Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-10
ТАРАУ І. Қылмыстық құқықтығы жазаның және қылмыстық жазаның мақсаттарының ұғымы . . . 11-39
1. 1. Жазаның жалпы ұғымы мен белгілері . . . 11-24
1. 2. Қылмыстық жазаның мақсаттарының түсінігі . . . 24-29
1. 3. Жазасын өтеп шыққандардың әлеуметтік мәселелерін шешудің жазаның мақсаттарына қол жеткізудегі маңызы . . . 30-39
ТАРАУ ІІ. Қылмыстық жазаның мақсаттары . . . 40-60
ІІ. 1. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жазаның аса маңызды мақсаты ретінде . . . 40-45
ІІ. 2. Сотталғандарды түзету . . . 46-55
ІІ. 3. Жаңа қылмыстардың жасалуынан сақтандыру . . . 55-60
Қорытынды . . . 61-64
Пайдаланған әдебиеттер . . . 65-67
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі көптеген қылмыстардың құрамын жаңадан бекітіп ғана қоймай сонымен бірге жаза мәселесіне де жаңа сападан, жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырған деп айтуға негіз бар. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы бола отырып қылмыстық жаза қылмыстық құқықтың аса маңызды институты болып қала беретіндігі белгілі. Осыған байланысты қазақстанның қылмыстық құқығындағы жаза мәселесі және қылмыстық жазаның мақсаттарымен байланысты мәселелер қазіргі уақытта үлкен маңызға ие болып отыр.
Өзіміз таңдап алған тақырыбымыздың өзіндік ерекшеліктеріне сай біз зерттеу жұмысымыздың мазмұнында құқықтық-нормативтік актілерді, оқулық әдебиеттерді, зерттеу әдебиеттерін талдау негізінде «қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізудің қылмыстылықпен күрестегі маңызы» тақырыбын терең ашуға тырыстық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38-баб. 2-бөлім. қылмыстық жазаның төмендегідей нақты мақсаттарын бекіткен атап айтқанда, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру , сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру болып табылады.
Қоғамдағы қылмыстылықтың алдын алудағы әралуан жүйелердің арасында шешуші маңыз әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық пен басқару, идеологиялық, құқықтық және мәдени-тәрбиелеушілік сипаттағы шараларға беріледі.
Алайда қылмыстық заң бұзылған кезде, яғни жасалған қылмыспен күресте жаза қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың қажетті құралы ретінде сақталып қалады. Дегенмен бас бостандығынан айыру түріндегі жаза заңға қандай сәйкестікте де жүзеге асырылғанымен түзету колониясының жағдайында сотталған адамның жеке басындағы жағымды өзгерістерге қол жеткізудің өте күрделі іс болып табылатындығын мойындаған дұрыс. Сотталғандарды түзету қоғам мен мемлекеттің стратегиялық қажеттіліктеріне, қоғам өмірін демократиялау мен ізгілендірудің мүдделеріне ақыр аяғында, сотталған адамды түзетіп қалыпты қоғамдық-пайдалы қызметке қайтып оралуына, құқыққа сай жүріп-тұратын азаматтың дағдылары мен қажеттіліктерін сіңіруге жауап береді. Аталған мақсат сонымен бірге сотталғандардың түзелуін бірінші кезекке қоятын қылмыскерлерге қараудың халықаралық стандарттарына да сай келеді.
Қылмыстылықтың, соның ішінде қылмыстың қайталануының алдын алуда, яғни олардан сақтандыру бағытындағы қазіргі кезеңде ұйымдастырылып жүзеге асырылуы тиіс шаралардың бірі болып қылмыстың алдын алу мәселесін жан-жақты зерттеу және осының негізінде кепіл-кеңестерді тұжырымдау және де оларды тәжірибеде қолданудың тетіктерін жасақтау болып табылады.
1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне еңгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі еліміздің 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен принциптеріне негізделген. Еліміздің ата заңында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп бекітілген [1, 8. ] . Аталған конституциялық нормада мемлекетіміздің тағайынының ең басты қағидасы, ашылып көрсетілген және де ол мемлекеттің барлық құрылымдары үшін бұлжытпай орындалуы міндеттілігін жүктейді.
Еліміздің ұлттық құқық жүйесінің құрамдас бөлшегі болып табылатын қылмыстық құқық саласы да адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға арналған нормативті ережелердің жиынтығын құрайды.
Қылмыстық құқыққа теоретикалық негізде алғандағы жалпы құқық құбылысына тән ортақ белгілер тиісті болғанымен, қылмыс құқығы айта қаларлықтай өзіндік ерекшеліктерге ие деп ойлаймыз. Аталған ерекшелікті біздің ойымызша мынадан байқауға болатындай. Мәселен салыстырылмалы түрде азаматтық қатынастарды алсақ, олар заңмен рұқсат етілген қатынастар яғни субъектінің мүмкін жүріс-тұрысын белгілейтін нормалардан тұратыны белгілі. Ал қылмыс немесе қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғушылық, заңмен қатаң тыйым салынған әрекеттер болып табылады басқаша айтқанда, қоғамда қылмыс болмауы тиіс. Алайда адамзат өркениетінің дамуы барысында өмір сүріп келе жатқан мемлекеттердің ешқайсысы қылмыстылық мәселесін түбегейлі шешкен емес. Жалпы қылмыстық-құқылық қатынас қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады яғни әрбір қылмыс жасаған адам қоғамға қауіпті әрекеттердің нәтижесінде ол қатынастардың пайда болуының бастаушысы болып табылады. Мемлекет қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғушылықтың қандай зияны бар екенін ескере отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын жәнеде мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық-құқылық нормаларды бекітеді.
Мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған нормативті-құқықтық акті бола отырып қылмыстық құқық қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелері, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін ережелер болып табылады.
Қылмыстық құқықтың қылмыстылықпен күрестегі міндетін барынша қарқынды түрде жүзеге асырудағы тиімді құралдардың бірі қылмыстық жазалау арқылы қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыс жүріс-тұрыстың кез келген ауытқушылық түрі сияқты қажеттіліктер мен мүдделердің және қоғамда бекітілген моральдық және құқықтық талаптар арасындағы қайшылықтарды шешудің қақтығыстық тәсілдерімен сипатталады. Жүріс-тұрыстың әлдеқандай үлгісін адамның таңдап алуына сыртқы факторлар әлеуметтік жағдайлар және өмірдегі нақты ситуацияның да, сонымен бірге жеке адамның қоғамдық интеграциясының салдары болып табылатын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сонымен қатар адам оның жүріс-тұрысын қоғамның қалай бағалайтындығын және ол жүріс-тұрыстың бекітілген заңдар және ережелермен қалай сәйкесетіндігін ескерусіз қалдыра алмайды.
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы, арнайы сақтандару функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
« Қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізудің қылмыстылықпен күрестегі маңызы » атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызда біз қылмыстық жаза ұғымының теориялық, құқықтық және әлеуметтік маңыздылығын ашып көрсетуге тырыстық. Қылмыстық жаза оның мақсаттары, қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы және қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізу құралдарын дамыту мен жетілдіру мәселелері қазіргі уақытта өте көкейтесті деп ойлаймыз. «Құқықтық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін құралдардың бірі дұрыс айқындалған қылмыстық-құқықтық саясат болып табылады. Біздің елімізде бұл адамды, оның өмірін, құқықтарын, бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп жариялаған Негізгі Заңнан келіп шығады. Заң бұзушыларға қарсы қатаң жазалау шараларынан бас тарта отырып, мемлекет олардың жауапкершілігінің ақылға қонымды түрлерін орнықтырады, ол құқықтық саясаттан және жазаны орындау жүйесін ырықтандырудан көрінеді. Нәтижесінде, егер осыдан біраз ғана бұрын Қазақстан бас бостандығынан айырылғандардың саны жағынан әрбір 100, 000 адамға шаққанда АҚШ пен Ресейден кейін дүние жүзінде үшінші орында тұрса, бұл көрсеткіш бойынша ол қазір 24-позицияға түсті» [2, 92] .
Біздің ойымызша қылмыстық жазаның жоғарыда аталып көрсетілген мақсаттарына қол жеткізудің қылмыстылықпен күресте, соның ішінде қылмыстың қайталануына жол бермеудегі маңызы аса зор.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Қазақстан Республикасында 2006 жылы тіркелген 128, 041 қылмыстың 10235-і, яғни 13, 4%-ы бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған, ал 2007 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш төмендегідей болған жалпы тіркелген 114705 қылмыстың 8599-ы, яғни 11, 5%-ы бұрын қылмыс жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалармен жасалған. Баспасөз беттерінде жарияланған деректерге қарағанда бір мектеп оқушысы үшін бір жылда мемлекет қазынасынан шамамен 18 мың, бір студент үшін 66 мың, бас бостандығынан айыруға сотталған адамды ұстау үшін 370 мың теңге жұмсалады екен. Қылмыстық жазаның өз мақсатына қол жеткізбеуі өз кезегінде көрсетілген қаржаттың текке жұмсалғандығын көрсетпей ме?
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық жазаның атқарылуы мен оның мақсатарына қол жеткізу мәселелерін арнайы қарастырған зерттеу жұмыстары баршылық олардың қатарына мына көрсетілген авторлардың М. Д. Шаргордский «Наказание, его цели и эффективность», Г. Ф. Хохряков «Наказание в виде лишения свободы: оценка эффективности», И. В. Каретников «Криминологические проблемы исполнения и отбывания уголовного наказания в виде лишения наказания» атты тақырыптарда жүргізілген зерттеу жұмыстары құрайды. Қазақстандық зерттеушілерге қатысты айтар болсақ қылмыстық жазаның атқарылуының әртүрлі аспектілеріне Д. С. Чукмайтов, А. Сманов, Р. Жансараева, Г. Вардаев, С. Жорабеков зерттеу жүргізген. Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда мүмкіндігінше аталған жұмыстарды пайдаландық.
Зерттеу объектісі. Зерттеудің объектісі болып қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізу өрісінде пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау арқылы қылмыстық жазаның мақсаттарына және оларға қол жеткізудің қылмыстылыққа қарсы күрестегі маңызына және жаза институтына қылмыстық-құқықтық баға беру болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей негізгі міндеттерді шеуге тырыстық: қылмыстық жазаның жалпы ұғымын ашу, қылмыстық жазаның мақсаттарына қылмыстық-құқықтық баға беру, қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізудің қылмыстылықпен күрестегі маңызына назар аудару, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың қылмыстық жазаның мақсатарымен арақатынасының ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемесі. Дипломдық жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеудің ортақ және арнайы заңи әдістері қолданылды.
Тарихи-салыстымалы тәсіл мәселені зерттеуде қолданылатын әртүрлі тәсілдерді талдау арқылы қылмыстық жазаны қолдану мен қылмыстық жазаның мақсаттарының ортақ және өзіндік ерекшеліктерін ашу мүмкіндігіне ие боламыз және қылмыстық заңнаманың дамытылуының нақты сатыларында, қоғамдық қатынастардың дамуы үрдісіндегі өзгерістерге салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы оларды бағалау мүмкін болады.
Логикалық тәсіл қылмыстық жазаның мақсаттарының пайда болуы мен әрекет етуінің ішкі заңдылықтарын ашуға, логика нормаларының негізінде жазаның мақсаттарына қылмыстық-құқықтық сипаттама жасауға мүмкіндікті пайда қылады.
Диалектикалық тәсіл жалпыдан жекеге өту барысында қылмыстық жазаның, оның қолданылуының тікелей нақты мақсаттарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды. Сонымен қатар дипломдық жұмыста әлеуметтану, психология, криминология ғылымдарының қылмыстық жазаның мақсатарына қол жеткізу және оның қылмыстылықпен күрестегі маңызына қатысты жаңа тұжырымдары өзінің көріністерін тапты.
Дипломдық жұмыстың эмпирикалық негіздері. Дипломдық жұмысты орындау барысында біз өз мүмкіндігімізше қылмыстық жазаның мақсаттарына қатысты тек теориялық тұжырымдарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық жазаны өтеуге байланысты түзеу мекемелерінің жұмыстарына талдау жасауға, олардың қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарының жазаның мақсаттарына қол жеткізудегі тиімділігін қарастырдық. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының ақпараттық - статистикалық материалдары, Маңғыстау облысы жергілікті соттарының жұмыстары туралы негізгі статистикалық ақпараттар пайдаланылып оларға талдау жасалды. Сонымен бірге Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармаларының тергеу изоляторлары және арнайы есепке алу саласы бойынша қызметінің 2006-2007 жылдары жасалған жұмыстарының шолуы, еліміздің түзеу мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстардың жәй-күйі туралы шолу пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестендірілген және қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ТАРАУ І. Қылмыстық құқықтығы жазаның және қылмыстық жазаның мақсаттарының ұғымы
1. 1. Жазаның жалпы ұғымы мен белгілері
Қоғамдағы қылмыстың алдын алудағы әралуан жүйелердің арасында шешуші рол, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық пен басқару, идеологиялық, құқықтық және мәдени - тәрбиелеушілік сипаттағы шараларға беріледі. Алайда қылмыстық заң бұзылған кезде, яғни жасалған қылмыспен күресте жаза, қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың қажетті құралы ретінде сақталып қалады.
