Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)

Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу
(1920-2001 жж.)
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып,
халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі
таңда мемлекеттің тарихи сана қалыптастыру мақсатына жетудегі міндеттердң
бірі – тарихи ілім-білімнің негізгі-негізгі нысаналарын айқындау болып
отыр [1]. Сонымен бірге Қазақстан – 2030 Даму стратегиясының алғашқы
онжылдық міндеттерін шешіп үлгірген Қазақстан үшін келесі он жылдықтағы
елді жаңарту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, білімнің
сапасымен анықталатыны белгілі. Осыған байланысты диссертацияда ежелгі
дүниеден бастап 1920-жылға дейінгі Қазақстан тарихының білім ретінде
қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздері ой-елегінен өткізіліп, 1920-2001
жж. ғылыми жүйелі жолға түскен Қазақстан тарихының пән ретінде қалыптасуы
мен дамуының тарихи-теориялық мәселесі қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жаңарған Қазақстанның қоғамдық өміріндегі
білім саласында болып жатқан батыл өзгерістер тарихи білімге деген
қызығушылықты арттырып отыр. Расында, бүгінгі Қазақстанның тұрақты дамуы
өткен тарихты объективті тұрғыдан жалғастыра білумен байланысты болса, оның
болашағы да тарихтың шынайылығымен анықталады.
Осыған орай, 1920-2001 жж. Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен
дамуын зерттеу – тарих ғылымындағы басым бағыттардың қатарынан орын алады.
Өз дамуында жүйесі, мазмұны, оқыту түрлері үнемі өзгеріп келген
Қазақстандағы тарихи білімнің ұзақ жолдан өткені ескерілуі керек.
Кеңес дәуіріндегі тарихи білім адамға, мемлекетке және қоғамға қатынасты
бейнелейтін әлеуметтік идея түрінде дамыды. Тарихи білімнің дамуына
идеология мен мемлекеттік саясаттың үлкен ықпалы болды. Кеңес жылдарындағы
тарихи білім, мемлекеттің түрлі саяси мүдделерін іске асырудың құралы
ретінде көрінсе, тарихты оқытудың мақсаты анық таптық сипат әлпетінде
болып, қоғамдық қатынас өзгерістеріне бейімделді.
Елдің саяси дамуындағы әрбір жаңа бетбұрыс тарихи білім жүйесіне реформа
жасаумен қатар жүргізілгендіктен әлеуметтік-саяси дағдарыстар тарихи
білімнің де дағдарысына әкелді.
Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі түбірлі өзгерістер, ең алдымен
тарихи білім жүйесін жаңартуды өткір қойып отырғанда, тарих қойнауында
жинақталған бағалы тәжірибелерге назар аударудың маңызы зор.
Тарихи білімді дамыту барысындағы өткен тарихтағы оң тәжірибелерді
меңгеруде, оны сын тұрғысындағы терең ғылыми ой-елегінен өткізу арқылы
талдап-бағалай отырып, жіберілген кемшіліктерді анықтау – қазіргі білім
жүйесіндегі Қазақстан тарихын оқып-үйренуді жетілдірудің қуатты факторының
бірі болып табылады.
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ қауымының ортасында білімдік мәнге ие болып
келген ауызша тарих айту дәстүрі ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ғылыми
даму жолына көшіп, жеке пән ретіндегі білімге жалғасса, оны жалпы білімнің
тарихи болмысынан бөліп қарауға болмайды. Осыған орай, ең алдымен, қазақтың
ауызша тарихының (ҚАТ) ғылыми теориялық негіздерін игеруге тура келеді.
Осыдан кейін ғана Кеңес дәуірінде ғылыми даму жолына түсіп, жүйеленген
ұлттық тарихи білімінің теориялық және методологиялық мәселелерін білуге
жол ашылады.
Бүгінде профессор С.Ф. Мажитовтың зерттеулері бойынша, қазақтың ауызша
тарих айту дәстүрінен мәлімет берудің бірден-бір деректік негіздері, өзінің
белгіленуі мен бөлшектенуі жағынан 4 түрлі жанрға жіктелгені белгілі болды.
Олар: топонимикалық, этноәлеуметтік, қазақ даласындағы көрнекті тұлғалар
мен маңызды оқиғалар туралы әңгімелер [2]. Егер бұрын дәстүрлі тарихи
білімнен өрбитін әңгіме-бастаулар халық санасында қара сөз атауымен ғана
зерделеніп келсе, бүгін 4 жанрға бөлінген Қазақтың ауызша тарихы ұғымының
бүкіл Қазақстан халқының санасында кең мағынаға ие болып, қайта
жаңғырғанымен санассақ, тарихи білімнің дамуын тарихи-теориялық тұрғыдан
зерттеудің маңыздылығына шек келтіре алмаймыз.
1920-2010 жж. Қазақстанда, тарихи білімнің мазмұны ғылыми жағынан
анықталып-жетіле келе, оның даму бағыты белгіленді. Ұлттық тарихи білімді
пән ретінде қалыптастыру мен оқытудың жолдары қарастырылумен бірге, оны
оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер орнықтырылды. Типтік бағдарламалар мен оқу
құралдарын шығару жүзеге асырылды; Сондай-ақ, қазіргі тарихи білімді
иновациялық жетілдіру көзқарасымен қарағанда, Кеңес дәуірінде қалыпты
практикалық тәжірибе жинақтаған тарихи білім өзінің тұғырлық маңызын әлі де
болса жоғалтып отырған жоқ.
Сонымен, тарихи білім дегеніміз, кең мағынасында алып қарағанда,
адамдардың өткен өмір сырларының шындығынан ақпарат алуы болып табылады.
Тар мағынасында, тарихи білім түсінігі, белгілі бір мемлекеттегі тарихи
сананы қалыптастырудың негізгі тетігі деген ұғымды білдіреді. Ал тарихи
білімді пәнге айналдыру дегеніміз – адамға қажетті кез-келген кемел
тұжырымды әлемдік тәжірибе ретінде өзінің ұрпағына жеткізу. Олай болса,
Жалын мен оттан жаралып өлеіңінде Абайдың кемел тұжырымның сырын кәміл
ұғынған бала білімділікке жетпек деген пайымдауы бүгінгі халықаралық
ұйымдардың XXI ғасырдағы білім мазмұнының макромоделі Мәдениет. Білім.
Тарих болсын деген ұсынысмен үндеседі. Бұның өзі біздің жұмысымыздың
ғасырлар бойы жинаған тарихи білімдік тәжірибелері арқылы әлемдік
мәдениетке өзіндік үлес қосқан қазақтардың орныін көрсетудің өзектілігін
айқындайды. Міне, осы жағын ескергенде, 1920-2001 жж. Қазақстанда ғылыми
жүйелі жолға түскен тарихи білімнің даму келбетін арнайы тарихи-теориялық
тұрғыдағы зерттеудің де өзектілігін арттыра түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдағы Қазақстандағы тарихи білімнің
қалыптасуы мен дамуын теориялық жағынан жүйелі зерттеу үшін, тарихи зерде
мен дәстүрлі тарихи білім деген ұғымдарға әдебиетте берілген анықтамалардың
байыбына бару керек. Оның мәнінің тереңде жатқанын шығыстанушы В.П. Юдиннен
табамыз [3, 66-б.].
Даланың ауызша тарихнама ұғымы В.П. Юдиннен бұрын, бірінші рет Өтеміс
қажының еңбегінде кездеседі, ал оның дәстүрлік келбетін түрік және қазақ
ғұламалары – Рашид-ад дин, М. Хайдар, Әбілғазы баһадүр-хан, Ө.
Тілеуқабылұлы, Қ. Жалайыр, Қ. Халид, Ш. Уәлиханов, Ы Алтынсарин, А
Құнанбаев, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Дулатов, Ә. Марғұлан т.б. өз еңбектерінде жан-жақты көрсеткен.
ХХ ғасырдың басындағы кәсіби тарихшылар – А. Чулошников, А. Рязанов, Б.
Герасимов, С. Асфендияров, М. Тынышбаев, Х. Досмұханбетов, Қ. Кемеңгеров,
Т. Шонановтар мен осы ғасыр ортасындағы Е. Бекмаханов та ауызша тарих айту
деректерін өз зерттеулерінде кеңінен пайдаланып, Қазақстан тарихының
очерктері мен оқулықтарын жазды. Осы кәсіби тарихшылардың ішінде тұңғыш рет
ресми түрдегі үкімет шешімі бойынша мектепке арналған Қазақстан тарихының
программасы мен Қазақстан тарихының очерктері жарық көрсе, бұл –
профессор С. Асфендияровтың шығармашылық еңбегінің нәтижесі еді. Өкінішке
орай, оның очеркі мен бағдарламасы тұрмыста пайдаланылмаса, 1960-жж. КСРО
тарихына бейімделіп шығарылған Е. Бекмахановтың оқулықтары мен
бағдарламалары Қазақстанның барлық оқу орындарында КСРО тарағанша оқытылып
келді.
Одақтас республикалардың тарихын КСРО тарихына бейімдеп оқыту мәселесі
1935-жылы май айында Москвада болған Бүкіодақтық тарихшылар кеңесінің
шешімдерінен бастау алған еді. Бұл кеңес КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен
БКП (б) Орталық Комитетінің 1934-жылғы 16-мамырдағы КСРО мектептерінде
азаматтық тарихты оқыту туралы қаулысының шешімдерін орындау құрметіне
шақырылған болатын. Кеңесте ЖОО-ның студенттеріне, орта мектеп оқушыларына,
аспиранттарға КСРО тарихы мен жалпы тарихтан дәріс берудегі оқу жоспарының
үлгілік жобалары, тарихшылар даярлаудың құрылымдық ұстанымдары, ЖОО-ның
ережелері, тарихтан сабақ берудің әдіс-тәсілдері т.б тарихи білімге қатысты
мәселелер көтеріліп, оның шешімдері, шын мәнінде, КСРО тарағанша басшылыққа
алынды. 1959 жылғы 3-қазанда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер
Кеңесінің Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы
қабылданған қаулысында одақтас республикалардың тарихын оқыту қажеттігі мен
оның маңызы атап көрсетілді. Бірақ бәрібір, бұл қаулының шешімінің орындалу
нәтижесінде де одақтас республикалар тарихына, оның ішінде Қазақстан
тарихына да, КСРО тарихының жанынан берілген қосалқы мәртебеден басқа
өзгеріс бола қойған жоқ болатын.
XX ғасырдың 20-30-жылдары ұлттық тарихи білімнің қажеттігі туралы А.
Байтұрсынов, С. Сейфулин, С. Садуақасов, Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, Н.
Манаев, Т. Жүргенов т. б. мемлекет және қоғам қайраткерлерінің сөйлеген
сөздері мен жазған мақалалары газет-журнал беттерінде үнемі жарияланып
отырған болатын. Осы жылдары шығарылған Историк марксист, Исторический
журнал, Борьба классов, Большевик, Большевик Казахстана, Жаңа
мектеп, Сана, Қызыл Қазақстан – Красный Казахстан, Советская
Киргизия сияқты газет-журналдарда ұлттық тарихты оқып-үйренуге арналған
арнайы тараулар белгіленіп, онда тарихи білімнің ғылыми жағынан қалыптасуы
туралы мәселелер көтерілді.
1930-1940 жылдары Қазақстан білім жүйесіндегі тарихи білімді дамытуда
Жаңа мектеп (1925-1933 жж.), Политехникалық мектеп (1933-1934 жж.),
Ауыл мұғалімі (1934-1939 жж.), Халық мұғалімі (1939-1960 жж.) сияқты
журналдар белсенді рөл атқарды. Бұл аралықта осы жылдары Москвадан тарихшы
мамандардың араласуымен тарихи білім мәселесіне арналған алғашқы мақалалар
топтамасы жариялана бастаған еді. Айталық, Н.Н. Ванаг, М.В. Нечкина, А.М.
Панкратова Г.С. Фридлянд т.б. тарихты большевиктік рухта оқытудың жолдарын
нұсқаса, РКФСР ағарту халық комиссары А.С. Бубнов пен оның орынбасары М.С.
Эпштейн өздерінің тарихшы мұғалімдер алдында сөйлеген сөздерінде тарих
пәнін жастарға коммунистік тәрбие берудің негізгі құралына айналдырудың
жобаларын ұсынды.
Кеңес-Герман соғысы жылдары және 40-жылдардың соңында ежелгі дәуірден
бастап кеңес дәуірін түгелдей қамтыған түріндегі қазақ халқы тарихының
ғылыми жолмен жазылу мәселесіне тарихшылар М. П. Вяткин, А. М. Панкратова,
қоғам қайраткерлері І.О. Омаров пен М. Әбдіхалықовтар Қазақстан тарихының
томдарын шығару арқылы өлшеусіз үлес қосты. Бұл ретте 1945 жылы КСРО Ғылым
Академиясының Қазақ филиалының жанынан құрылған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
тарих, археология және этнография институт ұжымы еңбегінің жинақталған
нәтижесі, 1977-1981 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген бес
томдық Қазақ КСР тарихын шығарумен белгілі.
Қазан төңкерісінен тәуелсіздік алғанға дейінгі үлкен де күрделі кезеңді
қамтитын Қазақстандағы тарихнама және тарих ғылымының даму жолдары мен
негізгі бағыттары І. Қозыбаевтың еңбектерінде жаңаша көзқараспен кеңінен
талданды [4].
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде еліміздегі дәстүрлі тарихи
білімдік ой-сананы дамуыту тежелген жоқ. Ол С. Мұқановтың, С. Аманжоловтың,
М. Ақынжановтың, Х. Әділгереевтің, Н. Мыңжанидың, Х. Арғынбаевтың, М.
Мұқановтың т.б. еңбектері арқылы ашық, ал М. Әуезов пен І. Есемберлин,
О.Сүлейменов сияқты бірқатар ақын, жазушылардың шығармалары арқылы астарлы
түрде өз жалғасын тапты.
1961-жылғы Г.Н. Голиковтың мақаласы (Вопросы истории, 1961, № 11, стр.
19-42.) 1950-жылдардың соңы мен 60-жылы жарияланған тарихи еңбектердегі ой-
санаға тарихнамалық талдау жасау жағынан құнды. Оның ой-тұжырымдары
Қазақстанда Г.Ф. Дахшлейгер, Д.И. Дулатова, П.Г. Галузо, З.А. Алдамжаров,
М.Қ. Қозыбаев еңбектерінде жалғасын тапты [5].
1980 жж. соңына қарай, кеңес қоғамындағы демократиялық өзгерістер
халықтың рухани мұраларын ғылыми объективті зерттеу ісіне мүмкіндік ашты.
Қазақстанның Б.А. Төлепбаев, М.Қ. Қозыбаев, Р.Б. Сүлейменов, В.К. Янулов
т.б. [6] тарихшы ғалымдарының күшімен шығарылған ұжымдық еңбекте тарихтың
ақтаңдақтары қатарында ҚАТ та аталып, проблеманың маңызды тұстары
қарастырылды. Бұл аралықта Одақ баспасынан шығарылатын Преподавание
истории в школе (ПИШ) журналының беттерінде Р. Вендровская А.Н. Сахаров,
А.П. Прохоров сияқты прогресшіл ғалымдар КСРО тарихы оқулығында тарих
ғылымының соңғы жетістіктері мен халықтар тарихының жетімсіздігі туралы
мәселе көтеріп, тәуелсіз халықтар тарихының дүниеге келуін тездетті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бізде және посткеңестік басқа да
елдерде ұлттық тарихи білімге қатысты педагогика, филология және тарих
ғылымдары бойынша бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, оның даму
жолдарын саралаған мақалалар мен кітаптар жарық көрді. Бұл ретте Т.
Тұрлығұлов, Б. Әбдіғұлова, Л. Алексашкина, М. Әбусейітова, С. Сыздықов, С.
Жолдасбаев, К. Мамырұлы, М. Елеуов, А. Оразбаева, М. Алпысбес, Қ.
Атабаевтың, Ж. Артықбаевтың, З. Алдамжардың, Р. Қадысова, Г. Кәкенова, Г.
Жүгенбаеваның, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов, Б. Сәрсекеев, Р. Айтбаеваның, З.
Елешованың, Ә. Балапанованың, А. Нұрманова мен А. Сәрсенбаевтың, С.
Кентбековтың, Ш. Омарбековтың, Ш. Нартбаевтың, Л. Жүсіпова мен Е.
Жүсіповтың, А. Тереховтың, К. Ушмаеваның, Д. Махаттың, З. Ноғаеваның т.б.
ғалымдардың еңбектерін атауымызға болады.
2004 жылы қабылданған мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасының аясында
көп томдық сериялы шетелдік деректер негізінде шығарылған еңбектердің жарық
көруіне М. Әбусейітова, К. Байпақов, С. Мажитов, А. Гарковец, Г.
Меңдіқұлова, Ә. Муминов, И. Ерофеева, Б. Сужиков, С. Сұңғатай, Б.
Еженханұлы, Н. Базылхан, А. Нұрманова, т.б. белгілі тарихшы ғалымдар зор
үлес қосып, тарихи білімнің даму қорын мол деректермен толықтырды.
Алайда жоғарыда аталған еңбектерде тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы
ішінара көрсетілгендіктен, оның жүйелі түрде тарихи-теориялық тұрғыдан
қарастырылмауы қайшылық туындатады Міне, осының өзі біздің тақырыбымыздың
зерттелу деңгейін барынша толықтыруға негіз болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Зерттеудің негізгі деректері
республика мұрағаттарының әр түрлі қорларынан алынды. Қазақстан
Республикасы Президентінің мұрағатындағы мына қорлардағы: 139-қор РҚ(б)П
Қырғыз (Қазақ) Комитеті РҚ (б) П Қыропкомы, 140-қор РҚ (б) П Қырғыз
(Қазақ) Өлкесінің облыстық Бюросы (Қырпартбюро) және 141-қор БҚ (б) П
Қазақ өлкелік Комитеті құжаттар пайдаланылды. Бұл материалдардан басқа
зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағат
қорларының деректері пайдаланылып, ғылыми айналымға енгізілді: Қазақ АКСР
Орталық Атқару Комитеті (5-қор), Халық Комиссарлар Кеңесі (30-қор), Торғай
облыстық басқармасы (25-қор), Жетісу облыстық әскери министрлігінің
басқармасы (44-қор), Дала генерал-губернаторының концеляриясы (64-қор),
Халық Ағарту Комиссариатының (81-қор), Қазақ КСР халық ағарту
министрлігінің (1692-қор), Қазақ КСР жоғары және орта арнаулы білім
министрлігінің (1982-қор), Білім қоғамының (1810-қор), Абай атындағы
Қазақ Педагогикалық институтының (1142-қор) т.б.
Жұмыстағы деректердің келесі тобын тарихи білімнің қалыптасуы мен
дамуына ерекше үлес қосқан тарихшы, философ, экономист, педагог, психолог,
политолог, филолог ғалымдардың тарихнамалық мұралары мен тарих ғылымы мен
білімінің теориялық-методологиялық түжырымдамаларының негізін қалаған
тұлғалардың еңбектері құрайды.
Диссертациялық жұмысты жазуда Қазақтың ауызша тарихнамасы мен қазақ ауыз
әдебиеті дерек көздері ретінде пайдаланылды; Ғылыми, саяси және әдеби
көркем шығармалар да зерттеу жұмысына тартылды; Сонымен қатар тарихи
білімді дамытуға қатысты қоғам және мемлекет қайраткерлерінің жарық көрген
материалдары мен мемуарлық еңбектері ғылыми айналымға түсті; Марксизм
классиктерінің шығармалары мен большевиктер партиясының идеологтары В.И.
Ленин, И.В. Сталин, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко т. б.
еңбектерінен алынған деректер кеңестік тарихи білімнің сипатын ашу үшін
қолданылды. Деректер ретінде тарихи білімге байланысты әр түрлі зерттеу
еңбектері мен фактологиялық материалдарды топтастырған құжаттар жинақтары,
партия және кеңес органдарының съездері, пленумдарының және
конференцияларының материалдары пайдаланылды; Сондай-ақ мерзімді
басылымдарда әр жылдары жарық көрген мақалалар мен статистикалық,
библиографиялық құжаттар зерттеу жұмысының деректік негізінің бірі болды;
Кеңес және Тәуелсіздік жылдары ауық-ауық өткізіліп, тарихи білімді игеруді
жетілдіру мен оны таратудағы жоғары оқу орындарының қызметі мен тарихи
білімді дамыту жобаларын ұсынған ғалымдардың шығармашылық мұраларын
талқылаған халықаралық, Одақтық, Республикалық және аймақтық деңгейдегі
конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар мен сессиялардың, сондай-ақ
түрлі кеңес шешімдерінің материалдары дерек ретінде алынды; КСРО-ның,
Каз.КСР-нің және тәуелсіз Қазақстан Республикасының білімге қатысты
шығарған заңдық құжаттарын, тұжырымдамалар мен білім стандарттарын,
бағдарламаларды деректік қажетке жараттық. ҚР Президент еңбектері мен оның
әр жылғы халыққа арнаған Жолдауларының тарихи-білімдік қағидалары дерек
ретінде талдау нысанына айналды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстанда отандық тарихи білімнің қалыптасуы
мен дамуын тарихи-теориялық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні. 1920-2001 жж. аралығындағы Қазақстанда отандық
тарихи білімнің тарихи-теориялық жағынан қалыптасуы мен даму үрдісін
қарастыру.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы
отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын жүйелеу және оның
перспективалары мен тенденцияларын анықтау мақсаты қойылып, оны жүзеге
асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:
- Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын теориялық-
әдіснамалық негіздеу;
- Қазақстандағы тарихи білімнің даму факторларын айқындау;
- Қазақстандағы ұлттық тарихи білімнің кезеңдеріне жан-жақты сипаттама
беріп, оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары мен XX ғасыр басындағы ұлттық
интеллигенция өкілдерінің тарихи білімді дамытуға қосқан үлестерін
бағамдау;
- Қазақстан тарихының ғылыми пән ретінде қалыптасуының ерекшеліктері мен
оның республика тарихи білімін дамытудағы рөлін көрсету;
- кеңестік партиялық-таптық идеологияның Қазақстандағы тарихи білімнің
дамуына тигізген ықпалын зерттеп білу;
- қарастырылып отырған мәселені бүгінгі күннің талаптарына сәйкес одан
әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін тарихи білімнің дамуындағы оң
тәжірибелерді сараптау;
- қазіргі Қазақстандағы тарихи білімнің даму болашағы мен оның ілгері
басу тенденцияларын анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Республика тарихнамасында бірінші
рет, жаңаша ұлттық тұтастық және азаматтық ізгілік пен адамзаттық игілік
тұрғысынан бағамдалған ХХ ғасырға дейінгі ұлттық тарихи білімнің негіздері
мен ХХ ғасырдың 1920-2001 жылдарындағы Отан тарихы ғылымының білімдік пән
ретіндегі қалыптасу социодинамикасының ғылыми жаңалығы мынадан көрінеді:
- Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы теориялық-
методологиялық жағынан негізделінді;
- Қазақстандағы тарихи білімді дамыту қайнар көздерінің мәнділік сипаты
пайымдалды;
- Зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы тарихи білімнің қалыптасуы мен даму
үрдісінің қоғамдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларға
тәуелділігі ашылды;
- Қазақстандағы тарихи білімнің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі
даму кезеңдері жүйеленді;
- Қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи білімді
дамытуға қосқан үлестері сарапталды;
- Оқу пәні ретіндегі Қазақстан тарихының қалыптасу ерекшелігі ашылып,
оның республикадағы тарихи білімді дамытудағы рөлі көрсетілді;
- Қазақстандағы тарихи білімді дамытуда кеңестік партиялық – таптық
идеологияның ықпалы ашылды;
- Зерттеу жылдарында жинақталған Қазақстандағы тарихи білімді дамыту
тәжірибесінің оңды және келеңсіз жақтары диалектикалық арақатыста
бағамдалды;
- Білімді модернизациялауға бет алған бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы
тарихи білімнің даму тенденциялары модельденді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың 1920-2001 жылдары.
Оның дамуы өзіндік сипаттармен ерекшеленеді. Біріншісі, жалпы
қарастырғанда, тарихи білімнің теориялық-методологиялық мәселеріне
байланысты үрдістер 1920 жылғы Қазақ АКСР-ның құрылуына қатысты болса,
екіншісі – тарихи білімнің теориялық ғылым ретіндегі негізі осы жылдары
қалыптасты. Келесі сипат, егер 1920-жылдары Қазақстанның әлеуметтік өміріне
ұлт зиялылары ат салысып, тарихи білімдік ой-санадағы демократиялық
бағыттың қалыптасуы байқалса, 30-жылдары керісінше, тоталитарлық
идеологияның белең алған, 1940-1970 жылдары өрістеген, 80-жылдары оның
орныққан кезеңдері ішінде, Қазақстан тарихы ғылыми пән ретінде қалыптасып,
дамығанымен, ол объективті және жүйелі оқытылмады.
Дегенмен ХX ғасырдың 1920-2001 – жылдары біздің еліміздегі тарихи
білімнің сапалық жағынан дамуында түбегейлі өзгерістер басталды: 1920-
жылдан бастап, жаңа пайда болған КСРО тарихы пәнінің аясындағы Одақтас
Республикалардың тарихын оқытудың жолдары қарастырылса, КСРО тарихы 1934-
жылдан бастап өз алдына жеке пән ретінде оқытылуға еркіндік алған тұста,
Қазақстан тарихын осы пәнмен бірге оқытудың жолдары қарастырылып, С.Ж.
Асфендияровтың басшылығымен Қазақстан тарихының очеркі мен Қазақстан
тарихын оқытуға арналған тұңғыш бағдарлама дүниеге келді; 1941-1949 жж.
аралығында Қазақстан тарихын тұтастай қамтыған жүйелі тарихтың томдар
жинағын жазу басталды; ал 1958 жылдан бастап, Одақтас Республикалар тарихын
жан-жақты оқытуға еркіндік берілген тұста, Қазақстандағы жоғарғы оқу
орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашыла бастады да, орта мектептерде
оны оқытуға арналған сағат жүктемелері бөлінді; 1960-жылдардың басынан
бастап, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнінің
оқулықтары мен бағдарламалары жазылса, 1977-1981 жж. Қазақстан тарихының
кеп томдығы жарыққа шығып, олар Қазақстанның оқу орындарының бәрінде 1991-
жылға дейін пайдаланылды.
1991-жылдан бері Қазақстандағы тарихи білімдік ой-сана мүлде жаңа
бағытта дамуға бет алды да, 2001 жылы Қазақстан тарихы пәнін Тәуелсіздік
жағдайында оқытудың алғашқы 10 жылдығы аяқталған тұста, республика
мектертерінің 5-11 сыныптарға арналған Қазақастан тарихының жаңа оқулықтары
түгелдей шығып үлгерді. Жалпы алғанда, 1920-2001 жылдар Қазақстаның тек
әлеуметтік-саяси жағдайында ғана емес, рухани-тарихи саласында да болған
түбегейлі өзгерістермен ерекшеленеді.
Зерттеудің қолданыстық маңызы. Аталған зерттеу жұмысы Қазақстандағы
тарих ғылымы саласындағы ауқымды ғылыми-тарихи шығармашылық тұрғыдан
жазылған еңбек ретінде Республиканың әлеуметтік-мәдени секторының жұмыс
тобына өз кезегінде қажетті құжаттарды даярлауда қолданылуы мүмкін. Бұл
еңбектегі тұжырымдар ЖОО-да Қазақстан тарихы мен Қазақстан тарихының
теориялық-методологиялық мәселелері және Тарихи-мәдени мұра мен
Дүниетану негіздері сияқты жаңа пәндеріді оқытуда, ауызша тарихи білімге
байланысты арнайы курстарды жүргізу барысында қажеті болады деп санаймыз.
Диссертациядағы ізденіс нәтижелері бүкіл ұлттық дәстүрлі тарихи білімнің
теориялық жағы мен ХХ ғасырдағы оған жасалған қиянат тарихын білуге
қызығушылық танытушы оқырманға керекті мәліметтер алуына мүмкіндік беріумен
бірге, тарихи білім кезеңдерінің даму тарихын жалпы түсінуге жол ашып, оны
терең білуге ұмтылдырады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Бүгінде, таптық
идеологияның ыңғайына жығылып, коммунистік партия жетекшілік еткен бұрынғы
кеңес өкіметіне тиімді көзқарастарды барынша марапаттау, немесе шындықты
бұрмалап, оны айналып өтуге бейімделу сияқты тұжырымдардан бас тартып,
ғылыми ізденістердің, зерттеу проблемаларының объективті шыншыл
сипаттамасын беретін методологиялық ұстанымдарды қалыптастырудың тарихи
қажеттілігі байқалып отыр. Осыған орай диссертацияның әдіснамалық және
теориялық негізі ретінде қоғамдық жүйелерді зерттеуді өркениеттік жинақтау
тұрғысынан қарастыратын модернизация теориясын таңдадық. Жұмыста тарихилық
пен объективтік сияқты қоғамдық танымда жалпыға мәлім ұстанымдар мен тарихи
үрдістер жиынтығының өзара байланысын білуге бастайтын жүйелеп талдау
әдісі, сондай-ақ конвенттік-талдау мен инвенттік-талдау әдісі пайдаланылды.
Еліміздің тәуелсіздік алуы, ғылыми зерттеу ісінде методологиядағы
плюрализмді негізге алып, дәстүрлі және жаңа методологиялық бағыттарды
қатар, әрі аралас пайдалануға жол ашты. Осыған орай, Қазақстандағы тарихи
білімнің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде эволюционизм сияқты методологиялық
бағытты пайдалансақ, оған басқа елдердегі тарихи көзқарастардың ықпалын
айқындауда – методологиядағы диффузионизмді басшылыққа алдық. Қазақстан
тарихының пән ретінде қалыптасуында методологиядағы функционализмді
пайдаландық. Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа тарихи ойдың тарихи білімдегі
орнын-феноменология және этнометодология деп аталатын методологиялық
бағыттарының негізгі ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, тақырып мазмұнын
ашуға тырыстық.
Деректік материалдарды анықтау, сұрыптау және зерттеу барысында тарихи
білімдік ой-санадағы өзгерістер тарихындағы қарама-қайшылықтарды көрсететін
шынайылылыққа жетуге тырыстық. Құжаттардың басым көпшілігі қатаң бір ғана
идеологияның сарынында жасалғандығына байланысты олардың әрқайсысына сыни
тұрғыдан, төзімділікпен қарап, қосымша мәліметтермен толықтырып отыруға
тура келді.
Тақырыпты зерттеу барысында тарихилықты басшылыққа ала отырып, кеңес
кезеңіне дейінгі дәстүрлі және ұлттық тарихи-білімдік ой-сананың қалыптасу
үрдістеріндегі ерекшеліктерді, кеңес өкіметінің тарихи білімдегі ой-сана
саласында ұстанған саясатының әртүрлі кезеңдерін, Тәуелсіздігіміздің
дамуындағы тарихи материалдарды хронологиялық жүйеледік. Бұл арада
жүйелілік ұстанымы біздің жұмысымыздың әдістемелік негізінің біріне айналып
отыр. Зерттеліп отырған тарихи кезеңнің және тарихи білімдік ой-санадағы
өзгерістер барысындағы үрдістердің қарама-қайшылықтарын, күрделілігін,
тарихи білімдегі үдерістердің динамикасын, оның ішкі себептерін зерттеуге
мүмкіндік берумен қатар, эмоцияға берілуден сақтандыратын дамудағы төзімдік
ұстанымы басшылыққа алынды..
Диссертацияда қойылған мақсат пен міндеттерді нақты шешу үшін өз
мәселеміз бойынша жарияланған әдебиетпен танысып, анықтау, мұрағат
деректерін сұрыптап, материалдар мен әртүрлі мәліметтерді іріктеу, оларды
қорытындылау кезінде логикалық жалғастық сияқты танымдық тәсііл де
қамтылды.
Қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларының әсері болған
1920-жылдан 2001-жыл аралығындағы отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен
дамуының бейнесін тарихи-теориялық жағынан қайта жаңғыртудың өзектілік мәні
жоғары;
- қазақ ағартушылары мен ұлттық интеллигенция өкілдері қалдырған
тұжырымдамалық идеялардың Қазақстандағы тарихи білімді дамытуға ықпалы
болған;
- зерттеу кезеңіндегі Қазақстандағы тарихи білімді реформалау – мемлекет
саясатындағы негізгі бағыттың бірі болған;
- тарихи білімнің дамуы идеологиялық және саяси кедергілерге тәуелді
болып келді;
- тоталитарлық режімнің қазақ халқының ұлттық тарихына шек келтіруі –
Қазақстандағы тарихи білімнің дамуына да нұқсан келтірді;
- жұмыста Қазақстандағы тарихи білімнің даму кезеңдеріне алғаш рет
сипаттама берілгендіктен, зерттеу болашақта олардың мазмұнын кеңірек ашуға
алғышарт болып табылады;
- тарихи білімнің дамуында болған келеңсіздіктерді ескеріп, оң
тәжірибелерді анықтау қажеттігі – білімді модернизациялауға бет алған
бүгінгі күні, тарихи білімді дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық жобалар
жасауға мүмкіндік береді;
- қазіргі Қазақстан қоғамындағы тарихи білімнің даму тенденциялары
объективтік сипат алуда.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мазмұны 3
монографиялық еңбек пен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестациялау комитеті бекіткен тізімдегі 10-нан аса ғылыми басылымдарда,
20-дан аса халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда, ғылыми
мерзімді басылымдар мен бұқаралық баспасөзде жарияланып, жоғарыда
айтылғандардан бөлек, 30-дан аса ғылыми жинақтар мен журналдардағы
мақалаларда көрініс тапты.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысының тармақтары ЖОО үрдісінің барысында
жүргізілген 2 оқу әдістемелік оқу құралдары мен 2 хрестоматияда және
магистранттар үшін кредиттік жүйе талаптарына сай құрастырылған жұмыс
бағдарламасында көрініс тапты. Ізденуші Абай атындағы ҚазҰПУ-тың тарих
факультетінің Отан тарихы кафедрасында істей жүріп, Қазақстан тарихының
іргелі мәселелері (ХХ ғасыр), Ұлттық тарихи білімнің қазыналары, Ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жоспарлау мен жүргізу тақырыптарында тарихшы
магистранттар мен студенттерге арнайы курстар оқыды. Тарих факультеті
жанынан ұйымдастырылған Еуразия ғылыми зерттеу орталығының Білім, ғылым,
мәдениет тарихы деп аталатын зертханаллық саласында Өтпелі кезеңдегі
тарихи білімнің тәрбиелік бағыттары туралы циклдық баяндамалар жасалды. ҚР
ҒБМ-нің жанындағы Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығымен
байланыс орнатып, Қазақстан тарихы пәнінен I Республикалық Тарих ата
сырттай олимпиадасының Н.А. Абуов құрастырған тапсырмалар жинағына және
оның өткізілу тәртібіне ұсыныс-пікір жазылып, осы Орталық ұйымдастырған
Тараз қаласындағы (2007 ж.) тарих пәні бойынша дарынды балалармен жұмыс
істейтін республикадағы мектеп мұғалімдерінің алдында даланың ауызша
тарихнамасы бойынша дәріс лекциялар оқылды.
Диссертация қысқартулар мен белгілеулерден, кіріспеден, бес тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде тақырыптың таңдалу ерекшелігі мен өзектілігі нақтыланып,
жұмыстың нысаны, пәні, мақсат-міндеттері, хронологиялық ауқымы, деректік,
методологиялық негіздері, зерттеу әдістері, ғылыми-танымдық және
тәжірибелік маңызы мен жаңалығы, қолдануға ұсынылатын негізгі тұжырымдары
анықталады.
Қазақстан тарихының білім ретінде қалыптасуының ғылыми- теориялық
негіздері деп аталатын бірінші тарауда жұмыстың теориялық-методологиялық
негіздемесі мен тарихнамасы қарастырылып, дерек көздеріне талдау жасалады
және Қазақстандағы тарихи білімнің даму кезеңдері анықталады.
Тақырыпты зерттеудегі методологиялық ұстанымдар атты тармақшада
зерттеу жұмысына қатысты теориялық-методологиялық талғамдар мен тұжырымдар
баяндалады.
Кез келген дәуірдегі тарихи мәселені ғылыми тұрғыдан зерделегенде,
өзінің алдындағы бір немесе бірнеше дәуірлердегі кезеңдермен байланыстыра
қарастыруға тура келеді. Тарихты осылайша сабақтастықта қарай білу ғылыми
зерттеу жұмысының барысында мәселеге қатысты кейбір жаңсақ пікір білдіруден
сақтандырып, дұрыс тұжырымдар жасауға, ақиқат ой қорытуға жол ашады Бұл
арада, ең алдымен, Қазақстанда ежелден қалыптасқан тарихи білімнің санада
орнығуының ғылыми-теориялық негіздер желісін түзу керек болады.
Қазақстан тарихшыларының ішінде қазақтар арасында ежелден қалыптасқан
дәстүрлі тарихи білім ұғымына ғылыми баға беру ең алғаш зерттеуші В.П.
Юдинде кездеседі. Ол айтады: Далалық ауызша тарихнаманы көрсететін
шығармаларды оның қайнар көзі деуге де болады. Олар тарихи әңгіме
жинақтарын – Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тарихи білімінің бөлімдерін
көрсетеді. Бұл әңгіме – бастаулар арнайы қара сөз атауына ие болды, яғни
ескі сөз, қара сөз деген [7]. В.П. Юдиннің осы айтып отырған Дешті
Қыпшақ көшпелілерінің тарихи білімі қазақ этносының қалыптаса бастаған Ақ
Орда кезеңінен бергі уақытты қамтиды. Осы арада егер қазақтар өзінің түп
негізін сақ, үйсіндерден бастаса, онда Ақ Ордаға дейінгі тарихи білім,
өзінің бастауларын қалай қалыптастырған деген сұрақ туындайды. Сондықтан
біз, өз зерттеуіміздің бірінші тарауында мүмкіндігінше ұлттық тарихи
білімнің көзін тауып, оны В.П. Юдин айтып отырған Дешті Қыпшақ
көшпелілерінің тарихи біліміне жалғастыра келе, кеңес дәуіріне ұластыруды
мақсат еттік.
Академик М.Қ. Қозыбаев ... біздің Ұлы Сахарада да өркениет 1500-2000
жыл бұрын пайда болды деп есептеуге дәлелдер баршылық [8] – деп шегелеп
айтса, онда қазақ халқын өркениеттілікке жеткізген білу мен біліктілікті
және тәңірлік дінмен бірге келген білімді, аңыздан басталып, ауыз
әдебиетіне ұласқан тарихи білімді, VIII ғасырда ислам дінімен бірге келген
тарихи білімді, ойма жазудан басталып, көркем әдебиетке ұласқан дәстүрлі
тарихи білімді қалайша жоққа шығарамыз. Сондықтан да бұл мәселе, бүгінгі
таңдағы республикалық және халықаралық ауқымдағы конференциялардың негізгі
тақырыбына айналып, күн тәртібінен түспей келеді [9].
XVIII-XIX ғғ. Ресейдің әскери адамдары мен ғалымдары: А.И. Левшин, В.Г.
Тизенгаузен, Н.А. Аристов, А.Н. Харузин, В.В. Радлов, В.В. Бартольд, Г.Н.
Потанин т.б. қазақтың ауызша тарихы туралы естігендерін жазып қалдырғанмен,
негізгі борыштары – өз елінің мүддесіне қызмет ету болғандықтан, қазақтың
дәстүрлі тарихи білімі олардың бәрін бірдей қызықтыра бермеген. Айталық,
ауызша тарихтың білімдік байыбына бармаған Ресей тарихшысы А.И. Левшин
қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына дейінгі зейіндік деректерден айналып
өтеді [10]. Қазақтарды жойылуға тиіс нәсіл ретінде кемсіткен А.И. Левшинді
барынша сынаған В.В. Радлов болса, оған қарама-қарсы пікір айта келіп,
қазақтарға отырықшы халықтардың дәуіріне қарама-қарсы тұрған мәдениет
өркениетінің баспалдағы ретінде жоғары баға берген [11].
Біздіңше, тарихқа кез-келген зерттеу жұмысын қолға алғанда, американдық
антраполг Франц Баос айтқандай, археолгияға, биологияға, лингвистикаға және
этнографияға жүгіну жеткіліксіз [12]. Мәселеге олардан маңызы кем түспейтін
саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни, педагогикалық, психологиялық, әдет-
ғұрыптық және көркем әдебиеттік факторлардың да әсер ететіндігі анық.
Сонымен егер ерте уақыттан бергі ауыз әдебиеті ауызша тарих айту
дәстүрінің дамуына ықпал етіп, Дешті Қыпшақ көшпелілерінің тарихи біліміне
жеткізсе, қазақ хандығы кезіндегі жыраулар поэзиясы Зар заман ақындарымен
жалғасын тапқан тарихи білімге ұласса, оны XIX ғ. сонындағы қазақ ағартушы-
ойшылдары одан әрі дамытып, кеңес дәуіріне дейін әкелсе, ал кеңес
дәуіріндегі қазақ әдебиеті ауызша тарихты астарлы түрде дамыта білсе, онда
қазақ халқының діліне тән әдебиет арқылы келген ауызша тарихи білімдегі
шындықты дерек көзі ретінде қарау басымдығы туындайды. Осыған қосымша,
біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей, бүгінгі ұлттық тарих
ғылымы, заман ағымына орай, өзінің зерттеу ұстанымдарында тағы да мынандай
жаңа 3 басымдықтарға жетуді қажетсінеді:
1. Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасуы тарихи
білімдегі зерттеу ұстанымында геосаяси мүмкіндіктермен санасу әдіснамасы
сияқты жаңа туындап отырған басымдықты қажетсінеді;
2. Қазақстан аумағындағы түркі мәдениетіне арап, парсы, қытай тілдік
мәдениеттерінің орыс мәдениеті ықпалының әсер етуінен кем болмағандығын
көрсету – тарихи шындыққа жетуге көмектеседі;
3. Екі ғасырдан астам уақыт қуғын-сүргін көргеніне қарамастан ислам діні
өзінің өміршеңдігін сақтап қалды. Ендеше, бүгінгі тәлім-тәрбие ұстанымында,
қазақ тарихындағы ислам дінінің басымдық рөлін жоққа шығара алмаймыз. Осы
арадағы тәлім сөз тіркесінің кезіндегі білімнің мағынасын атқарған рөлін
ескерген дұрыс.
Мәселенің зерттелу деңгейі атты тармақшада тарихи білімнің зерттелу
барысы талданып көрсетіледі.
Тарихи білім туралы алғашқы пікірталастар XVII-XVIII ғасырлардан, яғни
капиталимзнің өрістеу кезеңіндегі Еуропадан бастау алады. Дәл осы
кезеңдерде тарихи-білімдік ой-санада көшпелілер өркениетін мойындамайтын
Еуроцентризм ұстанымдары күш ала бастады. Осыған байланысты жазу пайда
болғанға дейінгі тарихи білімде өзіндік рөлі болған қазақтардың ауызша
тарих айту дәстүрі кеңес дәуіріне дейін зерттелмеді.
С.Ж. Асфендияровтан бастап, кеңес кезеңіндегі тарихшылардың еңбектерін
ресми бір партиялық жүйенің идеологиялық ықпалы жағдайындағы олардың
ұстанған методологиялық бағытына бола, тарихнамадан аластай алмаймыз. Осы
арада біз С.Ж. Асфендияров туралы М. Шоқай дерегіне сүйенсек, С.Ж.
Асфендияров қанша жерден марксист болғанмен, Түркістан қозғалысының шын
мәніндегі төңкерістік мәнін мойындап, тарихи білімдік ой-санада бірінші
болып, ұлттық мемлекеттілікті марксизм қағидаларымен бүркемелеп көрсетудің
үлгісін жасап беріп кеткен [13].
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында А.П. Чуловшниковтың, М. Тынышбаевтың, Т.
Шонанов, Қ. Кемеңгеровтердің тарихи білімді жүйелі жолға түсіру бағытындағы
еңбектері жарияланғанмен, ол авторлар ұлттық тарихи білімнің тарихын арнайы
зерттеуді мақсат етпеді. Бұлардың ішінде тарихи білімді дамытудағы М.
Тынышбаевтың рөліне тоқталсақ, ол бірінші болып қазақ тарихын басқа ұлт
өкілдері тарапынан жазудың кемшіл тұстарын көрсетіп бере алды.
Кеңестік тарихи білім мәселесінің алғашқы тарихнамасын қалыптастыруда
Н.Н. Ванаг, М.В. Нечкина, А.М. Панкратова, Г.С. Фридлянд бастаған
тарихшылар белсенді рөл атқарса, қазақ тарих ғылымын білім ретінде
жүйелеудің алғашқы тарихнамасын жасауда А.М. Панкратова, А.В. Шестаков, А.
Нүсіпбеков сияқты тарихшылар белсенділік көрсетті. Алайда бұл ғалымдардың
зерттеулері большевиктер партиясы идеологтарының еңбектерін басшылыққа
алудың нәтижесінде жазылды. Ол еңбектерден (В.И. Ленин, И.В. Сталин, Н.К.
Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Бубнов, М.С. Энштейн, А.С. Макаренко, М.Н.
Покровский) идеологияға бой алдырылған халық ағарту ісінің
саясатандырылғаны көрінеді.
Кеңес дәуірінің 40-60 жылдарындағы қазақ тарихының білімдік тұрғыдан
жазылуы мен ғылыми жағынан жүйеленуі Е. Бекмаханов есімімен байланысты. Ол
Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында деп аталатын белгілі кітабын жазу
үстінде фольклорды маңызды дерек көзі ретінде алған. Автордың өзі атап
көрсеткендей, кітапта М.Ж. Көпеев, Ә. Диваев, О. Шипин, С. Мұқанов т.б.
жазып алған халық мақалдары, мәтелдері және өлеңдері кеңінен пайдаланылған
[14].
Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының этникалық саладағы рухани мәдениетін
тарихи білімдік ой-санада ғылыми тұрғыдан өте терең және кең ауқымда
зерттеген ғалым – Ә.Х. Марғұлан. Бірақ ол тарихи білімдік жағынан ғасырлар
бойы маңызды рөл атқарған қазақ эпикалық жанрларын кезеңдерге бөлгенмен,
оның білімдік мәнін аша алмай, оны тек мәдениет аумағында ғана қарастыруға
мәжбүр болған [15].
Дегенмен, Әлкей Марғұлан даланың ауызша тарих айту үлгісін жинастырумен
бірге, ислам дінінің тарихи білімдегі рөлін дәріптеп, оны бағалаудың
үлгісін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына еліктеуден алғанын оның 1940 жылы 5
қаңтардағы Қазақ әдебиетінде жарияланған шағын мақаласынан байқаймыз.
Онда: Кез келген зерттеуші ғылымдағы діннің ықпалын жоққа шығара алмас, –
деп көрсетеді.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 70 жылдардың басында жарық көрген
Р.С. Сүлейменов, Ж. Қарақұсов, Ж. Амантаев, Ә. Канафин, Қ. Жаманбаев, С.Н.
Соскиннің еңбектерінде қазақ-кеңес интеллигенциясының, ғылым мен білімнің
даму тарихы кеңінен қарстырылды. Алайда, бұл жылдардағы тарихшы ғалымдардың
зерттеулерінде де ұлттық тарихи білімнің даму ерекшеліктерін көрсету
мәселесі шектеулі күйінде қала берді.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жоғары оқу орындарында білім беру ісін
жетілдіру, Қазақстан интеллигенциясының қалыптасуы мен теориялық
мәселелеріне арналған К.Д. Жоламановтың, Х. Әбжановтың, Л.Я. Гуревич пен Ә.
Құдайбергеновтың жұмыстары біз зерттеп отырған тарихи білімнің даму
тарихынан бөлек, мәдениетттің басқа салаларын қамтиды.
ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында 1917-1980 жылдардағы тарих ғылымының
даму үрдісіне тікелей қатысты І. Қозыбаевтың еңбектері жарияланды. Алайда
ол тарихи білімдік ой-санадағы ұлттық белгілердің ерте дүниеден бергі
дәстүрлі көріністеріне талдау жасамай, жалпы кеңестік тарих ғылымының
дағдарысқа ұрыну сырын ашуға талпынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдарының екінші жартысынан бастап, 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасының әсерімен ұлттық тарихи-білімдік ой-санада ерекше серпін
байқалды. Осы тұста М.Қ. Қозыбаев, К. Нұрпейіс, М. Қойгелдиев, Т.
Омарбеков, Ж.Қ. Қасымбаев, Ә.С. Тәкенов сияқты тәуелсіз Қазақстанның
алдыңғы шоғыр тарихшылары демократиялық қоғамдағы жаңаша тәуелсіз тарихи
ойлаудың бағытын көрсетіп бере алды.
Белгілі ғалым Д. Дулатованың тарихи еңбектерді талдаудағы тарихилық
үлгісін басшылыққа алған М.Қ. Әбусейітова мен Ж.О. Артықбаев [16] бастаған
бірқатар жаңашыл тарихшылардың еңбектерінде түрік халықтардың деректері мен
қазақ халқының этнографиялық деректерінің ұлттық тарихи білімді дамытудағы
ерекшеліктеріне жоғары мән берілген. Дегенмен, бұл ғалымдардың жаңа жолға
түсуіне зерттеуші К.Л. Есмағамбетовтың еңбектерінің де ықпалы болғаны анық.
Өйткені К.Л. Есмағамбетов - тәуелсіздікке дейін де Қазақстан тарихының
шетелдік тарихнамада бейнеленуін өзгелерден бұрын көрсетіп келе жатқан
тарихшы. К.Л. Есмағамбетов, Б.Б. Ермұхановтардан кейін шетелдік шындықты
жаңа өмірге сәйкес тарихи білімдік бағытта дерек көзі ретінде зерделеу – Н.
Мұхаметханұлының Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.)
деп аталатын монографиясы мен К. Несіпбаеваның докторлық жұмысында
қамтылған.
Егер ұлттық тарихи білімді дамытуда қазақ ауылының ерекше рөл
атқаратынымен санассақ, онда осы ауыл тұрмысындағы ақтаңдақ деректермен
айшықталған О. Мұхатованың еңбектерінен тарихи білімді одан әрі дамытудың
құнды мәліметтерін іздеп табуға болады.
Жаңа ғасыр басындағы еңбектерден, мәдени-ағарту мәселелерін зерттеген Қ.
Ахметовтың, мәдениет саласындағы мемелекет саясатын зерттеген А.
Қапаеваның, қазақ зиялылары тарихын зерттеген А. Ауанасованың, кеңестік
Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясы тарихының
тарихнамасын зерттеген Г.М. Кәкенованың жұмыстарын атауға болады. Аталған
ғалымдардың монографияларында ХХ ғасырдың 1917-1991 жылдарындағы мәдениет
саласы, қазақ зиялыларымен интеллигенция қызметі және коммунистік партияның
ұстанған идеологиясынан туындайтын қасіретті тарихтың астары ашылған.
Зерттеуші Т.Ә. Төлебаев XIX ғ. II-жартысы мен ХХ ғ. басындағы
Қазақстанға капитализмнің енуінің тарихнамасы деп аталатын ғылыми зерттеу
жұмысында тарихи білімді жетілдіру үшін, қазақ жеріндегі капитализмнің
қалыптасу, даму барысы жөніндегі мәселелерді де ғылыми тарихнамалық
тұрғыдан талдау жасау керектігін ұсынады.
Бүгінде, Ү. Суханбердина мен Ә. Тәкенов сияқты деректану саласында ерен
еңбек еткен мамандардың ісін ғалым Қ. Атабаев жалғастырып келеді. Ғалым
өзінің қомақты еңбектерінде Түркістан уалаятының газетінен бастап бүгінгі
күнге дейінгі ұлттық баспасөз тарихын кезеңдерге бөліп көрсетсе, бұл ұлттық
тарихи білімнің даму өрісін білуге де көмектеседі.
Кеңес империясы кезінде де, жаңа Қазақстан жағдайында да Отандық
тарихнамада Ресей елі тарихынан болған жетістіктерді ескерусіз қалдырмауды
тарихи білімдегі басымдыққа жатқызуды айтып кеткен тарихшы З. Алдамжар
болатын [17].
2000 жылдан бергі қорғалған бірқатар кандидаттық диссертацияларда ұлт
зиялыларының тарихи білімді дамытудағы рөлі (Ш. Омарбеков), тарихты
кезеңдерге бөлудің жаңа жолдары (С. Кентбеков), Тәуелсіздік кезіндегі
тарихнамалық ой-пікір (Ш.Ж. Нартбаев), ХХ ғасырдағы халық құрамының
тарихнамасы (Л. Төлешова) сияқты мәселелер көтерілген. Алайда бұл
зерттеушілер Қазақстандағы тарихи білімнің теориялық-методологиялық
мәселелерін жан-жақты тұрғыдан емес, жекелеген тарихи оқиғалардың жетегінде
қарастырады.
Қазақстан тарихшыларының ішінде біздің жұмысымызға бірден-бір жақын
келетін жұмыс – М. Алпысбес пен З.К. Ноғаеваның диссертациялық жұмыстары
[18]. М. Алпысбестің зерттеуінде шежіренің тарихи деректік мәні кешенді
түрде қарастырылса, З.К. Ноғаева негізінен, еліміздегі жоғары оқу
орындарында тарих факультеттері мен кафедралардың құрылу тарихын және
тарихшы мамандарды даярлау тарихын ішінара баяндап, тарихи білімнің
теориялық жағына бармаған. Ал Ресей тарихшылары А.Н. Терехов, К.А.
Ушмаевалардың [19] Ресейдің жекелеген аймақтарындағы жоғары тарихи білімнің
қалыптасуы мен дамуын көрсететін диссертациялық жұмыстары одақтас
республикалардың тарихымен байланыссыз зерттелтен.
Жоғарыда аталған тарихи білімге қатысты тарихнаманың логикалық жалғасы
есебінде Елбасының ұсынысы бойынша 2004-жылы Қазақстан Республикасында
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, елімізде тарихи сананы
қалыптастыру үрдісі пәрменді жүргізіле бастады. Бұл орайда, Мәдени мұра
бағдарламасының Тарих және этнография секциясының Тарих – адамзат ақыл-
ойының қазынасы сериясы мүшелерінің күшімен шығарыла бастаған он томдық
еңбек бізді әлемдік тарихи үрдістен хабардар етіп, зерттеу бағытындағы
ынтамыз бен ізденісімізге түрткі болды.
Қазіргі таңдағы гуманитарлық және қоғамдық ғылым салаларының
зерттеушілеріне тән үрдіс – тарихи сана қалыптастыруды ұлттық дәстүрлерден
іздеу болып табылады. Айталық, Қ.А. Есімов (Қазақстан тарихының
деректануы – 1999), Л. Жүсіпова, Е.Қ. Жүсіпов, З.Е. Елешова, Г. Жүгенбаева
сияқты тарихшылар өз зерттеулерінде ауыз әдебиетінің тарихи дерек көзі
болатын рөлін мойындауға шақырса, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов сияқты
әдебиетшілер тарихи шындықтарды әдебиеттен де қиналмай табуға болатынын
зерттеді. Сол сияқты Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова, С. Ұзақбаева
сияқты этнопсихология мен этнопедагогиканың мамандары білімдік ой-санадағы
ұлттық тәрбиенің рөлін көтеріп, тарихи сана қалыптастыруға өз үлестерін
қосып келеді. Ал философтар А. Қасабек, М.С. Орынбеков, Д. Кішібеков, Ж.
Алтаев, А. Айталы, Ғ. Есім т.б. қазақ философиясын қоғамдық сананың басқа
да түрлерімен тығыз байланыстыра қарайды. Бұл үрдістер ұлттық тарихи
білімнің ғылыми-теориялық мәселелерін анықтауды жеңілдетеді және болашақта
тарихи білім мәселесін зерттеудегі гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың
бірлігін қажетсінеді.
Қазақстанда отандық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы туралы
деректер атты тармақшада мәселенің деректік негіздері талданған.
Сан ғасырлар бойы тәңірлік дінді берік ұстанған сақ-үйсіндер тарихи
білімнің дін арқылы дамыған үлгісін түрік тілдестерге аманат ретінде
қалдырған. Түркіленуге негіз болған хұндардың билеушісі үйсін жұртында
қалған жас нәрестені қасқыр баққаннын естіп, киенің құдіретіне жорыған.
Кейін ер жете келе, жаңағы бала, әкесінің жұрты – Үйсін еліне ие болған.
Бұл оқиға шамамен б.д.э. II ғасырдың кейінгі жартысына тән. (Қараңыз.
Ежелгі үйсін елі. – Үрімжі, 2005. – Б. 13, 31). Демек, бастауын сақтардан
өрбітетін отандық тарихымыздың өзі тәңірлік дінмен қабысқан тарихи білімнің
нәтижесі.
Қазақ жеріне VIII ғасырдан енгізілген ислам дінінің ықпалы бұрыннан бар
тұрмыстық білімді ғылымға бейімдеп, IX-XII ғасырларда Қазақ елін бүкіл
әлемге танытқан бірнеше ғұлама-ойшылдарды тарихи аренаға шығарған, ал
олардың бәрі ислам дінін мемлекеттік дін ретінде мойынсұнған еді. Тіпті ұлы
Шыңғысхан ұрпақтарының өзі оның көзі жұмыла салып, ислам дініне мемлекеттік
мәртебе бергені тарихтан белгілі. Ендеше, бұл тарихи оқиға да дәстүрлі
тарихи білімдегі діннің деректік мәнін көрсетеді.
Қазақ елінің тарихи білімдік ой-санасын қалыптастыру тарихшы-ғалым
Мұхаммед Хайдар Дулатидың да үлесіне тиседі. Ол өзінің Тарих-и Рашиди
еңбегінің беташарын Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаған. Егер біз
Тарих-и Рашидидің қазақша мағынасын Хақ жолындағылар тарихы деп аударып
жүрсек, онда Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың ұрпаққа қалдырған мұрасында
хақ сөзін назарға алуы бекер емес. Демек хақ дін – ислам дінімен бірге
келген тарихи білімнің жетістігі болып табылады.
Тәңірлік және мұсылман дін тұтастықтары Ақ Орданың кезінен басталатын
этникалық бірлік негізіндегі тарихи білімге жеткізсе, ол осы аралықтарда
қалыптасқан қазақы діл дерегінің нәтижесі. Осы арада халқымыздың ділін оның
тарихымен бірге қарастыруды жақтайтын қазақстандық философ А. Қасабектің
пікіріне қосарымыз, ислам дінінің қазақы ділге ғана емес, қазақтың ауызша
тарихына да ықпалы болған.
Ұлттық тарихи білімді қалыптастыруға дәнекер болған діл дерегі қазақ
халқына тән рухани құндылықтардың қалыптасуын да тездетті. Жауінгерлік
дәстүрді орнықтырған Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс жырлары мен
дәстүрлі үйлену тойы, ұл және қыз баланы тәрбиелеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz