Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

13. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1лекция. Тақырыбы: Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.

Жоспары: 1. Қоғамдық қауіпсіздіке қарсы қылмыстардың түсінігі.

2. Қоғамдық қауіпсіздіке қарсы қылмыстардың түрлері

Лекция мақсаты: Студенттерге Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстарды анықтау үшін олардың тиісті қылмыстық іс-әрекеттерінің белгілерін зерттеп, меңгерту.

Лекция мәтіні (қысқаша) : Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы және түрлері. Адамды, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуі мен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол сұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚРҚК 9-тарауын нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалын тобы үшін зиянды екендігінде (жеке бастың кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және

басқа әлеуметтік құрылымдардың қауіпті жұмыс атқаруын қауіпсіздігі үшін) . Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қауіпті және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.

ҚР жаңа ҚК жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық тәртіпті халық денсаулығы, қоғамдық адамгершілікті т. б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы ҚК те қоғамдық қауіпсіздік (кең мағынасында) қоғамдық тәртіп деп аталып, ҚРҚК 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды.

Заңға сәйкес, ҚК 9-тарауының нормаларымен қарастырылған қылмыстардың объектісі-қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайынан қауіпсіздік әртүрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпі бар заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Объективті жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке және
қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы
жасалады: а) терроризм (ҚК 233-бап), адамды кепілге алу (ҚК 234-
бап), бұзақылық (ҚК 257-бап) және басқалары. Жекеленген
қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы жасалады, мысалы, атыс қаруын
ұқыпсыз сақтау (ҚК253-бап) . Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық
тәртіпке қарсы бірқатар қылмыстар әрекет арқылы да, әрі әрекетеіздік арқылы жасалуы мүмкін: атом энергетикасы
объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 244-6), тау-кен немесе
құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін
бұзу (ҚК 245-б. ) және т. б. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады: қаруды заңсыз, жасау (ҚК 252-бап) заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК 236-б) т. б. Кейбір қылмыстардың құрамы материалды болып құрастырылған, мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК 256-б. ) .

Субъективті жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке және
қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақана түрінің болуымен сипатталады. Бір қатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253-б. ) . ҚК 233, 234-2 бөлім, 235, 237, 238, 239 және 240 баптарында көзделген қылмыстарда мақсат белгі болып табылады. Қарастырылуышы қылмыстардың субъектілері-16жасқа толған тұлғалар. Ал ҚК-тің 233, 234, 242, 255-1, 2 бөлімдері, бабтарымен көзделген қылмыстардың субъектілері-14 жасқа толған тұлғалар б. т. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке тұлғалар болса жекеленген жағдайларда арнайы белгілері бар тұлғалар болуы мүмкін. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын түрлі жұмыстар кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе келтіру қауіпін тудырушы қылмыстық заңға көзделген қоғамдық әрекеттерден тұрады.

Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты төмендегідей топтарға бөлуге болады:

  1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған тобы қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау ең маңызды мүдделерді қозғауы мүмкін. Олардың қатарына ҚК 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243-баптарымен көзделген қылмыстық әрекеттер жатады.
  2. Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздікке ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Бұл топты ҚРҚК 244, 245, 246-баптарымен көзделген қылмыстар құрайды.
  3. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Бұл топқа ҚРҚК 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-баптарымен көзделген қылмыстық әрекеттер кіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық қауіпсіздіке қарсы қылмыстардың түсінігі.

2. Қоғамдық қауіпсіздіке қарсы қылмыстардың түрлері

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1. Қоғамдық қауіпсіздіке қарсы қылмыстардың түсінігі.

2. Қоғамдық қауіпсіздіке қарсы қылмыстардың түрлері

Қажетті әдебиеттер:

  1. Ағыбаев А. Н. ҚР Қылмыстық құқығы. (Ерекше бөлім) Алматы. 2003ж
  2. ҚР Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім) Алматы 2001ж
  3. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы 2001ж

2-3 лекция. Тақырыбы: Терроризм

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру

Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу

Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру

Адамды кепілге алу.

Жоспары: 1. Объективті белгілері.

2. Субъективті белгілері.

Терроризм 233- бап.

Лекция мәтіні (қысқаша) : Заң террорлық әрекетке- адамдардың, қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіруі не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздік бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген анықтама береді.

Қылмыстың объектісі- қоғамдық қауіпсіздік.

Қылмыстың объективті жағы төмендегідей әрекеттердің болуымен сипатталады:

а) адамдардың қаза болу, елеулі мүліктің зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс әрекеттер жасау;

б) аталған әрекеттерді жасаумен қорқыту; :

Заң тұрғысынан алғандағы мағынасын сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын құнды мүліктер ақталатын жерлерде жүзеге асырылатын немесе ең бастапқы да-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқада әрекеттер құрайды. Жарылыс жасау не өртеуден басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүміктің зиян келтіру қауіпін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың, орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады (гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерін ату, электрмен, сумен нс газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару. т. б. ) .

Көрсетілген әрекеттерді жасаумен қорқыту деп аталған пиғылдың шын екендігін оны дәлелдейтін әрекеттер жасау арқылы (жарылғыш заттар алу, жарылғыш қондырғыларды орнату, т. б. ) қуаттай отырып, террорлық әрекет жасау жөніндегі тікелей айтуды түсінеміз. Егер де террорлық әрекеттерді жасау туралы ниеттің өзі ғана анықталып, ол пиғылдың қауіптігі және шынайлығы нақты әрекеттермен қуатталмаса қылмыстың объективті жағының белгісі ретіндегі террорлық әрекет жасаумен қорқыту да орын алмайды. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін төндіру тероризімнің міндетті белгісі болып табылады.

Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар құрылыстар, орналасқан төңіректердің үлкен жерлерін су басуы: апат, катастрофа, аймақтың химиялық немесе радиактивті заттармен ластануы, т. б.

Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп төндіретін жарылыс, өртеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен аяқталған қылмыс ретінде тану үшін өлімнің не басқа зиянды зардаптармен міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.

Қылмыстың субьективті жағы тікелей ниеттің болуымен байланысты. Тұлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп төндіруші жарылыс, өртеу не басқа әрекет жасайтындығын түсініп біледі және нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.

Терроризм мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету оның негізгі белгісі болып табылады.

Қылмыстың субьектісі -14 жасқа толған тұлға.

Терроризмнің ҚРҚК 233-бабының 2-бөлімімен көзделген бағаланған түрі ретінде:

А) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

Б) бірнеше рет;

В) атыс қаруын қолдана отырып жасаған нақ сол әрекеттерді

танылады.

Егер де терроризмді жасауға осы қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала келіскен (жарылыс, өрт не басқа әрекеттерді немесе осы әрекеттермен қорқытудың жасалу сәтіне дейін) екі не одан да көп тұлғалар қаттысса, ол алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы арқылы жасалған деп табылады.

Бірнеше рет жасалу, егер тұлға бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болып не оның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылмаған немесе онысы алынбаған болса, екі не одан да көп террорлық актілердің жасалуын білдіреді.

Дәрімен ататын қару пайдалану деп оны адамның денсаулығына зиян келтіру үшін іс жүзінде қолдануды айтады. Дәрімен ататын қарулар қатарына пистолеттер, винтовкалар, автоматтар, пулеметтер, гратометтер және т. б. жатады.

ҚРҚК 233-бабьның 3-бөлімінде осы бапітың 1 және 2 бөлімдерінде көзделген әрекеттер үшін егерде олар:

а) ұйымдасқан топ арқылы жасалса;

б) жаппай қырып жоятын қаруды радиоактивті материалдарды қолдану мен қорқытуға және адамдардың жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де әрекеттер жасауға немесе жасаумен ұштасса.

в) абайсыздан адам өліміне не басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқса жауаптылық белгіленген.

Терроризм егерде оны бір не бірнеше қылмыс жасау үшін алдын ала сөз байласқан тұлғалардың тұрақты тобы жасаса ұйымдасқан топ арқылы жасалған деп саналады.

Жаппай қырып жоятын қарулар қатарына жарылыс арқылы немесе радиоактивті материалдар көмегімен әсер ететін қарулар өлтіретін химиялық, биологиялық қарулар және атом бомбасының не жоғарыда аталған қарулардың бірінің қасиетіне не болашақта жасалып шығарылатын кез-келген басқа қару жатқызылуы тиіс.

Қалың көпшіліктің депсаулығына зиян келтіру, адамдардың жұқпалы аурулармен жаппай ауруы, тағы да басқа өзгеде ауыр зардаптар б. т. ҚР ҚК 232-б-ң 1-бөліміне қарағанда қылмыстың бұл құрамы материалдық құрам болып келеді, сондықтан қылмыс тек жоғарыда аталған зиянды зардаптар орын алса ғана аяқталған болып есептеледі және де, терроризм әрекеті кезінде адам өлімі немесе өзгеде ауыр зардаптарға ұшырау тек абайсызда болуы мүмкін. Ал, егерде өлімге қасақана ұшыратылған болса, онда жасалған әрекет ҚК 96-бабы бойынша қосымша бағалауды талап етіледі.

Заң терроризм актісін дайындауға қатысқан адамды, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатуды қарастырады (ҚР ҚК 233-бабына ескерту) . Сонымен тұлғаны, терроризмге дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату екі түрлі шарттың болуына байланысты:

А) мемлекеттік органдарды дер кезінде ескерту нәтижесінде немесе жолмен (жарылғыш қондырғыны залалсыздандыру, бірлесіп қатысушыларды айныту, т. б. ) аталған актінің алдын алу (болдырмау) ;

Б) терроризм дайыңдаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы.

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (233- 1 -бап) .

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шакыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратқандық үшін жеке қылмыстық жауаптылық көзделген. Кылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыс заты терроризмді насихаттайтын әр түрлі материалдар. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы: терроризмді насихаттау; терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру; соларға байланысты материалдарды тарату арқылы жүзеге асырылады.

Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен кепшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген әр түрлі ұйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.

Жария тұрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.

Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмұнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және терроризм актісін жасау немесе оны насихаттау мақсатымен істеледі. Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс адам.

Адам өзінің қызметік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұкаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған әрекеттер терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырудың ауырлататын түріне жатады (233- 1-бап 2-бөлігі) .

Қызмет адамдарының түсінігі Қылмыстық кодекстің 228, 307-баптағы ескертулерінде берілген. Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, телерадио хабар т. б. жатады.

Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу (233-2-бап) .

Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террорлық топ) сондай-ақ оған басшылық еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 233-2-бап 1-бөлігінде көрсетілген.

Қылмыс обьективтік жағынан алғанда белсенді әрекет арқылы - террористік қылмыстарды жасау үшін топ, ұйым құру немесе оған басшылық ету арқылы жүзеге асырылады. Террористік ұйымға террористік Іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.

Қылмыстық топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1 бөлігінде берілген. Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыс құрамы келте, террористік топты құрған сәттен бастап аяқталған деп саналады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Осы баптың екінші бөлігінде - қылмыстың ауырлататын түрі - террорлық топтың қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысушылық үшін жауаптылық көзделгсн. Кінәлы адам қасақана түрде террорлық топтың барлық қызметіне, сондай-ақ террорлық актілерге белсене қатысады. Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ, адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастаңдық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу максатында қастандық жасау болып табылады.

Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғадық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді істеу осы қылмыстың (ҚК-тің 233-бабының 3-бөлігі) өте ауырлататын түрі болып табылады. Қылмыс субъектісі арнаулы лауазым иесі немесе қоғамдық бірлестік басшылары.

233-3-бап. Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру

1. Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет -

үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адамды кепілге алу 234-бап

Қылмыстың объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Адамды кепілге алудың бағаланған түрлері кезінде адам денсаулығы мен қосымша тікелей объект ретінде қарастырылады.

Қылмыстың объективті жағы тұлғаны, яғни оның босатылуына мемлекет, ұйым немесе жеке азамат мүдделі болып отырған тұлғаны аманат ретінде алу не ұстаумен сипатталады. Адамды кепілге алу - бұл бір немесе бірнеше тұлғалардың жеке бостандығын заңға қарсы түрде күшпен шектеу. Аманатқа ұстау- кепілге алынған адамның бостандыққа шығыуна заңсыз түрде күш қолдануымен кедергі жасау. Адамды кепілге алу не ұстау психикалық күш қолдануымен қоса жүруі тиіс: Өлтірумен, денсаулыққа жеңіл, орташа ауыр, ауыр зиян келтіруіне, мүлікті жою немесе өлтірумен қорқыту сол сияқты өмірге және денсаулыққа қауіпсіз дене күші қолданады (соққы беру, ұру, байлау, т. б. ) . Қылмыс кепілдікке алынған немесе ұсталып отырған адамның бостандығын іс жүзінде шектеу сәтінен бастап, оның созылу мерзіміне қарамастан, аяқталған болып есептеледі.

Субъективті жақ тікелей ниетке байланысты. Тұлғаны кепілге алған не ұстап отырған айыпты өзі түсінеді және осындай болуын қалайды. Пайдакүнемдік, өш алу немесе басқа оқасыз ниетті қылмысты себебі болуы мүмкін, олар қылмыстың бағалауын әсер етпейді, бірақ жеке жаза тағайындауда ескерледі.

Қылмыстың субъективті жағының міндетті болып табылатын белгісі, мақсаты. Ол - айыптының кепілдікке алған адамды босатудың шарты ретінде қандай да болса бір әрекетті жасауға немесе қандай да болса бір әрекеттен бас тартуға міндетті мемлекетті, ұйымды не азаматты мәжбүр етуге ұмтылуы. Мемлекетке қандай да болса бір ұйымға (халықаралық, комерцаялық, т. б. ) сол сияқты азаматқа айыптының ұсынған талабының сипаты бағалау үшін маңызды емес. Ол талаптар мынадай болуы мүмкін: қандай да болса бір келісім жасаудан бас тарту, қамауға алынғанды немесе сотталғанды босату, айыптыны құралымен, ақшамен транспорт құралдарымен т. б қамтамасыз ету.

Кепілге адам алу адам ұрлаудан (ҚР ҚК, 125-бап), негізінен мақсаттарының мазмұны бойынша ерекшеленеді.

14 жасқа толған кез-келген тұлға қылмыстың субъектісі болуы мүмкін. Адамды кепілге алу :

а) Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып;

г) қаруды не қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдана отырып;

д) көрнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

е) айыптыға жүктілік жағдайы көрнеу мәлім әйелге қатысты;

ж) көпе көрнеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты;

з) екі немесе оданда көп адамға қатысты;

и) пайда күнемдік пен немесе жалдау арқылы жасалса ҚР ҚК 234-бабының 2-бөлімі бойынша бағаланған болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САРАЛАНУЫ
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz