Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде



КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұлттық экономиканың тұрақты даму факторы ретінде туризм саласының тиімді қызмет етуі қарастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Соңғы уақытта туризм әлеуметтік құбылыс мәніне ие болды. Ол элиталық өнім категориясынан тұтынушылар үшін қолжетімді өнім категориясына ауысты. Оның жоғары қарқынмен дамуы, жоғары көлемді валюталық түсімдері белсенді түрде экономиканың әр түрлі секторларына жағымды әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде туристік саланы қарқынды дамыту қажеттілігін куәландырады.
Сонымен қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.
Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.
Осыған орай, туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу Қазақстанның мемлекеттік саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін беруді атап көрсеткен [1].
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін туристік нарықты ереже бойынша дамытуға мүмкіндік туды, екінші жағынан қызметті ұйымдастыру мен жаңа әдістерді енгізуде қиындықтар туындап отыр. Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігі тарихында туризм саласы жаңа әлеуметтік-экономикалық даму институты ретінде көп өзгерістерге ұшырады. Туризм саласының әлеуетін арттыратын заңды-құқықтық актілер және туристік қызметті реттеуші бағдарламалық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңының (2001ж.) және «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұжырымдамасы» (2001ж.), Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету тұжырымдамасы (1998ж.), Қазақстан республикасында туризмді дамытудың 2007-2011жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы және басқада нормативті-құқықтық құжаттардың қабылдануы дәлел болады [2-5].
1. Туристік қызметті ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі. //ҚМУ хабаршысы. Қызылорда, 2012. №2 (34).
2. Қазақстандығы туризмнің жағдайы мен дамуы. // Жас ғалымдар жинағы. Қызылорда, 2012.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын
кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері
негізінде

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұлттық
экономиканың тұрақты даму факторы ретінде туризм саласының тиімді қызмет
етуі қарастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың табысты саласы
ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы
дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Соңғы уақытта
туризм әлеуметтік құбылыс мәніне ие болды. Ол элиталық өнім категориясынан
тұтынушылар үшін қолжетімді өнім категориясына ауысты. Оның жоғары
қарқынмен дамуы, жоғары көлемді валюталық түсімдері белсенді түрде
экономиканың әр түрлі секторларына жағымды әсерін тигізеді. бұл өз
кезегінде туристік саланы қарқынды дамыту қажеттілігін куәландырады.
Сонымен қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту
үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін
тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын
құру, ұлттық мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін
құру және т.б. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше,
экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті
тиімі бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар
деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет,
бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра
болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже
береді.
Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында
экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы
бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе,
басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін
туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің
және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны
болып табылады.
Осыған орай, туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу
Қазақстанның мемлекеттік саясаты үшін негізгі міндеттердің бірі болып
табылады. Осы ретте Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін
беруді атап көрсеткен [1].
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін туристік нарықты ереже бойынша дамытуға
мүмкіндік туды, екінші жағынан қызметті ұйымдастыру мен жаңа әдістерді
енгізуде қиындықтар туындап отыр. Қазақстан Республикасының 20 жылдық
тәуелсіздігі тарихында туризм саласы жаңа әлеуметтік-экономикалық даму
институты ретінде көп өзгерістерге ұшырады. Туризм саласының әлеуетін
арттыратын заңды-құқықтық актілер және туристік қызметті реттеуші
бағдарламалық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы Заңының (2001ж.) және
Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұжырымдамасы (2001ж.),
Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта
өрлету тұжырымдамасы (1998ж.), Қазақстан республикасында туризмді дамытудың
2007-2011жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік
стратегиясы және басқада нормативті-құқықтық құжаттардың қабылдануы дәлел
болады [2-5].
Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламдық ынтымақтастық пен өзара
түсіністіктің орнауында туризмнің ықпалы айрықша. Туризм саласы ұлттарды
жақындастырады, елдерді табыстырады. Демек, халықаралық туризм саласының
дамуына бәріміз мүдделі болуымыз керек – деп Президент Н.Ә. Назарбаев БТҰ
(бүкіләлемдік туристік ұйымның) бас ассамблеясының 18 сессиясының
ашылуында сөйлеген сөзінде атап көрсетті [6]. 2009-2011 жж. арналған
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы қорытындысы бойынша Қоғамдық
кеңестің мәжілісінде тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтіру негізінде
туризмді дамытудың маңыздылығы атап көрсетілді [7]. Дегенмен, туризм
саласында жүйелілікті талап ететін шешілмеген мәселелер әлі де көп.
Ғаламдық бәсекелестік жағдайында экономиканың басыңқы секторы ретінде
туризм саласын ұлттық және халықаралық деңгейде бағалау және талдау
қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің
қызмет етуіне қатысты кешенді бағыт жоқ деуге болады. Соның салдарынан
аталмыш саланы зерттеу мәселесі отандық ғылым саласында әлі де болса, терең
зерделене қойған жоқ.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, қазіргі жағдайда туристік қызмет
көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуін жан-жақты терең
зерттеуді, ғылыми талдауды, жаңа сапалы шешімдерді іздестіруді талап етеді.

Мәселенің ғылыми-тәжірибелік деңгейде қарастырылуы. Зерттеудің ғылыми
аспектілері туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет
етуі бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың теориялық, әдіснамалық ой-
тұжырымдары мен тәжірибелік ұсыныстарын зерттеу және талдау негізінде
қалыптастырылды.
Туристік сала мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосқан ресейлік
ғалымдардың арасынан Е.Н.Ильин, В.А.Квартальнов, И.Т.Балабанов,
В.Г.Гуляев, А.С.Запесоцский, В.Сапрунова, Н.В.Буторов, М.Б.Биржаков,
М.М.Маринин тәрізді ірі ғалымдарды атауға болады. Мәселенің жекелеген
аспектілерін отандық экономистер ішінде туризмнің даму мәселелерімен
айналысқан әйгілі ғалым-экономистерді атап көрсетейік: Ө.К.Шеденов,
К.С.Мухтарова, С.С.Сатылбалды, Д.К.Ильясов, Г.М.Дуйсен, М.Р.Смыкова,
У.Б.Баймуратов, С.Р.Ердавлетов, Л.Ж.Кельбуганова, Г.Б. Уахитова, Р.А.Раева
және басқалар терең де жан-жақты зерттеді. Аталған ғалымдардың еңбектерін
жоғары бағалай отырып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси
нақтылыққа қатысты туристік қызмет көрсету саласында кәсіпкерліктің қызмет
ету мәселелерінің жасақталу деңгейінің жеткіліксіз болып табылатындығын
айта кету керек. Туристік фирмалардың мәселесінің күрделілігі, оның қазіргі
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай біртұтас даму
тұжырымдамасының болмауы, түсініктемелік-категориялық аппараттың
үзіктілігі, туризм саласындағы кәсіпкерліктің қызмет ету мәселесінің
жоғарғы тәжірибелік маңыздылығы диссертациялық жұмыстың мақсатын таңдап,
міндеттерін бекітті.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері – туристік қызмет көрсету саласында
шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің теориялық және әдістемелік негіздерін
зерттеу мен талдау нәтижесінде тәжірибелік бағыттарын анықтап, ғылыми
негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
айқындалады:
– Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын
кәсіпкерліктің қызмет етуінің теориялық аспектілерін жүйелеу және
әдістемелік тәсілдерін нақтылау;
– туризм саласының қазіргі жайы негізінде оның қалыптасу үдерісін
айқындау;
– өңірлік туристік қызметтегі кәсіпкерлердің тәуекел әсерін бағалау
және Қазақстандағы экологиялық жағдайды зерттеу;
– туристік қызмет саласындағы кәсіпкерліктің даму бағыттарын
негіздеу;
– туристік фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басыңқы
стратегиясын жасақтау.
Зерттеу пәні – туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің
қызмет етуі барысында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету
саласындағы шағын кәсіпкерліктің қызмет ету жүйесі болып табылады.
Зерттеу әдістері. Диссертациялық зерттеу барысында жүйелілік және
логикалық, экономика-статистикалық, салыстырмалы талдау, сараптама әдістері
қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан Республикасының
туристік саласындағы шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің теориялық және
тәжірибелік мәселелерін қарастыратын отандық, шетелдік ғалымдардың
еңбектері, салалық әдістемелік материалдар, заңдық-нормативтік актілер мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған мемлекеттік стратегиясы және Қазақстан Республикасында туризмдi
дамытудың 2007–2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және басқа
материалдар құрады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеу
барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
– шағын кәсіпкерліктің туризм саласындағы теориялық түсінігі мен мәні
нақтыланып негізгі қағидалары анықталды;
– ҚР-ның туристік саласының қазіргі жағдайы мен осы саладағы шағын
кәсіпкерлікті талдау нәтижесінде туристік бизнестің даму бағыттары
айқындалды;
– туризмнің тиімділігіне тәуекел жағдайында әсер етуші факторларларды
есепке алу нәтижесінде туристік қызмет саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жолдары негізделді;
– Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің даму үлгісі және
туристік фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың стратегиялық
баламалары ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар:
– туризм саласындағы кіші кәсіпкерліктің ғылыми-теориялық қағидалары;
– ҚР-ның туристік саласының қазіргі жағдайы мен осы саладағы шағын
кәсіпкерлікті талдау нәтижелері;
– тәуекел жағдайын ескере отырғандағы факторлар негізінде туристік
қызмет саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдары;
– Қазақстан Республикасындағы туристік кластердің даму үлгісі мен
туристік фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың стратегиялық
баламалары.
Жұмыстың ақпараттық базасы. ҚР-ның туризм және спорт Министрлігінің
туризм индустриясы Комитетінің, Қазақстан Республикасының статистика
Агенттігінің статистикалық жинақтарының мәліметтері, туризм бойынша арнаулы
басылымдардың есепті материалдары мен статистикалық мәліметтері болды.
Жұмыста Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Ұлттық
бағдарламалары, ҚР-ның Президентінің Жарлықтары, ҚР-ның Үкіметінің
Қаулылары, ҚР-ның министірліктері мен ведомствалары мәліметтері, ғылыми
журналдар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Ғылыми-зерттеу жұмысының
нәтижелері мен ұсыныстары, әдістемелік нұсқаулары келесі бағыттарда
қолданылуы мүмкін: туризм саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің
қазіргі жай күйі мен дамуын талдауда; туристік қызмет көрсету саласында
шағын кәсіпкерліктің қызмет ету мәселелері мен болжауды жасақтауда; зерттеу
жүргізу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен нұсқаулар Қызылорда облысының
кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында тәжірибелік есептеулер арқылы
жасалған әдістеме тексерілді және тәжірибе жүзінде қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі және жүзеге асырылуы. Зерттеудің
негізгі мазмұны мен нәтижелері келесі мерзімдік басылымдарда жарияланды
баяндалды: ҚМУ Хабаршысы (Қызылорда, 2012), Жас ғалымдар жинағы
(Қызылорда, 2012). Зерттеу нәтижелері Қызылорда облысының кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасы қызметіне еңгізуге қабылданды.
Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертация тақырыбы бойынша 0,8
б.т.бетті құрайтын 2 ғылыми жұмыс жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
кіріспе, негізгі мазмұндағы үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім
Бірінші бөлімде Туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерлік
қызмет көрсетудің теориялық негіздері қарастырылған. Туризм саласында
кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс-шара болып
табылады. Ол тәжірибеде ұйымдастырушылардан шығармашылық мүмкіндігін және
ұйымдастыру барысындағы кез-келген кездескен мәселелер бойынша тәжірибелік
тапсырманың стандарттык емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған
және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып
отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік
қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.
Туристік қызмет көрсетудің маңызды бөлігі тұрғындардың тұтынатын
қызметінен және арнайы әлеуметтік-сауықтыру сипаттағы, яғни демалу,
спортпен айналысу мүмкіндігі, мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу және
басқа гуманитарлық, саяси, тәрбиелік және эстетикалық факторларды құрайды.
Көптеген елдерде туристік бизнес жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда
қосымша жұмыс орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, сыртқы
сауда балансынбелсендіруде маңызды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың
катализаторы ретінде туризм саласы экономиканың маңызды көлік және
байланыс, құрылыс,ауылшаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі және
басқада салаларға ықпалы зор. Оның әсері оң не теріс болуы мүмкін (Кесте
1).

Кесте 1 – Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері

Оң аспектілері Теріс аспектілері
– жұмыс орындарын құру; –халықтың әртүрлі топтарының
–халықтың өмір сүру деңгейін қызығушылығын коммерциялау және
арттырады, яғни табыстың артуы; полияризациялау;
–урбандалу үдерісін тездетеді және –білікті емес еңбек үлесінің көбеюі;
инфрақұрылым дамиды; қоғамдық тәртіп нормасынан тысқары
–әлеуметтік және мәдени үдерісті (ішімдік ішу, бұзақылық) ауытқулар;
тездету; –мәдениеттің коммерциализациялануы;
–мәдени құндылықтар, мәдени нақты туристік бағыттың табиғилығының
ескерткіштерді қорғау және қайта жоғалуы;
қалпына келтіру жұмыстарын – жергілікті халық пен туристердің
жандандыру; арасындағы келіспеушілік,
–жергілікті өнім өндірушілердің қақтығыстардың болуы.
тауарлары мен ауылшаруашылығы
өнімдеріне сұраныстың артуы;
–табиғи кешендердің көбеюі;
–өңірдің тартымдылығының артуы.
Ескертпе – Автор құрастырған.

Туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты: бастапқы
инвестициялар; туристік қызметтерге деген сұраныс; туризмнің пайдалылығының
жоғары деңгейі; шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі. Туристік
қызметтердің қолжетімділігі, олардың сапалылығы және алуан түрлілігі
саяхаттаушылардың демалыс нысанын таңдауда маңызды фактор болып саналады.
Елімізде жақсы демалыспен және демалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ете
алатын қызметтерді көрсететін туристік компаниялар желісі дамыған. Туристік
қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері
Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы Заңында анықталған [8].
Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік
операторлар қызметі болып бөлінеді. Туристік өнімдерді қалыптастыруға,
дамытуға және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты
бар заңды тұлғалардың қызметін туристік операторлар қызметі деп атайды.
Туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға
рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі – туристік агенттер
қызметі.
X. Криппендорф берген анықтамасында, туристік қызмет – туристік
кәсіпорындар қызметінің, сонымен қатар туризм саласындағы жеке және
мемлекеттік саясаттың жүйелілік өзгеруі және шоғырлануы. Туризмнің алғашқы
және барынша толық анықтамаларының бірін Берндегі университет
профессорлары Фрунзикер мен Крапф берген, кейіннен бұл анықтаманы туризмнің
халықаралық ғылыми-сараптамалық ассоциациясы қабылдаған. Олардың пікірінше,
туризм - адамзаттың жол жүруін, саяхатқа шығуын айқындайтын, ешқандай табыс
табумен байланыссыз құбылыс.
Туристік бизнес – бұл туристік өнімді өндіру үшін нысанды кәсіпорындары
бар өндіріс орындары. Туристік бизнес қандай тауар мен қандай қызмет түрін
орындауды, қандай көлемде, қандай бағамен сату қажеттігін анықтайтын ұғым
[22].
Туризмнің әртүрлі түрлерін дамытудың келешегін бағалау әдісіне
төмендегі зерттеу кезеңдері кіреді:
1. Рекреациялық мүмкіндіктерді зерттеу.
2. Туризмнің қолданыстағы түрлеріне талдау жасау.
3. Қолданыстағы туристік бағыттарға талдау жасау.
4. Туризмнің жаңа түрлерін дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
5. Туризмнің жаңа түрлерін дамытуда қажеттіліктерді маркетингтік
зерттеу, соның ішінде ұзақ мерзімді сұранысты анықтау.
6. Туризмнің келешегі зор түрлерін(соның ішінде турбағыттар) және
оларды дамыту үшін қорларды бағалау.
7. Қауіп-қатерлерді бағалау.
8. Туризмнің осы түрі үшін басты бәсекелес елдердің туристік әлеуетін
бағалау және туризмнің осы түрінің сырттан келушілер туризмі ретінде
қолданылу мүмкіндігін анықтау.
9. Экологиялық өріске әсерін анықтау.
10. Туризмнің осы түрінің экономикалық тиімділігін анықтау.
Шетелдік тәжірибелер туристік бизнесті дамытудағы жетістіктер туризм
саласы мемлекет деңгейінде қалай қабылданатындығына, мемлекет тарапынан
қаншалықты деңгейде қолдау табатындына және туристік саланы табысты
жүргізудің кепілі, кез келген мемлекеттің бюджетін толықтыру көзі
болатындығына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы туризм саласында шағын
кәсіпкерлік қызметтің дамуына талдау жүргізілді.

Туризмді дамыту жөніндегі қызмет 2006 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 2007-2011 жылдарға
арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен алдымызға
қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты
– мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейде келісілген іс-шараларды
жоспарлауға, туристік саланы тұрақты дамытуға арналған, ішкі туризмнің
көлемін ұлғайту есебінен мемлекеттің кіріс пайдасын және халықты жұмыспен
қамтудың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік
индустрияны құру. Еліміз қазірдің өзінде тиімді капитал орналастыру және
инвестиция салу тұрғысынан көптеген шетелдік инвесторларды қызықтырып отыр.
Мәселен, соңғы кезде шетелдік компаниялар туризм секторына және туристік
инфрақұрылымының дамуына, Іле Алатауының етегінде (Шымбұлақ, Түрген) тау
шаңғысы курортын салуға тиісті қаражат бөліп келеді.
Қазақстан өз кезегінде Алматы облысының Қапшағай су қоймасы
жағалауында, Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағында, Маңғыстау
облысындағы Кендірлі және Ақтау-Сити демалыс аймағында көзделген
инвестицияны дамыту мен тартымды туристік орталықтарды салу, сонымен қатар
Ұлы Жібек жолындағы Түркістан қаласында және Байқоңыр ғарыш айлағында
мәдени-танымдық туризмді дамытуға баса мән беріп отыр. Қазақстан – Азия мен
Еуропаның ең ірі мемлекеттерін біріктіретін аумақта орналасқан. Мұндай
тиімді географиялық жағдай халықаралық туристік байланыстардың дамуына оң
әсер етеді. Қазақстанда тау-шаңғылық, мәдени-танымдық, экологиялық,
оқиғалық, іскерлік, сауықтыру, аңшылық және басқа да туризмді дамытуға
ықпал ететін жақсы мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде еліміздегі көптеген
табиғи қорықтар, мемлекеттік және ұлттық саябақтар мен табиғи ескерткіштері
де туризмді дамытуға өз септігін тигізе алады. Еліміз тәуелсіздігінің
алғашқы жылдарында отандық туристік индустрияның жеке өкілдері өңірлік,
республикалық және халықаралық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруда,
туристік қызметті ұйымдастыруда, туризмнің материалдық-техникалық базасын
дамыту және нығайтуда, көрсетілетін туристік қызметтің сапасын қамтамасыз
етуде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді. Туризм елімізде мемлекеттің
халықаралық қызмет және экономиканың кіріс секторының шеңберінде
халықаралық кәсіпкерліктің және іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласының
бірі болып табылады. Тарихи-танымдық, табиғи тартымдылық, жағрафиялық
орналасу тұрғысынан қарағанда, нарықтық қатынастардың белді буыны –
туристік бизнес индустриясын дамытуда еліміздің маңдайы жарқырап тұрғаны
белгілі. Қазақстан Республикасының аумағы табиғи климат жағдайына сәйкес
далалық, құрғақ дала, шөлейт және шөл, тау бөктері және Алтай таулары деп
аталатын іріленген аймаққа бөлінеді. Далалық және құрғақ дала аймақтары
барлық жердің 32,6%-ын алып жатыр. Негізінен мал шаруашылығына маманданған
шөлейт дала аймағының үлесіне тиесілі - 41,1%, шөл кеңістігінің орны
барлығының 13,7%-на тең. Осындай және басқа да ерекшеліктеріне байланысты,
мамандардың бағалауынша, негізгі кәсібі дамыған егін шаруашылығына және
кенді өнеркәсіпке бейімделген өңірлердің туристік әлеуеті дүниежүзі
елдерімен салыстырғанда кем.
Қазақстан экономикасында туризм ролі арту үстінде. Соңғы жылдары (2008-
2011 жж.) қызмет көрсетілген туристер саны 3138,6 мың адамға артқан [67].
Бірақ, әлі де туризмнің тиімділігі Қазақстанда төмен. Келуші туристер
санының өсу қарқыны (2008-2011 жылдар аралығында 945,6 мың адамға артқан)
шығу туризмімен (осы жылдар аралығында 1540,4 мың адамға артқан)
салыстырғанда төмен (кесте 2).

Кесте 2 – Қазақстандағы туристік индустрияның негізгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер2008 2009 2010 2011 2008-2011 жж.
салыстыру,%
Қызмет көрсетілген 10649,0 11889,6 13787,6 14101,7 129
келермендер саны,
мың адам
Келу туризмі, мың 4365,0 4706,7 5310,6 5441,3 121
адам
Шығу туризмі, мың 3004,0 3687,9 4544,4 4598,5 151
адам
Ішкі туризм, мың 3280,0 3495,0 3932,6 3981,1 119
адам
Туристік фирмалар 846 921 1007 119
саны, бірлік 1013
Туристік қызметпен 30 41 51 58 170
шұғылданатын жеке
кәсіпкерлер саны,
бірлік
Негізгі туристік 6656 7109 7405 7463 111
рес-урстар, барлығы:
оның ішінде:
Мұражайлар, бірлік 187 185 195 195 104
Театрлар, бірлік 51 53 55 56 107
Концерттік ұйымдар, 66 61 67 69 101
бірлік
Цирктер, бірлік 3 4 4 4 133
Клуб үлгісіндегі 2409 2600 2824 2839 117
мек-емелер, бірлік
Кітапханалар, бірлік3664 3848 3935 4067 107
Киноқойылымды жүзеге120 194 149 154 124
асыратын ұй-ымдар,
бірлік
Луна-саябақтар мен 50 53 63 66 126
демалыс саябақтары,
бірлік
Хайуанаттар 4 4 4 4 100
саябақ-тары, бірлік
Ерекше қорғалатын 102 107 109 109 106
табиғи аумақтар,
бір-лік
Ескерту – Статистикалық мәліметтер негізінде автор құрастырған.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2008 – 2011 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының
қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу
үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2011 жылдың есептік кезеңінде
сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан
5441,3 мың адамды құрады (38,5%). 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда
сыртқа шығушы туристер саны 23,2%-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан
4598,5 мың адамды немесе 33,0%-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм
бойынша туристер саны 12,5 %-ға өсті және 3981,1 мың (28,5 %) адамды
құрады. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53 863,0 млн. теңгені құрады,
сатылған жолдамалар құны 13 890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың сол
кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді.
Қазақстандағы туристік фирмалардың қызметінің негізгі көрсеткіштері сурет 1
көрсетілген.

Шартты белгілер: - нысандар саны, бірлік - қызмет
көрсетілген келермендер саны, мың адам;

1- Ақмола; 2- Ақтөбе; 3- Алматы; 4- Атырау; 5- БҚО 6- Жамбыл; 7-
Қарағанды; 8- Қостанай; 9- Қызылорда; 10-Маңғыстау; 11- ОҚО; 12- Павлодар;
13- СҚО; 14 - ШҚО; 15- Астана қ.; 16- Алматы қ;

Сурет 1– Қазақстандағы туристік фирмалардың қызметінің негізгі
көрсеткіштері (2010 ж.)

Келуші туристер саны мен олардан түсетін кірістер көлемін аймақтар
деңгейінде сараптай отырып, мынаған көз жеткізуге болады: қызмет
көрсетілген келермендер саны жағынан бірінші орынды Алматы қаласы (ҚР-ғы
жалпы туристер санының 47,9%-ы) және екінші орынды Астана қаласы (23,4 %)
иемденіп отыр; 2010 жылы салыстырмалы түрде келуші туристерден көбірек
кіріс келтірген аймақтарға ерекше табиғи орындары бар облыстар (Алматы
қаласы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облыстары)
кіреді; ішкі туризм бойынша негізгі кіріс келтіруші аймақтарға, жағдайы
салыстырмалы түрде жақсы тұрғындары бар, Алматы қаласы мен Астана қаласы
еніп отыр.
Стратегиялық жоспарлаудың ең маңызды міндеттерінің бірі туристік
кластерлерді құру мен дамыту бойынша ұлттық институттардың мүмкіндіктерін
пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда ұсынылған жобалардың ішінен 19-ы
ел Президенті мен Сауда-өндірістік палатасы жанындағы Шетелдік
инвесторлардың қазақстандық кеңесі ассоциациясы тарапынан ұсынылса, жалпы
құны шамамен үш миллион АҚШ долл. болатын 27 ерекше жоба даму
институттарына жөнелтілді.
Осы жобалардың жүзеге асырылуы аймақтағы туристік бизнестің тұрақты
дамуын қамтамасыз етуді, халықтың жұмыспен қамтылуын, сырттан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы
Кәсіпкерлердің жаңа әдістері
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Turist tur ЖШС-і жалпы сипаттамасы және қызмет бағыттары
Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Ақпараттық туристік кәсіпорындар
Туризм индустрия құрылымы
Пәндер