Қылмыстық жаза жүйесіндегі айыппұлдың түсінігі мен қалыптасу тарихы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙЫППҰЛДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ . . . 6
1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі және оның мақсаттары, қылмыстық заңдағы жаза жүйесі . . . 6
1. 2 Қазақстанда айыппұлдың тарихына қысқаша талдау . . . 31
1. 3. Шет мемлекеттерде айыппұл жазасын қолдану ерекшеліктері . . . 45
2 ТАРАУ. АЙЫППҰЛ ЖАЗАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 46
2. 1. Айыппұл жазасының түсінігі . . . 46
2. 2 Айыппұл жазасын қолдану тәртібі . . . . ……. 54
2. 3. Айыппұл жазасының орындалу мәселелері . . . 58
Қорытынды . . . 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 77
Кіріспе
Қазіргі кезде мемлекетімізде заңдылықты бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл аударылып отыр. “Конституциялық деңгейде мемлекетіміз Қазақстанда жоғары құндылықтар ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылатынын жария етті. ” “Сондықтан заң ұстамшыл азаматтардың, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау құқық қорғау органдарының басты міндеті”- деді Н. Ә. Назарбаев республикамыздың құқық қорғау құрылымдары басшыларының кеңейтілген кеңесінде. Бастысы, - деді ол, - адамдарды қамау орындарына бағыттау емес, адамның бұзылған құқығын қалпына келтіру. Егер жәбірленушінің құқығы қалпына келтірілсе, оның басқа талаптары болмаса, жұмыс “кәрзеңкеге” емес, әділеттілікті қалпына келтіру үшін атқарылғаны”/1/.
Қылмыстық-атқару жүйесінің 2000 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіткен үкіметтік Бағдарламаның қабылдануы маңызды оқиға болды. Бағдарламадағы көптеген ережелер ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде көрініс тапты. 1998 жылы қабылданған бұл кодексте жазаны өтеу тәртібінің адамгершілік идеясына сай болуы ескерілген. Сотталушының жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік беретін бапта осы заңнамаға алғаш рет енгізілді. Ал, 1998 жылы Қазақстан қинау мен адам абыройына нұқсан келтіретін жазалаудың түрлеріне қарсы Халықаралық Конвенцияны бекітті.
Адам құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар жасалғанымен темір тордағы жағдай түзелмей отыр. Тағдыр тәлкегімен темір тордың арғы бетінен шыққандардың проблемалары шаш етектен. Абақтылардың аузы-мұрнынан шыға толтырылуы, киер киім мен ішер астың жетімсіздігі, дәрі-дәрмектің тапшылығы мен көптен жөндеу көрмеген тұрғын жайлардың аянышты халін оңалту біп күннің ісі емес. Бұл өз кезегінде сотталушылар үшін дұрыс коммуналды-тұрмыстық жағдай жасауды, сотталушылармен тәрбиелік жұмыстар жүргізуді және режимді ұйымдастыруды қиындатады. Қазіргі уақытта түрмеге қамау жеке адамға, жанұяға және қоғамға зиян келтіреді деген пікір басым. Шығындар аса көп - олардың қатарына түрмелерді соғуға, ғимараттарды, түрме әкімшілігін ұстауға, қамаудағы адамдардың тамағы мен оларды күзетуге кететін шығындарды жатқызуға болады.
Егер барлық халықаралық ережелерді біріктіріп және олардан, басты мәселені алсақ - біз түрмеге қамау туралы айқын қағидалар мен көзқарастардың нақты жинағын аламыз. Түрме жазаны өтеуді қамтамасыз етеді, бірақ қамаудағы адамға да, қоғамға да ештеңе бермейді. Қорқыту құралы ретінде оның ролі тым болымсыз. Түрмеге қамау қылмыскерді қоғамнан оқшаулайды, бірақ түрмедегі халықтың санының динамикасы мен қылмыстардың динамикасының арасында тікелей байланыс жоқ. Зерттеулер түрме қоғам өміріне қылмыстардың қайталануын алдын алуда қаншалықты аз септігін тигізетіндігін көрсетеді. Қазіргі түрмелердің құндылығы тым шектелген, және болашақта біз қылмыстардың тиімді жауаптарын тауып, түрмелердегі қамауға алынған адамдар санын ары қарай азайтуды қарастыруымыз қажет.
Қазіргі кезде жазалау саясатымен жүзеге асырылып отырған келеңсіз салдарын есепке алған кезде заңды, оны жүзеге асыру, сот жүйесінің нысандары мен қызметін, құқық қорғау органдарын және қылмыстық-атқару жүйесін реформалау керектігі туындайды.
Аталған проблемалардың нормаларға сай болуына бет бұру кешеуілдетуді күтпейтін мәселе. Бұл мәселенің қауіптілігін бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың санын азайту арқылы төмендетуге болады. Мемлекеттік дамудың қазіргі кезеңдегі ҚР қылмыстық саясатының маңызды бағыты болып қылмыстық заңнаманы гуманизациялау табылады.
Жазалау саясатын жұмсарту әртүрлі бағытта, нысандар мен әдістер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Жазалау саясатына түзету енгізудің бір түрі - бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды кеңінен қолдану болып табылады. Олардың біреуі - айыппұл жазасы.
Қылмыстылықпен күресудің дүниежүзілік тәжірибесі қылмыстылықпен күресуде тек жазалау шараларын қолдану, жазаны қатаңдату елеулі нәтижелерге жетуге ықпалын тигізбейтінін көрсетеді. Қатаң жазаны кәнігі қылмыскерге қолдану жазаны жеңілдетумен немесе бірінші рет кішігірім немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан толық босатумен үйлесу керек. Тек қылмыстық мінез-құлықты тыюмен ғана байланысты емес, қоғаммен қоса, азаматтардың жеке мүдделері, құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында адамгершілікті, әділ болуға шақыратын құқықұстамшының мінез-құлқын ынталандырумен, оған тиісті ұйымдастыру, психологиялық және моральдық алғы шарттарды жасайтын құқықтық құралдарды толық пайдалануға шын мүмкіндіктер туғызу керек. Осыған кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстарды бірінші мәрте жасағаны үшін сотталған адамдарға бас бостандығынан айыру жазасын қолдану практикасын түзету, қылмыс жасағандарға айыппұл жазасын кеңінен қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Қазақстан Республикасының қазіргі даму деңгейіндегі жазалау саясатын түзетуге қатысты ұсыныстарымыз қылмыспен күресу жағдайын бекітуге теріс әсерін тигізбейді деп білеміз, өйткені ол өзінің негізінде кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстарды бірінші мәрте жасағаны үшін сотталушыларға ғана қатысты болмақ. Біздің ойымызша, бұл ҚАЖ-де жазаны өтеудің азды-көпті тұрарлық жағдайларын қалыптастыруға, оларды адамгершілікті етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл жүйеде тәртіп орнатудың басқа жолы жоқ.
Қазақстан Республикасында сотталғандар жөніндегі мағұлматқа көз жүгіртер болсақ, қазіргі қолданыстағы кодекс бойынша сотталғандар саны мынадай. Елімізде 1998-ші жылы 58 394 қылмыскер сотталса, 1999-шы жылы 66 311, 2000-шы жылы 77 984, 2001-ші жылы 70 924, ал 2002-ші жылы 64 829 адам және 2003-ші жылы 50 271 адам сотталды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы статистикалық деректерге сүйене отырып, зерттеу тақырыбымыз - айыппұл жазасы болып отырғандықтан, біз осы жаза бойынша сотталғандар санын бөліп қарайтын болсақ, мынадай сандарды көреміз: 1998-ші жылы 4 754 қылмыскерге жазаның түрі тағайындалса, 1999-шы жылы 4 092, 2000-шы жылы 5 545, 2001-ші жылы 3 177, ал 2002-ші жылы 2 746 сотталушыға және 2003-ші жылы 2 732 сотталушыға тағайындалған болып отыр /2/.
Қылмыс жасаудың себептері мың сан екені талассыз. Сол себептер қылмыс жасаған адамға, құқық теориясының тілімен айтар болсақ, ол қылмыс субъектісіне, оның әртүрлі ерекшеліктеріне, қасиеттеріне (адами, мүліктік, құқықтық жағдайына және т. б. ) байланысты.
Біріншіден, міне осы аталған жағдайлар қылмыстық кодексте қылмыстық жазаның негізгі және қосымша түрі ретінде көрсетілген - айыппұл жазасының қылмыстық заңдағы орнын методологиялық және теориялық анықтау, оның ерекшелік-қасиеттерін біліп, оларды қылмыскерлерге тиімді әсер етудегі жұмыста ерекше ескеру қажеттілігінің ең басты көрсеткіші болып табылады.
Екіншіден, айыппұл жазасының ерекшеліктері арнайы зерттеудің өзектілігі, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару заңдарында орын алып отырған өзгеріс - жаңалықтарға байланысты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының 1998-ші жылы күшіне енген Қылмыстық кодекстің 40-ші бабындағы өзгертулер мен толықтырулар.
Үшіншіден, бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы және қазіргі Қазақстан Республикасында қылмыстық жаза туралы біраз еңбектер жарыққа шыққаны жалпыға мәлім. Алайда, ерекше бір айтатын мәселе - айыппұл жазасы туралы жаңа заңға көптеген өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, біздің елімізде ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Осыған орай, сот, құқық қорғау органдарының жұмысында, мекемелердің іс-әрекетінде әртүрлі методикалық олқылықтар кездеседі. Міне, осы айтылған жағдайларға байланысты айыппұл жазасын арнайы зерттеудің өзектілігі талас туғызбайды.
1 ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙЫППҰЛДЫҢ ТАРИХЫ МЕН АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі және оның мақсаттары, қылмыстық заңдағы жаза жүйесі
1998-ші жылдың қаңтарынан бастап заң күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі жаза ұғымын алғаш рет тұжырымдап берді. Осы Кодекстің 38-ші бабында былай делінген: ``Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру мен оларды шектеу болып табылады``.
Тарихи тұрғыдан алғанда жаза институты біртіндеп алға қарай дамыған. Мемлекетке дейінгі қауымдық-рулық кезеңдерде ұжымдық не жеке мүдделердің құқықтары бұзылғаны үшін санкция тиісінше қауымдық не жеке адам арасындағы сипатқа ие болды. Мысалы, рулық-тайпалық қарым-қатынастарды бұзған (бүлдірген) адамдар қауымнан кетіп, қудалауға ұшырады. Ал жеке адамның мүддесіне қол сұғушылықта конпенсациялық тәртіппен жазалауға ұшырап отырды. Сонау Тәуке хан заманында жазаның бұл түрі ең көп қолданылатын жазаның түріне жатқаны белгілі (“мал жазасы” - бұл жазаға істеген әрекеттерінің қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты құн және айып төлеу, яғни қылмыскерге мүліктік айып салуды жатқызады) .
Мемлекеттің және құқықтың дамуына қарай қылмыс жасағаны үшін жаза бастапқыда жеке, одан беріректе көпшілік (яғни тайпа, ру басшылары жиындарының шешімімен), ең ақырында мәжбүрлеудің ерекше мемлекеттік шаралары жүргізілді.
Дегенмен де, жаза қылмыстық құқықтың қағидаларына жауап беруі тиіс.
Заңдылық қағидасының ең алдымен жаза ауқымына қатысы - жазаның түрлері қылмыстық кодексте айрықша көзделгендігінде. Осы қағидаға сүйене отырып, қылмыстық кодексті басшылыққа алуымыз орынды. Заңдылық қағидасы 1-ші Бөлімнің 2-ші бабында жасалған қылмыс үшін жазалау ``тек осы Кодекспен белгіленеді`` деп тура айтылған. Жазадағы заңдылыққа қылмыс бірден-бір негіз болып қызмет етеді (ҚР ҚК-інің 3-ші бабы) .
Бұл қылмыстық-құқықтық нормалар туралы заңдылық қағидасының талабы мен регламентін түгелдей қамтиды. Қылмыстық кодекстен өзге ешқандай заң жазаны қолдана алмайды, тіпті ``қылмыстық жаза`` деген тіркестің өзі - дәл емес, өйткені жаза қашанда қылмысты болады. Сондықтан да қылмыс жасалған кезде қылмыстық кодекстің санкциясы қолданылады.
1997-ші жылғы қылмыстық кодекс бойынша жаза түрлері 1959-шы жылғы қылмыстық кодекстен ерекшеленеді. Жаңа Қылмыстық кодекстің көлемі де бұрынғы кодекске қарағанда қомақты. Мысалы, бұрынғы кодекс 256 баптан тұрған болса, жаңа Қылмыстық кодекс 393 баптан тұрады.
Қазіргі Қылмыстық кодексте экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар; коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар; экологиялық қылмыстар; бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа тараулар пайда болды. Сондай-ақ жаңа Қылмыстық кодексте жаңа баптар, атап айтқанда: жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметі, заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру, көрінеу жалған жарнама беру, төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату, геноцид және т. б. сияқты қылмыс құрамдары тұңғыш рет кодексте көрсетіліп отыр. Сонымен қатар бұрынғы 1959-шы жылғы Қылмыстық кодекс бойынша қылмыс болып келген заңсыз валюталық операцияға, екі әйел немесе көп әйел алушылық, ұсақ ұрлық, кәсіпкерлікпен шұғылдану, тағы басқа қылмыстар қылмыс қатарынан шығарылды және жаңа кодексте мұндай баптарға орын берілмеген.
Көптеген шетелдік қылмыстық кодекстерде жасалған қылмыстың салдары екі түрге: жаза және қауіпсіздік шаралары деп бөлінеді. Бұл, әрине, Қазақстан қылмыстық заңдарында жоқ. Соңғылары, яғни қауіпсіздік шаралары әр түрлі негіздер бойынша тағайындалады және құқықтық табиғаты да біршама басқа. Есі дұрыс емес және есінің дұрыстығы шектеулі адамдарға, алкоголиктерге және нашақорларға тағайындалатын қауіпсіздіктің мұндай шаралары қосымша жазалар, сондай-ақ қауіпсіздіктің алдын-алу шаралары ретінде қарастырады. Соңғы шаралар қылмыс жасай қоймаған, алайда бұрынғы соттылығына байланысты ``қауіпті жағдайдағы`` адамдарға қолданылады /3/.
Расында, құқықтық табиғаты бойынша әртүрлі шаралар қауіпсіздік шараларының біріңғай түріне біріктірілуге тиісті емес. Бұған қоса жасамаған қылмыстары үшін бостандықтарынан айыратын қауіпсіздіктің алдын-алу шаралары заңдылықпен көпе-көрінеу қайшы келеді. 1995-ші жылғы Испанияның Қылмыстық кодексінің 4-ші Тарауы - ``Қауіпсіздік шаралары`` деп аталады. Онда психиатриялық аурухана орнына жатқызуды, алкоголиктер немесе нашақорларға арналған емдеу мекемесіне жатқызуды, сондай-ақ алдын-ала тұтқындауды, бақылау орнатуды, жүргізушілерді құқығынан айыруды, белгілі бір кәсіптік қызметпен шұғылдануға тыйым салуды көздейді. Испания қылмыстық кодексі бұл шараларды екі топқа бөледі: бірінші топтағы шаралар, бас бостандығынан айыруды көздейді (психиатриялық орталыққа жатқызу, арнаулы түрдегі қайта тәрбиелеу орталығына жатқызу) . Екінші топтағы шаралар, бас бостандығынан айыруды көздемейді (белгілі жерлерде тұруға және болуға тыйым салу, көлік жүргізу құқығынан айыру, қару-жарақты иемденуге берілген лицензиядан айыру, кәсіби біліктіліктен айыру және т. б. ) .
Жеке бапта қандай да бір құқықтық санкциялар жаза деп табылмайтыны белгіленген.
Олар мыналар:
- ұстау және алдын-ала тұтқынға алу, сондай-ақ ескерту сипатындағы басқа да шаралар;
- басқарушылар мен атқарушылар әкімшілік немесе дисциплинарлық тәртіппен тағайындаған айыппұл мен басқа да өтемдер;
- азаматтық немесе әкімшілік заңдарымен белгіленген белгілі бір құқықтардан айыру және түзеу санкциялары.
АҚШ-тың қылмыстық заңдары бойынша қауіпсіздік шаралары: кемісті тәртіп бұзушыларды алдын-ала оңашалауды, ``сексуалды психопаттарды`` алдын-ала оңашалауды, қылмыскерлерді, нашақорлар мен алкоголиктерді мәжбүрлеп оңашалауды және емдеуді көздейді.
Сондай-ақ заңдылық қағидасы бүкіл жаза ауқымының жекелеген жаза түрлерінде көрініс табады. Бұған әлбетте, өлім жазасы (ҚР ҚК-інің 49-шы бабы), өмір бойына бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК-інің 48-ші бабының 4-ші бөлігі), арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру жазалары (ҚР ҚК-інің 50-ші бабы) жатпайды.
ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жазаның бұл қасиеті белгісіз мерзімге жазалауға жол беретін бірқатар шетел кодекстерінен тиімді түрде ерекшеленеді.
Теңдік қағидасы. Бұл қағиданы сөз еткенде, біріншіден, пенализациялау талабы тұрады, яғни ол қылмыс жасаған адамдар (есі дұрыс ҚР ҚК-тегі баптарға сәйкес жасқа толған адам) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей дегенді білдіреді.
Тәуке хан заманындағы ``Жеті жарғы`` осы аталған қағидаға қарама-қайшы көзқараста болған. Мысалы, кісі өліміне тағайындалатын жазаны және қылмыс субъектісін алайық. ``Жеті жарғы`` ерлердің құнын 1000 қоймен, ал әйелдердің құнын 500 қоймен бағалайды және бұл норма төре тұқымдары мен қожаларды өлтіргендерге қолданылмайды. Соңғы екі санаттағыларды өлтірген адамдар жеті есе құн тартуға міндетті. Бұл шарт қазақ қоғамында төрелер мен қожалардың ерекше санатқа ие болғандығын аңғартады /4/.
Екіншіден, теңдік қағидасын іске асыруда қылмыстық жауаптылықтың шешуші сатысы ретінде жазаның болмай қоймайтындығы дегенді білдіреді. Жаза түрлері, жүйесі мен нормалары, баптың санкцияларындағы теңдік қағидасы әділеттілік, кінәлілік және ізгілік қағидаларымен бірігіп кетеді.
Сонымен әділеттілік қағидасы соттың кінәлінің жеке басы мен жасалған қылмыстың сипатын ескере отырып, жаза қолдану кезінде көрінеді. Кінәлінің жеке басы оның үш қасиетінен: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-ролдік, әлеуметтік-психиологиялық қасиетінен құралады. Мысалы, заң өлім жазасы туралы нормада кінәлінің жасы мен жынысын ескереді. Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған ер азаматтарға тағайындалмайды (ҚР ҚК-інің 49-шы бабының 2-ші бөлігі) . Өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы нормада да мұндай шектеулер көзделген (ҚР ҚК-інің 48-ші бабының 4-ші бөлігі) . Кәмелетке жасы томағандар үшін жаза жүйесі ересек сотталушыларға қарағанда жазаның алты түрімен шектелумен төмендетілген.
Жеке адамның әлеуметтік-ролдік қасиеттері оған мынадай жаза түрлерін: белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыруды, әскери қызмет бойынша шектеуді, дисциплинарлық әскери бөлімде ұстауды қолдануға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі (ҚР ҚК-інің 6-шы бабының 4-ші бөлігі) . Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары туралы заңында жасаған қылмыстары үшін шетел азаматтарын қылмыстық жауапқа тарту жағдайында, егер Қазақстан Республикасы мен құқық бұзушы болып табылатын мемлекеттің арасындағы халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе, онда оларға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылмайтындығы айқындалған.
Кінә қағидасы. Бұл қағида кезінде кінәсыз адамға залал келтіріп, жаза қолдануға жол берілмейді және жаза қашан да жеке сипатқа ие, яғни тек сотталушының ғана құқықтары мен бостандығы шектеліп, ол олардан айырылады. Мысалы, ҚР ҚК-інің 51-ші бабының 1-ші бөлігімен тек сотталушының меншігі болып табылатын мүлікті тәркілеуге жол береді. Сотталушының асырауындағы жандарға аса қажетті мүлікті тәркілеу заңға қарама-қайшы. ҚР ҚК-інің 57-ші бабының 1-ші бөлігі қатысушыларға жаза тағайындау кезінде олардың жалпы қылмысқа қосқан дербес үлесін ескеруді талап етеді. Қатысушылардың біріне қатысты жеңілдету немесе ауырлату жағдайлары жаза тағайындау кезінде тек осы қатысушыға ғана ескеріледі.
Әділеттілік қағидасы (ҚР ҚК-інің 2-ші бабының 2-ші бөлігі) толығымен жазаға бағытталған. Әділеттілік қағидасы қылмыстың қоғамға қауіпті дәрежесі мен сипатын қылмыс жасалған жағдайлар мен кінәлінің жеке басына дәлме-дәл сәйкес келушілігін талап етеді. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
Жазаның ізгілік қағидасы сот үкімімен анықталған қылмыстық-құқықтық нормадағы және нақты санкциядағы жазаның жазалаудағы тиімділігін білдіреді. Заң бұл талапты ҚР ҚК-інің 52-ші бабының 2-ші бөлігінде: ``Егер жасалған қылмыс үшін қажетті көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады`` деп түйіндеген.
Жазаға қатысты ізгілік қағидасы сонымен қатар, жазаның мақсаты - адамға қайғы-қасірет шектіру немесе адамның ар-намысын қорлау болып табылмайтынын білдіреді.
Қылмыстық жаза - мемлекеттік күштеу шараларының арнайы бір түрі екендігін ескере отырып, жазаның өзіне ғана тән ерекше белгілерін ашайық.
Жазаның бірінші белгісі - мемлекеттік күштеу шарасы. Сот билігі ретінде мемлекеттен өзге қандай да басқа органдар жазаны қолдануы мүмкін емес. Бұрынғы 1959-шы жылғы Қылмыстық кодекс бойынша қоғамға қауіптілігі онша емес қылмыстарға сөгіс беру, жұмыстан қуу сияқты т. б. қоғамдық әсер ету шараларын және ұжымдық тәрбиелеуді тағайындауды жолдастық соттың қарауына берген еді. Ал біздің жаңа қылмыстық кодексімізде бұл қаралмаған.
Сот үкімі қашанда Қазақстан Республикасы атыннан шығарылады. Соттың айыптау үкімінің қортынды бөлімінде сотталушыға қолданылатын жазаның түрі мен мөлшері, тиісінше режимі бар түзеу мекемесінің түрі көрсетілуі тиіс. Барлық жағдайларда жазаның орындалуы кезінде сот белгілеген жазаның түрі мен көлеміне қатысты қандайда бір күдік тумайтындай болуы керек (ҚР ҚІЖК-інің 375-ші бабы) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz