Қимақтар Қазақстан аумағында


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қимақтар Қазақстан аумағында - IX - X ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметгері бойынша, қумандарБатыс Қазақстан аумағында мекендеген және қимақ, қыпшақ, қуман тайпаларынын үш құрамды бірлестігінің батыс тармағы болған. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Алтай аймағын қумандар мекендеген негізгі өңір деп санау керек. VII ғасырдың ортасында Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін бірқатар түркі тілдес тайпалардың оқшаулануы және сонымен бірге олардың күрделі топтасу үрдісі жүріп жатты. Солтүстік-батыс Алтай менШығыс Қазақстан аумағында қимақтар мен қыпшақтардың этника- лық-мәдени қауымы пайда болады. VIII ғасырдың аяғында қыпшақтардың едәуір тобы, қумандармен бірге қимақтардан бөлініп шығып, Ертістің батысына қарай тураОңтүстік Орал өңіріне дейінгі жерге ірге тебеді. Қыпшақ және қуман тайпалары X ғасырдың аяғына дейін қимақ қағанатына саяси тәуелділікте болып, Ертістен Еділге дейінгі кең-байтақ аумактағы мемлекетке кірді. Ол мемлекет қыпшақ хандарының қолына көшкен кезде қимақтар мен қумандар басқа тайпалармен бірге қыпшақтардың саяси ықпал аясына енді.

Қимақтар қыпшақтар мен қумандардың қоныстануы. VIII ғасырдың ортасына дейін қимақтар, қыпшақтар мен қумандар далалықАлтай, Таулы Алтай мен Ертіс өңірлерін мекендеді. Оңтүстікте қимақтарға Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай аралығындагы Ертіс бойында тұрған қарлүқтар, шығы- сында орталығы Минуса ойпатындағы қырғыздар көрші болды. VIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қимақтар оңтүстік бағытқа жылжып, қарлұктар жеріне қоныстана бастады. IX ғасырдың басында қимақтардың же- келеген топтары Солтүстік-Батыс Жетісу аумағына көшіп барып, тоғыз- ғұздармен көрші болды, ал олардың арасындагы шекара Жоңғар жотасының бойымен өтті. Жоңғар жотасының оңтүстігіне қарай тоғыз-ғұздар мемлекеті орналасты.

Қимақтардың оңтүстікке қарай қозғалуымен бірге VIII ғасырдың екінші жартысында қыпшақтар Ертістен батысқа қарай орын ауыстырды. Әл-Идриси шығармасы мәтіні мен онда келтірілген картографиялык материал деректер қыпшақ тайпаларының жекелеген топтарын Ертіс пен Тобыл өзен- дерінің аралығына орналастыруға мүмкіндік береді. VIII - IX ғасырлар шебінде қыпшақтардың батыс бөлігі печенегтердің солтүстік жағына ірге тебеді. VIII - IX ғасырдың бірінші жартысында печенегтердің Сырдария анғарында және Арал өнірі далаларында тұрғаны мәлім. Демек, қыпшақтар мен печенегтердің шекарасы тікелей Оңтүстік Оралдың оңтүстік-шығысы мен Арал өңірі далаларының солтүстік аймағы аралығынан өткен. IX ғасырдың басында қимақтардың тайпалары Сырдарияның орталық аудандарына жақындайды. IX ғасырдың ортасында печенег конфедерациям оғыздардың, қимақтар мен қарлұқтардың одағынан жеңіліс тапты. Осы оқиғалардың нәтижесінде оғыздар печенег тайпалары одағының Сырдария бойы мен Арал өңірі далаларындағы жерін қаратып алды. Осылайша қалыптасқан жағдайда печенег конфедерациясының тайпалары қоныс аударып, Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарға орналасты. Алайда IX ғасырдың аяғында оғыздар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерді жеңіліске ұшыратты да, Жайық және Еділ өзендерінің аралығын басып алды. Печенег тайпаларынын негізгі көпшілігі Оңтүстік-Шығыс Еуропаға көшіп кетуге мәжбүр болды, ал олардың қалған бөлігі оғыздардың және қимақ-қыпшақ тайпалық бірлестігінің құрамына кірді.

Әл-Идрисидің қумандардың қоныстануына қатысты деректері осы кезге (IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) жатады. Әл-Идрисидің «Сурат әл-ард» картасында Каспий (Бахр әл-хазар) және Арал (Бухайрат әл-Хва- ризм) теңіздерінің солтустік жағында Аскасия таулары орналасқан. Олар солтүстіктен оңтүстікке қарай меридиан бағытында созылып жатыр, шығыс жағы аздап еңістеу деп суреттеледі. Бұл таулардан бірнеше өзен, соның ішінде Каспийге күятын Еділ өзені ағып шығады, бұл топографиялық объ- ектілерді ұқсастыру үшін ерекше маңызды.

Таулардың суреттелген сипатгамасы Аскасияны Орал таулары деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Араб географтары Ибн Сандпен Әбу-л-Фида Аскасияның тау беткейлерінде, оның оңтүстік жағында қумандар мекендеген деп көрсетеді. Картада Аскасияның оңтүстік-шығыс жағында онша қашык емес жерде Тагур таулары көрсетілген, қумандар елінің орталығы мен астанасы Кумания сонда орналасқан. Нақты географиялық схемаға сәйкес, Тагурды Мұғалжар тауларымен салыстыруға болады. Орта ғасыр- лардағы шығармалардың мәтініне қарағанда, Мұғалжар қумандар қоныстанған негізгі аймақ болып табылады. Жазбаша деректемелердің деректерінен көрініп отырғанындай, қумандар Аралдың солтүстік өңірі далалары мен Оңтүстік Орал тауы етегі арасындагы кеңістікте қоныстанған. Олардың оңтүстік жағында - оғыздар (әл-Идрисидің «Кіші» картасына сәйкес) мен қимақтар, батысында - печенегтер, солтүстік-батысында - бұлғарлар, солтүстік-шығысында қыпшақтар орналаскан. Текстологиялық және картографиялық материалдарға жасалған талдау орта ғасырлардагы авторлардың мәліметтерін IX - X ғасырларга жатады деп белгілеуге негіз береді. Қумандар қимақ-кыпшақ бірлестігінің батыстагы тармагы болған.

X ғасырдын басында қимақ мен қыпшақтар оғыздармен бірге Жайық алабында, Арал жэне Каспий өңірлерінің далаларында көшіп жүрген. Бұл тайпалардың қоныстануы араб географтарының орта ғасырлардагы карталарында да көрініс тапқан. Әл-Истахридің «Әлем картасында» қимақтар Арал теңізінің солтүстік және солтүстік-батыс жағындағы жерге орналасқан.

Қыпшақтар Оралдың оңтүстік шегінде башқұрт тайпаларымен шектесіп жатқан. Араб саяхатшысы Ибн Фадлан (X г. ) башқұрттардың осы ауданда мекендегенін көрсетіп, олардың қонысы Багнады өзенінің бойында деп атап өтеді, бұл қазіргі Явындыға сәйкес келетін болар. Қыпшақтардың башқұрттармен тікелей қарым-қатынас жасауы олардың уақыт өте келе мәдениет пен тіл жағынан өзара тығыз араласуына әкеп соқты. Аңыз- әңгімелеріне қараганда, башқұрттың батыс тайпалары қыпшақ бірлестігінен бөлініп, монгол шапқыншылығынан көп бұрын Орал өңіріне қоныстанды. [1]

XI - XII ғасырдағы Қыпшақ хандығы

XI ғасырдың екінші жартысы - XII ғасырдың басында қыпшақ хандарының біршама орталықтануы мен бірлігі қыпшақ тайпаларыныңХорезм жағына қарай, сондай-ақ Жетісудың солтүстік-шығысы мен Оңтүстік Қазақстан ауданына қарай одан әрі жылжуьша себепші болды. XI ғасырдың екінші жартысының бас кезінде қыпшақтар Маңғыстау мен Үстіртте орнығып алды, бұл жерлерде олармен бірге оғыз тайпаларының қалған топтары (ке- шаттар мен чаграқтар) көшіп жүрді.

Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты. Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістенбатысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспийөнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектеріСырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуы

Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуының бастапқы кезендері Махмұд Қашғаридің географиялық картасынан көрініс тапқан, онда олардың мекендеген жері Еділден батысқа қарай, Каспий теңізінің (Бахр Абискун) солтүстік-батысында деп көрсетілген. Ортағасырлық ғалым Еділ өзенінің өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойындағы өзі аттас орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген. Закария Казвинидің (XIII г. ) «Аджаиб әл-махлукат» деген шығармасында келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың екінші жартысына жататын болса керек, онда қыпшақтар орыстардан шығысырақ орналастырылған, ал ол кезде орыстардың жинақы қоныстанған аймағы Орталық Ресей шегінде болатын. Әл-Мустауфидің (XIV ғ. ) картасына сәйкес, қыпшақтар Еділдегі бұлғарлар менСолтүстік Кавказды мекендеген черкестер арасында шоғырланған, бұл да осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың екінші жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді. Қыпшақ хандары оңтүстігінде өз мемлекетінің шегін кеңейтіп, Тараз төңірегіне дейін жетті, онда Қарахандармен шекарада Кенжек Сеңгір бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақпен Қарахан мемлекеті билеушілерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің он жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмұд Қашғари имектерді (кимектерді) Ертіс аңғарына, олардың ертедегі «имек даласы» деп аталған негізгі аумағына шоғырландырады. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда наймандармен, каңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты. Солтүстік-шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің саян-ал- тай ошағымен байланысты болды, ал оны таратушылар қырғыздар, хакастар және басқа тайпалар болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласын Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды- дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғарлар және башқүрттар дүние- сімен өзара әсері XI ғасырдың бірінші жартысы - XIII ғасырдың басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді. Оның бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ғасырдың ортасына дейін башқұрт тілі қимақ тіліне мейлінше жақын болған. Қыпшақтар кемелденген дәуірде қарым-қатынас жасалған этностардың қыпшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.

Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерінде Қимақ қағанаты құрылды. Қимақ атауы кейде йемек түрінде кездеседі. Қытайдың VII ғасырдағы деректерінде оларды яньмо деп те атаған. VII ғасырда теле тайпаларының құрамына кірген қимақтар Солтүстік-Батыс Монғолия жерінің Қобда алқабында мекендеген. Олардың шығысында оғыздар, оңтүстігінде түркештер мен қарлұқтар қоныстанған. VII ғасырдың ортасына қарай қимақтар Алтай таулары мен Ертіс өңіріне қоныс аударады. VIII-IX ғасырларда Қимақ Одағына көптеген түркі тайпалары енеді. Соның ішінде ең көбі - қыпшақтар. Осы кезеңде Қимақтар Одағына кірген тайпалар үш бағытта жер кеңітті: солтүстік-батыс бағытта - Оңтүстік Оралға дейінгі жерлер, оңтүстік-батыс бағытында Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанның басқа жерлері; оңтүстікте Солтүстік-шығыс Жетісу жерлері. Осы кезеңде қимақтар Алтай, Тарбағатай таулары] ], Алакөл ойпатын түгелімен иемденді.

IX ғасырдың ортасына қарай қимақтар құрамына бұрын Ұйғыр қағанатына кірген эймур, байандүр, татар тайпалары қосылып, қимақтар жеті тайпадан тұрды. Олар:

  1. эймур,
  2. имақ,
  3. татар,
  4. байандур,
  5. қыпшақ,
  6. ланиказ,
  7. ажлар.

Осы тайпалардың ішіндегі эймур Оғыздар бірлестігінің арасында да, он екі ұйғыр тайпаларының арасында да аталады. Имақ тайпасы осы қимақ конфедерациясында билеуші, ұйтқы болған тайпа. Татарлар да сол заманғы Оғыз, Тоғыз-оғыз (ұйғыр) одақтарының құрамында аталатын тайпалар. Олар да түркі тілдес. Қыпшактар Қимақ Одағындағы үлкен тайпалардың бірі. Қимақтар мен қыпшақтарды кейбір зерттеушілер бір жұрт деп те есептейді.

Қыпшақ даласы

Кыпшақтар Қимақтар Одағына кіргенмен, VIII ғасырдан бастап өзін-өзі билеуге, дербестікке ұмтылады. Қимақтар көшпелі болғанымен, олар да қалалар салған. Малы жұтап, не жау айдап кеткен қимақтар отырықшылыққа айналды, олардыжатақдеп атады.

IX-XI , ата-бабарухына, отқа, Күнгетабынды. Сонымен қатар қимақтардың кей тобы сол кезде Шығыс Түркістан жерінде көп таралғанманихейдініне де құлшылық етті. Сондай-ак дініде таралып келе жатты.

Бейбіт замандарда қимақтар мен оғыздар бір-бірінің жерлерінде көшіп-қонып жүрген. Бұлшаруашылық-мәдени араластық қимақ-қыпшақтар мен оғыз тайпаларыныңтіл, тұрмыс, мәдениетжағынан жиқындасуына себеп болған.

Мервкаласында тұрғанпарсылықақын әрі жиһангез, мемлекет шенеунігіНасыр Хосроу1045жылы Алтайдан Еділге дейінгі жердіДешті Қыпшақ, яғниҚыпшақ даласы" деп атады. Бұған дейін бұл аймақты араб географтары "Оғыздар даласы" деп келген болатын.

1055жылыРесейжерінің оңтүстігін жаулап алған қыпшақтардыполовцыдеп атады. "Половец" деген сөз қыпшактардың лақап аты "сарыдан" шығады. Сарыны орыстар "желтый", "половый" деп, содан "половец", "половцы" деген ат қалыптасты. Аты белгісіз парсы тарихшысы: "Еділ мен Дон өзенінің арасы бұрын осы жерде мекендеген хазарлар атымен "Хазар даласы"деп аталушы еді, енді бұл жер "Қыпшақ даласы" деп аталады", - дейді. Дунайбойындағы венгрлері қыпшақтарды олардың бір атасы "құнан қыпшақтардың" атауымен "құнан" деп атады. "Құнанның" бұрмаланған түрі "қоман" қыпшақтардың тағы бір атауына айналды.

және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінген. Шығыс бірлестік Қазақстан аумағында құрылды. Оған 8 ірі тайпа және 8 ру кірді.

Ең бірінші жәнө басшы тайпа бөрілер (елбөрілер) . Қыпшақ хандарының бәрі осы тайпадан шығып отырған. Бұл тайпа деп есептеген. Аңыз бойынша, көне түркілер өздерін бөріден таралдық деп, бөрілі байрақ ұстаған, бөріге табынған. Екіншісі - тоқсоба. Бұл тайпаның аты "тоғыз тайпалы" деген мағына береді, таңдаулы ата болып саналады. Үшіншісі - йетитайпалы, "жеті рудан құралған" дегенді білдіреді. Төртінші - төртоба, бұл "төрт тайпалы" - дегенді білдіреді. Бесіншісі - әл-арс. Алтыншы тайпа - біржоғлы, олар оңтүстік орыс далаларында қыпшақтардың үстемдігін құрған, Египеттеөз ортасынан мәмлүк-сұлтандар әулетін шығарған. Жетіншісі - маңқұроғлы, олар қимақтардың бір руы болса керек. Сегізіншісі - имақ (қимақ) тайпасы. Қыпшақтардың батыс бірлестігіне 11 тайпа кірген. Олардың біразының аты Шығыс бірлестік құрамында да аталады.

Қыпшақтар бірлестігіне кірген тайпалардың таза қыпшақтардан ғана емес басқа тайпалардан да енгенін байқаймыз.

Қыпшақ кауымдастығының калыптасуына XII ғасырда Сырдың төменгі ағысы мен Арал маңында өмір сүрген қаңлылар белсенді қатысқан. Қыпшақтар құрамына соныменқатар қарлұқтар, жікілдер, қайлар, баяттар, азкиштер(азкісі), түркештоптары кірді.

Ежелгі ортағасыр кезені (VI-XII-ғ. ) казірғі Қазакстан жерлерінде тілдік және саяси жағдайлардын өзгерулеріне тікелей байланысты больш келеді.

Осы кезде осы жерлерде туріктілдес халықтар этникалық және саяси үстемдікке ие болады. Өзгерістер негізінен Орталық Азия даласының шығыс бөлігінде оқиғаларға байланысты болды. VI-ғасырдың орта шенінде аталған өңірде түрік деп аталатын тайпалар одағының мемлекеті - ұлы Түрік кағанаты бой көтерді.

Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Онтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді. Батыс Түрік мемлекеті Орта Азияны. Жонғарияны және Шығыс Түркістанның біраз бөлігін камтыды. Сарыарка да Батыс түрік қағанатының шекараларына енетін. Сөйтіп, батыс түрік хандарының кол астына отырықшы да, көшпелі де халыктар кірді. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. карлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.

Көне турік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы ғрамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.

VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасады. Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге өте қолайлы болды [Лившиц, 1980, б. 3-13] .

Көне түркі жазуын алғаш рет Енесай бойында 18-ғасырдың 20-жылдары Петр I-нің қызметінде болған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оның жолсерігі, тұтқын швед офицері И. Страленберг ашқан еді. Скандинавтық руна жазуына ұқсас болғандықтан олар түрік жазуын «руна жазуы» деп атады. Ол ғылымда солайша қалыптасып калды. Кейін де тағы басқа ашылулар жалғасты. 1889-жылы дат ғалымы В. Томсен әріптің кілтін тауып, ең алғашқы мәтінді оқыды. Енесайден басқа түріктердің руна жазуы Моңғолиядан, Жетісудан, Шығыс Қазақстаннан, Төменгі Еділ бойы, Дон бойы, Солтүстік Кавказдан табылды. Солардың қатарында ең танымалдары - Білге қаған мен оның інісі Күлтегін қолбасшыға, Тоныкөкке арналған ескерткіштер.

Түріктердің руна жазуы ұзак пайдаланылуда болып, XI-XII ғасырларда қолданыстан шығады. Ғалымдардың пікірінше, түріктердің ислам дінін қабылдауына байланысты, руна жазуын араб жазуы ығыстырып шығарған [Лившиц, 1989, б. 78-84; Борисов, 1948, б. 105-108] .

Қазақстанның далалы жерлерінде Сырдария мен Балқаштан солтүстікке қарай VIII-ғасырдан бастап орталығы Ертісте болған қимактар күшейе түседі. Қимақ билеушісі түріктің ең жоғары атағы - "қағанды" қабылдайды. X0-ғ. ғалымы әл-Хорезми былай дейді: «Хақан - түріктердің негізгі патшасы. Хақан - көсемнің көсемі, парсылардағы шаханшах, яки хандардың ханы деген сөз». Қағанның ұлы, Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки атты адам кітап жазып, оны кейін 12-ғасырда араб географы әл-Идриси қимақ елін сипаттаған еңбегінде пайдаланады. Араб ғалымы өз еңбегінде қимақтардың қалаларда тұратын, жеке билігі бар билеушілерінің болғанын жазады [История Казахстана, Т. 1, 1996] . Бұл кезде қимақ мемлекетінің ықпалына қыпшақ тайпалары де енді.

І-мыңжылдықтың соңындағы осы тайпалардың ролін С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сұлтанов былайша сипаттайды: «8-10-ғасырларда алдымен Алтайда, Ертіс өңірі мен Шығыс Қазақстанда, кейін Орал өңірі мен Орталық Қазақстанда қимақтар мен қыпшақтардың үстемдігі осындай үлкен далалық өңірдеге анықтаушы факторға айналды» [Кляшторный, Султанов, 2000, б. 109-110] .

XI-ғасырдан бастап өлкедегі билік қыпшақтарға өтеді. Осыдан былай Еділден (Итиль, Волга) Алтайға дейінгі жерлер парсы-араб тілді әдебиеттерде Дәшті Қыпшак (Қыпшак даласы) деп аталып кетеді. Қыпшақ дәуірі басталып, қыпшақ тілі диалектісі таралады. Кейін, Еділдің аржағындағы Қара теңіз жағалауларына дейін қыпшақ тайпалары қоныс тебеді. Сондықтан, қазіргі ғылымда Қазақстан территориясын Шығыс Дәшті Кыпшаққа жатқызады. XIII-ғасырда моңғол шапқыншылығы барысында (оған моңғол да, түрік тайпалары да қатысқан) қыпшақ мемлекеті құласа да, қыпшақ тілі орныға түсіп, жаулап алушылар тіліне айналып, одан да әрмен тарала түседі.

Шығыс Сарыарқаның әр жерлерінен көне түріктер мен қыпшақтарға тән археологиялық ескерткіштер табылған.

Азиядағы көне түрік ескерткіштеріне тән ерекшелік - адамды атымен жерлеген обалар мен гұрыптык қоршаулар болып табылады. Ескерткіштің осындай түрлері Сарыарқадан да табылған.

1957 жылы М. Қ. Қадырбаев Тоқырауын өзені бойындағы Егізқойтас сайындағы (Ақтоғай ауданы) VI-VII-ғасырларда адамды атымен жерлеген обаны зерттеді [Кадырбаев, 1959, б. 184-186] . Жерлеу тереңдігі 2 метрге жуық үлкен қабірде (2, 10 х 1, 90 м) атқарылған. Адам сүйегі қабірдің солтүстік бөлігінде, жылқынікі оңтүстік бөлігінде орналасқан. Мәйіт шалқасынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылған. Оның жақ сүйегінің жанында садақ оғының жебесі, кеудесінде қабық қорамсаның қалдығы табылған. Қорамсаны ілуге арналған темір шығыршық қара-жасыл жібектен жасалған белбеуге бекітілген. Осы жібек белдіктің іліп қоятын тас бұйымы мен белбеудің қоладан жасалған тоғасы сияқты қалдықтары табылған. Марқұмның сол қол саусақтары тұсында темір пышақ болды. Марқұммен о дүниеге бірге барады деп саналатын құрбандыққа шалынған аты ноқта-жүген кигізіліп, ерттеліп жатқызылған қалпында жерленген. Жылқы денесімен батысқа қаратылғанымен мойны солтүстікке қарай бүрылып қойылған. Адам мен жылқы сүйегінің арасында о дүниелік азық - қой санының сүйектері жатыр. Қабір топырақ, таспен көміліп, үстіне диаметрі 7 м, биіктігі 0, 60 м тас оба тұрғызылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимақ тайпаларының конфедерациясы
Қимақтардың шығу тегі
Қимақ мемлекеті
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттер
Көне түріктер
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Кимек қағанаты
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарахан, қыпшақтардағы билеу жүйесі, жер иелену түрлері және мемлекеттігі дамыған орта ғасырдағы көшпелі саяси бірлестіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz