Қытай және жаһандану проблемалары



1.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы
1.2 Халықаралық қатынастардағы проблемалы мәселелер: Пекин позициясы
1.3 ҚХР.дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал
етуші топтар
1.4 Қытай және жаһандану проблемалары
ІІ тарау. Қытай және Батыс қатынастары
2.1 ҚХР және АҚШ қатынастары
2.2 ҚХР және Европа қатынастары
2.3 Тайвань проблемасы
ІІІ тарау. Қытайдың Азиялық стратегиясы
3.1 ҚХР және Азия .Тынық аумағы (АТА)
3.2 Солтүстік.Шығыс Азиядағы КХР саясаты
3.3 ҚХР.ның сыртқы саясатының моңғолиялық бағыты
3.4 Қытай.Пакистан стратегиялық альянсы
3.5 Азиялық мықты державалар: Қытай мен Үндістан
3.6 Қытай мен Иран Ислам Республикасы (ИИР)
3.7 Таяу Шығыстағы Қытай саясаты
IV тарау. Евразиядағы ҚХР стратегиясы
4.1. Ресеймен қарым.қатынастарының қазіргі кездегі қытай интерпретациясы және проблемалары
4.2. Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым.қатынасы
Қазіргі кезеңдегі геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға орын береді. Қытайдың глобальды стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру және глобальды лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста болуын ескере отырып, қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында «тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Сол арқылы, ҚХР сыртқы саясаты тікелей елдің ішкісаяси және экономикалық дамуымен байланысты. Теңдесі жоқ Қытайды экономикалық деңгейі Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады. Шын мәнінде, бұл процесс басталды. Осы курс жұмысымыздың өзектілігі – экономикалық және саяси қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі таңда өте актуалды. Курс жұмысты жазу барысында осындай тарихнамалық базаға сүйендік: «Современные международные отношения» , «Мировая политика после 1945г.» және «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы» , сонымен қатар «Преодоление» кітаптарындағы мағлұматтармен және көптеген авторлардың «ҚХР сыртқы саясаты туралы» мақала-зерттеулерімен толық таныстық. Қазіргі кезде ҚХР сыртқы саяси бағытын үшке бөлуге болады: 1. Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы (АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты. 2. Азиядағы ҚХР саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс. 3. Қытай мен Евразия – Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары. Курстық жұмысымыздың мақсаты - осы ҚХР-ң үш сыртқы саяси бағыттарына сипаттама беру. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны қолдана отырып, ҚХР сыртқы саясатынының даму барысына жан жақты талдау жасау. Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және қолдыналғын әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарауында Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі туралы, ІІ тауарында Қытай және Батыс қарым-қатынастары туралы, ІІІ тарауында Қытайдың Азиялық стратегиясы туралы, IV тарауында Евразиядағы ҚХР стратегиясы туралы мәселелер қарастырылған. І тарау. Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі 1.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы
1.2 Халықаралық қатынастардағы проблемалы мәселелер: Пекин позициясы
1.3 ҚХР-дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал
етуші топтар

1.4 Қытай және жаһандану проблемалары
ІІ тарау. Қытай және Батыс қатынастары

2.1 ҚХР және АҚШ қатынастары
2.2 ҚХР және Европа қатынастары
2.3 Тайвань проблемасы
ІІІ тарау. Қытайдың Азиялық стратегиясы

3.1 ҚХР және Азия -Тынық аумағы (АТА)
3.2 Солтүстік-Шығыс Азиядағы КХР саясаты
3.3 ҚХР-ның сыртқы саясатының моңғолиялық бағыты
3.4 Қытай-Пакистан стратегиялық альянсы
3.5 Азиялық мықты державалар: Қытай мен Үндістан
3.6 Қытай мен Иран Ислам Республикасы (ИИР)
3.7 Таяу Шығыстағы Қытай саясаты
IV тарау. Евразиядағы ҚХР стратегиясы

4.1. Ресеймен қарым-қатынастарының қазіргі кездегі қытай
интерпретациясы және проблемалары
4.2. Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы

Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ
экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай
жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар.
Үлкен Қытайдың (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып
түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі
бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға орын береді. Қытайдың глобальды
стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру
және глобальды лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста болуын ескере отырып,
қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық қолайлы жағдайлар
қамтамасыз ету орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында
тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру
міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды
қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне
кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын
көшіру. Сол арқылы, ҚХР сыртқы саясаты тікелей елдің ішкісаяси және
экономикалық дамуымен байланысты. Теңдесі жоқ Қытайды экономикалық деңгейі
Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады. Шын мәнінде,
бұл процесс басталды. Осы курс жұмысымыздың өзектілігі – экономикалық және
саяси қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі
таңда өте актуалды. Курс жұмысты жазу барысында осындай тарихнамалық базаға
сүйендік: Современные международные отношения , Мировая политика после
1945г. және Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы ,
сонымен қатар Преодоление кітаптарындағы мағлұматтармен және көптеген
авторлардың ҚХР сыртқы саясаты туралы мақала-зерттеулерімен толық
таныстық. Қазіргі кезде ҚХР сыртқы саяси бағытын үшке бөлуге болады: 1.
Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін
анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ
және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы
(АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты. 2. Азиядағы ҚХР
саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы
саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-
Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс. 3. Қытай мен Евразия
– Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі
Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары. Курстық
жұмысымыздың мақсаты - осы ҚХР-ң үш сыртқы саяси бағыттарына сипаттама
беру. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны
қолдана отырып, ҚХР сыртқы саясатынының даму барысына жан жақты талдау
жасау. Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және
қолдыналғын әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарауында Қытай сыртқы
саясатының идеологиясы мен механизмі туралы, ІІ тауарында Қытай және Батыс
қарым-қатынастары туралы, ІІІ тарауында Қытайдың Азиялық стратегиясы
туралы, IV тарауында Евразиядағы ҚХР стратегиясы туралы мәселелер
қарастырылған. І тарау. Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
1.1 Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы
Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық
міндеттерімен тығыз байланысты. Өзгеріс сипаты төмендігі жағдайлармен
сипатталады. Бірінші. Қытай жаңа басшылық бағытының басты мақсаты
экономикалық деңгейінің жоғарғы темпін сақтаумен қатар қоғамның әлеуметтік
рухани-өркениетті құрылымын сапалы жетілдіру, реформа мен ашық саясатты
тереңдету және жалғастыру. Екінші. Бүкіләлемдік экономикалық жүйеге
белсенді түрде интеграцияға және жаһандық ортақ дүниежүзілік тенденциясына
енуі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше
болды. ХХІ ғасырдың бірінші жылдары Қытай экономикасы үшін сәтті болды.
2002-2003 жылдары болжамда көрсетілгендерден ерекше қолайлы болды. Ең
алдымен, экономикалық деңгейдің (жылдық өсім 8,7% және 9,1%), сыртқы сауда
көлемі мен сыртқы сауда балансының сальдосының, тікелей шетел
инвестицияларын тарту мен қолданудың, валюта резерв көлемі мен басқа
көрсеткіштердің өсу қарқынымен байланысты. Мысалы, жалпы ішкі өнім 2003
жылы 11,67 трлн юань, сыртқы сауда айналымы 851,2 млрд долл, жылдық өсім –
37 % және осы көрсеткіш бойынша ҚХР дүниежүзінде 4 орынға ие. Осының бәрі
реформа мен ашық сәтті саясатының нәтижесінде Қытай мен дүниежүзінің өзара
тәуелділігінің тереңдей түсуін дәлелдейді. Үшінші. Халықаралық жағдайға
баға бере отырып, Қытай басшылары қазіргі кездегі дүниежүзлік саясаттың
көзі бейбітшілік пен даму мәселесінде деп түсінеді. Яғни, халықаралық
жағдай разрядка тенденциясын толығымен көрсетеді, басты державалар арасында
қарым-қатынас тұрақтандыру жағына дамуда және саяси диалог пен
ынтымақтастық негізі бірте-бірте нығаюда. 2003 жылдың соңындағы
Компартияның Орталық Комитетінің жаңа мақсаттарымен қатар 2005 жылы ресми
түрде жаңа басшылық елдің бейбіт түрде жандану туралы жаңа сыртқы саяси
концепциясын жарияланды. Қытай қайтадан тек бейбіт жолмен жандана алады.
Соңғы жартымыңжылдықта басты державалардың (мысалы, Испания, Ұлыбритания,
СССР мен АҚШ, т.б.) көтерілуі мен құлдырау тарихына салыстырмалы анализ
жасай отырып, Қытай сарапшылары осы державалардың соғыс нәтижесінде өз
гегемондықтарын жаулап алды және жоғалтты деген шешімге келді. Қытай
қазіргі кездегі бейбітшіл халықаралық жағдайдағы мүмкіндіктерді қадірлеуі
керек. Оның алдында екітұтас міндеті тұр: өз экономикасы мен әлеуметтік
инфрақұрылымның сапалы түрде дамуына осы мүмкіндіктерді қолдануға тиіс,
сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға барлық күшін салуға тиіс. Қытай
дамуының тірегі - өзінің жеке күші. Ол ішкі және сыртқы саясаттың кең
көлемді ішкі қытай нарығына, жұмыс күшінің таусылмацтын резервтеріне,
тұрғындармен жиналған валютаның үлкен қорына, жаңа социалистік тәртіптің
тиімділігіне және Қытай халқының мықты шығармашылық күшіне сүйене отырып,
бағыты мен тәуелсіз түрде даму жолын таңдауы керек. Қытай өзін-өзі изоляция
аясатын жүргізбеуі керек. Төртінші. 80 жылдардан бастап Қытай белсенді
түрде бейбіт сыртқы саясат жүргізе бастады. Оның жағдайы мен
мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық рөлін нығайтуға ниет етті. Қытай
үкіметінің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты елдің модернизациясын
сәтті алға басуындағы бейбіт халықаралық жағдайын сақтау болып табылады.
Азия-Тынық аумағында (АТА) көпжақты дипломатияның принциптеріне сүйене
отырып, қытай үкіметі бейбіт жандану стратегиялық концепцияның басты
бөлімі – қытай-американ қарым-қатынасының дамуы. Бейбіт жандану процесінде
таяудағы 20-50 жыл Қытайға американ инвестицияларын, американ нарығына шығу
мүмкіндіктерін, ғылым мен техниканың басты жетістіктерін, экономикалық
дамудың тәжірибесін қолдану қажет. АҚШ-ң жау мемлекетке айналдыру ҚХР үшін
қолайлы емес. Осы мәселе ІІ тарауда қарастырылады.
1.2 Халықаралық қатынастардағы проблемалы мәселелер: Пекин позициясы ҚХР
мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға маңызды кедергілер бар, олар:
1. Вашингтон мен Пекин арасындағы саяси-идеологиялық келіспеушілік. АҚШ-тың
дәстүрлі антикоммунизмі адам құқығы, сөз бен дін бостандығы, т.б.
түсініктердің интерпретациясы туралы баяғыдан дискуссиялардан көрініп
жатыр. 2. Қытай экономикасының динамикалық дамуы мен ішкі жалпы өнімнің тез
өсуімен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қақтығыстар,
әсіресе юанның конверсиялау мәселесімен қатар дами түсуде. 3. Тайвань
мәселесі бойынша келіспеушілік. Пекин бейбіт бірлестікке ұмтылады, ал
Тайбэй бейбіт бөліну. Қытай үкіметі Жапония қарым-қатынастарындағы үш
мәселе бойынша қарама-қайшылықтары: 1. Қытай мамандарының ойынша Жапония
агрессиясының мысалы болып келетін әскери тарих эпизодтарының жапон
интерпретациямен Қытай келісе алмайды. 2. Дяоюйдао (Сэнкаку) аралы
маңындағы территория шиеленісі. Тарих бойынша, сонымен қатар халықаралық
құқық нормаға сәйкес бұл қытай территориясы болып табылады. 1951 жылы АҚШ
Қытай халқын кемсіту мақсатында заңсыз түрде Жапонияға берді. 3. Тайвань
статусы жөніндегі мәселеде Жапонияның тұрақты және жүйелі болмауы. Сонымен
қатар, Қытайдың оңтүстік-шығыс көршілерімен қарым-қатынасының территориялық
дауына жататын тағы бір проблема бар. Бұл шиелініс - халықаралық қатынастар
туралы әдибиетте Спратли аралдары деп аталатын аралдарының тиістілігі.
Тарихи тұрғыда бұл аралдар ҚХР-ға жатады. Аумақта бейбітшілік пен
тұрақтылықты сақтау үшін Қытай тәуелсіздік туралы дауды тоқтатып,
ресурстарды өзара эксплуатациялауды ұсынды.
1.3 ҚХР-дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал
етуші топтар
Таяу жылдары ҚХР-ң сыртқы саясатының стратегиясын жете зерттеуге өз ықпалын
мемлекет басшылығындағы үш негізгі топ тигізе алады: 1. Цзэн Цинхун: Қытай
Компартиясың 16 съезі, Орталық Комитетінің бірінші пленумының шешімі
бойынша Цзэн Цинхун ҚКПОК тұрақты комитеті Политбюрода халықаралық
қатынастарға жауап береді. Сонымен қатар, оныншы шақырудың ВСНП бірінші
сессиясында ол ҚХР төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл Пекиндегі
шетел дипломатиялық корпус өкілдерімен қатынаса отырып, мемлекеттің сыртқы
саясатына ықпал ету мүмкіндігін береді. 2. Вэнь Цзябао: Мемлекеттік Кеңес
премьерінен Вэнь Цзябао сыртқы экономикалық саясатын жүргізуге өкілдік
берілді. 28-30 сәуірде 2003 жылы пневмония мәселесі бойынша Оңтүстік –
Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН) мемлекеттері Қытай басшыларының
төтенше саммитіне қатысу үшін Бангкокқа визиті болды. Осы форумда Вэнь
Цзябао жаңа Қытай үкіметінің Қытай –АСЕАН еркін саудаға біртұтас зона
құрылуының жоспарларын қолдайтындығы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы достық
және ынтымақтастық туралы келісімге қосылатындығы жайында мәлімдеді.
Сонымен қатар АҚШ әкімшілігінің басшыларымен қарым-қатынас жүргізу Вэнь
Цзябао басшылығында. Ол сянгандағы (Гонконг) демократиялық қозғалыстың
басшыларымен өзара қарым-қатынас мәселесін қарастырады. 3. Цянь Цичэнь:
Сыртқы Істер Министрлігіне ықпалы бар, халықаралық қатынастарға жауапты,
Мемлекеттік Кеңес премьерінің орынбасары қызметін 2003 жылдың наурызынан
бастап атқарып келе жатыр. Ол 2003 жылдың қараша айында қытай делегациясын
басқарып ресми емес американ-қытай диалогы шеңберінде Тайвань мәселесін
талқылауға АҚШ-қа визиті болды.
1.4 Қытай және жаһандану проблемалары Сыртқы саяси басымдылықтарды
анықтауда қытай лидерлерінің қазіргі кездегі тәсілдерінің негізінде
жаһандануға деген прагматикалық қатынас жатыр. Глобализацияға деген қытай
тәсілі екі жақты қабылдау негізінде құрылған. Бір жағынан, реформа
мүддесінде глобализация мүмкіндіктерін қолдануға ұмтылу, екінші жағынан –
оның қытай экономикасы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылығына деген қаупінен
қауіпсіздендіру. Бұл тәсіл саясат пен экономиканы бөлу принципіне
негізделген. Глобализаця процесіне ҚХР-ң тарту бағыттарының бірі
аумақтандыруға қатысу, бұл интеграцияға бағытталған экономикалық
глобализация этапын көрсетеді. Қытай аумақтық және субаумақтық
ынтымақтастыққа, әсіресе мемлекеттің шығыс азиат тобының жұмысына қосылуы
керек. Осылай, глобализация жағдайында Қытай өзінің шекарасы шеңберіндегі
жағдайды тұрақтанлдыру мен қарым-қатынас орнатылмаған мемлекеттермен
дипломатиялық келісімдер жүргізу және басқа елдермен, әсіресе Ресеймен
жақсы қарым-қатынасты қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық тәуелсіздік қорғау мақсатында қытай
келесі жаңа сыртқы-экономикалық принциптерді ұстанады: Бірінші принцип:
дамып жатқан елдер Оңтүстік линиясы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, яғни
өсу деңгейінің жеке ресурстарын қолдана отырып, глобализацияның қатеріне
жауап бере алу. Екінші принцип: Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша қарым-
қатынасты дамыту. Сонымен қатар Қытай бысшылығының айтуынша кедей
мемлекетіндегі тұрмыс жағдайын жақсаруы барлық елдердің, ең алдымен дамыған
қамқорлығы болып табылады. Үшінші принцип: Адал бәсекелестік пен теңдік
негізіндегі халықаралық істерде барлық мемлекеттердің қатысуын болжайды.
Төртінші принцип: Теңсіздік пен өзара пайда мүддесінде тұраты әріптестіктің
ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату. Глобализация жағдайында, сыртқы
саясаттың басты міндеті мемлекеттік тәуелсіздікді қорғау болып табылады.
Шын мәніндегі жаңа жаһанданып келе жатқан Қытаймен АҚШ, Жапония мен
Оңтүстік Корея өз қарым-қатынастарының стратегиясын өзгертуге объективті
түрде міндетті. Яғни, олардың Қытай мемлекетінің өсіп келе жатқан
экономикалық пен саяси роліне деген әсер тигізуіндегі бағыттары.
Дүниежүзілік саясатта қазіргі күннің өзінде де халықаралық режимдер мен
механизмдердің құрылуын қиындататын батыс деморкатиясына жат болса да,
Қытай өз аумақтық және глобальды мүдделерін ескеруді міндеттей отырып мықты
күшке айналуда.

ІІ тарау. Қытай және Батыс қатынастары 2.1 ҚХР және АҚШ қатынастары АҚШ пен
ҚХР арасындағы екі жақты қарым-қатынас өзара қауіптену және өзара пайда
негізінде баяғыдан қалыптасқан. АҚШ өз әскери жцне экономикалық күшін
арттыра отырған Қытайды болашақта өзінің жаңа глобальды бәсекелес мемлекет
ретінде көреді. Қазіргі кезде Қытай мен АҚШ тікелей әскери қауіптің көзі
ретінде бірін-бірі танымайды. Тайвань мәселесі мен Тибеттегі адам қарым-
қатынастары және тәуелсіздік мәселесі осы екі мемлекет арасында қарам-
қайшылық туғызуда. ҚХР-ға байланысты АҚШ ұзақ мерзімді стратегиясының
бөлімі ретінде стратегиялық ұстаным доктринасы болып табылады.
Вашингтонның бұл стратегиясын Евразиялық стратегиясы бекітуі керек.
Көптеген сарапшылардың пікірінше, Ауғанстан мен Ирак – осы доктринаны іске
асырудың бөлігі болып табылады. Негізінен АҚШ-ң глобальды міндеті - жыл
сайын күшейіп келе жатқан Қытайды нейтрализациялау. Екі жақты қарым-қатынас
мәселесіне өсіп келе жатқан сауда экономикалық қарама-қайшылығын жатқызуға
болады. 2000 жылы АҚШ Конгресі оның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше
болғаннан кейін тұрақты сауда қатынас режимін Қытайға беру шешімін
қабылдады. Осы арқылы АҚШ 90 жылдары қолданған Қытайға мықты қысым
көрсеткен рычагтардың бірінен айырылды. Сонымен қатар, АҚШ пен ҚХР өзара
авиа-нарығын ашуға келісімге келді. 2010 жылы екі ел арасында
авиакомпаниялардың саны екі есеге өседі, ал рейс саны бес есеге көбейеді.
2010 жылына қарай келісім бойынша әрапталық рейс саны 249 дейін өседі. Екі
ел арасында тауар айналымы 10 есеге – 1980 жылғы 4,8 млрд долл. бастап 2004
жылы 170 млрд долл. 2004 дылы мамырда Пентагон АҚШ Конгрессіне Қытайдың
қарулы күштерінің жағдайы мен даму перспективасы туралы жылдық баяндама
тапсырды. Американ әскери ведомстволардың аналитиктері Тайвань және салынып
жатқан Үш шатқал ГЭС туралы мәселе қозғалды. Американдық ГЭС-ті атып
жіберу туралы ұсынысы Қытайды ашуландыру жоспары бойынша ГЭС 2009 жылы
салынып біту керек. Ол дүниежүзілік ең үлкен ғимарат болады. Құрылыс құны
25 млрд долл. бағаланды, ал станция қуаттылығы 18 200 мегаватт. Оның іске
қосылуы жылдық су тасқынын тоқтатады және электроэнергиядағы өсімді
сұранысты қамтамасыз ете алады. 2004 жылы маусымды американ-қытай
экономикалық қатынастарын тексерісі бойынша екі партиялық комиссия қазіргі
тенденцияның американ экономикалық мүдделері ен ұлттық қауіпсіздік үшін
ұзақ мерзімді қауіпке әкелетіндігі туралы әскертті. Американ-қытай
экономикалық қатынастарында АҚШ-ң ұзақмерзімді мүдделеріне қайшы келетін
маңызды дисбаланс қалыптасты. 2003 жылы Қытаймен саудадағы дефицит 124 млрд
долл. жетті, ал қытай импорты Қытайдағы американ экспортының көлемінен 5
есе асып түсті. Қытай экономикалық дамуға уақыт пен кеңістік жеңу
мақсатында АТА-да дипломатиялық шабуыл жүргізіп отырды. Сонымер қатар,
комиссия төрағасы ҚХР-да мықты экономикалық даму тез әскери модернизацияға
айналуын ескертті Әскери модернизация бағдарламасын жылдамдату үшін
Қытайдың технологиялық мүмкіндіктерді қолдану деңгейі тікелей АҚШ-ң ұлттық
мүддесін тежейді. Басқа жағынан қарағанда, Қытай Солтүстік Кореяның жеке
атомдық арсеналының дамуына мүмкіндік бермеуге бағытталған келіссөздерде
АҚШ-қа көмектесе алатын негізгі мемлекет болып табылады. ҚХР АҚШ-пен
саудадан үлкен кіріс алатындығы даусыз. Бірақ бұл АҚШ-пен қарым-
қатынастарында ешқандай кепілдік бермейді. Саяси шиеленіс өзара
тәуелділікті әр жақтың кімге жол беретіндігінде келісушілікке емес,
қақтығысқа әкеледі. Американдық сарапшылар айтуынша, АҚШ геосаяси мақсаты
үшін тек экономикалық стимулмен ғана қанағаттана алмайды. Соңғы жылдары екі
жақты қатынас тағы да қайшылыққа тап болды: 2004 жылы қыркүйектің соңында
АҚШ 14 қытайлық компанияларға қарсы Иранға әскери технология мен қару-жарақ
қамтамасыздандыруы туралы санкция енгізді. Қытай саясатында стратегиялық
тұрақтылық пен аумақтық шиеленістер мәселесі бойынша АҚШ-пен келіссөздер
жүргізуге ұмтылыс бар. Стратегиялық тұрақтылықты қолдауда АҚШ тарапынан
көңіл бөлуге түсінік бере отырып, космос пен қарулы күштердің техникалық
жабдықталуы туралы жаңа амбициялық бағдарламалардың жетістіктерін
жариялауда. Қытай АҚШ-ң қару-жарақ таратылмауыныңы толық жойылу шараларына
қосылуын дайын, егер оның қатысуы үшін құқықтық базаны тапқан жағдайда.
Осындай ынтымақтастықтың теоретикалық негізі көпжақты жауапты күш салуды
талап ететін қауіпсіздік мәселесінің глобализациясы туралы қытай
басшылығының жаңа тезисі болып табылады. Әскери-стратегиялық диалогқа АҚШ-ң
араласуына стратегиялық тұрақтылық, жаңа қауіп пен Орталық Азиядағы жағдай
мәселелері бойынша Қытай НАТО диалогының құрылуы туралы, сонымен қатар
Корея мәселесі жөнінде алтыжақты кездесудің Шығыс Азия қауіпсіздігі туралы
органға айналуы туралы идеясы бағытталған. Қытай НАТО мен АҚШ-пен әскери-
саяси және әскери-техникалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздейді, яғни
Шығыс Азияда көпжақты әскери-саяси құрылымдарды құру АҚШ қатысуынсыз мақсат
қою мүмкін еместігін Пекин түсінеді. АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа
келетін болсақ, Пекин сауда дауын тудырмауға тырысады. Мысалы, Валюта
мәселе бойынша (юань курсы) АҚШ қысымына американ тауарын, әсіресе АҚШ үшін
өте маңызды самолет құрылысындағы тауарларды сатып алуының кеңеюі деп жауап
берді. Буш доктринасы кезіндегі АҚШ жаңа саясаты Қытай алдына екі маңызды
проблема қойды. Біріншісі, қытай шекарасына жақын американ қарулы
күштерінің алдыңғы қатарлы базалық құрылымдарының құрылуымен байланысты,
екіншісі, парсы шығанағы елдерінен қытайлық мұнай импортына қаупінің
өсуімен байланысты. Осылай американ-қытай қатынастарының шиеленісуі орта
мерзімді перспективада қауіпті. Жағдайдың дамуы экономиклық, геосаяси,
аумақтық факторларға байланысты. Евразияға АҚШ-ң шабуыл стратегиясының іске
асуы болашақта Вашингтон пен Пекин арасында кең көлемді дағдарысқа әкеп
соқтырады. Ұстаным факторы Ресей пен Қытай арасында, сонымен қатар ШЫҰ-мен
әскери-саяси ынтымақтастық болып табылады. Тәжірибелік дипломатияда Пекин
қытай-американ қатынастарында гиеленіс туғызатын халықаралық шешімдерге
араласпайды. Тайвань мәселесі Қытай-американ ынтымақтастығына басты қауіп
болып қала береді. ҚХР жаңа басшылығы бір мемлекет – екі жүйе ресми
шешімінде тұрады.
2.2 ҚХР және Европа қатынастары 2003 жылдан бастап Қытай мен Евро Одақ
стратегиялық серіктестік қарым – қатынас орнатты. 2005 жылдың қазн айында
ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь
Цзябао Европаға сапар шекті. Сауда көлемі 2005 жылы 217 миллиард 300
миллион АҚШ долларын құрған болатын. ЕО Қытайдың ең үлкен сауда саласындағы
серіктесі болып қалыптасты. Еуропа АҚШ-тың Қытаймен саудадағы жетекшілігін
басып алғысы келеді. Американ саясаткерлері мен бизнесмендері Пекиннен
арзан тауарлар конкуренциясына наразылық білдіріп жатса, Еуропалық Одақ
қауіпсіздік тарапынан Қытай компанияларының қатысуын қаламайтын
областарында Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуда. Қытай ғалымдары 2003 жылы
GPS американдық жүйенің бәсекелесі Галилео спутникалық еуропалық жүйені
құруға қатысты. 3,25 млрд долл. құнындағы жобаға Қытай салымы 200 млн евро.
Пекиндегі ЕО өкілдерінің жорамалы бойынша, 2006 жылы ЕО Қытайдың ең мықты
сауда серіктестігі ретінде АҚШ-тың орын ауыстырады. 2004 жылы европа-қытай
тауарайналымы 230,14 млрд долл. жетті, тек АҚШ пен Қытай сауда көлеміне
ғана жол берді. Қазіргі кезде ЕО деген Пекин қызығушылық өсуде. ҚХР өзінің
өспелі экономикасына қажет жаңа өтім нарығын жаулап алуға және жаңа саяси
одақтастар табуға тырысады. Қытай – европалық қарым – қатынастарға Ли Жуйюй
жағымды баға беруде. Қытай Халық Республикасы мен Франция арасында 27
қаңтар 2004 жылы жаңа өзара декларацияға қол қойылды. Бұл декларацияда
бірнеше табысты жағдайлар, яғни көпжақты қарым – қатынас, қару – жарақтың
жойылу өрісі кеңейтілмеген және адам құқығы саласы кең дәрежеде
қарастырылған. Сауда айырбасы бағдарламасының саласында мыңға жуық француз
кәсіпорындарының қатысуымен іске асуда. Екі жақ та мәдени, ғылыми –
техникалық ынтымақтастық пен өзара білім жүйесімен алмасуда анағұрлым
жетістіктерге жетті. Бұл жетістіктер Франциядағы Қытай жылы (2003-2004жж.),
және Қытайдағы Франция жылы (2004-2005жж.) болып бекітілген периодта
франциялық және қытайлық мәдениеттің зор байлығымен және оның құндылығымен
танысты. Финляндия - Қытаймен дипломатиялық қарым – қатынас орнатқан ең
алғашқы мемлекетердің бірі. 56 жылға созылған дипломатиялық өзара тану
бүгінге дейін екіжақты жағымды түрде дамуда. Соңғы жылдары екіжақты
ынтымақтастық сауда, ғылым мен техника, орман шаруашылығы, байланыс жүйесі,
мәдениетпен білім саласында кең түрде тереңдетіліп дамып келеді. Қытай
Финляндияны сенімді серіктес ретінде танып, барлық сферада онымен әрі қарай
өзара тиімді және достық ынтымақтастық орнатуға дайын. Жақын арада болатын
Вэнь Цзябаоның финляндияға жасайтын сапары 1992 жылдан кейін бірінші
балмақшы. Қытай үкіметінің төрағасы президент Тарья Халонен және өзінің
серіптесі Матти Танели Ванханенмен болашақтағы екіжақты қарым – қатынастың
дамуы және ғылыми- техникалық жаңа тәжірибе сферасында өзара позицияларымен
айырбас жүргізуді жоспарлайды. Ұлыбританияға жасаған сапарында Лю Жуйюй
қытай – ұлыбритания қарым – қатынасының дамуына жақсы тенденцияның күтіп
тұрғанын атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол екі мемлекет арасындағы әр жыл
сайын өтетін премьер – министрлер кездесуінің механизмі орнатылғаны туралы
өзгеше тоқталып кетті. Екі жақ та 8 маңызды сфераларда, яғни сауда мен
инвестиция, финанс, энергоресурс, ғылым мен техника, қоршаған ортаны
қорғау, күнделікті даму, Олимпиаданы өткізу және денсаулықты сақтау сияқты
жаңа прогрестерге жетуде. Ли Жуйюй қытай – германдық қатынастарды жағымды
бағалады. 2004 жылдың мамыр айынан бастап екі жақ қытай – европалық
стратегиялық серіктестік қатынастарында глобалдық жауапкершілік
ынтымақтастығын орнатты. 2005 жылдың қараша айында ҚХР төрағасы Ху
Цзиньтаоның Германияға мемлекеттік сапары өтті. 2006 жылдың мамыр айында
канцлер Ангела Меркель Қытайға сәтті сапармен барып келді. Екі мемлекет
арасында сауда – экономикалық ынтымақтастық әрдайым даму үстінде. 2006
жылдың алғашқы 7 айында екіжақтың сауда байланысының көлемі 41.98млрд.
долл. құрап, 2005 жылға қарағанда 23,7% - ке өсті. Ғылым және техника,
құқық, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, білім саласында да біршама
жетістіктерге жетті. Вэнь Цзябаоның Германияға сапары Қытай премьері
төресінде отырғалы екінші рет болуда. Ол президент Хорст Келермен және
канцлер Ангела Меркельмен кездесулер жүргізіполармен қытай – европалық
қатынастар,сонымен қатар халықаралық және аймақтық проблемаларды, екіжақты
қатынастарды қарастыратын болады. Вэнь өзінің сапарын өткізген кезде Евро
Одақпен үш мемлекеттің басқарушыларымен ынтымақтастық және коммерциялық
байланыстар туралы келісімге қол қойған кезде церемонияға қатысады. Қытай –
европалық қатынастардың стратегиялық ынтымақтастығын және Қытай –Франция,
Финляндия, Ұлыбритания және Германия қатынастарының дамуына европалық сапар
мықты импульс ретінде болатынына Ли Жуйюй сенімділікпен айтты.
2.3 Тайвань проблемасы Пекиннің Гонконг, Сингапур, Тайванмен қарым-
қатынастары – ҚХР ішкісаяси ісі ретінде қарастырылатын бағыт болып
табылады. Тарихи біртұтас территориялық жерлердің бірігу мәселесі қазіргі
таңда АТА ғана емес, бүкіл дүние жүзінде толқылануда. ҚХР сыртқы саясатының
бұл бағыты Пекин үшін геосаяси мәнге ие. Бірігу нәтижесінде Пекин аумақта
қаржылық және экономикалық лидер болуымен қатар, АТА мемлекеттерін геосаяси
тұрғыдан басқару бастайды. Шын мәнінде, Шығыс-Қытай теңізіндегі теңіз бен
ауа кеңісітігі Пекин қол астында болады, ал бұл АҚШ пен Жапония мүдделеріне
тікелей қайшы келеді. Пекин 2004 жылы наурыздағы Тайванда президенттік
саулауғы байланысты арал жағалауларында ВМС (француз әскери корабльдерімен
бірге) демонстративті маневрін ұйымдастырды. Тайванда сайлаудан кейінгі
толқу басталған сәтте, Пекин шекаралық ауданда төтенше жағдайды жариялады
және ҚХР бірлестігі мен бөлінбеушілігі туралы қауіпті өтініштерімен қарсы
шыға бастады. Пекин ҚХР провинциясы деп санайтын Тайванға байланысты
жағдайлардың болашақта дамуының жағымды және жағымсыз жақтарына дайын.
Жағымды жағы тәуелсіздікке ұмтылған Тайванды қолдаудан АҚШ-тың бас
тартуын болжайды, бұл Пекиннің Тайбэймен жақындасуын жеңілдетеді. Яғни,
Шығыс Азиядағы жаңа стратегиялық жүйе АҚШ-тан және оның Азиядағы әскери
қатысуынан байланысты болмас еді. Жағымсыз жағы Қытайдан Тайвань
тәуелсіздігін дариялауын болжайды. Осы кезде ҚХР Шығыс Азия аумағында АҚШ-
қа қарсы тұру үшін өзінің әскери күшін нығайтуға дайын. 2004 жылы шілдеде
Сянган вэньхуэйбао гонконг газеті ҚХР ОРталық Әскери Кеңесінің отырысында
Цзян Цзэминь: 2020 жылға дейін барлық әдіс-амалдарды, әсіресе әскер қолдана
отырып, Қытай қараунына Тайваньды қайтару керектігін жариялады. Кеңес
төрағасының сөзіне қарағанда, Пекин АҚШ-пен тікелей шиеленіс алдында да
тоқтамай, өз мақсатына жетуі. Қазіргі таңда Тайвань мәселесі Пекин мен
Вашингтон қарым-қатынастары арасында басты проблема болып табылады. 2005
жылы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Кондолиза
Райстың ҚХР сапарында Қытай басшылары Ақ үйдің Тайваньға қару жарақтың
үлкен партисын сату мақсатын жауап ретінде Райс АҚШ-тың арал тәуелсіздігін
қолдамайтындығы туралы ескертті, бірақ әскери шиеленіс кезінде АҚШ әскери
көмек көрсетуге міндетті болады. Бүгінгі күнде ҚХР тәелсіздікке ұмтылуыға
әрекет жасаудағы Тайвань президенті Чэнь Шуйбянға АҚШ тарапынан қысым
көрсетуіне үміттенеді. ҚХР премьер-министрі АҚШ-ты американ жоғары
технологияларын Қытайға қамсыздандырушылығының эмбаргосын алып тастауға
шағырды. Американ заңы бойынша Қытайдың қорғаныс мүмкіндіктерін жоғарлатын
суперкомпьютерлер жеткізіп берілмейді.

ІІІ тарау. Қытайдың Азиялық стратегиясы 3.1 ҚХР және Азия -Тынық аумағы
(АТА) Қытай аумақтық лидер роліне үміттеніп Азияда өз позициясын нығайтуда.
Пекин Оңтүстік Корея мен АСЕАН елдерімен 2002 жылы олардың экспорт өнімінің
басты тұтынушы бола отырып және АСЕАН-Қытай еркін сауда зонасын құру
мақсатында өз қарым-қатынастарын тұрақтандырды. Сонымен қатар, Үндістанмен
қарым-қатынасты нығайтты. Осындай дамып келе жатқан азиялық стратегиясының
мүддесі негізінде Қытай экономикалық факторларға көп көңіл бөледі. Пекин
еркін сауда зонасын (ЕСЗ) құрудағы жапон-оңтүстік корей келіссөздеріне
қызығушылық туғызады және үшжақты келіссөздің қатысушысы болуға дайын.
Қытай сарапшылары Солтүстік-Шығыс Азияда біртұтас экономикалық кеңістік
туралы, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен АСЕАН елдері қатысуымен Шығыс
Азияда валюталық одақ туралы және Еуропалық Одаққа ұқсас аумақтық бірлестік
құру перспективасы туралы концепцияларды зерттеп дайындап жатыр. Қытай
белсенді түрде АСЕАН + 3 (Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея), АСЕАН + Қытай
форматтарындағы АТЭС, АСЕМ аумақтық форумдарында жұмыс істейді. Қытайдың
геосаяси амбициясының күшеюі көбінесе мәдени-өркениетті факторымен
байланысты. Қытай дәстүрі Қытай континентінінде басым қыьайлық өркениетіне
жатады, яғни Тайвань мен Сингапурдың қытайлық тұрғындары, Тайланд,
Малайзия, Индонезия мен Филиппиныдағы қытайлық анклав, Синьцзян мен
Тибеттегі қытайлық емес азшылық және конфуциялық туыстары - корейліктер
мен вьетнамлдықтар. Қытай Сингапур, Бангкок, Куала-Лумпур, Манил,
Джакартадағы бай елеулі диаспорлар тарапынан экономикалық, саяси қолдауға
ие. Қытайдың конфуцилік әлемі мен аймаөтағы қытай қоғамы өзара жақындасу
потенциалына тап болды. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қытайлықтардың 500 ең үлкен
компаниялардың жалпы активтері – 540 млрд долл. қытайлықтар Таиланд
тұғындарының 10 % құрайды және оның ЖІӨ-ның жартысын бақылайды; Малайзия
халқының 13 құрайтын, хуацяо-қытайлықтары ел экономикасының 80 % ие;
Индонезияда қытай қоғамы тұрғындардың 3 % аспайды, бірақ экономиканың 70 %
бақылайды, Филиппинде қытайлықтар 1%, бірақ оларға елдің өндіріс өнімінің
35 % келеді. АТА байланысты, қытай саясатын басып алушылық ретінде
сипаттауға болады. Қытай Жапония экономикалық стагнация мен Токионың
дипломатиялық белсенділігі түсу жағдайларында экономикалық күшін нығайтып,
аумақтық экономикалық лидерге айналуда.
3.2 Солтүстік-Шығыс Азиядағы КХР саясаты Пекин үшін солтүстік-шығыс бағыт
өте маңызды. Сонымен қатар бұл зонада АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея мен
Ресейдің ұлттық мүдделері бар. Осы кезде Пекинннің міндеттерінің бірі -
әлсіреу, нәтижесінде АҚШ пен Жапония серіктестігінің күйзеліске ұшырауы.
Пеикн беделі Солтүстік Кореяға қатысты ескертпелі соққы беруден құтылуыға
мүмкіндік берді. Сонымен қатар Пекинге ядролық дағдарыс кезіндегі алдын ала
жоспарланған шешімдермен келіссөздер жүргізе алумен қатар, Пхеньянға
қатысты халықаралық ұйымдар тарапынан санкцияға жол бермеді. Қытай өз
үстемділігінің бекітілуі мен кеңеюінде мүдделі. Ос ыбағытты Кореяның қосылу
процесінде лидер позициясын ұстану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ШЫҢЖАҢНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘНІ
Қазақстанның сыртқы саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан және Халықаралық қауіпсіздік
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Саясаттану пәнінен дәрістер
Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері
Жаһандану және аймақтану үрдістері: Жаңа аймақтану
Жаһандану проблемалары(ғаламдық терроризм)
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
АҚШ - ның Қытайдың әскери потенциалын кемітудегі қимылдар
Пәндер