Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ...3

1 Құқық жүйесі және құрылымы
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны.
1.2 Құқықтық реттеудін пәні және адістемелері ... ..10
1.3 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер ... ...11

2 Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
2.1 Заң шығару жүйесінің негізгі салалары ... ..15
2.2 Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ...19
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...21
Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен, сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен келісімді және жеке қимыл жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.
Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті, қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны анық.
1.Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы ҚазМЗУ-дың баспа полиграфия орталығы 1993 ж. [4 бет].
2. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2003 ж. [5 бет]
3.Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2011ж. [6 бет]
4.Сапарғалиев Ғ.С, Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы, 1998 ж. [8 бет]
5. http://aleksey-kz.moy.su [10 бет]
6.Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы, А., 2003 ж. [11 бет]
7.Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы, А., 2000 ж. [13 бет]
8. Сапаргалиев Г.А Основы государства и права. [14 бет]
9.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Алматы «Жеті-Жарғы» 1998 [16 бет]
10. zan.zan-media.kz [18 бет]
11. www.minjust.kz [20]

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Құқық жүйесі және құрылымы
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Құқықтық реттеудін пәні және
адістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2 Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
2.1 Заң шығару жүйесінің негізгі
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..21

Кіріспе
Көптеген құқық нормалары әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеу
кезінде бірімен-бірі келісімді байланыста болады. Құқық жүйесі объективтік
сипатта болады, себебі шын мәнісіңдегі бар қоғамдық қатынастар жүйесін
көрсетеді және адамдардын субъсктивтік көзқарастарымен құрылмайды. Құқық
жүйесі экономикалық, саяси, адамгершілік және басқа қоғамдық қатынастармен,
сол елдін тарихи даму барысымең, оның ұлтгық ерекшеліктерімен қамтамасыз
етіледі. Осы фактілердің бәрі құқық жүйесіне объективтік сипат береді және
оның бірлігін, келісімділігін белгілейді. Құқық жүйесі тұтас бірлікте
құралады, ондағы құқык нормалары бір-бірінен келісімді және жеке қимыл
жасамайды. Құқық нормаларының бірлігі және құқық жүйесінің бойындағы
келісімділігі құқықтық принциптердің бірлігімен камтамасыз етіледі және
атқаратын функцияларымен құқықтық мақсаттарға сай болады.
Құқық жүйесінің өзі, шын мәніңдегі қоғамдық қатынастардың сипатына
қарай, оларға мақсатты ықпал жасайды. Онын тиімді болуынын өзі, қоғамдық
дамудын қажеттілігін калай көрсетуіне, белгіленген мақсаттарға жетуге
қосқан ұлесіне байланысты. Құқықтық реттеуде, кейбір құқық нормаларының бір-
біріне қайшылығы көп зиян келтіреді. Заң шығарушының мақсаты- құқық
жүйесінін жағдайына карау, оны жетілдіру, дер кезінде жетімсіздікті,
қайшылықтарды жою болып табылады. Құқық жүйесі құкық ережелерінің
тұрақтьшығына байланысты және сонымен қатар, өзінің жөнді динамизмінен
айырылмауы қажет, дәлелденген өзгерістер және құқық жүйесін әрдайым
толықтыру кажет, себебі коғамдык тәжірибе әр уакытта бір орында тұрмайтыны
анық.
Құқык жүйесі, өте қиын құбылыс, өзінің белгілі құрамы бар, өзін құрайтын
шартты бөліктерден тұрады - құқық салалары және институттары, олар коғамдык
катынастардың жекелеген топтаръш реттейді. Жекелеген құкық нормалары, басқа
біржақты, нормалармен бірігіп, соған не болмаса басқа құқык институттарына
жатады. Сондай қызметтеріне байланысты құқық нормаларының реттеу рөлі
көрінеді, олардың әлеуметтік орны белгіленеді.
Құқықтық институттар бірігіп, сол қоғамнын кұқық жүйесін құрайтын кұқык
саласына айналады.
Құқық жүйесі — құқыктың ішкі құрылымы, барлық кұкык нормаларының
бірлігімен, келісімділігімен, олардың салапарға қосымша салаға, құқықтық
институттарға бөлінуіндегі қисынымен көрінеді.
Қоғамдағы құрылған құқық жүйесі осы елдіңтарихи дамуындағы заңдышық
ерекшеліктерін көрсетеді. Ол көптеген қоғамдық қатынастардың ықпалымен және
қажеттілікпен құрылады, қоғамның көпжақты мүдделерін және даму болашағын
қамтиды.
Жүйе, философиялык түсінік ретіңде - бөліктерден (элементтерден)
тұратын тұтас құбылыс, бір-бірімен қарым-қатынаста және әрекеттестік
жағдайда болады. Біртұтастығына байланысты өзін құрайтындарынсыз болмайды,
сол сияқты оны құрайтын жеке бөліктері де, жүйесінсіз өз еріктерімен жеке
функцияларды орындай алмайды. Құкық жүйесі жалпы объективтік заңдылықтар
негізінде құрылады және қызмет істейді. Ол өте күрделі және даму
жағдайындағы әлеуметтік құбылыс, нормативтік нысанда қоғам өмірінің
заңдылықтарын көрсетеді және бекітеді.[1]
Құқық - жүйе ретінде мынадай белгілермен сипатталады: біріншіден, құқық
- жиынтығы емес органикалық тұтас, құқықтық құбылыс. Құқық нормалары,
объективтілігімен сипатталады. Ол адамдардың субъективтік пікіріне сай
құрылмайды, себебі сол ортадағы бар жүйенің қоғамдық қатынастарымен
қамтамасыз етіледі. Құқық бір жағынан, арнайы нысанда сол жүйенің
қатынастарыи көрсетеді, екінші жағынан, оларға реттеушілік ықпалын
тигізеді. Егер, құқық өзінің нормаларында қоғам өмірінің қажетін дұрыс
көрсетпесе, қоғам дамуына кедергі болады.
Былайша айтқанда, заңдар немесе нормалар, қоғамдық өмірдің объективтік
қажеттілігін білмесе, ол - өз мәнінде жүргізілмеген кұқықтың шығармашылық
нәтижесі.
Құқықтық жүйе - біртұтас және өзін құрайтын нормалар қарым
қатынастығымен сипатталады. Олардың ретгеу күші, жалпылама алға қойған
мақсаттарына жетуге арналған бір-бірімен келісушілігінде.
Құрамның әрбір бөлігі құқық жүйесінен алынбаса, жүйелік қызмет
әрекетіиен және әлеуметтік маңыздылығынан айырылады. Екіншіден, кұкык
жүйесі - көп салалы өзіне мазмұндары бірдей емес және көлемі жағынан да
өзгеше, кұрамдық бөліктерін косып алады. Біртұтас құрылым болғандықтан,
кұкык жүйесі құқық нормаларына, құқық институтына, әр түрлі салаларға және
сапа бөліктеріне бөлінеді. Ондай бөліну, кұкык жүйесінің көрсететін және
реттейтін коғамдық катынастардың жан-жақтығына байланысты.

1. Құқық жүйесі және құрылымы
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған
қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік
диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы
құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де
ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол
қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы
қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық
процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге
қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын
реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып,
кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа кұқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші - құқық қоғамның объективтік —диалектикалық даму процесіне
сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның
даму процессін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен
қалыптаспайды,сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз
байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде
қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам
дағдарысқа ұшырайды.
Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-
қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы
реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп, қоғамдық
құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орыңдайды.[2]
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына
сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай
орындалу тәсілдері мен әдістерін анықгап отырады. Құқық күрылымының жақсы,
дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-
экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі
төмен болса, құқық кұрылымы да нашар дамиды, Құқық кұрылымы туралы екінші
сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және кұқықтық жүйе
деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің
құқық құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей - ешқандай айырмашылығы
жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге
келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың
қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы әр түрлі болады. Мұны
жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы
тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға
болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз - әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне
қарай, әдет-ғүрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құкық құрылымы дегеніміз - құқықгық нормалардың ішкі құрылымы және
олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз - құқықтың өмірге келуімен оның жүйе- жүйеге
бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі
өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту,
нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді.
Сол қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері
қалыптасады. Қоғамдағы құқықгың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік
актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім - құқықтық норма. Бұл деңгейде
норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның, орындалу жолдарын, субъектілердің
екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір
нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың
толық дұрыс орындалуына бірнеше кұқықтық нормаларды біріктіруге тура
келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.[3]
Құқықтық институт — бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың
және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы,
азаматтық құқықта меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік
құқықта лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының
қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құкықтық бөлім — бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы
қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық
қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық
төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы - қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе- жүйеге,
сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық,
еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық - салалық құкықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық
институтты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі
құқық жүйесінің негізгі салалары:
1.Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және
мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік
аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
2.Әкімшілік кұқық - бұл сала қоғамды; мемлекетті басқару қарым-
қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3.Қаржы (қаражат) құқығы - бұл сала әр елдің мемлекетгік қаржы-каражат
көлеміндегі қатынастарды басқарады.
4.Жер құқығы - бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық
бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
5.Азаматтық құқық-қоғамның ең күрделі саласыңдағы мүліктік қатынастарды
реттеп отырады.
6.Еңбек құқығы - азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып,
реттейді.
7. Жанұялық құқық - осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың
балаларының өзара қатынастарын реттейді.
8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік,
жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен
шұғылданады.
9. Қылмыстық құқық - қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу
барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10.Қылмыстық - процессуалдық құқық - милиция, прокуратура, сот т.б.
құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс
шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы - қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып,
қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды
қамтиды.
12. Халықаралық құқық - мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар.
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму
процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын
нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, кұқық жүйелерін, салаларын
жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық,
мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы
салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін
құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңдегі,
ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына
жағдай жасап отырады.
Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешеңді
(комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық
даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер,
процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа
айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.
Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету
үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң
түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің
екі себеп-мақсаты бар: біріншісі — жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-
қатынастардың мазмұның, негізгі бағытын анықтау; екінші — сол жүйелік,
салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері
мен әдістерін анықтау.[4]
Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге
дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-
тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық
нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен құқықтық
норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік
береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер
жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар
шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен
әдістері құқықтың барлық салаларында бар.
Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға
материалдық және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары
көп үлес қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы
орындалуында маңызы өте зор.
Материалдық құқық - қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап,
қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық
құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.
Процессуалдық құқық - материалдық құқықты қалай, қашан, қандай
жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және
азаматтық процессуалдық құқықтарда көрсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құкық жүйелері азаматтардың,
бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып
отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға
мақсатгары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға
құқығы қалыптасады.
Бұқаралық құқық - мемлекет бұкаралық және жеке тұлға арасындағы
қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы — жеке адамдардың
арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құкық бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп,
басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар
қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында кызмет атқарады. Бұл
топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық,
процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және
занды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа
азаматгық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады.
Бұқаралық құқық - мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар кұқығы - жекелік
істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста
дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде
Кеңестік дәуірде жеке түлғалар құқығы жоқтың қасы болды, Қазіргі нарықтық
жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірғе келіп, жеке тұлға
құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.

1.2 Құқықтық реттеудін пәні және әдістемелері

Құқықтық реттеудің пәні мен әдістемелері - құқық жүйесін салаларға
бөлудегі ең маңызды негізі болып табылады. Құқықтық реттеу пәні — құқықтың
неге ықпал жасай алатыңдығы. Ал құқық, өзімізге белгілі қоғамдық
қатынастарға ықпал етеді. Қоғамдык қатынастар, құқықты өмірге әкелген
объективті негіз болады және оған жүйелік құратын белгілерді кіргізеді.
Әрбір сала, қоғамдық катынастардын ерекше белгілі сапалы түрін
объективті түрде, арнайы құқықтык реттеуді талап ететін құқық нормаларын
біріктіреді.
Құкықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себебіне
байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардын көзкарасына тәуелсіз
болады. Әр түрлі құкық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір-
бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі максаттарына және міндеттеріне
байланысты айырылады. Мысалы, әкімшіліқ құқығының нормалары, мемлекеттің
аткару-иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық
құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді.[5]
Құқықты реттеу пәні—белгілі құқық саласы нормаларының ықпал жасайтын
коғамдык катынастардың біртектес сапалы түрі. Реттеу пәні құқық нормаларын
салаларға бөлуге қажет, басты объективтік негіз болып табылады.

1.3 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың
бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар
реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр
түрлі. Бір елде - әдет-ғұрып, екінші елде - мораль, үшінші елде - құқық
басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер
бар. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік
ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық
жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен
нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін
жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен
тәсілдері:
1) Бірнеше елдердің құқық жүйесінің негіздері және мазмұны бір-біріне ұқсас
болады. Себебі олар көне заманда бір мемлекеттің әлеуметтік-нормативтік
жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан бұл құқық жүйелерінің түпкі негіздеріне
және мазмұндарына қарай топтастыру.
2) Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік актілердің
және әлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне
қарай құқықтық жүйеге бөлу. (Бір елде - құқық, екінші елде - әдет-ғұрып,
үшінші елде — сот шешімі басым болады).
3) Әлеуметгік және құқықтық нормалардың құрылымына қарай жүйеге келтіру.
Бірнеше елдің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция),
құқықтың элементтері (норма, институт, бөлім, сала) бір-біріне ұқсас
болады. Бұл топтастырудың негізін құрады, тәсіл болады.
4) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау
қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде - дін, екінші елде —
идеология, үшінші елде — заңдылық басым болады. Осы саясаттар құқықтық
жүйенің қағидаларының негізі болады.[6]
Қоғамның объективтік даму процесінің мүдде-мақсатына сәйкес саяси,
экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін әр елде құқық жүйесі
қалыптасады. Дүние жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір-біріне
ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ұлттық, топтық
құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.
Францияның ғалымы Давид Рененің пікірі бойынша, құқықтық жүйенің
бірнеше түрі болады: англо-саксондық, романо-германдық социалистік, діни
және Қытай, Индия, Жапония т.б. құқықтық жүйелерге бөлінеді.
Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе феодализм кезінен басталады.
Англия өзінің аралдық жағдайын пайдаланып, ерекше әдет-ғұрыптарын сақтауға
тырысты. XII ғасырдан бастап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесінің дамуы
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынастары
Құқық жүйесі мен құқықтық жүйелер арасындағы байланыс
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Социалистік құқықтық жүйе
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Пәндер