Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
- тарау. Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында . . . 9
1. 1 Жер жүзінде қанша қазақ бар? Немесе шет елдегі қазақ
диаспоралары . . . 9
1. 2 Қазақстан Республикасындағы халық санының соңғы
жылдардағы даму динамикасы . . . 14
1. 3 Жалпы туу коэффиценті, өлім - жітімнің жоғарлауы, неке мен, отбасы ара қатынасы және халықтың жыныстық құрамы, жас ерекшелігі . . . 20
- тарау. ХХI ғасырдың 2 - жартысында біз қанша боламыз?
2. 1 Еліміздегі демографиялық жағдайға көші-қонның әсері . . . 32
2. 2 2030-шы жылға дейінгі республикадағы демографиялық дамуға
болжам . . . 40
Қорытынды . . . 44
Сілтемелер . . . 47
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Негізінен алар болсақ менің диплом жұмысы ретінде Тәуелсіз Қазақстаның демографиялық жағдайын тандап алу себебім қазіргі таңда Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайының төмендеу себептеріне үңіліп, халқымыздың өсуіне кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелерді ашқым келді. Мемлекеттің ең бірінші байлығы халық болғандықтан Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайының төмендеуі еліміздегі әрбір көкіргеі ояу азаматты толғандырары белгілі. Сондықтан да еліміздегі демографиялық жағдайы қазіргі тандағы өзінің шешімін табу кезегін күтіп тұрған бірден - бір өзекті мәселе.
Тәуелсіз Қазақстаның демографиялық жағдайындағы бір ерекшілік халық санының кемеуі болып отыр. Әрине, көп қорқытады, терең батырады демекші айнала қоршаған көрші мемлекеттердің халық санына қарап Қазақстан тереториясына халық аз қоныстанған мемлекет екендігіне көз жеткізу қиын емес.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі экономика саласында жеткен жетістіктер аз емес. Осы 15 жылға таяу уақыта экономикалық жағдайы жөнінен ТМД елдерінің арасында салмақты орынды иелендік. Және де болашақта да Қазақстан алға қарай ілгерілей бермек. Экономикалық потенциалы өскен, дамыған мемлекетте ірі-ірі өндіріс ошақтары пайда болары сөзсіз. Егер Қазақстанның халық санын бүгінгі күнгі санымен қалдырып немесе одан да төмен құлдыратып алар болсақ онда болашақта Қазақстанға жұмыс қолы тапшылық етуі мүмкін. Жоғарығыдай жағдай елімізде орын алатын болса онда Қазақстанға шет мемлекеттерден жұмыс іздеушілер ағылары сөзсіз. Бұл жағдайда қазақтар сырттан келген келімсектер әсерінен өз жеріндегі үлес салмағын жоғалтып алары сөзсіз.
Сонымен қатар халық санының кемуі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне де өзінің кері әсерін тигізері анық. Өйткені Қазақстанның жері кең байтақ, байлығы жер бетінде де атсында да жетерлік. Күндердін күнінде демографиялық жарылысты басынан кешіріп отырған көршілеріміздің бірі көз алартпасына кім кепіл. Міне сондықтанда Қазақстанның демографиялық ахуалын қалай көтерудің жоларын қарастырып, нақты қадамдарға баратын кез келді деп ойлаймын.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Бұл диплом жұмысты жазғанда еліміздің белгілі ғалымдарының енбектеріне сүйендім. Негізінде Қазақстан республикасының демографиялық жағдайын еліміздің біршама ғалымдары зерттеген. Атап айтатын болсақ қәзіргі танда осы демография саласынла жұмыс жасап жатқан көрнекті ғалым ағамыз демограф Мақаш Байғалиұлы Тәтімовты айтуымызға болады. Сонымен қатар ҚР ҰҒА кореспондент мүшесі Асылбеков Мәлік - Айдар және де Ұ. Ысқақов, Ә. Ғали, М. Сембин, Е. Мұсабеков, С. Қарасаев, А. Елемесова, Н. Ермекова, Қ. Ерімбетова секілді Қазақстан ғылымын дамытуда елеулі үлестерін қосқан ғалымдарымыз осы демография саласында қызмет етуде. Болашақта батыл болжамдар жасап, Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайын жан-жақты зерттеп отырған да осы ғалымдарымыз. Бұл кісілердің демография саласында жазған еңбектерін оқи отырып ойға шомбайтын адам кем де кем шығар. Әрине, бұл кісілердің барлығының да айналысып отырған проблемалары Қазақстанның демографиялық жағдайы болғанымен әр қайсысының тоқталған мәселелері әр түрлі. Мысалға алар болсақ Мақаш Тәтімов өзінің « Zaman Қазақстан» газетіне берген «Халықтың санын өсіретін де әйелдер, өшіретін де әйелдер» деген мақаласында қазіргі тандағы қазақ қоғам орын алып отырған аралас некеге өзінің аландаушылығын білдіретіндігін және болашақта аралас некенің әсерінен Қазақстанда өмір сүріп отырған ассимляцияға ұшырап жергілікті халыққа сіңісіп кететіндігін айтады. Бұл жайтты ғалым мынадай мысалдармен түсіндіреді. Байқасаңыздар, жар іздеген хабарландыруларда " орысты іздеймін" немесе " ол міндетті түрде ұйғыр болсын "деген жолдарды жолықтырмайсыз, оның орнына "мужчина восточной происхождение" немесе " женщина восточной национальности " деп келеді/1/
Әрине, Мақаш Тәтімов Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегенде тек қана аралас неке мәселесіне ғана тоқталып қойған жоқ. Сонымен қатар қазіргі тандағы жер жүзіне тарыдай шашалған қандас бауырларымыздың негізінен қай өлкелерде орналасқандықтарын өзінің " Демографиялық дамуымыздың деректері мен дәйектері "(Қазақтар қайда тұрады ? ) деген мақаласында ашып айтып, атап көресткен. /2/
Ал Қазақстанның болашақта, яғни, 2030 жылы халқының қанша болатындығын "Демографиялық болжам - келешекке көз қарас" деген мақаласындаа дәйекті дәлелдер арқылы ашып көрсетеді. /3/
Ал еліміздің белгілі демогроф ғалым Асылбеков Мәлік- Айдар өзінің "Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық ахуалы "деген мақаласында Қазақстаның демографиялық жағдайына негізгі кері әсерін тигізіп отырған мәселелерге баса көңіл бөліп, ашып көрсеткен. Ғалым Қазақстанның демографиялық жағдайының төмендеуін өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшелікке байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімнің төмен деңгейде болуынан туындауда деп түсіндіреді. /4/ Негізінде статистикалық деректерге қарасақ шындығында да Қазақстанға көшіп келушілерге қарағанда елімізден сыртқа көшушілердің саны басым екендігін байқаймыз. /5/
Сонымен қатар ғалым Қазақстанның демографиялық ахуалы қазіргі таңдағы нәрестелер мен аналар өлімінің де әсер етіп отырғандығын өзінің мақаласында атап көрсетеді.
ХҚТУ- дың оқытушысы Бекжан Есенбаев болса өзінің "Оралмандардың жағдайы туралы "деген мақаласында 1992 жылы өткізілген Бүкіл дүние жүзі қазақтарының алғашқы Құрылтайынан кейінгі Оңтүстік Қазақстан облысына келген оралмандардың жағдайы турасында мәліметтер береді. Сонымен қатар аталған мақалада оралмандарды негізінен облысымыздың қандай аудандарында орналасқандықтары жөнінде қазіргі танда қандай кәсіппен шұғылданып жатқандықтары жөнінде көптеген мәліметтер алуға болады. /6/
Ал Қазақстанның 1980-1990 жылдар аралығындағы миграциялық процестері жөнінде тарих және этнология институтының аспиранты Ерімбетова Құндызай өзінің " Көші-қон мәселесі хақында "атты мақаласында Қазақстанның халқы аталған уақыт аралығында біршама өскендігін, сонымен қатар қала халқының үлес пайызы да осы уақыт аралығында өскендігін атап көрсетеді. /7/
Негізінде, статистикалық мәліметттермен салыстырар болсақ қала халқының өсуі сол уақыт аралығында басталғандығын байқау қиын емес. /8/
Қазақстан Республикасының көші-қон және демогафия агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбеков болса өзінің "Опроблемах миграции и демографической ситуации в Казахстане " деген мақаласында Қазақстанның демографиялық жағдайының күннен күнге төмендеп кетуіне себепші болып отырған бірнеше факторларды атап өтеді. /9/
Жоғарыда аталған демограф ғалымдарымыздың жазған еңбектерін оқи отырып қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайына кері әсерін тигізіп отырған негізгі факторлардың барлығы да сонау 1990 жылдардан бері еліміздің басынан кешіріп келе жатқан нарықтық жағдайымен байланысты деген қорытынды жасауға тура келеді.
Қорғап отырған нәтижелердің ғылыми маңыздылығы. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайының төмендеп кетуі себептерін ашу. Сонымен қатар төмендегі мәселелерді өз дәрежесінде ашып халыққа жеткізу.
1. Қазақстан Республикасының халық санының соңғы жылдарындағы даму динамикасы.
2. Табиғи өсім және өлім жітім, неке мен отбасы ара қатынасы, халықтың жыныстық құрамы мен жас ерекшелігі.
3. Еліміздегі демографиялық жағдайға көш-қоның әсері.
4. 2030 жылға дейінгі республикадағы демографиялық дамуға болжам.
Нәтижелердің практикалық маңызы. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайының әсіресе халық санын өсіру жолында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан демографиялық саясат жөнінде мәліметтер ала алады.
Диплом жұмысының құрылымы. Назарға ұсынылып отырған жұмыс кіріспеден екі тараудан, бес бөлімнен және де қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломлік диссертацияның жалпы көлемі 60 бет.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, ғылыми маңыздылығы, практикалық маңызы және құрылымы көрсетілген.
"Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы" деп аталатын тараудың бірінші бөлімінде "Шет елдердегі қазақ диаспорасы " яғни қазақ халқының жер жүзіне шашылып кетуіне әсер еткен факторларға тоқталып және қазіргі таңда жер жүзінде қанша қазақ бар екендігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Сонымен қатар бірінші тараудың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы халық санының соңғы жылдарындағы даму динамикасы өзге ТМД мемлекеттерінің халқының өсу деңгейімен салыстырылып беріледі.
Ал үшінші бөлімде еліміздегі жалпы туу коэфиценті, өлім-жітімнің жоғарылау себептері неке мен отбасы ара қатынасы, сонымен бірге халықтың жыныстық құрамы мен жас ерекшелігі жөнінде статистикалық көрсеткіштерден алынған мәліметтер келтіріледі.
XXI ғасырдың 2-жартысында біз қанша боламыз ? деп аталатын екінші тараудың бірінші бөлімінде Қазақстанның демографиялық жағдайына көш-қон процесінің әсері және екінші бөлімінде Қазақстан халқының 2030 жылы қанша болады деген сауалға жауап аласыздар.
I-тарау.
Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы
1. 1 Жер жүзінде қанша қазақ бар? Немесе шет елдегі қазақ диаспоралары.
Кеңес одағының ыдырауы мен жаңа құрылған тәуелсіз мемлекеттердің нарықтық қатынасқа ауысқан өтпелі кезеңі күрделі демографиялық өзгерістер мен көш-қон толқындарын туғызды . Бұл жағдайды егемен еліміз -Қазақстан Республикасы да бастан кешіруге мәжбүр болды. Өтпелі кезеңдегі демографиялық процестердің негізгі ерекшелігі -халықтардың жалпы саны азаюы, өлім -жітімнің көбейуі, бала туудың кемуі, осының салдарынан табиғи өсімнің құлдырауы. Мұндай белең алған теріс бағыттарға қоса, республикадан алыс және жақын жерлерге бағыт алған көш-қон толқындарының кең өрістеуі де халық санын күрт төмендетіп жіберді. Еліміздің ел болып қалыптасуына, ең алдымен еліміздің демографиялық жағдайын жақсарту керектігі белгілі болды. Сонымен, мемлекетте демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында Статистикалық орталықтар, Көш-қон агенттіктері, демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік институттар құрылды. Кейінен ҚР Көш-қон және демография, статистикалық агенттігі құрылды.
Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайына тоқталмастан бұрын, демография ғылымына тоқталып өтсек. Демография (гректің demos -халық және grapho - жазамын деген сөзінен алынған) -халықтың санын, белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық, топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық -тарихи жағдайларын зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Халықтың ұдайы өзгерісі -ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция ) мен олардың басқа аймақтарға қоныс аударуына(эммиграция), яғни халықтың көшу-қону жағдайына да байланысты. Демография ғылымының дамуының орталықтануы еліміздегі халық санының, және шет елдердегі қазақ диаспорасы жөнінде мәліметтер алуға өз үлесін қосты.
Шет елдердегі қандас бауырларымыз қанша бар екендігі жөнінде еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана біле бастадық . Егемендікке қол жеткізгеннен кейін 1992 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында тұңғыш рет Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Сол кездегі мәлімет бойынша әлемде барлығы 10 млн 537 мың қазақ бар екендігі белгілі болды. Одан кейінгі жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген материалдардан біз тағдыр тәлкегіне түскен тарыдай шашылған қандастарымыщдың әлемінің 40 елінде бар екенің білдік . Негізінде қазіргі таңда дүние жүзіндегі қазақтардың ресми саны 13 миллион 500 мың. Оның ішінде ТМД және Балтық маңы елдерінде немесе жақын шет елдерде барлық саны 2 млн 447 мың, ал алыс шет елдерде 1 млн 789 мың қандастарымыз жүр. Сыртта жүрген қазақтардың барлық саны 5 миллион болып табылады. Жалпы дүнежүзі бойынша 2003 жылғы деректерге сүйенсек 15 млн-дай екенбіз. /10/
Еліміздегі жалпы қазақтардың саны 8 млн 330 мың ғана. Ал, тарихи деректерге сүйенсек отаршылдық озбырлығы қазақ жеріне орнағанға дейін қазақтардың үлесі өз жерінде 92% болған. Ал, бұл көрсеткіш ХХ ғасырдың 50- жылдарының орта тұсындағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Солтүстік және Орталық қазақстанға 2 миллионға жуық адам келгеннен кейін төмендеп кеткен. Яғни, осы жылдардың нәтижесінде қазақтардың өз жерінде үлесінің азаюына әкеп соқтырды. Сол кезенде Қазақстанда қазақтардың үлесі бар болғаны 27, 8 % қана еді. Соңғы, яғни, 1999жылғы ұлттық халық санағының нәтижелеріне қарағанда республика халқының жалпы санының 53, 4% қазақтар құрайтындығы белгілі болды. Ал, қазіргі таңда қазақтардың өз жеріндегі үлес салмағы 57%-ды құрап отыр. Болашақта демогроф ғалымдардың болжауына қарағанда 2010 жылы респубика халқының 65%-ы қазақтардың үлесіне көрінеді. Салыстырмалы түрде айтсақ бір кездері Қазақстан халқының 50%үлесін алған орыс халқы 2000 жылы 20%, 2020 жылға қарай тіпті 15%- дейінгі деңгейгедейін төмендеп, ал, алыс болашақта 1% қана болуы әбден мүмкін деп ғаламдарымыз болжамджар жасауда. /11/
Енді қазақ халқының мол бөлігінің орналасқан кең байтақ туған жерінен сыртқа қарай ығысып шығып кеткені туралы мәліметті деректерден көруге болады. Яғни, бұл тарихи ұзақ ағым Ақтабан шұбырынды кезеңіндегі жаугершіліктен басталады.
1723 жылы солтүстік шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылары қазақтарды қырып жойуының нәтижесінде қазақ тайпалары оңтүстік-батыс қа, қазіргі Орта Азия жеріне шегініп, бас сауғалауға мәжбүр болды. /12/ Шапқыншылықтан қатты күйзеліп, шашырап және ара араласып қазақтың ру тайпалары кейін Ташкент маңындағы аймақтарда қалып қойғандар да бар. Жоңғар хандығы жеңіліс тауып, біржола жоқ болғаннан кейін 150 жылдан соң қазақтар өзінің ежелгі шығыстағы жеріне қайта орала бастады. Жалпы, бұл көшу беріде дүркін- дүрін әрқилы тарихи оқиғалармен жалғаса отырып, екі ғасырға дейін созылып, тек кезекті отыз жыл ойран нан соң 1934 жылы ғана аяқталды. Қазақ диаспрасының әрі қарай кең етек жаюына аталған жаугершіліктен бақа отаршылық озбырлығы да тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен, Сарытабан сүргін болған кошпелі бабаларымыз Солтүстік батыстан Оңтүстік шығысқа қарай жөңкіле көшкен.
Қазақ жұртының Қытай мен Монғолияға қарай сарытабан үркіншілігі, әсipece азамат соғысы жылдары кең өpic алды. Бұл сондай-ақ, социализм мен тотолитарлық, жүйесі үстемдік етіп турған кезеңде кең етек жайды. Атап айтсақ, 1928 жылы "Ipi байларды жаппай кәмпескелеу, яғни, олардың мал-мүлкін кеңес үкіметінің зорлықпен тартып алып, талан таражға салу кезіндегі жыраққа отбасымен жазықсыз жер аударылғандар. (15 мың адам) "
1930-1934 жылдары зорлықпен жаппай ұйымдастыру, толықтай отырықшыландыру жылдары қасақана қолмен жасалған аштық, кезеңінде асыра сілтеушіліктен алыс жаққа ауа көшіп, біржола қоныс аударып, Қазақстанға қайта оралғандар (620 мың адам, кызыл табан қуғын көргендер)
1939-1945 жылдар екінші дүние жүзілік соғыста амалсыз тұтқындалғандар, сөйтіп туған жеріне орала алмағандар немесе айдауда жүргендер демографиялық, қалыс қалғандар, яғни отбасы қызығын көрмегендер 150 мың ер азамат. Осылай жіпке тізгендей етіп айта берсек көп Қазақстанмен жапсарлас болса да тыс жерлерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерде тарыдай шашылып кеткен қандастарымыз бүгінде 13 милионнан астан, яғни, халқымыздың 39, 7% дәлірек айтсақ; бестен екісіне жуығын кұрайды. Қазақтың тағдыр тәлкегімен шетте жүргендердің санын түгелдесек, халқымыз туысқан қырғыз халқынан біршама көп, ал түркімендермен бірдей, башкұрттардан үш еседен астам артық. Осының өзі олардың 6ip қауым ел екенін көрсетеді Егер шашыранды санымыздың барлығы яғни бүгінгі 4, 2 миллион қазақ бауырларымыздың 6әpi дерлік 2020 жылға дейінгі толық, жиналса еліміздегі біздің үлес салмағымыз жоғарылар еді.
Ал Орта Азиядағы жылы жерге және диханшылыққа үйренген өз бауырларымызды сонау Ташкенттің түбінен бастап Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Мақаншыға дейінгі суармалы жерлерге қоныстандырсақ, Алатау етегінде қазақтар саны 45% көтеріліп, 60%-қа көтеріліп қалар еді.
Ал батыстың дамыған елдері мен шығыстың мұсылман елдерінде тұратын 125 мың қазақ бауырларымыздың тек жартысын ғана (25 мың отбасы) Қазақстанның ipілі-ұcaқты қаласында орналастырсақ, өздерінің ата кәсібі қол-өнерін дамытып, мешітін салып, саудасын орнықтырса, өз жерімізде біршама қазақ жиналар еді. Heciн жасырамыз, 6ip қынжылтатындығы сол шеттегі төрт жарым миллионнан артық қандастарымыздьң не жеке елдігі, не болмаса автономиясының жоқығы. Осы орайда казақ диаспорасының болашағы туралы да айта кету керек сияқты. Алдағы 2010 жылы сырттағы казақар 6 миллионға жуықтайды екен. Ал 2025 жылы олардың саны Қазақстандағы қазақтардың санымен теңесп, 8 миллионды құрамак. Осыншама көп қандастарымызды болашақа ата мекендеріне оралуына жағдай жасасақ, онда Қазақстанның демографиялық ахуалы біршама жақсарары анық. Ол үшін Қазақстанның көші-қон мен босқындар туралы заңы өз күшіне мініп, сырттан келген қазақтарға толық қызмет eтyi керек. Осындай ic-шараларды қолға алу арқылы Қазақстандағы "қара шаңырақтың демографиялық мәселесін шеше аламыз" Бұл заң қабылданса майталмандар өз ата мекеніндегі қиыншылықты 6ipre жеңуге және экономиканы 6ipre көтеруге ат салысар еді.
Қорыта айтқанда, шет елдердең бауырларымыз ата жұртына еш6ip кедергісіз оралуы тиіс. Біз олардың тұрмыстық жэне құқықтық қажеттіктерін мүмкіндігінше орындауға міндеттіміз. Ал олар өздірінше Қазақтсан жеріне оралуларын қасиеті парызымыз деп сезінулері тиіс. Олар өз ата мекеніне қызмет ету, оның казіргі киын жағдайына түсінікпен қарап, Қазақстанның жарқын болашақта көрінуіне атсалысуы керек екендіктерін жүректерімен сезшулері тиіс.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы халық санының соңғы жылдардағы даму динамикасы.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туын тіккеніне 10 жылдан астам уақыт өтті. Осы мерзім ішінде өткен күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстер халықтың демографиялық ахуалына да өзіндік ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасының қәзіргі кезеңдгі демографиялық ахуалындағы басты ерекшелік бұл тұрғындар санының күрт кемуі болып отыр. /13/
1999 жылы жүргізілген халық, санағының статистикалық; мәліметтерге сүйенсек Қазақстан, халық 14 миллион 953 мың адамды құрады. Ал 2000 жылы бұл көрсеткіш төмендеп жалпы халық, саны 14 миллион 896 мың болды. /14/ Ал 2001 жылы Қазақстанда есеп-санак; жөніндегі республикалык, агенттіктің деректері бойынша халык; саны 14 миллион 841, 9 мың адам болган. /15/ 2002 жылы Қазақстандағы халық саны 14 миллион 820 мыңды құ раған (ұлты қазақтар 55, 7%) .
Қәзіргі таңда Қазақстанның халық, саны 14 миллион 957, 8 мыңды құ рап, белгілі демограф-ғалым Мақаш Байғалиұлы Тәтімовтың зерттеуі бойынша Қазақстандағы қазақтар саны 8 миллион 415 мыңды құрап, өз жерінде қазақтардың үлес салмағы 57% болды. /16/
Әлемде жер көлемі жөнінен 9-шы орынды иеленетідігімізді ескерсек халық; санының бұндай көрсеткіш адамды қынжылтады. Непзінде Қазақстанның жер көлемі 2724, 9 шаршы шақырым. Халықтың қоныстану тығыздығы әр шақырымға 5, 5 адамнан келеді. /17/ Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін аңғартады.
Ал енді біршама yaқыт кейін шегініп XX ғасырдың бас кезінде қазақ, халқының қанша болғандығына көз жүгіртсек. Қазакстан территориясында ең, алғаш санақ, 1926 жүргізілген, бұл санақтың нәтижесі бойынша Қазақстанда 6 миллион халық; тұрған, (дәлірек айтсақ; 6, 198467 адам) . Енді 1926 жылы жүргізілген санактың нәтижесінде көз жүгіртер болсақ; олар төмендегідей:
Ал 1959 жылғы санақ; бойынша қазақ; жерінде 9, 3 миллион халық, тұрғаны белгілі . Бертін келе 1989 жылғы халық; санағының нәтижелері бойынша елімізде 16, 5 миллион адам, яғни, бұрынғы статистикаларға қарағанда халық; санының біршама көтерілгенігін көреміз. Кейінгі 10 жылда елімізде көптеген өзгерістер болды. Соңғы жылдары еліміздегі демографиялық, жағдай төмендеп барады. Оған мысал ретінде Қазақстанның демографиялық, даму
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz