Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 343. 71 1. 4 иЗЩЩ Қолжазба құқығында

НАҚЫСБЕКОВ ТІЛЕУЛЕС ӘЛІКЕҮЛЫ

Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін

және ауырлататын мән-жайлар

12. 00. 08 - Қылмыстық құқық жэне криминология; қылмыстық-атқарушылық құқық

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дэрежесін алу үшІн дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор Ағыбаев А. Н.

Қазақстан Республикасы Алматы 2006

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЖАЗАЛАР 14
¥ҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

  1. Қазақтың әдет-ғұрып қүқығындағы жазаның жалпы ұғымы 14
  2. Қазақстанның ресейге қосылуына дейінгі әдет-ғұрып жаза 17түрлері
  3. Қазақстанның ресейге қосылуынан кейінгі эдет-ғұрып жаза 23түрлері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ 3 0
ЗАВДАРЫ БОЙЫНША ЖАЗАНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

  1. Қазақ ССР қылмыстық құқығындағы жазалар жүйесінің 30жалпы сипаттамасы
  2. Қазақстан республикасы жаңа қылмыстық кодексіндегі жаза 31жүйесінің ұғымы жэне маңызы
  3. Қылмыстық жауаптылықтың жэне жазаның жалпы түсінігі 35
  4. Қылмыстық заң бойынша жазалардың топтастырылуы 38

3 ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ 46
АСЫРУДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ

  1. Қылмыстык жазаның белгілері жэне мақсаты 46
  2. Әділ жаза тағайындаудағы жазаларды жіктеудің жэне жеке 61даралаудың маңызы
  3. Жазаларды жіктеу эділеттілік принципін жүзеге асырудың 70негізі

4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ЖАЗА

ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ 95

  1. Қылмыстық кұқық бойынша жаза тағайындаудың жалпы 95негіздерінің түсінігі
  2. Қылмыстық жазаны жеңілдететін мән-жайлар 98
  3. Қылмыстық жазаны ауырлататын мэн-жайлар 103
  4. Қылмыстық жазаны жеңілдетудің және одан босатудың 114жекеленген түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ 130

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 137

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазакстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің жэне оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік баскару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мэдениет жэне халықты элеуметтік қорғау, табиғатты қоргау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талкыланып кабылданды.

Таяуда онжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сэйкес, біздің мемлекет демократиялық жэне қүқықтық мемлекет деп жарияланды [1] . Бұл біріншіден демократиялық режимді ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді. Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық жэне саяси кұқықтар мен бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне сәйкес кез-келген адамның ата заңда жэне басқа да заңда да көзделген мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.

Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексіиің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстык күқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда элде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мэн берілмеген. Теорияда жэне заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеғен түстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етедІ.

Осыған орай, жұмыста қылмыстық заңның жаза институтын жетілдірудің өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жэне ауырлататын мэн жайларына қолданудың теориялық негіздері жүйесін эрі қарай реформалауға бағытталған ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің елімізде XX ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар коғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Тәуелсіздік алғаннан бері Казақстан Республикасында іргелі саяси, экономикалық, кұқыктық реформалар жүзеге асты. Елімізде жылдан жылға алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс тапты. Тэуелсіз Қазақстан Республикасында екі мәрте 1993 жылы жэне 1995 жылы Конституция кабылданды. Мемлекетіміздің кұқықтық негізі берік қаланды. Осы аз уақыт ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің алғашкы тұғыры, берІк ірге тасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция,

Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық атқарушылық кодекс және т. б. кабылданды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституция-сының негізінде елімІзде демократиялық, зайырлы құқықтық және элеуметтік мемлекет орнату жүзеге асырылуда. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмІрі, құқықтары ме н бостандыктары деп жарияланды. Оған сәйкес біздің мемлекетімізде президент™ басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік біртұтас биліктің үш тармаққа бөлІнуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент күннен күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті нығайту жэне жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың тэуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.

Жеке меншік, азаматтық қоғам, еркін кэсіпкерлік қатынастарын реттейтін, азаматтық кұқық одан әрі дами түсуде. Қылмыстық кұқықта адамның табиғи ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негізделген, қорғалуға тиіс элеуметтік құндылықтардың түбегейлі жаңа сатылары айқындалуда.

Елімізде орын алған оңды жетістіктермен бірге қоғамның одан эрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс қүбылыстарда бар. Сондай қоғамға жат күбылыстардың бірі - кылмыстылык болып табылады. Қылмыстылық көрсеткіші де жылма жыл өсе түсуде. Қылмыстылықпен күрес жүргізуде мемлекет көптеген үйымдастырушылық шараларын іске крсуда. Дегенмен де қылмысқа қарсы күрестің бірі - кінэлі адамға заңда белгіленген тэртіппен қылмыстық жаза тағайындау болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қасаңдыктардан жэне Кылмыстылык пен жаза лроблемаларын шешу барысында таптық көзкдрас, бір жақты үстанымдардан арылды.

Жаза институты бұрында қолданыста болып келген Казақстан Республикасының 1959 жылғы Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда мейлінше көп өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза институтының барлык проблемаларына арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде жанаша түзілді.

Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған сэйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы салаларға катысты заңнамалардың, нормативтік қүкықтық актілердің де дер кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Азаматтық-кұқықтык қатынастарды реттейтін заңдарды жетілдІру талап етіледі.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 кыркүйектегі №949 Жарлығымен макүлданған. "Казақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында" атап көрсетілгендей:

"Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын тану негізге алынуы тиіс.

Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық қүқықтың мынадай принциптері бұлжымай сактала отырып жүргізілуі тиіс:

- мэні қылмыстық кұкық тұрғысында іс кимылдың қылмыстылығы мен
жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуы тиіс екендІгіне саятын
заңдылық;

- қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, элеуметтік,
лауазымдық жэне мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез
келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін
білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтар теңдігі;

  • адам тек өзінің кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеттері мен одантуындаған қоғамдық қауіпті салдарлар үшін ғана қылмыстық айқындайтын кінэлі жауапкершілігі;
  • қылмыстың қоғамдық кдуіптілігінің сипаты мен дэрежесін, қылмыстыныңжеке басының, жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жэне ескере отырып, соттардың әділ жаза белгілеуі тиіс екендігінбілдіретін әділеттілік;
  • заңды қолдану кезінде қылмыс жасаған адамдарға азаптауды, қорлаудыболдырмайтын ізгілікгі қарауды жэне оларға қатысты қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату үшін заңды негіз болмаған жағдайда ғана қолданылатын, алқарастырылғандар арасынан жасаған қылмысы үшін жазаның барынша қатаңтүрі егер қатаңдығы біршама төмен түрі жаза максатына қол жеткізе алмағанжағдайда ғана тағайындалатынын білдіретін қылмыстық жазалаудың ізгілігімен үнемділігі;
  • қылмыстың жасалуына кінэлі эрбір адамның, заңмен тікелей көзделген(дипломатиялық және басқа иммунитеттер, көтермелеу қылмыстық - қүқықтықнормалар және т. б. ) жағдайлар болмаса, қылмыстық жауаптылыққа жэнежазалауға немесе кылмыстық заңда көзделген ықпал етудің басқа білдіретін қылмыстық жауаптылық пен жазаныңбұлтартпастығы;

- жэбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің де құқықтарын бірдей
қорғау " [2] .

Қазақстан Республикасында 1997 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, осы кодексте жаза тағайындау институтына ерекше мэн берілген. Бірақ та бұл проблема әлі күнге дейін теориялық негізде зерттелмеген. Осыған орай сот практикасында жаза тағайындау жөнінде біркелкі принцип қалыптаспаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы проблемаға ерекше мэн беріп келе жатыр. Оның айғағы Казақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 30 сэуір 1999 жылғы "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" №1 каулысы; "Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату жэне жазаның жаңа түріне ауыстыру туралы" 13 желтоқсан 2001 жылы №20 нормативтік каулысы; "Қылмыстық кодекстің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы" туралы 21 маусым 2001

жылғы №4-нормативтік қаулысы; "Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы" 11 сәуір 2002 жылғы №7 нормативті қаулысы; "Кәмелетке толмағандардың кылмыстары жэне оларды қоғамға қарсы іс -эрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша" сот практикасы туралы 11 сэуір 2002 жылғы №6 нормативтік қаулысы; "Сот үкімі туралы" 15 тамыз 2002 жылғы №19 нормативтік кдулылары жэне т. б. [3] . Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақүлданған Қазақстан Республикасының құқыктық саясат тұжырымдасында да" соттардың қылмыстық жаза тағайындау проблемасына ерекше мэн берілген. Бұл проблема қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерделеніп келе жатыр, жаза тағайындау проблемасында эр түрлі көзқарастар, ой пікірлер баршылық, бірақ та осы проблемаға байланысты арнаулы, терең зерттеу объектісі болған ғылыми еңбектер элі де жеткіліксіз.

Жоғарыдағы түжырымдамадан туындайтындай, қылмыстық жаза жөніндегі проблема ерекше маңызға ие, Қазақстан Республикасының қылмыстык кодексінің 3 - бөлімі тұтастай жаза институтына арналған [4] . Онда: жаза ұғымы мен максаттары, жазаның жүйелеріне кіретін жекелеген түрлері, ал кодекстің 4 бөлімі жаза тағайындауға арналған Онда жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мэн-жайлар, қылмыстык жауаптылық пен жазаны ауырлататын мэн-жайлар, белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғүрлым жеңіл жаза қолдану, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау, қатысып жасалған кылмыс үшін жаза тағайындау, қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау, қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау, үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тэртібі, жаза мерзімдерін есептеу жэне жазаны есепке алу, шартты түрде соттау, шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін үзарту проблемалары қарастырылған.

Қылмыстық заң эдебиеттерінде жаза туралы проблемалар эр уақыттарда заңгер ғалымдардың еңбектерінде жарияланды. Бүл проблемалар: Г. З. Анашкин, Н. А. Беляев, М. Д. Шаргородский, Я. М. Брайнин, М. И. Бажанов, Е. В. Благов, А. С. Горелик, В. К. Дуюнов, И. И. Карпец, С. Г. Келина, В. Н. Кудрявцев, П. В. Коробов, Л. Л. Кругликов, А. И. Коробеев, Г. Л. Кригер, А. П. Козлов, Ю. Б. Мельникова, П. П. Осипов, В. В. Похмелкин, Л. Ч. Сыдыкрва, Е. И. Қайыржанов, А. Н. Агыбаев, У. С. Жекебаев, М. С. НэрІкбаев, А. А. Исаев, Е. О. Алауханов, И. И. Рогов, Б. Ж. Жунков, Н. О. Дулатбеков, А. Ф. Мицкевич, М. Н. Становский, Д. С. Чукмаитов, Ю. Н. Юшков жэне т. б. ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді.

Дегенмен осы саладағы бірден бір заңды құжат болып табылатын қылмыстық заң қабылданып, жаза институтының әрбір аспектІсі бойынша жекелеген қадау -кадау еңбектер жарияланып, түрлі дәрежеде батыл пікірлер білдіріліп, орнықты ой түйіндері көптеп келтіріліп келе жатқанына қарамастан, жаза проблемасы күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл тұрғыдағы барлык проблемалар шешімІн тапты деп тіпті де айта алмасақ керек. Заман алға озған сайын, коғамдық күрылым өзгерген сайын оның көптеген тұстарына көлеңке

түсіп, жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді. Осы айтылғандарға байланысты қылмыстық жазаларды топтастыру негіздерін анықтау, олардың бөліну белгілерін теориялық, кылмыстык құкықтық түрғыдан зерттеп, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жэне ауырлататын мэн-жайлар институты мәнін, жаза жүйелеріне кірген жазаның жекелеген түрлерінің мазмүнын ашып, сот тергеу тәжірибелерін ғылыми ой-елегінен өткізу өте қажет, зерттеу тақырыбының өзектілігі де осыған байланысты.

Зерттеу тақырыбының өзектілігінің бір ұшы осындай алғы шарттарға келіп тіреледі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеліп отырған проблема Қазақстан Республикасында арнаулы зерттеу обьектісі болмаған. Бұл проблема кылмыстык құқық теориясында көптен бері зерделеніп келе жатыр. Жаза тағайындау проблемасында әртүрлі көзкарастар, ой-пікірлер баршылық, бірақта осы проблемаға, оның ішінде қылмыстық жазаларды топтастыру, оларға негіз боларлық белгілер жөнінде, жаза жүйелерінің орналасу тэртібі, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мэн жайлар институты арнаулы, терең зерттеу обьектісі болмаған. Бұл проблемаға арналған бірлі жарым мақалалардан басқа Республика көлемінде осы институттың табиғатын бейнелейтін арнайы зерттелген ғылыми теориялық, іргелі еңбектер жоқ. Осы проблемаға арналған бұрынғы кеңестік жүйедегі заңдарға негізделген ғылыми еңбектер қазіргі заман талабына, жаңа қылмыстық заңдарға, сот-тергеу практикасына сәйкес келмейді. Осыған орай, осы проблеманың қүқықтык тарихи, элеуметтік, қырларын кешенді түрде зерттеу кажеттілігі айқын көрінеді.

Осыған орай, зерттеу жұмысында жазаларды топтастырудың ғылыми неғіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық принциптерді анықтауға, қылмыстық жазалардың рет-ретімен орналасу заңдылықтары, сондай-ақ жазаларды топтастырудың аткаратын рөлін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделген. Осы максатқа жету үшін қылмыстық жаза ұғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге жэне даралауға негіз болатын мән-жайларды, олардың өзара реттелуінде топтастыру институтының атқаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдірудің кылмыстылықпен күресу саласындағы аткаратын қызметі жөніндегі түжырымдар мен қорытындылар ғылыми түрде қарастырылды.

Зерттеудің объектісі жазаларды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндІк беретін теориялық принциптерді анықтау жэне жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мэн-жайлардың аткаратын рөліне байланысты катынастарды реттеу.

Зерттеу пэні кылмыстык жаза үғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге негіз болатын мән жайлар, жазалардың өзара жеке даралану институтының аткаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдІрудің қылмыстылықпен күрес саласындағы аткаратын қызметі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міңдеті. Диссертациялық зерттеудІң басты мақсаты мен міндеті - кІнәліге әділ жаза таңдау немесе кылмыстык құкыктық сипаттағы баска да шара тағайындаумен байланысты теориялык, нормативтік кұқықтык проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау

непзінде жаза институтына катысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару жэне сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатка жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:

  • қылмыстық жазалар жүйесі құрылымының теориялық негіздерін зерттеу;
  • жаза түсінігінің құқықтық теориялық аспектІлерін қарау;
  • жазаларды жіктеуге негіздерді анықтау;

- жазалардың жеке дара реттелуіне салыстырмалы құқықтық талдау
жүргізу;

- қылмыстық жазалардың түсінігі жэне түрлеріне тарихи қүқықтық талдау
жүргізу;

- қолданыстағы қылмыстық заңға сэйкес жазаны ауырлататын жэне
жеңілдететін мэн-жайларды қолдану тәжірибесінің қүкықтық реттелу тэртібіне
талдау жүргізу;

- қылмыстық заңды жетІлдіруге байланысты ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертация Қазақстан

Республикасының жаңа қылмыстық заңы қабылданғаннан кейінгі қылмыстық жазаларды колдануды құқықтық реттеу мен қолдану практикасына арналған тұңғыш монографиялық зерттеу болып табылады.

Зерттеу жүмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптеріне, қолданыстағы қылмыстық кодекс пен халыкаралык нормативтік актілердің нормаларына негізделген жэне жаза институтының проблемаларын зерттеу барысында нормативтік, статистикалық материалдар мен ғылыми заң әдебиеттері пайдаланылды, қылмыстық заңның қылмыстык жазаларды реттеуге қатысты реформалау процесі тарихи аспектіде (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының соңғы жылдары мен бүгінге дейін) талданды.

Қылмыстық жазаның келелі проблемаларына қатысты кеңестік дәуірдегі, қазіргі Қазақстан Республикасының заңдарына салыстырмалы талдау жүргізіліп, осы орайда заң шығарушылық бағыты мен олардың айырмашылықтары қарастырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жазалардың толығымен жэне де оның жекелеген түрлерін құқықтық реттеуді жетілдіруге жаңа тәсілдер қалыптастырылды.

1997 жылғы кылмыстық заңның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасында сот практикасының жағдайына талдау жасалып, жазалар жүйесінің құрылысы мен олардың жекелеген түрлерін реттеудің ерекшеліктері талданды жэне де Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайдың элеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мэн-жайларды қолдану практикасы талданды.

Қылмыстық заңның өзгеру барысында шешімін таппаған жазалар мен оның жекелеген түрлерін реттеу проблемаларына қатысты теориялық жэне практикалық мэні бар проблемалар арнайы қарастырылды. Осы негізде заңды жетілдіруге үсыныстар берілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті жаза институтының ауқымды проблемаларын қамтиды. Жұмыста Қазақстан Республикасының Қылмыстық

заңы бойынша қылмыстық жазаның жүйесі құрылымының теориялық негіздері және оның өзіндік ерекшеліктері, жаза түсінІгінің құқықтық белгілері, жазаларды жіктеудің негіздері, жазалардың реттелу тэртібін анықтау, оның тарихи даму кезеңдеріне талдау жасау, қылмыстық жазаның жекеленген жаңа түрлерін қолданудың құқықтық ерекшеліктері көрсетіліп, осыған орай казіргі кылмыстык заңдарды жетілдіру жэне олардың сот-практикасында қолданылу деңгейін арттыру үшін бірнеше жаңа, нақты ұсыныстар көрсетілді. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • жазаны жеңілдететін жэне ауырлататын мән-жайлардың эділ жіктелуінжэне жеке дара қолданылуын қүқықтық қамтамасыз ету мақсатындажазалардың жіктелуін (дифференциация) жэне жеке даралануын(индивидуализация) жеке принциптер ретінде қарастыруды үсыну;
  • жазаны жеңілдететін жэне ауырлататын мэн-жайларын есепке алудыңтүпкі мақсаты әлеуметтік эділеттілікке қол жеткізу болып заңның тікелей өзінде заңдылық, азаматтардың заң алдындағытеңдІгі, кінэлілік, әділеттілік, ізгілік принциптерін көрсетіп, олар туралызаңдылық анықтаманы ҚР кылмыстық кодексінің жалпы бөліміне енгізудіұсыну.

Заңдылық принципі бойынша іс-әрекеттің жазаланушылығы немесе басқадай қылмыстық-құқықтық зардабы тек қана қылмыстық заң бойынша анықталады деп белгілеу қажет.

Қылмыс жасаған түлға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нэсіліне, үлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, қогамдық бірлестіктерге, саяси партияларға жататынына немесе кез-келген өзге жағдаяттарына қарамастан заң алында тең жэне кылмыстық жауаптылыққа, жазаға тартылады,

Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқадай қылмыстық құқықтық шаралар эділ болуы тиіс, яғни қылмыстың мэніне жэне қоғамдық қауіптілік дэрежесіне, оның істелу жағдайына жэне кінәлінің жеке тұлғасына сәйкес болуы кажет. Бір қылмыс үшін ешкімде екі рет кылмыстық жауаптылыкқа тартылмайды.

Қоғамға қауіпті іс-эрекеттер және қоғамға кауіпті зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаға адам кінэлі болған жағдайда ғана тартылады. Кінэсіз қылмыстық жауаптылақта, жаза да болмайды.

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарды адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза неме өзгедей кымыстық-құқықтық шаралар ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға баскада катыгездік немесе адами кадір қасиетті қорлауды өзінің мақсаты етіп санамайды, оларға ізгілікпен қарайды.

Қылмыстық жазаның жеңілдететін жэне ауырлататын мән-жайларын әділетті қолдану үшін кылмыстық заңда көрсетілген өте ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ аса қауіпті қылмысты қайталағандарға қылмыстық қүқықтың Ерекше бөліміндегі жекелеген баптардың санкциясында көрсетілген балама жазалардың санын қысқарту, жазаның ең төменгі жэне жоғарғы шегін айқындау кажеттІліғі ұсынылады.

ю

Қылмыстык заң бойынша белгіленген сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстардың жекелеген түрлеріне белгіленген жаза мөлшері мен түрін қайта қарауды ұсыну:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазалау және оның мақсаты
Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы
Жазаны жеке даралау мәселелері
Қылмыстық жаза тағайындау
Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары
Көптік қылмыстар
Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен қағидалары
Айыппұлға қатысты заңдардағы қылмыстық-құқықтық шараның осы түрін орындау және тағайындау мәселелерін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz