Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
1. 1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi . . . 5
1. 2. Басты сот талқылауын тағайындау . . . 8
2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары
2. 1. Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы . . . 11
2. 2. Басты сот талқылауының құрылысы . . . 22
2. 3. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері . . . 46
Қорытынды . . . 51
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53
Кіріспе
Еліміз егемендігін алып тәуелсіз мемлекет болып құқықтық мемелекет құру үшін біршама құқықтық реформалар жасап, қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының мәселелерінде шешу жолдарын тапты. Қылмыстық іс бойынша судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7) заң оның iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешiмдi;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтi;
9) iстi соттың жабық отырысында қарау туралы шешiмдi;
10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
1. 1. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi
Қылмыстық iс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.
Судья, келiп түскен iс бойынша мынадай:
1) басты сот талқылауын тағайындау туралы;
2) iстi қосымша тергеуге қайтару туралы;
3) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы;
4) iстi сотталуы бойынша жiберу туралы;
5) iстi тоқтату туралы;
6) қылмыстық iстердi бiрiктiру туралы шешiмдерiнiң бiрiн қабылдайды.
Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда: қаулының шығарылған уақыты мен жерi; қаулы шығарған судьяның лауазымы мен тегi; қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс.
Шешiм iс сотқа келiп түскен сәттен бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Судья қылмыстық iстi соттауға жолдау туралы қаулыны қоспағанда, қаулы шығарумен бiр уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
Судья сот отырысын тағайындаудың мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды: iстiң аталған соттың қарауына жататындығын; iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын; анықтау және алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде сот мәжiлiсiн тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын бұзуға жол берiлген-берiлмегендiгiн; айыптау қорытындысының немесе айыптау хаттамасының көшiрмесi берiлген-берiлмегендiгiн; айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жатпайтындығын; қылмыспен келтірiлген залалды өтеудi және мүлкiн ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын; арыздар мен өтiнiштердiң қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын анықтауға тиiс.
Тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.
Істi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.
1. 2. Басты сот талқылауын тағайындау
Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7) заң оның iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешiмдi;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтi;
9) iстi соттың жабық отырысында қарау туралы шешiмдi;
10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
Судья iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚІЖК-нiң 50-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша шығаруы мүмкiн. Iс бойынша iс жүргiзу бiрнеше айыпталушылардың бiреуiне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың құқығына нұқсан келтiрмеуi шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкiн. Оларға қатысты iс жүргiзу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде айыпталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi уақытша тоқтатуға негiздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты iс жүргiзу жаңартылуы және басты сот талқылауының күнi белгiленуi тиiс.
Анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыспен келтiрiлген залалды өтеудi және мүлiктi ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдамаған жағдайда судья қылмыстық iзге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануды мiндеттейдi.
Егер судья iстiң өзi соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешiмнiң заңдық негiздерiн келтiре және iс жолданатын сотты көрсете отырып, iстi соттың қарауына жататындығы бойынша жiберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.
Судья ҚІЖК-нiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1-12-тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Iстi қысқарту туралы шешiм қабылданғаннан кейiн судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкiн тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi қысқарту туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбiрленушiге тапсырылады.
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн судья тараптарға iстiң сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында өздерi таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу және олардан қажеттi мәлiметтердi жазып алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде бұлтартпау шарасы немесе сотқа шақыруға жататын адамдардың тiзiмi өзгертiлсе, не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға судьяның қаулысының көшiрмесi тапсырылады.
Судья өзiнiң қаулысында көрсетiлген адамдарды сот отырысына шақырту туралы өкiм бередi, сондай-ақ сот отырысын әзiрлеу үшiн шаралар қолданады.
2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының
жалпы шарттары
2. 1. Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы
Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдер тiкелей зерттелуге тиiс. Сот сотталушы адамның, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуi және зерттеуi, заттай дәлелдемелердi тексеруi, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы, дәлелдемелердi зерттеу жөнiнде басқа да сот iс-әрекеттерiн жүргiзуi тиiс. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек ҚІЖК-де көзделген ерекше жағдайларда ғана мүмкiн болады. Соттың үкiмi тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған түрi кезiнде - анықтау жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауға салмаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi қажет.
Iстi бiр судья немесе судьялардың сол бiр құрамы қарауы тиiс. Судьялардың бiрiнiң сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкiн болмаған кезде ол басқа судьямен ауыстырылады.
Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi алқалы қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда соттың құрамына кiрген кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекетiн жаңартуды талап етуге құқылы.
Басты сот талқылауында осы соттың төрағасы немесе оны сот төрағасы тапсырған судья төрағалық етедi. Төрағалық етушi iстi талқылауда және шешiм қабылдау кезiнде басқа судьялармен бiрдей құқықтарды пайдаланады. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық жасайды, әдiл соттың мүддесiнде объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң жай-күйiн жан-жақты және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы күн тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асырудың тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысушы адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң iс-әрекетiне қарсылық бiлдiрген жағдайда бұл қарсылық бiлдiру сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
Басты сот талқылауы сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуы тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны келтiруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот iстi қорғаушының мiндеттi түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.
Сотталушы болмағанда iстi талқылауға:
1) ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшiн айыпталған сотталушы iстi оның қатысуынсыз қарау туралы өтiнiш берген;
2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.
Сотталушының қорғаушысы дәлелдердi зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн айтады. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкiн болмаған кезде iстi талқылау кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыруға тек сотталушының келiсiмімен ғана жол берiледi. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың iшiнде мүмкiн болмаса, сот басты сот талқылауын кейiнге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Iске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi. Ол өзi iске кiрiскенге дейiн iстi соттың қарауы кезiнде жасалған кез келген әрекеттiң қайталануы туралы өтiнiш жасауға құқылы.
Прокурордың жеке айыптау iстерiн қоспағанда, мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуының мүмкiн еместiгi анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған iс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды, бiрақ прокурордың өтiнiшi бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады.
Прокурор дәлелдердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау талап етсе, прокурор iс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және iстiң барлық жағдайларын қарау нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе iшiнара) мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгiндегi iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.
Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны жәбiрленушiнiң болмауынсыз iстiң барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуына қарай оны кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оны айғақ беру үшiн белгiлi уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелсiз себептермен келмеуi iстi қысқартуға әкеп соғады, бiрақ сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнiсi жөнiнде жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
Сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қаралмауы мүмкiн. Азаматтық талапкердiң азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады. Сот азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердiң қатысуынсыз қарауға құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz