Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында


ӘОЖ 32:070 + 659. 4 (574) Қолжазба құқығында
ИМАНБАЕВА АЛТЫНГҮЛ АХМЕТҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
23. 00. 02 - саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Саяси ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасында орындалды
профессор
Әбсаттаров Р. Б.
Диссертация 2009 жылдың 20 қарашада сағат 14. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі 23. 00. 02 - саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д 14. 21. 03 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, конференц-зал.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.
Автореферат 2009 жылы 20 қазанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы Жабина Ж. Р.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемаларына саясаттанулық талдау жасалды, қазақстандық қоғамның жаңаруы барысындағы оның орны анықталды, саяси коммуникацияны тиімді қолдануға нақты ұсыныстар берілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі заман талабына сай, еліміздегі саяси институттар, саяси процестер мен саяси технологияларды, оқиғаларды зерттеу отандық саяси ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Дегенмен де әлі де болса саяси ғылымда кешенді түрде зерттеуді қажет ететін тақырыптар баршылық. Соның бірі - еліміздегі саяси коммуникация мәселесі. Сол себептен, саяси коммуникацияны кешенді зерттеудің қажеттілігі Қазақстандағы саяси жүйенің нақты тұрақтылығымен және оның демократиялық қайта құрулар кезіндегі маңыздылығымен байланысты сипатталады. Қазіргі замандағы Қазақстандағы саяси өмір қоғамның барлық болмысына қатысты саяси модернизацияның нәтижесі, әсіресе, оның ақпараттық-коммуникациялық жағына қатысы, кеңестік саяси жүйенің ыдырауы қалыпты байланыстардың үзілуіне әкеп соқты және көбінесе вертикальды қатынастардың пайда болуына алып келді. Әрі саяси процестердің, институттардың өзгеруімен, саяси-коммуникациялық сферада қоғамдық-саяси өмірдегі қайта құруларға сай өтуді сипаттайтын жаңа қатынастар дами бастайды.
Тоталитарлық жүйе кезінде билік халықтың алдында есеп бермейтін, қоғам биліктің қызметінің насихатталу жағынан ғана хабардар болып, оған ықпал ету жағынан мүмкіндігі шектеулі болатын. Ал, қазіргі кездегі Қазақстандағы демократиялық жағдайдағы жаңа саяси жүйенің қалыптасуы мен даму мәселелері еліміздегі қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастарды зерттеудің пісіп жетілгендігін көрсетеді. Саяси жүйедегі біржақты байланыс біртіндеп екіжақты қарым-қатынасқа орын береді де, мемлекеттік билік органдарымен және басқарудың ашық жұмыс істеу мәселелерімен, олардың халықпен диалогын тудырады. Бұл қатынастардың болашағы көбінесе Қазақстандағы саяси және әлеуметтік жүйенің тұрақтылығына байланысты. Посткеңестік кезеңнің тәжірибесі көрсеткендей, объективтіліктің, тиімділіктің, екіжақты саяси коммуникациялық байланыстардың жоқтығы келешекте түрлі әлеуметтік шиеленіске, ұлғайған жанжалдарға, күтпеген оқиғаларға, саяси институттардың заңдылығының құлдырауына, дағдарысты жағдайлардың пайда болуына алып келеді.
Қазақстандық қоғамды модернизациялау барысында саяси коммуникацияның алатын орны мен рөлін, оның ресейлік және шетелдік тәжірибелерді игере отырып, елімізде қалыптасып келе жатқан өзіндік даму ерекшеліктері мен проблемаларын анықтау қажет. Сол себептен, саяси коммуникацияның Қазақстан Республикасындағы саяси субъектілердің өзара және қоғаммен арадағы өзара байланысты жүзеге асыруының ашықтығын, көпқырлылығын анықтау мен нығайтудың түрлі тәсілдері мен әдістерін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналады. Қазіргі Қазақстандағы саяси жүйенің өзіндік өзгерістерге ұшырауымен бірге, саяси коммуникацияның да тиімді құралдары күн санап даму үстінде. Бұл еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің жаңа бір белестерге көтеріліп келе жатқандығын көрсететін саяси процесс. Саяси ақпараттардың таралу жолдары мен байланыс құралдарының санының ұлғаюы, қазақстандық қоғамның әртүрлі топтар мүдделерін көрсететін саяси процесс акторларының санының өсуіне алып келетін саяси позициялардың келісімінің қажеттілігін күшейтеді және саяси коммуникация рөлінің нығаюына әкеледі де, оны мұқият зерттеуді талап етеді.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында:
«Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз» [1] деп атап көрсеткен болатын.
Сол себепті, еліміздегі саяси коммуникацияның қалыптасуы мен даму жолдарын кеңінен зерттеп, оның тәжірибеде іске асырылуындағы принциптері мен тәсілдеріне талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша түседі. Ал, берілген ғылыми-зерттеу жұмысы билік пен қоғамның арасындағы өзара қарым-қатынасындағы маңызды мәселелерге арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бастап саяси салада түрлі реформаларды жүзеге асырып келе жатқан, демократияны нығайту жолындағы жас мемлекеттердің бірі. Осыған орай, еліміздегі билік пен қоғам арасындағы өзара түсіністік мәселесі кезек күттірмей шешімін табуы тиіс мемлекеттік ақпараттық саясаттың бір бөлігін құрайды. Көптеген дамыған елдерде саяси субъектілердің өзара және қоғаммен ақпарат алмасудың, яғни, өзара байланысты реттеудің қызметін көрсететін мемлекеттік саясаттың бір жүйеге келтірілген нақты ақпараттық жүйесі құрылып, арнайы іс бағдарламалары қабылданған. Қазіргі таңда мемлекетімізде билік пен қоғамның өзара қатынасы мәселесі әлсіз дамыған деуге болады, билік қоғам тарапынан болатын талаптарды көбіне ескере бермейді. Біздегі қоғам мен билік арасындағы өзара байланыс тек сайлау науқандары кезінде нақтылы байқалады, ал қалған уақыттарда айқын түрде назардан тыс қалатыны белгілі. Осыған байланысты, еліміздегі билік пен қоғамның өзара түсіністік қарым-қатынасын орнатудағы саяси коммуникация мәселесін талдау және оны жүзеге асыру міндеті өте өзекті мәселеге айналды.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалар саяси жүйеге елеулі түрде ықпал ете отырып, қоғамға көптеген өзгерістер мен дағдарыстар әкелген еді. Нарықтық қатынастарға бейімделу күрделеніп қоғам, мемлекет тарапынан болатын қолдауды қажетсінді. Дәл осы сәтте, Қазақстан өз алдына дербестікті ұстана отырып халықтың әл-ауқатын, экономикалық, саяси жағдайын ескере келе, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бет бұрды. Алайда, кеңестік кезеңдегі қатаң идеологияға бағынышты болып келген қоғам, биліктің нақты бір шешім қабылдайтынына күдікпен қарап келді. Бұл еліміздегі реформалардың одан әрі жүргізілуіне кері әсерін тигізді.
Сондықтан, Қазақстандағы саяси жүйені дамыту мен оны нығайту мақсатында аса маңызды шараларды қабылдау қажет екендігі анықталды. Әлемдік тәжірибе, саяси жүйедегі жаңа сайлау жүйесін қалыптастыру қоғам мен билік арасындағы қордаланған мәселелерді тиімді де нәтижелі шешуге болатындығын көрсетті. Ал, оның саяси мәні - саяси мәселелердің өзіндік ерекшелікте болуы, билік пен қоғамның өзара бейімделуіне қажеттіліктің туындауы, азаматтық қоғам қалыптастырудағы алғышарттар, жеке тұлғаның рөлінің артуы, ортақ мүдде үшін әлеуметтік-саяси институттар қызметінің бірлесіп әрекет етуі болатын.
Осы мақсатта еліміздегі саяси коммуникацияны іске асырудың бірден-бір қажеттілігі туындады. Билік пен қоғамды өзара байланыстыратын оның байланыс құралдары Қазақстанда әлі жеткілікті қалыптаспаған, сол себептен кері байланыс мәселесі айтарлықтай деңгейде болмай отыр. Соның нәтижесінде, қоғам тарапынан қойылған талаптар жеткіліксіз орындалуда деген пікір қалыптасады. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникацияның ерекшеліктері мен проблемаларын ғылыми тұрғыдан жете зерттеудің қажеттілігі маңызды түрде арта түсті.
Осылайша, Қазақстанда саяси жүйенің модернизациялануының жекелей алғанда, оның институттарының ең басты мақсаты мен міндеттері - билік құрылысы мен азаматтардың өзара қатынасын сипаттаудағы өзгеріс болып саналады. Саяси коммуникация - Қазақстандағы саяси жүйенің нақтылы жаңаруының негізгі нәтижесі. Қазақстан Республикасындағы объективті демократиялық принциптердің қалыптасуы, билік пен қоғам қатынасы жүйесінде тиімді консенсуалды дискурс құрады, сондай-ақ коммуникативті кеңістікте кеңейтілген және тереңдетілген ақпараттық-коммуникациялық процестерге мүмкіндік туғызудың нәтижелері болып табылады.
Зерттеудің негізгі бағытына тоқталатын болсақ; қазіргі таңдағы Қазақстандағы саяси жүйенің жаңаруы және бұл процестің сипаты мен тиімділігіне, саяси коммуникацияның ықпалы ерекше екендігі байқалады. Сол себепті, саяси коммуникация азаматтық қоғамды қалыптастырудағы негізгі демократиялық принциптерді басшылыққа ала отырып, саяси субъектілердің өзара және қоғаммен ақпарат алмасуындағы екіжақты келісімі мен сеніміне негізделген еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығын нақтылайтын маңызды фактор екендігімен ерекшеленеді. Қазақстандағы саяси жүйе жаңару кезеңін бастан кешіріп жатқанда, саяси коммуникация мәселесі қашанда өзекті мәселелердің қатарына жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси коммуникацияны алғаш рет теориялық тұрғыдан зерттеу шетел ғалымдарының зерттеулерінде орын алған болатын. Атап айтсақ, қоғам мен билік арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан талдап, саяси коммуникацияны зерттеудің негізі ХХ ғ. 40-80 жылдары батыс елінде жарыққа шыққан Ж. Алтшулл, Р. Кац, Ж. М. Коттрэ, Ч. Кули, П. Лазарсфельд, Г. Лассуэлл, М. Маклюэн, Ю. Хабермас сияқты шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде зерттелді.
Ресейлік зерттеушілер Ю. П. Буданцев пен В. П. Конецкая еңбектерінде коммуникацияның әлеуметтік-саяси сипаттарын анықтай келе, саяси маңызды ақпараттың жасалу жолдарымен олардың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын талдап көрсеткен. Саяси коммуникацияда негізінен қоғам мүддесінің ескерілуін қарастырып зерттеген.
Л. Р. Посикераның зерттеуінде саяси коммуникацияның тікелей жүзеге асырылу процесі сайлау науқаны барысындағы түрлі саяси технологияларды қолдану нәтижесінде іске асырылатындығы нақтылы дәйектермен дәлелденіп берілген. Саяси субъектілердің билік үшін жүргізген күрестеріндегі саяси технологиялардың позитивті және негативті жақтарына сараптамалық талдаулар жүргізген.
Келесі кезекте саяси жүйені талқылауда және оның дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық процестердің рөлі мен орнын анықтауға арналған шетелдік ғалымдар Г. Алмонд, Н. Винер, К. Дойч, Д. Истон, Т. Парсонс сынды ғалымдармен қатар, ресейлік М. Г. Анохин, П. К. Гончаров, М. Н. Грачев және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде саяси коммуникацияны іске асырудың тәсілдері кеңінен қарастырылады.
А. И. Соловьев саяси коммуникацияның қалыптасу жолдары мен түрлерін кеңінен зерттеп, оның саяси жүйедегі алатын орнын анықтайды. Саяси коммуникация мен бұқаралық коммуникацияның ара-жігін нақтылап көрсетіп, олардың өзара байланысты қызметтеріне талдау жасай отырып, тәжірибеде қолданудың түрлеріне нұсқаулар берген.
Қазіргі кездегі коммуникативтік технологияларды саяси жүйеде кеңінен қолдану туралы А. Н. Балашова, С. Блэк, Ф. Н. Ильясов еңбектерінің теориялық және тәжірибелік маңызы бар.
Г. Г. Почепцов өз еңбегінде саяси коммуникацияда қолданылатын саяси технологиялардың манипулятивтік тәсілдеріне ерекше назар аударады. Ол саяси коммуникацияға ықпал ететін саяси жарнама, үгіт-насихат, паблик рилейшнз қызметтеріне талдау жасап, оларды әлемдік және ресейлік тәжірибеде іске асырудың мүмкіндіктерін көрсетеді.
Отандық саяси ғылымда саяси коммуникация мәселесі кешенді түрде қарастырылмаған. Бірақ, жекелеген салалары бойынша теориялық-методологиялық негіздері қаланып, саяси коммуникацияның: бұқаралық ақпарат құралдары және сайлау қызметтері туралы зерттеу жүргізген А. С. Абулқасова, Р. Б. Әбсаттаров, С. С. Әділбеков, А. Болатбаева, Е. Қ. Ертісбаев, Б. Ө. Исабаев, Ж. О. Кенжалин, Ш. А. Құрманбаева, Д. Т. Медеуова, Г. Ө. Насимова сияқты ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде зерттелген.
Еліміздегі паблик рилейшнз және саяси жарнама мәселелерінің рөлі туралы БАҚ-пен сабақтастыра зерттеуде Л. Ф. Әділова [2], Ғ. Ж. Ибраева [3], А. Ж. Ибраев [4], М. Ө. Насимов [5] және т. б. ғылыми-зерттеу жұмыстары ерекше орын алады.
Қазақстандағы саяси коммуникацияның бұқаралық коммуникация құралдары арқылы іске асырылуының әр түрлі қырларын қарастырған Р. А. Нұртазина [6], Г. С. Сұлтанбаеваның [7] еңбектері бұл саладағы маңызды зерттеулердің қатарына жатады.
Қазақстандық қоғамның демократиялануы мен саяси жаңаруы туралы қарастырылатын М. С. Әшімбаев, Л. Ә. Байділдинов, К. Н. Бұрханов, К. М. Жаулин, Ә. М. Жүнісов, Ж. Х. Жүнісова, Л. М. Иватова, Р. Қ. Қадыржанов, Ә. Н. Нысанбаев, М. Т. Лаумулин, Қ. Ж. Нұғманова, А. А. Нұрмағамбетов, Г. Р. Нұрымбетова, Н. В. Романова, И. Н. Тасмағамбетовтің және басқа да зерттеушілердің ғылыми-зерттеу еңбектері құнды саналады.
Саяси коммуникация және онымен байланысты мәселелер бойынша ғылыми еңбектердің көптігіне қарамастан, отандық саяси ғылымда Қазақстандағы демократияландыру процесін нығайтуда ерекше рөл атқаратын саяси коммуникацияны кешенді түрде қарастыратын арнайы зерттеулер жоқ. Осыған орай, Қазақстандағы саяси субъектілердің өзара және қоғаммен қарым-қатынасын, саяси жүйенің модернизациясы жағдайында қарастырудың қажеттілігі туындайды.
Диссертациялық зерттеудің нысанына қазіргі Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация мәселесін кешенді зерттеу жатады.
Зерттеу пәні саяси коммуникацияның Қазақстан Республикасындағы қалыптасуы мен даму мәселесі болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты - саяси коммуникацияның Қазақстандағы саяси жүйені модернизациялаушы маңызды факторлардың бірі ретінде жан-жақты зерттеу.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер
1. Саяси коммуникацияның ғылыми түрде зерттелуін ресей және батыс зерттеушілерінің еңбектерінің негізінде салыстырмалы түрде талдау;
2. Қазақстандағы саяси коммуникацияның қалыптасу және даму ерекшеліктері мен келешегіне сипаттама беру;
3. Саяси коммуникация және саяси коммуникациялық кеңістік құрылымын қарастыра отырып, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен рөлін көрсету;
4. Саяси коммуникацияның Қазақстандағы саяси жүйені модернизациялаудағы ықпалына саяси сараптамалық талдау жасау;
5. Қазақстандағы қоғам мен байланыс (PR) қызметтерін жүзеге асырудың тәсілдері мен тиімділігін нақтылау;
6. Қазақстандағы саяси коммуникациядағы БАҚ-тың қызметін зерттеу;
7. Қазақстандағы саяси коммуникацияны жетілдіру мен тиімділігін арттырудың негізгі факторларын анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы тақырыптың қазіргі заман талабына сай өзектілігімен, зерттелмеген тың мәселелерді талдап зерттеуімен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне байланысты жүзеге асуымен анықталады. Саяси коммуникация процесін іске асырудағы саяси субъектілердің, азаматтық қоғам институттарының қоғамдық-саяси қызметінің маңызын ашып көрсеткен отандық саяси ғылымдағы алғашқы еңбек болуымен айқындалады. Сонымен зерттеу еңбегінде төмендегідей нақты ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- «саяси коммуникация» ұғымы, оның саяси ғылымдағы зерттелу деңгейіндегі бағыттар мен көзқарастар талданып, жүйеленді және авторлық түсініктеме берілді;
- Қазақстандағы саяси коммуникацияның саяси жүйедегі рөлі анықталып, оның қалыптасу кезеңдері мен даму ерекшеліктері, қызметтері мен түрлері талданады;
- саяси коммуникацияның типологиясын түсіндіре отырып, автор тарапынан типологиялаудың жаңа бағыттары негізделеді;
- еліміздегі қоғаммен байланыс ұйымдарының қызметін жүзеге асырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі көрсетіледі;
- мемлекетіміздегі қоғам мен билік арасындағы өзара байланыста туындайтын саяси мүдделердің қарама-қайшылығы, негізгі кедергілер мен оларды шешудің мүмкіндіктері айқындалады;
- саяси коммуникация еліміздегі саяси жаңарудың нақты бір белгісі ретінде анықталынып, оның әдістері кеңінен қолданылады;
- отандық саяси ғылымда тұңғыш рет Қазақстандағы саяси коммуникацияның дамуына ақпараттық саясаттың тигізетін ықпалы талдап зерттелінеді;
- Қазақстандағы саяси коммуникацияны одан әрі жетілдіріп, дамытудың айқын бағыттарына нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.
Зерттеудің теориялық - әдістемелік негіздері. Диссертациялық зерттеу барысында автор жалпы танымдық ғылыми принциптерге, пәнаралық, тарихи-нақтылы тәсілдерге, саяси құндылықтар жүйесіндегі билік пен қоғам мүдделерінің артықшылықтары туралы іргелі дүниетанымдық зерттеулерге, олардың өзара байланыстағы қатынастарының дамуына тиесілі, биліктің шешімдер қабылдауындағы қоғам мүдделерін ескеруіне арналған еңбектерге сүйенеді. Диссертациялық зерттеу негізіне саяси коммуникацияны модельдеу, типологиялық ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың байланыс құралдарын, саяси жүйенің құрылымдық-функционалдық негізін, оның жеке элементтерінің модернизация жағдайындағы жұмыс істеуін арнайы зерттеген алдыңғы қатарлы ресей және шетелдік ғалымдардың тұжырымдарын қарастыру жатады.
Зерттеудің әдіс - тәсілдерін саяси ғылымдағы белгілі жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, саяси-салыстырмалы талдаулар, тарихилық, әлеуметтік, ғылыми объективтілік, болжамдық, статистикалық, логикалық талдау тәсілдері қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың деректемелік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары», Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы», Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен саяси коммуникация мәселесіне қатысты жүргізілген әртүрлі әлеуметтік зерттеулер, соның ішінде автордың 1377 респонденттер арасындағы жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің қорытындылары, сонымен қатар, әртүрлі мерзімді басылымдардағы ғылыми-саяси мақалалар мен зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттер, Интернет сайт мәліметтері пайдаланылып, оларға талдау жасалынды.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңызы . Зерттеу нәтижесінде алынған теориялық қорытындылар саясаттану саласында «саяси коммуникация» проблемасын әрі қарай өрбітіп, қарастыру үшін септігін тигізеді. Диссертация тұжырымдары саяси-коммуникациялық процестердің табиғаты, қызметі, құрылысы туралы ғылыми білім сферасындағы зерттеудің әдістерін толықтырады. Саяси және әлеуметтік жүйелер шеңберінде өтіп жатқан саяси модернизациялану кезеңінің дамуы, мәселенің теориялық және тәжірибелік жағын одан әрі кеңейтуге негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін қоғаммен байланыс қызметінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, билік органдарының мемлекеттік қызметі процесінде өз қажеттеріне жарата алады.
Зерттеудің негізгі ой-тұжырымдары мен қорытындылары жоғары оқу орындарында Теориялық саясаттану пәні, «Сайлау жүйесі», «Саяси технологиялар» тәрізді арнайы курстардың негізінде арнайы семинарлар әзірлеу үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, коммуникация мәселелері бойынша студенттерге арналған көмекші құрал, оқулық және оқу құралдарын жазуға көмектеседі.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар
1. Саяси коммуникация ақпараттың дамыған ғасырында саяси субъектілердің қоғамды басқарудағы, яғни, өз мақсаттарын жүзеге асырудағы билік үшін күресте қолданылатын тиімді құралдарының бірі болып отыр. Қазіргі таңдағы саяси коммуникация, Қазақстандағы саяси жүйедегі өзгерісті бейнелеп, ақпараттық технологияларға негізделген, билік пен қоғамның өзара қатынастарының дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саяси коммуникация билік үшін күресте қоғамның қолдауын қажет етеді, ал қоғам өз мүддесінің ескеріліп билікте жүзеге асуына ықпал жасауға себепші болады, яғни, бұл өзара келісімді қамтамасыз ететін негізгі басымдық екендігімен ерекшеленеді. Саяси коммуникацияны жүзеге асырудағы ақпараттық технологиялар жаңа заман талабына сай жаңартуды қажет етеді, бұл ақпарат алмасудағы өзара тиімділік мәселесін шешуге септігін тигізеді. Қазақстандағы саяси коммуникацияның қалыптасуы мен даму кезеңі тікелей сайлау кезеңдерімен нақтыланатындықтан оның тәсілдері, саяси қызметті жүзеге асырудағы бірден-бір үздіксіз процесс саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz