Қазақстан Республикасының мұнай газ секторы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫ . ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазақстан Республикасының мұнай газ секторының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Бағаны құраушы негізгі экономикалық элементтер: шығын, пайда және салық туралы жалпылама шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3 Кәсіпорында қазіргі заманға сай баға құру кезеңдері мен тәсілдері ... ... 26
2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАҒА ҚҰРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.1 Әлемдік мұнай нарығының құрылу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.2 Мұнай бағаларының қалыптасу динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.3 Мұнайға ішкі және әлемдік бағалар, мұнай экспорты ... ... ... ... ... ... ... ... .57
3. МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫНДА БАҒА ҚҰРУҒА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
3.1 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық төлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
3.2 Ұңғы сағасынан түпкі тұтынушыға дейін отын энергетика саласында баға құру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
3.3 Әлемдік және ішкі нарықта бағаның құрылуына экономикалық және геосаяси факторларды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 97

КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты: Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы «Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері». Осыған орай қазіргі таңда біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорына өте бай, сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс потенциалына ие деп айтуға болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі, Қазақстан елінің байлығы – мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз өңдейтін кәсіпорындардың өнімін кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл ірі инвестициялар үшін де ауыр болуы мүмкін. Сондықтан мұнайгаз саласында бағаның құрылуы нақты әрі үлкен көлемде табыс әкелетін жағдайда болуы қажет. Халқымыздың экономикалық - әлеуметтік хал-ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай мен газ кенорындарының бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі талай жылдар бойына басым бағыт болып қала береді.
Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2015 жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, одан әрі әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып айқындалады. Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты. Алдағы мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда, экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген, кәсіпкерлердің инвестициялық белсендігін қолдауға басым бағытталған мемлекеттік саясат қажет.
Мұнай – газ секторында компания мынадай қызметтер көрсетеді: Отандық мұнай – газ рыногының бәсекелік артықшылықтарын бағалау, мұнай-газ секторы дамуының стратегиясын қалыптастыру саласында және жергілікті нарыққа кірудің оңтайлы жолдары туралы мәліметтер беру, қазақстанда мұнай қызметін бастағысы келетін компаниялардың мүдделерін білдіру, мұнай мен газ саласында инвесторлармен жасалатын келісімдердің техникалық, экологиялық, экономикалық және өзге аспектілерін сараптамалық бағалауды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Сондай ақ кенорындарын әзірлеудің технологиялық тәсілін құрастыру, мұнай өндіру, жинау, тасымалдау және дайындау, газды тазалау, кептіру және өңдеу, мұнай мен газдың технологиялық шығындарын анықтау және нормалау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.
Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған мақсаты болады ол табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып, тиімді жолмен пайда түсіру болып табылады.
Зерттеу заты. Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы. Баға оның құрамындағы элементтерімен өте тығыз байланыса отырып құрылады. Өндірілетін мұнайда парафиннің жоғары құрамдылығымен ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады, әсіресе, қысқы уақытта ауа райының қатаң жағдайларына байланысты мұнайды өндіру мен тасымалдау шығындарының артуымен байқалады. 2001 жыл мен 2002 жылдың басында орын алған мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі бағаның төмендеу кезеңінен кейін соңғы айларда өндірістің күннен күнге өсіп отыратын шығындары және әлемдік бағалардың артуы әсерінен ішкі нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне баға динамикасының өзгерісі орнады. Қазақстандық экономиканың шикізаттық емес секторы әлсіз дамығандықтан және оған ішкі құрылымдық

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Алшанова Р.А. «Казахстан на мировом и минеральро-сырьевом рынке». –Алматы, 2004
2 Бердалиев К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». –Алматы, Экономика, 2004
3 Даниэл Джонстан «Международный нефтяной бизнес». ЗАО «Олимп-Бизнес». Москва 2000
4 Дунаев В.Ф., Епихова Н.П., «Экономика преприятии нефтяной газовой промышленности». ЦентрЛидНефтиГаз, Москва 2004
5 Джиембаева Қ.І., Насибуллин Б.М. мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау Алматы 2005
6 Махмутова С.Б. «Ценообразование». Алматы 2006
7 Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы, Экономика 2003
8 «Ммұнай және мұнай өнімдерінің нарығы». (дәріс жинақтары), ААлматы 2005
9 « Маңғыстау энциклопедиясы». 2000
10 Николас К.Сирополис «Управление малым бизнесом». Москва Дело 2003
11 «КазТрансОйл» журналы 2004
12 ҚР салық кодексі. Алматы:Юрист, 2006
13 Перзинь И.Э., Пукинова С.А., Совчанко Н.Н, Фалько С.Г. «Экономика предприятий» Дрофа, Москва 2003
14 Тайкулакова Г.С., Ускенбаева А.М., «Инвестициялық жобаларды басқару» А.М. Алматы 2006
15 Тайкулакова Г.С., Алшембаева Л.Т. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы 2006
16 Трацевский И.П., Грекова И.М. «Ценообразование». Минск ООО «Новое знание» 2000
17 Черника Д.Г. «Налоги». Москва 2003
18 Орысша қазақша сөздік. Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы 1998
19 Сырьямытников Е.С, Победоносцева Н.Н, Зубарева В.Д, Шпанов В.А. «Организация планирования и управление нефтегазового добывающими предприятиями».
Москва Недро 1997
20 Сүлеймен Р.Т. «Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік». Алматы 1999
21 Сиго И.И. «Основы экономики и управления». Издательство Экономика Москва 1993
22 www.googel.ru
23 www.rambler.ru
24 о земле, о недрах и недропользовании. Алматы «Жеті жарғы» 1999
25 Черника Д.Г.Налоги, Москва 2006

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫ – ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазақстан Республикасының мұнай газ секторының даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Бағаны құраушы негізгі экономикалық элементтер: шығын, пайда және салық
туралы жалпылама шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3. Кәсіпорында қазіргі заманға сай баға құру кезеңдері мен тәсілдері
... ... 26
2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАҒА ҚҰРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6
2.1 Әлемдік мұнай нарығының құрылу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6
2.2 Мұнай бағаларының қалыптасу
динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.3 Мұнайға ішкі және әлемдік бағалар, мұнай
экспорты ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
3. МҰНАЙ ГАЗ СЕКТОРЫНДА БАҒА ҚҰРУҒА САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ
ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
3.1 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық
төлеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .66
3.2 Ұңғы сағасынан түпкі тұтынушыға дейін отын энергетика саласында баға
құру

... ... ... ... ... ... ... ... .74
3.3 Әлемдік және ішкі нарықта бағаның құрылуына экономикалық және геосаяси
факторларды
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 89
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .93
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..96
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..97
КІРІСПЕ
Зерттеу мақсаты: Бұл дипломдық жұмыстың қарастырып отырған тақырыбы
Мұнайгаз секторына баға құру ерекшеліктері. Осыған орай қазіргі таңда
біздің мемлекетіміздегі көптеген мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және
мұнайгаз саласына деген сұранысы жылдан жылға өсіп, соның арқасында шетел
инвесторларымен қарым-қатынасымыз артуда. Қазақстан экономикасының жұмыс
істеуінің нарықтық негіздеріне көшу және осыған байланысты еліміздің
әлеуметтік, экономикалық және саяси келбетін жаңғыртқан түбегейлі
өзгерістер принципті түрде жаңа проблемалар мен міндеттерді алға тартуда.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорына өте бай,
сонымен қатар білімді мамандар мен өндіріс потенциалына ие деп айтуға
болады. Сол көптеген пайдалы қазбалардың бірі, Қазақстан елінің байлығы –
мұнайгаз саласы болып табылады. Осы саланың дамуын қамтамасыз етуде қатынас
қаражаттардың алатын орны ерекше. Мұнайгаз өңдейтін кәсіпорындардың өнімін
кеңейту үшін қаражат көлемі өте үлкен, бұл ірі инвестициялар үшін де ауыр
болуы мүмкін. Сондықтан мұнайгаз саласында бағаның құрылуы нақты әрі үлкен
көлемде табыс әкелетін жағдайда болуы қажет. Халқымыздың экономикалық -
әлеуметтік хал-ахуалын одан әрі жақсартуда мұнай мен газ кенорындарының
бағдарлы да пәрменді түрде игеру мәселесі мемлекетіміз үшін әлі талай
жылдар бойына басым бағыт болып қала береді.
Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2015
жылдарға дейінгі стратегиясында мемлекеттің экономикалық саясатының
басты бағыттарының бірі экономиканың шикізаттық бағытынан кетіп, одан әрі
әртараптандыру және жаңа технологияларды дамыту болып айқындалады.
Экономиканың серпінді өсуінің перспективасы отандық жоғары
технологиялық экспортқа бағытталған өндірістің дамуына, кәсіпкерлік
субъектілерінің инвестициялық белсенділігіне тікелей байланысты. Алдағы
мақсаттарға жету үшін алдымен экономикалық әдістерге, атап айтқанда,
экономиканың дамуын мемлекеттік ынталандырудың жанама тәсілінің негізгі
құрамдаушысы болып табылатын салық салу жүйесіне негізделген,
кәсіпкерлердің инвестициялық белсендігін қолдауға басым бағытталған
мемлекеттік саясат қажет.
Мұнай – газ секторында компания мынадай қызметтер көрсетеді: Отандық
мұнай – газ рыногының бәсекелік артықшылықтарын бағалау, мұнай-газ секторы
дамуының стратегиясын қалыптастыру саласында және жергілікті нарыққа
кірудің оңтайлы жолдары туралы мәліметтер беру, қазақстанда мұнай қызметін
бастағысы келетін компаниялардың мүдделерін білдіру, мұнай мен газ
саласында инвесторлармен жасалатын келісімдердің техникалық, экологиялық,
экономикалық және өзге аспектілерін сараптамалық бағалауды
ұйымдастыруды жүзеге асыру. Сондай ақ кенорындарын әзірлеудің
технологиялық тәсілін құрастыру, мұнай өндіру, жинау, тасымалдау және
дайындау, газды тазалау, кептіру және өңдеу, мұнай мен газдың
технологиялық шығындарын анықтау және нормалау саласындағы ғылыми-
зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру.
Әрбір мұнай компанияларының ең негізгі алға қойған мақсаты болады ол
табысты максимизациялау, яғни шығындарды азайтып, тиімді жолмен пайда
түсіру болып табылады.
Зерттеу заты. Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның
құрылуы. Баға оның құрамындағы элементтерімен өте тығыз байланыса
отырып құрылады. Өндірілетін мұнайда парафиннің жоғары құрамдылығымен
ерекшеленеді. Сәйкесінше бұл белгілі бір қиындықтарға әкеп соғады,
әсіресе, қысқы уақытта ауа райының қатаң жағдайларына байланысты мұнайды
өндіру мен тасымалдау шығындарының артуымен байқалады. 2001 жыл мен
2002 жылдың басында орын алған мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі
бағаның төмендеу кезеңінен кейін соңғы айларда өндірістің күннен
күнге өсіп отыратын шығындары және әлемдік бағалардың артуы әсерінен
ішкі нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне баға динамикасының өзгерісі
орнады. Қазақстандық экономиканың шикізаттық емес секторы әлсіз
дамығандықтан және оған ішкі құрылымдық тұрақтылық жағдайын бере
алмайтындықтан экономикаға мұнай табыстарының осындай әсері оның
мұнайға деген әлемдік бағаладың ауытқуына күшті тәуелді етеді. Мұнайға
бағаны болжауда мұнайға деген сұраныстың әсері есепке алынады. Ол өз
кезегінде әлемдік экономиканы дамытумен, жаңа технологиялар мен энергия
көздерін енгізумен анықталады. Сонымен қатар, әлемдік нарықтардағы мұнай
ұсынысы және оны тасымалдау мүмкіндіктері де есепке алынды.
Зерттеу объектісі. Жасалынған жұмыстың басты объектісі болып
мұнайгаз өндіретін компаниялар болып табылады. Қазір мұнай және газ
өндіретін компаниялар жылдан жылға өсіп келуде. Олар өндіретін мұнайының
сапасы, көлемі, түрі, барлануы, өңделуі, жеткізілуі сияқты тағы басқа
көптеген қызмет көрсетулерімен ерекшеленеді. Қазақстан әлемдік бірлестікте
мұнайлы держава ретінде танымал. Қара алтынның өңделуі мен экспорты
үлкен көлемдегі бюджеттік табыс болып табылады. Компанияларға берілетін
жоғары баға көптеген компанияларның кәсіби билікке қол жеткізуге
жетелейді. Бүгін Қазақстанның ең ірі компаниялары мұнай өнімдерін
тасымалдаудың балама бағыттарын іздестіруде және қазіргі бар мұнай
тасымалдау жүйелерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. өткен жолымыз
бізге болашаққа сенімді үмітпен қарауға мүмкіндік береді.
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҰНАЙГАЗ СЕКТОРЫ – ОТЫН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.
1.1. Қазақстан Республикасы мұнайгаз секторының даму ерекшеліктері.
2000 жылдан бастап Қазақстан экономикалық өсу үстінде.
Энергетикалық сектордағы шоғырланудың көп бөлігін құрайтын
энергетикалық реформалар мен шетел инвестициясы мұндай өсудің ең басты
катализаторы болып табылады. Бұрынғы Совет Одағы республикаларының
ішіндегі шикі мұнайды сыртқа шығару (экспорттау) жөнінен Қазақстан
Ресейден кейінгі екінші орында. Каспий аймағында Қазақстан шикі
мұнайдың ірі қорларына ие. Құрлықтағы, сол сияқты шельфтегі
көмірсутегінің анықталған қоры 1,2 – 1,4 млрд теңге шамасында
бағаланады.
Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олар: солтүстік аймақты
мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін Павлодар зауыты, батыс аймақта –
Атырау мұнай өңдеу зауыты, оңтүстік аймақта Шымкент мұнай өңдеу зауыты,
олардың өңдеу қуаттылығы жылына 21,0 млн теңгені құрайды (күніне
шамамен 427 мың баррель мұнай). 2005 жылы бұл 3 мұнай өңдеу зауыттарының
барлығы шамамен 11,2 млн тонна (күніне шамамен 224 мың баррель мұнай)
шикі мұнай өңдеді. Павлодардағы МӨЗ ішкі мұнайды батыс Сібірден алады,
Атырау МӨЗ Қазақстанның батыс аймағындағы отандық мұнайды өңдеумен
айналысады, ал Шымкент МӨЗ қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік
аймақтарының мұнайын пайдаланады. АМӨЗ жылу бойынша европалық
стандарттарды қанағаттандыратын қосымша қуатты іске қосу үшін
жетілдіру кезеңінде. Қазақстан – газдың нетто экспортшысы. Қазақстан га
қорының көп бөлігі Каспий теңізі маңындағы батыс аймақта. Дәлелденген газ
қорының 25% Қарашығанақ кенорнында орналасқан. Мұнай құбырларының
инфрақұрылымы көрші елдерден өтетін болғандықтан көмірсутегі қорын
пайдалануда. Қазақстанның географиялық орналасуы да басты роль атқаратын,
халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Кесте 1. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу
қуаттылықтары
Мұнай өңдеу зауыттары Қуаты жылына млн.т.
Павлодарлық зауыт 7,5
Атыраулық зауыт 4,5
Petrol Kazakhstan ON Products 6,5
Сурет 1 – Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының қайта өңдеу
қуаттылықтары
2001 жылдан бері жұмыс жасап тұрған КТК мұнай құбыры басты
экспорттық артерия болып табылады. Оның ұзындығы 1500 км. Ол теңіз
кенорнынан басталып, Ресей территориясынан өтіп, Қара теңіздегі
Новороссийск Ресей порты жанындағы КТК теңіз терминалында аяқталады. УАС
мұнай құбыры Атырау, Маңғыстау кенорнындарынан Ресейге мұнай тасымалдау
үшін қызмет етеді. Мұнай құбыры жүйесінің ұзындығы Қазақстанның оңтүстік
батысындағы Өзеннен Атырау теңіз портына дейін 1232 км құрайды. Одан
кейін мұнай құбыры Ресей территориясымен өтіп, Самарада Транснефть
ресейлік жүйесімен бірігеді. 2002 жылы маусымда Қазақстан Ресеймен мұнай
транзиті жөнінде 15 жылға келісім шартқа қол қойды. Осы келісім шартқа
сәйкес Қазақстан Ресейлік мұнай құбырлар жүйесі арқылы жылына аз дегенде
17,4 млн тонна (күніне шамамен 350 мың баррель мұнай) мұнайды сыртқа
шығарады. 2005 жылы шамамен 30,5 млн тонна шикі мұнай (күніне шамамен 610
мың баррель мұнай) УАС мұнай құбыры арқылы өткен. Жалпы экспортқа
шығару жылына шамамен 52,4 млн тонна (күніне шамамен 1 100 000 баррель
мұнай) құраған.
Ұзындығы 1767 км құрайтын Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры
шикі мұнайды Бакуден Жерорта теңізі жағасындағы Джейхан түрік портындағы
жаңа теңіз терминалына мүмкіндік беріп, Каспий және Жерорта теңіздері
арасындағы бірінші тіке құбыр болып табылады. 2001 жылға қарай Баку –
Тбилиси – Джейхан мұнай құбырымен 50 млн тонна мұнай (күніне шамамен 1 млн
баррель мұнай) тасымалданбақ. Мұнай құбырының құрылысы 2005 жылдың мамыр
айында аяқталып, 2006 жылы шілдеде іске қосылды. Баку – Тбилиси – Джейхан
мұнай құбыры Каспий маңы Азербайжан секторындағы Азери – Чираг – Гюнашли
кенорны өнімін айдау үшін пайдаланылады деп жоспарлануда. Бірақ мұнай
құбырының пайдаланылмаған өткізу қабілеті болуы себепті ол Каспий
теңізімен Қазақстан Азербайжанмен өткізу мүмкіндігін ашуға келіссөздер
жүргізуде.
2005 жылы желтоқсанда Қытай мен Қазақстан Атырау – Дущанцы мұнай
құбырының бір бөлігі болып табылатын 614 мильге созылған Атасу –
Алашонькоу мұнай құбырының телімін пайдалануға берді. Атасу –
Алашонькоу мұнай құбырының алғашқы өткізу қабілеттілігі жылына 100 млн
тонна (күніне шамамен 200 000 баррель мұнай) құраса, жылына 20 млн
тоннаға (күніне шамамен 400 000 баррель мұнай жоспарлы түрде ұлғайту
көзделіп отыр. Қазақстанда мұнай мен кондесат өндіру 2005 жылы қаңтарда
12,3 % өсіп 26,129 млн тонна құрады. Газ – 45,5 % өсіп, 11,344 млрд
текше метр табиғи газ (2004 жылы 155,9%) өндірілді.
Қазақстан көмірсутек ресурстары. Мұнайгаз өндіру ҚР негізгі және
тұрақты дамып келе жатқан экономика саласы болып табылады. Ұлттық жалпы
өнімнің, бюджеттік табыстың, елге құйылатын валюталық түсімнің басым
бөлігін мұнайшылар қамтамасыз етеді. Барланған мұнай мен конденсат қоры
бойынша әлемде 12 – орын алады, алдыңғы қатарлы мұнай өндіретін елдердің
арасында қазақстан 23 орында. Қазақстандағы қуат көздерінің жалпы
көлемінің 30% мұнай құраса, газ – 13 - 15% құрайды.
Қазақстан жер қойнауындағы әлемдегі көмірсутек қорының 2% ие.
Дәлелденген көмірсутек қорлары 169 көмірсутек кенорнын қамтиды,
87 мұнай, 17 газ, 30 мұнайгаз, 25 мұнай мен газ конденсаты, 20 мұнай
конденсаты кенорындарына ие. Мұнайгазды аудандар Республиканың 1,7 млн
кв. км жерін алып жатыр (Қазақстан территориясының 62%). Қазақстанда
дәлелденген мұнай қоры 2,8 млрд. Тонна және газ 1,8 трлн. куб метр, ал
жоспардағы - шамамен 12 млрд. тонна мұнай және конденсат және шамамен 3
трлн. метр куб газ.
Елдегі көмірсутек қорының 23 бөлігі 5 кенорнының үлесіне тиеді.
Жартысынан көбі Теңіз кенорны қоры, қалған бөлігі 4 кенорны үлесіне
тиеді. Олар Өзен мен Қарашығанақ, Жаңажол мен Құмкөл. Каспий теңізі шельфі
мен оның жағалық зоналарының болашағы зор. Геофизикалық зерттеулер
нәтижесінде 100 мың кв. метр шамасындағы алаңда 12 млрд. Тонна мұнай қоры
көзделген 96 құрылым оқшауланған. Басқа да аймақтар одан кем түспейді.
Сонымен, Ақтөбелік топтар және Орталық - Шығыс Прорва кенорнының батыс
алаңы кенорнындарында алынатын мұнай қоры 115 млн. тоннаға сәйкес 7,4
млн. Тонна көзделуде. Теңіз және Қарашығанақ кенорнындарында 40 млн.
тоннадан аса мұнай мен 30 млрд. текше метр газ жыл сайын өндірілмек.
Орталық, Оңтүстік, Шығыс Қазақстанның басқа да аудандарында 1 млрд. тонна
мұнай қоры ашылатын аудандар бар. Қорлардың мұндай тез өсуі Қазақстан үшін
көмірсутек шикізатының ірі қоры бар алғашқы он елдің ішіне еніп, Персия
шығанағы елдеріне бәсекелес болуға мүмкіндік береді.
Мұнайгаз секторындағы шетел инвестициясы. 6 жыл бұрын шетел
инвестициясын тарту саясаты өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі күні
мұнайгаз саласында приватизациялық жобаларды қоспағанда қол қойылған
келісімдердің жалпы құны 40 млрд. долларды құрайды. Каспий теңізі
кенорындарын игерумен байланысты ашылып жатқан мүмкіндіктер өте көп
инвестиция талап етеді. Қазақстан және шетел сарапшыларының бағалауы
бойынша капиталды шығын 160 млрд. доллар құрайды. Оның ішінде 10 млрд.
доллар шамасында кенорындарын барлау мен бағалаудың бастапқы кезеңіне
жұмсалады. Бірақ бұл каспий айсбергінің тек ғана бастапқы бөлігі.
Қазақстанның континенталды бөлігі мен Каспий теңізі шельфіндегі орасан
зор көмірсутек қорлары мұнай машина жасау, қызмет көрсету компанияларын
дамытуға, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар, мұнай өңдеу және
мұнайхимия базаларын құруға жол ашады. Жыл сайын жаңа кенорындар
өнеркәсіптік өңдеуге енгізіліп, мұнай өндіруші компаниялардың тізімі
өсуде. Республикалық мұнай өндіруде қазақстандық мұнайдың 86%
өндіретін 7 компания басты роль атқарады. Олардың ішіндегі көшбасшысы
Теңізшевройл компаниясы. Өндіру көлемі қарсылас үш компанияның
(Маңғыстаумұнайгаз ААҚ, Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылау, Karachaganak
Petroleum Operating B.V.) көрсеткіштеріне тең. Бұдан басқа 1 млн.
Көмірсутек қорын жылына Торғай Петролиум ЖАҚ және Қаражанбасмұнай АҚ
өндіреді. Мұнай өндіретін компаниялардың алғашқы ондығын БМ
аяқтайды.
Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылауды қоспағанда Қазақстанда барлық негізгі
мұнай өндіретін компаниялар шетел инвестициясына ие. Мұндай жағдай
үкіметтің саланы дамыту үшін шетел капиталын барынша кеңірек
тартқандығын және жер қойнауындағы әлі де игерілмеген ресурстарын
пайдалануды оңтайландыру үшін мұнай өндіретін компаниялардың тәжірибесін
кеңірек пайдаланылғанын көрсетеді. Теңізшевройл ЖШС БМ Қазақстандағы ең
ірі мұнай өндіретін мекеме болып табылады. Теңізшевройл БМ (ТШО) 2004
жылы мұнай өндіруді 6,7% өсіріп, 13 млн. 600 мың тоннаға жеткізді. Газ –
4,7 млрд. текше метр. Теңіздегі өндірілетін мұнайдың бәрін ТШО КТК
құбырымен шетелге шығарады. ТШО – ның үлесінде елдегі мұнайдың төртінші
бөлігі тиеді. Қазіргі уақытта теңізде ТШО екі ірі жобаны іске асыруда.
Олар – газды пластқа айдау (ПЗГ) және екінші ұрпақ жобасы (РВГ). ПЗГ
нысандарының құрылысын аяқтау 2005ж. 2 – кварталына жоспарланған. Бұл
жобаларды іске асыру Теңіз кенорнында мұнай өндіруді жылына 20 млн.
Тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. 1993 жылы, БМ құрылған кезде мұнай
өндіру 1 млн 300 мың тоннаға жетті. Одан бері мекеме жылына жобамен 1-
2 млн. тоннаға өндіріс көлемін арттырып отырды. 2006 ж. кейін екінші
ұрпақ зауыты іске қосылып, газды пластқа айдау жобасы іске асқан кезде
мұнай өндірісі бүгінгі көрсеткіштен екі есе ұлғаюы тиіс. Бұл жобаларға
инвестиция 4 млрд. 400 млн. долларды құрайды. Жалпы Теңіз кенорнын игеру
жобасының инвестициясы 40 жылға есептеліп, 20 млрд. долларды құрайды.
1979 жылы ашылған ірі кенорнының мұнай қоры 750 млн. тоннадан 1,125 млрд.
тоннаға жетеді деп көзделуде. Қазіргі уақытта америкалық Chevron Texaco
және Exxon Mobil ТШО дағы үлесі 50 %және 25 %, Lukarko 5%, Қазмұнайгаз
ұлттық мұнайгаз компаниясы - 20%.
Қазмұнайгаз мұнайгаз компаниясы 2005 жылы 1-тоқсанында мұнай мен газ
конденсатын өндіруді 9,7% 2,241 млн. Тоннаға жеткізді. 2005ж. Қаңтар –
мамыр аралығында мұнай мен газ конденсатын өндіру 8,9% 3 млн. 799 мың
тоннаға өсті. Мұнай өндірудің өсуін жаңа интенсивті технологияларды
енгізу қамтамасыз етті. Қазмұнайгаз Барлау Бұрғылау біріккен компаниясы
2004 жылы 1 сәуірде 2 ірі мұнай өндіретін мекемені біріктіруден құрылды
(Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз). Өзенмұнайгаз ӨФ Өзен кенорнын игеруде.
1997 жылы Қазақстан бойынша мұнай өндіру дәрежесі жылына 23,3 млн.
тоннаға жетті. оның 16 млн. тоннасын Өзен беріп тұрды. Ембімұнайгаз ӨФ
1999 жылы 1 шілдеде Ембімұнайгаз және Теңізмұнайгаз ААҚ біріктірумен
құрылды. ӨФ құрамына 10 филиал кіреді. Олардың 6 мұнайгаз өндіруші
басқармалар: Жайықмұнай, Доссормұнай, Мақатмұнай, Қайнармұнайгаз,
Прорвамұнай, Құлсарымұнай және 3 негізгі өндіріске қызмет көрсетуші
мекеме. Қызметкерлердің жалпы саны 6605 адам. Ембімұнайгазда 39 игеріліп
жатқан кенорны бар. Қазіргі уақытта өндіру 34 кенорнында жүріп жатыр.
2003 жылы 1 қаңтарда іске қосу қоры 1937 ұңғыны құрайды, соның 1889
жасап тұр. Өнеркәсіптік категориядағы бастапқы мұнай қоры
төмендегідей: балансты – 522,7 млн. тонна, алынуда -215,9 млн. тонна.
Agip KCO консорциумы – Қашаған кенорны жобасының операторы. Қазіргі
уақытта Каспий теңізі Қазақстан шельфіндегі Қашаған кенорнын әзірлеу
үшін құрылған Agip KCO консорциумы қатысушыларының құрамы төмендегідей:
Солтүстік Каспий жобасының бірыңғай операторы ЕNI, әрқайсысы 18,52%
үлесі бар Total, ExxonMobil, Royal Dutch Sheii. ConocoPhillips – 92,6%,
Inpex және Қазмұнайгаз - 8,33% үлес. Қашаған кенорнында алғашқы
мұнай 2000 жылы жазда Восток - 1 ұңғысында өндірілді. Солтүстік
Каспий жобасы шеңберінде өнеркәсіптік дамытуға 2007 – 2008 жж. кірісу
көзделуде. Қашаған мұнайының алынған қоры
7-9 млрд. баррельге бағалануда. Мұнайдың жалпы геологиялық қоры – 38
млрд. баррель. Қашағанның және Қазақстанның басқа да каспийлік блоктарын
игеру есебінен мұнай өндіретін ірі 10 елдің қатарына кіре отырып, жыл
сайын мұнай өндіруді 150 млн. тоннаға (күніне 3,5 млн баррель) жеткізу
есептеліп отыр. Республиканың батысындағы Ақтөбе облысында көмірсутек
шикізаты кенорнын әзірлейтін Қазақстан – Қытай біріккен СNPC –
Ақтөбемұнайгаз АҚ мекемесі Қазақстандағы ірі мұнай компанияларына
кіреді. 2004 жылы СNPC – Ақтөбемұнайгаз мұнай өндіруді 14,4% 5 млн. 320
мың тоннаға арттырды, газ 2249 млн. текше метр. Мұнай өндіруден табыс 1
млрд. долларды құрады. 2005 жылы компания газ өндіруді 34% 2,994 млрд.
текше метрге жеткізді. 2005 жылы СNPC – Ақтөбемұнайгаз Жаңажол газ өңдеу
кенорнының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. СNPC – Ақтөбемұнайгаз
мұнайын тұтынушы PetroKazakstan OH Products және Павлодар МӨЗ.
Өндірілген мұнайдың 1 бөлігі теміржолмен Қытайға жөнелтіледі.
Саланың транзиттік мүмкіндігі. Қазақстанның географиялық ерекшелігі
әлемдік нарыққа көмірсутегі шикізатын жеткізуге тиімді құбыраралық жүйе
құру бойынша тиімді қызметін ашады. Қазақстан нарығы шектеулі, бүгінгі
таңда 10 млн. тонна мұнай экспортқа шығарылады. Өңделіп және өндіріліп
жатқан кенорындардағы өндірудің арты экспорттық мұнай құбырларының
қуатын жылына 50 млн. тоннаға жеткізуді талап етеді. Ал шельфтегі
жобаның дамуы экспорттық жүйенің жалпы қуатын жылына 70-120 млн. тоннаға
жеткізуді көздейді.
Казтрансойл АҚ ірі мұнай тасымалдау мекемесі. Қазіргі уақытта
Қазтрансойл АҚ Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70% тасымалдауды
қамтамасыз ететін қуаты күшті тармақталған магистральды мұнай
құбырларына ие: Өзен – Атырау – Самара, Қаламқас – Қаражамбас-Ақтау,
Жаңажол – Кеңқияқ – Орск, Омск – Павлодар- Шымкент – Чаурджоу, Құмкөл –
Қарақойын. Қазтрансойл АҚ жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2004
жылы 38 390 мың тоннаны құрады. 2003 жылы көрсеткіштен 2% артық (34 192
мың тонна). Жүк айналымы 25 135 млн. тоннакм құрады. 2003 жылмен
салыстырғанда (24 604 млн тоннакм) 2% артық. Мұнай тасымалдау көлемінің
артуы және магистральды мұнай құбырлар жүйесін интеграциялау саясаты
жүргізілуі нәтижесінде жүк айналымы артты. Магистралды мұнай құбырлар
жүйесі бойынша Қазтрансойл АҚ мұнайды экспортқа шығаруды арттырды. 2004
жылы Атырау – Самара мұнай құбырымен мұнай тасымалдаудың рекорды болды –
15 млн. тоннадан аса (2003 жылмен салыстырғанда 6% ке) артқан. Атырау порты
арқылы танкерлерге 7,2 млн. тонна (2003ж. 20%) жөнелтілді. Атасу теміржол
мұнай құю эстакадаларында айдау көлемі (2003 жылмен салыстырғанда 1,352 млн
тонна, 58% артық) және Шағырда - 1,505 млн. тонна, 31% артты. Мұнай
тасымалдау бойынша көрсетілген қызметке және су өткізу 2004 жылы алдын ала
алынған деректер бойынша 60 414 млн. теңге құрады. 2003 жылы өтеудің өсуі
3% немесе 1991 млн. теңгеге артты.
Болашақ, Қазақстанда 2005 жылы мұнай өндіру күніне 160 мың тоннаға
артты, ал 2015 жылы күніне 430 мың тоннаға артады. Қазіргі уақытта соңғы
өнім бойынша төмендегідей негізгі мұнайгаз өндіріс процесінің процестерін
атауға болады:
- мұнай және газ кенорындарын іздеу және барлау;
- мұнай мен газды өндіру;
- мұнай мен газды өңдеу;
- мұнай мен газ өнімдерін тасымалдау және сақтау.
1.2 Бағаны құраушы негізгі экономикалық элементтер: шығын, пайда және
салықтар туралы жалпылама шолу
Экономикада бір өнімді өндіруге кеткен шығындармен және оны өндірген
кәсіпкердің қалтасына түсетін пайдасының қосындысы баға деп аталады.
(1)
Мұнайгаз өнеркәсібіндегі бір өнімнің үлесіне келтірілген өзіндік құны
мен жалпы жылдық өндірістік шығындар: Өндіріс кәсіпорынының өнімді
өндіруге, іске асыруға кететін шығынының ақшалай түрі өнімнің өзіндік құны
деп аталады. Өнімді өндіру мен қызмет атқаруға байланысты шығындар
өндірістік өзіндік құнды құрайды. Ал өнімді өткізуге байланысты шығындар
мамандарды дайындау, ғылыми-зерттеулік және тәжірибе жұмыстары -
өндірістік емес шығындарға жатады. Бұл екеуінің қосындысы өнімінің толық
өзіндік құнына тең.
Өндірістегі әр түрлі шығындарды бір жүйеге келтіріп, оларды бөлек
топтарға жинақтау мақсатымен барлық шығындар жіктеледі. Барлық шығындар
экономикалық элементтер бойынша топтанады. Өзіндік құнның калькулияциясы
келесі тарамдардан құралады:
• Шикізат пен негізгі материалдар;
• Қосалқы материалдар;
• Отын,
• Энергетикалық ресурстар шеттен келген;
• Амортизация төлемдері;
• Еңбек ақысы;
• әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
• басқа да ақшалай шығындар;
Калькулияция - өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың
өзіндік құнын есептеп шығару. Барлық шығындарды келесідей топтарға бөледі:
• өзіндік құнға жатқызу әдісіне байланысты :
- тура;
- қосалқы;
• өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты:
- шартты-тұрақты;
- шартты-өзгерісті;
• өндіріс процесс қатысуына байланысты:
- негізгі;
- қосымша;
Сонымен, шығын, яғни жұмсалған қаржы – бірлестіктердің,
кәсіпорындардың, ұйымдардың өнім шығаруға, қызмет көрсетуге, жұмыс атқаруға
және оларды өткізуге жұмсаған ақша түріндегі шығындарының жиынтығы.
Тура шығындар – бұл өнімнің өзіндік құнына тікелей жататын тікелей
қатысы бар шығындар.
Қосалқы шығындар - өнімнің бірнеше түріне қатысы бар шығындар.
Шартты-тұрақты шығындар – негізгі қорлардың өзгеріссіз болған
жағдайында өнім өндіру көлеміне байланысты болады және өндіріс күшейткенде
өзінің тұрақтылығын көрсетеді, яғни өндірістің деңгейіне қарамастан бір
қалыптан айнымайтын шығын.
Шартты-өзгерісті шығындар - өндірілген өнімнің немесе атқарылған
жұмыстың бір бөлігіне қатысы. Олар өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгеріп отырады, яғни деңгейі өндіріс деңгейіне тікелей тәуелді болатын
шығындар.
Негізгі шығындар - өндіріс үрдісіне тікелей қатысы бар шығындар;
Қосымша немесе үстемелі шығындар – басқару шығындар, яғни өндіріс пен
басқаруға шаруашылық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар болып табылады
және олармен бірге өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Кәсіпорынның жоспарлы және есептегі өзіндік құнына байланысты келесі
көрсеткіш пайдаланады:
1. Өзіндік құнның өзгерісін тауарлық өніммен салыстырғандағы көрсеткіш
мына формула бойынша анықталады:
(2)
Қорларды дайындау шығыны стадиялық және қор категориясы бойынша
анықталады. С1 категориясы 1тн. қор шығыны мына формула бойынша есептеледі:
ӨҚС1=(ӨҚn – ҚҰ)ШС1
(3)
Мұндағы:
ӨҚn – бөлшекті іздеу және барлау стадиясындағы шығындар;
ҚҰ – ұңғы өнімінің құны;
ШС1 - категориясының қоры,тн.
С1 категориялы 1тн. қорды В катеоргиясына ауыстырғандағы шығындар:
ӨҚВ= ӨҚС1 + ӨҚД.Р. – СҰ ШС.В.
(4)
Мұндағы:
ӨҚВ – ұңғы қорының құндық сомасы;
ӨҚД.Р – бөлшекті барлау стадиясындағы шығындар:
ШС.В. – С1 категориясынан В катеориясына ауысқан қор.
Бұрғылау жылдамдығы өзгерген жағдайда ұңғы құрлысының өзіндік құны да
өзгереді. Бұрғылау жұмысының өзіндік құн өзгерісі кезінде:
ӨҚυ = (T100)*Ү
ӨҚυ = (1 – υжос υнақ)*Ү
(5)
Мұндағы:
T – бұрғылау жылдамдығының өсуіне байланысты бұрғылауды тоқтату
мерзімі;
υжос, υнақ – жоспарлы және нақтылы бұрғылау жылдамдығы, мст-ай;
Ү – уақытқа байланысты шығындардың үлес салмағы, %.
Ұңғы құрылысының сметалық құны – сметалық мөлшер мен баға бойынша
техникалық жоба негізінде есептелген шығындар сомасы болып табылады.
Ұңғы құрылысындағы шығындар сомасын анықтайтын сметалар 4 бөлімнен
тұрады.
