Құқық бұзушылық және оның алдын-алу жолдары



1 Құқық бұзушылық
2 Құқық бұзушылықтың объектісі
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп,арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса,ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұны адамдар ежелден–ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнату-дың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтарда аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Елбасымыздың 2007 жылы 28 ақпанда жолдаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауының 27 бағытында: «Құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту» бағытында былай делінген: «Елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеіңнен тарту керек» деп айтып өтті.
Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Адам баласы дамуының объективтік заңдары, жалпы түрде қоғамдық қатынастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді. Олар белгілі объективтік жағдайларда, адамдардың оның индивидумдарының сол қоғамның даму деңгейіне сай, қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.
Адам баласы дамуының объективтік заңдары,жалпы түрде қоғамдық қатнастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді.Олар белгілі объективтік жағдайларда адамдардың, оның индивидумдарының сол қоғамның даму деңгейіне сай, қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.
Құқық нормаларын бұзу мүмкіндігі, адам баласы өмірінің өзіне берілген сондықтан, мемлекет өзінің мәжбүрлеу күшімен қорғауды және құқық нормаларын кедергісіз орындауды қамтамассыз етеді. Мемлекет қоймасында, оның міндетті ұйғарымдарына, тәртіптері сай келмейтін адамдардың заңды жауапкершілін белгілейтін нормалар бар.
1.Т.Ағдарбеков., «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы – 2003.
2.Қ.Д.Жоламан., А.Қ.Мұхтарова., А.Н.Тәукелев., «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы – 1999.
3.Т.Ғ.Сапағалиев., А.Ибраева., «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы – 1998.
4.С.А.Табанов., «Салыстырмалы құқықтану негіздері». Алматы – 2003.
5.Т.Ағдарбеков., «Мемлекет және құқық теориясының проблемалары». Алматы – 2006.
6.Е.Баянов., «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы – 2003.
7.“Заңгер” Республикалық журнал. Алматы – 2007.
8.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік саясаттың басты мақсаты”. Астана – 2008ж. 6-ақпан.
9.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. Алматы – 2001.
10.Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. Алматы – 2005.
11.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана – 2007ж. 28-ақпан.
12. «Заң» газеті.
13.»Заң және заман» республикалық журнал.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Құқық бұзушылық және оның алдын-алу жолдары

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп,арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса,ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұны
адамдар ежелден–ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнату-дың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтарда аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Елбасымыздың 2007 жылы 28 ақпанда жолдаған Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан жолдауының 27 бағытында: Құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру
және құқық тәртібін нығайту бағытында былай делінген: Елімізде құқық
бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс
істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеіңнен тарту керек
деп айтып өтті.
Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген
ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Адам баласы дамуының
объективтік заңдары, жалпы түрде қоғамдық қатынастардың, көбінесе
лайықтылау құрылымын белгілейді. Олар белгілі объективтік жағдайларда,
адамдардың оның индивидумдарының сол қоғамның даму деңгейіне сай, қалай
әрекет жасайтынын көрсетеді.
Адам баласы дамуының объективтік заңдары,жалпы түрде қоғамдық
қатнастардың, көбінесе лайықтылау құрылымын белгілейді.Олар белгілі
объективтік жағдайларда адамдардың, оның индивидумдарының сол қоғамның
даму деңгейіне сай, қалай әрекет жасайтынын көрсетеді.
Құқық нормаларын бұзу мүмкіндігі, адам баласы өмірінің өзіне берілген
сондықтан, мемлекет өзінің мәжбүрлеу күшімен қорғауды және құқық нормаларын
кедергісіз орындауды қамтамассыз етеді. Мемлекет қоймасында, оның міндетті
ұйғарымдарына, тәртіптері сай келмейтін адамдардың заңды жауапкершілін
белгілейтін нормалар бар.
Құқық бұзу деген не? Құқық бұзу-құқықтың және әрекеттілігі бар құқық
нормаларының ұйғарымына қарсы, басқа адамға зиян келтіретін және заңды
жауапкершілікке шақырылатын адамның, кінәлі тәртібі.
Құқықтық тәртіпті бұзу, қатаң түрде белгіленген нышандарымен
сипатталады, оны құқықтық емес тәртіп жолдарынан айырып көрсетеді (мораль,
ғұрып, қоғамдық ұйымдардың шешімдері).
Құқық бұзу - әрекетімен не әрекетсіздігімен көрінетін адамның тәртібі.
Құқық бұзушылыққа, адамның қимыл тәртібі жатады, оның ойы сезімі жатпайды
себебі, олар құқыққа келмейді.
Әрекетсіздік, құқық бұзушылыққа тек сонда жатады, егер адам құқық
нормаларында көрсетілген белгілі қимылды орындамаса.
Құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғарымына қарсы болатын адамның
тәртібі. Сондықтан, құқық бұзуды, құқыққа қарсы тәртіп деп айтуға болады
себебі, ол құқық нормаларының реттейтін және қорғайтын қоғамдық қатынасға
қарсы бағытталған.
Құқықпен келісіп, құқықпен рұқсат етілген әрекет, құқық бұзушылық
болып есептелмейді. Ең алдымен, құқық бұзушылық заңның қорғауындағы басқа
адамның мүддесіне қол сұғады. Дегенмен, адамның барлық мүдделері заңмен
қорғалмайды, сондықтан оларды бұзу әр уақытта құқыққа қарсылық, деп айтуға
болмайды, яғни құқық бұзушылыққа жатпайды. Мысалы бәсеке біреудің жеке
адамның экононмикалық мүддесіне зиян келтіреді, бірақ мұнда құқық бұзушылық
жоқ. Құқық бұзушылықтың негізі, құқық нормаларына қарсы келетін тәртіп,
мемлекеттен шығатын, тіпті оның тапсырмасы белгілі қоғамдық, не болмаса
жеке мүдделерге әрқашанда сәйкес келмейді. Керісінше жағдайда,
ұйымдастырылған өркениеттегі қоғамның болуы ойға кірмейді. Сондықтан,
құқықтық мемлекет рұқсат береді және қажетті қорғану институтын, қорғанудың
шегін және басқаларды қамтамасыз етеді.
1.Құқық бұзушылыққа, құқықтың субъектілерінің кінәлі тәртіптері ғана
жататындығы мойындалды. Құқыққа қарсы тәртіп, құқық бұзушылыққа, тек сло
жағдайда айналады, егер құқық бұзушының әрекетінде кінәсі болса, себебі
адам біле отырып құқық бұзуға барады, өзінің әрекетін сол сәтте ақылымен
басқарады.
2.Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тыйым cалынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-
әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-
әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-
қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады.
Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет,
мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды.Олар ойдың
елегінен өтіп, бақылауында болады.Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен
ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын муддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады.Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік,
құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміе зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да,қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз.Азаматар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай
орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.Азаматтар өз
құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты
дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына,халық мәдениетінің
өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтімеуді қамтамассыз етеді.Олар
жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу
заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген
жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ
қасиетке ие болады.Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік
табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің
жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық - құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған
мінез-құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып
өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық-нақтылы құбылыс. Оны нақты
адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық
нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері
болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы
белгілеріде кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысанындағы
бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті
әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
2.Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады.
Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез-келген құқық бұзушылық құқықтың
қорғайтын әлеуметтік игіліктері:жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп
төндіреді. Дәл осы мағына құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық
мәнге ие болады.
Сонымен, құқық бұзушылық- әрекет қабілеттілігі иеленуші субъектінің
заңды жауапкершілікке тартылатын қоғамға зиянды немесе қауіпті құқыққа
қайшы және кінәлі әрекет-әрекетсіздігі.
Ғайрат Сапарғалиев, Төкіжан Ағдарбеков секілді профессор,
академиктеріміздің еңбектерінде көрсетілгендей барлық құқық бұзушылық
қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты құқық бұзушылық
қылмыс және теріс қылық болып екі топқа бөлінеді.
Объектінің құндылығы,құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы,
уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты мен деңгейі негіз
болады. Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші
субъекті фактор негіз болады.
Қылмыс – мемлекеттік және қоғамдық құрыыстың негізіне, меншікке, жеке
адамға және азаматтардың құқығына, қарулы күштерді әскерге дайындығына қол
сұғып, қылмыстық жазалар мөлшерін қолдануды талап етеді.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған
айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік
құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік,
мүліктіңжәне басқа да құқықтары.Қылмыстың заңды сипаты-оларға қылмыстық
заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты
заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық
бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса,
қылмыс болып саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі
біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекеленген жақтарына
нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып
табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген
зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне
байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға
жіктелінеді.
1.Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық
қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық
салаларының нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-
әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне
кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу,
өндірістегі қаутсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және
мемлекеттік басқарудың құққық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес,
жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшелінеді. Мәселен,
ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б. Мысал ретінде ұсақ
бұзақылық, қоғамдық көлікте билетсіз тегін жүру т.б. алсақ та жеткілікті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде 27
тарау: көлік құралдарын жүргізушілердің, бағдаршам мен реттеуші көрсеткен
сигналдардың, жол белгілердің, жол бетіндегі белгілердің талаптарын
сақтамауы және жол қозғалысы ережелерін басқадай өрескел бұзуы. 463
бабында:
1.Көлік құралдарын жүргізушілердің бағдаршам мен реттеуші көрсеткен
сигналдардың, басымдық беретін жол белгілерінің, тыйым салынатын және
нұсқау жасайтын жол белгілерінің, жол бетіндегі белгілердің талаптарын
сақтамауы, моневр жасау, көлік құралдары жүретін бөлікте орналастыру, басып
озу және бір-бірен қарама-қарсы жүріп өту, тоқтату және аялдау, жол
қиылыстарынан өту, жаяу адамдар өтетін жерден және шаруашылық көлік
құралдары аялдамаларынан өту, автомагистральдар бойымен, тұрғын аймақтарда
қозғалу, жолаушылар мен жүктерді тасмалдау, көрік құралдарын сүйретуге алу,
тәуліктің қараңғы уақытында немесе оның көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық
беретін құралдарды пайдалану ережелерін бұзу, қозғалыс барысында басымдық
құқығын пайдаланатын көлік құралдарының кедергісіз өтуіне жол бермеу,
ескерту жасауға және айлық есептік көрсеткішінің бірден екіге дейінгі
мөлшерінде айыппүл салуға, әкеп соғады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және
мемлекеттің басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емесе,
жазалау сипатында қолданылатын сансияларымен де ерекшеленеді. Оған:
ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б. Мысалы, әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде екінші бөлім 12
тарау “кәселетке толмағандарды құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық
бұзушылық” 113 бабында: кәмелетке толмағандарға алкагольдік ішімдіктер сату
– айлық есептің көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2.Тәртіптік құқық бұзушылық – бұл мекеменің, кәсіпорынның және өзге де
ұйымдардың қызметінің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға бағытталатын, әрі әлде
бір залал келтіретін әлеуметтік қауіпті әрекет (әрекетсіздік). Мысалы,
жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай қалу, кешігу, ерте кетіп қалу, т.б;
әскери тәртіпті бұзу (әскери қызметкерлердің әскери бөлімшелерін заңсыз
тастап кетуі), оқу мекемелерінің орнатылған тәртібін бұзу (дәлелсіз
себептермен оқушылардың сабақтан қол үзуі, т.с.с).
Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық
тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол
өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың адында тұрған
шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді
орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін:
ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.
3.Азаматтық құқық бұзушылық - азаматтық құқық нормаларымен реттелетін
мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін,
әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыздеп екіге
бөлінеді. Шартты - азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің
әрекетінен туындаса, шартсыз - азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын
сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы,
олардың заңда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құққық бұзушылыққа тән
ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы
болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге
түседі: заңға қайшы келетін мәмлені өзгерту, келтірілтен мүліктік зиянның
орнын толтыру және т.б.
Азаматтық құқық бұзушылық азаматтық, еңбек, жер, отбасы құқықтарымен
реттелетін мүлікті және оған байланысты мүлікті емес жеке қатынастарға зиян
келтіретін, әлеуметтік қауіпті іс-әрекет. Мәселен, азаматтың немесе заңды
тұлғаның өзінің ар намысына қадір қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтарды өзге адамның таратуы т.б. Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексінің 3-тарау “Ар-намысының, қадір қасиеті,
іскерлік беделді қорғау” 143 бабының бірінші тармағында: “Азамат немесе
заңды тұлға өізің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы адам олардың
шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы талап етуге құқылы.
Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық
келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған
құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.
Жалпы құқық теориясы бойынша, құкық бұзу құрамы мынадай: объект,
субъект. объективті және субъективті болып бөлінеді.
1.Құқық бұзудың объектісіне құқық нормаларымен реттелетін және
қорғалатын қоғамдық қатынастар жатады.
Құқық бұзушылықтың объектісі – құқықтың қорғалуында болатын қоғамдық
қатынастар, оған жататындар: зиян келтірген материалдық және материалды
емес игіліктер, мүдделер (мемлекеттік, қоғамдық, жеке). Осы игіліктер мен
мүдделер құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылады (адамның
өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті,абройы,мүлкі және т.б.).
2.Құқық бұзушылықтың субъектісі болып тек деликтоқабілеттілігі бар
тұлға ғана танылады. Деликтоқабілеттілік — бұл мемлекет белгілеген заң
жауапкершілігін атқара алатын қабілеттілік. Деликтоқабілеттілік заңға
сәйкес міндеттілікті еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылық түрлері
Қылмыс - кінәлі қоғамдық қауіпті қылмыстық әрекет
Құқықбұзушылықтың түсінігі, белгілері мен түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу нысандары
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Құқық бұзушылық
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері
Әкімшілік процес қағидаларының мазмұны
ҚР әкімшілік құқығының негіздері
Пәндер