Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығы



1 Мағжан Жұмабаевтың өмірі
2 Мағжан . сыршыл ақын
3 Мағжанның өлеңдері
«Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да
сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет
жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ...
Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп,
соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ, -
деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы Мағжанның ақындығы туралы
деген мақаласында.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің
көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері - бұрынғы
Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта
дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі
жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған
көрінеді.

Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы
медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем,
көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.

Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен
Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе
оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы
Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған
Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның
көмегімен Қазан қаласында Мағжанның Шолпан атты тұңғыш жинағы жарық
көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен
Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді.
Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық
жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-
бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да
ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан
даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып
жібереді.

Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып
Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы
еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты
өрнегімен көрініс береді:

Азамат! Анау қазақ ханым десең,

Жұмақтың суын апар, жаным десең.

Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,

Тоқтатам тұншықтырып қанын десең

Екінің бірі, басқа жол жоқ!

Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып,
екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің
мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін
жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді
сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын,
өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде,
ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде
қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу
үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, әрдайым
жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын
құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Мағжан Шолпан, Сана журналдары, Ақ жол газеті редакцияларында
қызмет істеп жүргенде де, Москваның Жоғары әдебиет және көркемөнер
институтында оқып жүргенде де, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу
жолында болады.

Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң
дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз
жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап
ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға
сотталады. Одан М. Горкий мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен, 1936
жылы босатылады да, бір жылдан кейін Халық жауы деп қайта сотталып,
келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

Бір кездері бес арыстың бірі - Жүсіпбек Аймауытов М. Жұмабаев туралы
былай деп ой толғаған екен: Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы
тиетін үлбіреген нәзік әуен қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол
жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қан аралас шыққан
тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да, сырлы,
көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді,
жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Суретті, кестелі, көркем сөз
Мағжаннан табылады, Мағжан ақынды ақындық жағынан сөзсіз суретші деп айтуға
болады. Мағжанды Пушкинге теңеуге ауыз барады. ... ақындық жүзінде Абайдан
соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті
ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы
да Мағжан.

Мағжан – сыршыл ақын. Ол үшін бақ пен қуаныш - сүйе білу. Құштарлық
пен оның оттай жанған сезім бұрқанысы мол жан сөзін жүрек поэзиясына тұңғыш
әкелген. Оның Тілегім, Мені де, өлім, әлдиле, Сүйемін, Сәрсембайдың
жыры, Жазғы түнде тәрізді өлеңдері - қазақ поэзиясының қазынасы. Мағжан
Жұмабаевтың әдеби мұралары уақыт сынынан сүрінбей өтті. Өзге классиктердің
шығармаларымен қатар қазақ мәдениетінің тарихынан сыбағалы орын алды.

Мағжан - көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі, осыдан келіп
шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі үндеулер Мағжан
шығармаларына ғана тән. Сол кезеңдерде Мағжан Шекспир, Пушкин,
Соловьевтардан бастап символизм, технократизм және Шпенглерге дейінгі жалпы
адамзаттық көркем әрі ғылыми мұраларға бет бұрды. Біздің дәуірімізге дейін
жеткен экзистенциализм сарыны ақын шығармаларында да айқын көрініс тапқан.
Алайда арадағы ұзақ жылдар бойғы үзілістен кейін Мағжан Жұмабаевпен қайта
қауышудың сәті түсті. Сондықтан ақын туындыларын қайта бастырып шығару
туралы да ойлар жиі айтылуда.

Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің
тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев.
Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық
қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге
ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Мағжан Жұмабаев еңбектері
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Пәндер