Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)



Кіріспе
1. Түрік қағанаты
2. Түргеш қағанаты
3. Қарлұқ мемлекеті
4. Оғыздар
5. Қимақ қағанаты
6. Қарахан мемлекеті
7. Қыпшақ, найман және керейіттер кезіндегі Қазақстан
Қорытынды
Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеуметтк консолидациясының жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Онтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумактарында бірнеше (түркі тілді тайпалардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді) Олар: бірінші Түркі қағандығы — Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы, ұйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Булғар, Қарлүқ, Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері немесе империясы. Дәл осы уақытта казіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердін. рухани мәдениеті де жаңа сатыға көтерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі әдебиеті калыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни түсініктерді, нанымдары — булдизм, христиан, манихей, ислам діндерінің негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады? Көшпелі және жартылай кешпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіндік еркениетті мәдениет түрлерін қалыптастырды, олар сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орын алды.
Түркі ұғымының шығу тегі туралы қазақтан алғашқы қалам тартқан Әлихан Бокейханов, Мүхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев, Санжар Асфендияров, Әуелбек Қоңыратбаевтар, империялық зұлматтың шеңгеліне ілініп, көпшшігі опат болды. Мұстафа ІПоқаев енбектері өз
Отанына әлі күнге дейін жеткен жоқ.
Түріктің белгілі ғалымы Б. Аталай "Дивани лұғат-ат-түріктің" үш томдық аудармасын, осындағы сөздердің бір томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбек әрқылы зерттеу жұмыстарына пайдалануға кең жол ашып берді. Белгілі ғалым, профессор Әбсаттар Дербісалиев араб, парсы тілінде X—XII ғасырларда жарияланған түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеу мен оны кепшілікке таныстыру жолында тынымсыз енбек етіп келеді.
Осы аталған еңбектерден мынадай екі түрлі түсінік бар екенін аңғаруға болады: біріншісі — түркілердің дербес халык ретінде тарих сахнасына шығуы да, екіншісі — олардың дербес мемлекет ретінде қалыптасуы.
Жазба деректер мен ескерткіштерге сүйене отырып біз түркі этногенезінің бірінші және екінші сатыларын танып біле аламыз. >
(VI ғасырдың) ортасына қарай төрт тайпа түркі этногенезінің екінші сатысына — Орталык Азияның этникалық және саяси тарихының басқа сатысына көтерілді. Ол —(VI— IX ғасырлар: Жаңа сатыда этногенез одан әрі дамыды). Сол көшпеңді тайпалар енді өз байланыстарын одан әрі жақсартып, мемлекеттер құрды. Олар: Шығыс түркі қағандығы, Батыс Түркі қағандығы, Түргеш қағандығы, Қарлұқ қағандығы, Қырғыз-ұйғыр — Қарахан мемлекеті, Оғыздар мемлекеті. Дамудың екінші сатысына кетерілген мемлекеттер бірлігінің күшті болуына ортақ тіл, ортақ жазу мәдениеті, ұқсас саяси деңгей игі ықпал етті. Пайда болған мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымдарының беріктігі түркі этногенезінін батысқа қарай жылжуына мүмкіндік берді.
1. Қазақстан тарихы.(Көне заманнан бүгінгі күнге дейін)
Төрт томдық, А., “Ата мұра” баспасы. 1996, 76-81 бб.
2. С. Жолдасбайұлы. Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан. Алматы.
1997. 57-59 бб.
3. Қазақтың көне тарихы. Арап қарпінен көшіреген. М. Қани. Алматы;
«Жалын»; 1993, 126-134
4. Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
5. Алматы « Атамұра» 2010. Қ.А. Ақышев, Қ.М Байпақов, О.И Исмағұлов, Б.Е Көмеков.
6. Түркістан -2006 С. Жолдаспайұлы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Факультеті: Заң
Мамандығы: Социология

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ
ғғ.)

Қабылдаған: т.ғ.к., доцент
Нурбетова Г.О.
Орындаған: Жүсіп М..

Тобы: ЗСЦ - 111

Түркістан - 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Түрік қағанаты
2. Түргеш қағанаты
3. Қарлұқ мемлекеті
4. Оғыздар
5. Қимақ қағанаты
6. Қарахан мемлекеті
7. Қыпшақ, найман және керейіттер кезіндегі Қазақстан
Қорытынды

КІРІСПЕ

Біздің заманымыздың I мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық
орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеуметтк консолидациясының жедел
дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Онтүстік Сібір, Орталық және
Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумактарында бірнеше (түркі
тілді тайпалардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді) Олар:
бірінші Түркі қағандығы — Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы,
ұйғыр, түргеш қағандығы, Енисей қырғыздарының, Хазар, Булғар, Қарлүқ,
Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ, Хорезм мемлекеттері
немесе империясы. Дәл осы уақытта казіргі түркі тілді тайпалардың этникалық-
саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердін. рухани мәдениеті де
жаңа сатыға көтерілген болатын. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа
түскен түркі әдебиеті калыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни
түсініктерді, нанымдары — булдизм, христиан, манихей, ислам діндерінің
негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады? Көшпелі және жартылай
кешпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті.
Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіндік еркениетті мәдениет түрлерін
қалыптастырды, олар сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орын алды.
Түркі ұғымының шығу тегі туралы қазақтан алғашқы қалам тартқан Әлихан
Бокейханов, Мүхаммеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев,
Санжар Асфендияров, Әуелбек Қоңыратбаевтар, империялық зұлматтың шеңгеліне
ілініп, көпшшігі опат болды. Мұстафа ІПоқаев енбектері өз
Отанына әлі күнге дейін жеткен жоқ.
Түріктің белгілі ғалымы Б. Аталай "Дивани лұғат-ат-түріктің" үш томдық
аудармасын, осындағы сөздердің бір томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбек
әрқылы зерттеу жұмыстарына пайдалануға кең жол ашып берді. Белгілі ғалым,
профессор Әбсаттар Дербісалиев араб, парсы тілінде X—XII ғасырларда
жарияланған түркі ғұламаларының еңбектерін зерттеу мен оны кепшілікке
таныстыру жолында тынымсыз енбек етіп келеді.
Осы аталған еңбектерден мынадай екі түрлі түсінік бар екенін аңғаруға
болады: біріншісі — түркілердің дербес халык ретінде тарих сахнасына шығуы
да, екіншісі — олардың дербес мемлекет ретінде қалыптасуы.
Жазба деректер мен ескерткіштерге сүйене отырып біз түркі
этногенезінің бірінші және екінші сатыларын танып біле аламыз.
(VI ғасырдың) ортасына қарай төрт тайпа түркі этногенезінің екінші
сатысына — Орталык Азияның этникалық және саяси тарихының басқа сатысына
көтерілді. Ол —(VI— IX ғасырлар: Жаңа сатыда этногенез одан әрі дамыды).
Сол көшпеңді тайпалар енді өз байланыстарын одан әрі жақсартып, мемлекеттер
құрды. Олар: Шығыс түркі қағандығы, Батыс Түркі қағандығы, Түргеш
қағандығы, Қарлұқ қағандығы, Қырғыз-ұйғыр — Қарахан мемлекеті, Оғыздар
мемлекеті. Дамудың екінші сатысына кетерілген мемлекеттер бірлігінің күшті
болуына ортақ тіл, ортақ жазу мәдениеті, ұқсас саяси деңгей игі ықпал етті.
Пайда болған мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымдарының беріктігі түркі
этногенезінін батысқа қарай жылжуына мүмкіндік берді.

1. Түрік қағанаты – 552-603 жылдар  
Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі
және ол 542жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнулердің (ғұндардың)
ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің
солтүстік өңірлеріне солтүстік – батыс жақтың бірінен келген түріктер
(туцзюе) жылсайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп
хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтербүкіл құрлықтағы тарихтың
талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.
546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның оңтүстігі мен Орталық
бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға (жуань-
жуань) қарсы жорық жасайды.
Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі
аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ
түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10
жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі
асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан
әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның
көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз
туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп,
түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының
ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары
шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте
бейнеленген.
552 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император
дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі
қағанаты келді.
Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы
моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып,
түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды.
Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін
сақталған.
Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға
сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей
шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне,
солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр
кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың
Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды.
Міне оның қуаттылығы осындай болған.
Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5
ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де
іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси,
сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс
Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау
жасау үшін күрес жүргізеді.
555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал
және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек
жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының
қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен
қазақ далаларына қоныстанулары болды.

Түріктердің сорына қарай дәл осы тұста, бұрын Қытайды бытыраңқылықта
ұстап келген Сәнбилердің Тоба әулеті тақтан тайдырылып, оның орнына қытай
нәсілін жедел біріктіріп күшейтуді қолға алған қытайлық Суй әулеті (583-638
ж.ж.) өкілдері билікке келді. Олар өздерінің байырғы ата жаулары түріктерге
қарсы алыстағысымен бірлесіп, жақындағысына қарсы тұру, күштісінен бой
тасалап, әлсізімен бірлесу саясатын ұстанды. Бұл, әрине, жаңалық емес
болатын. Көшпелі түріктердің өздері де мұндай арандату әдісін өзінің
жауларына қарсы талай рет қолданған еді. Мұның өзі шын мәнінде дұшпандар
арасына іріткі салып қана қоймай, оларды әдейі бөлшектеп, өзара іштей
қақтығыстыратын бағыт еді. Түріктердің өзара жауласып, екі қағанатқа
бөлініп кетулері олардың ішкі саясатына Қытайдың араласуын күшейте түсті
Бұған қолайлы жағдай 603 жылы түркітілдес он Телес тайпалары біртұтас
Түрік қағанатын 599 жылдан бері билеп келген Қара Шұрын Түрікке қарсы
көтерілгеннен кейін қалыптасты. Ол көтерілісшілерден бейтарап аймақ Тогонға
қашып құтылды. Енді екіге бөлінген елдің Шығыс қағанатындағы билікке Жоңғар
келсе, ал Батыс қағанат тағына Тарман отырды. Тарман Қара Шұрынның хансу
әйелінен туған еді және әкесіне қарсы бас көтергендерді қатал жазалаумен
жүйелі түрде айналысты және өзінің ішкі саясатын Дулу тайпалық одағына
біріккен бес түрік тайпаларына сүйене отырып жүргізді. Анасы қытайлықтардан
болса да, Тарман Батыс түріктерін қытайлықтарға тәуелсіз елге айналдыру
үшін барынша күресті. Бас қаған болып алған Шегуйдің тұсында Батыс түрік
қағанаты қайта күшейіп, бұрынғы шеттеп кеткен аймақтарын күшпен қосып алып,
дербес елге айнала түсті. Басқа түркі қағандары тәрізді Шегуй қаған да
қытайдан әйел алып, осы елмен бейбіт қатынасты жолға қойды. 618 жылы ол
қайтыс болғанда орнына отырған інісі Тоң ябғу көп кешікпей-ақ бұрын өз
беттерінше Жоңғария аймағында бөлек конфедерация құрып, бөлініп кеткен
Телес тайпалық бірлестігін қағанат құрамына қайтарды. Бүкіл Орта Азия
Солтүстік Батыс Индияға дейін, Оңтүстік-Шығыс Еуропа далаларынан
Ауғанстанға дейінгі үлкен аймақ батыс түріктерінің ықпалына түсті. Өмір
бойы шығыс түріктерімен соғысып өткен Тоң ябғу ақыры Батыс түрікті дербес
әскери империяға айналдырды. Садақты әскерін жүз мың адамға жеткізген ол
батыста Византиямен, оңтүстік-шығыста Қытаймен бейбіт келісімге қол
жеткізді. Бұл Батыс Түрік қағанатының шын мәнінде қайта өрлеу кезеңі еді.
Солай бола тұрса да, үлкен саясатта Тоң ябғу тайпалық этникалық мүдде
аясынан шыға алмай, шын мәнінде, Бес Нүшеби тайпалық бірлестігінің көсемі
деңгейінде қалып қойды. Сондықтан да оған қарсы Бес дулу бірлестігі, Қара
Ертістегі қарлықтар көтеріліске шықты. Жергілікті жерлердегі осындай
көтерілістерге Тоң ябғудың немере ағасы Бағашұрдың басшылық жасауы жағдайды
күрделендіре түсті. Ақыры қаған осы туысының қолынан қайтыс болды. Бұл
оқиға бір деректерде 628 жылы болған деп көрсетілсе, басқа бір деректерде
630 жылы орын алды деп көрсетіледі.

2. Түргеш қағандығы

Қағандықтың территориясы Орта Азияның Оңтүстік шығысында Чаш (Ташкент)
қаласынан, Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Түрфан калаларына дейінгі аралықты
қамтыған. Орталығы - Суяб қаласы.
Түргештер туралы алғашқы деректер Күлтегін құлпы тастарында және қытай
жазба деректемелерінде көп жазылған.
Түргеш тайпалары VI ғ. Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген. VII г.
Жетісудың орталық аймақтарына орналасады. Өзінің алдында өмір сүрген Батыс
түрік қағандығының сол қанатынын кұра-мына енген, ең халқы көп тайпа
болған, ал түргеш қағаңдығы болып, өз алдына жеке өкімет құрған кезі туралы
деректер "Тоныкөк" жәдігерлігінде біршама жақсы жазылған.
Қағандықтың халқының этникалық құрамы негізінен сары және кара түргеш
тайпаларынан тұрған. Жазба деректердің корсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле
бойларында өмір сүрген. Түргештердің алғашқы қағаны Үшлік, өзінің негізгі
тайпаларын екі Ордаға боліп, басты орталығын Суяб қаласы, оны Ұлы Орда деп
атаса, ал Іле аңғарындағы Күңгірт каласын өзінің кіші ордасы еткен. Соңғы
орданың тұрғындары Күнгірт қаласында және онын аймағында тұрған тәрізді.
Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында
болған. Ол 20 әкімшілік аймактарға бөлінген. Әрбір аймақты тархандар
басқарған, аймақтар 7000 мыңнан әскер жинаған. Үшлік қаған өзін қаған етіп
жариялаған күннен бастап, қағанның саяси-әкімшілік ісін басқару үшін,
жоғарыда жазылған реформаларды іске асыруға барынша көніл бөліп отырған.
Оның тарихтағы басқа іс-әрекеттері жайлы және оның тарих сахнасынан қалай
түскендігі жазба деректерде айтарлықтай жазылмаған. Ол өлген соң (706),
қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпа-ларының арасында талас-тартыс
басталады. Мұны Шығыс түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға
тырысқан.
Күлтегін жәдігерлерінде "Түргеш халқы жау болды", "Білместігі үшін,
Бізге жауыздығы үшін қағаны өлді" деген шумақтардан, Үшлік қағанын Сұлу
қаған, каған болғанға дейін Шығыс түрік қағаны Қапаған өлтірді ме деген ой
туғызады. Мұндай сөз "Үлкен Күлтегін" жазумен "Тоныкөк" жазуында бірнеше
рет қайталанады.
Екі тайпаның арасындағы тартыста Қара түргештер жеңіске жетіп, оның
ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлу қаған болады. Ол өзін 715 жылы каған
деп жариялаған. Астанасы болған Талас, (Тараз) қаласына орнығады.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезі түргеш кағандығының
ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді. Біріншіден,
Азиядан арабтардың шапқыншылығы күшейіп тұрса, екіншіден, Оңтүстік Шығыс
жағынан Қытай өкіметінің қаупі төніп тұрды. Ал, үшіншіден, біз жоғарыда
атап өткен Шығыс түрік қағандығы Жетісу жеріндегі талас-тартыстарды
пайдалануға дайын тұрды.
Сұлу кағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге
(батысқа және шығысқа) тура келген. Батыстан басты жау арабтар болған. Сұлу
қаған оларга қарсы күресте, Орта Азиядағы арабтарға қарсы күрестерді
пайдаланып, оларды қолдап жәрдем беріп отырған. Мұндай тәсіл Сұлуға пайдалы
болып отырған. Сондай күрестің бірі 723 ж. Ферғана қарлұқтарының арабтарға
қарсы күресі болса, екінші бір үлкен күрес Самарканд, Бүкара халыктарының
арабтарға қарсы күрестеріне көмектесіп, қалалардан арабтарды қуып шықкан.
Сұлу қаған арабтарды Мауераннахр жерінен біршама қуғанға дейін батыл
әрекеттер жүргізген.
Халықаралык жағдайлардың түргеш кағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси
белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 ж. озінік
бақталастарының құрбаны болды. Оның қолбасшысы да 739 ж. Сырдарияның
бойында арабтардың қолында мерт болады.
Сұлудың орнына оның баласы Түқарсан Қүт-шар қаған болған. Алайда оның
қағандық құрған мезгілі бар-жоғы бір-екі жылға ғана созылған. Бүл кезде
сары-кара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі
тайпаның арасындағы күрес тура 20 ж. созылып қағандықтын саяси және
экономикалық жағы мүлде әлсірейді.

3. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).

Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап
қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар
Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ
тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж.
қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға
бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы
деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна
ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс
жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ.
ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген.
Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы
Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді.
Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.)
қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу
мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер,
барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары
Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп
жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас
өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу,
840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек
топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары
да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз,
Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы
Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу
жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс
түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма
тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап
болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 6-13 ғғ.
көшпелі және отырықшы мәдениет. Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-
мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік
Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы
Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы
жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл
металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Б.з.д. 2 ғ. орта
шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде
қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек
жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ
өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп
отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып
шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және
оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо
көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан
Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан
шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта
теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік
жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы
хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік
Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай
ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта
Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары
болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан
қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы
теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды. 7-14 ғғ. Елшілік
және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол
тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан
мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен
соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз
жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.

4. Оғыз мемлекеті (9 – 11ғ)  
\ІІ ғасырда Арал теңізі мен Сырдарияның орта ағысы арлығындағы
аймақта кангар тайпалары этникалық қауымының қалыптасу кезеңі жүріп өтті.
Сырдария араб және қытай деректерінде Кангар деп аталады. Ертедегі
түріктердің орхон жазбаларындағы кеңгерестер, Византия авторы Константин
Багрянородныйдың (Хғ) кангарлары және араб географы әл-Идрисидің (ХІІғ)
хангакиштері – кангюлердің этнонимдік дәстүрін сақтаушы кангар деген бір
тайпалық атаудың әр түрлі нұсқалары. Кангарлардың тайпаластары арасындағы
билеуші үстем тобы болғаны анық.
Уақыт өте келе, \ІІ - \ІІІ ғасырлар тұсында кангар деген ескі
атаудың орны печенег деген жаңа этноним қалыптасты. Бұл өзгеріс
Константиннің мәліметтерінен айқын аңғарылады:
\ІІІ ғасырдың бас кезінде Сырдария ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар
Орта Азиямен ОңтүстікҚазақстан ортағасырлық қалаларының тарихнамасы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар
Ислам дінінің таралуы
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Пәндер