Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Қазақстан Республикасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру
b) Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігінің жәй.күйін талдау
c) Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсіл
d) Көлік құралының түрін таңдау
e) Жүктің автомобиль тасымалы шарттарын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тасымалдау — адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.
Материалды ағымның шикізаттың алғашқы кезінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды.
Тасымалдау екі элементтен — жаппай пайдаланылатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе барлық табылады.
Жаппай пайдаланылатын көлік—жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс сферасына және тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдетте, магистралды деп те атайды (магистраль — белгілі бір жүйедегі негізгі басты сызба, бұл жағдайда - қатынас жолдар жүйесінде). Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр көлігіп қамтиды.
Жаппай пайдаланылмайтын көлік - өндірісішілік көлік, сондай-ақ тасымалдау емес кәсіпорындарына жататын көлік құралдарының барлық түрлері және белгілі бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Көлік өндірістік және сауда үдерістеріне үйлесімді түрде енеді. Сондықтан да көлік құраушысы логистиканың көптеген мәселелерін шешуге қатысады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Насипкалиев А. А., Адилова Н. Д. «Транспортное право».
2. Корабаев А.И. Транспортные правонарушения: квалификация и
ответственность.
3. Ермолаев В.Г. Транспортное право: Морское право. Внутренне водное
право. Железнодорожное право.
4. Тулеугалиев Г.И. Международное траснпортное право.
5. Закон РК «О транспорте в Республике Казахстан» .

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігінің жәй-күйін талдау
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсіл
Көлік құралының түрін таңдау
Жүктің автомобиль тасымалы шарттарын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тасымалдау -- адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.
Материалды ағымның шикізаттың алғашқы кезінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды.
Тасымалдау екі элементтен -- жаппай пайдаланылатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе барлық табылады.
Жаппай пайдаланылатын көлік -- жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс сферасына және тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдетте, магистралды деп те атайды (магистраль -- белгілі бір жүйедегі негізгі басты сызба, бұл жағдайда - қатынас жолдар жүйесінде). Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр көлігіп қамтиды.
Жаппай пайдаланылмайтын көлік - өндірісішілік көлік, сондай-ақ тасымалдау емес кәсіпорындарына жататын көлік құралдарының барлық түрлері және белгілі бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Көлік өндірістік және сауда үдерістеріне үйлесімді түрде енеді. Сондықтан да көлік құраушысы логистиканың көптеген мәселелерін шешуге қатысады.

Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді
тасымалдау қауіпсіздігінің жәй-күйін талдау
Көлік құралдарының, автомобиль және темір жол қатынас жолдарының техникалық жағдайы, Қазақстан Республикасы су артерияларының кеме жүрілімдігі:
1) Қазақстан темір жолдарының қанат жайған ұзындығының 14,5%-і немесе магистралдық темір жол желілерінің 2,7 мың километрі күрделі жөндеу мерзімі кешіктіріліп пайдаланылып отыр. Қазіргі бар 9122 жасанды инженерлік құрылыстардың 16%, оның ішінде 3530 көпірдің 50% дейінінің ақауы бар. 1999 жылдың 1 қаңтарына көлемі үлкен жүктерді өткізуге кедергі жасайтын төрт мыңнан астам көлемсіз жерлер болды;
2) мемлекеттік локомотивтердің мүкәммалдық паркінің едәуір бөлігі ескірді, ал оның жекелеген бөлігі техникалық қызмет көрсету жүргізу мерзімдері бойынша артық пайдаланылған, сондай-ақ бұл 13% қызмет ету мерзімі бойынша алынып тастауға жататын вагондардан тұратын жүк вагондарының ұлттық паркіне де қатысты, қазіргі бар жолаушылар вагондарының 30% дейіні 20 жылдан аса жұмыс істеуде, оның ішінде 150 вагонның пайдаланылған мерзімі 28 жылдан асады;
3) Қазақстан Республикасында 169 кеме иелеріне тиесілі негізгі флот кемелерінің саны 1029 бірлік, олардың шектеулі жарамды жағдайдағысы 52 кеме, ал 202 кемені немесе флоттың 20% пайдалануға тыйым салынған. 70% астам өздігінен жүзетін кемелерде басты және көмекші двигательдер өз моторесурстарын шығындады және күрделі жөндеуді талап етеді, кеме иелерінің жөндеу мерзімдерін сақтамауынан флот кемелерінің небәрі 30% ғана пайдаланылуда;
4) іс жүзінде барлық су аймақтарында кеме жүзуінің талаптарына сәйкес келмейтін күрделі жағдай байқалады. Бюджеттен жеткіліксіз және уақытынан кешіктіріліп қаржыландырудан су жолдары кәсіпорындары су табанын тазалау және су астын үңгу жұмыстарын жүргізбейді, ол тек кеме жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қойған жоқ, кеме жүзу жолдарының жекелеген учаскелерін толық жабуға әкеп соқтырды;
5) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің 85214 км республикалық (18912 км) және жергілікті (66302 км) жолдардың жалпы қашықтығы жағдайында, төселімі жұқа жолдардың ұзақ қашықтығы сақталып отыр. Бүкіл автомобиль жолдарының 29% дейініне қиыршық тас пен ұсақ тас төселген, олардың мың километрден астамы республикалық маңызы бар жолдар. Қашықтығы төрт мың километрден асатын топырақ жолдар да қазіргі ұғыммен қойылатын талаптарға жауап бермейді;
6) 1999 жылғы автомобиль жолдарын көктемдегі байқау жүріс бөлігінің анық ақаулары бар республикалық маңызды жолдардың 14% айқындады. Қазіргі бар және қаралған 844 автомобиль көпірлерінің 15-і апаттық жағдайда, қауіпті ақаулармен 113 көпір пайдаланылуда, 417 көпірдің әртүрлі дәрежедегі ақауы бар;
7) автомобиль көлігінде автомобиль паркінің жалпы санының 50-ден 70% дейіні пайдалану мерзімінен артық пайдаланылуда, оның ішінде жүк автомобильдерінің 16,4% және автобустардың 13,8% тіпті пайдаланылмауы тиіс, оларда белсенді де, енжар да қауіпсіздік көрсеткіштері едәуір төмендеген;
8) Қазақстан Республикасының Тізілімінде тіркелген 573 әуе кемелерінің тек 158-нің немесе 28%-нің ғана Ұшуға жарамдылығы туралы қолданылып жүрген куәлігі бар. 21 аэродромда жарамдылық сертификаты бар. 1999 жылы жол берілген 39 авиация оқиғасының 59% (23 оқиға) әуе кемелерінің конструкциялық-өндірістік кемшіліктері себебінен, 41% (16 авиация оқиғасы) - авиакомпаниялардың жеке құрамының кінәсінен болды.

Қазақстан Республикасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесі үш деңгейлі болуы керек.
1. Бірінші деңгей - жалпы мемлекеттік. Бұл деңгей:
1) көліктік қозғалыстың барлық түрлері бойынша заң актілерін дайындау
және қабылдау;
2) автомобиль - жүргізуші - жол, жылжымалы құрам - қызмет көрсететін
персонал - темір жол, су (әуе) кемесі - басқарушы персонал - көліктік
дәліз жүйелерінің элементтеріне қойылатын талаптарды стандарттау;
3) көше-жол желілерін, жалпы және жалпы емес пайдаланымдағы темір
жолдар желілерін, кеме жүретін және авиа желілерді дамыту;
4) көлік құралдарымен молықтыру деңгейін реттеу мәселелерін шешеді.
2. Екінші деңгей - ведомстволық:
1) қалалық және қала маңына жүретін жолаушылар көлігін дамыту және
жетілдіру;
2) көліктің түрлері бойынша тасымалдауларды ұйымдастыру;
3) көлік құралдарына қызмет көрсететін персоналды даярлау;
4) жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын өндіру мәселелерін
шешеді.
3. Үшінші деңгей - инженерлік қызметтер деңгейі. Мұнда:
1) көліктік қозғалыстың жәй-күйін зерттеу, қауіпті және "тар"
жерлерді айқындау;
2) қауіпті және "тар" жерлерді жою, көліктік қозғалысты ұйымдастырудың оңтайлы режимдері мен сызбаларын негіздеу;
3) көліктік қозғалысты реттеудің техникалық құралдарын енгізу және ұстау;
4) көліктік қозғалыстың дамуын және көліктік қозғалысты ұйымдастырудың іс-шараларын болжау;
5) көлік жағдайының қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін, оның теріс ықпалының алдын-алу жөнінде тиісті іс-шараларды әзірлей отырып, зерттеу мәселелері қарастырылады және шешіледі.
Қалыптастырылатын қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мынадай құрылымы болуы тиіс:
1) жалпы мемлекеттік деңгейде - басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік билік органдарының көліктегі қауіпсіздікті арттыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ететін Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы консультативтік-кеңесші үкіметтік органның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттері, құқықтары және қатысуы нақты белгіленген "Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 391 P980391_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлігінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне ведомствоаралық бақылау ұйымдастырудың бар жүйесімен айқындалған;
2) мемлекеттік билік органдарының авариялықты төмендету, көліктік кешеннің қауіпсіздігін арттыру мәселелерін шешу, жер бетіндегі, әуе және су көлігінде бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру жөнінде ұсыныс әзірлеу - Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ведомстволарының қызметіндегі Қазақстан Республикасының нормативтік заң актілерімен айқындалған бағыттардың бірі.
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы барларға:
1) желіге шығатын көлік құралдарына алдын-ала бақылау және техникалық байқау жүргізу, қозғалыстың белгіленген бағыттарындағы жағдайларды зерттеу;
2) көлік құралдарын басқаратын тұлғаларды сапарға дейінгі және кейінгі дәрігерлік куәландыру және олардың біліктілігі деңгейін арттыру;
3) көліктік уақиғаларға қызметтік тексеру және көліктік уақиғалардың пайда болу жағдайларына, оның ішінде көлік құралдарына қызмет көрсететін кәсіпорын персоналының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне байланысты себептерге талдау жүргізу;
4) қозғалыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің техникалық құралдарын енгізу;
5) көлік құралдарына қызмет көрсететін персоналдың еңбек және демалыс мәселелерін реттейтін ішкі еңбек тәртібін сақтау бөлігінде жүзеге асыратын бақылау мен ішкі қадағалау тікелей жатқызылуы тиіс қалыптастырылған немесе перспективалық қалыптастырылатын көліктік кәсіпорындардың өздерінің инженерлік қауіпсіздік қызметі жатқызылуы қажет.
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсіл
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсілдің ерекшелігін аралас тасымалдау жағдайындағы көлік тізбегінің звеноларының өзара әрекет ету мысалымен түсіндірейік (1-сурет) (аралас деп көліктің бірнеше түрімен кезектесіп жүретін тасымалдауды айтады. Олардың кең таралу себебі көптеген жағдайларда тек автомобиль көлігі жүкті тікелей "есіктен есікке" алып жеткізе алады).

Жүк жөнелтуші
Көліктің бірінші түрі
Жүк қабылдаушы
№1 жөнелтуші
Көліктің екінші түрі
№2 жөнелтуші
Жүк жөнелтуші
Көліктің бірінші түрі
Жүк қабылдаушы
№1 жөнелтуші
Көліктің екінші түрі
№2 жөнелтуші

Шартты Ақпараттық және қаржылық ағындар
белгілер: Материалды ағындар
1-сурет. Көліктің бірнеше түрінің қатысуымен жүргізілетін тасымалды дәстүрлі ұйымдастыру.
Жүк жөнелтуші
Көліктің бірінші түрі
Көліктің екінші түрі
Жүк қабылдаушы
Интермодальдық тасымалдаудың ортақ операторы
№1 жөнелтуші
№2 жөнелтуші
Жүк жөнелтуші
Көліктің бірінші түрі
Көліктің екінші түрі
Жүк қабылдаушы
Интермодальдық тасымалдаудың ортақ операторы
№1 жөнелтуші
№2 жөнелтуші

2-сурет. Көліктің бірнеше түрін қолданғандағы тасымалдауды логистикалық ұйымдастыру.
Тасымалдау міңдеттеріне мыналар жатады:
көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік коридорларын
және көлік тізбектерін құру (Көлік коридоры - бұл ұлттық
немесе халықаралық көлік жүйесінің бір бөлігі, ол жеке
географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын
қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер қозғалмалы көлік құралдары және осы бағытта жұмыс тстейтін барлық көлік түрлері мен стационарлық құрылғылары, сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы. Көлік тізбегі - көліктің бір немесе бірнеше түрін
қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір қашыктыққа тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгеріссіз қалады мысалы, жүк пакеті немесе контейнер);
тасымалдау-қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін
қамтамасыз ету;
тасымалдау үрдісін қоймалау және өндірістікті бірігіп жоспарлау;
көлік құралының түрін таңдау;
көлік құралының типін таңдау:
жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т.б.
Көлік құралының түрін таңдау
Көлік түрін тандау мәселесі қорлардың оңтайлы деңгейін құру және оны ұстап тұру, орау түрін тандау және т.б. сияқты логистиканын, басқа мәселелерімен өзара байланыста шешіледі.Нақты тасымал үшін оңтайлы көлік түрін таңдау негізгі түрлі көлік түрлерінің ерекшеліктері туралы ақпарат болып табылады.
Логистика тұрғысынан маңызды болып келетін автомобиль, тсміржол, су және әуе көліктерінің негізгі артықшылықтары меи кемшіліктерін қарастырайық. 1-кестеде түрлі көлік түрлерінің салыстырмалы логистикалық сипаттамалары келтірілген.
1-кестеде көрсетілгендей, тасымалдау тәсілін, тасымалдау құралдарын және нақты тасымалдаушыны таңдауда логистикалық менеджер ескеруі қажет көліктің әр түрінің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
1 кесте - Көлік түрлерінің сипаты
Көлік түрі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Халықаралық автомобиль тасымалдары»
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Көлік кешенін және байланысты басқару
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Целинный темір жолдары
Тасымалдау шартының жалпы ережелері
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің мәселелері
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Пәндер