Қазақ тілінің фонетикасы дәрістер



1. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу.
2. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Дыбыс. Әріп. Фонема.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс сабақтары
1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен
міндеттері. Фонетика туралы түсінік.
Дәріс жоспары (1 сағ)
1. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу.
2. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи
даму жолы.
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан.
Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің
дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын,
тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және
грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі
фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек
тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы
дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2)
дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық
кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі
шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа
келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ,
ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі
айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау
мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу
дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.
Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала
береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында,
туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу
нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.
Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей
(тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз
қуысы.
Дыбыс. Әріп. Фонема.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы
жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген
сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр
басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы
сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың
осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема сөздер мен
олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін
дыбыстық единица. Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады.
Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей
емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні
айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні
болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не
созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті
болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема
дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін
өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.Фонологияда дыбысты
зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін
саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы
дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен
тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты
жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан –
сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың
фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан
басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан
немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен
ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни
жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің
ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан
көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге
жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан
құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді.
Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды
бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың
бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз
жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз
болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі
болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға
құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы
әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші
әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде
бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің
(ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы
бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не
жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс
мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге
келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол
шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл –
фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары
мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Мысалы ат,
ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың
әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде
езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне
қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай
ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен
формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына
бірі синоним ретінде қолданыла береді.
2-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
Дәріс жоспары (1 сағ)
1.Фонетика және оның зерттеу нысаны.
2. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін
физиканың бір саласы.(akustikos - естілу)
Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір
ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа
естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі
белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты
болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе
береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің
нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден
шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу
дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай
айқындалады.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа
бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау
қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың
акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық
тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату
музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым
болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды
дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте
қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан
ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне
күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал,
дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап,
тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне
күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз
дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр
дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі
консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән
артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың
классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-
акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық
классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің
негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің
қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан
дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына
жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у -
еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Дауысты дыбыстар кестесеі
Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай

Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан
дауыстылар Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У),
Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)
Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан,
бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э
болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э)
түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда
өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды
айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды.
в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни
пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар:
б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у) , һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып,
одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр
араласады.
Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;
в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ
3-тақырып. Сөйлеудің фонетикалық бірліктері
Дәріс жоспары (1 сағ)
1. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.
Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс
шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі
ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері
(единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс.
Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс)
арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші
фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын
ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны
құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе
керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен
бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет
атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе
төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде
паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі
бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы:
Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сөйлемнің мелодикалық
кестесі мынадай болады:
Жауын

Түні бойы
Сіркіреп жауған
Басылмады.
2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы;3) Сөйлеудің үдемелілігі,
айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы)
дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай көңілді,
ойнақы, қайғылы немесе қорқынышты секілді түрліше болуы мүмкін.
Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы,
баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша
болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.
Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып
бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие
болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не
алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады.
Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.
4-тақырып. Буын. Дауыс ырғағы, екпін.
Дәріс жоспары (1 сағ)
1. Буыннның түрлері
2.Фразалық екпін
3. Логикалық екпін
4.Интонация
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны
үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше
бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың
бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы
дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге
ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық
Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты
дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша буын болады,
өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай
алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-
нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б
Буынға тән негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс
болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. 2. буында
мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе
морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-
ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты –
сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын
– ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан
буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке
буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4.
қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5.
тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден
артық дауыссыз дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы
төмендегідей болып келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы
енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт,
спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған
дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші
топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде
қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.
Буынның түрлері
Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі
бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын
ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла...
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы:
ат, ақ, ін...
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен
қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт..
Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі басқаларына
қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай қасиетке екпін
түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады.
1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді немесе
динамикалық екпін деп аталады.Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны
буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі т.б.тілдерге тән)
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп
дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің бұл түрі
тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва).
3.Квантитативті екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің
құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.
5-тақырып. Фонетикалық заңдар
Дәріс жоспары (1 сағ)
1. Фонетикалық заңдар.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі
бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде
немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық
заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің
тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.
Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып
келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан
фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас
тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне
немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы,
жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып
үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі
ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ
заңдылық.
Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың
санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Тілдің тарихи
даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы
мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы.
Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып
кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының
өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с
дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі
деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп
қарайды.
Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас
тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір
ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.
Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық
заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою
жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен
бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке
алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық
заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің
кілті.
Сөздік
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы
Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы
ілім
Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Лингвистика – тіл туралы ғылым
Лингвист – тіл маманы
Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім

Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін
ілім
Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған
термин
Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған
термин
Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту
құбылысы
Семиотика – таңбалар жүйесі
Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала
Синхрония – гректің бір кездегі
Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі

Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Лексикология және оның салалары.
Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын
да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке
алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де,
говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты
бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық
аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де
қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен семасиология, этимология,
лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға
бөлінеді.

Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың
негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ,
лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан
кдрастырады.

Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол
лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:

1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін
зерттейді;

2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;

3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер
құрастырады.

4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері
тексеріледі.

5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 

6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді
зерттейді.

Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен
байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік
лингвистикамен де тығыз байланысады.  

Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден
мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас
жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-
стильдік сипатымен қызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен
сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек,
лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып,
оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық
сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы
туралы ғылым болып табылады.
1

Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім)[1] — заттар мен
құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің
лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология -
лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы
негізгі ұғым семантика.[2]

[өңдеу] Тағы қараныз:

• Сёма
• Семантикалану
• Семантикалық архайзм
• Семантика
• Семилогия
• Семиотика
• Семитология

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

1. ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты,
1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
2. ↑ Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-
Словарь", 2005.

Сөзжасам

Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Мында өту: шарлау, іздеу
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды
сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін
саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс
негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың
жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды
сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б.
жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар,
мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

[өңдеу] Сөзжасамның тәсілдері:

1. Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз
жасау мүмкіндігі;
2. Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы
туынды сөздің жасалуы;
3. Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың
жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;
4. Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы
арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды
атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді.
Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі
белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады.
Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін
айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы
жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның
кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері
мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық
үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық
саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-
бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік
ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі
негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық
тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа
мағына жасауы – күрделі процесс.
Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы
жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат
не сигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану
немесе ауыспалылық яки фразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын
қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура
мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ
алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең,
ақсауыт, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек, т.б. туынды
сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы
мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін
оларды денотаттық(заттық), сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық
(бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі. Фразеологизмдердің
қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесінің жасалуында семантикалық
негіз бар.

• Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база — белглі бір тілдің
сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық
ерекшеліктердің жиынтығы.
• Сөзжасамдық қосымша (жұрнақтар) орыс. словообразовательный аффикс —
Қосымшалар.
• Сөзжасамдық мағына орыс. словообразовательное значение — сөз тудырушы
негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа
мағына. Мысалы: төрт түлік малдың бір түрін білдіретін қой сөзіне
мамандықты, кәсіпті білдіретін -шы жұрнағы қосылып, жаңа мағынадағы
қойшы сөзін тудырып тұр. Бұл арада негіз сөздің тірек болуымен туған
сөзжасамдық мағынаның дәл сипатын анықтаушы қосымшалық мағына болып
табылады.
• Сөзжасамдық мотивация орыс. словообразовательная мотивация, орыс.
motivation - ниеттену, іздену, дәлелдеу
• Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа — туынды сөздердің
жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес
сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін
сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу
т. б. — бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкін
сөзінен туып түрған жок. Мысалы: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің
тікелей тудырушы негізі өкінемес, өкініш сөзі.
• Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ — осы кунгі
сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың
өзара байланысын, қарым-қатынасын аңықтау. Мысалы: көр- түбірінен
шыққан көріктендіруі иілер сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы
негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші
(-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға
негіз болып тұр. Мэселен, көр- түбірінен көріктен сөзі тууы үшін,
алдымен көрік сөзі жасалуы керек, көріктен дегендегі -тен жұрнағы
бірден көр- түбіріне қосыла алмайды, басқалары да осылай. Сол сияқты
уйытқы сөзінің тікелей тудырушы негізі уйы- түбірі емес, уйыт-
туындысы, ал оның тудырушы негізі — уйы- түбірі.
• Сөзжасамдық тип орыс. словообразовательный тип — белгілі бір сөз
ғабына жататын сөздердің құрылымдық желісі. Әр тип өзінің жасалуына
арқау болған сөздердің сөз табы жағынан бірынғай болуымен, негіз сөз
бен туынды сөздің мағына жағынан бір-біріне қатыстылығымен және ұқсас
форманттарының материалдық, сементикалық бірлігімен сипатталады.
Сөзжасамдық тип тілдің сөзжасам жүйесіндегі негізгі буын болып
табылады. Мысалы: қуаныш, өкініш, суйініш сөздері бір тип жасайды,
тудырушы ненгіздері бірынғай етістіктер, туынды заттық мағыналары
нақты қимыл-әрекетті білдіретін мағыналарға негізделген, тудырушьі
қосымшалары бірыңғай дерексіз зат есім тудыратын -ыш, -іш жұрнақтары.
• Созжасамдық тізбек орыс. словообразовательная цепочка — бір-бірімен
жүйелі дәйектілік қарым-қатынаста болатын, бірінен-бірі туындап
отыратын түбірлес сөздердің тізбегі. Бір түбірдің туа отырып, өз
ішінде көп тармақты болып келеді. Мысалы: сез — сезік, сезікті,
сезіктілік; сез — сезім, сезімді, сезімділік; сезім — сезімтал,
сезімталдық; сезім — сезімшіл, сезімшілдік т. б.
• Сөзжасамдық уәждеме орыс. словообразовательная мотивация — түбірлес
сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың біреуінің
жасалуына екіншісі арқау болады, біреуінің мағынасы екіншісі арқылы
анықталады (көл — көлшік): Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар
негіз сөзден сөз тудырушы қосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің
мағыналары қашанда оларға негіз болған сөздердің мағынасы негізінде
өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз
уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, Сөзжасамдық уәждеме уәждендіруші
сөз бен уәжденген сөздің өзара қарым-қатынас бірлігінен тұрады.

[өңдеу] Тағы қараныз:

• Церивациялық мағына
• Сөз айшықтары
• Сөз варианттары
• Сөзге морфемдік талдау
• Қаратпа сөз
• Сөздердің байланысу тәсілдері
• Сөздердің байланысу формалары
• Сөздердің орын тәртібі
• Сөздік
• Сөздік ұя
• Сөздің қызметі
• Сөздің лексикалық мағынасы
• Сөздің негізі
• Сөздің ішкі формасы
• Сөз
• Сөз қолданыс
• Сөз құрамы
• Сөз мәдениеті
• Сөз таптары
• Сөзтұлға
• Сөз тіркесі
• Сөз енгізу
• Сөз синтезі
• Сөйлем
• Модаль сөз
• Сөз табы
• Ділмәр Сөз
• Дәйек сөз
• Қыстырма сөз
• Төл сөз
• Төлеу сөз
• Етістікті сөз тіркестері
• Қосалқы Сөз
• Есімді сөз тіркестері
• Байырғы сөз
• Қос сөз
• Басқарушы сөз
• Индекстік сөз
• Қарапайым сөз
• Сөз Бостандығы
• Қысқарған сөз
• Машиналық сөз
• Алғы сөз
• Бөгде сөз
• Басқаратын сөз
• Туынды сөз
• Резервтелген сөз
• Сөз қолданылуы
• Сөз тіркесінің сыртқы формасы
• Сөзбе-сөз аударма
• Сөз түбірі
• Сөз қолдану ерекшеліктері
• Еліктеу сөз
• Ақындармен сөз жарыстыру
• Даналардан шыққан сөз
• Сөз (дауыс) поштасы
• Сөз енгізу құрылғысы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім.
1. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер.
2. Жасалу жолдары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде
оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы
ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем
оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол
морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді.
Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының
сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді
де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы
ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен
салыстырғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән
ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала
ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан Казіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы
деп дәлелденді.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу
нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық
бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің
жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін
сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б.
толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам
жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен
сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік
кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық
заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып
іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден
қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала
бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам
пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми
деректер береді.

СӨЗЖАСАМ, ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ ОЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ Мамаева Гүлнар Бейсенқызы
филология ғылымдарының кандидаты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті Астана.

26-Қаңтар, 2011 1,502 рет қаралған
Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге,
терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері
терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды.
Сөзжасамдық тәсілдер туралы сөз болғанда, оның бірте-бірте қалыптасқанын
есте ұстау керек. Өйткені терминжасам тәсілдері де бірте-бірте
қалыптасады.Сөзжасам тәсілдері, олардың түрлері туралы теория
А.Байтұрсынұлының Тіл-құралы кезінде қалыптаспаған еді. Сондықтан
А.Байтұрсынұлы Тіл-құралында сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық,
семантикалық тәсілдері терминдерін қолданған жоқ. Бірақ сөзжасамдық
тәсілдер негізінде жасалатын туынды сөз мәселелерін ол жазды. Мәселен,
жұрнақ, туынды сөз, қос сөз (жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз), зат
есімнен туған сөздер, оны есімнен туған сөздер, етістіктен туған сөздер,
туынды етістіктердегі жұрнақтар, етістіктен туатын басқа сөздердегі
жұрнақтар түрінде сөзжасамның негізгі мәселелерінен Тіл-құралда мәлімет
берілген [1, 182-255].
А.Байтұрсынұлының бұл пікірлері кейін жұрнақ теориясының дамуына, туынды
сөздер, зат есімнің синтетикалық сөзжасам теориясына, сын есім, етістік
сөзжасам теориясына негіз болды. Рас, А.Байтұрсынұлы үлгісі ұзақ сақталды.
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиетінің терминін жасағанда,
тек қазақтың байырғы сөздеріне сүйенді және қазақтың байырғы сөздерінен
ғылыми термин жасауға болатынына сенді, оны уағыздады, оны іс жүзінде
дәлелдеді.
Н.Сауранбаев 1953 жылғы Қазақ тілі деген атпен шыққан педучилищелерге
арналған оқулығында Зат есімнің жасалуы, Сын есімдердің жасалуы,
Етістіктің жасалуы терминдерін қолданып, сөз таптарының сөзжасамы
мәселесін көтерді [2]. Бұдан қазақ тілінде сөзжасам мәселесі жұрнақ арқылы
туынды сөздің жасалуынан басталғаны байқалады.
1960 жылы шыққан Ғ.Әбухановтың Қазақ тілі оқулығында Зат есім сөздерін
тудыру тәсілдері деген тақырып берілген [3, 97]. Бірақ оқулықта
сөзжасамдық тәсілдер аталмаған. Тек 1964 жылғы А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ
тілі. Морфология жоғары оқу орнына арналған оқу құралында морфологиялық
(синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық) тәсілдер көрсетіліп, оларға
бірінші рет мынадай анықтамалар берілген: Морфологиялық тәсіл деп түбір
сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айтамыз
да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы,
тіркесуі арқылы сөз тудыру тәсілін айтамыз [4, 108].
1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасы кітабында сөзжасамдық тәсілдер дәл
жоғарыдағы пікірді қайталаған [5, 16].
Ал 1974 жылғы А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі атты жоғары оқу орны
студенттеріне арналған оқулықта сөзжасамның мына үш түрі берілген: Сөйтіп,
грамматикалық жолмен сөз тудырудың үш түрлі тәсілі бар, оның біріншісі –
морфологиялық тәсіл, екіншісі – синтаксистік тәсіл, үшіншісі –морфологиялық-
синтаксистік (я синтаксистік-морфологиялық) тәсіл [6, 90].
Қазақ тілінің сөзжасамында тәсілдерді бұлай топтастыру да толық
қалыптаспады, әсіресе тәсілдің үшінші түрі танылмады.
1989 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографияда
ғана қазіргі қолданыстағы сөзжасамдық тәсілдердің үш түрі алғаш рет
беріліп, ол ғылымда қалыптасып, орнықты. Монографияда: 1) синтетикалық
(морфологиялық), 2) аналитикалық (синтаксистік), 3) лексика-семантикалық
тәсілдер берілген [7, 64].
Сонымен бірге, монографияда әр сөзжасамдық тәсіл алғаш рет ғылыми негізде
толық сипатталған. Бұл сөзжасамдық тәсілдерге алғаш рет берілген толық
ғылыми сипаттама болды.
Монографияда синтетикалық тәсіл термині түрліше аталып жүргенін ескерту
арқылы синтетикалық тәсіл терминінің қалыптасып үлгермегенін аңғартқан.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға түбір сөз бен жұрнақ
қатысатынын, олардың атқаратын қызметін анықтап, синтетикалық тәсіл арқылы
жасалатын модельдер (үлгілер) мен типтерге, олардың түрлеріне, түбір
морфемаға мағынасы мен құрылымына, жұрнақтарға жан-жақты сипаттама берген
[7, 65-88].
Бұл сөзжасам тәсілдеріне қазақ тіл білімінде толық берілген алғашқы
сипаттама.
Монографияда сөзжасамның аналитикалық тәсілі де кең талданған. Аналитикалық
тәсіл өте көне тәсіл деп саналып, оның дүние жүзі тілдерінен алатын орны
жан-жақты сипатталған. Сонымен бірге түркі тілдері сөзжасамында белсенді
қызмет атқаратыны дәлелденген. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің іштей 4
түрге бөлінетінін төмендегіше көрсеткен: Тілімізде аналитикалық тәсілдің
мынадай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4)
қысқарту [7, 91].
Монографияда бұл тәсілдердің бәрі өте толық дәлелденген.
Осы мәселеде тірек сыңар, ауыспалы сыңар, туынды мағына мәселелері мұқият
талданған. Сол арқылы аналитикалық тәсілде сөзжасамға қатысатын тілдік
бірліктер де талданған.
Лексика-семантикалық тәсіл сөзжасамдық тәсілдер қатарына алғаш рет осы
монографияда қосылып, ғылыми сипаттама алған. Лексика-семантикалық тәсіл
арқылы сөз жаңа мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып, сөз
басқа сөз табына да өтеді деп сипатталған [7, 99].
Осы монографиядан кейін лексика-семантикалық тәсіл қазақ тіл білімінде
танылып, барлық еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге, сөзжасамдық
тәсілдер мәселесі барған сайын толықтырылып, нақтыланып анықталды. Мәселен,
2002 жылғы Қазақ грамматикасында негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық
байланысы, сөзжасамдық жұрнақтың екі түрі – лексикалық мағына жасайтын,
лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар туралы мәлімет берілген және
сөзжасамдық жұрнақтардың сөз таптарына қатысы дәлелдену арқылы синтетикалық
тәсіл толықтырылған.
Қазақ грамматикасында аналитикалық тәсіл сөзқосым, қосарлану, қысқарту
тәсілдерінің мәнін, түрлерін, дамуын дәлелдеу арқылы толықтырылған.
Грамматикада лексика-семантикалық тәсіл мәселесі де нақтыланып,
толықтырылған. Мәселен, лексика-семантикалық тәсілде сөздің дыбыстық,
морфемдік құрамын сақтай отырып жаңа мағынаға ие болуына байланысты оның
лексика-семантикалық тәсілге жататыны әр сөз табы арқылы анықталған.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздін сөз табын сақтауы
да, сөз табын ауыстыруы да мүмкін екені дәлелденген. Лексика-семантикалық
тәсіл арқылы жасалған сөздердің басқа сөз табына көшудің ішкі заңдылықтары
ашылған [8, 203-208].
1989 жылғы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі монографиясынан бастап-
ақ ғалымдар сөзжасамның 3 тәсілін қабылдап, өз еңбектерінде қолдана
бастады, оған терминология ғалымдары да жатады.
Сөзжасамдық тәсілдің осы 3 түрі Қазақ тілінің сөзжасамы оқулығында
беріліп, ол ғылымда орныққан заңдылық ретінде танылған [9].
Сөзжасам мәселесінде сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын алатыны
белгілі. Бұл мәселе терминжасам мәселесіне байланысты елеусіз қалды деп
айта алмаймыз. Терминолог ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл
бөліп отырған. Мәселен, терминология саласының ірі маманы академик
Ө.Айтбаев ғылымда аталып жүрген мына тәсілдерді атап, оларға талдау
жасаған: 1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік
тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі [10,
253].
Ғалым терминжасамның семантикалық тәсілін талдай келе, ол пікірлерін
төмендегіше қорытады: Сонымен, семантикалық тәсіл терминжасамның негізгі
тәсілдерінің бірі ретінде терминологиялық лексика қабатының толыға, байи
түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады. Мұның
тағы бір атап айтылуға тиісті ерекшелігі сол арқылы жасалған терминдер
терминжасамның өзге амалдарына қарағанда, әрі қысқа, әрі нұсқа болып
шығатыны. Сондықтан да терминжасам процесінде бұл тәсілді сарқа пайдаланып
отыру қажет [10, 259].
Ғалым еңбегінде калькалау тәсілі туралы жай аудармадан калькалаудың
айырмасы мәселесіне жақсы түсінік берген. Сондай-ақ, ғалым калькалану
арқылы жасалған сөздерді зат есім сөздер тобына жатады деп танып, калька-
терминдердің екі түрін, яғни мағыналық және мағыналық-құрылым тұрғысындағы
түрін атаған. Оны ғалымның өз сөзімен келтірген дұрыс. Ол төмендегідей:
Калькалану тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген терминдерді екі ыңғайда
қарастырып, танып білу керек сияқты. Бірі – мағыналық калька, яғни сөзбе-
сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі – мағыналық
құрылымын (структурно-смысловые слова) беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-
сөз аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінбес
бөлшектері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді [10, 269].
Терминжасамда өзіндік орны бар бір топ терминдер бар, олар химия, физика,
математика, техникаға қатысты терминдер. Олар осы салаларда үлкен қызмет
атқарады. Мысалы, көпшілікке мәлім математикадағы мына таңбаларды алайық:
=, ≠, , , \\. Бұл таңбалардың әрқайсысы белгілі ұғымды білдіреді.
Мәселен, = тең, ≠ тең емес, көп, аз т.б.
Математика, химияда латын әріптері белгілі мәнде қолданылатыны белгілі. ά,
β, γ, А, В, С т.б. Таңбалардың бір тобы жол бойында көп қолданылатыны
белгілі. Әсіресе, ғылымның түрлі саласында қолданылатын таңбалар,
символдардың прагматикалық мәні оларды терминология саласында қарауды
нұсқайды.
Бұл мәселелер туралы зерттеулер қазақ тіл білімінде кездеспеді. Мамандар
арасында, оқыту ісінде ондай таңбалар жиі қолданылатыны белгілі. Демек,
олардың да зерттелуі қажет.
Терминдердің сөзжасам жүйесі бар. Бірақ терминдердің сөзжасам жүйесі арнайы
зерттелмеген. Оның әр мәселесі жөнінде түрлі пікірлер, белгісіз,
анықталмаған ғылыми ұғымдар өте көп.
Терминжасам – жүйелі құбылыс, оның яғни жүйенің бір мүшесіне терминжасамдық
тәсілдер жатады. Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір мүшесі, бір
тармағы болғандықтан, ол сөзжасамның жалпы заңдылықтарын сақтайды, оған
бағынады, ол терминжасамда қолданылады. Олай болса, терминжасамда
сөзжасамның тәсілдері түгел қолданылады. Сонымен бірге, терминжасамның өз
ерекшелігіне байланысты тәсілдер де терминжасам тәсілдерінен орын алады.
Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым- Ш.Құрманбайұлы. Ғалым
монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1)
синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл,
3) терминдену (лексика-семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі [11, 99-
165].
Термин сөздердің тіліміздегі аумағы өте үлкен. Оған 30 томдық
терминологиялық сөздік толық дәлел болады. Бұл сөздік қорымыздағы үлкен
байлық. Тіліміздегі осы үлкен байлық жан-жақты толық зерттелген деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Москва мектебінің лингвистикалық ұстанымдары
Қазақ тіліндегі фонетика саласы
Тіл мәдениетінің сипаты
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
Қазақ тілі фонологиясының зерттелу тарихы
Қазіргі қазақ фонетикасы жайлы
Буын. Зерттелуі және түрлері
Сөз таптарының мәселелері
Пәндер