Жалпы орта білім беретін мектептердегі басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
Жалпы орта білім беретін мектептердегі басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар
/мектеп директорларына арналған нұсқау/
Шымкент 2010
ББК 74. 04. (5 каз)
Ж 14
Әдістемелік құрал облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік кеңесінде 2006ж. 27. 10 №6 хаттамасында қаралып ұсынылған, 2008 жылы және 2010 жылы толықтырулар енгізілді.
Құрастырушылар:
Ә. Ысқақов
К. А. Жүнісова
- директордың орынбасары
- кадр кабинетінің меңгерушісі
Пікір жазғандар:
Көшеров Ә. Ж.
Ысқақ Б.
- кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., доцент
- кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., профессор
Ә дістемелік құралдың екінші басылымында мектеп басшыларының қызметінде қажет құжаттардың үлгісі мен сипаттамасы қайтадан толықтырылып, өзгерістер енгізіліп берілген.
Басқару құжаттары - құрылтай және ұйымдық құжаттардан бастап күнделікті басқару жұмыстарына қажет басқа да құжат түрлерін (бұйрықтар, анықтамалар т. б. ) қамтиды.
Әдістемелік нұсқау мектеп директорларына арналған.
Алғы сөз
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), “Тіл туралы” Заң (1997), “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны - қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Оқу мекемелері мен олардың қызметкерлерінің өзара қарым - қатынастары кезіндегі іс-әрекеттерінің тиімділігі, нәтижелігі тиісті іс қағаздарымен жүйелі жұмыс жасауына тікелей байланысты. Іс қағаздарына қойылатын талаптарды нақты орындау, құжаттармен дер уақытында танысып, дұрыс жүргізу табысты жетістікке жетудің басты шарты.
Нұсқау іс қағаздарды жүргізуде кемшіліктерді азайту, тіпті жою, сонымен қатар жаңадан ашылып жатқан білім мекемелері мен оның басшыларына көмек ретінде жазылды. Кейінгі екі-үш жылда облыстық біліктілік арттыру курсынан өткен мектеп басшыларының ой-пікірлері, ұсыныс-тілектері мен сұраныстары осы нұсқаулықты жинақтауға себеп болды.
Әдістемелік нұсқау мектеп басшыларына пайдалы болады деген сенімдеміз.
Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 ж. 23қазандағы № 502 Бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандары бекітілсін.
- Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М. Т. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
- Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде күннен бастап күшіне енеді.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 969 «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысанын бекіту туралы »бұйрығы(Нормативтік құқтық актілерді мемелекеттік тіркеудің тізімінде № 3280-мен тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министрдің
міндетін атқарушы
Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 Бұйрығы
- Бұйрықтарды тіркеу кітабы.
- Мектептің педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы.
- Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы
- Оқушыларды жазатын Алфавиттік кітап
- Оқушының № жеке іс қағазы
- Сынып журналы 1- 4 сыныптары үшін
- Сынып журналы 5-11(12) сыныптар үшін
- Факультативтік сабақтар журналы
- Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы
- Мектепалды сыныптарының журналы
- Оқушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабы
- Оқушының сабақ үлгерімі туралы табелі
- Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті беру және есепке алу кітабы
- Жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы.
- Мақтау грамотасы және мақтау қағаздарын беру және есепке алу кітабы.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 23. 10. № 502 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Бұйрықтарды тіркеу кітабы
(облыс)
( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
жылы кітап басталды
жылы кітап аяқталды
Бұйрық
№- і
Кім қол қойды
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
Бұйрықтар кітабы
Бұйрықтар кітабы барлық оқу мекемелерінде жүргізілуге тиіс.
Қазіргі кезде оқу мекемелерінде төмендегі бұйрық кітаптары жүргізіледі:
- негізгі қызмет бойынша:
- кадрлар бойынша;
- оқушылар бойынша.
Бұйрықтар кітабының барлық парағы нөмірленіп, тігіліп директордың қолымен және мөрмен бекітіледі, директордың сейфінде сақталады.
Барлық бұйрықтар қатаң түрде бұйрықтар кітабында тіркеледі.
Бұйрық
Мектептің басқару жұмысы мектеп директорының шығарған бұйрығымен реттеледі. Бұйрық - нормативтік құжат, қызметкерлердің құқығы, қызметі туралы. Кадрлар бойынша бұйрықтар, негізгі өндірістік бұйрықтар, оқушылар туралы бұйрықтар болады. Бұйрықтар мен кадрлар қозғалысын, еңбекке жарамсыз қағаздары мен еңбек ақысыз демалыстарды тіркеу журналы жүргізілуі тиіс.
Бұйрықты дайындаудың мынадай кезеңдері болады :
- мәселенің мәнін зерделеу;
- қажетті мәліметтерді жинау;
- қысқа да нұсқа болуы;
- басшының қол қоюы;
- күні;
- тіркеу нөмірі;
- бұйрықтың негізі;
- бұйрықтың мәтінімен танысқаны туралы белгі.
Бұйрықтың міндетті түрде «не туралы?» деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Бұйрықтың мәтіні өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Бұйрықты шығарудың негізін көрсететін, белгілейтін бірінші бөлікте:
- мемлекеттік органдардың (үкіметтің, салық инспекциясының және т. б. )
- нормативтік құжаттары;
- директордың, кәсіподақ комитетінің жиналысының шешімі
- өндірістік қажеттілік нақты көрсетіледі.
Белгілейтін бөліктің мәтінінде әдетте: «сәйкес, мақсатында, мақсаты, үшін» деген сөздер болады.
Негізгі басқару бөлігі «Бұйырамын» деген сөзден басталады, бас әріппен жазылады. Осы басқару бөлігінде кімге (орындаушыға немесе құрылымдық бөлімшеге) не жүктеледі, ( нақты жұмыс көрсетіледі ), күні
(оның мерзімінің аяқталу күні) сияқты мәселелер көрсетіледі. Бұйрықтың мәтіні әрбір тармаққа бөлінеді. Әрбір тармақ қызыл жолдан басталады. Тармақтар араб сандармен нүкте қойылып нөмірленеді. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын тұлға көрсетіледі. Бұйрықтың мазмұны мен қызметкерлер таныстырылады, танысқаны туралы күні мен қолын қояды.
Шешім, өкім сияқты басқару құжаттарымен осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2008 жылғы 16. 05. . № 272 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері
1. Жалпы ережелер
- Осы Педагогикалық кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.
- Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Пеадагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
- Педагогикалық кеңестің басты міндеттері: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдары педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің ) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу болып табылады.
2. Педагогикалық кеңестің құрамы
- Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді.
- Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитетінің мүшелері шақырылады.
- Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлайды.
3. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі.
8. Педагогикалық кеңес:
1) білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;
2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін
3) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;
4) қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан босату, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы куәліктер, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы, үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселерерін;
5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды.
9. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
10. Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.
11. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелері бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.
12. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жәй дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және директордың қолымен бекітілген болуы керек.
15. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымының істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.
Педагогикалық кеңестің хаттама кітабы
Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық кеңес хаттамасы кітабы жүргізіледі, әрбір парақ нөмірленіп, жіппен тігіліп, директордың қолымен және мөрмен бекітіледі. Хаттама екі бөліктен тұрады: бірінші - кіріспе, мұнда төрағалық ететін тұлғаның, хатшының, қатысушылардың аты -жөні, күн тәртібі, екінші - негізгі бөлімі күн тәртібіндегі сұрақтардан тұрады. Әрбір бөлімнің мәтіні:
ТЫҢДАЛДЫ;
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ /ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ /деген сызбадан тұрады. Бұл сөздер бас әріптермен, әрқайсысы жаңа жолдан жазылады, олардан кейін қос нүкте қойылады. Хаттама кітабы нөмірленіп, жіппен тігіліп директордың қолы, мөрмен расталады. Хаттама нөмірі - пед. кеңес отырысының реттік нөмірі болады /оқу жылының басынан бері/, хаттамада көрсетілген күн кеңес отырысы болған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 23. 10. № 502 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Мектептің педагогикалық кеңесі хаттамаларының
кітабы
(облыс)
( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
жылы кітап басталды
жылы кітап аяқталды
Хаттаманың үлгісі
Мекеменің аты
№ хаттама
мәжілісі (жиналысы)
(өткізілген күні толық көрсетілуі тиіс)
Төраға
(аты, жөні)
Хатшы
(аты, жөні)
Қатысқандар:(тегі, аты әкесінің аты толық көрсетіледі)
Күн тәртібі:
1.
2.
1. Тыңдалды: 1. Аты- жөні (Қаралған мәселелер тақырыбы)
Жарыссөз: 1. Аты- жөні
2. Аты жөні:
Қаулы етті:
1. 1.
1. 2.
2. Тыңдалды: 1. Аты- жөні (Қаралған мәселелер тақырыбы)
Жарыссөз: 1. Аты- жөні
2. Аты жөні:
Қаулы етті:
2. 1.
2. 2.
Төраға
қолы аты-жөні
Хатшы
қолы аты-жөні
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 23. 10. № 502
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің
жеке құрамын есепке алу кітабы
(облыс)
( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
жылы кітап басталды
жылы кітап аяқталды
(сол жақ беті)
№№
р/с
Тегі, аты, әкесінің
аты
Беттің соңына дейін (30 жол)
(оң жақ беті)
Осы мектепте қай уақыттан бері
жұмыс
істейді
Бұйрықтың №, күні
Мекен-жайы,
телефоны
Беттің соңына дейін (30 жол)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 23. 10. № 502
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
оқушыларды жазатын
АЛФАВИТТІК КІТАП
(облыс)
( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
жылы кітап басталды
жылы кітап аяқталды
Кітаптің ішкі беттері (сол жақ беті)
№№
Р/С
Оқушының тегі, аты,
әкесінің аты
Кітаптің ішкі беттері (оң жақ беті)
Қай сыныптан
кетті
Кету себептері
(оның ішінде мектеп
бітіргендер)
Жеке іс қағазының берілгенін
белгілеу
Оқушылардың алфавит кітабы
Алфавиттік кітап әр мектепте жүргізіледі. Оқушылардың аты -жөні алфавит бойынша жазылады. Әр әріпке бірнеше парақ белгілінеді, онда оқушылар туралы барлық мәліметтер жазылады, реттік саны оқушының жеке картасы болады. Оқушының кеткен кезі, бұйрықтың нөмірі, күні себебі, жазылады. Уақытша сабақта болмағаны /ауырып қалса/ кітапта белгіленбейді. Егер кеткен оқушы қайта келсе, «Келген күні» графаға, «қайта келді» деп белгілейді.
Кітапта бір әріптегі жазылу парағы бітсе, жазылу келесі кітапта сол санның ретімен жалғастырылады. Кітаптағы түзетулер директордың қолымен бекітіледі. Кітап парақ бойынша нөмірленіп, тігіліп, директордың қолымен, мөрмен бекітіледі.
Оқушының жеке іс қағазы
Жеке іс қағазы барлық мектепте әр оқушыға келген уақыттан бітіргеніне дейін жүргізіледі. Жеке іс қағазы оқушы туралы жалпы мәлімет, сынып бойынша үлгерімі, мақтаулары /грамота, алтын, күміс медальдар т. б. /. Аттестат негізгі жалпы білім беру бойынша, оқушы мектеп бітіргенде қолына беріледі.
Оқушы кеткен кезде жыл сайын медициналық қараудан өткені туралы № 286 форма беріледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 23. 10. № 502
бұйрығымен бекітілген
Суреттің
орны
Оқушылардың жеке іс қағаздарының нысаны
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
№ ЖЕКЕ ІС ҚАҒАЗЫ
Тегі
Аты
Әкесінің аты
Туған күні, айы, жылы
Мекен-жайы
Тегі
Аты
Әкесінің аты
І. Жынысы: ер, әйел (астын сыз)
ІІ. туған
( күні, айы, жылы)
Негізі:
Туу туралы куәлік № берілген күні сериясы №
ІІІ. Әкесінің тегі, аты
Шешесінің тегі, аты
Немесе оларды алмастыратын адамның тегі, аты
ІV. Ұлты
V. Бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін қай жерде тәрбиеленді (оқытылды)
VІ Осы мектептен басқа мектепке кету туралы мағлұматтар (ауысқан мектептің атын көрсету керек және қай сыныпқа)
VІІ. Мектептен кету белгісі (қашан, қайда, себептер)
VІІІ. Оқушының мекен-жайы
ІX. Наградалары мен марапаттаулары
X. Қоғамдық жұмысқа, олимпиадаларға, конфернецияларға т. б. қатысуы туралы қысқаша мағлұматтар
XІ. Оқытылған факультативтік курстар жөніндегі мағлұмат
Сынып журналы
Сынып журналы мемлекеттік құжат болып саналады, оны әр мұғалім мен сынып жетекшісі жүргізуге міндетті. Журналдың екі түрі бар, 1-4, 5-11сыныптарға арналған. Мектеп директоры мен оқу-тәрбие ісінің орынбасары журналдардың сақталуын және дұрыс жүргізілуін қадағалайды. Сынып журналы 1 жылға есептелген және әрбір сыныпта Білім министрлігі бекіткен үлгіде жүргізіледі.
Параллель сыныптардың журналдары әріптермен белгіленеді. Директордың оқу -тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары сынып жетекшілеріне журналды жүргізу, парақтарды оқу жоспары негізінде әрбір пәнге берілген сағат бойынша бөлу туралы кеңес береді. (1апталық сағатқа -2 парақ, 2 апталық сағатқа -2 парақ, 3 апталық сағатқа - 5 парақ, 4 апталық сағатқа - 7 парақ. 5апталық сағатқа- 8 парақ, 6 апталық сағатқа - 9 парақ бөлінеді)
Мұғалім оқушылардың алған бағаларын журналға қояды, және сабаққа қатысуларын белгілейді.
Қоссабақ өткізгенде әр сабақтың тақырыбы, күні жазылады. Жазба жұмыстарының бағасы өткізілген күні қойылады. Сарамандық, практикалық сабақтар өткізгенде толық тақырыбы, сағаттары жазылады.
«Үй тапсырмасы» деген бөлімде үйге берілген тапсырмалар және түрлері /оқу, жаттау, жазу/ беттері, есептің, жаттығудың нөмірі жазылады.
Тоқсандық /жарты жылдық/ баға журналға сол пәннен тоқсанда ақырғы сабақ өткеннен кейін қойылады. Сынып жетекшісі бағаларды журналдың соңындағы оқушылардың тоқсандық /жартыжылдық/ және тәртібін есепке алу жиын ведомостіне жазады.
Сынып журналында шетел тілі, дене тәрбиесі, еңбекке баулу, және қазақ сыныптарындағы орыс тілі екі топқа бөлінетіні ескерілген.
Сынып журналын жүргізгенде өте ұқыпты және мұқият болу керек. Сынып жетекшісі журналға оқушылардың аты -жөнін алфавит бойынша ретімен жазады, « Оқушылар туралы жалпы мәлімет» бөлімі жеке карта бойынша толтырады. «Оқушылардың сабаққа қатысу есебі» бөлімін сынып жетекшісі толтырады тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы аяқталған кезде. Оқушының ұзақ ауырған кезінде үйде, емханада т. б. жерде өткізген сабақтары жазылады. «Сынып журналын жүргізудегі ескертулер» парағы директор, директордың орынбасары толтырады.
5 жыл өткеннен кейін журналдың қорытынды бағалары жазылған парақтары алынып жылдар бойынша кітапшаланып мектепте 25 жыл сақталады.
СЫНЫП ЖУРНАЛЫ
1-4 бастауыш сыныптары үшін
(облыс)
( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
сынып
оқу жылы
СЫНЫП ЖУРНАЛЫ
5-11(12) сыныптар үшін
(облыс)
( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
сынып
оқу жылы
Факультативтік сабақтардың
ЖУРНАЛЫ
(облыс)
... жалғасы( аудан, қала, (ауыл)
(мектептің атауы)
сынып
оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz