Қиын бала тәрбиесі жайында



Қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынадай: ол мұғалім жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, ол мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, класты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған, мінез-құлқында қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырады. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырады.
И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндіреді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдары екендігі анықталды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қиын бала тәрбиесі
Қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда
бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын
мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы
арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Балаларға былайша
мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынадай: ол
мұғалім жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен
қарағанда қиын оқушымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, ол мұғалімнен көп
жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды
мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, класты
ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта
тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан
мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала
мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы
толмаған, мінез-құлқында қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырады.
В.В. Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті
педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп
қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін
қажетсінетін оқушы.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз
және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырады.
И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндіреді.
Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген,
мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп,
ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу
себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден
мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген
психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-
құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері отбасында дұрыс тәрбие
бермеудің салдары екендігі анықталды.
1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Қазір жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын тым еркелетіп жіберген.
Артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеу мен өскен бала ешқандай күш жұмсамай-
ақ көзге түскісі келеді. Егер мұғалім ескерту жасаса жылай салатын әлсіз,
өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке бала болып өседі. Сонымен
бірге Үйлену оңай, отбасын құру қиын деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі
жастар отбасылық өмірге дайын еместігінен қара көзді балалар толық емес
отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының
жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың
психикасы жарақатталып, қиын балалар қатарын толықтыруда.
Сондықтан Қиын бала қайдан пайда болады? - деген сұраққа жауап
бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-
ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс. Ата-
бабамыз мұра етіп қалдырған бала тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын
болсақ қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген
мәселелердің шешілуін біраз жеңілдетер еді.
Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі,
біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие
жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік
көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдерден іздейді. Тәрбиенің түп негізі бала
дүниеге шыр етіп келгеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан
қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп жұмыс істеп,
балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Қараусыз қалған балалардың
елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос
уақытында не істеп, қайда барып немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-
аналардың көптігі сонша өсіп келе жатқан жас ұрпағы сыпайылық, мейірімділік
танытпай қатігездігі байқалып жатса Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен
үйреткен емеспін деп аң-таң болады. Не ексең, соны орасың деп ата-
бабамыз тегін айтпаған. Балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани
қажеттілік ауадай қажет деп ойлаймыз.
Демек, жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін
дарынды тұлға тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін
басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.
Кешегі иі жұмсақ ұл-қыздарымыз келмеске кеткен, қазіргі мектеп
жасындағы балалардың психологиясы мүлде басқа. Айтқанға көнбейтін,
айдағанға жүрмейтін, тізгінсіз кеткен балаларымыз көбейіп келеді. Қанымызға
жат саналған, арымызға дақ салған мұндай құбылыстар қазір қоғамға кереғар
фактор ретінде ресми атауға да ие: қиын балалар. ҚР Ішкі істер
министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірігіп, өткен жылы қиын
балалар санын анықтай келе, арнайы мәліметтер базасын жасапты. Тізім 6000-
ға жеткен. Ал кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған еліміздегі төрт
колонияда 14 пен 18 жас аралығында 231 бала қылмыскер атанып, қамауда отыр.
Бәрінен бұрын жасөспірімдер арасындағы суицид өзекті болып тұр. Өткен жылы
237 бала өзіне-өзі қол жұмсаған. Балаларымыздың жауқазын жасында осындай
жан сыздатар әрекеттерге баратындары несі екен? Қазір баршамызды
ойландырып, толғандырып отырған ортақ сауал – осы. Оның себебін әркім
әртүрлі айтады.
Бүгінгі күндері балаларға қатысты өзекті мәселелер Парламентте де
талқыланып жүр. Депутат Жарасбай Сүлейменов жағдайдың ушығып кетуін
профилактикалық шаралардың әлсіздігінен көрсе, Қазақстан психологтар
қауымдастығының төрағасы Владимир Стеблянко бар жауапкершілікті ата-
аналарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың ақыл ойының дамуы
Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері
Баланы отбасында мектепке дайындау
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесі
Үш жасар баланың мінез-құлқы
2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру
Спорттың балаларға берері көп
Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу
Баланың кемістігінің өзекті мәселелері
Тәрбие және оның даму тарихы
Пәндер