Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері


Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері
Жаңа буынды оқулықпен оқытуда мұғалім сабақты тақырып мазмұнына сәйкес әртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін ашуда көп шығармашылық пен еңбек етуді қажет етеді.
Өзбетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материялын таңдау, жаңаны қабылдауда мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т. б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың негізгі жұмыстарының негізгі ерекшеліктері-олардың ықыласын және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың танымдық ізденпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағытылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Шығармашылық-оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әулелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арыта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.
Шығармашылық дербестік әр түрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді.
Біздің пайымдауымызша, «Шығармашылық дербестік-жеке тұлғаның танымдық қажет сінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық ізденпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуы мен аяқталатын интелектуалдық қабілет».
Шығармашылық дербестік оқушы іс-әрекетінің сапасы ретінде көріне отырып, үнемі ізденіп, белсенді әрекет ететін жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық дербестік адам өмірінің жаңа деңгейге көтеріп, түрлі туындылар мен жаңалықтардың шығуына негіз болып, жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады.
Музыка-эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тіжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға шығармашылық іскерліке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды-халықтың музыкаға баулиды.
Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы этикалық тұрғыдан «өзінен-өзі» дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін этикалық тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді. Мұғалімге жаңа технологияның ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажет. Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс, оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген.
Оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздың міндеті. Ендеше бірігіп жұмыс жасау олардың қызығуын тудырады, қабілетін ұштайды, ал оған тәрбиелік бағыт беру студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге және білім алуға бейімдейді.
Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелдейді, ол мазмұны қазіргі теория ғылымында жаңалықтарға сай ьолуы шарт.
Ешкім де педагог болып тумайды. Бірте-бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында а) психологиялық - педагогикалық білім; ә) шеберлікпен шектесетін ептілік; б) дентологиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық м»нез - құлық, ойлау қабілеті болмағы ләзім. Дентологиялық жүріс-тұрыстығы, қылықтығы, әрекеттігі парыздылық туралы ілім.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестірде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін ( есіту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты мейрамдарда ұйымдастырылған көпшіліктің құрама оркестірлері халықты бір іске, мақсатқа топтастыра, достыққа, ынтымаққа ықыластандырады.
Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппаратының дамуы, музикалық аспапты ұстау, оны шеберлікпен меңгеру, педагогикалық, психологиялық дайындық, әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу қажет.
Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды:
- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру
- Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін
қатаң сақтау.
- Жаймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
- Көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
- Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты
келтіру.
- Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ,
саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналған жөн.
Музиканы үйрету, есту, тыңдау барысында оқушының ой-толғанысын жандандырады, жігерлендіреді, ой-қөиялын өсіреді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетіне эмпровизатция да жатады. Эмпровизатция- музиканы түрилендіре білу қабілеті.
Бұл тапсырмалар оқушының ой-өрісін ұштайды. Балалардың қиялдай білуінің мәні айрықша. Баланы музика арқылы қиялдауға үйрете отырып, өмірге дайындаймыз. Бұл проблема ізденуге жағдай туғызып әдісі арқылы жүргізіледі. Ол төмендегі жолмен саналы түрде жүзеге асады.
- Оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты.
- Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті .
- Толы жан-жақты жасалған соңғы қорытынды.
Музика пәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік
ерекшелігін айқындап, аңғарып табиғат құбылыстарын, өмір шындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жөн. Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.
Бала діннің жан дүниесіне үлкендердің өктемдігін сезсе, ашылмай тұйықталып қалады. «Балалығын тиған оның есейгендегі даналығын тиғанмен бірдей» - деп Ж. Баласағұн айтпақшы, музыка сабағында жаңа техналогияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп қанағаттандыру.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі-білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таны мен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму денгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
- Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру) .
- Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
- Оқушы мүмкіндігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдісте мелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
- Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
- Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
- Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
- Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған,
шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық-оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып есептеледі. Жаңалыққа деген қызығушылық-басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелдекті дамытуда, қозғаушы күш және жан- жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болып болуы мүмкін.
К. Д. Ушинский: «еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:
- Оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім «ашуға», проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әрсалалы болуы керек;
- Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;
- Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz