ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны



Лекция № 1 Тақырыбы: ҚР Экология құқығының түсінігі мен пәні
Лекция № 2 Тақырыбы: ҚР Экология құқығының түсінігі мен пәні.
Лекция №3 Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.
Лекция № 4 Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.
Лекция № 5 Тақырып: Табиғат обьектілеріне меншік құқығы.
Лекция № 6 Тақырып: Табиғат обьектілеріне меншік құқығы.
Лекция № 7 Тақырып: Табиғатты пайдалану құқығы.
Лекция № 8 Тақырып: Табиғатты пайдалану құқығы.
Лекция № 9 Тақырып: Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Лекция № 10 Тақырып:Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық.құқықтық нысандары.
Лекция № 11 Тақырып:Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Лекция № 12 Тақырып: Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Лекция № 13 Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
Лекция № 14 Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
Лекция № 15 Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
Лекция № 16 Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
Лекция № 17 Тақырып: Жер қойынауының құқықтық режимі.
Лекция № 18 Тақырып: Жер қойынауының құқықтық режимі.
Лекция № 19 Тақырып: Судың құқықтық режимі.
Лекция № 20 Тақырып: Судың құқықтық режимі.
Лекция № 21 Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.
Лекция № 22 Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.
Лекция № 23 Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі.
1. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларға енгізілумен, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.
Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін қоғам табиғат аясындағы қарым-қатнасқа байланысты қоғамдық қатнастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. “Экология” - бұл жалпы және жалғыз үйіміз-“жер” туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866ж неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымында ғана қолданды.Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болады, өйткені тура осы кезден бастап адам мен қоршаған орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология - тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатнасты анықтайтын білім ретінде қолданылады.
Табиғат - санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты үш түрлі қызметтерді атқарады:
1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет.
2. Адамдардың материялдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экологиялық қызмет.
3. Адамның жан дүнесінің қалыптасуына әсер ететін негіз- құлықтылық қызмет.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 163 бет
Таңдаулыға:   
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Лекция № 1

Тақырыбы: ҚР Экология құқығының түсінігі мен пәні.
Жоспар:
1. Мемлекеттің экологиялық функциясы. Қоршаған табиғи орта құқық обьектісі
ретінде.
2. Экологиялық құқықтың түсінігі.
3. Экологиялық құқық қатынастарының субьектілері және обьектілері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы. Ә. “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев “РК - Экологические право” Москва 2000ж.
4. ҚР Мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.

Лекцияның мәтіні:
1. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті
шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын ұтымды
пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларға енгізілумен, ол
әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық
міндет болып табылады.
Экологиялық құқық - бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың
мүдделері үшін қоғам табиғат аясындағы қарым-қатнасқа байланысты
қоғамдық қатнастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып
табылады. “Экология” - бұл жалпы және жалғыз үйіміз-“жер” туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866ж неміс ғалымы Геккель ұсынып
және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымында ғана қолданды.Ол өзінің
әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болады, өйткені тура осы
кезден бастап адам мен қоршаған орта және қоғам мен табиғат арасындағы
қатынастар шиеленісе түсті. Экология - тірі организмдер мен олардың өмір
сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатнасты анықтайтын білім
ретінде қолданылады.
Табиғат - санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және
адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты үш түрлі
қызметтерді атқарады:
1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін
экологиялық қызмет.
2. Адамдардың материялдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар
көзі болып табылатын экологиялық қызмет.
3. Адамның жан дүнесінің қалыптасуына әсер ететін негіз- құлықтылық
қызмет.
Адам - табиғаттың эвалюциялық дамуының нәтижесі. Табиғат қатынасына
байланысты ол, оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді
болатын, оны қоршаған ортаның обьектісі ретінде танылатын, табиғи
ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету
үшін табиғатты бейімдеуші субьектісі реттінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысты негізі екі нысандағы қоғамдық
қатнастар негізінде табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны
қорғауда көрініс табады. Табиғат экологиялық даму мүддесі болып
табылады.Бірақ тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да)
жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігінде көрсету
керек. Экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін, тек табиғи ортамен ғана өзара
қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты
дамыту жақсарту туралы, экологиялық заңдарды сақтауға аса назар аудару
керек.
Қоршаған ортада - бұл әлеументтік экологиялық заты емес, әлеуметтік
экологияға оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтық экология кіреді. Құқықтық
экология деп - қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық
(экологиялық) қатнастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз.
Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып, экологиялық құқығы болып
танылады. Экология құқығы деген ұғымды үш тұрғыдан қарастыру керек: құқық
саласы ретінде, оқу пәні ретінде, ғылым саласы ретінде.
2. Экология құқығы- құқықтың саласы ретінде қазіргі және болашақ үшін
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен
байланысты қоғам мен табиғаттың (экологиялық) қатынастарды реттеуге
бағытталған нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің экологиялық құқығы деген атқа ие болған жаңа құқықтық
бірліктің құрылуына алып келеді. Құқық саласының құрылу процесі обьективті
түрде негізделінеді, яғни табиғаттың қорғау немесе қоршаған ортаны қорғау
туралы басты реттеуші заңдардың болуы және болмауына байланысты емес.Ондай
заңның пайда болуы берірген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі
болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі қажеттіліктерінен
туындайтын болса, кез келген жүйе – біріккен, жүйе құрайтын факторларды
ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады.Экология құқығының өзіндік
пәні ( реттейтін қоғамдық қатынастарды) әдістері, қағидалары мен жүйесі
бар. Экология құқығының пәні ретінде құқықтың нормаларымен реттелетін қоғам
мен табиғат арасындағы қарым - қатынастар, мысалы: қоршаған ортаны
қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану.
Экология құқығының әдістері дегеніміз - экологиялық құқықтың
қатнастарды реттеуде қолданылатын тәсілдер жиынтығы, олар қоғам мен табиғат
арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, экологиялық
заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделген. Экология
құқығында императивтік және дипозитивтік әдістер қолданады. Императивтік
әдістер бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді. Мемлекет
табиғат байлықтардың меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларға өз
билігін көрсете алады, мысалы: қоршаған ортаны ластанғаны үшін
жауапкершілікке тарту, табиғи ресурстарды пайдалануға беру немесе оларды
мемлекеттік мұқтаждары үшін қайтарып алу кезінде. Ал дизпозивтік әдістер
тараптардың теңдігін білдіреді, бұл әдіс экология саласында шарттық
қатнастарды жүзеге асыруға қолданылады. Экология құқығының ішкі табиғатын
білдіретін өзіне тән қағидалары бар. Олар ҚР ”Қоршаған ортаны қорғау
туралы” заңның үшінші бабында көрініс тапқан.Оларға мыналар жатады:
1) Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру.
2) ҚР нарықтық қатнастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың
қәзіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатына қоршаған ортаның әлеуметтік -
экономикалық міндеттерімен проблемаларын теңдестіре отырып шешу.
3) Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру.
4) Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты
пайдаланғаны үшін кезең – кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны
қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру енгізу.
5) Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени
жағынан ерекше маңызы бар қоршаған обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету.
6) Қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік реттеумен мемлекеттік
бақлау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымрасыздығы.
7) Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал
ету мүмкіндігін бағалау.
8) Халықтың қоғамдық бірлестіктері мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және
демократиялық жолмен қатысу.
9) Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық. Экологиялық құқықты оқу пәні ретінде біз,
теориялық және тәжрибелік сұрақтарын қамтитын оқыту әдістемесіне және де
құқық нормалары мен олардың тәжрибе жүзінде асыруға қажеттілігін білуге мән
береміз.
Құқықтық ғылым саласы ретінде экология құқығы көптеген ғылыми
теориялардан, көзқарастардан, тұжырымдамалардан тұрады. Олардың незігі
мақсаты ғылыми тұрғыдан, экология құқығын қалыптастырудың себептерін
анықтау.
Күрделі теориялық мәселелерін шешу, қолданыстағы экологиялық заңдарын
жетілдіру жолдарын корсету. Экология құқығы ғылыми саласында отандық
мынадай атақты ғалымдарымыз бар, олар: Байсалов С. Б; Еренов Ә.Е;
Стамқұлов Ә. С; Байдельдинов Д. Л; Мухитдинов Н. Б.
3. Табиғатта күн, оның сәулесі, ай оның жарығы, алып су қоймалары
(мұқит, Каспий сияқты теңіздер) олардың табан, минералды заттары, жануарлар
мен өсімдіктер дүниесі, Арктика мен Антрактида, жел және басқа байлықтар
бар. Егер мемлекет сондай су қоймаларының жағасында болса, жер қойнауын,
жануарлар мен өсімдікткр дүниесін пайдалану құқығына ие бола алады.
Ал алып су қоймаларындағы Арктика мен Антрактида табиғат
байлықтарын пайдалану тек халықаралық келісім бойынша жүргізіледі.
Мемлекет аумағындағы табиғат байлықтары дүниежүзі немесе жер
шары байлықтарының иемденген бір бөлігі болғандықтан, оларды табиғи
ресурстар дейміз. Экология құқығының объектілері болып - қоршаған табиғи
ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттілігіне жұмсалатын табиғи ресурстар
жөніндегі қоғамдық қатынастар мен адамның өмірі мен денсаулығына байланысты
Экологиялық жағдай жөніндегі қоғамдық қатынастар болып табылады.
ҚР табиғи ресурстарына мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы,
су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың
көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы 1997ж. заңда құқықтық реттеуге
жататын табиғи ресурстардың түрлері аталған. Солардың ішінде жер, жер
қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, дағдылы және сирек
кездесетін ландшафтар, табиғи қорықтар, ұлттық табиғи парктер, табиғат
ескерткіштері, жердің климаты мен азонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық
ауа, табиғи Экологиялық жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде
өзге де табиғи объектілер бар.
Адамның денсаулығы мен өміріне қоршаған табиғи ортаның
қолайлы болуы, шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпалына
жол бермеу сияқты экологиялық қатынастар экология құқығының
объектісі бола алады.
Табиғат қорларына заңдарда құқықтық мәні бар қосымша
нышандар беріледі. Мысалы: жер қорғалатын табиғат объектісіне оның
жоғарғы қабаты, құнарлы топырағы және теңіздердің, көлдердің,
өзендердің табандары жатады.
Табиғи ресурстар - азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, құрылыс
материалдары т.б пайдалы заттар алынытын байлық көздері.
Табиғи ресурстар қалпына келетін, қалпына келмейтін,
жаңартылатын, жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді.
Мысалы: топырақтың құнарлылығы, орман қалпына келтірілетін,
жаңартылатын, қалпына келмейтін және су сарқылатын байлықтарға
жатады. Сондықтан,табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны қорғау
экологиялық құқықтың негізі болып табылады. Экологиялық сараптама
объектілеріне жататындар:
1. Табиғатты пайдалану мәселелеріне байланысты жоспарлау
алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келісім - шарттар мен
халықаралық келісім - шарттар.
2. ҚР. қабылданбақ болып белгіленіп отырған, қоршаған ортамен
денсаулығына ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтік құқықтық
актілерінің жобалары.
3. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде табиғиат
пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау
жөніндегі талаптарды сақтауын бағалау материалдары.
4. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
саласында лицензиялармен сертификаттарды алу кезінде экологиялық
мінездеме үшін табыс етілетін құжаттама.
Субъектілері:
ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару
органдарымен оның жергілікті жерлесі бөлімшелері мемлекеттік
экологиялық сараптама жүргізуге тартатын министрліктер. Мемлекеттік
комитеттермен орталық және жергілікті атқарушы органдар. Қоғамдық
экологиялық бірлестіктер, ғылыми мекемелер және олар тұратын
экологиялық сараптама органдары. Экологиялық сараптама жүргізуге
тартылған жеке тұлғалар және азаматтар.

Лекция № 2

Тақырыбы: ҚР Экология құқығының түсінігі мен пәні.
Жоспар:
1. Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары.
2. Экологиялық құқықтың жүйесі: жалпы және арнайы бөлімдері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев “Р.К-Экологические право” Москва 2000ж.
4. ҚР Мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.

Лекцияның мәтіні:
1. Экология құқығының принциптері - мемлекет, қоғам,
кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және т.б
құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық
қатынастардағы түпкі бастамасы.
ҚР айналасындағы табиғи ортаны қорғау туралы заңында
айналадаға табиғи ортаның жай - күйіне ықпал ететін шаруашылық,
басқару және өзге де қызметті өкімет органдарының, министрліктермен
ведомстволардың, кәсіпорындар, мекемелермен ұйымдардың, сондай-ақ
азаматтардың мынадай принципте жүзеге асыруын қарастырған:
- адамның өмірімен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет
түрінен басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның тұрмыс, еңбек және
демалыс үшін қолайлы болуына азматтар құқығының нақты кепілдіктерін
қамтамасыз ету
- қоғамның экологиялық және экономикалық мүдделерін, соңғысына
басымдық бере отырып, ғылыми тұрғыдан негіздеп ұштастыру.
- айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және зиянды зардаптар
жасалуын шектеу.
- табиғатты жалпы тегін пайдалану.
- табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану.
- табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін
арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу.
- шаруашылық және өзге де қызмет міндеттерін шешудегі
жариялылық.
- қоғамдық ұйымдармен және халықпен тығыз байланыстыру.
- айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында ұлттық және
халықаралық мүдделерді ұштастыру.
- табиғатты қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға,
кәсіпорындарға, мекемелермен ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға келтірілген
зиянды толық өтеу.
- шаруашылық және өзге де қызметтің айналадағы табиғи ортаға
жасайтын ықпалын нормалап отыру.
- табиғи ресурстарды үнемдеу және айналадағы табиғи ортаны
қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу.
- айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң
сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау.
- айналадағы табиғи ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге де
қызметтің кез келген түрлеріне міндетті түрде экологиялық сараптама
жасау және оны ғылыми негізде жүзеге асыру.
Аталған принциптер “Айналадағы табиғи ортаны қорғау
туралы”, табиғи ресурстар туралы және басқа да табиғат туралы заңдарда
көрініс тапқан. Олар заңның принциптік ережелері.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңнан басқа жер,
жер қойнауы, су, орман, жануарлармен өсімдіктер дүниесін қорғау
туралы заңдарда да салалық принцип ережелері бар. М:Жер
кодексіндегі ереже бойынша ауыл шаруашылығына жарамды жер, ең
алдымен ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілуге тиіс.(18 бап). Су
кодексінде су ең алдымен халықтың ауызсу немесе тұрмыстық
мұқтаждарын қанағаттандыру үшін берілетіні көрсетілген.(5 бап).
Орман кодексі мұндай принцип ержелерін көрсетпегенімен,оның
ережелерінде жоғарыда айтылған принциптер бар.
Принцип ережелерін табиғи ресурстардың мазмұнымен қорғалуына
қарай табиғи ресурстарды пайдалану принциптері, табиғат ресурстарын
иемдену, билеу немесе басқару принциптеріне бөлуге болады. Принцип
ережелерінің мұндай түрлері табиғи ресурстар туралы заңдарда жеке
топталып көрсетіле бермейді.
ҚР суды басқару, су ресурстарын қорғау мен толықтыруды,
айналадағы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз
ететін су шаруашылығы - бассейндік және әкімшілік - аумақтық
принциптерді үйлестіру негізінде ж.а.
Су шаруашылығы бассейндік принцип өзен, көл бассейндері
және басқа су тоғандары ішінде әкімшілік - аумақтық бірліктер
арасында су ресурстарын бөлу арқылы іске асырылады.
Жер қойнауы және Минералдық шикізатты ұқсату туралы
кодексте (6 бап) заңның принцип ережелерінің жинақталған 12 түрі
бар. Олардың жоғарыда көрсетілген жалпы түрлерінен басқа жер
қойнауын пайдалануға және қорғауға тікелей қатысы бар өзіндік
принцип ережелері бар. М: жер қойнауын тиімді және кешенді
пайдалану, жер қойнауын пайдалануда оған қатысты жұмыстардың
қауіпсіздігін сақтау сияқты принциптер олардың өздеріне тән
ерешеліктерінен туындайды. Экологиялық сараптамалардың принциптері:
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі.
2. Министрліктердің мемлекеттік комитеттермен ведомстволардың өзге
де орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы және
қадағалаушы органдармен өзара іс - қимылы.
3. Экологиялық сараптама тұжырымдарының объективтіліктері мен
ғылыми негізділігі.
4. Сараптама органдарымен сараптаушылардың өз өкілеттілігін
жүзеге асырушылардың өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде тәуелсіз
болуы.
5. Жариялылық болуы.
6. Экологиялық сараптамамен оның алуан түрлі болуы.
7. Экологиялық және медициналық биологиялық мүдделерінің
басымдылы принциптеріне негізделеді.
2. Экология саласындағы мамандар ”экологиялық жүйенің – жалпы аумақта
тұратын жәнеде жабық заттар айналдымында ұзақ өмір сүретін жабық
функционалды, біртұтас организмдер жиынтығы ретінде анықтады. Экологиялық
сөздікте мынадай анықтама берілген: ”Біртұтас функционалды бірліктерімен
кез келген тірі жандардың бірлестігі және тұратын ортасы”. Экологиялық жүйе
- бұл көп мағыналы түсінік. Ол табиғи экожүйелерде де (су, орман) және
жасанды экожүйеде (жабық бассейн) де қолданылады.
Экожүйенің маңызды қасиеттері:
1) Тұйықтығы, экологиялық жүйенің өз алдына қызмет етуі экологиялық
жүйенің тұйықтылығы барлық азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерін табиғатпен
байланыссыз болса да, экологиялық нәтижелерін ескеруді міндеттейді.
2) Табиғи компоненттерді құруға әкелетін экологиялық жүйедегі өзара
байланыс. Ол жер, су, орман және де табиғи обьектілерді атмосфералық
ауамен байланыстырады. Ол табиғи обьектілер қызметін жүзеге асыруға
көмектеседі және мұндай қызмет процесінде өзіде өзгереді.
3) Биоөнімділік экожүйенің өз өндірісінде жердің әртүрлі құқықтық
статусын анықтайтын қызметтерді орындауға көмектеседі. Құнарлылығы жоғары
жерлер біріншіден, ауыл - шаруашылық мұқтаждықтарына беріледі, лаз өнімді
жерлер басқа мақсатқа беріледі.
Экожүйенің өзінің ұдайы өндірісі - ол өзінің реттеу
қабілеттілігі. Берілген белгілер экожүйе түсінігін анықтауға мүмкіндік
береді.
Экологиялық жүйе - құрамдас компоненттерінің өзара байланысының
жабық жүйесі бар, оған тұрақтылық, белгілі биожүйелер мен өзара байланысқан
қоршаған ортаның табиғи саласы. Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау
аясындағы заң шығарушылықтың негізгі міндеттерінің біріне адамның
денсаулығын қорғау, оның өмір сүруін, жұмыс істеуін, толық демалуын
қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру. Осы мақсаттарда қаладағы
және және басқа елді мекенде, демалыс орындарында, емдеу орындарында
қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады. Сондықтан да рекреациялық
және емдеу сауықтыру аймақтарында қоршаған ортаны қорғаудың маңызы өте
зор.
Рекрациялық аймақтарға халықтың жалпы немесе ұйымдастырылған
демалуына арналған жер жане су кеңістігінің табиғи және мәдени учасклері
жатады. Мұндай аймақтардың құрамына қала аумағы, орман парктері, ұлттық
табиғи парктер, ботаникалық зоологиялық бақтар, дендрагологиялық парктер,
серуен бағыттары, демалыс үйлерімен бауларының аумағы, заказниктер мен
қорықтардың кейбір учасклерін халықтың аралауына болатын боліктері жатады.
Емдеу - сауықтыру аумақтарына адамдардың денсаулығын сауықтыру
мен емдеуге арналған жер немесе су кеңістігінің аумағы жатады. Бұған
курорттық және санитарлық курорттық аумақтар жатады. Экологиялық жүйені
құқықтық қорғаудың негізінде қоршаған табиғи ортаны қорғаумен қамтамасыз
етілетін азаматтардың денсаулығын қорғайтын конституциялық құқықтар жатады.
Адамдардың денсаулығы жер және жер қойнауы, орман, су басқа да табиғат
обьектілері сияқты бүкіл халықтық байлық болып табылады.
Ғасырлар бойы зат алмасудың дұрыс жабық технологияны иемденетін
экологиялық жүйелер арасындағы қарама-қайшылық ақырғы шегіне жетті.
Чернобьлде, Аралда, Балқашта және басқа аумақтарда экологиялық апаттар
болды.

Лекция №3

Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.

Жоспар:
1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркенуі және болашағы.
2. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы
республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезендері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Лекцияның мәтіні:
Қазақстан Республикасы аумағында табиғатты қорғау мәселелері
көп заманнан бері жалғасып келе жатқан іс. Ғасырдан ғасырға мирас
болған, қазақ халқы жайнап қоныс тепкен кең байтақ өлкенің
табиғатын құқықтық қорғау туралы көне жазба деректер болмаса да,
табиғат қорғаусыз қалған деуге болмайды.
Шынтуайтына келгенде, қазақ жерінде табиғатты құқықтық қорғау
тарихы өзінің ғылыми зерттелуін қажет етеді.
Қазақ халқында табиғат қорғау мәселелері шаруашылыққа
ыңғайластырылып жүргізілген. Мысалы: малды жазда жайлауға айдаса,
қыста қыстауда ұстады. Ал осы екі аралықта басқа жерлерді қажет
кезінде пайдаланды. Сөйтіп, жайылымдар мен қыстаулардың шөбін қалпында
сақтап, аң мен құстың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап келген. Аң
мен құсты,орманды қырып жоюға,су қорларын ластауға жол
бермеген. Бұлақтардың көзін ашып, оны табиғи күйінде пайдаланып
отырған.
Қазақстан Республикасының қазіргі экология құқығы Қ.Р-ң
егемендік алып, дербес мемлекет болғанына дейінгі жасалған бұрынғы
СССР одағында қалыптасқан экология құқығының жалғасы.
Бұрынғы кеңес өкіметі 1917 жылғы 20 қазанда жер туралы
декрет, 1918 жылы орман жөнінде декрет қабылдады, онда жер және
қорларын пайдалану және қорғау қатынастарын реттеуді көздеді. Табиғи
ескерткіштерді қорғау жан - жақты қарастырылды. 1919 ж. Суды қорғау
комитеті құрылып, сөйтіп оған судың санитарлық жағдайын қадағалу,
табиғатты өндірістік сарқынды сулар мен ластардан қорғау жайы
тиісті органдарға жүктелді.
1921ж балықтар мен хайуанаттар жөнінде декрет қабылданды.
Көп жылдар бойы табиғат қорларын пайдалану мен қорғаудың құқықтық
мәселелері тек бір орталықтан – Москва арқылы жүргізіліп отырды.
1960-1970 жылдар арасында экология саласындағы заңдарды
кодификациялау барысында орталықтың жер, су, орман, жер қойнауы,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы
заңдардың негіздері қабылданып, одақтас республикаларда табиғат
жөнінде салалық заңдар, кодекстер қабылданды.
Табиғи ресурстарға тек қана мемлекеттік меншік ССРО
конституциясында және ҚазақССР Конституциясында тұжырымдалды.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды пайдалану мен билік
ету негізінен орталықтан шешіліп отырды. Сондай саясаттың салдарынан
миллиондаған гектар жер әскери қажеттіліктер үшін алынып, олардың
атом қаруларын сынау үшін пайдаланылғандығы жасырылды. Сондай
сынақтардың салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келетіні және
келгені де құпия болып сақталды.
Республика аумағындағы кен байлықтары орталық үшін
жқмсалып,жергілікті халықтың мұқтаждарын өтей алмады. Жарлығы шықты.
ҚР экология құқығының нарықтық экономика жағдайында дамуы
одан әрі жалғаса бермек.

Лекция № 4

Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.

Жоспар:
1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшіләіктері және
классификациясы.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық
ережелер мен талаптар.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Лекцияның мәтіні:
1. ҚР өзінің егемендігіне ие болғаннан кейінгі экология құқығы
жаңа әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады.
Республиканың материалдық негізін құрайтын табиғи ресурстарға жер,
оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі. ҚР-ң меншік
құқығы мәртебесі 1991 жылғы 20 қаңтарда қабылданған ҚР-ң
Конституциясы ережелерімен бекітілді.
ҚР құқықтық мемлекет құру жолында табиғат қорларын
пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды толық
қамтитын құқықтық актілер қабылдау мақсаты мен көптеген жұмыстар
жүргізуде.
1993 жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасындағы
“Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы”, Жер, Жер қойнауы және
минералдық шикізатты ұқсату туралы, су, орман кодекстері, Жануарлар
дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР-ң заңдары
және осы заңдарды іске асыру барысында көзделген қатынастарды
реттейтін басқа да заң актілері қабылданды.
Келесі жылдары ҚР - сы аймағында өсімдіктер дүниесін
қорғау, молайту және пайдалану туралы, айрықша қорғауға алынатын
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қорықтар, заказниктер туралы заңдар
қабылданды.
Жоғарыда аталған заңдардың сапасын арттыру, өзгерістер мен
толықтырулар енгізу жұмысы да жүргізіле береді.
ҚР-ң экология саласындағы заңдары айналадағы табиғи
ортаның сапасын арттыру, оны сауықтыруды қамтамасыз ету жолындағы
нысаналы да тиімді қызметті ұйымдастыруға, экологиялық қатынастарды
толық реттеуге өзінің үлесін қосады.
2. Қазақстан Республикасы экология құқығының негіздері-айналадағы
табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи
ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің
жиынтығы.
Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын
органдардың түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан
бірнеше топқа бөлуге болады.
Экология құқығының негіздері ішінде ҚР-ң Конституциясы
ерекше орын алады.
ҚР-ң Конституциясы Табиғи ресурстар мен қорлардың
құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға
болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынын иелену құқығын жүзеге
асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың өзге де
құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір
сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру
құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын
құрметтеу міндеттерін белгілейді.
Экологиялық қатынастарды реттейтін заңдар мен заң актілері
заңдарға, жарлықтарға, жарғыларға, қаулыларға, ережелерге, нұсқауларға
бөлінеді. Бұл заңдар мен жеке табиғи объектілер жөніндегі
экологиялық қатынастарды кешенді немесе жеке реттеу сипатында болуы
мүмкін. Бұған мысал ретінде Жер кодексі, Су кодексі, ҚР Министрлер
кабинетінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысы мен бекітімен “ҚР-
да айналадағы табиғи ортаның пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік
бақылау туралы ереже” және осы сияқты заң актілерін атауға болады.
Кодекстерде экологиялық қатынастар кешенді түрде қаралады.
Ережелерде, нұсқауларда экологиялық қатынастардың жеке мәселелері жан-
жақты талданады.
Экологиялық заңдар мен заң актілерін шығарудың жүйелері
Конституция мен жергілікті атқарушы органдар туралы заңдармен
белгіленеді.
ҚР Конституциясына сәйкес (78-бап) Президент ҚР-ң
заңдарына қол қояды. Республика Президенті Конституциясымен заңдар
негізінде республикалық бүкіл аумағында олардың орындалуын
міндеттейтін жарлықтар, қаулылар мен үкімдер шығарады.
Заңдарды және өзге де шешімдерді Қазақстандың Жоғарғы Кеңесі
қабылдайды, олардың орындалуын бақылайды, оларға Жоғарғы Кеңестің
Төрағасы қол қояды.
ҚР Министрлер кабинеті және басқа министрліктер мен
ведомстволар, жергілікті өкіметті және атқарушы органдар өз
құзіретіне жататын мәселелер бойынша экологиялық қатынастарды
реттейтін қаулылар, шешімдер, жарлықтар, нұсқаулар немесе ережелер
қабылдайды.
Тағы бір ескеретін жағдай бар. Ол КСРО-ң заңдары мен өзге
де қалыпты құжаттары ҚР аумағында республиканың тиісті заңдары
мен өзге де заңды құжаттары қабылданғанға дейін және ҚР
Конституциясымен заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде ғана
қолданылады, барлық экологиялық заңдар мен заң актілерін түлері мен
мазмұнына қарай 8 топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа табиғат объектілерін пайдалану, иемдену, оның
сапасын арттыру, қорғау туралы кешенді заңдар жатады. Ол заңдардың
өзі мазмұны жағынан екіге бөлінеді. Біріншісі ҚР-да “Айналадағы
табиғи ортаны қорғау туралы” заң (1991ж, 16 қараша). Жер қойнауы
және минералдық шикізатты ұқсату туралы кодекс (1992ж. 30 тамыз), Су
кодексі (1993ж, 31 наурыз) т.б. Бұл заңдарға қажет болған жағдайда
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
Екінші топ. ҚР Жоғарғы кеңесінің экология саласындағы
қаулылары. Олардың қатарына Жер кодексі, Жер қойнауы және минералдық
шикізатты ұқсату туралы кодексі, Су кодексі, Орман кодексі, жануарлар
дүниесін қорғау, оның өсімін арттыру және пайдалану туралы заңы,
жер салығы, жер реформасы, тағы басқа заңдарды күшіне енгізу туралы
қаулылар жатады.
Үшінші топ. ҚР Президентінің жарлықтары.
Төртінші топ. ҚР Министрлер Кабинетінің табиғат объектілерін
қорғауды және пайдалануды басқару жүйесіндегі қаулылары. Бұл
қаулылар көбінесе ережелер мен нұсқаулар, шарттар, тәртіптерді
бекіту мақсатында қабылданды.
Бесінші топ. Жергілікті өкілетті органдардың табиғи ортаны
қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қаулылары. Поселкелік,
салалық, ауылдық маслихаттарда азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылық
жүгізуі, тұрғын ұй салу және қызметі, халықтың дәстүрлі
кәсіпкершіліктері үшін жер учаскелерінің шекті мөлшерін, су
қорларын қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік
жауапкершілікке тарту секілді міндетті ережелерді және т.б.
Алтыншы топ. ҚР министрліктері мен мемлекеттік комитеттердің өз
құзыретінде қабылданған қаулылары мен шешімдері.М,ҚР Жоғарғы
Кеңесінің “Жер салығы туралы” ҚР заңын күшіне енгізу тәртібі
туралы қаулысына сәйкес.
Жетінші топ. Экологиялық қатыныстарды ішінара реттейтін ҚР
басқа да заңдары.
Сегізінші топ. Қоғамдық ұйымдардың экологиялық ережелері мен
шешімдері.
Экологиялық құқықтың ережелері қылмыс құқығы, әкімшілік
құқығы, азаматтық құқық және басқа құқықтармен орайлас келеді.

Лекция № 5

Тақырып: Табиғат обьектілеріне меншік құқығы.
Жоспар:
1. Табиғи обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы.
2. Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекеттік меншік құқығының
арақатынасы.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Лекцияның мәтіні:
1. Табиғи ресурстар - қоғамның тұтыну қажеттігін
қанағаттандыратын табиғат объектілерінің игілікті де құрамдас
бөлігі.
Табиғи ресурстар қалыптасқан экологиялық кешен. Бірақ
шардың кейбіреулері ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде ғана
пайдалану қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік объектілеріне қоғамның
қажеттігі үшін пайдаланылатын табиғи ресурстар жатады.
Табиғат ресурстарын тек қана мемлекет меншігі дегеніміз - аталған
және басқа да табиғат ресурстары ҚР-нан басқа субъектілердің
–министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен бірлестіктердің,
лауазымды адамдардың, азаматтардың меншігінде болуы тиіс еместігі.
Республика аумағындағы табиғи ресурстарға тек қана
мемлекеттің ерекше меншік құқығының болуы ҚР-ң тәуелсіздігін және
оның дербес экономикалық жүйесінің негізі екенін дәлелдейді.
Аталған табиғи ресурстарға меншік иесінің құқықтарын
мемлекет атынан жүзеге асырудың шектері мен субъектілері тек заңмен
ғана белгіленеді. Атап айтқанда, Жер, Жер қойнауы, Су, Орман және
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы атқарылатын іс-әрекеттер ҚР-ң
заңдары мен реттеледі.
Жердің жер қойнауының, судың, орманның, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің мемлекеттегі басқа меншік объектілерінен
айырмашылығы - олардың табиғи ортада бір-бірімен тығыз экологиялық
байланысты болуында.
Егер табиғат объектісі өзінің табиғи ортасынан
алынатын болса, онда ол мүлікке айналады. М: орманнан кесіліп
алынған ағаш отынға немесе өндіріс құрылыс қажетіне жұмсалады.
Сөйтіп мүлікке (тауарға) айналады. Табиғи ортадан ұсталып алынған
таутеке мемлекеттік хайуанаттар паркінде ұсталса, ол мемлекет
меншігінде болады. Бірақ оған мемлекеттік (меншік) ерекше меншік
сипаты сақталмайды.
Табиғи ресурстардың түрлеріне қарай, оларды меншік иесінің
пайдалану, қорғау (сақтау) қалпына келтіру құқықтарының да
ерешеліктері бар. Бұл саладағы экономикалық және экологиялық
қатынастарды реттейтін республикамыздың заңдары да бар. Олар
экология құқығының жүйесін құрайды.
Экология саласындағы зағдарға мемлекет табиғи ресурстардың
меншік иесі ретінде адамның өз өмірімен денсаулығы үшін айналадағы
табиғи ортаның қолайлы болуы құқығын қамтамасыз ететін, қазіргі
және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздейтін айналадағы табиғи ортаны
қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп,
адам қызметінің айналадағы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол
бермеу, табиғи тепе - теңдікті сақтаумен табиғат қорларын тиімді
пайдалану шараларын жүзеге асырылады.
2. ҚР Президентінің 1997ж 4 наурызда қабылданған ҚР
мемлекеттік органдардың жүйесін реформалау жөніндегі кезекті
шаралар туралы жарлығын орындау мақсатында ҚР үкіметінің 1997ж
23 мамырында қабылданған қаулысы мен экология және био ресурстар
мин-дің ережесі бекітілді. Осы қаулыға сәйкес бұл министрілік
Қазақстан аумағында қоршаған ортаны қорғау табиғи байлық қорларын
пайдалану сондай-ақ табиғи ортаның атмосфералық
гидролитиреологиялық және мониторлық құбылыстарын бақылауда
мемлекеттік басқаруды іске асыратын орталық атқару органы болып
табылады.
Қазақстандық Экологиялық басқару мәселелері туралы
құқықтық актілер атап айтқанда ҚР Конституциясы, Жер туралы және
жер қойнауын пайдалану туралы және жер қойнауы, ҚР
Президентінің екі жарлы су және орман кодексі, қоршаған ортаны
қорғау, атмосфералық ауданы қорғау, санитарлық, эпидемиялық жағдайды
жақсарту туралы заңдар мен 20-дан астам үкіметтің қаулылары
қабылданған. Экологиялық басқаруды ж.а. мемлекеттік органдар
жүйесіне жапсырылған. Бұл органдардың қызметтерінің негізгі бағыты
мемлекеттік экологиялық басқаруды жүзеге асрылып болып табылады және
ол барлық органдар үшін ортақ болып келеді. М:Қазақстанда үкімет
және жергілікті өкілді атқарушы органдар прокуратура, экология және
табиғи ресурстар министрлігі, жер ресурстарын басқару комитеті,
санитарлық эпидемиологиялық қызметі, су ресурстары жөніндегі
комитетпен ҚР-ның Ішкі істер министрлігі экологиялық басқару
қызметтерін атқарады. Осы аталған органдардың лауазымды адамдары
үкіметтің заңдылығын қанағаттандырады және олар жобаны мақұлдауға
аяқталған құрылыс объектінің орнын қабылдауға қатысуы шаруашылық
қызметтерін тоқтату мен тыйым салу құқықтық іс қорғау
материалдарын прокуратураға беруге құқылы. ҚР экология және табиғи
ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық
атқарушы органы болып табылады және ол қоршаған ортаны қорғау
туралы заңның 8-бабына сәйкес ведомство үстінен экологиялық
бақылауды жүзеге асырады.

Лекция № 6

Тақырып: Табиғат обьектілеріне меншік құқығы.
Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы
органдары мен олардың табиғат обьектілеріне меншік құқығын іске асару
жөніндегі өкілеттігі
2. Мемлекет – табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Лекцияның мәтіні:
1. ҚР-да табиғи ресурстарға меншік субьектісі Конституцияға сәйкес ҚР-
ның меншік туралы заңымен белгіленеді. Меншік туралы заңның 3-бабында
республика аумағында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі ҚР деп
көрсетілген.
ҚР атынан мемлекеттік меншік иелену, пайдалану және оған билік
ету өкілеттігін тікелей немесе өкімет органдары арқылы ҚР-ның (Жоғарғы)
Парламент...
Табиғи ресурстарға мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды
меншікке алудың нысаны және оны жүзеге асыру мүмкінділігі мен қызметі.
Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы – табиғат
обектілерінің іс жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға берілетін
мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы табиғи ресурстарды иемдену мен
пайдалануды жүзеге асыру қызметі айқындалады.
Табиғи ресурстарды мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи
ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты
иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі.
Мемлекеттің табиғат қорларын иемдену, пайдалану және
билік ету құқығының табиғи ресурстарды пайдаланушылар, иемденушілер
мен кейде билік етушілердің құқығынан ерекшеліктері бар. Мұны
меншік иесі құқығының мазмұнынан айқын ажыратуға болады.
Бірінші ерекшелік. Мемлекет табиғат қорларына өз құқығының
мазмұнын түзіп, оларды меншік иесі ретінде ж.а. Басқалар, табиғат
қорларын иемденушілер, пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген
құқық шеңберінде ғана игілікке асырылады.
Екінші ерекшелік. Мемлекет табиғат қорларына меншік құқығын
мемлекет бойынша, қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін
пайдаланады. Басқа табиғат қорларын иемденушілер, пайдаланушылар
өзіне иемденуге, пайдалануға берген табиғат объектісін өз мүддесі
үшін заңда көрсетілген мақсатта ғана пайдаланады.
Үшінші ерекшелік. Табиғат қорларына мемлекеттің билік
жүргізуі шексіз және оған ешкім шек қоя алмайды, оны тоқтата
да алмайды. Бірақ табиғат қорларына мемлекеттік билік
Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы
келетін заң нормаларының күші болмайды.
Табиғат қорларын мемлекеттен басқа иемденушілер мен
пайдаланушылар заңда белгіленген реттерде белгілі бір шекте
билік ету құқығын пайдалануы мүмкін.
ҚР - ның экологиясын айналадағы қоршаған табиғи ортаны
қорғауда жоғарғы орталықтан басқаратын атқарушы орган болып
табылады. Ол республика өңіріне қарасты ведомство үстінен
мемлекеттік экологиялық басқаруды іске асырады. 1988ж Қазақстанда
тұңғыш рет табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет
құрылды. Ол табиғатты қорғау және табиғи ресурстар қорларын
пайдалану саласын басқару органы ретінде құрылды. Оған бұрынғы
табиғат пен оның байлық қорларын қорғау мен және пайдалану
жұмыстары мен айналысатын министрліктер мен ведомстволардың
барлық басқару және бақылау қызметтері берілді. ҚР-ның
Президентінің 1992ж 7 ақпанында жарыққа шыққан экономикалық
реформа жағдайында ҚР мемлекеттік басқару органдарының және
олардың қызметін одан әрі жетілдіру туралы жарлығын орындау
мақсатында ҚР-ның экология және био ресурстары министрлігі
құрылды. Осыған байланысты экология және табиғатты пайдалану
жөніндегі мемлекеттік комитеті мен ҚР орман шаруашылығы
министрліктің қызметтері ведомство үстінен басқару және
мемлекеттік бақылау жүргізуші орган ретінде тапсырылды. Оның
құрамында заңды тұлғалар құқығы бар мынадай құрамдық бөлімдер
кіреді.
1. Балық қорын қорғау және табиғатты пайдалануды бақылау
жөніндегі бас басқарма.
2. Хайуанаттар әлемін қорғау жөніндегі бас басқарма.
3. Түсті-металдар кенін байыту жөніндегі бас басқарма.
4. Мемлекеттік ғылыми зерттеу және жобалау институтының
негізінде мемлекеттік ғылыми өндірістік өнеркәсіп бірлестігі.
Экологиялық басқару күрделі де көп салалы ұғым және
ол мына мәселелерден туындайды: қоршаған ортаны қорғау мен
табиғатты пайдалануды басқару қызметтерімен, қоршаған ортаны
қорғаумен табиғатты пайдалану механизмдері тиімділігінің кепілдемесіне,
заңдылықтарды қамтамасыз ету тәсілдерімен. Экологиялық басқару ретіндегі
мемлекеттік және басқа да ұйымдардың мақсаттарын төмендегі
қызметтерден түсінуге болады:
Қоршаған ортамен оның шаруашылық және басқа да қызметтері
әсер ететін жеке объектілерін жағдайын бақылау.
Қоғамның барлық заңды тұлғаларымен жеке адамның қоршаған
ортаны қорғауда экологиялық ережелерімен заңды талаптардың дұрыс
орындалуын тексеру.
Қоршаған ортамен оның жеке объектілерін адамның өмірі мен
денсаулығы зиянды әрекеттерден сақтау және оны болдырмау
мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мемлекеттік экологиялық басқару мемлекеттік органдардың жалпы
және арнайы құзіреттері арқылы жузеге асырылады.
Экологиялық заң талаптарының сақталуын тексеру мен қатар
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі м-ті шараларды өткеру
әдістеріне қоршаған ортаны сапалық нормативтері мен зиянды
әрекеттерін анықтау, экологиялық зиянды іс-әрекеттерді тоқтату,
кінәлі адамдарға әкімшілік жолмен шаралар қолдану.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорларды
пайдалануы заңда көрсетілген реттерде пайдаланғаны үшін ақы
алу және басқа нысандарда жузеге асырады.
Табиғи қорларды пайдаланғаны үшін төленетін ақының
нормативтерін тиісті табиғи қорлардың кадастрлық бағалары
негізінде, олардың аралуын, жаңғыртылуын, мүмкіндіктерін, оңайлылығын,
кешенділігі, өнімділігін, орналасқан жерін және басқа факторларды
ескере отырып ҚР-ның Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар
белгілейді. Кадастрлық бағалар болмаған жағдайда нормативтер шарт
негізінде белгіленеді.
Жер иемдену мен жер пайдалануға төленетін ақы жер
учаскесінің сапасына, орналасуына және оның су мен қамтамасыз
етілуіне қарай белгіленетін жер салығы немесе жалдау ақысы
арқылы алынады.
Табиғи қорларды пайдалануға байланысты белгіленген жарналар
мен төлемдер айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі
шараларды қосымша қаржыландыру үшін алынып, республиканың,
жергілікті және қоғамдық табиғат қорғау қорларына жұмсалады.
Жер үшін алынатын төлемдер жердің тиімді пайдалануын
экономикалық әдістермен қамтамасыз етуге және жерге орналастыруға,
жердің құнарлылығын арттырып,оны қорғау жөніндегі шараларды
жүзеге асыруға, сондай-ақ аймақты әлеуметтік - мәдени дамытуға
жұмсалады.
Мемлекеттік табиғи ресурстарды мемлекеттік құрылымдар арқылы
да пайдаланады. Ондай реттерде мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды,
ауылшаруашылық тәжірибе, ғылыми мекемелерді және басқа да
мемлекеттік құрылымдарды құрып, оларға табиғи ресурстарды атқаратын
қызметіне қарай мақсатты пайдалануға береді. Олар өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, орман немесе басқа да салалар өнімдерін өндіруді, сондай-
ақ халықтың әлеуметтік - мәдени қажеттерін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.

Лекция № 7

Тақырып: Табиғатты пайдалану құқығы.
Жоспар:
1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.
2. Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары және негізгі белгілері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Лекцияның мәтіні:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи қорларды
пайдалануы заңда көрсетілген реттерде пайдаланғаны үшін ақы
алу және басқа нысандарда жузеге асырады.
Табиғи қорларды пайдаланғаны үшін төленетін ақының
нормативтерін тиісті табиғи қорлардың кадастрлық бағалары
негізінде, олардың аралуын, жаңғыртылуын, мүмкіндіктерін, оңайлылығын,
кешенділігі, өнімділігін, орналасқан жерін және басқа факторларды
ескере отырып ҚР-ның Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар
белгілейді. Кадастрлық бағалар болмаған жағдайда нормативтер шарт
негізінде белгіленеді.
Жер иемдену мен жер пайдалануға төленетін ақы жер
учаскесінің сапасына, орналасуына және оның су мен қамтамасыз
етілуіне қарай белгіленетін жер салығы немесе жалдау ақысы
арқылы алынады.
Табиғи қорларды пайдалануға байланысты белгіленген жарналар
мен төлемдер айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі
шараларды қосымша қаржыландыру үшін алынып, республиканың,
жергілікті және қоғамдық табиғат қорғау қорларына жұмсалады.
Жер үшін алынатын төлемдер жердің тиімді пайдалануын
экономикалық әдістермен қамтамасыз етуге және жерге орналастыруға,
жердің құнарлылығын арттырып,оны қорғау жөніндегі шараларды
жүзеге асыруға, сондай-ақ аймақты әлеуметтік - мәдени дамытуға
жұмсалады.
Мемлекеттік табиғи ресурстарды мемлекеттік құрылымдар арқылы
да пайдаланады. Ондай реттерде мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды,
ауылшаруашылық тәжірибе, ғылыми мекемелерді және басқа да
мемлекеттік құрылымдарды құрып, оларға табиғи ресурстарды атқаратын
қызметіне қарай мақсатты пайдалануға береді. Олар өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, орман немесе басқа да салалар өнімдерін өндіруді, сондай-
ақ халықтың әлеуметтік - мәдени қажеттерін қанағаттандыруды
қамтамасыз етеді.

Лекция № 8

Тақырып: Табиғатты пайдалану құқығы.
Жоспар:
1. Табиғатты пайдалану құқығының мазмұны.
2. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.
1. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.
2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
3. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.
4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж.
5. Международные эколого-правовое сотрудничество Алматы. Дәнекер
2001ж.
6. Сапарғалиев.Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.
7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.

Лекцияның мәтіні:
1. Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық,
экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи
ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі.
Табиғатты пайдалану құқығының объективтік мағынасы - бұл табиғатты
пайдаланушыларды құқықтары мен міндеттерін, табиғи ресурстарды пайдаланудың
шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын көрсетеді.
Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл
(экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты
табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының
жиынтығы болып табылады.
Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары болып - ғылыми
дәлелдеген, сипаттамалары мақсаты, тиімділік, кешендік, лицензиялау,
квоталау лиметтеу табылады.
Табиғатты пайдаланудың ғылыми дәлелдегенділігі бұл экологиялық
және экономикалық мүдделерді қамти отырып, табиғаттың даму заңдарына
сүйенетінін білдіреді. Табиғатты пайдалану құқығы мақсатты сипатта
жүргізіледі. Бөлек табиғатты пайдаланушыға пайдалану құқығын шешуге
байланысты міндетті түрде фиксацияланып отыратын, нақты табиғи ресурстарды,
учаскелерді, объектілерді және белгіленген мақсатына сай оның бөлігін
мемлекет береді. Мемлекет жер учаскесін азаматқа пайдалануға беру, бұндағы
мақсат - крестьяндық шаруалық жүргізу - жер пайдалану құқығы актісі
әкімдікпен берілетінін көрсетеді. Берілген объектілермен учаскілерді
мақсатына сай пайдаланбағандығы заң бұзушылық болып табылады және табиғат
пайдалану құқығын тоқтатумен алып қоюға әкеп соқтырады.
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - ҚР-ғы жалпы
табиғатты пайдалану құқықтық негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын
сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып
табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі факультатив курстарды өткізу әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру
Биология пәнінен сабақтың типтері және олардың ерекшеліктері
«Дарвинизм»
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Пәндер