Факторинг - жаңа банктік қызмет ретінде



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ТАРАУ 1. ФАКТОРИНГ . ЖАҢА БАНКТІК ҚЫЗМЕТ РЕТІНДЕ
1.1 Банктік қызметтер мен өнімдер, факторинг ерекшеліктері ... ... ... ... ... ..5
1.2 Банк ісіндегі жаңа банктік қызметтер мен өнімдердің пайда болу сипаттамасы және даму жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ТАРАУ 2. ФАКТОРИНГ ЖӘНЕ ФОРФЕЙТИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Факторинг артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау ... ... ... ... ... .13
2.2 Форфейтинг операцияларының түрлері мен ерекшеліктерін талдау ... 17

ТАРАУ 3. ФАКТОРИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады.
Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер – іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында қарастырылуы маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қалыптасуы мен дамуы - өте қиын іс және қарапайым емес. Қатаң кедергілер дәстүрлі құрылымды көрсетеді, ал жаңа банктердегі жұмыстар негізгі пайда болатын және тұрғылықты стереотипті ойлау қабілеттерін өзгертуін, сондай-ақ, мәдени тапқырлық әдістермен меңгерулерді талап етеді.
Дегенмен, жаңа банк жүйесі жұмыс жасауда, онла өзінің ісіне берілген, ынталы және сауатты маманданған қазақстандық банкирлер жұмыс жасайтындарын бүгінгі кезде атап айтуға болады. Біздің республикамызда осы заманға сай банк жүйесін құруда үлкен рольді творчестволық ұғыну және осы сфераға байланысты шетелдік тәжірибені пайдалану қажет.
Коммерциялық банктердің жүйе мүмкіншіліктері өз қызметтерін ыңғайлы және тепе-тең мұқтаждықтарға және мемлекет мақсаттары оны тиімді басқаруына тәуелді болып келеді. Сондықтан да, коммерциялық банктердің операцияларын басқару мамандандырылған болуы тиіс.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әртүрлі операциялармен айналысады, соның ішінде факторингтік және форфейтингтік операциялар. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан».
2. Временной положение Национального банка Республики Казахстан "О безналичных расчетах в Республике Казахстан" от 19 ноября 1992г.
3. Закон Республики Казахстан "О вексельном обращении в Республике Казахстан" от 28 апреля 1997г.
4. Положение №'1 293 "0 лицензировании кастодиальной деятельности на рынке ценных бумаг" от 4 мая 1997г.
5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылымы, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
6. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы/ Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
7. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. І бөлім. – Алматы: 2002.
8. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. – Алматы: МВП «Инкар», МЧП «Тулга» 1993.
9. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1993.
10. Т.С. Рахымжанұлы. Экономика, қаржы - несие, банк, салық - кеден, сақтандыру, биржа және кәсіпкерлік, атауларының орысша - қазақша сөздігі. - Алматы : ''Сөздік - Словарь'', 1999.
11. Банковское дело под ред. Лаврушина О.И. М, 1997.
12. Голубович А.Д. и др. Создание системы кредитных карточек для коммерческих банков., М., Менатеп-Информ, 1992.
13. Усоскин В.М. Банковские пластиковые карточки, М, 1995 г.
14. Пряников В. Новые времена – новые деньги. // Казахстанская правда, 1998.
15. Хобот Ю. Виза на подступах к казахстанскому рынку // Деловая неделя, 14 февраля 1997.
16. Кулагин В.Г. Стратегия и планирование маркетинга пластиковых карточек. М., Дигитал, 1998.
17. Кулагин В.Г. Методы реализации пластиковых карточек. М., Дигитал, 1998.
18. Бекренев В.Л. Оценка экономической эффективности системы пластиковых карт банка. М., Дигитал, 1998.
19. Вазарова Т.П. Чек: справочное издание. Москва 1993г.
20. Деньги. Кредит. Банки. Под ред. Сейткасимова Г.С. Алматы 1996г.
21. Д.М. Мадиярова, В.С. Марчевский. Основы современного банковского дела. Алматы 1996г.
22. Основы банковского дела. Д. Полфредман, Ф.Форд. Москва 1996г.
23. Тажибаева Ш., Современные тенденции в развитии банковского дела// Банки Казахстана №5, 2005. 41 бет
24. http: www.centercredit.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ТАРАУ 1. ФАКТОРИНГ - ЖАҢА БАНКТІК ҚЫЗМЕТ РЕТІНДЕ
1. Банктік қызметтер мен өнімдер, факторинг
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. 5
2. Банк ісіндегі жаңа банктік қызметтер мен өнімдердің пайда болу
сипаттамасы және даму
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.11

ТАРАУ 2. ФАКТОРИНГ ЖӘНЕ ФОРФЕЙТИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Факторинг артықшылықтары мен кемшіліктерін
бағалау ... ... ... ... ... .13
2.2 Форфейтинг операцияларының түрлері мен ерекшеліктерін талдау ... 17

ТАРАУ 3. ФАКТОРИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық
экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша
айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады.
Нақты ол шаруашылық жүйенің барлық қатысушылары мен оның құрамдас
бөліктері арасындағы байланыстарды жүзеге асыруға көмектеседі. Банктер –
іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын негізгі орталық болып
табылады.
Мемлекетте банктер негізгі қаржы экономикалық институттар болуына
байланысты олардың қызметі экономиканың тұрақсыз даму жағдайында
қарастырылуы маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің қалыптасуы мен дамуы
- өте қиын іс және қарапайым емес. Қатаң кедергілер дәстүрлі құрылымды
көрсетеді, ал жаңа банктердегі жұмыстар негізгі пайда болатын және
тұрғылықты стереотипті ойлау қабілеттерін өзгертуін, сондай-ақ, мәдени
тапқырлық әдістермен меңгерулерді талап етеді.
Дегенмен, жаңа банк жүйесі жұмыс жасауда, онла өзінің ісіне берілген,
ынталы және сауатты маманданған қазақстандық банкирлер жұмыс жасайтындарын
бүгінгі кезде атап айтуға болады. Біздің республикамызда осы заманға сай
банк жүйесін құруда үлкен рольді творчестволық ұғыну және осы сфераға
байланысты шетелдік тәжірибені пайдалану қажет.
Коммерциялық банктердің жүйе мүмкіншіліктері өз қызметтерін ыңғайлы
және тепе-тең мұқтаждықтарға және мемлекет мақсаттары оны тиімді басқаруына
тәуелді болып келеді. Сондықтан да, коммерциялық банктердің операцияларын
басқару мамандандырылған болуы тиіс.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер
әртүрлі операциялармен айналысады, соның ішінде факторингтік және
форфейтингтік операциялар. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру,
бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелелер мен
мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызмет ітуралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.

ТАРАУ 1. ФАКТОРИНГ - ЖАҢА БАНКТІК ҚЫЗМЕТ РЕТІНДЕ

1.1Банктік қызметтер мен өнімдер, факторинг ерекшеліктері

Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез-
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде
ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан айырмашылығына мән
берген дұрыс.
Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен
айналысатын субъектіні айтқан.[1] Сондықтан да белгілі бір қызметпен
айналысатын банк сияқты субъектіге банк-бұл кәсіпорын деп айту өзінше
дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі кәсіпорын бұл
біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан
ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие
болғандықтан, банкті несиелік мекеме деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау
сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да
бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы
қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операциялар жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер да ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк
сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен коммерциялық банк - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын
кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын
реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
Банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Банктік операцияларға:
• заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттар ашу және
жүргізу;
• жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттар ашу және
жүргізу;
• банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
• заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
• кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
• аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен
байланысты тапсырмаларын орындау;
• есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және
өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
• заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
• заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары есеп айырысу
операцияларын жүргізу;
• сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және
оның мүддесіне сай ақшасын, құймалы бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
• клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-
ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке
қатысушылардың таза позициясын анықтау;
• сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін кқөрсету,
сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
• ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын
мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
• төлем карточкаларын шығару;
• банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және
жөнелту;
• шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
• төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
• чек кітапшаларын шығару;
• бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
• аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндетемені орындау;
• ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
• үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік
кепілдеме беру.
Банктік өнімдердің құрамдас бір бөлігі – ұсынатын қызметтер болып
табылады. Коммерциялық банктердің қызметтері – бұл заңды және жеке
тұлғаларды тұрақты клиенттер ретінде тартуға бағытталған коммерциялық
банктер қызметтерінің бір түрі. Банктер ұсынатын қызметтердің жіктелу
критерияларына сәйкес келесі типтерге бөлуге болады. (кесте 1).

КЕСТЕ 1. БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жіктелу критерийлері Ұсынылатын қызмет түрі
Банк қызметінің мамандануы сәйкес мамандандырылған қызметтер
мамандандырылмаған қызметтер
Қызмет көрсететін субъектіге байланысты заңды тұлғалар
жеке тұлғалар
Банктің қалыптасуы және банк ресурстарын 1. активтік операциялар
орналастыру әдістеріне байланысты 2. пассивтік операциялар
Ұсынылатын қызметтің ақысына байланысты ақылы қызметтер
ақысыз қызметтер
Материалдық өнімнің қозғалысына 1. Материалдық өнімнің
байланысты қозғалысына байланысты қызметтер
2. таза қызметтер

Кестеден көріп отырғандай, банк қызметінің мамандануына сәйкес екі
түрге бөлінеді: мамандандырылған қызметтер және мамандандырылмаған
қызметтер, мұнда банктің мамандандырылған қызметтеріне банктердің дәстүрлі
қызметтері (салықтарды есептеу және төлеу), ал мамандандырылмаған
қызметтерге – басқа да шаруашылық субъектілермен орындалатын қызметтерді
айтады.
Сонымен қатар, банктің қалыптасуы және банк ресурстарын орналастыру
әдістеріне байланысты: активті операциялар және пассивтік операциялар
бойынша қызметтер; пассивті операцияларға жататындар:
• салым қабылдау (депозиттер);
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент – банктерге) ашу және
оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік және
жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу.
Ал активтік операцияларға:
• несие-есептеу операциялары, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі
қалыптасады;
• инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
• кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге көрсететін
қызметтерінің бірі;
• басқа операциялар.
Банктердің орындайтын операцияларын басқа да кәсіпорындар мен
мекемелер де жүргізе алатынын айтуға болады. Мұндай қызметтерді, мысалы
бухгалтерлік көмек, кеңестер, әртүрлі делдалдық және ақпараттық қызметтер,
сейфтерді жалға алу және басқа да қызметтерді арнайы кәсіпорындар мен
агентстволар да жүзеге асыра алады.
Сонымен қатар банктер басқа да шаруашылық субъектілер орындайтын
дәстүрлі қызметтерді болашақтағы ірі несиелік институттар ретінде банктік
емес операцияларды да орындай алады.
Қазіргі кезде нарықтық шаруашылық жағдайында банктік қызметтер
нарығындағы мұндай жағдайлар бәсекелестік тудырады.
Нарықта банк қызметтерінің жаңа сатушыларының пайда болуы (сауда
ұйымдары, қаржылық-өнеркәсіптік компаниялар, әртүрлі агентстволар және
т.б.) банктердің пайдалы операцияларын кеңейту мүмкіншіліктерін қысқартуға
әкеп соқтырады, сондықтан да банктер жаңа табыс табу көздерін іздестіруге
мәжбүр болады. Сондықтан да соңғы кездерде банктік операциялармен қатар
банктің дәстүрлі емес қызметтері де дамуда. Соның ішінде факторингтік
операцияларға тоқтала кеткен жөн.
Факторинг маңызы және мүмкіндіктері. Факторинг - (ағылшын тілінен
аударғанда- агент, делдал дегенді білдіреді) – делдал, келістіруші, термин
банк несиесі ұғымын білдіреді. Факторингалық операциялар қарыз алған
адамдардың қарызды тез арада өтегенін немесе қарызды жою мүмкіндігі туралы
қағазын көрсетуі (инкассациялау), ал қысқа мерзімге несие беру –
факторингтің ең көп тараған түрі. Оның артықшылығы – делдалдықты
бухгалтерлік есеп арқылы жүргізуге және ұқыпсыз төлеушілердің қарызды
мүмкіндігінше тез өндіріп алуға болатындығы. Сонымен қатар оларға өткізу
стратегиясымен, рынокқа шығу жолдарына талдау жасау жүктеледі.
Факторингалық операциялар капитал айналымын барынша тездетеді.
Нарықты экономика елдерінде факторингтік операциялармен әдетте,
банкпен тығыз байланысты арнаулы факторлы компаниялар ие, банктердің
еншілес филиалдары айналысады.
Факторингтік операцияларының негізгі-банктердің жабдықтаушының тиелген
тауарының шот-фактурасын (төлем-талабы) сатып алып, өнімді сатып алушыдан
төлемді талап ету құқын банкке беру. Сондықтан да факторингтік
операцияларды жабдықтаушының сатылуын несиелеу не жабдықтаушыға
факторингтік несие ұғыну деп аталады.
Бастапқыда факторинг мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы
болды.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне
еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмфс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) -өздерінің клиентерінен
шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен
келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы – фирма.
Факторинг мәмілесін ұйымдастыру 1 суретте көрсетілген.

1 СУРЕТ. ФАКТОРИНГТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ СЫЗБАСЫ

Өнімді төлеу
Құжаттарды төлеу

Төлем құжаттарын Төлем қабілетін
сатып алу (несиелік
қаьілетін) талдау

Жадбықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы

1 Банк ісіндегі жаңа банктік қызметтер мен өнімдердің пайда болу
сипаттамасы және даму жағдайы

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген өнімнің негізінде қандай да бір
қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде бсқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Соңғы екі онжылдықта жаңа банктік қызметтер қарқынды өсуде. Көптеген
жаңа қызметтердің көбісі депозиттік немесе ссудалық қызметтерінің
әртүрлілігі болып табылады. Банкирлердің ойынша қарапайым банктік
қызметтердің жаңа комбинациясы әр клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады
деген сенімде. Бірақ та, көптеген жаңа қызметтер мен өнімдердің дамуы
тәуекелділікке әкеп соқтырады, мысалы компанияның бағалы қағаздарын
орналастыру кепілдігі бойынша қызметтер (андеррайтинг), өзара қорларға
қатысу бойынша қызметтер, бағалы қағаздармен брокерлік операциялар бойынша
қызметтер және тағы басқалары.
Қазіргі кезде банктер клиенттерге толық қызметтер жүйесін жүзеге
асырады: салықтарды есептеу және төлеу, лизингтік және факторингтік
қызметтер, клиенттердің төлемқабілеттілігі туралы мәліметтерді баяндауды,
акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды эмиссиялауда қатысады,
инвестициялау сұрақтары бойынша клиенттерге кеңес береді және т.б.

ТАРАУ 2. ФАКТОРИНГ ЖӘНЕ ФОРФЕЙТИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Факторинг артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Сатып алушы өзінің қарызын көп өткен соң алуына мүмкіншілігі бар,
сонымен қатар қарызды бөлік-бөлікпен өтеуге болады, ол факторлық бөлімдер
арқылы тауарларды сатып алуға ынталандырылады.
Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып өз операцияларын
кеңейтуге қосымша мүмкіншілік алады, пайданың көлемін көбейтеді және
клиенттермен байланысты күшейтеді. Мұндай операцияларның маңызы-
жабдықтаушы кәсіпорын өзінің сатып алушысына, факторинг бөлімінің шотына
ақша түсу керек екндігін ескертіп төлем құжатын ұсынады. Сатып алушыға
құжаттың бір көшірмесі ұсынылады, сол құжат негізінде ол жабдықтаушының өз
шотынан ақша аударады, ал соңынан сатып алушыдан төлем уақытында алынуы
бақыланып отырады.
Факторингтік операцияның банк клиентіне бірнеше тиімді жақтары бар:
айналым шығындарын төмендету, ақша құралдарының айналымын жеделдету, сатып
алушы жағынан өтемеу қауіпінің болмауы, жалпы төлем қабілеттіліктің өсуі
т.б.
Факторингтің одан басқа артықшылықтары бар. Көбінесе факторингті
қолдану- төлемдерді алуды жеделдетеді, қарыздың өтелуіне кепілдік береді,
шоттарды жүргізу бойынша шығындарды азайтады, және сатып алушының уақытша
қаржылық қиындықтар негізінде жабдықтаушының төлемін қамтамасыз етеді.
Факторинг операцияларының түрлері. Факторингтің екі түрі болады:
ауқымды (конвеционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Факторинг
операцияларының түрлері 2 суретте көрсетілген.

СУРЕТ 2. ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР

Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бұл –
бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп-айырысу,
несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет
көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана
өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді
сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі
жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі
факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға
құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы
үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент сатып
алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін
клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің
экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте
берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала
хабардар етіледі. Жабық факторингте факторингтік келісімшарттың болуы
туралы айтып жеткізеді.
Банктер олармен тығыз байланысты корпорациялар мен фирмаларға олардың
контрагенттерінің несие төлеу қабілеттілігі туралы деректерді береді,
есептерді тездетіп төлеуге әсерін тигізеді, берешектерді өтеуге кепілдік
береді, банкпен достықтағы фирмалардың арасындағы дауларда олардың
талаптарын орындау үшін клиенттерге қысым көрсетеді.
Соңғы екі он жылдықта кең даму алған факторинг немесе факторлық несие
коммерциялық несиенің қазіргі заман талаптарына бейімделген өзіндік
үлгідегі түріне айналды. Тауар сатушысы үшін коммерциялық несиенің
факторлық несиеден өзгешелігі, сатқан тауар үшін оның төлемді қолма-қол
ақшалай түрде, ал сатушысы несиеге сату кезінде вексель ғана
алынатындығынан тұрады.
Коммерциялық банктер факторлық несиенің дамыта отырып, өзінің
операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайтуға және клиенттермен
байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.
Факторлық операциялар өнімдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Факторингтік операциялары
Банктердің факторингтік операцияларының экономикалық негіздері
Банктің қаржылық операциялары
Инвестицияны қысқа мерзімді қаржыландыру тәсілі ретіндегі факторинг пен форфейтинг
Қазақстан Респуликасының инвестициялық жобаларды қаржыландыру
Факторинг шарты
Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Банктік маркетингтің теориясы және оның маңыздылығы
Коммерциялық банктердің несиелеу қызметінің қайтарымдылық операциялары
Пәндер