Әрбір қылмыстық-құқылық норманың санкциясында қарастырылған жазаланушылық кез-келген қылмыстың міндетті белгісі болып табылады - қылмыстық құқыққа қайшылықтың белгісі. Жазалануға жатпайтын қылмыстың болмауы сияқты қылмыссыз жаза да болмайды.
Қазіргі замандағы жазаға байланысты қылмыстық саясат екі негізгі бағытта жүргізіледі. Бірінше - қатаң жазаның сақталуы және қажет болған жағдайда оларды қылмыскер рецидивистерге және ауыр қылмыстарға кінәлі адамдарға қатысты күшейту. Екінші бағыт - қоғамдық қауіптілігі төмен немесе онша ауыр емес қылмыстарды бірінші рет жасауда кінәлі адамдарға қатысты жазаны жеңілдету немесе жазаны, ондай адамдарға ықпал етудің өзге шараларымен ауыстыру.
Жаза норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметінде заңдылық, гуманизм, демократизм және жауапкершілікті дербестендіру принциптерімен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.
«Жаза - бұл қылмыстық заңмен қарастырылған, қылмыс жасаған адамға соттық айыптау үкімі арқылы қолданылатын жазаға тартылған адамның құқықтарын және бостандықтарын шектеуден тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы»[3, 31. ] . Жаза әрдайым мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Кез-келген қылмыстық жазаның өзіндік жапа шектіру ерекшеліктері де осыдан көрініс табады. Сотталған қылмыскердің жеке басының еңбек және мүліктік құқықтарын шектеуден жазаның жапа шектірушілік қасиеттерін байқауға болады.
Жаза - мемлекеттік ықпал ету шарасы. Аталған принцип оның тек қылмыстық заңда бекілетіндігін білдіреді. Жазаның қылмыстық заңда ғана қарастырылатындығы қылмыстық-құқылық нормалардың санкциясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде негізінен санкцияның екі түрі көрсетілген. Олар салыстырмалы - айқындалған және баламалы санкциялар болып табылады. Салыстармалы - айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп белгілейді. Кейбір реттерде қылмыстық-құқылық нормада жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Аталған жағдайда жазаның төменгі шегі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімдерінің ережелеріне сәйкес: бас бостандығынан айыру үшін - 6 ай, түзеу жұмысы үшін - 2 ай мерзім деп есептелуі тиіс. Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларында жазаның төменгі және жоғарғы шегі көрсетіледі. Санкцияның мұндай түрі қатысушылықпен жасалған қылмыстар бойынша жаза тағайындау барысында әрбір қатысушының қылмысқа қатысудағы ролін, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып әрбір жасалған қылмыстардың мән-жайларына қатысты жазаны даралап тағайындауға зор мүмкіндік береді. Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе оданда көп түрінің біреуін таңдап алып қолдануға мүмкіндік береді. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қөзқарасына, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу - екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (141-бап, 1-бөлігі) . Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең әділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді.
Қылмыстық жаза тек сотпен және айыптау үкімі арқылы тағайындалады. Ешқандай басқа мемлекеттік органның, қоғамдық ұйымдардың қылмыстық жазаны қолдануға құқығы жоқ. Бұл қылмыстық жазалау саясатының конституцияда бекітілген принципі болып табылады. Конституцияның 77 бабының 3 бөлігінің 1 бөлімшесінде: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді - деп бекітілген[4, 34. ] . Бұдан шығатын қортынды егер адамның белгілі бір қылмысқа кінәлілігі сотта дәлелденбесе ол адамға қылмыстық жазаны қолдануға ешқандай негіз болмайды. Сонымен қатар конституцияның 76-бабында сот шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатындығы бекітілген 3 . Қылмыстық жазаны анықтау мен қолданудың негіздемесі, тек қылмыс болып табылады. Құқықтың басқа салаларында тиісінше өзге негіздемлер әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік теріс қылық, азаматтық-құқықтық деликтер болуы мүмкін.
Қылмыстық жазалардың жүйесі тұтастай алғанда және әрбір жекелеген түрі өзінің қаталдығы бойынша құқықтық жауапкершіліктің басқа түрлерімен салыстарғанда репрессивтік мәніске ие болады. Олар сотталғандардың құқықтық шектелуінің көлемі бойынша және мемлекет атынан шығарылатын соттың айыптау үкімінде жазаны тағайындау фактісінде көрсетілетін моралдық - саяси айыптаушылығы бойынша да қаталырақ болады. Сонымен қатар кез-келген қылмыстық жаза сотталғандық атағына ие қылады.
Жаза жүйесі (қылмыстық) құқықтың өзге салаларындағы құқықтық жауаптылық түрлері жүйесімен салыстырғанда кеңірек және бас бостандығынан айыру сияқты жазаның кейбір түрлері тек қылмыстық құқыққа ғана тән болады. Қылмыстық жаза қылмыскерді, оған тиісті белгілі бір игіліктерден айырады және қылмыскер мен оның іс-әрекетінің мемлекетпен теріс бағалануын білдіреді. Қылмыстық жаза ол қолданылған тұлғаға сөзсіз жапа шектірді. Жазаның нақ осы қасиеті оның қажетті белгісі болып табылып оны жаза ретінде нақтылайды. Жапа шектіру, жаза арқылы қылмыскерлерді қорқыту үшін және қоғамға қауіпті, тұрақсыз элементтерге әсер етуге қажет. Алайда жапа шектіруді, қылмыстық жазаны қолданудың бірден-бір мақсаты ретінде түсінбеуіміз керек.
Жазаның жапа шектіруі нәтижесінде ол объективті түрде және сөзсіз қылмыскерге және айналасындағы адамдарға психикалық ықпал етеді, жалпы және арнайы привентивті яғни, алдын-алу ықпалын тигізеді. Себебі, қылмыскерде, өзге тұлғаларда жаза арқылы жапа шегуге ұшырағысы келмейді. Әрине, қылмыстық жазаның белгілі бір тұлғаға қолданылуы ол адамның одан кейін ешқандай қылмыс жасамауына кепілдік әсте бермейді. Дегенменде жазалардың қандай жүйесі қабылданып, олар қалай қолданылса да жаза әрқашан алдын алушылық ықпалын тигізген және тигізеді. Себебі қоғам мүшелерінің белгілі бір көпшілігі қылмыстық жазалаудан қорыққандықтан қылмыс жасаудан бас тартады.
Қылмыстың алдын алу үшін мемлекетпен алынатын шаралар шеңбері тек жазалау шараларымен салыстырғанда әлдеқайда кең. Олардың арасында жаза сипатына ие болмайтын мәжбүрлеу шаралары бар (медициналық, тәрбиелік) . Мәжбүрлеу шаралары болып табылмайтын қылмыстың әлеуметтік себептерімен күрес шаралары. Мысалы, салауатты өмір салтын насихаттау, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу саясатын жүзеге асыру т. б. Қоғаммен қолданылатын қылмыстылықпен күрес шаралары кей реттерде мәжбүрлеу шаралары бола отырып ешқашан да жазалау шаралары болып табылмайды.
Егерде қылмыстың жасалауының алдын алу үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жапа шектірмейтін болса ол жазалау шарасы болып табылмайды, ол тәрбиелеу сипатындағы немесе қауіпсіздік шарасы болуы мүмкін. Атап айтқанда олардың қатарына қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді жасаған кәмелетке толмағандарға қарсы қолданылатын тәрбиелеу шараларын жатқызуға болады. Егер мәжбүрлеу шарасында теріс баға беру болса және ол қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің алдын алу мақсатын көздесе, бірақ міндетті түрде жапа шектіруі тиіс деген ұғым қалыптаспуы керек. Егер мәжбүрлеу шарасында теріс бағалау элементі болмаса ол да жазалау шарасы болып табылмайды. Ондай шаралар қатарына есі дұрыс еместерге қолданылатын медициналық мәжбүрлеу шараларын жатқызамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz