Қара жорға биінің тарихы



Қазір балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндерден бастап ата-әжелерімізге дейін «Қара жорға» биін билеу дәстүрге айналып барады. Алайда, көпшіліктің делебесін қоздырып, қызығушылығын арттырған әдемі бидің шығу тарихын балалар біле бермейді. Ендеше, «Қара жорғаның» тарихына зер салайық... Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорғасы бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың жалғыз қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуiне қара жорғасын сұрайды. Бай жорғасын қимай, қиналады. Бірақ, жалғызының бетін қайтара алмай, ақыры береді. «Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», - дейді бай қызын ұзатар алдында. Қара жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнеледi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай болады. Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi «Қара жорға» деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-буының еріксіз босайды. Сол себепті де «Қара жорға» биі, кейіннен әні де пайда болады екен.
Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ осы «Қара жорғамен» басталатын болған.
Ендеше балалар, сендер де ұлттық биіміз-«Қара жорғаны» үйреніп алып, әрдайым билеп жүргендерің абзал. Осы биді билеу арқылы сендердің буындарыңа қан жүгіріп, денелерің шынығады. Өйткені, «Қара жорға»-би ғана емес, нағыз спорт түрі. Қазақтың биі иықпен, буынмен билейді деуші еді. Ұмыт болған биімізді шет елден (Қытай ХР, Монғолия) келген бауырларымыз әкелген екен. Десе де, «Қазақтың биі «Қаражорға» емес» — деушілер де табылып жатыр. «Қамажай» тасада қалып қойған секілді. Бірақ ер адамдар қашан қамажайға билепті? Ендеше негізгі биіміз не болды?
1995 жылдан бері бұл биді қалың жұртшылыққа кеңінен насихаттаған арғы беттен келген қандасымыз Арыстан қажы Шәдетұлының да еңбегі ақталды деуге болады.
«Қара жорға» биі қайдан келді? Қарап отырсақ, бұл бидің тарихы тым әріден басталады екен. Кейбір зерттеушілер «Қара жорғаның» тарихы ХІІ ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Бірақ биден бұрын «Қара жорға» күйінің шыққаны анық.
Жоғарыда аты аталған Арыстан қажы Шәдетұлы бұл бидің халық арасында үш атауы барын, яғни «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі» деп аталатынын айтады. Десек те, бұл биді көпке дейін моңғол биі деп шатастырып жүргендер де болыпты.
– Бұл ежелден келе жатқан қазақ биі. Шекара сызығы тартылғаннан кейін бұл би негізінен шеттегі қазақтардың арқасында сақталып қалған, – дейді. Иә, «Қара жорға» ғажап би! Бұл биде біздің қатпарлы тарихымыз мен тағдырымыз бар. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан салт пен дәстүр де осы биде. Тіпті қыз бен жігіттің сұлу сезімі мен махаббатын да осы биден табасың. Биылғы Наурыз мейрамында «Қара жорғаны» әр қазақ билесе, құп болар еді...

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қара жорға биінің тарихы
Қазір балабақшадағы кішкентай бүлдіршіндерден бастап ата-әжелерімізге
дейін Қара жорға биін билеу дәстүрге айналып барады. Алайда, көпшіліктің
делебесін қоздырып, қызығушылығын арттырған әдемі бидің шығу тарихын
балалар біле бермейді. Ендеше, Қара жорғаның тарихына зер салайық... Ерте
заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорғасы
бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың жалғыз қызы
ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуiне қара жорғасын сұрайды. Бай
жорғасын қимай, қиналады. Бірақ, жалғызының бетін қайтара алмай, ақыры
береді. Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп
барасың ғой, бiр көрiп қалайын, - дейді бай қызын ұзатар алдында. Қара
жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Жануар үйреншікті жорғасына
сала жөнеледi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге
жорғалап бара жатқандай болады. Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi
Қара жорға деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны
соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-
буының еріксіз босайды. Сол себепті де Қара жорға биі, кейіннен әні де
пайда болады екен.
Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, Қара жорға биінің денсаулыққа
тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру
жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген
ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық
танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды.
Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру
үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен
Шыңжан мектептерінде сабақ осы Қара жорғамен басталатын болған.
Ендеше балалар, сендер де ұлттық биіміз-Қара жорғаны үйреніп алып,
әрдайым билеп жүргендерің абзал. Осы биді билеу арқылы сендердің буындарыңа
қан жүгіріп, денелерің шынығады. Өйткені, Қара жорға-би ғана емес, нағыз
спорт түрі. Қазақтың биі иықпен, буынмен билейді деуші еді. Ұмыт болған
биімізді шет елден (Қытай ХР, Монғолия) келген бауырларымыз әкелген екен.
Десе де, Қазақтың биі Қаражорға емес — деушілер де табылып жатыр.
Қамажай тасада қалып қойған секілді. Бірақ ер адамдар қашан қамажайға
билепті? Ендеше негізгі биіміз не болды?
1995 жылдан бері бұл биді қалың жұртшылыққа кеңінен насихаттаған арғы
беттен келген қандасымыз Арыстан қажы Шәдетұлының да еңбегі ақталды деуге
болады.
Қара жорға биі қайдан келді? Қарап отырсақ, бұл бидің тарихы тым
әріден басталады екен. Кейбір зерттеушілер Қара жорғаның тарихы ХІІ
ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында
қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Бірақ биден бұрын
Қара жорға күйінің шыққаны анық.
Жоғарыда аты аталған Арыстан қажы Шәдетұлы бұл бидің халық арасында үш
атауы барын, яғни Қара жорға, Бақсы биі және Буын биі деп аталатынын
айтады. Десек те, бұл биді көпке дейін моңғол биі деп шатастырып жүргендер
де болыпты.
– Бұл ежелден келе жатқан қазақ биі. Шекара сызығы тартылғаннан кейін
бұл би негізінен шеттегі қазақтардың арқасында сақталып қалған, – дейді.
Иә, Қара жорға ғажап би! Бұл биде біздің қатпарлы тарихымыз мен
тағдырымыз бар. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан салт пен дәстүр де осы
биде. Тіпті қыз бен жігіттің сұлу сезімі мен махаббатын да осы биден
табасың. Биылғы Наурыз мейрамында Қара жорғаны әр қазақ билесе, құп болар
еді...
Арыстан қажы Шәдетұлы, Қара жорға биін алғаш атамекенге алып келген
би атасы:
Ұлттың ұлттығын паш ететін — оның салт-дәстүрі мен өлмейтін өнері.
Мұны мойындайтын мезетіміз әлдеқашан жеткен-ді. Өнер жауһарларын рухани
игілігімізге айналдырғанда ғана қазақ деген халықтың меншікті ен-
таңбасындай болған дүниелерімізді бір шоғырға жинай аламыз. Сондай ен-
таңбамыздың айтулысы атадан балаға жеткен Қара жорға биі еді. Соңғы бірер
жылдың аясында бұл биді Наурыз мерекесінде жиналып билеу дәстүрге айналды
десек те болады. Бірақ, жаппай ел болып емес. Неге? Себеп, Қара жорға
биінің тарихы мен тағылымдық танымдылығы әлі де дұрыс насихатталмауында.
Кеңестік заман би мәдениетіміздің жұрнағын жұтаңдатқанын да жоққа шығара
алмаспыз. Қамажай мен Киіз басуды ғана нағыз ұлттық биіміз деп жүргенде
егемендігіміз Қара жорғамен қауыштырды.
Сонымен, Қара жорғаны 1996 жылы алғаш атамекенге алып келген немесе
ұмыт болған би түрін бүгінгі ұрпаққа тұңғыш жет-кізуші ХХ ғасырдағы тарих
зобалаңының куәгері, Алаш азаматы Арыстан қажы Шәдетұлы Зұха батыр немересі
болды.
— Бұл бидің тарихы әріден басталады. Қара жорғаның халық арасында
танылуына 1500 жылдай болған. Орхон ескерткіштері жазыл-ған дәуірімен тұспа-
тұс шыққан деген аңыз бар. Яғни, Қытайдағы қазақ тарихшылары Қара жорғаны
тастарда таңбасы қалған Орхон түріктерінің заманынан тарқатады. Бұл би
бақсылық өнерімен бірге пайда болған. Ал, бақсылық тек қазақта ғана болған.
Қара жорға күйі шертілмесе, бақсылар билей алмай, жылан құсап ирелеңдеп
жатып алған болатын. Дәл осы көрініс — шаманизмнен қалған нәрсе. Осындай
негіздерге сүйене отырып айтқанда, бидің шығу тарихының тамырының тереңде
екендігін, оны зерттеп, зерделей қоюға мұршамыздың жетпегендігін
айтқанымның әбестігі болмас.
Қазақта күй жетерлік. Құдіреттілігі сол Қара жорға күйі шертілмесе,
бақсының жыны келмейді. Өзге бірде-бір күй бақсының жынын қоздыра
алмайды.
Ал, Қара жорға биі қалай дүниеге келді десең, бақсылыққа тағы қайта
айналып соғуға мәжбүрміз. Бақсылар Қара жорға күйіне ғана билейтінін
айтып өткен болатынмын. Әсіресе, бақсы әйелдердің іс-әрекетінің көбі бимен
кетеді. Бұл алғашында Бақсы биі деп аталатын. Қара жорға деп кейіннен
атадық. Саусағыңның ұшынан бастап қақ төбе, қара бақайыңа дейін сылқылдап
мың бұрала билегенде бар буының іске қосылады. Қимылсыз буын қалмайды.
Сондықтан, 1998 жылдан бері Буын биі деп аталынып келді. Бүгінде Қара
жорға биі той-жиындарда үнемі орындалып жүр. Бір кездері бидің ұлттық
маңыздылығын түсінбейтіндер: Мынауың қазақтың емес, моңғолдың биі деп
дауласатын. Дауласудың бір себебі, моңғолда да Қара жорға биі бар.
Алайда, моңғолдың Қара жорғасының қимылы қазақтыкіне қиыспайды, басқаша.
Өйткені, қазіргі кезде қазақтың Қара жорғаға да иелік ете алмай
қалатын қаупі бар. Кейінгі кездері Қара жорғаны моңғолдардың иемденуге
ерекше ықыластары ауып жүрген сыңайлы. Әйткенмен моңғолдар биінің әрекеті
бөлек. Олар қолды көтермей, тек өкше мен екі жауырынын ғана қозғалтады.
Қазақтың биінде буын-буынның барлығы қозғалысқа түседі. Сондықтан бұл екеуі
бір-біріне ұқсамайды. Моңғол мен қазақтың Қара жорғасының ұқсастығы өзбек
пен ұйғыр билерінің ұқсастығы секілді. Сондықтан оны моңғолға таңудың
қажеті болмас. Қара жорға моңғолдарда да бар. Бірақ біздің Қара
жорғамыздың тарихы моңғол биінен әріде жатыр. Қара жорға биінің тарихы
XII ғасырдан арыға кететін көрінеді. Оның өзге туысқан ұлттардың немесе
қазақтың басқа да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті сол, оны билеген
сәтте адамның барлық буындарының қозғалысқа енуі, – дейді елімізге осы
биді алғаш дәріптеген Арыстан қажы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық биінің даму тарихы
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Қазақ би өнерi
«Қара жорғаға» биі
Қазақ қоғамындағы билердің ролі
Қазақ мемл
Қазақ биінің даму жолдары
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Қазақ музыка театрының би өнері
Шара ұлттық драма театрының артисі
Пәндер