Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктер


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Тарау - І. Өлім жазасын қылмыстық жазаның түрі ретінде қолданудың тарихи және әлеуметтік аспектілері.

І - 1. Қазақстанның қылмыстық құқығы бойынша жазаның жүйесі және мақсаттары . . . 7

І - 2. Шетелдік және отандық қылмыстық құқық тарихында өлім жазасын қолданудың практикасы . . . 18

І - 3. Өлім жазасын қолданудың құқықтылығының қазіргі консепциялары . . . 27

Тарау - ІІ. Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктер

ІІ - 1. Жасалғаны үшін Қазақстан Республикасында өлім жазасы қарастырылған іс-әрекеттер шеңбері . . . 37

ІІ - 2. Қазақстанда 2003 жылға дейінгі кезеңде өлім жазасын қолданудың құқықтық механизімі . . . 42

ІІ - 3. Қазақстан Республикасындағы өлім жазасына мораторий: себептері және енгізілуі мен әрекет етуінің ерекшеліктері . . . 51

Тарау - ІІІ. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық саясаты аясындағы өлім жазасы институтының сақталуының мәселелері мен болашағы

ІІІ - 1. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясаты барысында өлім жазасын қолдану мәселесі . . . 55

ІІІ - 2. Өлім жазасына жарияланған мораторийдың әрекет етуінің мәселелері . . . 62

Қорытынды . . . 69

Сілтемелер . . . 73

Әдебиеттер тізімі . . . 76

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы еліміздің Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормалары: заңдылыққа, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігіне, кінәлі жауаптылық, жеке жауаптылық, әділеттілік, ізгілік, қылмыстық қуғындаудың үнемділігі, қылмыстық жауаптылық және жазалаудан құтылмаушылық принциптеріне негізделген.

Сонымен бірге қылмыс жасаған тұлғаның жеке, ұйымдық немесе мүліктік нысандардағы мемлекеттік-мәжбүрлеу шараларға тартылуының міндеттілігі кез-келген елдің қылмыстық заңнамасының басты және негізгі ережесі болып табылады.

Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдануға мораторий жарияланғанына екі жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан жазаның аталған түрі еліміздің қылмыстық заңнамасында бекітілген жазалар жүйесінде жазаның дербес түрі ретінде сақталып отыр, сонымен бірге аталған мәселе төңірегінде пікірталастар біздің қоғамымызда әлі жалғасын тауып келеді.

Өлім жазасын қолдану қылмыстылықты тежейтін фактор болып табылады ма? Ол адам құқығын бұза ма? Қазіргі уақытта оны қолдануға бола ма немесе одан бастарту қажет пе? Жазалаудың осындай түрін қолдану арқылы мемлекет құқық тәртібін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете алады ма? Негізгі пікірталас осы аталған мәселелердің төңірегінде өрістеп отыр.

Аталған мәселе бойынша дұрыс пікір қалыптастыру өлім жазасының қылмыстық жаза ретіндегі міндеті мен мақсаты неде екендігіне терең зерттеу жүргізгенде ғана мүмкін болады деп есептейміз.

Өлім жазасы мәселесінің қылмыстық құқық шеңберінен шығып мемлекеттік саясат мәселесіне айналғаны белгілі. Өлім жазасын тағайындау және орындау тек сот органдарының ғана емес, елдің саяси өміріне басшылық жасайтын органдардың да ісіне айналып отыр. Сот өлім жазасына тарту туралы үкім шығарғанның өзінде де кешірім жасау немесе жасамау құқығы мемлекеттің саяси басшылығының қолында десек артық айтпаған болармыз.

Әлемдік қылмыстық практиканың соңғы жылдардағы тенденциясы өлім жазасын қолдануды барынша қысқарту және оны бас бостандығынан айырумен ауыстыру бағытында дамып келеді. Өлім жазасын қарастыратын санкциялар мен оларды қолдану практикасының арасындағы алшақтық барынша айқын байқалып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан жазаны либерализациялау және ізгілендіру бағытын тұрақты түрде ұстанып келеді. Қылмыстық жауаптылықтың барынша терең дифференциациялануы қазіргі әрекет етуші Қылмыстық кодекстің басты ерекшелігі.

Әрекет еткеніне екі жылдан артық уақыт болған Қазақстандағы мораторий өлім жазасын жоймай тек соттармен шығарылған үкімдердің орындалысын ғана тоқтата тұруда. Қазіргі уақытта өлім жазасының толық күшін жою мәселесі біздің елімізде белсенділікпен талқылануда. Елімізде алқа соттары туралы заңның қабылдануы және оның барысында өлім жазасы тағайындалуы мүмкін істерде шешім қабылдауға қоғам өкілдерінің қатысуына мүмкіндік берілуін біз аталған бағытта жүргізіліп отырған саясаттың нәтижесі ретінде қабылдауға тиіспіз.

Сонымен қатар өлім жазасына мораторий жариялау пенитенциарлық (түзету) жүйеде көптеген мәселелердің туындауына себепші болып отыр .

Себебі үкімет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының орындалуын БҰҰ-ның кепіл-кеңестерінде білдірілген адам құқықтары бойынша өзіне алған міндеттемелерге сәйкестікте жүзеге асыруы тиіс.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты осы тақырыпты зерттеу өзекті болып табылады.

Біздің дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты өлім жазасының қылмыстық жаза ретіндегі құқықтық, әлеуметтік негіздемелеріне зерттеу жүргізу және жазаның аталған түрінің қылмыстық заңнамадағы болашақ орнын анықтау.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін біз төменде көрсетілген міндеттерді шешу қажет деп есептейміз:

  1. Шетелдік және қазақстандық қылмыстық құқық тарихындағы өлім жазасын қолдану практикасына сипаттама жасау;
  2. Қылмыстық жазаның төтенше түрі ретіндегі өлім жасасының қолданылуы-құқықтылығының қазіргі тұжырымдамаларына баға беру;
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша өлім жазасы институтының заңдық механизімін зерттеу;
  4. Қазақстанда өлім жазасының күшін жоюдың құқықтық және әлеуметтік аспектілеріне зерттеу жүргізу;

Дипломдық жұмысымыздың теоретикалық-әдістемелік негізін өлім жазасы мәселесі бойынша заңи және әлеуметтік әдебиеттер құрайды.

Юриспруденция, психология бойынша жазылған еңбектер; құқықтық-нормативтік құжаттар ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның Қылмыстық кодексі, «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығы (17. 12. 2003) оқулықтар мен әдістемелік құралдар біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі бастаулары болып табылады.

Дипломдық жұмыс өзінің құрылымы бойынша кіріспеден, тиісті бөлімдерге бөлінген үш тараудан, қортындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың кіріспесінде мәселенің өзектілігі негізделіп, оның мақсаты мен міндеттері айқындалған, қорғауға шығарылған болжамдар және негіздемелер тұжырымдалып, бастаулары ашылған.

Берілген жұмыстың бірінші тарауы «Өлім жазасын қылмыстық жазаның түрі ретінде қолданудың тарихи және әлеуметтік аспектілері» деп аталады онда шетелдік және отандық өлім жазасы институтын тарихи тұрғыда талдау жүзеге асырылады.

Екінші тарау «Қазақстан Республикасындағы өлім жазасы: құқықтық, саяси және ұйымдық ерекшеліктері» - деп аталған онда мерзімсіз мораторийдың әрекет етуі барысындағы өлім жазасын қолданудың құқықтық негіздемесіне талдау жасауға тырыстық. Бұл тарауда біз өлім жазасына кесілгендердің процессуалдық кепілдіктеріне ерекше назар аудардық.

«Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық саясаты аясындағы өлім жазасы институтының сақталуының мәселелері мен перспективалары» - деп аталған жұмысымыздың үшінші тарауында Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жоюдың заңдылық және әлеуметтік мәселелері қарастырылған және Қазақстанда өлім жазасының күшін жою мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеулерге сипаттама берілген. Сонымен қатар біз бұл тарауда өлім жазасына жарияланған мораторийдың әрекет етуінің басты мәселелеріне ерекше көңіл бөлдік.

Жұмыстың қортындысында негізгі тұжырымдар мен кепіл-кеңестер, болашақта зерттелуі тиіс мәселелер атап көрсетілген.

Тарау - І. Өлім жазасын қылмыстық жазаның түрі ретінде қолданудың тарихи және әлеуметтік аспектілері

І - 1. Қазақстанның қылмыстық құқығы бойынша жазаның жүйесі және мақсаттары

Қоғамдағы қылмыстың алдын алудағы әралуан жүйелердің арасында шешуші рол, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық пен басқару, идеологиялық, құқықтық және мәдени - тәрбиелеушілік сипаттағы шараларға беріледі. Алайда қылмыстық заң бұзылған кезде, яғни жасалған қылмыспен күресте жаза, қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың қажетті құралы ретінде сақталып қалады.

Әрбір қылмыстық-құқылық норманың санкциясында қарастырылған жазаланушылық кез-келген қылмыстың міндетті белгісі болып табылады - қылмыстық құқыққа қайшылықтың белгісі. Жазалануға жатпайтын қылмыстың болмауы сияқты қылмыссыз жаза да болмайды.

Қазіргі замандағы жазаға байланысты қылмыстық саясат екі негізгі бағытта жүргізіледі. Бірінше - қатаң жазаның сақталуы және қажет болған жағдайда оларды қылмыскер рецидивистерге және ауыр қылмыстарға кінәлі адамдарға қатысты күшейту. Екінші бағыт - қоғамдық қауіптілігі төмен немесе онша ауыр емес қылмыстарды бірінші рет жасауда кінәлі адамдарға қатысты жазаны жеңілдету немесе жазаны, ондай адамдарға ықпал етудің өзге шараларымен ауыстыру.

Жаза норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметінде заңдылық, гуманизм, демократизм және жауапкершілікті дербестендіру принциптерімен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.

«Жаза - бұл қылмыстық заңмен қарастырылған, қылмыс жасаған адамға соттың айыптау үкімі арқылы қолданылатын жазаға тартылған адамның құқықтарын және бостандықтарын шектеуден тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы». Жаза әрдайым мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Кез-келген қылмыстық жазаның өзіндік жапа шектіру ерекшеліктері де осыдан көрініс табады. Сотталған қылмыскердің жеке басының еңбек және мүліктік құқықтарын шектеуден жазаның жапа шектірушілік қасиеттерін байқауға болады. « Құқықтық жаза қаскөйлікке қарсы жеке реакция ретінде емес, қоғамдағы адамдардың қайырымдылық және зұлымдық туралы өздерінің түсінігіне сай түрде қоғамдық өмірдегі тұрақтылықты сақтау үшін бекітілген келісім шарты ретінде көрініс береді. Құқық қоғамда дербес еріктің көрініс беруі үшін шекараны бекіте отырып тиісті яғни, рұқсат етілген жүріс-тұрыс туралы жалпы түсініктермен жекелеген әрекеттердің сәйкессіздігіне тәуелді түрде кінәлілік пен жазаның шамасын айқындайды. Ендеше жазалаудың кек алудан айырмашылығы ол қоғамдық шартталған қылмыстың салдары бола отырып жаза мен қылмыстың қажетті байланысын олардың ішкі байланысын анықтайды». /1/

Жаза - мемлекеттік ықпал ету шарасы. Аталған принцип оның тек қылмыстық заңда бекілетіндігін білдіреді. Жазаның қылмыстық заңда ғана қарастырылатындығы қылмыстық-құқылық нормалардың санкциясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде негізінен санкцияның екі түрі көрсетілген. Олар салыстырмалы - айқындалған және баламалы санкциялар болып табылады. Салыстырмалы - айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп белгілейді. Кейбір реттерде қылмыстық-құқылық нормада жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Аталған жағдайда жазаның төменгі шегі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімдерінің ережелеріне сәйкес: бас бостандығынан айыру үшін - 6 ай, түзеу жұмысы үшін - 2 ай мерзім деп есептелуі тиіс. Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларында жазаның төменгі және жоғарғы шегі көрсетіледі. Санкцияның мұндай түрі қатысушылықпен жасалған қылмыстар бойынша жаза тағайындау барысында әрбір қатысушының қылмысқа қатысудағы ролін, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып әрбір жасалған қылмыстардың мән-жайларына қатысты жазаны даралап тағайындауға зор мүмкіндік береді. Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе оданда көп түрінің біреуін таңдап алып қолдануға мүмкіндік береді. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қөзқарасына, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу - екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (141-бап, 1-бөлігі) . Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең әділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді.

Қылмыстық жаза тек сотпен және айыптау үкімі арқылы тағайындалады. Ешқандай басқа мемлекеттік органның, қоғамдық ұйымдардың қылмыстық жазаны қолдануға құқығы жоқ. Бұл қылмыстық жазалау саясатының конституцияда бекітілген принципі болып табылады. Конституцияның 77 бабының 3 бөлігінің 1 бөлімшесінде: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді - деп бекітілген. Бұдан шығатын қортынды егер адамның белгілі бір қылмысқа кінәлілігі сотта дәлелденбесе ол адамға қылмыстық жазаны қолдануға ешқандай негіз болмайды. Сонымен қатар конституцияның 76-бабында сот шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатындығы бекітілген. Қылмыстық жазаны анықтау мен қолданудың негіздемесі, тек қылмыс болып табылады. Құқықтың басқа салаларында тиісінше өзге негіздемлер әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік теріс қылық, азаматтық-құқықтық деликтер болуы мүмкін.

Қылмыстық жазалардың жүйесі тұтастай алғанда және әрбір жекелеген түрі өзінің қаталдығы бойынша құқықтық жауапкершіліктің басқа түрлерімен салыстарғанда репрессивтік мәніске ие болады. Олар сотталғандардың құқықтық шектелуінің көлемі бойынша және мемлекет атынан шығарылатын соттың айыптау үкімінде жазаны тағайындау фактісінде көрсетілетін моралдық - саяси айыптаушылығы бойынша да қаталырақ болады. Сонымен қатар кез-келген қылмыстық жаза сотталғандық атағына ие қылады.

Жаза жүйесі (қылмыстық) құқықтың өзге салаларындағы құқықтық жауаптылық түрлері жүйесімен салыстырғанда кеңірек және бас бостандығынан айыру сияқты жазаның кейбір түрлері тек қылмыстық құқыққа ғана тән болады. Қылмыстық жаза қылмыскерді, оған тиісті белгілі бір игіліктерден айырады және қылмыскер мен оның іс-әрекетінің мемлекетпен теріс бағалануын білдіреді. Қылмыстық жаза ол қолданылған тұлғаға сөзсіз жапа шектірді. Жазаның нақ осы қасиеті оның қажетті белгісі болып табылып оны жаза ретінде нақтылайды. Жапа шектіру, жаза арқылы қылмыскерлерді қорқыту үшін және қоғамға қауіпті, тұрақсыз элементтерге әсер етуге қажет. Д. С. Чукмайтов рецидивтік қылымстардың алдын алу мақсатында қылмыстық жазаны қолдану мәселесін зерттей келе «өкінішке орай кез-келген жазаның мазмұнын сотталған адамды әлдеқандай құқықтар мен бостандықтардан айыру мен шектеуден көрініс табатын жапа шектіру болып табылатындығын мамандардың барлығы бірдей мойындай бермейді . . . Нәтижесінде практикалық қызметкерлер мен ғалымдар арсында әсер етудің қылмыстық-құқылық шаралары жүйесіндегі қылмыстық жазаның орнын анықтауда керағар пікірлер қалыптасады . . . Жазаның анықтамасынан оның өзегі болып табылатын және оны басқа қылмыстық-құқылық шаралардан ажырататын маңызды құрылымдық элементі жасағаны үшін жапа шектіруді алып тастауға болмайды. Әр нәрсені өз атауымен атай отырып, тек аталған элемент қарастырылатын қылмыстық-құқылық шараларды ғана жаза қатарына жатқызыуға болады»-деп атап көрсеткен. /2/ Алайда жапа шектіруді, қылмыстық жазаны қолданудың бірден-бір мақсаты ретінде түсінбеуіміз керек.

Жазаның жапа шектіруі нәтижесінде ол объективті түрде және сөзсіз қылмыскерге және айналасындағы адамдарға психикалық ықпал етеді, жалпы және арнайы привентивті яғни, алдын-алу ықпалын тигізеді. Себебі, қылмыскерде, өзге тұлғаларда жаза арқылы жапа шегуге ұшырағысы келмейді. Әрине, қылмыстық жазаның белгігі бір тұлғаға қолданылуы ол адамның одан кейін ешқандай қылмыс жасамауына әсте кепілдік бермейді. Дегенменде жазалардың қандай жүйесі қабылданып, олар қалай қолданылса да жаза әрқашан алдын алушылық ықпалын тигізген және тигізеді. Себебі қоғам мүшелерінің белгілі бір көпшілігі қылмыстық жазалаудан қорыққандықтан қылмыс жасаудан бас тартады. «Жаза өзінің ұғымы бойынша жапа шектіру бола отырып ізглікті мақсаттар- сотталғандарды түзету және қайта тәрбиелеу, сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауына жол бермеу (арнайы сақтандыру), өзге тұлғалардың қылмыс жасауына жол бермеуді (жалпы сақтандыру) көздейді»-деген көзқарас ғалымдар арасында кең таралған. /3/

Қылмыстың алдын алу үшін мемлекетпен алынатын шаралар шеңбері тек жазалау шараларымен салыстырғанда әлдеқайда кең. Олардың арасында жаза сипатына ие болмайтын мәжбүрлеу шаралары бар (медициналық, тәрбиелік) . Мәжбүрлеу шаралары болып табылмайтын қылмыстың әлеуметтік себептерімен күрес шаралары. Мысалы, салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу саясатын жүзеге асыру т. б. Қоғаммен қолданылатын қылмыстылықпен күрес шаралары кей реттерде мәжбүрлеу шаралары бола отырып ешқашан да жазалау шаралары болып табылмайды.

Егерде қылмыстың жасалауының алдын алу үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жапа шектірмейтін болса ол жазалау шарасы болып табылмайды, ол тәрбиелеу сипатындағы немесе қауіпсіздік шарасы болуы мүмкін. Атап айтқанда олардың қатарына қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді жасаған кәмлетке толмағандарға қарсы қолданылатын тәрбиелеу шараларын жатқызуға болады. Егер мәжбүрлеу шарасында теріс баға беру болса және ол қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің алдын алу мақсатын көздесе, бірақ міндетті түрде жапа шектіруі тиіс деген ұғым қалыптаспуы керек. Егер мәжбүрлеу шарасында теріс бағалау элементі болмаса ол да жазалау шарасы болып табылмайды. Ондай шаралар қатарына есі дұрыс еместерге қолданылатын медициналық мәжбүрлеу шараларын жатқызамыз.

Мемлекетпен қолданылатын мәжбүрлеу шаралары қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қолданыла отырып келесі талаптарға жауап бергенде ғана жазалау шаралары болып табылады: 1) кінәліге жапа шектіреді; 2) кінәліге және оның іс-әрекетіне мемлекет атынан теріс баға беріледі; 3) кінәлі адамның және басқа тұлғалардың болашақта қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауының алдын алу мақсатын көздейді.

Яғни жапа шектіру мен тәрбиелеу жазаның мазмұны болып табылады. Тек аталған екі элементтің болуы барысында ғана біз жаза туралы айта аламыз. Егер жапа шектіру тәрбиелеумен тлоықтырылмаса немесе егер тәрбиелеу жапа шектірусіз қолданылатын болса онда аталған жағдайдың екеуінде де жаза болмайды. Жаза өзінің мазмұны бойынша жапа шектіру бола отырып ол қорқытуды туындатады, себебі жапа шектіру элементіне ие болғандықтан адамды бірнәрседен айыруға ұшыратады. Сонымен бірге жаза тәрбиелеу бола отырып көз жеткізуді туындатады ол жазаның нәтижесінде адамның жүріс-тұрысының белгілі бір түріне және қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған тұлғаға теріс баға берілуі арқылы пайда болады.

Егер жазаны қолдану барысында оның тәрбиелік мәні жоғалатын болса онда одан тек қорқыту ғана қалады. Жапа шектіру тек өздігінен енді жаза болып табыла алмайды себебі ол жазаның қоғам алдында тұрған, басқаша айтқанда оған қоғам сенім білдіретін міндеттерді атқару қабілеті жоғалады. Сондықтан жазаны қолдану заңды және ізгілікті болуы тиіс.

Енді қылмыстық жазаның құқық қолданудың ерекше формасы ретіндегі теоретикалық мәселелеріне тоқталайық. Құқықтың әлеуметтік мәнісі адамдардың жүріс-тұрысын реттеуден көрінетіні белгігі. Алайда мемлекетпен бектілген құқықтық нормалар өзінің реттеуші ролін оларды жүзеге асырудың күрделі механизмінсіз атқара алмайды.

Құқық нормалар әртүрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар негізінен бірқатар мән-жайлармен себептеледі: а) құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың мазмұны және сипатының әр алуан болуы: б) адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың ықпал ету құраларының әртүрлі болуы: в) құқық нормасы мазмұнының өзіндік ерекшелігі: г) әлдеқандай субъектінің құқықтық реттеудің жалпы жүйесіндегі алатын орны, оның заңи ережелерге көзқарасы: д) құқыққа сай жүріс-тұрыстың сыртқы көрінісінің нысаны. /6/

Субъектілердің іс-әрекеттерінің, олардың белсенділік деңгейі мен бағытталулары бойынша құқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдануды бөліп көрсетуге болады.

Жоғарыда аталғандардың алғашқы үшеуі олардың барысында заң нормалары қоғамдық қатынастар субъектілерінің әрекеттерімен тікелей жүзеге асырылғандықтан құқықты тікелей жүзеге асыру нысандары деп аталады. Құқық қолдану, оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде оқшауланады. Құқық қолдану дегеніміз құқықты жүзеге асыруға бағытталған мемлекет қызметінің бір нысаны болып табылады. Мемлекет өзінің қызметінде екі негізгі функцияларды жүзеге асырады: құқықтық нормалар ережелерінің орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер көмегімен позитивті (дұрыс) реттеу; б) құқықты бұзылудан сақтау және қорғау. Құқық қолдану жүзеге асырудың ерекше формасы ретінде орындау, сақтау және пайдаланудан бірқатар сипаттық белгілерімен ажыратылады.

Біріншіден құқық қолдану мемлекеттің ұйымдастырушы биліктік қызметі, ол арқылы қоғамдық қатынастардың әртүрлі субъектілеріінің арасындағы өзара қатынастарға ұйымдасқан негіздерді қалыптастыру жолымен қоғамдық өмірді тәртіпке келтіру, белгілі бір мәселелерді шешу құзіретті органдардың қолына топтастырылады.

Аталған қызмет өмірдегі жағдайларды шешудің ерекше амалдарымен байланысты болғандықтан кәсіби білімді, тәлімді талап етеді. Осыларды ескере отырып мемлекет арнайы субъектілерді бекітіп, оларды осындай қызметті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттіктерге ие қылады. Олардың қатарына сот, прокуратура, полиция сияқты органдарды жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы
Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы
Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы
ҚР сот билігінің басқа да мемлекет өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Қылмыстық құқық бұзушылықтан сақтандыру - қылмыстық саясаттың құрамдас бөлігі
Жазаларды орындау жүйесіндегі пробацияның түсінігі және оның мәні
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz