Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Қылмысты саралау ұғымы . . . 4

  1. 1. Қылмысты саралаудың ұғымы мен түрлері . . . 4
  1. 2. Қылмысты саралау үрдісінің кезеңдері мен қағидалары . . . 8

2. Қылмысты саралаудың арнайы ережелері . . . 15

2. 1. Қылмыстық іс әрекет аяқталмаған кезде саралау . . . 15

2. 2. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды саралау . . . 20

Қорытынды . . . 25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Біздің курстық жұмысымыздың тақырыбы «Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері» деп аталады.

Аталған тақырыптың маңыздылығы біздің пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден, қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден, қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден, қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады. Біздің ойымызша такырыптың тағы бір өзектілігі отандық заң тану ғылымында жеткілікті дәрежеде оның зерттелмегендігі болып табылады.

Курстық жұмысты орындау барысындағы шешімі қиын мәселенің бірі қылмысты саралау тақырыбының әдістемелік негіздерін, теоретикалық ұғымдарын барынша толыққанды зерттеген ғылыми еңбектердің бұдан біраз уақыт бұрын жазылғандығының және оларды тауып жұмысты орындау барысында пайдалану мүмкіндігінің тым шектеулі екендігі. Аталған тақырыпқа біршама толық зерттеу жүргізген кеңестік заңгер-ғалым В. Н. Кудрявцев оның орыс тілінде жазылған «Теоретические основы квалификации преступлений» атты еңбегін және аталған автордың «Общая теория квалификации преступлений» деп аталатын еңбектерін біз өз жұмысымызға пайдаландық. Академик В. Н. Кудрявцевтің жұмысында қылмыс жасалуының нақты оқиғаларына қылмыстық заңның қолданылуының логикалық және құқықтық негіздері зерттеліп қарастырылған.

1. Қылмысты саралау ұғымы

1. 1. Қылмысты саралаудың ұғымы мен түрлері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚР ҚК) талаптарына сай қылмыстық жауаптылықтың негізі болып, осы Кодексте қаралған қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті жасау табылады. Қылмыс жасаған тұлғаға жаза қолданудың мүмкіндігі құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда қылмысты жасаған сәттен бастап пайда болады. Нақ осы уақыттан бастап қылмыстық құқықтық қатынастар пайда болады. Алайда жазаны нақты түрінде қолдану үшін қылмыстық құқықтық қатынасты ресми түрде жасақтау және қылмыстық процесуалдық нысанда рәсімдеу қажет болады: оның пайда болуына алып келген заңи фактіні анықтау; құқықтық қатынастың субъектісін анықтау; оның мазмұныны айқындау, яғни оның қандай қылмыстық құқықтық нормада қарастырылғанын белгілеуге тура келеді. Аталған міндеттер анықталған қылмыстық құқықтық қатынастарды белгілі бір қылмысты саралау жолымен процесуалдық құжаттарда бекітетін анықтама, тергеу, сот органдарымен жүзеге асырылады.

Қылмысты саралау құқықты қолданудың аса маңызды құрамдас бөлігі болғанымен ол оның бірден-бір көрініс болып табылмайды. «Құқық нормасын қолдану» ұғымы төменде көрсетілгендерді қамтиды: а) істің оқиғалық мән-жайларын талдау; б) тиісті норманы қарастыру немесе таңдап алу; в) тиісті норманы кірістіретін заңи бастауларының мәтінінің дұрыстығына (түп нұсқалығына) көз жеткізу; г) норманың мәнісі мен мазмұнын айқындау; д) норманы түсіндіру; е) шешім қабылдау және осы шешімді бекітетін актіні шығару [1, 27. ] .

Осы тұрғыдан алғанда саралау (квалификация) нақты жасалған қауіпті әрекеттің белгілеріне сайма-сай келетін бірден-бір қылмыстық құқықтық норманы таңдап алу және осы таңдауды заңи актіде (сот үкімі, ұйғарым, қаулы) бекіту болып табылады.

«Квалификация»- термині латын тілінен аударғанда (qualis - сапа, facere - жасау) әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді, яғни белгілі бір құбылысты оның сапалық белгілеріне, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты әлдеқандай топтарға, дәрежелерге, сыныптарға жатқызу болып табылады. Қазіргі уақытта квалификация терминінің орынына саралау деген сөзді қолданып жүрміз. Аталған сөздің біз қызығушылық танытып отырған құбылыстың ішкі мазмұнын қаншалықты дәл ашатындығына талдау жасамай-ақ біз де осы сөзді қолданғанды жөн санадық. Қылмысты саралау дегеніміз - оған заңи баға беру, берілген қылмыс түрі үшін жазаны қарастыратын қылмыстық заңның бабын айқындау болып табылады. «Қылмысты саралау дегеніміз берілген нақты іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қарастырылған әлдеқандай қылмыс құрамының белгілеріне сәйкестігін анықтау болып табылады» [2, 4. ] .

Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту» [3, 7-8. ] Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в) қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В. Н. Кудрявцевтің ойынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық норманы көрсету болып табылады. Б. А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау - бұл өмірдегі нақты жағдайдың - қылмыстың - қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қорытынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады» [4, 11. ] . Осы берілген анықтамалардың негізінде қылмысты саралауды тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысындағы қылмыс құрамының белгілерін анықтаудың логикалық үрдісі және аталған үрдістің нәтижесі және тергеу мен соттың процесуалдық құжаттарында қолданылуы тиіс қылмыстық заңға сілтеме жасау деп тұжырымдауға болады.

Қылмысты саралау туралы айта келе кейбір ғалымдар жасалған іс-әрекеттің белгілері мен қылмыс құрамы белгілерінің арасындағы сәйкестікті анықтау қажет деп тұжырымдайды. Қайсыбір ғалымдар мәселен біз жоғарыда атап өткен Б. А. Куринов қылмысты саралауды өмірдегі нақты жағдайдың - қылмыстың - қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау деп көрсетеді. А. И. Рарог «сәйкестік те, ұқсастық та қоғамға қауіпті нақты іс-әрекеттің заңи белгілерінің және оның нормативтік сипаттамасының қылмысты саралауға қажетті деңгейдегі бірегейлігін ашып көрсете алмайды» - деп жазады. Біздің ойымызша осы пікір назар аударуға тұрарлықтай [5, 16-17. ] .

Қылмыстық құқық ғылымында әртүрлі негіздерге тәуелді түрде қылмыстарды саралаудың екі түрін бөліп қарастырады. Мәселен қылмысты саралауды жүзеге асыратын суьъектіге тәуелді түрде: ресми және ресми емес (доктриналды) саралау. «Ресми (заңды) саралау дегеніміз - мемлекетпен осыған арнайы құзірет берілген тұлғалармен: анықтама органдарының қызметкерлерімен, тергеушілермен, прокурорлармен және судьялармен нақты қылмыстық іс бойынша қылмысты қылмыстық-құқылық саралау болып табылады. Бейресми (доктриналды) саралау дегеніміз - бұл жекелеген азаматтармен: ғылыми қызметкерлермен, баспасөзде жарияланған мақалалар, монографиялар, оқулықтар, оқулық құралдар авторларымен, әлдеқандай қылмыстық істерді зерттеуші студенттермен және т. б. қылмыстық іс-әрекетке берілген тиісті баға болып табылады» [4, 19-20. ] .

Тек ресми саралау ғана заңды күшке ие болады және нақты заңи салдарды туындатады. Доктриналды саралау ғалымдардың және басқа да тұлғалардың қылмыстарды саралау мәселелері бойынша пікір, көзқарастарын білдіргенімен, ол заңды күшке ие болмайды және ешқандай заңи салдарды туындата алмайды. Соңғы уақыттарда ҚР Жоғарғы Сотының Пленумының қылмыстық істердің белгілі бір санаттары бойынша қылмыстық заңды қолдану туралы қаулыларында берілетін жартылай ресми саралау туралы жиі айтылып жүр [6, 22-24. ] . Алайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумымен берілетін түсіндірулерде нақты қылмысты саралау туралы емес, қылмыстың көрсетілген түрінің жасалуының барлық жағдайларына қатысты заңды қолдау туралы ғылыми-практикалық кепіл кеңестер ғана беріледі [5, 20. ] .

Қылмысты саралау барысында алынған нәтижеге тәуелді түрде оны жағымды және жағымсыз етіп бөлуге болады. Дұрыс немесе жағымды саралау деп нәтижесінде тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс белгілерінің бар екендігі анықталған саралауды түсінеміз. Егер жасалған іс-әрекеттің фактілік белгілері мен қылмыс құрамының белгілерінің арасындағы бірегейлік анықталмаса онда саралау да жағымсыз сипатқа ие болады [7, 7. ] .

Іс-әрекеттің сапасын бағалау ретінде ұғынылатын саралау жасалған іс-әрекеттің қылмыстық заңның белгілі бір баптарына сай келетіндігі туралы қорытындымен немесе әртүрлі мән-жайларға байланысты: елеулі маңызы болмауы себепті (ҚК 9-бап 2-бөлім), әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын жағдайларға байланысты (ҚК 32 - 37 баптары) жасалған іс-әрекет қылмыс болып табылмайтындығы туралы шешім қабылдаумен аяқталады. Сонымен бірге жасалған қорытынды бойынша іс-әркетте онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысқа дайындалу орын алғандығы және ҚК-тің 24-бабы 2-бөлімінің талаптарына сай ол үшін қылмыстық жауаптылық туындамайтындығы туралы немесе жасалған іс-әрекет қылмысқа оқталу және тұлға қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығы туралы тұжырым жасалуы мүмкін (ҚК-тің 26-бабы) . Осы айтылғандарға байланысты әдебиеттерде өзінің барынша кең ұғымындағы саралау, яғни іс-әрекетке оның қылмыстық сипаты анықталғанға дейінгі қылмыстық-құқықтық баға беру және өзінің тар ұғымындағы, яғни іс-әрекетті қылмыс ретінде саралау туралы айтылып жүр [5, 15. ] .

Қылмыстың белгілерінің және қылмыс құрамы белгілерінің сәйкестігінің дәлдігіне тәуелді түрде саралаудың дұрыс және дұрыс емес екі түрі орын алуы мүмкін. Дұрыс саралау дегеніміз - саралау үшін маңызға ие болатын қылмыс белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормада қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен толықтай сай келуі болып табылады. Жоғарыда В. Н. Кудрявцевпен келтірілген саралау ұғымының анықтамасы негізінен алғанда дұрыс саралаудың анықтамасы болып табылады. Саралау үшін маңызға ие болатын қылмыс белгілері қылмыстық-құқықтық нормада қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен толықтай сай келмейтін болса бұл дұрыс емес саралау болып табылады [8, 44. ] .

Арнаулы әдебиеттерде дұрыс емес саралаудың да өзіндік түрелері болатындығы аталып өтіледі (жеткіліксіз және артық) . Жеткіліксіз саралаудың барысында қылмыстың белгілері қылмыстық-құқықтық баға беру үшін қолданылатын нормада толықтай өзінің көрінісін таппайды. Мысалы, аяқталған іс-әрекетті қылмысқа оқталу ретінде саралау; жасалған іс-әрекетті баптардың жиынтығы бойынша саралаудың орынына бір ғана бап бойынша саралау; іс-әрекетті ауырлататын немесе ерекше ауырлататын белгілері бойынша саралау қажет жағдайда оның тек онша ауыр емес белгілерді басшылыққа алып саралануы.

Қылмыстың белгілері қылмыстық-құқықтық баға беру үшін қолданылатын нормада тиісті шамадан артық көрініс табуы артық саралау болып табылады [8, 44. ] .

Саралау өзінің тегі бойынша қате және объективті-дұрыс емес болуы мүмкін. Қате саралау қылмысты саралаушы тұлғаның өзіне тәуелді болады, яғни онымен анықталған және қылмыстық іс жүргізу актісінде бекітілген іс-әрекет шындығында қылмыс құрамымен қамтылмайды. Қылмыстық-іс әрекетті қылмыстық-құқықтық бағалауды жүзеге асырғаннан кейін қылмыстық заңнамада орын алған өзгерістерге байланысты дұрыс болып табылмайтын саралау объективті дұрыс емес саралау болып сананалады [9, 18. ] .

Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар) .

Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.

Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 101 бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 96 бабтың 2 бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.

Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы өте жоғары. Ол заңдылық, кінәлілік, әділеттілік және ізгілік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді және заң алдындағы теңдікке нақты қол жеткізілуіне кепілдік береді. Қылмысты дұрыс саралау жасалған іс-әрекетті оның ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігін ескере отырып оны қылмыс ретінде мемлекет тарапынан теріс бағалаудың негіздемесі болып табылады, сол себепті де заңды және әділетті жазаны тағайындаудың маңызды алғы шарты болады. Қылмысты дұрыс саралау оны қылмыстың онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр (ҚР ҚК-нің 10-бабы) болып табылатын санаттарының біріне жатқызуға мүмкіндік береді. Қылмыстың осы аталған саттарының біреуінің қатарына жатқызылуымен қылмыстық құқықтың қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді дифференциялау, соттылықтың жойылуының мерзімдері сияқты көптеген мәселелері тікелей байланысты болады. Қылмысты дұрыс саралау қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен қарастырылған қылмыстарды тергеудің процесуалдық тәртібін, тергелуі ретін, соттылығын, тергеу мерзімдерін, бұлтартпау шараларының түрлері сияқты көптеген мәселелердің шешілуіне тікелей себепші болатындығы ескерер болсақ оның маңызы түсініктірек болады деп ойлаймыз. Қылмысты дұрыс саралау сонымен қатар аса үлкен криминологиялық маңызға да ие болады. Ол статистикалық есептеулерде қылмыстылықтың жай-күйін, құрылымын және қарқындылығын дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл болса өз кезегінде қылмыстылықпен күресуде негізді болжамдарды құрастырып оған тосқауыл қою және оның алдын алу бойынша шарларды жасақтап жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сайып келгенде осының бәрі азаматтардың мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді де пәрменді қорғауға мүмкіндік берері даусыз.

1. 2. Қылмысты саралау үрдісінің кезеңдері мен қағидалары

Қылмысты саралау осыған дейін де атап өткеніміздей қылмыстық-құқықтық норманы практикада қолданудың бір бөлшегі ғана болып табылады сонымен бірге ол іске асырылған әрекеттің белгілері мен қылмыс құрамының белгілері арасындағы заңи сәйкестікті анықтау үрдісі және оның нәтижесі, яғни іске асырылған әрекет пен қылмыс құрамы белгілері арасындағы анықталған ұқсастықтарды процесуалдық түрде бекіту немесе рәсімдеу ретінде орын алады [10, 12. ] .

Қылмысты саралау ұқсастықты айқындау үрдісі ретінде белгілі бір уақыт ішінде орын алатын, өзіндік ішкі заңдылықтарына бағынатын құбылыс болатын болса онда оның әртүрлі кезеңдерінің де болатындығы түсінікті жағдай. Қылмысты саралаудың кезеңдерінің саны, мазмұны оның негіздері туралы мәселе қылмыстық құқық ғылымында әрқилы шешіліп келеді. Қолданылуы тиісті қылмыстық-құқықтық норманы таңдап алу болып табылатын қылмысты саралауға, өздігінен қылмысты саралау үрдісі болып табылмайтын алдын ала қызмет ұштастырылатындығы белгілі. Қылмысты саралау үшін дейді В. Н. Кудрявцев «ең алдымен істің оқиғалық мән-жайларын дұрыс анықтау, қылмыстық-құқылық норманың мазмұнын ұғыну, тиісті бастаудың заңды күшін айқындау қажет. Саралау үрдісінің барысында барлық осы мән-жайлар бірнеше рет қайталанады және нақтыланады, алайда көрсетілген әрекеттер біздің оймызша өздігінен саралау үрдісінің мазмұнын құрамайды, тек ғана ол үшін қажетті болып табылатын, заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ететін алғы шарттарды пайда қылады» [10, 13. ] .

Қылмысты саралаудың тікелей үрдісі тек ғана қылмысты дұрыс саралау үшін алғы шарт болып табылатын бастапқы әрекеттерді немесе қызметті аяқтағаннан кейін ғана басталады. В. Н. Кудрявцев саралаудың кезеңдерін қылмыстық іс жүргізудің сатыларымен байланыстыра отырып келесідей етіп ажыратады: 1) қылмыстық істі қозғау; 2) айып тағу; 3) айыптау қорытындысын жасақтау және бекіту; 4) айыпталушыны сотқа беру; 5) сот тергеуі; 6) істі апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қайта қарау; [10, 197-208. ] . Негізінде бұл іске асырылған әрекеттің белгілері мен қылмыс құрамының белгілері арасындағы ұқсастықты анықтау емес, солардың барысында қылмысты саралау жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізудің сатыларын санамалап шығу сияқты.

Сондықтан біздің ойымызша «қылмыстық процестің әртүрлі сатыларында қылмысты саралау ортақ белгілер мен заңдылықтарға ие болады сондықтан да «саралу кезеңдері» ұғымын «қылмыстық іс жүргізудің сатылары» деген түсінікпен алмастыруды негізді деп санай қоюға болмас» - деп тұжырым жасаған А. И. Рарогтың пікірі дұрыс сияқты [5, 14. ] . Г. А. Левицкийдің пікірінше қылмысты саралаудың төрт кезеңі болады: «а) іске асырылған әрекетті және кінәлінің жеке басын сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің құқықтық маңызын анықтау; б) берілген оқиғадағы қылмыс құрамын қарастыруды болжамдайтын қылмыстық-құқықтық норманы таңдап алу және оның құрайтын белгілердің мәнісін айқындау, яғни заңды түсіндіру; в) іске асырылыған әрекет белгілерінің белгілі бір қылмыс құрамының белгілерімен дәл сәйкестігін анықтау; г) бұл қорытындыны тиісті процесуалдық актіде бекіту» [11, 11. ] . Автордың қылмысты саралау үрдісіне дұрыс саралаудың жағдайы мен алғы шарттарын жасағанымен өздігінен қылмысты саралау болып табылмайтын алдын ала қызметті де кірістіруі көңілге қоныңқырамайды. Н. Ф. Кузнецова да қылмысты саралаудың төрт кезеңін бөліп көрсетеді. Олардың біріншісі бұл - тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын қылмыстық-құқықтық норманы анықтау. Екіншісі - қоғамға қауіпті нақты әрекеттің заңи маңызды белгілерінің тиісті қылмыстық-құқықтық нормадағы қылмыс құрамының белгілермен сай келетіндігін анықтау. Үшіншісі қылмыстық қуғындауды болдырмайтын негіздер жоқ па деген сұрақтың жауабында көрініс табады. Төртінші қортынды кезең қоғамға қауіпті нақты іс-әрекеттің заңи маңызды белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормамен қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен ұқсастығын тиісті процесуалдық нысанда бекіту болып табылады [12, 18. ] .

Осы айтылған тұрғыдан алғанда біздің ойымызша «берілген қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қарастыратын қылмыстық-құқықтық норманы таңдап алу» қылмысты саралаудың бірінші кезеңінде-ақ аяқталған, яғни қылмыстық-құқықтық норманы таңдап алу жүзеге асырылған, берілген кезеңдеу үрдісті, нақты айтқанда тиісті қылмыстық-құқықтық норманы таңдау үрдісін көрсетпейді [13, 11. ] .

Біздің ойымызша қылмысты саралау кезеңдері ретінде қолданылуға жататын қылмыстық-құқықтық норманы таңдау кезеңдерін түсіну қажет сияқты. Қылмыстың жасалғандағы айқын болғанда, құқықтық норманы таңдау, қылмысты саралау бір сәтте-ақ жүзеге асырылып, бірден болған оқиғаны дұрыс көрсетуі мүмкін және іс бақылау сатысында қаралғанға дейін өзгермеуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмыс және қылмыстық құқық жайлы
Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын ашып жан-жақты зерттеу
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмысты саралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz