
әлемдік өркениеттің даму заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.

1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері
Бұрынғы ойшылдардан қазіргі ғалымдарға дейінгі барлық экономистердің
көзқарасында бір жалпы сызба (шек) қарастырылған. Олардың іс-әрекетінің
қызығушылығы әр уақытта қоғамдық байлықтың өсуіне алып келетін рационалды
шаруашылық жолын зерттеуде болып қалады.
Рационалды (оңтайлы) латын сөзінен аударғанда орынды мақсатқа сай,
парасатты мағынасын береді. Қоғамдық өмірдің әр түрлі сатысында
шаруашылықты оңтайландыру, әр уақытта басты байлықты құрушы еңбеккер адамға
қатынасты игілікті емес әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Қарабайыр
техникалар мен білікті емес еңбек кезеңіндегі өндірістің тиімділігінің
көтерілуі еңбекке сияқты, табиғи ресурстарға ысырапқорлық қатынастарды
пайдаланудың ашық күшейту есебінен болуы мүмкін.
Бұл жағдайларда маркстік саяси үнемдеу еңбек еткен адамдардың құқығын
қорғауға бағытталған, ол өз іс-әрекетінің зерттемелері капитал мен еңбек
арасындағы экономикалық қатынастар мінездемесіне талдау және өндірістік
катынастарға талдауды жариялады.
ҒТП-тің жайылу шарасы бойынша еңбек шарттары, елеулі түрде жақсарды.
Қоғам мен жинақталған байлық және ондағы адам еңбектерінің үлесі өсті. Сол
себептен оның алдыңғы түсінігіндегі пайдалану мәселесі көкейкесті бола
түрып, өткірлігін жоғалтты.
Алайда қоғамда жоғары білікті мамандарды дайындауға кеткен шығындардың
және өндірістің басқа да факторларының өсуімен, табиғи ресурстардың
сарқылуымен байланысты жаңа қиыншылықтар пайда бола бастады. Бұл пікірді
қолдаушылар өздерінің зерттеу жұмыстарында әлемде шектелген ресурстардың
тиімді шаруашылық жасау мәселесіне бағдарлама жасай бастады. Байлықты табу
мақсатымен шектелген ресурстарда шаруашылықты оңтайлы жүргізу заңдар
ізденісі қоғамның дамуында бірден-бір мәселе болып табылады. Олардың
объективті жағы экономикалық заңдардың объективтік әрекетімен байланысты,
ал субъективтік жағы оңтайлы шаруашылық жүргізумен байланысты.
Экономикалық теорияны келесідей белгімен анықтауымызға болады:
экономикалық теория шаруашылықты оңтайлы жүргізу және әртүрлі деңгейде және
әртүрлі тарихи замандағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің әрекетінің
заңдарын оқып біледі. Сонымен экономикалық теория 1-ден экономикалық
заңдарды карастырады.
Экономикалық заң дегеніміз не?
Экономикалық зерттеулерде ғылымдарға тек оқшауланған шындықпен ғана
емес, сонымен қатар олардың үлкен ауқымымен де іс жүргізуге тура келеді.
Индукцияның көмегімен жетістікке жететін фактілерді сыныптастыру
(классификациялау) және қорытындылау қажет. Индукция дегеніміз жаңа оқиға,
құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидаларды шығару. Қорытындылау дедукция
деп аталатын әдістің көмегімен тексеріледі. Дедукция дегеніміз керісінше
жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір
жеке ерекшеліктерімен сипатталады. Көп дүркінді тексерілген және қуатты
экономикалық процестердің қорытындысын заң деп атау қабылданған. Олар
экономикалық көрініспен процесс арасындағы күнделікті, тұрақты, қажетті
тәуелділікті көрсетеді және белсенді болып табылады.
Бірлік пен қорытындылаған экономикалық фактілерге адамдардың
экономикалық қызметтерімен, бүл қызмет процессінде адамдардың қатынастары
жатады. Яғни экономикалық заң - бұл экономикалық қатынастардың тұлғаланған
формасы. Олар адамдардың қорытындылаған әрекетінің заңы болып табылады.
Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады және бүл
арқылы табиғаттың заңынан ерекшеленеді. Екінші ерекшелігі табиғи заңдар
өмір бойы, ал экономикалық заңдар тарихи, шектелген мінезге тән.
Экономикалық заңдар әрекетінің ұзақтығынан тәуелді спецификалық және жалпы
болып бөлінеді.
Спецификалық экономикалық заңдар - әрбір бөлек алынған формация үшін
сипатталады. Мысалы, құлдық пен феодализм негізінде материалдық игіліктерді
бөлу заңдарын айтамыз. Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық
формацияларда іс-әрекет етеді. Мысалы, өндірістік еңбектің өсу заңы,
уақытты үнемдеу заңы және т.б. Экономикалық теорияның іс-әрекетін анықтауда
әр түрлі шаруашылық жағдайдағы экономикалық зандарды оқып біледі.
Микроэкономикада жеке фирмалар, бірлестіктер және т.б. аз шаруашылық
бірліктері орын алады.
Мезоэкономикада ұлттық экономика немесе шаруашылық жүйесімен (ауыл
шаруашылық кешені, әскери өнеркәсіптік кешені, аймақтық экономика және
т.б.) анықталынған әрекеті мен заңдарды оқып біледі.
Макроэкономикада толығымен елдегі экономикалық жағдай зерттелінеді.
Қоғамның байлығы мен табысы, экономикалық өсудің факторлары мен қарқыны
макроэкономиканың объектісі болып табылады. Макроанализ ұлттық шаруашылық
мәселелерін шешуге бағытталған, яғни инфляция, жұмыссыздық, іскерлік
белсенділікті ынталандыру сияқты мәселелер.
Мегоэкономика әлемдік экономикалық заңдар мен әрекеттерді толығымен
оқып біледі.
Экономикалық теория кез-келген ғылым сияқты өзінде шаруашылық өмірді
оқып білетін әдісі бар методологияны туралайтын әр түрлі тарту формасымен
тәсілін қолданады.
Жалпы ғылыми әдіс - бұл ежелгі грек философтарының негізі мен кейінгі
дамыған ғылымдардың ұрпағындағы диалектика материалдық принцип. Осы әдіске
байланысты барлық экономикалық процестер үнемі қозғалыста болады.
Бұл процестерді оқып білуде тарихи және логикалық әдіс қолданылады.
Тарихи әдіс пайда болған, дамыған және бірін-бірі ауыстырған дәйектілік
көрінісіне талдау жасауға көмек көрсетеді.
Логикалық әдіс осы көріністі зерттеуде оның тарихи жолындағы айнадай
бейнесіне қызмет етпейді. Ол бар, танып білген көрініске және абстрактіге
енуді болжамдайды. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми
абстракция. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ,
қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның
тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау нәтижесінде
экономикалық құбылыстардың жекелеген жақтарын сипаттайтын ғылыми ұсыныстар
пайда болады және логикалық түсініктер немесе экономикалық категориялар
қалыптасады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке және т.б.
Экономикалық ғылымда қолданылған алғашқы тәсіл- бұл формальды логика.
Формальды логика – бұл ойдың оның құрылымы, формасы жағынан зерттелінуі.
Формальды логиканың қарапайым категориясы - түсінік. Ол зат жөніндегі ойды
белгілейді. Формальды логиканың әдіс-тәсілдеріне қадағалау, синтез және
анализ құралдары бойынша алынған материалдық өңдеу, индукция және дедукция,
салыстыру, ұқсату, гипотеза, дәлелдеме, заңдар мен категориялар жүйесінің
конструкциялануы, оларды тексеру, жүргізілген эксперименттер, модельдер
және т.б. жатады.
Анализ – бүтінді құрамдас бөліктерге бөліп қарастырудан тұратын
танымның тәсілі, синтез – жекелеген бөліктерді бүтінге біріктіруден тұратын
тәсіл. Алайда анализ де, синтез де заттың ішкі қайшылығын ашпайды, демек
зерттелетін обьектінің қозғалысын көрсетпейді. Индукция – жеке оқиға,
құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукция
керісінше жалпы қағидалар негізінде экономикалық обьектілердің,
процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттайды. Индукцияның
әлсіздігі жиынтықтың бөліктерін қарастырғандықтан жалпыны негіздей алмайды.
Ад дедукцияның кемшілігі жалпы алғышарттарды негіздей алмауында. Формальды
логикада маңызды рольді - салыстыру, яғни құбылыстар мен процестердің
айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайтын тәсіл алады. Ол түсініктерді жүйелеу
мен жіктеуде кең қолданылады. Салыстыру зерттеудің небәрі алғашқы
қадамдарын көрсеткенімен ұқсатуды (аналогия) жүргізу үшін алғышарттар
дайындайды. Ұқсату (аналогия) – бұл белгілі құбылыстың бір немесе бірнеше
қасиеттерін белгісіз құбылысқа ауысыруға (өзгертуге) негізделген таным
тәсілі. Саяси экономияда көптеген жаңалықтар аналогия бойынша ашылған.
Мысалы, Ф.Кенэ адам организміндегі қан айналымы мен әлеуметтік қоғамдағы
тауарлы және ақшалай ағымдардың қозғалысы арасындағы ұқсастықты ұсынуы оған
алғашқы ұдайы өндірістің макроэкономикалық моделін құруға мүмкіндік берді.
Механикалық тепе-теңдікті зерттеу А.Курноны экономикалық тепе-теңдік
идеясына алып келді. Аналогия сондықтан да жаңа идеялардың тууы мен
гипотезаны қалыптастыруда маңызды роль ойнайды. Ол күрделі процестерді
түсінуді елеулі жеңілдетеді.
Математикалық модель графиктер мен математикалық теңестірудің көмегімен
қалыптасады. Алайда, мынаны ескеру қажет, абстрактылық математикалық
тексерудің көбеюі шын экономикалық жағдай жөнінде жалған түсініктеме беруі
мүмкін, әсіресе егер модельде сапасыз экономикалық көрсеткіштер болса.
Егер макроэкономика жеке оқиғалардың саяси шешімдермен байланыстарын
қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті
талдауда экономикалық саясаттағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға
сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті талдау
арқылы “егер... болса, онда...болады” деген секілді тұжырымдар жасалады. Содан
кейін бұл тұжырымдар фактілермен және сандармен салыстырылу арқылы расталуы
немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Талдаудан шыққан балама қорытындылардың
қайсысы салыстырмалы түрде бағалылырақ екенін білу үшін оларды бағалау
қажет. Балама шешімнің негізгі шешіммен қаншалықты дұрыс не теріс екенін
нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы
мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға
болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді және оларды фактілермен
растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен бұйрық түрінде
болады. Сонымен нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың,
экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын
экономикалық талдау десе де болады.
Экономикалық теория тарих, философия, статистика, математика және басқа
да ғылымдармен тығыз байланысқан. Экономикалық ғылым жүйесінде ол орталық
орынды алып отыр. Экономикалық теория бес басты функцияны орындайды:
практикалық (прагматикалық), танымдық, методологиялық, болжамдық және
дүниетанымдық. Танымдық –экономикалық заңдарды, құбылыстарды зертеу және
түсіндіру. Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын
қолдану, мемлекеттің экономикалық саясатының негізін құру. Болжамдық -
экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.
Методологиялық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және
методологиялық негіз болады. Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне
белгіленген көзқарастар жүйесін құру.
Қоғамның болашақ ғылымдары келесідей үш сүраққа жауап беруі керек. Нені
өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Әкімшіл-әміршіл
экономикада барлық осы сұрақтарды орталық басқару органдары шешеді.
Нарықтық экономикада үкімет табысты бөлу және әлеуметтік бағдарламаларды
өткізу мен құру жолымен 3-ші мәселені шешуге ғана қатысуға міндетті. Қалған
барлық сүрақтар нарықтың көмегімен шешіледі. Ю.А.Львовтың айтуы бойынша
фирмалар көп табыс алып келетін тауарларды ғана өндіреді. Осымен не өндіру
керек мәселесі шешіледі. Аз шығындарды қамтамасыз ететін технологияларды
қолдану арқылы қалай өндіру керек мәселесі шешіледі. Халықтар сатып алу
кезінде тауар бағасына және өз табысына көңіл аударады. Осымен кім үшін
өндіру керек сұрағы шешіледі.
Әрине өмірде бұл қарапайым схема қиындайды, бірақ бұдан
ештеңе өзгермейді. Тұжырым:
1). Экономикалық теория шаруашылық іс-тәжірибесі мәселелерін шешу
барысында дамыды. Теорияны модельдеуде зерттеуші позитивті және
нормативті пайымдауларды қолданады. Позитивті пайымдау не болды, не бар,
не болуы мүмкін жақтарын бейнелейді. Нормативті пайымдау - бұл ненің болуы
қажеттігі туралы пікір және әдетте позитивтіден шығарылады.
2). Экономикалық теория негізінде экономикалық саясат анықталады. Оның
міндеті экономикалық мәселелерді шешетін варианттар мен механизмдерді табу.

3). Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық
теорияны жаңа қадамға көтеретін тұтас экономикалық жүйе дамиды.

Қайталауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық теория нені зерттейді?
2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?
3. Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?
4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмасын түсіндіріңіз?
5. Экономикалық модельдер не үшін құрылады?
6. Экономикалық теория қандай қызметтер атқарады?
7. Экономикалық заң және кагегория дегеніміз не
8. Позитивті және нормативті талдаудың мәні неде?

Тест
1. Экономикалық теорияға “саяси экономия” деген терминді кім енгізді?
а) Аристотель
б) А.Смит
в) А.Монкретьен
г) К.Маркс
д) Дж. Кейнс

2 “Экономика” деген ұғымның негізін қалаушы кім?
а) У.Джевонс
б) А.Маршалл
в) Дж. Кейнс
г) И.Шумпетер
д) Э.Бем-Баверк

3 Дедукция дегенімізне?
а) көп фактыны зерттеу негізінде жалпы қағидаларды қалыптастыру
б) жалпы қағидалар негізінде жеке қағидалар алу
в) алдын ала тексерілмеген принцип
г) экономикалық дамудың болжамдары
д) экономикалық құбылыстарды жан-жақты талдау

4 Әрбір экономикалық жүйеде кездесетін фундаменталдық проблема не?
а) инвестиция
б)өндіріс
в) бөлу
г) тұтыну
д) шектеулік

5 Экономикалық теорияның аталған анықтамалары ішінен қайсысы дұрыс?
а) адамдар мен қоғамның шектеулі ресурстарды пайдаланудың тәсілін қалай
таңдайтындықтары туралы ғылым
б) бұл адамдардың өндіріс процесіндегі бөлу, материалдық игіліктерді тұтыну
және шектеулі ресурстар әлеміндегі қызметін зерттеу
в) бұл шектеулі ресурстармен қоғам нені, қалай, кім үшін өндіріп жатқанын
зерттейтін пән
г) жоғарыда аталғандардың бәрі дұрыс

Әдебиеттер:
1. Курс экономической теории Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А.-Киров,
1997.
2. Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” Под ред.
А.С.Булатова.-М., 1997.
3. Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред.
В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М., 1997.
4. Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика.-Алматы: Экономика, 1997.
5. Макконелл К., Брю С. Экономикс.- М., 1992, т.1.
6. Дайджест экономической теории.-М., Аналитика-Пресс, 1998.
7. В.Крымова Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы-Алматы,2003.
8. Я.Аубакиров Экономикалық теория негіздері Алматы: Санат, 1998.
9. Экономикалық теория: Оқу құралы Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев т.б.-Алматы:
Қазақ университеті, 1999.
10. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері, Алматы,2002.
11. А.Нурсеит, А.Темирбекова, Р.Нурсеитова Теория рыночной экономики:
предпринимательский аспект. Алматы, 2000.
12. Макконелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: принципы, проблемы и
политика. В 2-х т.: Пер. с англ.-13-е изд. М., "Республика", 1992, 2000.
13. Основы экономической теории Под ред. В.Д.Камаева, Москва, 1997.
14. Жалпы экономикалық теория. Ө.Шеденов, Ү.Байжомартов, Ақтөбе, 2001.
15. С.С.Мауленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов. Экономикалық теория:
Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2003.

Студенттің өзіндік жұмысы (СОБӨЖ)

1). Әскери өнім мен азаматтық тауарларды өндірудің өндірістік
мүмкіндіктері төмендегі кестеде көрсетілген.

№ Өнім Өндірістік баламалар
А В С Д Е
1 Автомобиль, млн дана 0 2 4 6 8
2 Ракеталар, мың дана 30 27 21 12 0

2). Өндірістік мүмкіндіктердің көрсеткіштерін графикте көрсетіңіз.
Қисықтағы нүктелер нені көрсетеді? Қосымша миллион автомобилдің (қосымша
мың ракетаның) өндіріс шығындары қандай болады, егер экономика сол уақытта
С нүктесінде болса.

3). Графикте К нүктесін өндірістік мүмкіндіктер қисығының ішінде
белгілеңіз. Бұл нүкте нені көрсетеді. Н нүктесін сыртқы зонасында
белгілеңіз. Бұл нүкте нені көрсетеді?

4). Фермер картоп пен бидайды өсіре алады. Егер ол картоп ексе 400 т
картоп жинайды, ал бидай ексе 100т жинайды. 1 тонна бидайдың баламалы құны
қандай болады.

5). 4 графаны толтырыңыз
1 2 3 4өнімдері
1 Экономия а)әділеттік туралы ғылым: экономия а)
және схоластика.
б)схоластика: категорияларды б)
жүйелеудің 1 ші тәжірибесі
2 Саяси а)меркантилизм а)
экономия б)классикалық саяси экономия б)
в)маркстік саяси экономия в)
г)маржинализм г)
3 Экономика а)неоклассикалық бағыт а)
б)кейнсиандық және оның эволюциясы б)
в)монетаризм,ұсыныс экономикасы
г)жаңа саяси экономия-қоғамдық таңдаув)
теориясы г)
д)экономикс сыны-инстутуционализм
д)

6). Кәсіпкер киім тігу фирмасын аша отырып айына жиырма пальто шығаруды
болжайды. Өндірістің бұл көлемі А(материал) және В(еңбек) шығындарының екі
комбинациясында мүмкін болады.
1) 10А+5В
2) 8А+7В
1)Қайсы комбинацияны кәсіпкер таңдайды, егер1 материалдың бағасы-4 ақша
бірлігі, ал 1 еңбектің бағасы-5 ақша бірлігі болса.
2)Қайсы комбинацияны кәсіпкер таңдайды егер материалдың бағасы екі есе
төмендесе.

7). Суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы берілген. Біз А нүктесінде
деп болжамдаймыз. Бұл нүкте нені көрсетеді. В нүктесіне көшу қандай
өзгерістерге алып келеді? А нүктесіне қайтып келудің қандай мүмкін жолдары
бар? С нүктесі нені көрсетеді?

Тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы (СӨЖ)

1. Экономика өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудың бірлігі ретінде
2. Шаруашылық жүргізу және тиімділік
3. Экономикалық таңдау және альтернативтік шығындар.
4. Экономика – қатынастардың күрделі жүйесі
5. Қазіргі экономикалық теорияның құрамдас бөліктері
6. Экономикалық теорияның әдістері
7. Модельдеу әдістері
8. Экономикалық теорияның ғылыми жүйесінің қалыптасуы
9. Экономикалық ғылымдардың қызметтері
10. Экономикалық зерттеудің негіздері
11. Экономикалық зерттеудің сферасы.
12. Қоғам туралы ғылымдардың ішінде экономикалық теорияның орны
13. Экономикалық дамудың жалпы мәселелері.
14. Экономикалық ресурстар және олардың шектеулілігі.
15. Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері.
16. Қоғамның алдындағы негізгі экономикалық мәселелер.
17. Нормативті және позитивті экономика.
18. Экономикалық теорияның даму сатылары.
19. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
20. Экономикалық теория, саяси экономия, экономикстің өзара байланысы.

2-тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері
2.1. Адам және экономика
2.2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

2.1. Адам және экономика
Адамдар экономикалық әрекеттерін белгілі бір жағдайларда немес
орталарда жүзеге асырады. Басты жағдайларда әлеуметтік және табиғи орталар
жатады.
Адамның әлеуметтік ортасы:
1. меншік қатынастары
2. қоғамның әлеуметтік құрылысынан тұрады
Меншік қатынастарына байланысты адамның қоғамдағы алатын орны, қоғамдың
өнімдегі оның үлесі, адамның ролі анықталады. Меншік формалары іскерлік
белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Жеке меншік жеке мүдделер тұрғысынан
анағұрлым нәтижелі еңбекке жетелейді. Алайда әлеуметтік көзқарас тұрғысынан
қарастырсақ, кейде ол барлық жағынан жақсы емес. Біреулердің қолына түскен
нәрсе екінші біреулер үшін қол жеткісіз болады. Байлық пен кедейлік
жіктеліп, эгоизм қалыптасады. Қоғамның мүліктік жіктелуі өсіп, бұл
әлеуметтік шиеленісті туғызады. Сондықтан қолайлы әлеуметтік орта
қалыптастыру мақсатында мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ
игіліктер ретінде қалдыруы қажет.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылысы әлеуметтік заңдарға, яғни жұмыс
істейтін азаматтар, жұмыссыздар, әртүрлі себептерге байланысты жұмыс
істеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығына негізделеді. Әлеуметтік заңға елдегі зейнетақы, жәрдемақы,
мүгедектерге, ауруларға, қарияларға басқа да еңбекке жарамсыз халыққа
қызмет көрсетуді көздейтін әлеуметтік сақтандыру жағдайына тәуелді.
Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін өмір сүру мен еңбек етудің, тұрғын
үй, коммуналдық және тұрмыстық жағдайлары, бос уақытты пайдалану
мүмкіндіктері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдените және т.б.деңгейлері
сияқты көрсеткіштерге қарап бағалайды.
Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру
жағдайлары жатады.
Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік – бұл жеке
тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде
жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы. Ол жоғарғы және төменгі
деңгейлі, әлеуетті және төлем қабілетті және тағы басқа болып келеді.
Әдетте қажеттіліктерді үш топқа бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік.
Материалдық қажеттілік – бұл адамның киімге, тамаққа, тұрғын үйге, сондай-
ақ фирмалар мен мекемелердің ғимараттарға, құрылыстарға, транспорт пен
басқаларға деген сұраныстарын жатқызамыз. Рухани қажеттіліктер – бұл
ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу және т.б Қоғамның дамуына орай
қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына байланысты әлеуметтік
қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру мүмкіндіктері де өседі. Олар
материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ ең бастысы олар қоғамдық
сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі мен ынтымақтасуы
қажеттігіне байланысты.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен
анықталады: материалды және материалды емес өндіріс. Материалды өндіріс
сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл
шаруашылығы және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт,
сауда, тұрмыстық қызмет көрсету). Материалдық емес сферада рухани және
басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес қызметтер көрсетіледі (білім беру,
мәдениет және т.б.). Бұл екі сфера да ұдайы қарым-қатынаста болады және
адам өмірінің негізін құрайды.

2.2. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері
Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ
экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың
тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс
әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс
ұғымынан әлдеқайда ауқымды.
Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше
сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие. Ал өндіріс тек ғана
технологиямен байланыстырылуы мүмкін. Өйткені оның қалыптасуы үшін
әлеуметтік байланыстар міндетті емес (мысалы, Робинзонның шаруашылығын
өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды).
Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті формасында жүзеге
асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында біріккен
өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны
пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай
бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте
өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені өндірістің қатысушыларына
тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге
тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің
жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ
деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда
"өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың
фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол
қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну"
өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.
Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі
жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай
отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп
адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін
қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи
заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық игіліктер-
адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара
әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек
құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау
қабылданған.
Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру
бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның
еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын
құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары
өндіріс құраддарын белгілейді.
Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден
адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара
байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық
қатынастар деп;атайды.
Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс
күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.
ҒТР өндіріс факторларын жаңғыртады. Осылайша өндіріс құралдары
информатикамен, электронды есептеуіш және компьютерлік -техникамен
байытылады. Еңбек жағынан да сапалы өзгерістер болады. Оның ғылыми
ұйымдастырылуы пайда бола бастайды, жұмысшылардың квалификациялық және
парасатты деңгейі көтеріледі, адамның кәсіпкерлік қабілеттілігінің ролі мен
мәнділігі артады.
Экономикалық қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен
қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде
пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты
өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден,
тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден,
өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар
құбылыс бойынша ұйымдастыру -экономикалық және әлеуметтік болып екіге
бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің,
бөлінуі мен айырбасталуының қалай ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады.
Еңбекті бөлу, еңбек кооперациясы өндірістің шоғырлануы және оның
орталықтандырылуы және тағы басқа ұйымдастыру формалары болып табылады.
Бұл қатынастардың құрылуымен дамуын тарихта үш этапқа бөлуге болады:.
1) Еңбектің қарапайым кооперациясы;
2). Мануфактура;
3). Машиналық өндіріс;
Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен біркелкі жүмыс орындайтын
бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның міндеттерді шешу үшін және
мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін күшінің жетіспеуінен
біріктіруге мүмкіндік берді.
Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті
едәуір арттыратын еңбекті бөлу қатысады.
Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігімен өндірістің тиімділігінің
өсуіндегі келесі нақты қадам болып табылады. Ол өндірістің техникасы мен
технологиясын түбегейлі өзгертті және өндірістің жаңа техникалық
қабілеттілігіне өтуді шарттады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына меншіктің
формасымен анықталатын өндіріс шарттары бойынша адамдар арасында
қалыптасады. Тұтыну, айырбастау, бөлу және өндірістік қатынастардың
әлеуметтік-экономикалық мазмүны меншікті формадан тәуелді болады. Бұл
қатынастардың дамуы әр уақытта меншіктенушінің қызығушылығында жүзеге
асады.
Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып
табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну.
Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан
қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін
қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық
сатыларында да өндіріс басты орын алады. Ол жөнінде әр түрлі экономистердің
айқындамалары бар. Бір экономистердің ойы бойынша өндіріс қоғам өмірінде
жетекші, шешуші роль атқарады. Өйткені тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға
және тұтынуға болады. Басқалардың ойы бойынша айырбас пен бөлу қоғамда
шешуші роль атқарады. Өйткені айырбас жүрген кезде экономика пайда болады.
Олар өздерінің шешімдері мен Батыс зерттемелерін қолдайды. Себебі ол жерде
айырбас пен бөлу бастапқы саты болып табылады.
Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас
бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын процесс. Бір
шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен
бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған
игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы
тұтыну болып табылады.
Тұтыну өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік түтыну
өндіріс процессінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін қолдануды білдіреді.
Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде көрініс табады. Жеке
тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім берумен, киіммен,
демалыс орындарымен және т.б. өнімдермен қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен,
мәдениетпен басқару және т.б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.
Адам тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан
өндіру қажет.
Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй және
үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс - өндіріс
процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс -
барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.
Қоғамдық өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз
байланысқан және қоғамдық өндірісті құрайды.
Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының басты көрсеткіші болып
табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады.

2.3. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.
Адамдардың барлық қажеттіліктерін өтеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
«Криминология» пәнінен дәрістер
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Құқық түснігі,мәні құндылығы
Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
Пәндер