Қан қысымы


Қан қысымы.
Қан қысымы негізінен систола кезінде жүректен ағып өткен қанның мелшеріне, яғни жүректің соғу жиілігі мен жиырылу күшіне байланысты. Жүрек систола кезінде қанды негұрлым көп айдаса, қолқада қан қысымы жоғары болады. Қысқаша айтқанда артериядағы қанның қысымы ең алдымен жүректің қызметіне, яғни оның систолалық және минуттық қан келеміне тікелей байланысты. Қазіргі кезде артриялық қысымды анықтауда Коротков тәсілі қолданылады. Ол үшін резиналық үрлегішпен жалғасқан жартылай резеңке манжетаны иыққа ораймыз. Аталған манжетаға бір жағынан қысымды керсететін манометрге жалғасқан, оралған манжетаны үрлеп фонендоскопты шынтақ артериясына қоямыз. Үрлеген кезде иық қысылып, манометр қысым көрсетеді. Манжетадан ауаны жайлап шығарған кезде артерияда пульс пайда болады. Артериялық қан қысымының қисық сызығы төмендегіей 3 түрлі толқыннан тұрады. Қан қысымының I реттік толқыны жүрек соғуының жиілігіне тең, сондықтан да ол пульстік толқын деп аталады. Систола кезінде қан басымы с. б. б. 105-125мм-ге жетеді, бұл ең жоғарғы қысым. Ең төмен қан қысымы диастола кезіне дәл келеді (с. б. б. 60-85мм) . Аталған 2 түрлі қысым пульстік қысымды анықтауға мүмкіндік береді. Пульстік қысым - ең жоғары қысыммен ең төмен қысымның айырмасы: с. б. б. 105-60=45мм, 125-85=40мм.
Пульстік қысым қалыпты жағдайда с. б. б. 40-50мм. Адамның артериялық қысымы әр түрлі жағдайдың әсерінен жоғарылауы не темендеуі мүмкін. Қан қысымының жоғарылауын - гипертензия, ал төмендеуін - гипотензия деп атайды.
Жүрек жұмысын зерттеу әдістері.
Физиологиялық және клиникалық - физологиялық әдістер болып екі топқа бөлінеді.
Жүрек қызметін физиологиялық әдіспен зерттеу үшін жануардың кеуде қуысын ашады да, жазу аспабын тікелей жүрекке тіркейді. Бұл физиологияда «қанды әдіс деп те аталады».
Клиникалық - физиологиялық әдіс жүрек жұмысын қан шығармай тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен әдетте сау адамның да, науқас 1 адамның да жүрегі зерттеледі.
Клиникалық - физиологиялық әдістер:
пальпация (сипап. үстау) - журек түрткісінің орнын табу;
перкуссия (тықылдату) - жүрек шекарасын анықтау;
аускультация (тыңдау) - жүрек дыбыстарын есітіп-тану;
фонокардиография (ФКГ) - жүрек дыбыстарын жазып алу; электрокардиография (ЭКГ) - жүрек биотогын жазып алу; векторкардиография (ВКГ) - жүрек тогының векторлық мөлшерін жазып алу; баллистокардигграфия (БКГ) - жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу;
динамокардиография (ДКГ) - жүректің қан айдауына байланысты кеуде бөлігінің ығысуын жазып алу;
эхокардиография (УЗИ) - ультрадыбысты қолданып, жүректің қан айдау қызметіне байланысты бұлшықет құрылысының, кақпақшаларының және қуыстарының өзгерістерін байқау, рентгенмен зерттеу.
Орталық жүйке жүйесінің атқаратын қызметі
- Әр турлі мұшелермен - тіңдерде орналасқан рецепторлардаң тітіркенуі нәтижесінде түзілген афферентті импульстерді қабылдау;
- Осы тітіркенулерге талдау жасау және эфферентті импульстарды түзу;
- Адам ағзасының өзін қөршаған ортасының қажеттіліктеріне бейімдеу;
- Ағзадағы балық тіндер, мүшелермен жүйелердің қызметтерін бірлестіру;
Мидың негізгі қызметі нейроннан синапстар арқылы электр сигналдарының берілумен синатталады. Синапстар аркылы ми жасушалары өзара әсерлеседі, әр түрлі хабарларды тез әрі сапалы түрде және оған сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің жеке бөлімдерінің физиологиясы
Жұлын.
Бұл омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі. Жұлын ақ және сұр кұрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар дересінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе "Н" әрпіне ұқсайды. Сұр заттың денесінен созылған алдыңғы, артқы бүйір (жуп) ашалары болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр заттың алдыңғы және артқы ашасы ақ затты төрт бағанаға (алдынғы артқы және екі бүйір) бөледі. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді.
Жұлын нейрондары.
Адамның жұлынында 13, 5 млн-лы нейрондар болады. Олардың 97%-і сезгіш және аралық, 3% - қозғалтқыш нейрондар. Қозғалтқыш неррондардың альфа және гамма екі түрі сұр заттың алдыңғы ашасында орналасады. Альфа матонейрон ең үлкен жасуша.
Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттерімен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатын бұлшықет талшықтарының саны оған байланысты бұлшықетті жиыу әртүрлі болмақ Гамма мотонейрон альфа мотонейронның тонусын тежейді. Мотонейрон қозғанда бұлшықет ішіндегі қабылдағыш бұлшықет ұршығы жиырылады. Одан гамма мотонейронға барған серпіністер экстрафузальдык бұлшықетпен жиырылтатын немесе босататын әсерлерге сезімталдығын күшейтеді. Сөйтіп гамма мотонейронның әсерін үдейтеді.
Ми, оның бөлімдері
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Құрылымдық айырмашылықтарына, даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиникалық талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми деп аталатын бес бөлікке бөлінеді. Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі. Ортанғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым, аралық миға-көру төмпешігі (thalamus) көру төмпешігі астындағы құрылым. (Hypotalamus) алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты түпкі (базальдық) ядролар кіреді.
Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми мен бағанын құрады.
Сопақша ми
Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Алайда ондағы сұр зат, жұлындағыдай бірақ жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар кұрып, көптеген ядроларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айналған.
Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен, сопақша мимен байланыстырып түрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен қиылысып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады.
Мишық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz