Егемен Қазақстанның саяси проблемалары туралы



ЖОСПАР


1. Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықтың ахуалды қатынастарының субъектісі ретінде
2. Қазақстанда егемендікпен демократияның қалыптасу кезеңдері, проблемалары және қиыншылықтары
3. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдаы
Қазақстан сыртқы саясат ве¬дом¬ствосының басшысы Қасым¬жомарт Тоқаевтың Ұлыбританияға жұмыс сапары аптаның басты саяси оқиғасы ретінде бағалануда. “Үлкен сегіздіктің” белді мүшесі Британияның дүниежүзілік саясат сахнасындағы негізгі ойыншы¬лардың бірі екенін ескерер болсақ, бұл ел саясатының құлағын ұстап отырған лауазым иелері¬мен болатын кездесулердің мәні әрдайым айрықша назар¬да тұратыны түсінікті.
Лондонға бұл жолғы сапары барысында Қасымжомарт Тоқаев Ұлыбритания сыртқы саясат ведомствосының басшы¬сы Джек Стромен екі жақты келіссөздер өткізді. Дипломат¬тар Қазақстан-британ қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен келешегі төңірегінде келелі әңгіме құрды. Сұхбат барысында Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандық күн тәр¬тібінде, атап айтқанда таратпау мәселелеріне қатысты әлемді алаңдатып отырған белгілі жәйттер жан-жақты талқылан-ды. Дипломаттар екі жақты байланыстарда қол жеткен табыстарға қанағаттанушылық білдіретіндерін мәлімдеді. Министр Джек Строның 2004 жылғы ақпанда Қазақстанға сапарының нәтижелерін жоғары бағалай келе, біздің елімізде бри¬тан¬дық тараптың қатысуын жан¬дандыруға жәрдемдесуі құлаққағыс етілді. Байланыстардың тамырын тереңдетуге екі елдің саяси ерік-жігерімен бірге қомақты қаржы-эко¬номикалық мүдделерінің жеткі¬лікті деңгейі игі ықпалын тигізері анық.
Әлемдегі демократиялық даму¬дың проблемалары төңірегінде ой қозғаған Британия дипломатия¬сы¬ның басшысы Қазақстанның саяси өзгерулер жасаудағы батыл қимыл¬дары “көзге бірден байқалады” дегенді білдірді. Джек Стро мырза қазақстандық әріптесінің демокра¬тия қағидаттарына іс жүзінде беріктігін дәлелдеп келе жатқан елдерді қолдау қажеттігі жөніндегі пікірін толық қоштады.
Министрлер қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың ең өзекті деген мәселелері бойынша тараптар көзқарастарының ұқсас¬ты¬ғын атап өтті. Ресми Лондон Қазақстанның таратпау режіміне, халықаралық лаңкестік пен экстре¬мизм, есірткі тасымалы және де бас¬қа бүгінгі адамзатты үрей құша¬ғына итермелеп отырған зұлым¬дық¬тарға қарсы күреске қосып отырған үлесін жоғары бағалайды.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық
мемлекет және халықтың ахуалды қатынастарының субъектісі ретінде
2. Қазақстанда егемендікпен демократияның қалыптасу кезеңдері,
проблемалары және қиыншылықтары
3. Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың
жолдаы
Егемен қазақстанның саяси проблемалары

Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың
Ұлыбританияға жұмыс сапары аптаның басты саяси оқиғасы ретінде бағалануда.
“Үлкен сегіздіктің” белді мүшесі Британияның дүниежүзілік саясат
сахнасындағы негізгі ойыншылардың бірі екенін ескерер болсақ, бұл ел
саясатының құлағын ұстап отырған лауазым иелерімен болатын кездесулердің
мәні әрдайым айрықша назарда тұратыны түсінікті.
 Лондонға бұл жолғы сапары барысында Қасымжомарт Тоқаев Ұлыбритания сыртқы
саясат ведомствосының басшысы Джек Стромен екі жақты келіссөздер өткізді.
Дипломаттар Қазақстан-британ қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен
келешегі төңірегінде келелі әңгіме құрды. Сұхбат барысында Орталық Азия
өңіріндегі ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандық күн тәртібінде, атап айтқанда
таратпау мәселелеріне қатысты әлемді алаңдатып отырған белгілі жәйттер жан-
жақты талқыланды. Дипломаттар екі жақты байланыстарда қол жеткен табыстарға
қанағаттанушылық білдіретіндерін мәлімдеді. Министр Джек Строның 2004 жылғы
ақпанда Қазақстанға сапарының нәтижелерін жоғары бағалай келе, біздің
елімізде британдық тараптың қатысуын жандандыруға жәрдемдесуі құлаққағыс
етілді. Байланыстардың тамырын тереңдетуге екі елдің саяси ерік-жігерімен
бірге қомақты қаржы-экономикалық мүдделерінің жеткілікті деңгейі игі
ықпалын тигізері анық.
 Әлемдегі демократиялық дамудың проблемалары төңірегінде ой қозғаған
Британия дипломатиясының басшысы Қазақстанның саяси өзгерулер жасаудағы
батыл қимылдары “көзге бірден байқалады” дегенді білдірді. Джек Стро мырза
қазақстандық әріптесінің демократия қағидаттарына іс жүзінде беріктігін
дәлелдеп келе жатқан елдерді қолдау қажеттігі жөніндегі пікірін толық
қоштады.
Министрлер қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың ең өзекті деген
мәселелері бойынша тараптар көзқарастарының ұқсастығын атап өтті. Ресми
Лондон Қазақстанның таратпау режіміне, халықаралық лаңкестік пен
экстремизм, есірткі тасымалы және де басқа бүгінгі адамзатты үрей құшағына
итермелеп отырған зұлымдықтарға қарсы күреске қосып отырған үлесін жоғары
бағалайды.
 
Келіссөздер британ басшылығының Президент Н.Назарбаевты ағымдағы жылы
Ұлыбританияға ресми сапармен келіп-қайтуға шақыруымен аяқталды. Сапар
мерзімі дипломатиялық арналар арқылы анықталмақ.
 Сол күні әйгілі Букингем сарайында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы
басшысының ағылшын корольдік отбасының мүшесі Йорк Герцогы (Элизавета
Патшайымның екінші ұлы), Қазақстан-британ қоғамының тең төрағасы бекзада
Эндрюмен кездесуі өтті. Жылы шырайда өткен бұл жүздесуде Қ.Тоқаев бекзада
Эндрюге екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан зор рөлі
үшін Елбасының алғыс сөздерін жеткізді. Салиқалы сұхбат барысында екі
елдегі азаматтық қоғамдар арасындағы түрлі байланыстарды ынталандыру
мақсатында аталған Қоғамның қызметін кеңейту жайына мән берілді.
Йорк Герцогымен арадағы әңгімеде британ іскер адамдарының Қазақстандағы іс-
қимылдарын ширату қажеттігіне назар аударылды. Мемлекет басшысының ұлттық
экономиканы әртараптандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Правда» газетiнiң қоғамға тигiзген үлесi
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Оның қазіргі кездегі бағыттары мен проблемалары. (1991-2004ж.ж.)
ТМД одағының құрылу мен даму принциптері
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдай кірігуі
Жаһандану және аймақтану үрдістері: Жаңа аймақтану
Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жайында
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Пәндер