I. Ұңғы құрылысын дайындау жұмысы;
II. Құрылыс – монтаж жұмысы;
III. Бұрғылау және бекіту (крепление);
IV. Ұңғы өнімділдігін сынау.
Жоспарлы қор жинау болып тапсырыс берушіге аяқталған ұңғы қызметін беру
нәтижесінде алынған бұрғылау кәсіпорынның пайдасы табылады.
Өндірістік шығындар сметасы – бұрғылау кәсіпорындағы ұңғы құрылысының
барлық шығындар жиынтығының жоспарын құрайды.
Ұңғы құрылысының жоспарлы өзіндік құны – оның сметалық құнынан (ССМ)
жоспарлы қор жинау П көлемімен белгіленген міндеттегі өзіндік құнның
төмендеуінен ΔС аз болуы тиіс, яғни:
Сt+1 = CCM – П – ΔСt+1
(6)
Ұңғы құрылысындағы жиынтық шығын дегеніміз – арнайы түрде әзірленген
және өзіндік құн бойынша және шеттегі қызмет түрі бойынша шығындар
көрсетіледі.
Бағаны құраушы экономикалық элементтердің бір түрі бұл - пайда болып
табылады. Кәсіпорындағы бір өнімге келтірілетін бағаны құру үшін біз пайда
және пайдалылықты жоспарлаймыз.
Пайда – бұл кәсіпорынның жалпы табысы мен шығындары арасындағы айырма,
мұнда жалпы табыс шығыннан асып түседі.
Өнімді өткізуден алынған пайда - жалпы табыс пен айналыс шығындары
арасындағы айырма, мұнда жалпы табыстан есептелген қосылған құнға салынатын
салық шегеріп тасталады.
(7)
Бір жылдың және бүкіл кәсіпорын масштабында пайданың деңгейі келесідей
анықталады:
(8)
Инвестициялық жобаның масштабында пайданың мөлшері:
(9)
Кәсіпорындағы табыстар 4 түрге бөлінеді:
➢ Жиынтық табыс;
➢ Жалпы табыс;
➢ Ағымдағы табыс;
➢ Таза табыс;
Кәсіпорынның жиынтық табысы – тауарлық өнімді өткізуден түскен
пайдадан, басқа да өткізуден түскен және тыс өткізу операциялардан түскен
табыстан құралады.
Жалпы табыстан мұнай өндіру көлемінің құны, негізгі іс-әрекеттерінен
түскен табыс немесе тауарлық өнімді өткізуден түскен пайда деп атауға
болады.
Тауарлық өнімді өткізуден түскен пайдасын анықтағанда - өткізілген өнім
түсімінен қосылған құнға салынатын салықты, акцизды және өнімнің өзіндік
құнын алып тастау керек. Яғни, жалпы тауар өткізуден түскен табыстан
материалдық және міндетті төлемдерді шегеру керек.
Басқа да активтерді өткізуден түскен табысы кәсіпорынның негізгі
өндірістік қорларды және пайдаланбаған мүліктерді сатудан түскен табыс
болып табылады.
Тыс өткізу операциялардан түскен табыс бағалы қағаздардың дивиденттері,
жалғаудан түскен төлемдері мен айыптар, өсімдер және тұрақсыздық айыппұлдар
қосындысынан құрылады. Кәсіпорынның ағымдағы табысы жалпы жиынтық табыстан
бастапқы инвестициялар мен ағымдағы шығындардың шегеріп тастаған көрінісі
болып табылады.
Қалған таза табыс анықтаған ағымдағы табыспен мемлекеттік міндетті
төлемдердің айырмасын көрсетеді. Мемлекеттік міндетті төлемдерге қойнау-
пайдаланушылардың негізгі салықтар: роялти, бонустар, жоғары пайдаға
салынатын салықтар, корпоративтік және өнім бөлу туралы келісім шарттары
жатады.
Кәсіпорынның басқа да қосымша іс-әрекеттерінен түскен пайданы өткізуден
тыс пайда дейді. Тауар мен басқа да өнімді өткізуден тыс пайдалар бірігіп
баланстық пайданы құрайды.
(10)
Кәсіпорынның негізгі қызметінен түскен пайдасы мұнайгаз өнеркәсібінің
мұнай технологиялық тізбектің әртүрлі кезеңінде өз ерекшеліктерін ескереді.
Мұнай технологиялық тізбегі үш үлкен стадияға бөлінеді:
Стадия Апстрим:
• Барлау барлаулық және жобалау – іздестіру жұмыстары;
• Бұрғылау ұңғы құрылыстары;
• Мұнай өндіру мұнайды жер бетіне көтеру.
Стадия Мидстрим:
• Тасымалдау құбырөткізгіш арқылы немесе баржа және танкерлермен;
Стадия Даунстрим:
• Мұнай өңдеу зауыты МӨЗ;
• Сақтау және өткізу МБ және АЗС;
• Маркетингтік зерттеулер;
• Түпкі тұтынушы.
- Геологиялық барлаудан түскен пайда атқарылған барлау
жұмыстарының сметалық құны мен іс жүзіндегі өзіндік құнының
айырмасына тең болады.
- Бұрғылау кәсіпорындағы пайдасы ұңғы құрылысының сметалық құнынан
жалпы жылдық эксплуатациялық шығындарды шегергенге тең.
- Мұнайгаз өндіру басқармасының пайдасы тауарлық мұнай мен газды
өткізуден түскен түсім мен өндіріс шығындарының айырмасына тең.
- Тасымалдау кәсіпорындарының пайдасы мұнай мен газды айдаған
көлемінен түскен табыстан жалпы эксплуатациялық шығындарды
алғанға тең.
- Мұнай сақтау база және автоматтандырылған құю станциялардан
түпкі тұтынушыға жеткізудің пайдасын анықтау үшін, жалпы түскен
табыстан айналыс шығындарын шегереміз.
Басқа да өнім өткізуден түскен пайда құрамына кіретіндер:
❖ шеткі өндірістік қызмет атқарудан;
❖ өнеркәсіптік жұмыстар атқарудан;
❖ ауылшаруашылығына көмек беруден жанармай, дизотын;
❖ артық активтерді және бейматериалдық құндылықтарды сатудан түскен
пайдалар.
Тыс өткізу операцияларынан түскен пайдаға жататындар:
• арендалық төлемдер;
• лизинг;
• айыппұлдар мен пениялар;
• инвестициялардан түскен пайыздар;
• бағалы қағаздардан түскен дивидендтері;
• дебиторлық борыштар.
Баланстық пайдадан қойма пайдаланушылар мемлекеттік салықтар мен
міндетті төлемдерін жасайды:
✓ заңды тұлғаның пайдаға салынатын салығы;
✓ қосылған құнға салынатын салық;
✓ роялти – қойнауларды пайдалану құқығына салынатын тұрақты
салық өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты;
✓ бонустар – қойнау пайдаланушылардан, белгіленген территорияда
және келіскен операцияларды атқаруға, өзара шарт жасасылатын
жағдайда, бірақ рет алынатын мемлекеттік төлемдер.
Тауар мен қызметтерге салынатын, бағаға қосылатын немесе тарифке
енгізілетін салықтар жанама салықтар деп аталады. Жанама салықтарға:
1. қосылған құн салығы;
2. акциздер;
3. кедендік баж салығы;
Халық тұтынуындағы табысы мол жеке тауарлар үшін акциз салығы салынады.
Акцизді мына тауарларға: спирттік ішімдіктердің барлық түрлері және
алкогольді өнімдер, темекі бұйымдары, ласось пен бекіре балықтарының
уылдырығы, алтын, платина немесе күмістен жасалынған әшекей бұйымдар,
бензин (ұшақты есептемегенде), дизельдік отындар, жеңіл автомобильдер,
өңделмеген (шикі) мұнай, отты және газды қаруларға салынады.
Осыдан қалған пайданы кәсіпорынның таза пайдасы деп есептейді. Сонымен,
Пайда – қаржы нәтижесін білдіретін экономикалық категория, сондай-ақ
кәсіпорынның өндіріс-шаруашылық қызметінің ең басты бағалау көрсеткіші
болып табылады.
1.3 Кәсіпорында қазіргі заманға сай баға құру кезеңдері мен тәсілдері
Бұрын, шаруашылықтың жоспарлы-әкімшілік жүргізу жағдайында өнімге бағалар
жоспарлы түрде бекітілсе, нарықтық экономика жағдайында бағалар негізінде
сұраныс пен ұсыныстың арқасында, яғни құн заңы бойынша құрылады.
Экономикалық тұлғалар кәсіпкерлер, капитал иелері, үй шаруашылығы,
фирмалар үшін маңызды категория болып табылады. Тауардың бағасы
өндірушілер мен тұтынушылардың жеке мүдделерін айқындауға қызмет етеді.
Нарықта басты рөлдерді сатушы мен сатып алушылар ойнайды.
Сұлба 1 - Бағаның құрылуы
Бағаның құрылуының шығындық әдістері басым түрде өндірістік шығындар
мен өнімдерді сату есебіне, бағаның құрылуының параметрлік әдістері -
тауарлардың технико - экономикалық парметрлерінің есебіне негізделген.
Баға құрылуы - бағаның деңгейін, ара салмағын және құрылымын
қалыптастырып, өзгеру процессі. Еңбектің қоғамдық қажетті шығындары,
тауарлардың құны бағалардың объективті негізі болып табылады, олар ақшалай
нысан арқылы бағада көрініс табады.
Нарықтық экономикада баға үш басты қызметті атқарады:
➢ Бағдар беруші – тауарлардың сатушы мен сатып алушылар әрекеттері
үшін ақпарат береді;
➢ Бөлу – бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында
табыстар, әндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді;
➢ Ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және
сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді.
Бұл қызметтердің орындалуы тек қана бағалардың табиғи еркін
динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркін баға
қозғалысы арқылы ғана мүмкін болады. Бұл шара бұзылса рынокта бейберекет,
кездейсоқ құбылыстар орын алады. Сондықтан, баға – тауар құнының ақшалай
тұлғалануы, яғни тауардың немесе қызметтердің бір өлшемі үшін төленетін
және алынатын ақша мөлшері. өндіріске жұмсалатын шығындар мен пайданы
қамтиды.
Өндіріс бағасы – тауарлардың нарықтық бағасы негізінде жатқан құнның
өзгерген нысаны. Тауарды өндіру шығындары мен орташа пайдадан құралады.
Нарықта бағаның бірнеше түрлері бар, олардың кейбіреулерін келтіріп кетуге
болады:
• мемлекеттік;
• келісім бағалары;
• әлемдік т.с.с.
Мемлекеттік бағалар монополист - кәсіпорындар өнімдеріне елдің
экономикасы үшін базалық ресурстарға, әлеуметтік маңызы бар тауарларға
тағайындалуы мүмкін. Мемлекеттік бағалар жүйесі екі элементтен тұрады:
- үкімет қатаң тағайындап ықтиярсыз отырып, бекітілген бағалар;
- ұсыныс пен сұраныстың арақатынасындағы өзгерістерді есептеп
отыратын, реттелетін бағалар;
Келісім шарттық бағалары - өнімді өндіруші сатушы және тұтынушы
сатып алушы келісімімен бекітілетін, яғни берілген тауарға сұраныс пен
ұсынысқа назар аудара отырып тағайындалатын бағалар. Келісім бағаларының
үлес салмағы нақты елдің экономикасының нарықтық дәрежесін анықтайды.
Келісім бағаларының ішіне өндірушілердің көтерме сауда бағасы кіреді.
Кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар өндірілген өнімді халықтан басқа
кәсіпорындар мен ұйымдарға сатқанда қолданылатын баға - өндірушінің көтерме
сауда бағасы деп аталады. Осы баға екі түрге бөлінеді:
• кәсіпорынның көтерме сауда бағасы – дайындаушы кәсіорындар өнімді
тұтынушылармен және өткізу ұйымдарымен есеп айырысқанда қолданылатын
баға түрі.
• өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы - өнеркәсіптің өткізуші ұйымдары мен
көтерме сауда базалары тауарларды саладан тыс жерлерге, негізінен,
сауда жасаушы ұйымдарға сатқанда қолданылатын баға.
Әлемдік баға – халықаралық саудада қолданылады, өте ірі экспорт-
импорттық келісім-шарттары негізінде септеледі. Әр елдің баға деңгейі бар.
Баға деңгейі – елде өндірілген дайын өнімдер мен қызметтерге төленетін
бағалардың орташа шамасы. Баға деңгейін индекс көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын деңгейінде баға тағайындау
негізінде маркетолог және экономист мамандар баға құрудың негізгі сұлбасы
бойынша баға құруды жүргізеді. Сол себепті баға құрғанда баға құру
кезеңдерінің пунктерінің барлығын толықтай зерттеп алу қажет.
Баға құру кезеңін келесі сұлба бойынша келтіруге болады:
Сұлба 2 – Баға құру кезеңі
Бәрінен бұрын фирмаға мынаны шешу қажет, яғни нақты тауар
көмегімен анық қындай мақсаттарға жетуге ұмтылады. Тәжірибеде үш
негізгі мақсат қолданылады:
- Өміршеңдікті қамтамасыздандыру.
Бұл жағдайда нарықта көптеген өндірушілер мен өз тауарын өткізу
жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін бағаны төмендетеді. Яғни, өмір сүру
пайдадан гөрі маңыздырақ.
- Пайданы ұлғайту немесе максималдау.
Пайданы ұлғайтуға көптеген фирмалар ұмтылады. Мұндай мақсат
нарықта тұрақты орын алған кәсіпорындарда ғана емес, сондай-ақ өз
болашақтарына онша сенімді емес фирмаларда өздеріне пайдалы нарық
конъюктурасын (шамасын) максималды пайдалануға тырысады.
Лидерлікті алу. Бұл жерде кейбір кәсіпорындар өз мақсаттарына жергілікті
нарық бөлігі бойынша немесе өнім сапасы бойынша алады. Бірінші
жағдайда, олар бар мүмкіндігінше максималды төмендетеді; екінші
жағдайда, жеке бағаны тағайындайды.
Сұранысты анықтау кәсіпорындардың тағайындаған әрбір бағасы
тауарға деген сұраныспен анықталады.
Шығындарды бағалау. Шығындар кәсіпорындарда қолданылатын:
* Айнымалы *Тұрақты
болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар - өнім көлеміне байланысты өзгермейді. Оларды FC
деп белгілейді.
Айнымалы шығындар - өнім көлеміне байланысты өзгереді. Оларды VC
деп белгілейді. Оларға: шикізаттар, материалдар, отын, энергия ,
транспорт шығындары жатады.
Тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы жалпы шығындарды
береді. Олар ТС болып белгіленеді. Шекті шығындар - өндіріске
қосылған тағы бір өнім бірлігінің қосымша шығыны. Ол МС деп
белгіленеді:
МС = ΔVC ΔQ (11)
Максималды бағаны сұраныс, ал минималды бағаны шығындар
анықтаса, орташа баға мөлшеріне бәсекелестер тауарларының өтуі үшін
олардың сапасы мен бағасын біліп отыруы қажет. Ол үшін:
фирма өкілдері бәсекелес тауармен танысу үшін оларды сатып алып
талдайды;
фирма бәсекелестердің прейскуранттарымен танысуы мүмкін;
фирма бәсекелестері қолданатын өндіріс құрал – жабдықтарын сатып
алып, оларды талдап, олардың деңгейін білуі мүмкін;
бәсекелестердің тауарлары мен бағалары туралы тұтынушылардың
пікірлерін сұрап, білуге болады.
Баға құру әдісін таңдау. Тауарлардың нақты бағасы сұранысты,
шығындарды және нарықтағы бәсекелестердің жағдайларын білуге болады.
Осы факторларды есепке ала отырып, маркетинг тәжірибесінде баламалы
баға құру әдістері қалыптасқан:
орта шығындар + пайда;
залалсыздықты талдау және мақсатты пайда табу;
тауар құндылығын сезу;
ағымдағы баға негізінде баға құру;
жабық сауда негізінде баға құру.
Ең соңғы бағаны тағайындау. Осы кезең баға белгілеу процесінің
соңғы сатысы болып табылады. Жоғарыда қарастырылған әдістердің
біреуін қолданып, фирма өз бағасын тағайындайды. Алдыңғы кезеңдер
мақсаты – баға диапозонын тарылтып, соңғы бағаны белгілеу. Осы
кезде сатып алушылардың психологиялық қабылдауын есептеу қажет.
Кез келген кәсіпорын фирма бастапқы бағаны белгілеп алады да, содан
кейін оны қоршаған ортаның әртүрлі факторларына сәйкес реттеп отырады.
Осыған сәйкес, қазіргі заманға сай өндірістік кәсіпорындардағы баға
құрудың, яғни белгілеудің төмендегідей тәсілдері бар, олар:
• жаңа тауарға баға белгілеу;
• тауар номенклатурасы шеңберінде баға құру;
• географиялық принцип бойынша баға тағайындау;
• жеңілдіктерді қолдана отырып баға белгілеу;
• өтімді ынталандыру үшін баға белгілеу;
• баға арқылы кемсітушілік дискриминация;
Жаңа тауарға баға тағайындау – бұл баға құру мәселелері тауардың
өміршеңдік кезеңімен тығыз байланысты. Әсіресе, тауарды нарыққа енгізу
сатысы баға белгілеу жұмысына көп талаптар қояды. Фирма нарыққа жаңа
тауарды ұсынуда екі түрлі стратегиясын қолдану мүмкін:
1. қаймақ сыпыру
2. нарыққа тауарды енгізу
Қаймақ сыпыру стратегиясы нарыққа патенттелген жаңа тауарларды
ұсынғанда фирма бірден жоғары бағаны қояды. Сату көлемі азайған сайын
бағаны төмендетіп отырады. Бұл стратегияны төмендегі жағдайларда қолданған
жөн:
• тұтынушылар көпшілігінің сұраныс деңгейі жоғары болса;
• өндірістің шағын көлемінің шығындары фирма пайдасынан асып кетсе;
• алғашқы жоғары баға жаңа бәсекелестерді өзіне тартпаса;
• жоғарғы баға тауардың жоғарғы сапалық түрін қамтамасыз етеді.
Нарыққа тауарды енгізу стратегиясында керісінше, жаңа тауарларға
көбірек тұтынушыларды тарту үшін және нарық үлесін ұлғайту үшін
салыстырмалы төмен баға қояды. Нарықтың керекті үлесіне жеткен соң, фирма
бағаны көтере бастайды. Бұл стратегияны қолдану үшін мына жағдайлар
ескертілуі қажет.
• Нарық бағаны өте икемді болу және ол төмен бағаның өсуі келешекте
мүмкіндіктер беретін болса;
• өндіріс көлемі өскен сайын шығындар көлемі азаятын болса.
Тауар номенклатурасы шеңберінде баға құру – егер де тауар тауар
номенклатурасының бөлігі болса, онда баға белгілеу тәсілі біршама өзгереді.
Бұл жағдайда фирма жалпы тауар номенклатурасы бойынша барынша максималды
табысты қамтамасыз ететін болса баға жүйесін қолдануға тырысады. Әр түрлі
тауарлардың бір-біріне бағасына қарай әр түрлі жағдайда қарастырайық:
➢ тауар ассортименті шеңберінде баға құру. Мысалы, LG компаниясы
телевизордың әр түрлі ассортиментін ұсынады. Баға құру кезінде олар
тауардың өзіндік құнын, тұтынушылардың бағалайтын қасиеттерін,
бәсекелестер бағаларын есепке алады және сатып алып саралайды.
➢ қосымша тауарларға баға белгілеу. Көптеген фирмалар негізгі
тауарларымен қатар қосымша тауарларды да ұсынады. Мысалы, автомобиль
сатып алушы оған қажет қосымша заттарды сатып алуы мүмкін. Осыған
байланысты баға да өседі.
➢ міндетті түрде қолданылатын жабдықтарға баға құру. Кейбір салаларда
негізгі тауарлармен қатар міндетті түрде қолданылатын бұйымдарға
кіреді. Мысалы, фотоаппараттарға қажетті пленкалар.
➢ өндірістің жанама өнімдеріне баға белгілеу. Кейбір өндірістерде
жанама өнімдер шығарылады. Егер жанама өнімдердің құндылығы төмен
болса, онда оны өткізу ісі қиынға түседі.
Географиялық принцип бойынша баға белгілеу – бұл тәсіл бойынша әр түрлі
фирмалар мемлекеттің жақсы тұратын тұтынушылары үшін әр түрлі баға
орнатады. Географиялық принцип бойынша баға тағайындау варианттары бар:
1. ФОБ бағасын құру болып, тасымалдау және сақтандыру бойынша
шығындарын сатушы өз мойнына алады.
2. КАФ бағасы – тауарларды тасымалдау бойынша барлық шығындарын
сатушы өз мойнына алады, ал сақтандыру шығындарын алмайды.
3. СИФ бағасы – жүкті тасымалдау кедендік алымдар және
қауіпсіздендіру бойынша шығындарды сатып алушы портына дейін
сатушы өз мойнына алады.
4. ФАС бағасы – сыртқы саудадағы келісімшарт. Осыған сәйкес сатушы
тауар бағасын және тауарды кеме бортына жеткізу шығындарын
көрсетеді. Кемеге тауарды арту шығындарын тауар тасымалдаушы өз
қаржысы арқылы төлейді.
• бірыңғай бағаны көлік шығындарымен қоса белгілеу;
• аймақтық баға белгілеу;
• базистік орнына байланысты баға белгілеу;
• көлік шығындарын өз мойнына алып баға белгілеу;
Жеңілдіктер арқылы баға белгілеу – тұтынушыларды өзіне тарту үшін
көптеген фирмалар сыйақы ретінде өз бағаларын төмендетуге барады. Мысалы:
көп көлемде сату, тұтыну мерзімінен тыс уақытта сату, т.б.
• қолма-қол төлегені үшін жеңілдік баға белгілеу;
• сатып алынған тауар көлеміне қарай жеңілдік баға белгілеу;
• мерзімдік жеңілдік бойынша баға белгілеу;
• сынақ ретінде баға белгілеу;
Тауардың өтімін ынталандырушы баға белгілеу – белгілі жағдайда фирма
уақытша бағаны прейскуранттық бағадан, тіпті өзіндік құннан да төмен баға
қояды. Бұл тәсіл мына жағдайларда қолдануы мүмкін:
✓ белгіленген баға уақыт мерзімінде клиенттерді көбейту үшін
ерекше бағалар ұсынады;
✓ белгіленген уақыт аралығында нақты ақшаға тауарды сатып алған
тұтынушыларға өңделген баға жеңілдігін ұсыну;
✓ әдеттегі бағаларды төмендетіп, жеңілдік бағаларын жиі ұсыну;
✓ тұтынушыларды көп тарту мақсатымен кейбір тауар шығындарынан
төмен баға қою, осы әдіс арқылы аса арзан тауарларға қызықтырып,
өтімі нашар тауарларды сату;
Дискриминациялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz