Қазіргі Қазақстандағы БАҚ және саяси көшбасшылық
1 Сөзді түзеудің маңыздылығы
2 Елімізде демократиялық мемлекет
2 Елімізде демократиялық мемлекет
Саясат электоратқа биліктің, оппозицияның, зиялы қауымның сөзі арқылы жетеді. Әрбір мүдделі топтың өз мақсатына тән айтар сөзі бар. Осы саясат сөзі халықтың негізгі мақсаттары мен құндылықтарына қызмет етуі міндет. Сол себепті қазіргі Қазақстан қоғамы үшін сөздің түзелуінің маңызы артып отыр. Билік сөзі шындықты, әділетті жеткізіп, дұрыс қоғам орнатуға көмектесуді мақсат етуге тиісті. Халыққа жеткен ақиқат сөз оның белсенділігін арттырып қоймай әлеуметтік оптимизмін күшейтеді. Қазіргі халық үшін сөз қадірі мен қоғамдық рөлі ерекше арта түседі. Сондықтан өркениетті тәртіптер орнау жолында адамзат үшін ең маңызды құбылыстардың бірі сөз. Дұрыс сөз,шындықты сөз дұрыс қоғам құрудың да дұрыс өмір сүрудің де кепілі. Сөздің түзелмегі ой мен ниеттің дұрыстығына, ашықтығы мен әділеттігіне тәуелді.
Ақиқат ой дұрыс сөзді, дұрыс сөз дұрыс іс-қимылды тудыратыны белгілі. Бұл құбылыстың жалпылық сипаты бар. Барлық мемлекеттердің өміріне тікелей қатысты. Сөзбен ойнаған, сөзді жалғандықты ақтауға пайдаланған, сөзді халықтың несібесін тонауға қолданған, сөзді азғана төбе топ мүддесі үшін халықты алдап бағындыруға жұмсаған мемлекеттер де, саяси билік жүйелері де жасампаз қоғамдар орната алған емес. Ондай саяси жүйелердің халықтарды билеудегі ғұмырлары қысқа болған. Оның ең көрнекі мысалы Кеңес Одағы Әлемдегі қуаты бойынша екінші орынға қол жеткізген супердержаваның ғұмыры тым қысқа болды. 73 жыл өмір сүру КСРО үшін тым аз мерзім. Сондай қуаты бар АҚШ-тың өмір сүргеніне 280 жылдан асты. Екі алып державалардың ғұмырларының ұзақ, немесе қысқа болуы сол елдегі биліктің сөзді дұрыс пайдалануына да қатысты.

Саясат электоратқа биліктің, оппозицияның, зиялы қауымның сөзі арқылы
жетеді. Әрбір мүдделі топтың өз мақсатына тән айтар сөзі бар. Осы саясат
сөзі халықтың негізгі мақсаттары мен құндылықтарына қызмет етуі міндет. Сол
себепті қазіргі Қазақстан қоғамы үшін сөздің түзелуінің маңызы артып отыр.
Билік сөзі шындықты, әділетті жеткізіп, дұрыс қоғам орнатуға көмектесуді
мақсат етуге тиісті. Халыққа жеткен ақиқат сөз оның белсенділігін арттырып
қоймай әлеуметтік оптимизмін күшейтеді. Қазіргі халық үшін сөз қадірі мен
қоғамдық рөлі ерекше арта түседі. Сондықтан өркениетті тәртіптер орнау
жолында адамзат үшін ең маңызды құбылыстардың бірі сөз. Дұрыс сөз,шындықты
сөз дұрыс қоғам құрудың да дұрыс өмір сүрудің де кепілі. Сөздің түзелмегі
ой мен ниеттің дұрыстығына, ашықтығы мен әділеттігіне тәуелді.
Ақиқат ой дұрыс сөзді, дұрыс сөз дұрыс іс-қимылды тудыратыны белгілі.
Бұл құбылыстың жалпылық сипаты бар. Барлық мемлекеттердің өміріне тікелей
қатысты. Сөзбен ойнаған, сөзді жалғандықты ақтауға пайдаланған, сөзді
халықтың несібесін тонауға қолданған, сөзді азғана төбе топ мүддесі үшін
халықты алдап бағындыруға жұмсаған мемлекеттер де, саяси билік жүйелері де
жасампаз қоғамдар орната алған емес. Ондай саяси жүйелердің халықтарды
билеудегі ғұмырлары қысқа болған. Оның ең көрнекі мысалы Кеңес Одағы
Әлемдегі қуаты бойынша екінші орынға қол жеткізген супердержаваның ғұмыры
тым қысқа болды. 73 жыл өмір сүру КСРО үшін тым аз мерзім. Сондай қуаты бар
АҚШ-тың өмір сүргеніне 280 жылдан асты. Екі алып
державалардың ғұмырларының ұзақ, немесе қысқа болуы сол елдегі биліктің
сөзді дұрыс пайдалануына да қатысты.
Кеңес Одағы басшылығы сөзді мақтануға, халықты алдауға, шындықты
бүркемелеуге, социализм жетістіктерін марапаттай беруге пайдаланса АҚШ
басшылығы сөзді елдегі кемшіліктерді ашуға, қателіктерді көрсетуге
қайшылықтар мен шешілмеген мәселелерді талдауға пайдаланады. Құдіретті сөз
Кеңес Одағында жасампаздыққа, өрлеуге жол аша алмаса АҚШ-та үнемі дамуға,
өркениеттің сара жолына түсіп дамуды, мемлекеттіліктің ұзақ ғұмырын
қамтамасыз етуге көмектесті. Әрине, сөз деп отырғанымыз ақпарат, баспасөз,
идеология, мәдениет, тарих пен рухани өмірдің басқа салалары. Осы
сегменттердің барлығы қоғамның сөзін құрайды. Олар арқылы мемлекеттік билік
халқына сөз айтады, саясатын жеткізеді. Қоғам мен мемлекет алдындағы
шешілуге тиісті басылымдықтарды, қауіптер мен қайшылықтарды айқындайды.
Мемлекет сөзі түрлі коммуникация құралдары арқылы электоратқа жеткізілетін
саясаты мен идеологиясы. Аталған субьективті факторлар сөз арқылы жұмыс
істей отыра экономикадан бір мысқал да кем емес қуатты күшке айналады.
Дұрыс сөз бен ақпарат өркениетті елдерде ішкі жиынтық өнімнің қомақты
бөлшегін жасауда. Сөздің мемлекеттің өміріндегі құдіретті күші осы
құбылыстан көріне береді. Бұлай болуы адамзатқа тән құбылыс. Жылтырақ сөз,
шындықты айтпау, аз ғана жетістіктерді марапаттай беру, олқылықтар туралы
сөз айтпау, сөз тқадірін ғана емес, түптің түбінде ойлау мен дүниетаным
қуатын кетіретіні ақиқат. Дұрыс сөз, ақиқат пен шындықты естімеген халық
дұрыс ниеттен, дұрыс іс-қимылдан, әділ өмірден және жасампаз еңбектен
алшақтай бермек. Ондай қоғам моральдық деградацияға ұшыраған, кемістікті
(деффектлі) қоғам болады. Ондай қоғамда, мемлекетте келешек жоқ. Шын
мәніндегі адами құндылықтар ғана қоғам мен мемлекеттің келешегіне кепілдік
бере алады. Оларға бастайтын да, жеткізетін де дұрыс сөз. Сөз қоғамның
рухани және тәрбиелік факторын құрайды. Адамды жақсарту арқылы қоғамның
басқа салалары жақсарады. Адам капиталының қуатын өндіріске және ғылым
мәдениетке белсенді түрде қоса алатында дұрыс сөз.
Сөздің түзелуінің Қазақстан үшін де тағдырлық мәні бар. Қазіргі БАҚ,
баспасөз, ресми саясат, оппозиция мен идеология Қазақстан халқын өз
мәніндегі дұрыс және ақиқат сөзбен тәрбиелей алып отырған жоқ. Мемлекет
сөзінде марапат пен мадақ басым болса, оппозиция сөзіне шектен тыс айыптау
басым. Билік үшін перманентті талас үрдісі ақиқат сөзін, халықтың мақсат-
мұратын аяққа таптап тастағандай. Билік те, оппозиция да шындық сөзі бізде
деп дәлелдейді. Сөз жоқ, олардың әрқайсысының сөздерінде белгілі бір
шындықтар бар. Бірақ та нағыз әділет пен нағыз шындық жоқ. Билікке талас
пен билікті нығайту мақсаттары басым. Осы мақсаттар шын сөзді бұрмалауға,
жылтыратуға, жасандылыққа, халықты алдауға пайдалануға итермелейді. Сонда
ақиқат сөзі, әділет істерді айтатын топ елдің зиялы қауымы болмақ. Зиялы
қауымның көтерер ауыр әлеуметтік жүгі халқына әділет сөзін айту, қоғамды
шындыққа, дұрыстыққа, адамгершілікке бастау. Дұрыс сөз арқылы дұрыс
ойлайтын, дұрыс өмір сүретін қоғам жасауға көмектесу. Дұрыс сөз айтып,
халықты тәрбиелеу үшін зиялы қауымның өзі дұрыс болуы міндет.
Қазіргі Қазақстанда билік сөзі, билік идеологиясы, биліктің
дүниетанымы басым. Бұлай болуын жоққа шығармаймыз. Биліктің сөзі қоғамдық
қатынастарда міндетті түрде болатын парадигма. Сонымен қатарласа жүретін,
онымен үнемі жағаласа жүретін, билік сөзін сараптайтын, түзейтін халық
мұқтажын үнемі жақтайтын зиялы қауымның, ғылым мен мәдениеттің де сөзі
болуы шарт. Билік сөзімен тең жүретін зиялы қауым сөзі қоғамды түрлі
аурулардан құтқаратын, оны ұдайы сауықтырып отыратын рухани дәріс іспеттес
феномен. Зиялы қауым сөзі міндетті түрде билікпен қарсыласу емес. Оның сөзі
қоғамның тыныштығын сақтау, әлеуметтік келісімді нығайту, мемлекеттілікті
күшейте отыра азаматтарды адамгершілік, адамдық, ақиқат, еңбек және
жасампаз шығармашылық құндылықтарына ұйытуға арналуға тиісті. Билік ақылды,
парасатты, талабы жоғары халықпен жұмыс істеуге, оның салдарынан өз
кемшіліктерін үнемі жөндеп отыруға болады. Билік халықты дұрыс басқарады,
халық биліктен өз қамын ғана емес, мемлекеттің және халықтың ортақ қамын
жеуді талап етеді. Зиялы қауым сөзі билікті ғана емес, халықтардың да
бойындағы кем кетігін, ауруларын көрсетуге, сынауға міндетті. Билікпен
халықты тәрбиелей отыра зиялы қауымның сөзі қоғамды өркениет жолымен жүруге
үйрете береді.
Сөзді қазіргі қоғамда БАҚ, интернет, идеологиялық жұмыс, әдіс-
тәсілдері арқылы билік халыққа жеткізіледі. Әрине, билік сөзі оның
саясатының негізгі стратегиялық бағыттары екендігі белгілі. Қазақстанның
келешегі жастардың қолында. Бүгінгі билік сөзі оларды қалай тәрбиелеу
керек. Жастар саясатын жүргізуде олқылықтар билік сөзіндегі қайшылықтарға
байланысты емес пе? Елдің сенімді болашағы болатын жастарды дұрыс сөз
айтып, дұрыс ойлауды үйрету маңызды міндет болып отыр ғой. Жалған сөз
айтудың түбінде билікке де, мемлекетке де зиянды екенін талай халықтардың
тәжірибесінен белгілі ғой. Сол себепті биліктің әділет сөзі бірінші кезекте
жас ұрпаққа бағытталуға тиісті. Өтірікті, екі жүзділікті, жалғандықты
естіп, көріп, біліп өскен жас ұрпақ дұрыс қоғам құруға қабілетті бола
алмайды. Жалтырақ саясат пен көзбояушылық идеология моральдық азғындаған
ұрпақ қалыптастырады.
Сөзді түзеудің маңыздылығы осында. Қазіргі латентті, құпия қауіптің
бірі жастарға, балаларға әділет сөзінің жетпей жатқандығы. Билік сөзі,
идеологиясы мен ақпараты тек шындықты айтуы абзал. Ақты-ақ, қараны-қара,
қоңырды-қоңыр деп бояу түстерін ғана емес, өмір құбылыстарын ажырата білген
ұрпақты тәрбиелеу арқылы қоғамның келешегінің мықты іргетасын қалауға
болады. Олай болмаса қатыгез, жемқор, әділетсіз ұрпақ тәрбиеленеді. Ондай
халықта отаншылдық жоқ, келешек жоқ. Рухани, тілдік, дәстүрлік және
отаншылдық тұғырында топтаспаған халқы бар мемлекеттер көп өмір сүрмейтіні
белгілі. Тілдік және ұлттың құндылықтарды жоққа шығармақ болған Кеңес
Одағының күнінің тез батқаны белгілі. Сондықтан Қазақстанның жас ұрпағын
қазақ ұлттық құндылықтары мен қазақ тілінің негізінде топтастыра білу
мемлекеттің мәдени саясаттың, ақпараттық саясаттың басым бағытының бірі
болып қала беруі міндетті. Қазақстанның мемлекет ретіндегі болашағын тек
қазақ ұлтының көкейтесті мақсаттары мен құндылықтары ғана қамтамасыз ете
алады.
Кеңес Одағын сыртқы жау, шабуыл құртқан жоқ. Империя жалғандықтың
күшейіп, адамгершіліктің, әділеттің ыдырауынан күйреді. Тоқырау жылдарында
елді өтірік сөз, көзбояушылық пен жоқты бар деп айту шектен шығып кетті.
Халық мемлекеттілікті сақтайтын, елдің қуатын арттыратын ішкі рухани
қуатынан айырылып қалды. Қазіргі Қазақстанда осындай қауіпті, сенімнің
ыдырау құбылысы байқалады. Халық пен мемлекетті біртұтас ететін
экономикалық мүдделермен қоса жүретін рухани тұтастық, мәңгілік рухани
мақсаттар мен ұлттық құндылықтар. Олар қоғаммен бірге дамып отырады.
Қазақстан халқына, әсіресе жас буынға ел билігіне деген сенім қажет.
Ол сенімді биліктің өзі ғана жасай алады. Билік үшін бірінші басымдылық
халық мүддесі болуы міндет. Жастар Қазақстанның мол табиғат байлығы мен
қорлары халықтың игілігіне жұмсалып жатқанын көрсе өз мемлекетінің
болашағына сенімі орнығады. Мұнай, газ, түсті металл сатудан түскен
миллиардтаған қаржы аз ғана олигархтардың және шетелдік трансұлттық
корпорациялардың байлығына айнала бергені халықты ызаландырмай қоймайды.
Жастар ел келешегінің мұнайын бүгінгі олигархтардың жеп қойғанын қаламайды.
Билік өз қамын ғана жей берсе, оны халық ешқашан жақсы көрмейді. Оның
сөзінің жалғандығын білсе онымен рухани бірікпейді. Билік әділет
принциптеріне негізделген заңдылықты қамтамасыз етсе, елдің табиғат
байлықтарын байлар ғана емес, бұқара халықтың да пайдасына жарата алар еді.
Өкінішке орай осындай әділетті істер әлсіз болып отыр.
Өзіндік ұлттық идеясынан, төл сөзінен айырылған халық келешекте
тобырға айналмақ. Ондай халықтар өз мемлекеттілігін де сақтап қала алмаған.
Осындай болуы үшін бөтен, ниеті жасырын жаулықтағы мүдделі топтар өзі
бағындырғысы келген халықтың жас ұрпағына кері тәрбие беруге ұмтылады.
Қазіргі кезеңде Батыстың бұқаралық мәдениеті Қазақстан жастарының санасын
билеуге қол жеткізді десе болады. Сөз қадірін түсінбейтін, инфантилді ұрпақ
қалыптасу үстінде. Ол үшін материалдық игіліктер ғана, тұтыныс қана бірінші
орында. Өзіме жақын болса болды. Басқада шаруам жоқ. Игіліктер мен
байлықтарға жетсем, - деген жас ұрпақ сөзі мен идеологиясы басымдыққа ие
бола бастады. Ондай ұрпақта алдыңғы ұрпақтарда болған мәңгілік құндылықтар:
тәуелсіз ел, туған халық, ана тілі, ұлттың келешегі, ұлттық салт-дәстүрлер
мен ұлттық мақсат-мұраттар тым көмескіленеді. Олар глобалистік және
неоглобалистік ойлау мен унификациялау қоғамының жемісіне айналады. Мұндай
ахуал қалыптасқанда мемлекетке де, ұлттың болашағына да тікелей қауіп
төнеді. Глобалистік маригиналдану қандай болмасын аз санды халықтың тез
құруы үрдісіне жол атады. Ондай мемлекеттер трансұлттық күштердің және
әлемдік басым державалардың құрбаны болары сөзсіз.
Қазақстан халқының 4,3 миллионнан астамы, немесе 28 пайызы жастар.
Қазақстанның келешегін шындық сөзімен, адамгершілікпен, еңбекқорлықпен
тәрбиелеу іске асырылмаса мемлекетте келешек болмайды. Өкінішке орай
жастарға беріп отырған қоғам тәрбиесі адам төзгісіздік жағдайында. БАҚ
агрессияны, порнографияны, байлық пен ақшаның культін тәрбиелеуде. Қазақи
құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтары солардың астында қалуда. Төбе
топтағы туысқаншылдық, сыбайлас жемқорлық, мемлекет пен халық тағдырының
белгілі бірі адамдардың қолына түсіп қалуы жастар арасындағы әлеуметтік
пессимизмді, екіжүзділікті күшейте түсуде. Қарақан басының, қарнының ғана
қамын ойлайтын, солар үшін барлығын сатып жіберетін ұрпақты тәрбиелеудеміз.
Төбе топтың, байлардың балалары Батыста оқуда, отандық ғылым ешкімге қажет
емес болған жағдайда Қазақстан өзінің төл құндылықтарына назарын
әлсіретуде. Батыстың бізге пайдалы, тікелей қажет озық сапаларын ғана алу
жолға қойылмай келеді.
Қазақстан үшін жастар саясаты тағдырлық мәнге ие болып отыр. Себебі,
жас ұрпақты елдінің патриоттары етіп тәрбиелеу қажет. Отанының қамқорлығын
сезінген жас өспірім ғана патриот болады. Аға ұрпақ өзінің қара басының
қамын ғана жесе келешек қиындайды. Жастардың сапалы білімін, үлгілі
тәрбиесін, салауатты демалысын, күнделікті спорты мен мәдени-ақпараттық
тұтыныстарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz