Қазақстан бірінші дүниежүзшк соғыс жылдарында



Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі, 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары — 22,1 %-ға, картоп — 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әрдесятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарын-даш өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл еңгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауы-нан, жердің жөне түқымдық материалдардың енделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіскелемі мен енім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Акмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияга ауыл шаруашылығымен айналысып келген, орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа аймактарында да нақ осындай керініс байқалды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына өкеп сокты. Оган сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұра-тын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды.
Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар
дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз
етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда
өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты.
Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады.
Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың
қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда
бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер
енгізді. Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.
Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі, 1913 жылмен
салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары — 22,1 %-ға,
картоп — 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың
десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін яғни екі еседен астам көбейді.
Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың
өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әрдесятинадан алынатын 38,7 пұттан
29,8 пұтка дейін төмендеді. Соғыс жылдарын-даш өлке егіншілігі жағдайының
сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл
еңгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауы-нан, жердің жөне түқымдық
материалдардың енделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіскелемі мен енім
көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын.
Акмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияга ауыл
шаруашылығымен айналысып келген, орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды.
Қазақстанның басқа аймактарында да нақ осындай керініс байқалды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына өкеп
сокты. Оган сан және сапасы жағынан үлкен зардап келтірілді. Үсақ мал
көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру кысқарды, сондықтан
олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұра-тын
жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді. Мөселен, Ішкі Ордада 1915 жылы
жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болды, үлес салмағы
женінен жылкы саны 48,5%-ға кеміп кетгі, осы кезең ішінде Ордада ірі
караның саны тиісінше 25%-ға кеміді. Маңғыстау уезінде, Сырдария жөне
Жетісу облыстарында нақосындай керініс байкалды.
Соғысжылдарында казақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жай-ылымдық
алаптарды одан өрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының
азаюына өсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік
үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылыктар қүрыла бастады. 1913—1917
жылғадейінказакхалқынан жалпыкөлемі 764,4 мыңдесятина жайылымдық алаптың
жылқы-ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартып алынды жене жалға алуға
дайындалды.
Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын
реквизиция да әсер етті. Патша екіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті
халықган түйе, жылқы, сиыр жинады. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300
мыңпұтет,70 мыңжылқы, 13 мың түйе өкетілді. 1914жыл ішінде Жетісудан ғана
34 миллион сомның малы және мал өнімдері тасып әкетілді.
Мал санының қысқаруы еңалдымен казақ халқының армия қажеттері үшін
мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан
миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді.
Өйткені қазақ шаруашылықтарындағы мал саны жылдан-жылға азая берді. Осының
салдарынан соғыстапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.
1916 жылғы кетеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына
арнайы контрибуция салды, оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына
түсті. Көтеріліске қатысқан-қатыспағанына қарамастан олардың мүлкі деп малы
тартып алынды. Мәселен, Жетісу облысында қазақтардан мал мен мүліктің тең
жартысы алып қойылды. Бұл орайда орыс шаруалары да зардап шекті. Жетісу
облысы губернаторының 1916 жылғы есебінде көтеріліс салдарынан мал
шаруашылығына да үлкен зиян келтірілді деп көрсетілген. Орыс селолары
малының кемінде 90%-ынан айырылды. Көптеген қожалықтар мүдде жұмыс көлігі
мен сауын малынсыз қалды. Облыс үшін көшпелі шаруашылыққа да келтірілген
зиян едеуір болды. Бұл облыстың қазақ халқы тұратын, мал саны 6 миллионнан
астам болған төрт уезінде оның кемуі 30% деп анықталады.
Өлкедегі қоныс аударушы шаруалар мен қазақтар шаруашылықтарының жай-
күйі, олардың күш-көлігімен қамтамасыз етілуіне байланысты еді, Қазақ
шаруашылықтарында малды реквизициялауға және жылқы малын есепсіз
пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село менауылдашаруашылықты
қалыпты жүргізу үшін оның жетіспеушілігіне өкеп сокты. Жылқы малы әсіресе
солтүстік облыстарда едәуір азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны
жабдықтау үшін едәуір мөлшерде ет керек болды, мұның өзі мал және ет
өнімдері бағасының өсуіне әкеп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде
неғұрлым арзан ет беретін сала — шошқа шаруашылығы жедел дами бастады.
Реквизициялар бірлігі ру билеушілері мен ірі мал иелеріне соқпай,
халықтың кедей және орташа топтарына ауыр салмақ болып түсті, сол арқылы
кедей-орташа қожалықтардың қайыршылану үрдісін едәуір тездетті, қазақ
шаруаларының тақыр кедей болып қалуы күшейді.
Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс
қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының
бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру болды. Бұл
кеніштерден 1914 жылы — 246 пұт, ал 1916 жылы — 1551 пұт темір кені
өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды.
Салықтардың жоғары, қатынас жолдарының қашык, құрал-жабдықтардың
жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны
қысқарды және алтын өндіру 30%-дан астам төмендеп кетті. Түсті металдарға
деген қажеттердің өсуі және олардың бағасының күрт артуы соғыс жылдарында
түсті металлургияның, әсіресе Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына
түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда, 1917 жылы
25,3 есе өсті. Ресейде тендесі болмаған Екібастұз қорғасын-мырыш зауыты
зор қорғаныс маңызына ие болды, 1916жылдан жұмыс істей бастады, бірақ оның
құрылысы соғыстың аяғына дейін толық аяқталмады. 1917 жылдың қаңтарына
дейін зауытта 13 пұт мырыш балқытылды. Қырғыз коғамы Екібастұз зауытының
мырышымен соғыс кезеңінде қорғаныс мұқтаждары үшін жұмыс істеген Қыштым
зауыттарын, сондай-ақ өскери ведомствоның Ижорь, Обухов зауыттарын
жабдықтап отырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен Спасск мыс
рудалары акционерлік қоғамы мен Атбасар мыс кендері акционерлік қоғамы
өндірді. Тұтас алғанда бұл кезенде мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми
берді. Мыс кені бірден-бір мыс балқыту зауыты — Спасск зауытында өндірілді.
Жер қойнауын жыртқыштыкпен пайдалану Спасск мыс кені акционерлік
қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып
қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыгу фаб-рикасы салынды. Ол
революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт концентрат өндірді.
Спасск кәсіпорындарының отын базасы Қарағанды кен орындары болды.
Көмір өндіру Семей, Торғай, Ақмола облыстарында жүргізілді. Соғыс
жылдарында Екібастұз көмір кен орындары елеулі рөл атқарды. Ол Екібастұз
қорғасын-мырыш зауытын, Ертістегі жекеше пароходствоны, Оралдағы Богословск
және Қыштым зауыттарын көмірмен жабдықтап отырды.
Соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында шетелдік ірі магааттар
Қазақстанның мұнай өнеркәсібінеде еніп алды. 1912жылдан 1917жылға дейін
Доссорда 11 мұнай бұрқағы жұмыс істеді. 1914 жылы Орал-Жем ауданы Ресейде
мұнай өндіру жөнінен үшінші орын алды. 1914 жылы мұнай өндіру рекордтық
мөлшерге жетті, онда кәсіпшіліктер елде өндірілетін бүкіл мұнайдың 3%-ын
берді, 1915 жылдан мұнай өндіру құлдырай бастайды. Бұған кәсіпкерлердің
барынша пайда табуға тырысып, жаңамұнай аландарын дайындау жөніндегі
барлау жұмыстарына салғырттық танытуы себеп болды.
Патша үкіметінің буржуазияны әскери-өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыруға
неғұрлым кең көмек көрсетуге тарту мақсатымен Ресей буржуазиясына жеңілдік
жасауынатура келді. Бұл әрекеттердің нәтижесі әскери-өнеркәсіп комитеттерін
(ӘӨК) ұйымдастыру болды, олар армияны азык-түлікпен және қару-жарақпен
жабдықтау ісіндегі буржуазия мен патша өкіметінің органдары ретінде
құрылды.
Қазақстанда ӘӨК ұйымдастыру өр түрлі мерзімдерде жүргізілді. Мұны
Қазақстанның негізгі әкімшілік аудандарында өнеркәсіп дамуының әр түрлі
деңгейімен, бұған отаршылдық өкімшілік басшыларының әр түрлі көзқарасымен,
буржуазиялық өнеркәсіптік топтардың ұйымдасқандық және топтасқандық
деңгейімен түсіндіруге болады.
Омбы облыстық әскери-өнеркәсіп комитетінің отырысында Семей және
Петропавл әскери-өнеркәсіп комитеттерін ұйымдастыру және оның құрылымы
бекітілді.
1915 жылғы 4 қазанда Ташкентте Қалалық Дума залында Түркістан генерал-
губернаторлығы әскери-өнеркәсіп комитеттері өкілдерінің отырысы болды.
Съезге сол кезде ұйымдастырылған жергілікті әскери-өнеркәсіп комитеттерінің
59 өкілі, соның ішінде Перовск және Верный әскери-өнеркәсіп комитеттерінен
1 өкілден қатысты.
1915 жылғы қыркүйектің ортасында 80 адамнан тұратын Жетісу әскери
өнеркәсіп комитеті құрылды.
1915 жылдың аяғына карай Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және
уездік әкімшілік орталықтарының көпшілігінде ӘӨК (әскери-өнеркәсіп
комитеті) құрылды.
Қазақстандағы ӘӨК құрамына қарағанда, оларда көбінесе буржуазияның
өкілдері болды, облыстық ӘӨК комитеттерінде армия, жабдықтау және
интенданттық сұраныс керек-жарағымен, кәсіпорындарды жұмыс күшімен және
отынмен, медициналық қызмет көрсетумен айналысуға тиісті 5—7 бөлім болды.
Әскери-өнеркесіп комитеттерінің әлеуметтік базасын кеңейту үшін
олардың құрамында жұмыс топтары құрыла бастады. Қазақстан буржуазиясы да
әскери-өнеркәсіп комитеттерінің жанынан жұмыс топтарын құруды тездетуге
ұмтылды. Бұл жұмысты бәрінен бұрын Омбы кәсіпкерлері мен саудагерлері
өрістетті.
Бірақ ӘӨК қызметі патша үкіметінің үміттерін ақтамады. 1916 жылы 280
миллион сом сомасында белгіленген әскери тапсырыстардың 10%-ынан аспайтын
мөлшері ғана мерзімінде орындалды. Алайда майданда жеңіске жету үшін
экономиканы, әсіресе әскери экономиканы жоспарлы реттеу қажет болатын,
бірақ бұл міндетке Ресейдің жас буржуазиясының шамасы келмейтін болып
шықты. Соның, сондай-ақ басқа да себептердің салдарынан шаруашылық апаты
жақындап қалды.
Өндеуші өнеркәсіп соғыс мұқтаждарына, ет-сүт өнімдерін, былғары
тауарлар және басқа да тұтыну заттарын беріп отырды. Әсіресе былғары
тауарларың өндіру өсті, бұл кезенде өлкеде 139 былғары кәсіпорны жұмыс
істеді. Олар негізінен Семей және Ақмола облыстарында орналасты және бүкіл
ауыл шаруашылық өнімінің 64,3%-ын өндеді. Шынына келгенде, былғары, тері
және ішек-қарын өндірісінің майдагерлік кәсіпорындары одан әрі ұқсату үшін
Ресейдің ірі өнеркөсіп орталықтары — Пермь, Вятка, Рига қалаларына онім
жеткізіп берді. Соғыс жылдарында интенданттық армия тарапынан былғары аяқ
киімге және тері тондарға сұраным ерекше өсті.
Соғыс жылдарында жүн өніміне сұраным ұлғайды. Өлкедегі шұға өндірерін
тұңғыш Қарғалы фабрикасы әскери тапсырыс орындап, шинельге арналған сұрғылт
армия шұғасын дайындай бастады. Соғыс жылдары ішінде фабрика 894,4 мың
шаршыметр шұғадайындады.
Соғыс армияны консервіленген ет өнімімен тұрақты жабдықтауды қажет
етті. Бұл жылдарда Петропавлда ет-консерв комбинаты, Оралда армия
интенданттығының тапсырыстары бойынша жұмыс істеген мал соятын орын
салынды. Бірақ өндеуші өнеркәсіптің көпшіл іс бөлігінің қуаты аз, өндіріс
техникасы қарапайым болатын, Мұнда ірі өнеркәсіп орындарын салуға үкімет
те, ірі өнеркәсіпшілерде мүдделі болмады.
Соғыс жылдарында мал шаруашылығы өнімдерін алғашқы техникалық өңдеу
одан әрі қысқарып, егіншілік өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп біршама
тез өсті. Ақмола және Семей облыстарында ұн-жарма өнеркәсібінің едәуір ірі
кәсіпорындары пайда болды. Қазақстанда ұн-жарма өнеркәсібі дүниежүзілік
соғыс жылдарында саны жағынан көбейіп, оның өнімділігі едәуір артты. Сібір
мен Қазақстан соғыс жылдарында армия мен империяның халқына астықты және
астық өнімдерін негізгі жеткізіп берушілер болды.
Өлкеге дайын өнім, киім-кешек пен аяқ киім өкелудің қысқаруына байланысты
соғыс жылдарында осы қажетті бұйымдарды тігетін шеберлердің саны көбейді.
Мәселен, 1916 жылы Верный қаласында 140 адам жұмыс істеген едәуір ірі етік
шеберханасы жұмыс істеді. Бір жыл ішінде шеберхана 5404 пар аяқ киім тігіп
шығарды, оның 54%-ы әскери ведомствоға, қалғаны халыққа арналды.
Кәсіпшіліктерден ең көп таралғандары балық аулау, түз өндіру және
тасымалдау кәсіпшіліктері болды. Еділ-Каспий бассейніндегі дамып келе
жатқан балық кәсіпшіліктеріне байланысты Қазақстанда тұз өндіру ұлғайды.
Соғыс жылдарында тұз өндірудің ұлғаюына қарамастан, кәсіпшіліктердегі
жұмысшылар саны олардың тыл жұмыстарына алынуына байланысты кеміп кетті.
Өлкенің дамуын қатынас жолдарының дамымағандығы тежеді. Соғыстың алғашқы
күндерінде-ақ өлкедегі көліктін, жай-күйі туралы мәселе өткір қойылды.
Соғыс Қазақстан аумағында жатқан Оралдың әскери зауыттарын қорғасын-мырыш
концентраттарымен, көмірмен және басқада пайдалы қазбалармен жабдықтаған,
армияны және Ресейдің көптеген губернияларының халқын мал өнімдерімен және
астықпен қамтамасыз ететін темір жолдардың стратегиялық маңызын бірінші
қатарға шығарды. Көлік жүйесі жұмысының бұзылуы Ресей империясы
экономикалық дағдарысының негізгі себебі болды.
Ол 1915 жылдыңаяғында-ақ империяның жекелеген аймақтары арасындағы
шаруашылық байланыстарының үзілуіне әкеп соқты және ең қажетті заттар
бағасының үздіксіз өсуіне, алыпсатарлықтың және еңбекшілер бұқарасын
қанаудың қаулап етек алуына себепші болды.
Соғыс жылдарында патша үкіметі қазақтардан жерді тартып алуды
жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысында 1914 жылға қарай 2 703 226 десятина
шұрай-лы жертартып алыңды. 1917 жылға қарай Семей, Орал, Торғай, Ақмола
облыстарында және Бөкей ордасыңда қазақтардан 40,638 миллион десятина жер
татып алынды. Ауылдың ең кедей бөлігі бұрынғысынан да гөрі зор
қайыршылыққа түсіп, біржола күйзелді. Малынан, жерінен айырылып, құлақтар
мен байларға батырақ болған немесе өнеркәсіп орындарына, кеніштерге, кен
орындарына күнкөріс іздеп кеткен казақтар саны барған сайын көбейе түсті.
1917 жылға қарай Семей облысында ғана 17 мыңға жуық батырақ қазақтар
тіркелген.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтар арасында да таптық
жіктеліс байқалды. Бұл кезенде қазақтардың үстем тобы қазақ әскерлеріне
жаңа жерлер берілуі есебінен күрт байып алды. Мәселен, 1914 жылы Жетісу
облысында 687 мың 803 десятина жер иеленген 34 станица болған еді. 1915
ясылы әскерге тағы да450—500 мың десятина жер кесіп беруге ұйғарылды және
Жетісу қазақ әскері үлесті жерінің жалпы көлемі шамамен 1200 мың
десятинадай болды. Бұл жерлердің үлкен белігі қазақ генералдары мен
офицерлерінің отбасыларына тиесілі болды. Ал қатардағы қазақ отбасыларының
өмірі де жеңіл болған жоқ.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қоныс аударушылар деревнясында
датаптық саралану байқалды. Бір жағынан дворяндық учаскелергетандаулы
жерлердің берілуі, олардың жер көлемінің ұлғайтылуы есебінен кулактардың
мықтап баюы жүріп жатты. Мысалы, 1914 жылы Жетісуда дворян Воликовскийге
және құрметті азамат Яковлевке 3 797 десятина жер жалға берілді. Торғай
облысында ата тегінен дворян Пржелисковскийге ірі учаске бөлінді. Сырдария
облысында шаруа-кулак Лопаткинге 1 252 десятина жер мелшеріңце жердің мал
өсірілетін учаскесі жалға берілді. Қазақ әскеріне жер бөліп беру де
ұлғайды.
Соғыс жылдарында кедейлер мен орташалардың жағдайы нашарлады.
Запастағы шен иелері отбасыларының жағдайы өте ауыр еді, олар не кулактар
шаруашылығында батырактар болуға немесе табыс табу үшін өнеркәсіп
орталықтарына кетуге мәжбүр болды. Қазақстандағы қоныс аударушылар
арасындағы мүліктік саралану дәрежесін және олардың жаппай қайыршылануын
қоныс аударушылар деревнясындағы орыстар арасынан шыққан жалдама ауыл
шаруашылық жұмысшыларының өсуі туралы деректер дәлелдейді. Мысалы 1915 жылы
Сырдария облысында ауыл шаруашылық жұмысшыларының 34%-ы ең кедей орыс
шаруаларынан тұрды. Қайыршылық, ашаршылык, эпидемия —соғыс жылдарында қоныс
аударушылар бастан кешкен жағдай міне осындай. Салықтар мен алымдар
төлеуден жекелеген селолар ғана емес, сонымен қатар уездер де бас тартқан
жағдайлар болған. Мәселен, Акмола облысының губернаторы өзінің баяндама
хатында дала генерал-губернаторына Көкшетау уезі шаруаларының салықтөлеуден
жаппай бастартқаны туралы хабарлаған. Еңбекші бұқараның мұқтаждары мен
күйзелісі күн өткен сайын өсе түсті.
Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің
жағдайы күрт нашарлады. Орыс және шетел капиталистері пайда мен үстем
пайданы бұрынғысынан да көбейту үшін соғысты пайдаланып қалуға тырысты.
Кәсіпорындарда жас балалардың жасөспірімдердің, әйелдермен соғыс
тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Соғыс жылдарында жұмысшылардың
еңбек және тұрмыс жағдайлары нашарлады. Фабрика-зауыт инспекциясы болмады,
төулігіне 10— 12, ал кейде 16 сағаттан да жұмыс істеген жұмысшыларды
қорғайтын, кәсіпкерлердің қызметін, заңдардың орындалуын қадағалайтын
ешкандай бақылау болған жоқ. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей
берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914жылы күндік жұмыс үшін — 1сом 04 тиын,
1915 жылы — 94тиын, 1916жылы — 91 тиын төленді, Сарысу зауытында осы жылдар
ішіндегі жалақы 1 сом 22 тиын, 1 сом 02 тиын және 94тиын болды. Басқа
зауыттарда да жалақы төмендеді. Ал ең қажетті заттар мен өнімдер бағасы
күртесті. Мәселен, Спасск акционерлік қоғамының поселкелерінде тамақ
өнімдерінің бағасы соғыстың бас кезіңдегіге қарағанда 1916 жылы дәуір
қымбаттады, 1 пүтет 1914жылы —3 сом,ал 1916жылы — сом тұрды (2 есе
көбейген), ұнның бағасы әр пұты үшін 60 тиыннан 1 сом 30 тиынға дейінгі
кетерілді. Сіріңке 1 тиыннан 4 тиынға дейін, сабын 10 тиыннан 30 тиынға
дейін көтерілді. Семей облысынын алтын кеніштеріңде өнімнің бағасы ерекше
жоғары болды. 1916 жылдың каңтарынан қазанына дейін ғана бір бөлке нанның
құны 7 тиыннан 15 тиынға дейін, ұн (пұт) - 1 сом 50тиыннан 4
сом 20 тиынға дейін, ет — 2 сом 50тиыннан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер
Алашорда мүшелігіне Орал облысынан
Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
1916 жылғы көтеріліс
Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан жағдайы.
Пәндер