Қыз ұзату дәстүрі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қыз ұзату дәстүрі

:
Қыз ұзатуда орындалатынсалт-дәстүрлер:

Қыз ұзатуда орындалатын

салт-дәстүрлер

Түсінік:

Түсінік

: 1 .
Қыз ұзатуда орындалатынсалт-дәстүрлер: Күйеу келген соң, қалындық пен жігітке арналған ақ отау тігу
Түсінік: Ақ отауды тігу үстінде мынадай дәстүрлі
рәсімдер орындалады:
1. құдай жолы;
2. кереге керер;
3. шаңырақ көтерер;
4. уық шаншар;
5. туырлық жабар;
6. түндік жабар;
7. үзік жабар;
8. бау-шу байлар;
9. отау байғазысы;
10, мойын ұсынар
: 2
Қыз ұзатуда орындалатынсалт-дәстүрлер: Отауға түсу
Түсінік: Түн ортасы ауа күйеу. жігіттің ақ отауда оңаша кездесуі «отауға түсу» деп аталады. Қыз жеңгелері . қалындық пен күйеуге ақ шүберек (неке жаулық) салып, тілеуін тілеп, екі жасты бөлек қалдырған. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаса онда жеңгелері . сүйінші сұраған.
:

3.

Қыз ұзатуда орындалатынсалт-дәстүрлер: Тойға шақыру
Түсінік:

Той басталардан екі күн бұрын жан-жаққа шақыртушьшар жіберіледі, алыстағы ағайындылар екі-үш ай бұрын хабардар болады.

:

4,

Қыз ұзатуда орындалатынсалт-дәстүрлер:

Кыздар мен жігіттер арасыңдағы айтыс

Түсінік: Жастар қараңғы түсісімен-ақ кйіз үйдің іргесін түріп тастап, қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып қызу айтысты бастаған. Жеңілген жақ уақ-түйекпен бір тоғыз төлеген.
:

5.

Қыз ұзатуда орындалатынсалт-дәстүрлер: Сыбағалы табактарды тарту. Балуандар күресі, көкпар, ат бәйгесі, түрлі ойындар
Түсінік: Ең үлкен жүлде ат бәйгесіне беріледі. Бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз. Екінші бөйгеге ат бастатқан тоғыз.

Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі

№:

Тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер:

Тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер

Түсінік:

Түсінік

№:

1.

Тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер:

Қыз баланың белін жеті жасқа келгенде белдеумен буып қою

Түсінік:

Бұрынырақта қызы жеті жасқа толысымен-ақ аналары белін белбеумен буып қоятын.

№:

2.

Тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер: Он екіге келген соң қызының. төсегіне. дәл жауырынның астынан келетіндей етіп қос арқан керу
Түсінік:

Он екіге келген соң, аналары кызының төсегіне дәл жауырынның астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған ұйықтататын. Сондықтан да ежелгі қазақ қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.

№:

3.

Тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер: Қызды оң жаққа шығару
Түсінік: Қызы он екіге толғанда ата-анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе-тесегін көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ол ішінде «қызын оң жаққа шығару» деп аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі» - «қосаға» ал осы қосағаны бүркемелеп тұрған перде «көсеге» делінеді. Қызы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін» деген тілек сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.
№:

4.

Тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер: Кыз баланы ұзатылуына 6 ай қалғанда жеке үй тігіп, бір жеңгесімен бөлек шығару
Түсінік: Кыз баланың ұзатынуына 6 ай қалғанда жеке үй тігіп, қызын сол отауға бір жеңгесімен бөлек шығарған. Бұл үй -«доғалаң» деп аталады. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан-ошақ ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігін атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған.

Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар

№:

Атауы:

Атауы

Түсінік: Түсінік
№:

1.

Атауы:

Құда

Түсінік:

Күйеу мен қалындықтың аталары мен әкелер аға-інілері мен туған-туыстары.

№:

2.

Атауы:

Құдағи

Түсінік:

Қарама-қарсы жақтын, әжелері, шешелер апалары.

№:

3.

Атауы:

Құдаша

Түсінік:

Қарама-қарсы жақтың сіңілілері.

№:

4.

Атауы:

Бел құда

Түсінік:

Туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқа

құдалар.

№:

5.

Атауы:

Бесік құда

Түсінік:

Құданың бұл түрі ел ішінде «қызылдай құда «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталады.

№:

6. '

Атауы: Карсы кұда
Түсінік: Ұлы мен. қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда», «бесі кертті құда» делінеді.
№:

7 .

Атауы: Бас құда
Түсінік:

Бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат

кұдалар.

№:

8.

Атауы: Жанама кұда
Түсінік: Екі жақгы сөзін сөйлер кұдалар. Бас құданын жанына еріп келген жора-жолдастары.
№:

9.

Атауы: Бауыздау кұда
Түсінік: Мал бауыздағанда бата берген құда.

Дәстүрлі қалыңмал

№:

Бөлімдері:

Бөлімдері

Атауы:

Атауы

№:

1.

Бөлімдері:

Бас жақсы

Атауы: Түзу мылтық, берік сауыт, жақсы сырт киім, қашса құтылатын, қуса жететін бір сәйгүлік және малдығы артық бір түйе, немесе олардың орнына бес ірі қарадан 20 жылқы берілген.
№: 2.
Бөлімдері: Қара мал
Атауы: Қалың малдың ең өзекті бөлімі ірі қара саны бір жиырма, бес жиырмаға дейін (21-25 жылқы) барған.
№: з.
Бөлімдері: Той малы
Атауы: Қыз ұзату тойына сойысқа апарылатын мал, жыртыс және қалыңдық жасауының шығыны. Той малы 20-70 бас жылқыға дейін жеткен.
№: 4.
Бөлімдері:

Сүт ақы

Атауы:

Калыңдықтың анасына берілетін 1-7 түйе. Қыз әкесінің ата күшіне төленетін ақы.

№: 5.
Бөлімдері: Жігіт түйе
Атауы:

Бұған 2 түйе және міндетті түрде жақсы сырт киім мен ер-тұрман беріледі.

№: 6.
Бөлімдері: Ілу
Атауы: Қызын тәрбиелегені үшін ұрын барғанда берілген кәде. Егер ілуге көп қаражат жұмсалса, тиісінше қара мал саны азайтылған.
№:

7.

8.

Бөлімдері: Дөңгелек қалың
Атауы: Он шақгы қарадан аспаған (кедейлер ортасында жүрген) .
№: Балама қалың
Бөлімдері:

10-15 ұсақ мал орнына бір тәуір жылқы берілген.

№: 9.
Бөлімдері: Олқы қалың
Атауы: 37 ірі қара - әйелі өліи, балдызын алғанда төленген.

Кіріспе.

Абайдың қарасөздері мен нақылдары- ақын шығармашылығының елеулі саласы, өлеңдерімен мазмундас, идеялас, бірін-бірі толықтыра тусетін маңызды шығармалары. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза, публицистика. Ақынның тереңнен толғаған озық ойларының шынайы туындысы. Өлеңдерін туғызған тарихи әлеуметтік жағдайлар қарасөзінің тууына да себепкер. Ол - өлеңдерінде де, қарасөздерінде де өмір шындығын, халықтың арманын, болашақ қамын көздеген жазушы. Өзі айтқандай: „Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алды, Кектеніп надан зұлымға, шиыршық атты толғанды".

Абайдың қарасөзге бет бұруы ойламаған жерден ойға алған кездейсоқ емес, керекті заңды бетбұрыс еді. Таланттың өзін туғызатын тарихи әлеуметтік жағдай, халықтың қалың ортасының керегі болса оның творчестволық ізденістеріне бастау да сол.

Көңіліндегі көрікті ойдың өңін қашырмай халыққа жеткізу, өнеге қалдыру, ақыл айту, оны терең толғантты, қиялы қанаттанып, шабыт биігіне көтерілді. Айтар сырларын, арман-ойларын түгел баяндап, тыңдаушысын тәнті етіп, оқушысының сусынын әбден қандыру үшін тек поэзия аздық ететіндей, прозаға да бет бұрды. Кейбір тарихи не философиялық пікірлерін жеткізе айту үшін оған поэзиядан гөрі қарасөздің мүмкіншілігі мол сияқты сезілді.

Бірақ Абай алдында әзір тұрған проза үлгісі қазақ әдебиетінде болған жоқ. Бұрынғы ауыз әдебиетіндегі түрлі тақпақ, ертегі аңыз-әңгіме турлері де г шешенді би сөздері де Абайға көркемдік үлгі болып кете алмады. „Ескі бише отырман бос мақалдап", - деп қазақтың ескі билерінің түр қуған бос сөздеріне сын айтты. Абай өз сөздерін халықтық терең идеяға құрып, оған көркем түр бере түзеп тыңдаушыларын да түзелуге шақырады. Ол қандай шығарма жазбасын бәрінде де тұр қуаламай, мазмұнға ерекше мән беруді мақсат тутты. Сондықтан да өз шығармаларының түрі мен мазмұнын қабыстырып, терең мазмұнына сай өзінше түр тауып қолданды.

Ол үшін, Абай өзіне әбден таныс қазақ ауыз әдебиеті, Батыс әдебиеті, Орта Азия әдебиеті жасаған әзір үлгілерді білсе де оның барлық белгілі түрлерін қабылдай алған жоқ. Ертегі, аңыз шежіре, хикая тағы басқа жазған жоқ. Ол өзінше жазды. Ақындық жолындағы ізденістері нәтижесінде лириканың көптеген жаңа түрлерін дамытқан Абай прозаның қолдануға ыңғайлы, жетімді түрін іздестірген сияқты. Құлаққа жеңіл, жатқа айтуға да көнерлік, сол тұстағы қауым талғамына сай өзіндік стиль тапты. Осылайша қазақ әдебиетінің тәжірибесіне әлі сіңбеген прозалық шығарма жазуды бастады. Бұл салада алғаш қадамдар жасады. Ол өз кезіне лайық жаттап алуға, ойға салып, тәлім алуға мүмкіндігі мол қарасөз түрін тапты. Сол сөздер арқылы Абай өлеңдерінде қозғаған алуан түрлі жаңа пікірлерін, кернеген ой толғауларын жазып қалдырды. Келешектің кәдесіне жарарлық өсиет, кезіне керекті насихат, жас буынға ой саларлық нақыл, өмір ережесі етіп тұтарлық шешен нақыл сөздер тізді. Ақыры ойладым, - дейді Абай, - осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын, "керегі жоқ" десе, өз сөзім өзімдікі". Осы ойға кіріскен Абай, өзінің көтерген мәселесін ұзақ желіге құрып, оқиғасьш көркем бейне арқылы ашуды мақсат қылмайды. Ол өзінің айтпақ болған ойларын, өлеңдерінде көтерген мәселелерін көлемі шағын, мазмұны бай, сөзі орамды, тілі өткір қарасөздер арқылы қысқа ғана әңгімелеп береді.

Абай өзінің өсиет сөздерін, ғақияларьш тұтас бір шығарма ретінде шығару жольшда өзіне әзір стилдік үлгі болар туындыны, біздің кейінгі кездегі болжамымыз бойынша батыстан да емес (біз бұрынғы зерттеуімізде А. С. Пушкиннен тапты дегенбіз), шығыстан, парсы ғүламаларының еңбектерінен тапқаны анық. Ондай ойға біз „Ка-бус наманың" қазақ тілінде бөлек кітап боп шыққан кезінен келгенбіз. Байыптап қарасақ Кей қауыстың „Ка-бус намасы" өзінің сыртқы түрі мен стилі жағынан өте жақын туындылар екен. Екеуінде де қырық бес өсиет сөздер тізілген. Айырмасы мазмұньшда екен. Кей қауыс өзінің „Кабус намасын" (өсиет кітабын) өзінің туған ұлына арнап, соның болашағы үшін керекті ақылдарын айтады. Өз басының тәжірибесін қорытып, болашақта қажет болар деген ниетпен, баласына өсиет етеді. Өмір тәжірибесін түйіп, жақсылық, әділдік жолдарын меңзейді. Аллаға, дін ісіләм қағидаларына берік болудан бастап, үкімет билігін қалай жүргізу, адал адамгерпгілік, ақыл иесі болу жолдарын г өнерлі, өнегелі іс қыла білуді әңгімелеген. Ал Абай болса, бір адамға емес, ақылдарын барлық қазаққа, қала берді бүкіл адам баласына қарата айтады. Қазақ елінің, ұлтының шындығынан алып сөз қозғайды. Елінің мақсат, мүддесін көздеп, оның парасатты ұрпағына жөн-жосық көрсетеді. Керек жерінде сьш айтып, керексіз әдеттер мен мінездерден сақтандырады. Жалпыға ортақ ойлар түйіндейді.

Сондықтан, Абай сөздері сырт формасы жағынан „Ка-бус намаға" өте ұқсас болса да, мазмүны мүлде бөлек. Бұл тұста біз Абайдың аталмыш шығарманы оқығанын және түрі, стилі жағынан болса да үлгі тұтқанын айтпақпыз.

Жанрлық іздену жолығада ол шығыстың ғылыми трактат, тастих ретіндегі шағын үлгілерін, Жәмидің қарасөзді ғақлияларын есте үстағаны даусыз.

Қазіргі қолданылып жүрген мағынасында көркем проза жанрын тікелей Абайдан іздеп, соның біріне оның ғақлия қарасөздерін жатқыза салам деудің реті келе бермейді. Мысалы, көркем прозаны алсақ г оның қазір көлемді түрі және шағын түрлері қалыптасты. Көлемді түрі: роман, повесть, шағын түрі: әңгіме, новелла, очерк, т. б. Көркем публицистика түрлері бар. Бұлардан тыс әдебиет қорына қосылатын жанама шағын формалардан - сын, мақала, деректі әңгіме, қызықты памфлет, фельетон, ғылыми-философиялық мәні бар эссе, трактат, сүхбат, суреттеме, өсиет сөз, нақыл сөз, т. б. атауға болады.

Абай прозасы ішінде ғақлия, нақыл сөздер де, ғылыми мақала да, ойшылық трактат та, өткір сын, мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгіме де адамгершілік өсиеттер де (дидактикалық рассуждение), публицистикалық насихат түрлері де шешендік әңгіме кеңестері де бар. Тек көлемді көркем проза жазбаған.

Қысқасы біз: 1) Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек, 2) Абайдың қарасөздерінде шағын прозаның мынадай турлері бар деп білу керек демекпіз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Қыз ұзату, үйлену салт дәстүрлері
Той - әдет ғұрып дәстүрі
Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері
Некеге тұру шарттары
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлер
Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері туралы ырымдар
Қазақтың салт-дәстүрлері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz