Қызметкерлердің жұмыс уақыттары



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қызметкерлердің жұмыс уақыттарының ұғымы мен түрлері
2. Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
3. Еңбекақы формалары мен нысандары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп, мұның құрамдас бөліктерін жетілдіріп отыру мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың құзырына жатады.Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріп отыратын мәселелердің барлығы да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық дүргізуші тұлғалар үшін түсінікті және өте сенімді болуы керек. Бухгалтерлік есеп өрісінде реттелетін прициптердің барлығы да қайшылықтар тудырмайтын, бұрмаланбайтын дұрыс бағытта боғаны жөн.Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы бағытпен реттелетін бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтық қатынастарға байланыстытүбегейлі өзгерістеге түсіп. Халықаралық деңгейдегі есеп жүргізу тәжірибесі отандық есеп жүйесіне енгізіліп келеді.Бұл күндері мемлекеттік органдар меншігіне жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп жүргізудің ішкі саясатын белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар арнайы қабылданған заң актілері мен нормативтік құжаттарұа сай іске асырылып келеді.
Бухгалтердің тағы бір міндеті еңбекақы төлеу, бір сөзбне айтқанда жалақы беру. Бұл жұмыста қарастырылатын мәселелер:
 еңбек және еңбекақы есебі;
 еңбекақының түрлері мен формалары;
 еңбекақы нысандары мен жүйелері;
 қосымша және орташа еңбекақы есебі;
 жалақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі;
 еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі;
Және бұдан да басқа мәліметтер жайында жазылған.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. еңбек құқығы., Алматы 2001.
2. Айымханова Қ.Р. еңбек құқығы., Алматы 2002
3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2000. – 88с.
4. Сериков О.Т. Вопросы единства и дифференциации в правовом регулировании труда // Право и государство, 1999. № 1 (12). – С. 70-73.
5. Абузярова Н.А. Значение нормативной обоснованности правовых актов в трудовом праве // Право и государство, 1998. № 2 (10). – С. 43-45.
6. Димитрова С.А Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеты Жаргы, 1997. –176с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Қызметкерлердің жұмыс уақыттарының ұғымы мен түрлері
2. Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
3. Еңбекақы формалары мен нысандары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып
табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен
міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары
туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп, мұның құрамдас бөліктерін жетілдіріп
отыру мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың құзырына
жатады.Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріп отыратын мәселелердің барлығы
да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық дүргізуші тұлғалар үшін түсінікті
және өте сенімді болуы керек. Бухгалтерлік есеп өрісінде реттелетін
прициптердің барлығы да қайшылықтар тудырмайтын, бұрмаланбайтын дұрыс
бағытта боғаны жөн.Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы бағытпен реттелетін
бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтық қатынастарға байланыстытүбегейлі
өзгерістеге түсіп. Халықаралық деңгейдегі есеп жүргізу тәжірибесі отандық
есеп жүйесіне енгізіліп келеді.Бұл күндері мемлекеттік органдар меншігіне
жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп жүргізудің ішкі саясатын
белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар арнайы қабылданған заң
актілері мен нормативтік құжаттарұа сай іске асырылып келеді.
Бухгалтердің тағы бір міндеті еңбекақы төлеу, бір сөзбне айтқанда жалақы
беру. Бұл жұмыста қарастырылатын мәселелер:
– еңбек және еңбекақы есебі;
– еңбекақының түрлері мен формалары;
– еңбекақы нысандары мен жүйелері;
– қосымша және орташа еңбекақы есебі;
– жалақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі;
– еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі;
Және бұдан да басқа мәліметтер жайында жазылған.

Қызметкерлердің жұмыс уақыттарының
ұғымы мен түрлері
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің
жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта
Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен
белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл
сайынғы ақылы демалысқакепілдік беріледі делінген.
 Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек
туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың
келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленгеннормадан азырақ
көзделуі мүмкін.
Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс
уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген
уақытыпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз -
жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы
төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күннің
ұзақтығы:
5 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 8 сағаттан
6 күндік жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан
болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 – 2 (8008 хаты).
Қысқартылған жұмыс уақыты. жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті
оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді
және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында
белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген
санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1)   14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24
сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4
сағаттан;16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік
жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7
сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;
2)   ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда
істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып
белгіленеді.
Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе
орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам
күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстардыайтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек
жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс
қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс
ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) –
белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері
сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына
немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек
жағдайлары.
Жұмыс ісеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін
өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, содан-ақ еңбек жағдайлары
зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың
тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың,
мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқыа азаматтардың жағдайларын
ескре отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы
мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс  күнінің айырмашылығы
мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса,
толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе
шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.
Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек
құқықтарының көлемі ешқандай шектелмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі
уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа
келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493
бұйрығымен бекітілген Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі
әдістемелік нұсқаулрды 20-тармағы).
Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың
келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жасқа
толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынатын
медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
 
Демалыс уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны
өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес
мынадай түрлері бар:
1)    Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;
2)    Күн сайынғы демелыс;
3)    Демалыс күндері;
4)    Мереке күндері;
5)    Демалыстар;
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым)
ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір
сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің
тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс
сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына
енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру
уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық
шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт  сағат жұмыс істегеннен кейін
беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда
жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және
тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.
Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық
далада, жылу берілмейтін жабықүйжайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру
жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы
үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады
және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек
шарттарында белгіленеді.
Күн саынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда )
басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның
ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы
тиіс (Ет3-ның 55-бабы).
 Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс
уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында
қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс
күні беріледі.
Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы
кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс
кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.
Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс
уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Өндірістік – техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі
үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері
жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс
жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым
кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның
әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.
Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге жол берілмейді.
Қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте
ғана рұқсат етіледі.
Демалыс күндерінде жұмысқа тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-
бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға
мынадай жағдайларда жол беріледі:
1)  төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны
болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
2)   жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау
және оны тергеу үшін;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі
қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын –ала
күтпеген жұмыстарды орындау үшін.
Белгіленген жағдайлар тізбесі толығымен берілген деп түсіну керек.
Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс
істейтінмереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз –
халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан
халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан
Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн
Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң
күші бар Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).
Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе
халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс
күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада
белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.
Жыл сайынғы еңбек демалысы – қызметкерлерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер
Істер тізімдемесін жасау тәртібі және ережелері
Еңбек ақы түрлері
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты
Азаматтардың жеке категорияларына жұмыс уақытының жалғасуын тоқтату
Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары
Өндірістік кәсіпорындағы жұмыс уақытын пайдалануды талдау
Мерзімді және кесімді еңбекақы
Пәндер